Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биология және экология кафедрасы
Ботаника пәні бойынша
5В060700 Биология мамандығының студенттеріне арналған
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
Павлодар
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/41
|
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
___________ Пфейфер Н.Э.
20__ж. «___»____________
|
Құрастырушы: _________ б.ғ.к., доцент Оспанова А.К.
Биология және экология кафедрасы
Ботаника пәні бойынша
5В060700 Биология мамандығының студенттеріне арналған
әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
Кафедраның отырысында ұсынылды
20__ж. «___»______________,№__ хаттама
Кафедра меңгерушісі ______ Жумадина Ш.М 20__ж. «____» ________
Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2012ж. « » № хаттама
ОӘК төрағасы ___________ Нургожин Р.Ж 20__ж. «_____»___________
КЕЛІСІЛГЕН
ХТжЖФ деканы ____________ Ахметов Қ.Қ. 20__ж. «_____»_____________
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ Варакута А.А. 20__ж. «_____»_______
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
20__ж. «___»______________ №____ хаттама
Кіріспе
Ботаника - өсімдіктер дүниесі тіршілік формаларының алуан түрлілігі, олардың құрлысы мен тіршілік процестеріндегі заңдылықтар туралы ғылым. Ол өз кезегінде бірқатар жекелеген ғылымдарға бөлінеді. Олардың міндеттеріне өсімдіктер мен өсімдіктер жабынының құрылысының және тіршілік жағдайының әртүрлі заңдылықтарын зерттеу жатады.
Өсімдіктердің морфологиясының мақсаты студенттерді ботаниканың қазіргі ғылыми жетістіктері мен жинақталған білімге жүгіне отырып өсімдіктердің құрылыстық ерекшеліктерімен, өсу және даму заңдылықтарымен таныстыру.
Студенттер өсімдік клеткалары мен ұлпаларының, тамыр және өркендер жүйесінің морфологиясы және анатомиясы сонымен қатар өсімдіктің генеративтік мүшелерінің құрылыстық ерекшеліктері туралы мәліметтер алып, өсімдіктердің морфологиялық эволюциясының басты бағыттарын, көбею мен ұрпақ жалғастырудың биологиялық негізін, олардың жастық және маусымдық өзгерістерін білуі қажет.
Пәнді терең меңгеру үшін дәрістік курста, зертханалық жаттығуларда және оқу-далалық тәжрибелерде, табиғи тірі өсімдіктерді, гербарий қорын, препараттарды, жоба суреттерді, слайдтарды, кестелерді үйлестіре дұрыс пайдалана білуі қажет.
Студенттер алған білімін және пайдаланылған әдебиеттерін өздерінің теориялық деңгейін одан әрі тереңдету үшін пайдалана білуі керек.
Ботаника ғылымы туралы жалпы түсінік. Зат алмасу типтері. Өсімдіктердің адамдар өміріндегі маңызы. Өсімдіктер әлемін қорғау. Ботаниканың дамуы. Өсімдік морфологиясының бағыттары мен тәсілдері. Өсімдіктердің морфологиялық эволюциясы және онтогенетикалық дамуы. Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Өсімдіктер морфологиясында қолданылатын жалпы биологиялық маңызы бар проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін тәсілдер.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мына білімді алуы керек: Өсімдіктің морфологиялық құрылысымен танысу; өсімдіктің анатомиялық құрылымын зерттеу тәсілін үйрену; өсімдіктің көбею түрлерін; өсімдіктер дүниесінің қазіргі классификациясын; өсімдіктің табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызын айқындай білу; негізгі өсімдіктің тұқымдастарын, туысын және түрінің белгілерін айыра білу; негізгі өсімдіктер тұқымының өнімділігін болжауды үйрену.
Оқылған материалды анализдеу, ең негізгісін анықтау, салыстыра білу, зерттелген құрылыстың себебін анықтау, дұрыс қорытынды шығару; ғылыми және оқулықты әдебиеттермен жұмыс істей білу; зертханалық техниканы дұрыс пайдалану; өсімдіктерді қорғай білуі керек.
Зертханалық сабақтардың мазмұны және тізімі
1) 2 тақырып. Өсімдік цитологиясы негіздері: өсімдік клеткасының құрылысы, оның химиялық құрамы мен қызметі. Зертханалық жұмыс №1. Өсімдік жасушасының құрылысы.
Өсімдік жасушасының құрылысын пияздың шырынды қабығының және пеларгонияның эпидерма клеткалары мысалында зерттеу. Қабығын, цитоплазманың қабырғалық қабатын, ядро мен ядрошықты, клетка шырыны мен вакуольды байқап көру.
2) 3 тақырып. Гистология негіздері: өсімдік ұлпаларының классификациясы, олардың құрылымы, өсімдік мүшелерінде орналасуы және қызметі. Зертханалық жұмыс №2. Түзуші ұлпалар.
Элодеяның төбелік бүршігінің ұзына бойы кесіндісі препаратында алғашқы түзуші ұлпаның дамуымен және асқабақ сабағының көлденең кесіндісінде камбий соңғы меристемасының құрылысымен және бузина перидермасы феллогенін танысу.
Зертханалық жұмыс №3. Жабындық ұлпалар.
Алғашқы жабын ұлпасын құртқашаш, пеларгония, хлорофитум жапырағы эпидермасын зерттеу, осы өсімдіктердің устицалық аппарат құрылымының ерекшеліктерімен танысу.
Картоп түйінінің, бузина сабағының анатомиялық кесіндісін микроскоп арқылы зерттеу және олардың өлі және доформацияланған эпидермасы мен перидермасын табу.
Зертханалық жұмыс №4. Механикалық ұлпалар.
Қызылшаның жапырағы тілшесінің көлденең кесіндісінде механикалық ұлпа-колленхиманы және қазтамақ сабағының ұзына бойы және көлденең кесіндісінде – механикалық ұлпа- склеренхиманы зерттеу. Алмұрттың піспеген жемісінің жұмсағынан жасалған препаратта склереидтер құрылысымен танысу.
Зертханалық жұмыс №5. Өткізгіш ұлпалар.
Өткізгіш ұлпалар – ксилема мен флоэманы асқабақ сабағы, папоротник-орляк тамырсабағы, қарағай сүрегі, жүгері мен қарабидай сабақтарының радиальды кесіндісінен жасалған тұрақты препараттарда зерттеу. Өткізгіш шоқтарды талдау: биколлатеральды, коллатеральды, концентрлі.
3) 4 тақырып. Тамыр және тамырлар жүйесі. Зертханалық жұмыс №6. Дара жарнақты өсімдіктердің алғашқы анатомиялық құрылысы.
Дара жарнақты өсімдіктердің алғашқы анатомиялық құрылысымен құртқашаш тамырының тамыр түктерінің аймағының мысалында танысу. Орталық цилиндрді, алғашқы қыртысты, эпиблеманы табу.
Зертханалық жұмыс №7. Қос жарнақты өсімдіктердің соңғы анатомиялық құрылысы.
Асқабақтың жас тамырының көлденең кесіндісінен жасалған тұрақты препаратта камбий қабатының әрекетінің басталуымен танысу, жетілген тамырдың клденең кесіндісі препаратында оның соңғы құрылысымен танысу.
4) 5 тақырып. Өсімдіктің вегетативті мүшелері. Өркен және өркендер жүйесі. Жапырақ пен сабақтың морфологиясы және анатомиясы.
Зертханалық жұмыс №8. Қарағай мен жабықтұқымды сүректі өсімдіктердің сабағының анатомиялық құрылысы.
Қарағай, қайың, жөке ағашы сабақтарының ұзына бойы және көлденең кесіндісі тұрақты микропрепараттарында жалаңаштұқымды шоқсыз анатомиялық құрылысын зерттеу, сондай ақ қарағай, қайың, алма ағашы, шырша, терек, үйеңкі көпжылдық діңдерінің кесіндісмен танысу.
Зертханалық жұмыс №9. Шөптесін қос жарнақты (зығыр, кирказон) және дара жарнақты (жүгері, қарабидай) өсімдіктердің сабағының анатомиялық құрылысы.
Зығыр мен кирказон сабақтары мысалында шөптесін қос жарнақты өсімдіктердің сабағының анатомиялық құрылысын зерттеу. Ұлпалар мен олардың кешенін бөліп қарастыру. жүгері, қарабидайдыың сабақтарының көлденең кесіндісі мысалында шөптесін дара жарнақты өсімдіктердің сабағының анатомиялық құрылысын зерттеу.
Зертханалық жұмыс №10. Жапырақтың морфологиялық құрылысы.
Тірі бөлме өсімдіктерінде және гербарий үлгілерінде тілшелі, отырмалы, қынапты жапырақтар мен олардың жүйкеленуін зерттеу. Жапырақ тақтасының кең тараған түрлері қарапайым тұтас жапырақтар және қарапайым бөлінген жапырақтармен танысу; сондай ақ күрделі жапырақтар түрлерімен, жапырақ тақтасы шетінің тілінуімен танысу.
Зертханалық жұмыс №11. Жапырақтың анатомиялық (микроскопиялық) құрылысы.
Құртқашаш, жүгері, камелия, қарағай жапырақтарының микроскопиялық құрылысымен танысу. Жапырақтағы ұлпалардың орналасуы мен ерекшеліктерін анықтау.
5) 6 тақырып. Өсімдіктердің генеративті мүшелері және олардың құрылымы (гүл, гүлшоғыры, жеміс, тұқым мен өскіндер).
Зертханалық жұмыс №12. Гүлдердің әртүрлілігі мен құрылымы.
Әртүрлі өсімдіктердің: магнолия, сарғалдақ, аскөк, алма ағашы, қырыққабат, сексеуіл, картоп, жалбыз, лалагүл, бидай гүлінің құрылымын зерттеу. Зерттелген гүлдердің формуласы мен диаграммасын құрастыру.
Зертханалық жұмыс №13. Гүлшоғырының құрылыс мен жіктелуі.
Гүлшоғырын морфологиялық талдау принциптерін және графикалық суретінің ережелерін білу. Гүлшоғырдың негізгі түрлерін зерттеу. Жолжелкен, мойыл, жоңышқа, сәбіз, бидай, сүттіген, күнбағыс, алма ағашы гүлшоғырларын талдау. Гүлшоғыры сызбасын құрып, оны суреттеу.
Зертханалық жұмыс №14. Жемістер, олардың құрылысы және жіктелуі.
Жемістердің ең басты типтерін талдау, келесі өсімдіктердің: бұршақ, жұмыршақ, көкнәр, меңдуана, мақта, қарақұмық, сарғалдақ, магнолия, бүлдірген, бидай, үйеңкі, шомыр, картоп, шие, таңқурай, алма ағашы, қиярдың жемістерінің құрғақ және ылғалды материалдарын қолданып, оларды зерттеу.
Зертханалық жұмыс №15. Қос және дара жарнақты өсімдіктердің тұқымдарының құрылысы.
Үрмебұршақ, бұршақ, бидай, жүгері, тары тұқымдарына морфологиялық талдау жүргізу. Олардың пішінін, ішкі құрылысы мен ұрығының құрылысын зерттеу.
6) 7 тақырып. Өсімдіктердің көбеюі: жынысты, жыныссыз және вегетативті. Гаметофит пен спорофит. Өсімдіктердің даму циклі.
Зертханалық жұмыс №16. Көкек зығыры мүгі мен қылқан жапырақты ағаш Кәдімгі қарағайдың даму циклдері.
Көкек зығыры мүгі мен кәдімгі қарағайдың гербарий үлгілерін қарастыру. Әдістемелік нұсқауды қолданып, зерттелген өсімдіктердің сипаттамасын құру, қарағай мен көкек зығырының гаметофиті мен спорофитін табу. Зерттелген өсімдіктердің даму циклдерін суретке салу.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Андреева И.И., Родман А.С. Ботаника. - М: Колос, 2003.
Бавтуто Г.А., Ерей Л.М. Практикум по анатомии и морфологии растений. - Минск: Мот.издания, 2002.
Серебрякова Т.И., Воронин Н.С., Еленевский А.Г., Батыгина Т,Б., Шорина Н.И., Савиных Н.П. Ботаника с основами фитоценологии: Анатомия и морфология растений.-М.:ИКЦ «Академкнига», 2006г
Коровкин, О. А. Анатомия и морфология высших растений:[словарь терминов].-М.:Дрофа,2007.-268 с.
Дүрмекбаева, Ш. Н. Өсiмдiктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы: оқу құралы.-Көкшетау:Келешек-2030,2008.-100 б.
Каденова А.Б. Лабораторный практикум по морфологии и анатомии растений. - Павлодар: ПГУ, 2004.
Қосымша:
Билич Г.Л., Крыжановский В.А. Биология. Т.2. Ботаника.: Оникс 21 век. 2004.
Бекмуратова С. Т. и др. Тесты для контроля знаний студентов по ботанике.-Алматы: Қазақ университетi,2003.-134с.
Каденова А.В., Камкин В.А. Тесты по ботанике.- Павлодар, Павлодарский Государственный университет им С. Торайгырова: Кереку,2007.
Красная книга Павлодарской области (под ред. К.У. Базарбекова).-Павлодар: ПГУ, 2003.
Г.П.Яковлев, В.А.Челомбитько Ботаника Санкт-Петербург: СпецЛит. СПХФА, 2003.
Разживин А. А., Базарбеков К.У. Нематоды растений Казахстана.Отряд Афеленхида.-Павлодар,2002.-84с.-(Фауна Казахстана;Т.24.Вып.1.Круглые черви
Достарыңызбен бөлісу: |