Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)



жүктеу 1,79 Mb.
бет5/8
Дата14.05.2018
өлшемі1,79 Mb.
#12450
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Анатомиялық дәлел


Гомологиялық мүшелерге мысал: сыртқы түрі ұқсас болғанымен, атқаратын қызметтері әр түрлі

Анатомиялық дәлелдер жеке мүшелер, сондай-ақ тұтас ағзаны салыстырып, қатарлап орналастыруға негізделген. Атап айтқанда алғашқы эволюциялық теория пайда болғанға дейін трансформистер (Сент Илер) дәлелдеудің осы тобын негізге алған. Мүшелердің құрылысын зерттеп, олардың күрделенуін қадағалап байқау Ламаркты эволюциялық идеяға итермеледі. Ламарк жүйке және қантарату жүйесін салыстыра отырып, жануарлар тобында кластан класқа, типтен типке күрделенудің үздіксіз қатарын бақылап жүрді. Бүгінгі күні тірі ағзалардың туыстас топтары біртіндеп күрделене түсетініне тіпті өздерің-ақ қорытынды жасайсыңдар. Бұл ең алдымен жеке мүшелер мен олардың жүйелерінің мүлде жетілуінен көрініс береді. Мәселен, ішекқуыстылардың шашырап таралған жүйке жүйесі жалпақ құрттардың сатылы жүйесіне орын берді. Бұдан соң буылтық құрттарда сатылардың екі жүйке желісі бір құрсақ жүйке тізбегіне бірікті. Ол ұлулар мен буынаяқтыларда орнықты да, ең жоғары жаралымды өкілдерде 2 - 3 бөлімді ми түзді. Желілердің жүйке түтігі одан әрі эволюция жолымен дами берді. Балықтардың бес бөлімді миы қосмекенділерде (әсіресе алдыңғы миы) ірілене түсті. Ақырында құстардың мишығында ирелендер пайда болды. Оның есесіне алдыңғы мидың үлкен сыңарлары ұлғая-ұлғая мидың өзге бөлімдерін жауып қалды. Ал сүтқоректілерде мишығында ғана емес, алдыңғы мида үлкен ми сыңарларында қыртыс түзді. Бунақденеқоректілерде (ең ежелгі және қарапайым қағанақтыларда) ол нашар дамиды. Алайда приматтарда (адам да соларға жатады) ми барынша дами түсті. Осыған ұқсас кез келген өзге мүшелер жүйесінің анатомиялық дәлелін қадағалап бақылауға болады. Бұл үдеріс сүйек жүйесі, каңқа эволюциясын айқын көрнекілейді. Көптеген омыртқалыларда өзгеруге қарағанда сүйек әлдеқайда сирек жойылды немесе пайда болды. Жер бетіндегі желілілердің барлығына дерлігінде аяқ-қолдарында барлығында бар сүйектер сақталып қалған. Алайда олардың құрылысы белгілі қызмет атқаруға бейімделген.


