Пәннің ОҚу- әдістемелік кешені қазақ тілін оқыту әдістемесі 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті 5В020500 «Филология» ОҚУ-Әдістемелік материалдары



жүктеу 283,72 Kb.
бет31/106
Дата16.01.2022
өлшемі283,72 Kb.
#32570
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   106
0bba3ffa-a182-11e4-8a1d-f6d299da70eeМетодика-метод. материалы№1

2 Қазақ тілі сабақтары

Мектеп оқушыларына білім мен дағды беруде қазақ тілінен өтілетін сабақтардың мәні орасан. Өйткені сабақ оқу ісін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады. Мұғалімнің жүргізетін жұмыстары сабақ арқылы іске асады. Сабақ беруде мұғалім мынадай мақсат қояды: оқушыларға білім негіздерін түсіндіру, сол білімді бекітіп, талдап есінде қалдыру, алған білімін тексеріп отыру және өздігінен толықтырған білімдерін күнделікті өмір қажетіне пайдалана білу. Мұғалім оқушылардың барлығына қазақ тілі материалдарын толық меңгертуі, қажетті білік, дағдыларды игертуі, сабақтың дамытушы және тәрбиелік қызметін іске асырады. Ол үшін мұғалім материалды баяндау процесінде уақытты үнемді жұмсап, оқушылардың толық түсініп қабылдауына жағдай жасайды. Сонымен бірге мұғалім оқушының білімге деген ықыласы мен қызығушылығын, оқу-танымдық уәждемесін арттырып отыруы тиіс. Оқушылардың белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше орындалатын жұмыстарын ұйымдастырып, іздеу, зерттеу іскерлігін дамытып отырған тиімді.

Сабақтың білім мен дағды беру ерекшелігіне қарай, оларды жіктеудің өлшемдеріне мыналарды жатқызуға болады:

а) Сабақта оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім негіздері меңгертіледі. Оған өтілетін тақырыптың термині, тілдік материалдың өзіндік белгілері, жасалу жолдары, анықтамалары мен ережелері кіреді. Сөйтіп оқушыларға білім көлемі мен білім жүйесі меңгертіледі.

ә) Оқушыларға қазақ тілінен іс жүзінде дағды қалыптастырылады, берілетін білім көлеміне лайықты дағды түрлері жаттықтырылады.

Әдіс пен тәсілдің ұтымды пайдаланылуы, жүзеге асуы сабақтың типіне де байланысты. Қазіргі сабақ туралы көптеген монографиялық еңбектер, жекелеген ғылыми және практикалық сипаттағы мақалалар жарық көрді. Атап айтқанда, Ю.Б.Зотовтың "Қазіргі сабақты ұйымдастыру" (1984), М.Махмутовтың "Қазіргі сабақ" (1985), И.Д.Зверевтің "Қазіргі сабақ: ізденістер, проблемалар, шешімдер", "Сабақ: ол қандай болуы керек?" деген мақалаларын айтуға болады. Жаңашыл-педагогтар В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова т.б. іс-тәжірибелерінен қазіргі сабақ қандай болуы керек деген сұрақтың жауабын табуға болады.

Сабақ типтері мен түрлерін М.Махмутов ("Современный урок", 1985) төмендегіше берген:

а) Жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы. Бұл типке лекция, баяндау, әңгіме түрінде өтетін сабақтар, кино, диафильм көрсету, теориялық мәліметтер бойынша оқушылардың ізденісі негізінде өткізілетін сабақ түрлері жатқызылады.

ә) Білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы. Бұған ауызша, жазбаша жаттығу, оқушылардың өз бетімен жұмыстануы, лабораториялық жұмыс, әкскурсия сабағы жатады.

б)    Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы. Бұл сабақтар өткен материалды іштей байланыстыру, қайталау, жүйелеу, қорытындылау мақсатымен жүргізілетін әңгіме, семинар сабағы түрінде өткізіледі.

в)    Аралас сабақ. Сабақтың бұл түрі жоғарыда аталған сабақтың бар түрімен тығыз байланысты өткізіледі.

г)    Білім, іскерлік пен дағдыны бағалау, бақылау сабағы. Бұл сабақтар кебінесе сұрақ-жауап тәсіліне негізделеді. Қойылатын сұрақ бір ғана оқушыға да немесе бүкіл сыныпқа да арналуы мүмкін. Сұрақ түрлері ауызша да жазбаша да болып келеді. Әрбір практикалық жұмыстар бағамен не сынақ түрімен қорытылады.

М.Махмутов сабақтың әдістемелік құрылысы тұрақты емес, сабақта алға қойылатын мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер әрқашан да ауыспалы сипатта болады деп есептейді де, сабақтың дидактикалық құрылымы оның әр типтері мен түрлеріне үнемі ортақ болады деп көрсетеді.

Ал Б.Т.Панов сабақ типтерін төрт топқа бөледі: Бірінші топқа оқу материалдарын меңгерту барысындағы психологиялық, педагогикалық кезеңдерге сай өткізілетін сабақ түрлерін, жаңа материалды өту сабағын, білім, іскерлік пен дағдыны бекіту сабағын, қайталау, өтілген материалды жүйелеу сабағын, аралас сабақ түрлерін, екінші топқа оқытудың негізгі әдістеріне сай белгіленетін лекция сабақ, семинар сабақ, практикум сабақтарын, үшінші топқа тіл дамыту, мазмұндама мен шығарма жаздыруға үйрету сабақтарын, төртінші топқакөмекшілік сипаттағы сабақтарды яғни, оқушының жазбаша жұмыстарын талдау, бақылау, тексеру сабақтарын жатқызады.

Ә.Исабаев қазақ тілінен өтетін сабақтарды төмендегіше жіктейді:

І. Теориялық білім меңгерту сабақтары: жаңа сабақ, біріккен сабақ және лекция-сабақ түрлері. Осы теориялық білім меңгерту сабақтары оқушыларға теориялық тілдік материалдарды игертуде іске асырылады. Жаңа сабақ жаңа білім беру үшін, біріккен сабақ өткен мен жаңаны ұштастыру мақсатында өткізіледі. Ал лекция сабақ теориялық материалдарды ауызша мазмұндап жеткізу мақсатында іске асырылады.

II. Практикалық дағды қалыптастыру сабақтары: бекіту сабағы, семинар-сабақ, баспасөз конференциясы сабағы, практикум-сабақ, тексеру сабағы, сынақ-сабақ, коллоквиум-сабақ, талдау сабағы және қайталау сабақтары. Практикалық дағды қалыптастыру сабақтары оқушылардың дене және ой дағдыларын ширату үшін, бекіту сабағы оқушылардың қазақ тілінен күнделікті алған білімдерін нығайтып отыру үшін өткізіледі. Семинар-сабақ білім мен білік және дағдыны толықтыра түсу, баспасөз-конференциясы сабағы оқушылардың іскерлігі  мен танымдық белсенділігін арттыру, практикум-сабақ тілдік материалдарды жаттықтыра түсу, тексеру сабағы оқушылардың қазақ тілінен алған білімдері қаншалықты меңгерілгендігін байқау, сынақ-сабақ қазақ тілінен алған білім мен дағдысын бір жүйеге түсіру, коллоквиум-сабақ оқушылардың білімін бірізге түсіру, талдау сабағы оқушылардың ауызекі тілдегі және жазба жұмыстарындағы жіберген қателерін арнайы талқылау, қайталау сабағы өткен материалдарды оқушылар ойына толық қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Қазақ тілі сабағының құрылымы

Қазақ тілінен өтілетін сабақтың негізгі топтары - сабақ құрылымдары элементтерінің жиынтығы. Сабақтың бұл құрылымы әр түрлі методикалық жүйе бойынша іске асырылады. Сабақтың құрылымдық элементтері тәлім-тәрбие беру мақсатына, материалдың өтілу тәртібіне, өзіндік белгілерінің санына, оқушының дайындық дәрежесіне қарай ауысып отырады. Мәселен, жаңа өтілетін материалдың өзіндік белгілері көп болған кезде мұғалім материалдың өзіндік белгілерін, олардың айырмашылықтарын, анықтамалары мен ережелерін түсіндіруден бастап тәжірибелік дағдыларды өз бетінше іздендіріп, орындауға жұмылдырады. Сондай-ақ өткенді еске түсіру, үй тапсырмасын беру және оны тексеру, өткенді сұрау және бекіту сияқты сабақ құрылымдары әр сабақта кездесіп отырады.

САБАҚТЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақты белсенді, саналы қабылдауға дайындау кезеңі

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

ІV. Жаңа материалды түсінулерін тексеру кезеңі

V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі

VІ. Қорытындылау

VІІ. Бағалау

VІІІ.Үй тапсырмасы

Демек, қазақ тілі сабағының құрылымдық элементтерін дұрыс танытудың рөлі зор. Олар мыналар: 1) өткенді еске түсіру; 2) тақырыптың көлемі мен жүйесін түсіндіру; 3) бекіту және қайталау мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргізу; 4) үй тапсырмасын беру; 5) үй тапсырмасын тексеру, өтілгенді сұрау; 6) оқушылар жұмысына барлау жасау; 7) оқушылар еңбегін бағалау.

Үй тапсырмасын беру қазақ тілін оқыту үдерісіндегі ең басты әрі қажетті сабақтың құрылымдық элементтерінің бірі. Қазақ тілі бойынша оқушылардың теориялық білімді жете меңгермеуі, көбінесе, осы үй еңбегін дұрыс ұйымдастырмаудың нәтижесінде пайда болады. Үй тапсырмасы класс жұмысына байланысты түрде іске асырылады. Үй тапсырмасының көлемі оқушыларға оншалық қиындық тудырмайтындай дәрежеде және өткен тақырыпқа сай болуы қажет. Қазақ тілі бойынша берілетін үй еңбегі белгілі параграфқа, анықтама, ережеге, оқулықтағы теориялық материалдарға сай жүргізіледі.

Қазақ тіліне байланысты жүргізілетін методикалық эксперименттің нәтижелеріне қарағанда, үй тапсырмасын беру әр класта оқушылардың төмендегі уақыт ішінде орындай алу мүмкіндіктерін ескере отырып беруді мақұлдайды: 1-класта 13-15 минут ішінде, 2-3-класта 16-25 минут ішінде, 4-5-кластарда 26-30 минут ішінде, 6-7-кластарда 31-35 минут ішінде, 8-9- кластарда 36-40 минут ішінде, 10-11-кластарда 40-45 минут ішінде орындай алатындай еңбектер тапсырылады. Егер берілген теориялық  материал  оқушылардың меңгеруі үшін оншалық қиындық келтірмейтін болса, онда оларғабір тақырыпқа байланысты екі жаттығуды беруге де болады.

Мазмұнына қарай үй тапсырмасы фонетикаға, лексикаға, дыбыс жүйесіне, орфографияға, морфологиялық материалдарға, орфоэпияға, синтаксиске және тіл ұстартуға байланысты беріледі. Үй жұмысы бір сабақ материалына немесе бірнеше сабақ материалдарына тиісті жүргізілуі мүмкін. Яғни бұл жаттығу жұмысын бекіту, пысықтау, қайталау және қорытындылау сабақтарына қарай тапсырылады. Белгілі бір тілдік құбылысқа орай берілген үй еңбегін үнемі қадағалап, тиянақты түрде тексеріп отырған жөн. Үй еңбегіне берілетін дағдыландыру жұмыстары, көбінесе, белгілі құбылыстарды дұрыс көшіріп жазу, буынға ажырату, сөздерді сейлемге біріктіру, талдау мазмұндама, шығарма құру сияқты үлгілері тапсырылады. Класс жұмысына қарағанда үй тапсырмасының көлемі кеңірек, аумағы көлемдірек болуы қажет. Мысалы, конспектілер жаздыру, қазақ тіліне байланысты схема мен кестелер жасату, тілдік тапсырмалары бар мазмұндамалар мен шығармалар жаздыру, көркем әдебиет мәтінінен керекті анықтама, ережелерге байланысты мысалдар таңдау тәрізді жаттығулар үйге тапсырылады.

Үйтапсырмасын тексеру. Үй еңбегін тексеру үстінде өткен материал бекітіліп, берік түрде қайталанады. Тапсырманы жүйелі тексеру үстінде өткен материал бекітіліп, берік түрде қайталанады. Тапсырманны жүйелі тексеру нәтижесінде оқушы мұғалімнен әр түрлі кеңес алады және ол туралы естіген, білгендерін естерінде жақсы сақтайды. Мұғалім үй тапсырмасын тексеру үстінде оқушылардың тапсырманы қалай орындағанын, қалай меңгергендігін және материалдың қай жері түсініксіз болғандығын қадағалайды. Осыған лайықты қандай дағдыны дамыту керек екендігін анықтайды. Класта үй тапсырмасын тексеру төмендегі тәсілдермен жүргізіледі: а) бірнеше оқушылардан өткен теориялық материалдарды ауызша сұрау; ә) бірнеше оқушыларға карточкадағы мысалдарды дәлелдету; б) талдау жүргізу; в) дәптерде жазылғандарын барлау; г) компьютерлік тестілеу.

3.  Сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар, сабақты ұйымдастыру жолдары.

XXI ғасырда Қазақстан Республикасының әлемдегі өркениет пен ғаламдану процесіндегі мәдениетті игеруі барлық ғылым салаларына қатысты педагог мамандарды сапалы дайындау ісімен тығыз байланысты екенін қоғамдық өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Педагогтің білімі мен мәдениеті, ізденімпаздығы мен шеберлігі, біліктілігі мен беделі - жаңа ұрпақты тәрбиелеудің басты көзі және арнасы болып табылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылғы 19 наурызындағы халыққа жолдауында "Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілуге тиіс. Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз",- делінген. Заман талабына сай мектептерде білім мазмұны мен оның құрылымдық жүйесін жақсарту - кезек күттірмес шаралардың бірі.

Мектеп балаларды дұрыс сөйлеуге, ана тілінің сөздері мен тиісті тәсілдерін саналы түрде дұрыс жұмсауға үйретеді. Мектеп оқушылардың сөздік қорына көп жаңа сөздер, жаца формалар қосады. Оларды қайда, қалай қолдану керектігін үйретеді. Мектептегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі - жаңа қоғамды құрушы жастардың тәрбиешісі. Мұғалімнің өзі оқытатын пән саласындағы ғылымды жетік білуі - қарапайым да, қажетті талап.

Жалпы қазақ тілінде сөйлеп, жазуды үйрету - қоғамда қазақ тілінің мәртебесін жоғары дәрежеге көтерудің алғы шарты. Сондықтан қазақ тілі катынас құралы ретінде мектепте жүйелі білім беру арқылы ғана оқушыларды дұрыс сөйлеуге, адамдармен әдепті түрде қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелейді. Бұл тұрғыда қазақ тілін оқыту әдістемесінің атқаратын міндетінің аса зор екенін айта кетуіміз қажет. Оқыту әдістемесі оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда, сондай-ақ жас жеткіншектің дүние-танымын жетілдіруде өте қажетті практикалық міндеттерді іске асырады. Оның басты мақсаты оқыту нәтижесінде оқушыларға қазақ тілінің негізін тиянақты меңгерту болып табылады.

Сабаққа қажетті оқыту әдістері мен тәсілдерін, дидактикалық оқу материалдарын және жаттығу түрлерін дұрыс таңдап, сабақта бейімділікпен қолдана білу ұшін ұстаз оқушылардың, ең алдымен, психологиялық, үғымдылық, яғни сабақты қабылдау ерекшеліктерімен тікелей санасуы керек. Сонымен қоса, логикалық талаптарға да баса көңіл бөлуі қажет.

 

Қазақ тілі сабақтарында оқытушы атқаратын негізгі әрекеттер



Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Сондықтан қазақ тілін оқытуүдерісін жоғары дидактикалық талаптарға сай деңгейде ұйымдастыруды бүгінгі заман талап етеді.

Қазақ тілі сабақтарына қойылатын талаптардан сабаққа дайындық кезінде және сабақ жүргізу барысында оқытушы атқаруы тиіс негізгі әрекеттер туындайды.

1. Қазақ тілі сабақтарына дайындық жұмыстарын жүргізу

1.     Негізгі, базалық лексика-грамматикалық деректерді нақтылап алу;

2.     Бұрын өткен сабақтардан тағы қайталауға тиісті материалдарды (негізінен грамматикалық)  анықтап алу;

3.     Сабақтарда сезімдеріне үйлесімді әсер ететін көрнекілік тәсілі қолданылады және бейнелі көрнекіліктерді, жағдаяттық жаттығуларды, әсіресе, рөлдік ойындарды орындау кезінде оқушылардың тәжірибесі мен қиялы көз алдына елестетумен байланысты дамытылады. Ж.Аймауытов: «Көзге көрсетілмей ұғындырылғанның бәрі мағынасыз бос сықылды. «Көз көрмегеннің бәрі бекер» дейді жұрт. Балаға үйретілетін нәрсенің өзі, болмаса, оның тұрпаты көрсетіліп, ұғым беріледі. «Көрнекі оқыту» деп осыны айтады», - деп жазады. Соған байланысты жаңа сабақты меңгерту үшін көрнекілік құралдар (слайдтар, диафильмдер, суреттер, карточкалар, сызбалар, модельдер т.б.) дайындап алу қажет; 

4.     Жаңа сабақта қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық құралдарды (компьютерлер, электронды тақта, веб-проектор, компьютерлік, мультимедиалық оқу, тексеру, ойын, тренажерлық бағдарламалары т.б.) сайлап алу;

5.     Өтетін жаңа грамматикалық тақырыпқа байланысты білімді бекіту үшін бірнеше қатысымдық жағдаяттық ойын түрлерін дайындап алу;

6.     Берілген әрбір жаттығуды қатысымдық талаптарға сай орындату жолдарын ойластырып алу;

7.     Сабақ барысында кездесетін жекелеген дыбыстарды дұрыс айту дағдысын қалыптастыру үшін бірнеше ойындар, өлең немесе ән т.б. дайындап алу;

8.     Әрбір оқушыға лайықтап жеке қатысымдық тапсырмаларды сұрыптап алу. Жұптық, топтық тапсырмаларды орындату кезінде оның қатысушы мүшелерін үнемі ауыстырып отыру қажет;

9.     Үйге қандай тапсырма беру керектігін (нақты орындайтын жаттығуды, қандай тақырыпта шағын шығарма жазуды) анықтап алу керек. Үйге берілетін тапсырмалар қызықты, әсерлі болуы тиіс. Мысалы, белгісіз өткен шақты оқыған кезде - «Өзің көрген бір түсіңді әңгімелеп бер» немесе шартты райды оқыған кезде – «Мен бастық болсам, не істер едім?» тақырыптарында шығарма жазып кел» т.с.с. тапсырмалар;

10.      Сабақтың толық жоспарын жасау, яғни орындалатын жұмыстардың ретін, әрқайсысына қанша уақыт бөлу керек екендігін нақтылап алу. Жоғарыда аталған жұмыстардың түрлері сабақ жоспарын құрайды. Оқытушы әр сабақтың алдында мақсатты түрде аталған жұмыстардың барлығын тиянақты орындап отырса, ол сабақтың қызықты да сапалы өтуіне жағдай жасайды. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген ынталары арта береді.

2. Қазақ тілі сабақтарын жүргізу жолдары

1.     Сабақты тым ресмилендірмей, күнделікті қарым-қатынас кезіндегі тәрізді өткізу қажет. Ол негізінен оқытушының сабаққа дайындығына, кәсіби шеберлігіне байланысты жүзеге асады. Топпен жақсы таныс, материалды мүлтіксіз меңгерген оқытушының сабағы неғұрлым қызықты өтеді;

2.     Сабақ әрқашанда жоғары көңіл-күймен басталуы керек. Оқытушының сабақтың басында оқушылармен сәлемдесуі, қызу әңгімеге шақыруы оқушылардың көңілін сергітеді, сенімдерін тудырады;

3.     Сабақтың жүргізілу ырғағы өте маңызды. Ол жеткілікті дәрежеде жоғары болуы тиіс, алайда, сабақтың басынан аяғына дейін бірдей дәрежеде болмайды. Неғұрлым белсендіру керек екен деп, оқытушының күші сарқылып, тіл үйренушіге тым артық күш түсіріп алудан аулақ болу керек. Ырғақтың баяулауы мен жылдамдауы аралас түрде келіп отыруы қажет. Қызу пікірталастан кейін тыныш грамматикалық ойындар кезектесіп келіп отыруын қадағалаған жөн;

4.     Тілдік жағдаятқа байланысты берілген тапсырмалар тіл үйренушіге шынайы өмірдегідей әсер етуі тиіс;

5.     Оқушылар тапсырмаларды орындап болған кезде, оқытушы өзінің қорытынды пікірін білдіреді, олардың шамалы жетістіктерінің өзін мақтап, көтермелеп отырады;

6.     Сабақ барысында оқытушы оқушылардың белсенділіктерінің төмендемеуін, жағымды эмоционалды тонустарының сақталуын қадағалап отыруы қажет. Ал белсенділіктерінің төмендеуі байқалған жағдайда, қысқа үзіліс жариялап немесе ән айтқызып, ойындар ұйымдастырып жіберуі керек;

7.     Оқытушы оқушылардың жіберген қателіктерін ептілікпен түзетіп отыруы керек;

8.     Оқушылардың үй тапсырмасын орындауларын, тілдік портфельдерін толықтырып отыруларын тексеруді әр сабақтың басында әдетке айналдыру қажет. Себебі, тек қатаң бақылау, тексеру болған жерде ғана сапалы нәтижеге қол жеткізуге болады.




жүктеу 283,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   106




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау