www.enu.kz
ИННОВАЦИЯ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ
БІРДЕН БІР ЖОЛЫ
А.А. Демесинова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетті, Астана қ.,
Қазақстан Республикасы
Е-mail:
aidana_92_777@mail.ru
«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды,
технологияны ӛндіріспен тығыз байланыстыру кӛзделген экономикалық даму
бағыты. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық
ӛрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты ел халқына Жолдауында
елді әрі қарай инновациялық бағытта дамыту қажеттігі кӛзделеді.
Экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі ӛндірістік әлеуетті
сақтап, тиімді дамыту қажеттігімен шартталған тиімді инновациялық саясат
болып табылады [1].
Оны мына тӛмендегі келтірілген мәселелерден кӛруге болады:
экономиканың шикiзат бағыттылығы;
әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
ел iшiндегi салааралық және ӛңiраралық экономикалық
ықпалдасудың босаңдығы;
ӛңдеушi ӛнеркәсiп ӛнiмдiлiгiнiң тӛмендiгi; кәсiпорындардың
жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы;
ғылым мен ӛндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар
бейiмделуi,
ғылыми-техникалық ӛнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң
ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда
инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң тӛмен болуы;
мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта
даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;
менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және
сервистiк-технологиялық экономикаға ӛтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес
келмеуi [2].
www.enu.kz
Индустриалды-инновациялық
даму
–
Қазақстанды
жоғарыда
келтірілген мәселелерден алып шығудың бірден бір жолы. Біз жаңа тех-
нологияларды игеріп, инновациялық ӛсуді қолдаған жағдайда ғана осы
мақсатымызға жетеміз. Оған Елбасымен бірге
Қазақстанның 2003-2015
жылдарға
арналған
индустриалды-инновациялық
стратегиясында
жасақталған болатын. Бұл стратегия ӛзіміз білетін
финн елінің тәжірибесінен
алынған болатын. Ӛткен ғасырдың 90-жылдарында олардың басты эконо-
микалық әріптесі – Кеңестер Одағы тарағанда, Финляндия экономикасы то-
қырауға ұшырады. Сол кезде финн үкіметі экономиканы дамытудың индус-
триалды-инновациялық түрін таңдады. Фин мемлекеті айналдырған он
шақты жылдың ішінде Финляндия әлемде экономикасы дамыған 10 елдің қа-
тарына қосылды. Халқының орташа табысы жағынан әлем бойынша алдыңғы
орында, инновация мен жаңа технологияларды игеру мен қолдану жӛнінен
Еуропаның үздік мемлекеті боп тұр. Ал неліктен Қазақстанның
инновациялық жағдайы тӛменгі деңгейде? Бізге де бұл стратегияны
қабылдағанға 10 жылдай болып қалды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанның инновациялық дамуы қандай деңгейде
екенін білу үшін The World Economic Forum рейтингісіне назар аударған
жӛн. Бұл рейтинг бойынша «Инновация» факторы бойынша Қазақстан 64-
орынды иеленсе (2009-2010), «Инновациялық дамуға жағдай жасау»
кӛрсеткіші жӛнінен 50 орынды иеленеді. Инновациялық сфераның белгілі
дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына
қосылуға кедергі болуы мүмкін. Ӛйткені соңғы жылдары осы сферада
Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға тӛмендеп кетті. Жаһандық
бәсекеге қабілеттілік рейтингісіне сәйкес 2011-2012 жылдары Қазақстан 75
орынды иеленіпті. Яғни бұдан кӛретініміз қазіргі кезде Қазақстан
Республикасының 2003-2015 жылдарға индустриалдық-инновациялық даму
стратегиясында кӛрсетілгендей инновациялық инфрақұрылым қажетті
деңгейде дамып жатқан жоқ [3].
Бірақ Қазақстанда инновацияның дамуына жағдайлар жасалмай жатыр
деп те айтуға болмайды. Ондай жағдайлардың біріне 2010 жылғы
Қазақстанның 1 млрд. 725 млн. теңге кӛлемінде бӛлінген инновациялық
грантын атауға болады [4].
Енді осы Қазақстандағы инновацияның дамуына кедергі келтіріп
отырған негізгі мәселелерді талдап ӛтейік.
www.enu.kz
Ең бірінші мәселе бұл бәрімізге белгілі Қазақстандағы білім беру
жүйесі. Қазіргі таңда Қазақстанның барлық дерлік университеттерінде инно-
вациялық идеялар туғызатын ақыл-ойдың ортасы жасалмаған. Еліміздегі оқу
орындарының потенциалы теориялық ілімнен әрі аспай жатыр Бұл мәселені
шешу арқылы біз инновацины дамытуға мүмкіндік аламыз. Себебі
мемлекеттің дамуының басты кӛрсеткіші білімде емес пе?
Келесі мәселеге - кәсіпорындардағы құралдардың ескілігін және
тозуын айтуға болады. Сарапшылардың анықтауы бойынша қазақстандық
кәсіпорындардағы негізгі құралдардың тозуы 33-35% шамасында. Ал сапалы
техникалық құрал жабдықтар ӛнімділікті жоғарылатып, ӛнімнің сапасын
арттырады және бәсекелестікті жоғарлатады.
Негізінен елімізде инновациялық ӛнім шығаратын зауыттар жоқ деп те
айтуға болады. Жалпы Қазақстан, барлығымыз білетіндей, КСРО құрамында
болғанда негізінен Ресейдің шикізат базасы ретінде ғана дамып, КСРО-ны
мұнай, металлургия шикізатымен қамтамасыз еткен болатын. Инновациялық
саясаттың шикізатық бағытталушылығы ӛндірістік дамуды қиындатып
жіберді.
Мысалы "Байкоңыр" кешенін жалға беруден түсетін бір сәттік пайда
табудан гӛрі ғарыш айлағын жалға беруді ұзарту жӛніндегі келісімде
кӛзделген Ресеймен бірлескен ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды іске
асыруға қарай ойысқанымыз ӛте маңызды. Мұның ӛзі біздің ғарыш жӛніндегі
ғылымымыз бен жаңа технологиялардың дамуына жәрдемдесер еді.
Міне жоғарыда атап ӛткендей, Қазақстанда инновацияны дамытуға
кӛптеген іс шаралар жүргізіліп жатқанмен, әлі де болса мұнда кӛптеген
отандық кәсіпкерліктерде ғылымның әлеуеті тӛмен деңгейде қалып отыр.
Сол инновацияны дамытуда келесідей мәселелер шешілсе мүмкін инновация
жағары дәрежеде болар ма еді?
Егер технопарктер университеттермен тығыз байланыста болса, сту-
денттер мен оқытушылардың идеясының ӛндіріске жетуі жылдамдар еді. Оқу
орны мұндай жүйеден ұтпаса, ұтылмайды. Егер мемлекет тарапынан
тапсырыс келіп түссе, технопарктегі инновациялық компаниялар бірнеше
студентті жобаға қатыстыруға міндетті. Жұмысы үшін студент айлық алады.
Жоғары оқу орындары мен технопарктерді біріктірсек, студенттердің оқуға
деген ынтасы да күшейер еді. Мәселен, студенттің курстық жұмысы немесе
диплом жұмысы жай жақсы баға немесе диплом алу үшін жазыла салмайды.
Олар іс жүзінде дайын бизнес-жоспарға айналады. Осы арқылы біз универ-
www.enu.kz
ситеттерде теория негізделген емес, инновацияға негізделген білмді алар
едік.
Және де отандық тауар ӛндірушілерге жағдай жасау мақсатында
уақытша жеңілдікпен қарыз құралдарын беру, салықтық жеңілдіктер беру
және Қазақстанда ӛндірілмейтін импорттық машиналар мен құрал-
жабдықтарды әкелуде ҚҚС босату. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы
елдерден инновацияны еңгізу жӛнінен, патент алу белсенділігін ынталандыру
жӛнінен тәжірибе алуымыз керек. Мысалға Қазақстанда патент алу АҚШ-та
патент алудан анағұрлым қиынға соғады.
Сонымен қорытындылай келе, Қазақстанның әрбір азаматы
Қазақстанның экономикасының дамуына үлес қосуға талпыну керек. Мүмкін
болғанынша отандық инновациялық тауарларды тұтынуға тырысуымыз
қажет. Міне осы кезде әрбір казақстандык мемлекетіміздің дамуын бір қадам
болса да алға жылжытады. Статистикалық мәліметтер кӛрсеткендей, елдегі
жалпы инновациялық кӛрсеткіштердің тӛмен болуы ол инновацияға
байланысты қабылданған бағдарламалар мен стратегиялардың ӛз деңгейінде
жүзеге асырылып жатпағанын аңғартады. Сондықтан инновациялық
потенциалды кӛтеру үшін алдымен бағдарлама мақсаттарын дұрыс анықтау,
кадрлар құрамын жетілдіру және кәсіпорындағы инновацияны басқару
механизмдерін жетілдіруді қолға алу керек.
Әдебиет:
1.
Е.
Әмірбекұлы,
«Қазақстан
Республикасындағы
ұлттық
инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі»,
Алматы, 2011
2.
Анализ современного состояния экономики и обоснование
необходимости инновационного развития РК //
www.innovation.com
3.
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі.
Достарыңызбен бөлісу: |