Генетикалық дәлел


Генетикалық дәлелдер хромосомалардың құрылысын, саны мен мөлшерін салыстыруға негізделген. Ағзалардың жақын туыстас топтарында алшақ топтарына қарағанда хромосомалары әлдеқайда көбірек ұқсас болады. Мәселен, астық тұқымдастар түрінің көпшілігінде хромосома саны жеті еселі. Демек, жаңа түрлер полиплоидтар нәтижесінде - хромосома санының еселеп өсуі арқылы түзілген. Бұлай болу үшін мейоз кезінде бөліну шүйдесінің жібі үзіліп, диплоидты гамета қалыптасуы және оның ұрықтануға қатысуы кажет. Адамда және адамтәріздес маймылдарда бар болғаны 2 хромосомаға айырмашылық бар. Адамда - 46, ал горилла мен шимпанзеде 48 хромосома болады. Сонымен бірге хромосомалардың мөлшері мен пішіні ғана емес, реңі де біріне-бірі сай келеді; бұл хромотин төсемінің, яғни ДНҚ-ның біркелкілігін дәлелдейді. Қазіргі заман әдістері едәуір нәзік молекулалық-генетикалық зерттеулер істеуге мүмкіндік береді. Талдауға адам және адамтәріздес маймылдар хромосомасынын, ДНҚ-сы алынады. Бастапқыда сынақтәжірибе аяқталғанда осы молекулаларды ажыратуды тану үшін оларды әр түрлі изотоптармен белгілейді. Бұдан соң ДНҚ ерітіндісін бірге құйып, 80- 90°С температураға дейін қыздырады. Мұндай температура кезінде ДНҚ «балқи» бастайды, яғни ондағы сутектік байланыс үзіледі де екі тізбекті молекулалар бір тізбекті болады. Еселену кезінде жасушада осыған ұқсас үдеріс етеді. Бірақ онда еншілес тізбектер синтезделгенге дейін қысқа мерзімде барлық молекулалар толық ыдырап, жасушаның шағын үлескісі ғана қалады. Бұдан соң температураны физиологиялың қалыпқа дейін (37°С) азайтады. Сөйтіп ДНҚ молекуласы өз құрылымын, яғни қос шиыршықты қалпына келтіре бастайды. Бірін-бірі толықтыру — тиминнің қарсысында аденинцитозин қарсысында гуанин қағидасы бойынша сутектік байланыс түзіледі. Молекулалар өте ұзын, сондықтан едәуір ұзын үлескілерге негіздер жұбының үлкен мөлшері тура келуі қажет. Табиғи қалпына келтіру (ренатурация) соңынан талдау әдісімен маймылдардың және адамның ДНҚ-сын анықтайды. Түзілген қос шиыршықты молекула - ДНҚ - бұдан 82-90% болып шықты, яғни оның бір тізбегі - маймылға, екіншісі адамға тиесі. Олардағы нуклеотидтер реті едәуір тура келеді. Бұл генетикалық кодтың жақындығын, сондай-ақ сәйкестігін, туыстығын дәлелдейді. ДНҚ молекулаларын және нәруыздарды талдауға негізделген тағы да көптеген қазіргі әдістер бар. Ғалымдар солардың көмегімен тірі ағзалар арасындағы туыстық деңгейді жоғары дәлдікте анықтай алады. Бұл әдістердің дәлме-дәлдігі соншалық эволюциялық теорияны қолдау үшін ғана емес, туыстықты анықтау үшін де, сондай-ақ қылмыстылықты анықтап, зерттейтін бөлімде де (криминалистика) қолданылады.

[өңдеу]Биохимиялық дәлел

Екі хромосома бірігуінен кейін айтарлықтай із қалады:теломерлер(қызыл түспен берілген) және центромерлер(көк)



Биохимиялық дәлелдер молекулалық-генетикалық дәлелдерден кейінірек пайда болды. Бұл да сол қағидаларга негізделген, алайда мұнда негізінен жұмыс нәруыздардың аминқышқылды  құрамымен жүргізіледі. Белгілі нәруыздардың әр алуан түрлеріндегі аминқышқылдардың реті айқындалады, сондай-ақ олардың ұқсастық дәрежесі бойынша туыстық дәрежесі туралы пікірлер айтылады. Әр алуан химиялық препараттардың реакцияларын зерттеу де осыған жатады. Жаңа дәрі- дәрмектерді сынау алдымен шимпанзеге жасалады, өйткені жануарлардың бұл түрі биохимиялық тұрғыдан адамға жақын. Бұдан басқа адам және адамтәріздес маймылдардың қан тобы ортақ. Биохимиялық тұрғыдан жақын әр алуан түрлер дарақтарына ұлпалары мен мүшелерін ауыстырып отырғызуға болады. Мәселен, сусамырмен (диабет) ауырған науқас тек адам инсулинін ғана емес, шошқанікі де пайдаланылады. Шұғыл жағдайларда адамға уақытша шошқа да бауыр доноры бола алады. Осының барлығы жақын туыстас топ ағзаларындағы биохимиялық үдерістердін, ортақтығын дәлелдейді және генетикалық ақпарат ұқсастығының салдары болып табылады. Ғалымдар биохимиялық эволюция карқыны, бір нақтылы нәруыздың өзгерісі едәуір тұрақтылығын анықтады. Осы деректерді пайдаланып, қандай да бір түрдің қашан пайда болғанын, яғни бастапқыдан дивергенциясын (айырылысуын) анықтауға болады. Алайда биологиялық эволюциялық қарқын биологиялық қарқыннан артта қалады. Сөйтіп биохимиялық жақын түрлердің маңызды морфологиялық және физиологиялық айырмашылығы болуы мүмкін.

Қалдықтар мен арғы тектік белгілер


Жирафтағы қайтымды көмей жүйкесінің сызбасы

Қалдықтар (рудимент) мен арғы тектік белгілердің (атавизм) эволюциялық дәлел екені. Алыс ата тектеріне тән болған мүшелер қалдықтар (рудимент) деп аталады. Олар өз мәнін жойғанмен де түр бойында сақталып қалады.Киттектестердің жамбас сүйектері қалдықка мысал бола алады. Сулы ортада өмір сүруге көшуіне байланысты киттердің артқы аяғы өзгеріп (жойылып), өз міндетін жойғанына қарамастан, жамбас сүйектері сақталып қалды. Адамда да қалдықтар көп. Бүкіл адам денесіндегі (табанда, еріннің қызыл көмкермесі және алақаннан басқа) түк баданасы; омыртқа жотасының құйрық бөлігіндегі қалдық - құйымшақ; түктерді тікерейтуге қатысатын бұлшықеттер; құлақ қалқанын қимылдататын бұлшықеттер қалдықтарға жатады. Барлық қалдықтардың саны 200-ге дейін жетеді. Бұл мүшелер өмір бойы, әдетте, пайдаланылмайды, алайда біздің ата тектерімізің генінде болып, дамығандықтан, сақталып қалады.

Арғы тектік белгілер (атавизм) - бұл алыс ата тектерге тән белгілердің жеке дарақтарда пайда болуы. Мәселен, нәрестенің құйрықты болып, қосымша бездері (көпемізікті) немесе бүкіл денесін түк басып тууылуы мүмкін. Олардың пайда болуы біздің хромосомаларымызда адамтектес маймылдарға қарағанда алысырақ ата тектерің гендері бар екенін дәлелдейді. Ерекше жағдайларда бұл көне гендер «іске қосылып», арғы тектік белгілердің пайда болуына мүмкіндік береді. Бұл бағытта барлық дамыған елдерде зерттеулер жүргізілуде, әзірге мұндай құбылыстың ұрықтық сатыда өтетіні ғана мәлім. Ересек адамдар да, нәрестеде де құйрық «өсе» алмайды. Ол тумысынан не бар, не жоқ болуы тиіс. Арғы тектік белгілердің болуы зерделілікке, қабілеттілікке және мінезге ықпалын тигізбейді. Бұл адамдар айналадағылардың ұқыпты және биязы қатынаста болуын қажет етеді. Мұндай жағдайлардың әрқайсымызда кездесуі мүмкін. Біз үнемі еркіміз бен санамызга тәуелсіз пайда болуы мүмкін ежелгі көне гендерді сақтаудамыз. Алайда тек қоғамдағы өзіміз таңдап алған мінез-құлықтың өзіндік жолы ғана бізге тәуелді. Сонымен, Қазақстанның жас азаматтары әрқашан өзін өркениетті адамдарша, осы атаққа шынайы лайықты болуын қалар едік.
4. Ч.Дарвин ілімінің негізгі қағидалары

Тұқымқуалау өзгергіштігі – эволюциялық процесінің негізі. Тіршілік үшін күрес – эволюцияның негізгі факторы. Түраралық күрес. Түр ішілік күрес. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес. Тұқымқуалау өзгергіштігі мен тіршілік үшін күрестің нәтижесі – табиғи сұрыптау.



Чарлз Дарвин ілімінің шығу себептері. XVIII ғасырдың соңында Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етті. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дами бастады. Жануарлардың колтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару үшін селекциялық жұмыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Ірі қара, жылқы, шошқа, кой, ит, кептерлердің жаңа қолтұқымдары шығарылды. Жеміс-жидек, бақша өсімдіктерінің жаңа іріктемелері алынды. XIX ғасырда жаратылыстану саласында геология, физика, химия ғылымдары көптеген жетістіктерге жетті.

Ч.Дарвин ілімінің шығуы және оның алғышарттары. Ч.Дарвин ілімінің шығуына, негізінен, әлеуметтік жағдайлар және түрлі ғылым салаларының жетістіктері себеп болды. Әлеуметтік-экономикалық алғышарттары:

1) XVIII ғ. Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етуі;

2) өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы;

3) XVIII ғасырдың соңында өнеркәсіптің машина өндірісіне ауыстырылуы;

4) қолтұқымдар мен іріктемелер шығару үшін шаруашылықта селекциялық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі;

5) Англияда ірі қара, жылқы, шошқа, кой, ит, кептерлердің қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктердің іріктемелерінің шығарылуы.


жүктеу 1,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау