Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 1,21 Mb.
бет1/7
Дата27.01.2018
өлшемі1,21 Mb.
#7962
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



Құжат СЖМ 3 деңгейлі

ПОӘК

ПОӘК 042-Х. 1.ХХ/01- 20

ПОӘК

Пәннің оқу-әдістемелік материалдары

12 жылдық мектепте информатиканы бейінді оқытудың негіздері


Редакция №





ПӘННІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«5В011100» – «Информатика» мамандығы үшін


«12 жылдық мектепте информатиканы бейінді оқытудың негіздері»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей

2013

Құрастырған: 28.08.2013 ж

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының

аға оқытушысы _______ Абишова А.А.


Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының

отырысында талқыланды.

Хаттама № 1 05.09.2013 ж.

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының

меңгерушісі _______ Абишова А.А.

Физика-математика факультетінің Оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде бекітілді.

Хаттама №1 11.09.2013 ж.

Физика-математика факультеті

Оқу-әдістемелік бюросының төрайымы ____________ Батырова К.А.

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

Хаттама №1 18.09.2013 ж.

ОӘК төрайымы _________ Искакова Г.К.

Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Зертханалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы

Дәрістер
Дәріс № 1-2.

Тақырыбы: 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі

12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттарын бейнеленетін негізгі құжат болып табылады.

Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының; «Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына»; «Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті Н..Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлері кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.

Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына әкеп соғады.

Қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістерге сәйкес білім берудің қызметіне жаңаша қарау, әлемдік жинақталған тәжірибеге және қол жеткен табыстарға сын көзбен қарап бағалау, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тиімді жолдарын табу – 12 жылдық білім беру мәселесі. Бүгінде осы бағыттағы білім беру ең негізгі міндеттердің бірі болып саналады.

12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Ал оның мәнісі шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық моделді дамытуға, «жалпыға арналған білім» үлгісінен «таңдауы бойынша білім алу» үлгісіне сапалы көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді жылдамдататын тетіктердің бірі осы жаңа бағдарлама бойынша мектеп жағдайында оқыту болып отыр. Білім беру жүйесінденгі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:


  • қоғам дамуының қиындылығы;

  • постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі;

  • халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі;

  • қоғамның демократиялануы;

  • экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;

  • адам капиталы мәнінің артуы.

Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде төмендегідей тенденциялар байқалып отыр:

- білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздестіру, жаңа білім технологияларының енгізілуі және т.б;

- оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі, терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;


  • оқушы жастарға азаматтық - патриоттық, рухани - адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру ролінің күшейтілуі;

  • білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы

болып табылады.

Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға себеп болған да осы жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясы еді. Бұған бір дәлел Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің 3 съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау қажет» деп атап көрсетті. Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді. 12 жылдық білім берудің методологиялық негіздеріне орай, мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары мыналар болып табылады:

- мектепте білім берудің мазмұнын қазіргі қоғам қызметінің серпінді құрылымымен сәйкес келтіру;

- оқушылардың өз бетінше білім алуға және оны практикада қолдануға, оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға және жақсы қасиеттерін ашуға тәрбиелеу;

- әрбір жас кезеңіндегі негізгі психикалық жаңа құрылымдарды қалыптастыру төңірегіндегі оқу үрдісін жолға қою;

- оқушыларды танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде тарту, негізгі мотивациялық үрдістерді айқындайтын оқу ахуалдарын кеңінен қолдану.

Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет бұру мынадай міндеттерді жүктейді:

- оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субъектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау;

- оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, олардың оқу үрдісі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету;

- оқу-тәрбие үрдісінде ынтымақтастық педагогикасының ізгі қатынастарын орнықтыру;

- білім мазмұнын барынша ізгілендіруді қамтамасыз ету;

- психологиялық білім берудің бастапқы негіздерін қалыптастыру;

- білім мазмұнының инварианттық және вариативтік компоненттерінің арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімдердің диалектикалық бірлігін қамтамасыз ету;

- оқушылардың оқу жүктемесін тұрақтандыру.

Адамның жан-жақты дамуы білім берудің ғаламдық мақсаты болып табылады. Педагогикада білім берудің мақсатын, оның мазмұны мен құрылымын анықтауға қазірігі заманғы адам тұжырымдамасының тұрғысынан келу көзқарасы берік қалыптасып отыр. Жүргізілген зерттеулер тұлғаның қалыптасу моделінің компоненттерінің мынадай үш тобын қамтитынын көрсетеді: психиканың функционалдық тетіктері, тұлғаның тәжірибесі, тұлғаның жинақталған типологиялық қасиеттері. Компоненттердің осы топтары адам қызметінің жалпы құрылымының және зерттеу объектілерінің құрылымымен бірге 12 жылдық мектептің жалпы білім беру стандарттары мен базалық оқу пәндерін жасаудың теориялық негізі болып отыр.

12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты, әрбір жас сатыларында оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктерне қарай қамтамасыз етуге тиіс.



Тұжырымдаманың мақсаты - 12 жылдық мектеп жайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.

Тұжырымдаманың міндеттері:

  • 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін атап көрсету;

  • 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау;

  • Осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау.

Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:

    1. Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибелерге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.

    2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.

    3. Жалпы орта білім беру құрылымы.

    4. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.

    5. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

    6. Педагогикалық кадрлар.

    7. Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.

    8. Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.

    9. 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.

Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды. Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмайды.

Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:



  1. Білім мазмұнының оқушының оқуға қызығушылығын төмендететін және денсаулығына кері ықпал ететін ақпараттық сипатының басымдығы.

  2. Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттың болмауы.

  3. Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.

  4. Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы.

  5. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі кәсіби анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен өмірлік жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.



12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады

1-саты – жалпы бастауыш білім беру ( 1-4- сыныптар – бастауыш мектеп)

2-саты – негізгі орта білім беру (5-10-сыныптар – негізгі мектеп)

3-саты – жалпы орта білім беру (11-12-сыныптар – жоғарғы мектеп)
1-саты. Жалпы орта білім беру (1-4 сыныптар)

Оқуды бастау жасы - 6 жас. Оқыту ұзақтығы - 4 жыл

1-сатыдағы негізгі бағдар – оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі салаларына қажетті танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.

Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте қажетті біліктер дағдыларды игеруге, оқу және жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтерінің, жеке гигиенасы мен денсаулығын сақау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.

2-саты. Жалпы орта білім беру (5-10 сыныптар)

Оқыту ұзақтығы – 6 жыл

2-сатының негізгі бағдары – негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне, зерттеу дағдысының қалыптасуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.

Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.

Бұл сатының ерекшелігі оқушының үшінші сатыдағы бейіналды дайындықтың мектеп қызметінің оқушының болашақ бағдарын саналы таңдауына дайындығына игі ықпал ететін педагогикалық, психололгиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық жүйесі ретінде жүргізілуі болып есептеледі.



3-саты. Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар)

Оқыту ұзақтығы -2 жыл

Жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын үшінші сатының негізгі мақсаты оқытудың саралануы мен даралануы бағдарланған жалпы орта білім беру, оқушулардың болашақ кәсіби қызметіне саналы да жауапты таңдау жасауына, жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасау.

Бейіндік оқыту жаратылыстану - математикалық, әлеуметтік -гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып анықталуы тиіс.

Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады.

Материалдық-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуеті мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік оқыту төмендегі ұйымдастыру нысандары бойынша қарастырылады:



  1. Бір бейінді мектеп – бір бейінді оқытуды іске асыру;

  2. Көп бейінді мектеп – бірнеше бейінді оқытуды іске асыру.

12 жылдық білім берудің басым бағыты – педагогикалық іс-әрекеттің жеке тұлғаға бағытталуы. Тұлғаға бағытталған көзқарас – педагогикалық іс-әрекеттің методологиялық жаңа бағыты.

Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім беру жүйесін жаңғыртуды, атап айтқанда, орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді.

Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепте есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты.

Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталады:

1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік – оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілетті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің ролін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзіреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.

2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру, рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.

3. Когнитивтік құзыреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдақ процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.

4. Коммуникативтік құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, халықаралық қатынаста шетел тілінде, қатынас дағдылары болуын қарастырады.

5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.

6. Әлеуметтік өзара қарым-қатынас құзыреттілігі – отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді, кәсіби бағдарын саналы таңдай алуды қарастырады.

7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда, яғни өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білуді, қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра білуді, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарауды, жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.

Аталған құзыреттіліктерді игеру оқушының орта білім беретін мектеп жағдайында нәтижелі әлеуметтендірілуіне игі ықпал етеді.

12 жылдық мектепке енгізілген бейіналды және бейіндік дайындық оқушының өз қабілеті мен өмірлік құқығына сәйкес өзін-өзі кәсіби анықтауында, болашақ кәсіби қызметін саналы да жауапты таңдауына едәуір тиімді дайындыққа қол жеткізуде олардың әллеуметтендірілу мүмкіндігін кеңейтеді.



&&&

$$$002-002-100$ Дәріс 1-2. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. ҚР 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы

  2. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.

  3. Білім беру үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері


Дәріс № 3-4.

Тақырыбы: 12 жылдық мектептің психологиялық-педагогикалық астарлары. Жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары
Оқытудың тиімді және үйлесімді болуы оқушының танымдық дамуының табиғи логикасын ескергенде ғана мүмкін болмақ. Егер оқытуды мәдениет пен қоғамның жеке адаммен жан-жақты байланысының ұдайы процесі ретінде алар болсақ, онда осы байланыстың негізгі жүйелері осы арқылы өтеді. Психологияда мынадай негізгі танымдақ процесстер бөле-жара айтылады: түйсіну, қабылдау, зейін, ес, ойлау, сөйлеу және қиял. Үйлесімді өзара іс-әрекет және оны оқыту кезінде осы процестердің барлығын қалыптастыру тұлғаның тұтастай дамуына жағдай жасайды.

Бастауыш мектеп жасындағы балаларға білім беру мен жалпы мақсатқа жетуді іске асыру бірқатар психологиялық-педагогикалық шарттарды сақтауды қажет етеді:

- үлкендер мен балалардың өзара іс-әрекеттерінің жеке тұлғаға бағдарлануы;

- әрбір балаға іс-әрекет түрін, әріптес, құрал-жабдық, т.с.с таңдау мүмкіндігін беру;

- бала табыстылығына қатысты көрсеткіштері педагогикалық бағалауға бағыт ұстау баланың бүгінгі жетістіктерін оның кешегі табыстарымен салыстыру;

- баланың эмоциялық-құндылық, әлеуметтік жекебастық, танымдық, эстетикалық тұрғыдан дамуына және оның даралығын сақтауға ықпал ететін білім алу ортасын құру;

- бала дамуының аса маңызды факторлары ретінде жетекші іс-әрекетті қалыптастыру;

- зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекеттің, белсенділіктің бірлескен және дербес, қозғалғыш және тұрақты нысандарының теңгерімділігі.

Бастауыш мектеп жасы – баланың жеке тұлғасы мен оның ағзасының одан әрі дамуын айқындайтын өте маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл жастағы балалардың маңызды ерекшеліктері – олардың айналадағы өміріне: адамдарға, оқиғаларға, фактілерге қызығушылық танытуы болып табылады.

Олардың қоршаған ортадағы заттар туралы түсініктері бар, олар білуге құштар, жаңа ақпаратты да жақсы қабылдайды. Осы ынта мен құштарлықты бастауыш сынып мұғалімі өшіріп алмай, оның әрі қарай дами түсуіне көп көңіл бөлуі керек.

Орта білім беру жүйесін жаңарту мәселесі баланы алты жастан бастап мектеп жағдайында оқытып, тәрбиелеуді жүзеге асырғалы отыр. Бұл 12 жылдық орта білімге көшудің ең басты мәселелерінің бірі және бірегейі. Себебі, бұрын балабақша жағдайында мектепалды дайындығынан өтетін не отбасы жағдайында үйде дайындалатын ойын баласы енді мектепке келіп, партаға отырып, оқушылар қатарына өтпек. Әрине алты жастағы баланың мектепте оқуға физиологиялық, психологиялық тұрғыдан дайын екенін көптеген ғалымдар зерттеулер негізінде дәлелдеп отыр. Орыстың алдыңғы қатарлы бала тәрбиесімен және оны дамыту жолдарымен айналысқан ғалымдары Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.Б.Элькониндармен қатар қазақстандық педагог-психологтар: В.К.Павленко, Қ.Т.Шериязданова және тағы басқалар. Мектепке баланы 6 жастан қабылдау дұрыс болып отыр, өйткені осы жастағы балалардың білуге деген құштарлығы мен қызығушылығы басым. Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие жүйесін сақтау орынды. Ал егер 5 жастағы балалар мектепке даярланар болса,онда балабақшадағыдай жағдайы болу керек. Бұл балалардың мектепке дайындығы тексеріледі. Ол үшін «12 жылдық мектептің бірінші сыныбына қабылданатын балалардың оқуға дайындық деңгейін анықтау» атты әдістемелік құрал басшылыққа алынды. Ол бойынша “Әлеуметтік зерттеу”, “Ата-аналар туралы мәліметтер”, “Ата-аналарға арналған сауалнама”, “Медициналық зерттеулер”, “Балалардың денсаулық құжаты” т.б. жинақтай келе оқушының психологиялық мінездемесі, психологиялық дайындық ерекшеліктері, таным деңгейлері, ортаға қатысы, дамуы анықталды. 1-жарты жылдықта жылдық қорытынды тексеру жұмыстары алынады. Эксперимент барысында сынып пен салыстырмалы сынып арасында айырмашылық байқалды. Айырмашылықтың болуы, яғни эксперименттік сыныптағы білім, білік және оқу дағдыларының сапасы жоғары болуы, біріншіден, бала санының аздығына, екіншіден сабақтағы жұмысбастылықтың болмай, сабақ ұзақтығының 35 минут болуында және жеке оқулық материалдарының балаға түсініктілігінде деуге болады. Білім сапасының жақсы болуына себептер көп. Отбасы, ұстаз, балалар қауымдастығы осының тетігі.

Алты жастан оқыту - баланың ақыл-ойының дамуы мен әлеуметтік даярлығы үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады

6 жасар баланың оқудағы жетістігі - мектепке дейінгі психологиялық тұрғыдағы дайындық деңгейіне байланысты болып келеді.

6 жасар баланың дамуында қоршаған ортамен байланысындағы үйлесімділік қатынасын 6 аспекті бойынша қарастыруға болады. Олар: медициналық, физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық, интеллектуалдық аспектілер.

6 жастан 1 сыныпқа оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар екені белгілі. Оқыту процесі бұл жаста негізінде ойын түрінде жүргізіледі. Сондықтан балалардың психологиялық ерекшелігін ескере отырып, сабақта ойын элементтерін көбірек пайдалану қажет. 12 жылдық білім беруде оқу жүктемесін азайтып, оқушының бос уақытын жеке қабілеті мен ізденуге жұмсауға мүмкіндік туғызу көзделеді. Сабақтың ұзақтығы 35 минут 5 күндік оқу болады. Ал мұның өзі білім беру парадигмасының пәндік білім беруден тұлғалық-бағдарлық бағытқа көшуінен туындап отыр.

Олай болса, тұлғалық-бағдарлық білім берудегі негізгі құрал оқулық десек, оның сапасы мен атқаратын қызметін жете түсінуге көңіл бөлу қажет. Оқулықтың сапалы жазылуына назар аударған авторлардың басты ұстанған принципі тұлғалық-бағдарлық, нәтижелі шығармашылық қызмет, кіріктіру, пәнаралық байланыста оқыту және т.б нәтижеге бағдарланған білім жүйесін құру болды. Оқулық - нақты пән бойынша берілетін негізгі оқу кітабы. Оқулықта пәннің бағдарламасы толық ашылады. Оқулық-бұл оқушы мен оқытушының бірлескен әрекеттерінің құралы. Бұдан оқулықтың білім берудің құралы екені жөнінде дәлелді қорытынды шығады.

Бұл кезде баланың өзін-өзі белсенді көрсетуі және оның барлық рухани және дене күшінің дамуы қатар жүреді. Баланың осындай барлық ерекшеліктері қолайлы факторлардың әсерімен, дұрыс та мақсатты педагогикалық ықпалдың көмегімен туындайды және дамиды. Баланың табиғи мүмкіндіктерін ескерудің арқасында ғана осы жасқа лайықты оқытудың мазмұны мен әдістерін дұрыс анықтауға, баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге болады.

Оқушылардың білімді меңгеруіндегі басты мәселе-ойлау арқылы іс қылудың тәсілдерін үнемі үйрету, ойлау әрекеттері түрлерін (талдау, жинақтау, пайымдау,т.б.) меңгертудің маңыздылығы сөзсіз.

Орыстың педагогика ғылымдарының аса көрнекті қайраткері К.Д.Ушинский оқу жетістігі жаңа материалдың ескімен байланысында деп білді. Жаңа мәліметтерді «ескінің легіне» қосып тіндестіру «жаңа міндетті түрде ескінің негізінде құрылып, ескі үздіксіз қайталанған сайын жаңа үстемеленіп қосылып отыру керек». Ол «жаңа ұғымды меңгеру кепілдігі: кепілдік мықты болған сайын жаңа ұғым берік әрі жеңіл меңгеріледі», - деп түсіндірді.

12 жылдық білім беруде бастауыш сынып оқушыларының жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындау жұмыстарын сараптауда аса көңіл бөлген мәселелер мыналар:

- Жаңа материалды оқып-үйренуге дайындауға бағытталған тапсырмалардың саны.

- Оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты дайындық тапсырмалардың мазмұны.

Математика мен информатика пәнінің күрделі тақырыптары өтуге ыңғайлы кезеңдерге бөлінген. Бұл бөлімдер оқу жылы ішінде біртіндеп енгізіліп отырылады. Мұғалім қиын тақырыпты үш кезеңге бөледі:

1-кезең: Перспективалық дайындық. Басқаша айтқанда, біртіндеп ұғындырылатын тақырып. Бұл кезде тірек ұғымдары, іскерлік жаттығулар, оқушылардың жауаптары арқылы оқытуды бастау жүзеге асырылады.

2-кезең: Оқулықпен жұмыс кезеңі. Бұл кезде түсініктер нақтыланып, тақырып бойынша материалдар жинақталады. Оқушылар жинақтау схемалары арқылы саналы түсінуге бағытталады. Олар мектепте және үйде өз беттерімен тапсырмалар орындап, өз ойларын схемалар арқылы дәлелдеуге жұмыстанады. Сонымен қатар осы кезеңде бірқатар ұғымдар алдын-ала түсіндіріліп отырылатындықтан, оза оқыту шарттары да орындалып, оқушылардың материалдарды қабылдау мүмкіндіктері артады.

3-кезең: Үнемделген уақыттарды пайдаланып, жұмыс істеу арқылы іскерлік дағдысы қалыптасады. Бұл қатені үнемі түзетіп отырудан гөрі, одан алдын-ала сақтандыруға үйретеді. Сонымен әрбір оқылған тақырып жаңа тақырыпты оқуға негіз бола алады. Мұғалімдердің осы саладағы біліктілігімен, оқушылардың жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындылығының алатын орнын анықтау мақсатымен қала мен ауданның бірнеше мектебіне сауалнамалар жүргізілді.

Дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерді, мұғалімдердің сұрақтарға берген жауаптарын, осы мәселе туралы пікірлерді жан-жақты талдай келіп, жаңа материалдарды оқып үйренуге оқушыларды дайындау мәселесі педагогикалық істе өзінің нақты қолданысын әлі де толық таппай отырғаны оқушылардың білім сапасын арттыруда үйрету, жетілдіру, жаттықтыру бағыттарына аса назар аударудың тиімді екенін көрсетеді.

4 жылдық бастауыш, 6 жылдық негізгі және 2 жылдық жалпы орта білімді қамтитын құрылым тұлғаның психологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасын іске асыру жолдары мынадай:

1) 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын әзірлеу;

2) Білім берудің пәндік стандарттарының тұжырымдамалық-әдістемелік негіздері мен мазмұнын әзірлеу;

3) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заң жобасын және тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;



  1. Күтілетін нәтижелерге жетуді бағалаудың рейтингтік жүйесін әзірлеу;

  2. Оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

  3. Ел көлемінде психологиялық қызметті бейіндік оқытудың жаңа нысандарын құру;

  4. Мұғалімдерді қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру арқылы нәтижеге бағдарланған оқытуға бейімдеу;

  5. 12 жылдық оқытуға көшуді қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Осы Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орындаушылар 12 жылдық білім беру проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясы, Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы, Білім беруді ақпараттандырудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандартының ұлттық орталығы, «Оқулық» республикалық орталығы, Білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институты, білім беруді басқару органдары мен оған қарасты ұйымдар болып анықталды.

&&&

$$$002-004-100$Дәріс №3-4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты




Дәріс № 5-6.

жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау