6-тақырып. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту
Жоспар:
1. Көркем шығарманың тектері мен түрлері.
1. Көркем шығарманың тектері мен түрлері жөніндегі мәліметтер. Бұл мәселе туралы ежелгі заманнан бастап, қазіргі күнге дейінгі ой-пікірлер. Көркем шығарманың бастапқы топтастырушылары. Аристотель, әл-Фараби, Платон және бертінгі кездегі В.Г.Белинский, Г.Лессинг, Л.Тимофеев, Н.Гуляев т.б. еңбектері. А.Байтұрсынов, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов сынды қазақ әдебиетінің көрнекті зерттеушілерінің ой-тұжырымдары. Шағын көлемді, орта көлемді, кең көлемді – эпикалық шығармаларды талдауға,құрылысын, баяндау жолдарын танытуға қойылатын талаптар. Олардың көркемдік, тәрбиелік сипаттарын ашу амалдары.
Әдеби жанр (французша – тек, түр) термин ретінде шартты түрде екі мағынада қолданылады. 1) әдебиеттердің қалыптасқан тектері – эпос, лирика, драма; 2) әдеби туындылардың түрлері – әңгіме, повесть, роман, поэма, комедия т.б. Жанр – даму үстіндегі құбылыс. Дәстүрлі түрде алғанда әдеби тек үшке жіктеледі: эпос – болмысты белгілі бір уақыт пен кеңістік асында, оқиғалар шеңберінде, сюжеттік желі негізінде суреттейді. Лирика – адамның ішкі сезім күйін, әртүрлі эмоционалдық жағдайын бейнелейді. Драма – кейіпкерлердің тікелей қатысуымен олардың арасындағы тартыс, қақтығыстарды әлеуметтік-психологиялық сипатта беруімен ерекшеленеді.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.
7-тақырып. Эпикалық шығармаларды оқытудың өзіндік сипаттары
Жоспар:
Эпикалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері
1. Шағын көлемді, орта көлемді, кең көлемді эпикалық шығармаларды талдауға, құрылысын, баяндау жолдарын танытуға қойылатын талаптар. Олардың көркемдік, тәрбиелік сипаттарын ашу амалдары.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.
8-тақырып. Драмалық шығармалардың оқытылуы
Жоспар:
1. Драмалық шығармаларды оқытудың ерекшеліктері
1. Драмалық шығармалар және олардың жазылу мәнері туралы мағлұматтар. Драмалық шығармалардың көркем қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазыла беретіндігі. Жазылу, сахнада орындалу заңдылықтары. Драматург - режиссер - әртіс схемасына түсінік. Орындалатын орны – театр, сахна. Драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Оқушылар қызығушылығын арттыру жолдары.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.
9-тақырып. Лирикалық шығармаларды оқыту
Жоспар:
1. Лирикалық шығармаларды оқытудың ерекшеліктері
1. Лирикалық шығармалардың адамның көңіл-күйіне, темпераментіне, білім-білік деңгейіне, мінез-құлқына тікелей баланысты екендігі. Лириканың эпос пен драмалық шығармалардан айырмашылығы. Лириканың түрлері, мысалдары. Мәнерлеп, мақамдап оқып-үйрену тәсілдері, мұғалімнің жетекшілік рөлі. Лирикалық шығармаларда автордың, ақынның бірінші орында тұратындығы, мысалдары. V-XI сынып оқулықтарындағы лирикалық өлең түрлері мен ғылыми талдамасы.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.
10-тақырып. Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары
Жоспар:
1. Жұмыс жоспарларының түрлері
1. Жалпы білім беретін орта мектептердің жылдық немесе жарты жылдық оқу жоспарларының болатындығы. Орта білім беретін оқу орындарының жұмыс жасау ырғағына сай, әдебиет пәні мұғалімінің де өзіндік қызмет тәртібі, іс жоспарларының жасалатындығы. Оның әдебиет пәні мұғалімінің білім-білік қорына, жоғарғы оқу орындарында жүріп, бойына сіңірген педагогтік тжірибе-дағдыларына, этикалық-эстетикалық таным-түйсіктеріне тікелей қатыстылығы. 1) күнтізбелік (календарлық)–тақырыптық жоспар түзілісі, не себепті қажеттілігі, бағдардың рөлі. Оның V-XI сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына сай жасалатындығы. Сабақ кестесіне сай, тақырыптың өтілетін күні, уақытының көрсетілетіні, көрнекілік, техникалық құралдар түрі аталатыны. 2) Сабақтық жоспар, оның күнтізбелік жоспар негізінде жасалатыны. Сабақтық жоспарлардың керек болу себебі, атқаратын рөлі, тармақтары мен бөлімдері. Мұғалімнің творчестволық қасиеттерінің, талант-қабілеттерінің көрінетіндігі.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.
11-тақырып. Қосымша оқуға ұсынылатын шығармалар мен шетел әдебиеті. Әдеби жазу жұмыстары және оның түрлері
Жоспар:
Шетел әдебиетін оқыту
Жазбаша жұмыс түрлері
1. 5-11 сынып оқушыларына қосымша оқуға ұсынылатын көркем шығармалардың сипаттамасы. Шет елдер әдебиетінің озық түрлерін оқыту керектігі. Қоғамдық орта жүйесі, әркелкілігі, адамдар мінез-құлық ерекшеліктері жөнінде жан-жақты мағлұматтар алудағы әдеби көркем шығарманың дереккөздік, тәлімдік ролі, образдың оқушылар ой-санасына шақ, лайықты болатындығы, мысалдары.
1.1. Француз әдебиетін оқыту. Бальзактың «Шегірен былғары» шығармасын слайд-шоу көрсету.
1.2. Ағылшын әдебиетін оқыту. Шекспирдің «Ромео-Джульетта», «Отелло», «Гамлет» пьесаларының сабақ жоспарларымен таныстыру (әр студентке үлестірмелі материал ретінде беріледі).
2. Оқушылардың ауызша және жазбаша әдеби тілін дамыту, жетілдірудің қажеттілігі, маңыздылығы. Жазбаша сөз, хат-хабар қатынастары мәдениеті. Жазбаша жұмыс түрлері. Мазмұндама жаздыру, оның сөз көлемі. Әдеби шығарма жаздыру түрлері, тақырыптары, көлемі және бағалау. Мақала жазудың үлгісі. Рецензия жазу.
Шығарма талабы мен міндеті туралы слайд-шоу көрсету.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.
12-тақырып. Әдебиет пәні кабинеті
Жоспар:
Әдебиет пәні кабинетінің маңызы
Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны. Орта мектептер жүйесіндегі оқу-көмекшілік ұялар: мектеп кітапханасы мен салалық оқу кабинеттері, олардың өзара қарым-атынасы, іскерлік байланыстары. Баршасының оқу-тәрбие ісіне жауаптылығы. 1) Әдебиет кабинеті атқаратын міндеттер: ең алдымен оқу бағдарламаларында талған көркем шығармалар мәтіндері, әдеби-сын және тарихи-әдеби материалдары, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, көрнекілік техникалық жабдықтар, компьютерлер, телевизор, аудио-видео таспалар, кинокамераларды жинастырып сақтайды. 2) Қазақ және көрнекті әлем ақын-жазушыларының белгілі көркем шығармалар жинақтары, томдары, портрет-суреттері кабинеттің кітап сөрелерінде тұратындығы, қабырғаларына ілініп қойылатындығы. Әдебиет пәніне қажетті алуан түрлі энциклопедиялар анықтағыштар, туған ел тарихына, мәдениетіне қатысты еңбектер, альбомдар т.б. Әдебиет кабинетінің меңгерушісі, лаборанты атқаратын жұмыстары мен міндеттері.
7 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Кіріспе
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты мен міндеті.
2. Әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны.
Тапсырмалар:
Пәннің мақсаты мен міндеттерін;
Әдебиетті оқыту әдістемесінің өзіне тән ерекшелігі, қарастыратын мәселелері;
Бүгінде білім берудегі жаңа бетбұрыс, негізгі талаптар қандай?
4. Басқа ғылымдармен байланысын, тіл біліміне тікелей байланысы жайында мысалдар арқылы дәлелдеп көрсет.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.
2-тақырып. Қазақ әдебиетін оқыту тарихы
Жоспар:
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы.
Тапсырмалар:
1. ХІХ ғасырдағы қазақ зиялыларының жаңаша білім алу қажеттігі жөніндегі Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың ой-толғаныстары.
2. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының әдебиетті оқытудағы маңызы. Оқулықтың мазмұны мен құрылымы.
3. Мектепте қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің даму кезеңдері.
4. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасып дамуындағы педагогикалық оқулар мен ғылыми-тәжірибелік конференциялардың рөлі қандай?
3-тақырып. Әдебиет пәнінің қазіргі оқытылу ерекшеліктері.
Жоспар:
1. Тәуелсіздік жылдарында білім беру жүйелеріндегі атқарылған іргелі жұмыстар.
2. Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар мен құндылықтар, әдеби білім берудегі модульдік жүйе, өзіндік ерекшеліктері, әдебиетті оқытудың жаңа технологиялар жүйесі.
3. Әлем әдебиеті үлгілерінен іріктеліп алынған туындылар табиғаты.
Тапсырмалар:
«Қазақ орта мектептеріндегі білім мазмұнының тұжырымдамасы» (1991 ж.), оның мазмұн-мәні, ғылыми методикалық негіздері. «Әдеби білім тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты (Алматы,1998). «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы (Астана, 2003)». Бұлардағы әдеби білім беру құрылымындағы өзгерістерді талқылау.
2. Қазақ әдебиеті пәнінің алғашқы бағдарламаға дейінгі оқытылу жайы (алғашқы оқулықтар) қандай дәрежеде болды (1879-1930)?
3. ХХ ғ. алғашқы жартысындағы жаңа әдістемелік бағыттарға шолу жаса.
4-тақырып. Әдеби базалық білім аймағы. Жоғары сыныптардағы тарихи-әдеби оқу курсы.
Жоспар:
Қазақ әдебиетін оқытуға енгізілетін шығармалар көлемі мен түрі.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-22 беттер; [2], 1-47 беттер.
Тапсырмалар:
1. Ертегілерді оқыту ерекшелігі. «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Қырық өтірік», «Аяз би», «Сырттандар» ертегілерін оқыту (5-сынып, 15 сағат бөлінген).
2. Әңгімелерді оқыту ерекшелігі. Ы.Алтынсариннің «Өзен», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелерін оқыту (5-сынып, 2 сағат бөлінген).
3. Батырлар жырын оқыту ерекшелігі. «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» жырларын оқыту (6-сынып, 6 сағат бөлінген).
4. Бағдарламамен жұмыс (Астана, 2010). 5-сыныптарда мынадай әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту керек: мысал туралы. Өлең құрылысы. Өлең тілі туралы мәлімет. Пейзаждық лирика туралы ұғымды дамыту. Өлең құрылысы (өлеңдегі буын, бунақ, тармақ, шумақ, ұйқас). Эпитет туралы ұғым. Кейіптеу туралы. Портрет туралы ұғымды дамыту. Суреттеу, баяндау, сипаттау. Кейіпкер мінездемесі. Шығарманың тілі, портретттік, мінездемелік суреттер. Эпитет, теңеу, метафора туралы, өлең ұйқасы, пафосы ұғымдарын тереңдету. Лиризм, ақындық тіл. Әдебиеттің тегі мен жанрлары.
6-сыныпта мынадай әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту керек: Риторикалық сұраулы сөйлем. Қара сөз туралы мәлімет. Лирикалық қаһарман туралы түсініктерін дамыту. Метафоралық шендестірулер. Дамыта суреттеу. Типтік образ туралы. Баллада туралы ұғым. Тақырып, идея туралы. Деректі шығармалар туралы түсінік. Қара өлең ұйқасы туралы түсінік. Сюжет туралы. Фантастикалық шығармалардың табиғаты туралы алғашқы ұғым. Композиция туралы түсініктерін кеңейту. Жыршы туралы ұғым.
7-сыныпта мынадай әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту керек: лиро-эпостық жыр. Антитеза. Ирония, сатира туралы. Пейзаж. Романтикалық образ. Тарихи роман. Повесть, аллегория, юмор туралы түсінік.
8-сыныпта мынадай әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту керек: сопылық поэзия, ассонанс, аллитерация, толғау, кейіпкер туралы, гипербола, миф, роман, поэма, психологиялық параллелизм, драма, рубаилар туралы түсінік.
9-сыныпта мынадай әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту керек: айтыс туралы, жыр, толғау, терме, жыршы, дидактикалық өлеңдер, философиялық лирика, азаматтық лирика, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетініңбайланысы, типтік бейне, лирикалық кейіпкер,сыншыл реализм, роман-эпопея, ішкі монолог, тарихи роман, тарихи поэма, мотив, өмір және көркемдік шындық.
10-сыныпта мынадай әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту керек: мынадай әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту керек: әдебиеттің қоғам өміріндегі маңызы, әдебиеттің халықтығы туралы, дастан, кейіптеу ұғымын тереңдету, аударма шығармалар ұғымы.
11-сыныпта мынадай әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту керек: әдебиеттің тегі мен түрлері, әдеби бағыттар, көркем әдебиет туралы, реалистік образ, әдебиеттегі романтика, символ, әдебиеттің жанры мен стилі, тақырып пен идея, сарказм, ирония, әдебиеттегі тарнихи тұлғалар, әдебиеттегі психологизм, роман, эпикалық жанр туралы ойды жинақтау.
5-11 сыныптарда оқытылатын әдеби теориялық ұғымдарды қалай меңгертесіңдер? Меңгерту амалдарын көрсетіңдер.
5. Жоғарыда көрсетілген бағдарламадан 5-11 сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптарды конспектілеңіз.
5-тақырып. Әдебиет пәнінің оқыту әдіс-тәсілдері
Жоспар:
1. Әдебиет пәнін оқыту амалдарын қарастырған әдіскер ғалымдар.
2. Оқытудың әдіс-тәсілдері.
Тапсырмалар:
1. В.В. Голубков «әдебиетті оқыту әдістемесі» еңбегінде (1962 ж.) қандай әдістерді тиімді деп көрсетті?
2. «Алаш Орда» қайраткерлерінің оқу-ағарту саласындағы ой-пікірлерін жинақтап көрсетіңдер.
3. Әдебиетті оқытудағы қолданылатын негізгі әдіс-амалдар қандай? (мысал келтіріңдер).
4. Қазақ әдебиетінің оқу-әдістемелік ғылым ретінде қалыптасуына шолу жасай отырып, бүгінгі өмір талабына сай оқыту мәселлерінің өзіндік бағыт-бағдарын, ерекшеліктерін анықтаңдар.
5. Қазақ әдебиетін оқытудағы инновациялық технологияларды қолданудың жолдарын көрсет.
6. Дәстүрлі оқыту үлгісі мен жаңаша оқыту үлгісіне салыстырмалы сипаттама бер.
7. Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, сабақ жоспарын/үлгісін жаса.
8. «Абайдың қара сөздері» деген тақырыпқа дамытушы жаттығуларды жаса/құрастыр.
9. Деңгейлік тапсырмалардың әдеби мәтіндерді меңгертуге мысалдар келтір.
10. М.Мағауиннің «Тазының өлімі»романына (11-сынып, 2 сағат бөлінген) деңгейлік оқыту технологиясы бойынша деңгейлік тапсырмалардың үлгісін жаса (слайд-шоу көрсету, сабақ өткізу.)
11. Оқушылардың ой-өрісін дамытуда проблемалық оқытудың ерекшелігі қандай?
12. Шығармашылық, танымдық, эстетикалық қабілеттерді қалыптастырудағы дамыта оқытудың рөлін көрсет.
13. Оқытудың жаңа технологияларының түрлерін топтап көрсет, тиімділігі туралы мысалдармен дәлелде.
14. Әдебиетті модуль арқылы оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай?
15. Қазақ әдебиеті пәні бойынша оқу модульдарын (9-сынып) құрастыр, яғни бірнеше блокка жікте (сабақты слайд-шоу арқылы көрсету).
16. Модульдік бағдарламаға әдеби жаттығулар жүйесін жаса (сабақты слайд-шоу арқылы көрсету.
17. Жоғары белсендікті дамыту әдістемесін (интерактивті) сабақта қалай қолдануға болады?
18. Бейнеқұралдарды сабақта қалай пайдаланысыңдар? Компьютермен жұмыс істеу, электрондық құралдары пайдаланудың тиімділігін дәлелде, видео таспаны әдебиет сабағында қалай пайдаланасыңдар?
6-тақырып. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту
Жоспар:
1. Көркем шығарманың тектері мен түрлері.
Тапсырмалар:
1. Көркем шығарманың тектері мен түрлері туралы, оларды оқытудың тиімділігі жөнінде конспекті жазыңыз.
7-тақырып. Эпикалық шығармаларды оқытудың өзіндік сипаттары
Жоспар:
Эпикалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері
Тапсырмалар:
Әңгіме жанрының өзіне тән ерекшелігін ашып, мысалдармен дәйекте. Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімелеріне, Ғ.Мүсіреповтің «Ашынған ана», «Ана кесімі айнымайды» әңгімелеріне мәтіндік жоспар құрып, талдау жаса (сабақ жоспарларын құрастыр).
Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесінен Шұға, Әбдірахман, Қасымжан бейнелерін даралап, мінездеме бер. Мәтіннен адам портретін беретін, табиғат көрінісін бейнелейтін тұстарын тауып, талдау жаса.
С.Мұқановтың «Өмір мектебі» романындағы бала Сәбиттің бейнесіне талдау жаса.
Мемуар, ғұмырнамалық шығарма, деректілік, түптұлға ұғымдарының мәнін аш.
5. С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» дастаны мен М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» дастанын салыстыр. Екі дастанды салыстыра отырып оқыту. (Негіз: Қ.П.Жүсіптің «Әдебиетті оқыту мәселелері». Павлодар, 2011 ж). Сабақ жоспарын жаса. (слайд-шоу көрсет).
8-тақырып. Драмалық шығармалардың оқытылуы
Жоспар:
Драмалық шығармаларды оқытудың ерекшеліктері
Тапсырмалар:
1. Драмалық шығармалардың ерекшелігін (тақырып, кейіпкер бейнесі, тартыс сипаты) дәлелдеңіз.
2. Шағын пьеса, инсценировка, драма тілі мәселесіне талдау жасаңыз.
3. Қ.Мұхамедхановтың «Майданнан майданға» пьесасын оқыту. (Негіз: Қ.Мұхамедханов. Көп томдық шығармалар жинағы. 7 том. Пьесалар. Өлеңдер. Алматы, 2009 ж. 5-б). Сабақ жоспарын жаса).
9-тақырып. Лирикалық шығармаларды оқыту
Жоспар:
Лирикалық шығармаларды оқытудың ерекшеліктері
Тапсырмалар:
А.Құнанбаевтың «Қыс», «Күз», «Қараңғы түнде тау қалғып», М.Жұмабаевтың «Толқын», Қ.Аманжоловтың «Дауыл» өлеңдеріне көркемдік жағынан талдау жасаңыз.
Лириканы оқытуда қандай мәселелер ескеріледі?
Әдіскер ғалым Қ.П.Жүсіптің «Әдебиетті оқыту мәселелері» (Павлодар, 2011 ж.) еңбегінен «Лирикалық шығарманы оқыту ерекшелігі» (22-б.) мақаласын конспектілеу.
М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанын оқыту. (Негіз: Қ.П.Жүсіптің «Әдебиетті оқыту мәселелері». Павлодар, 2011 ж). Сабақ жоспарын жаса. (слайд-шоу көрсет).
10-тақырып. Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары
Жоспар:
1. Жұмыс жоспарларының түрлері
Тапсырмалар:
1. Мектептегі оқу үдерісінде күнтізбелік, тақырыптық, сабақ жоспарлары қалай жүзеге асырылады?
2. Факультатив курсының жұмыс жоспарын жаса. (Курстың атауы: «Қазақ халық ертегілеріндегі ұлттық дәстүр»). Жұмыс жоспарына тақырыптық жоспарды енгізіп, бағдарлама жаса.
3. 10-сыныпқа арналған оқу бағдарламасы (Астана, 2010) негізінде күнтізбелік жоспар жаса (56 сағат бөлінген).
4. С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасын оқыту. Сабақ жоспарын жаса (Қ.П.Жүсіптің әдісін негізге алу).
11-тақырып. Қосымша оқуға ұсынылатын шығармалар мен шетел әдебиеті. Әдеби жазу жұмыстары және оның түрлері
Жоспар:
Шетел әдебиетін оқыту
Жазбаша жұмыс түрлері
Тапсырмалар:
А.С. Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін (5-сынып, 3 сағат) оқыту.
Ертегіні компьютер арқылы әдеби мәтіндерді меңгерту технологиясы арқылы оқыту.
2. Шыңғыс Айтматовтың «Найман ана» шығармасын (8-сынып, 1 сағат) оқыту.
Шығарманы деңгейлік оқыту технологиясы арқылы оқыту.
Шығарма жазуға үйрету. Шығарма түрлері. (Топқа шығарма жаздырту. Бағалау).
Мазмұндама жазуға үйрету. (Слайд-шоу көрсету).
Газет-журналдан немесе конференция материалдары жинақтарынан бір мақала алып, соған рецензия (пікір) жазу. (А-4 форматында Times New Roman, 14 шрифтпен терілген).
12-тақырып. Әдебиет пәні кабинеті
Жоспар:
Әдебиет пәні кабинетінің маңызы
Тапсырмалар:
Әдебиет пәні кабинетінің макетін жаса.
Әдебиет пәні кабинетінің төлқұжатын жаса.
Мұғалім ретінде әдебиет пәні кабинетін қалай жасар едің? Слайд-шоу арқылы көрсет.
8 СӨЖ тапсырмалары
Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар
Әдебиеттен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар
Тақырып бойынша тапсырмалар:
Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудағы пән мұғалімінің рөлі (аралас конспект)
Сыныптан тыс оқуға басшылық жасауда сынып жетекшісінің рөлі (баяндама)
Кітапхана және сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру (күрделі конспект)
Оқушыны ізденту мәселелері
Тақырып бойынша тапсырмалар:
1. Қ.П. Жүсіптің «Оқушы ізденсін десеңіз» (174-185 бб;), «Оқушыны ізденту мәселелері» (192-206 бб.) мақалалары бойынша эссе жазу (Негіз: Қ.П.Жүсіптің «Әдебиетті оқыту мәселелері». Павлодар, 2011 ж.
3. Инновациялық оқыту технологиясының түрлері
Тақырып бойынша тапсырмалар:
1. Қарқынды күшейте (интенсивті) оқыту технологиясы (онлайн-дәріс сабақ жасап, өткізіңіз).
2. Топтық/ұжымдық оқыту технологиясы (пресс-конференция сабағын ұйымдастырыңыз).
3. Іскерлік ойын технологиясы (сот сабағын өткізіңіз)
4. Витагенді технология (брифинг сабақ өткізіңіз)
5. Шешендік сөздерді оқыту (сабақты кейс-стади әдісін қолдану арқылы өткізіңіз).
4. Озық педагогикалық тәжірибені үйрену (пікірталас сабағын ұйымдастырыңыз. Тақырыбы: «Қазіргі озық педагогикалық тәжірибе бізге не береді және оның перспективалары»).
5. «Болашақ мамандардың кәсіби біліктілік дағдыларын қалай қалыптастыру керек?» деген тақырып бойынша ойтолғау/эссе жазыңыз.
6. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 2003, 26 желтоқсан. Тұжырымдаманы талқылау. Дөңгелек үстел ұйымдастырыңыз.
9 Реферат тақырыптары.
1. 10-11 сыныптарда әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқыту (бағдарлама бойынша)
2. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
3. Дәстүрлі білім беру мен өнімді (продуктивті) білім берудің басты ерекшеліктері, айырмашылықтары
4. Ұжымдық оқыту технологиясының тиімділігі
5. Абай өлеңдерін «миға шабуыл» әдісі арқылы оқыту
6. Қазақ әдебиетін креативті оқыту
7. Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы
8. Болашақ педагог мамандардың құзіреттілігін арттыру
10 СОӨЖ кеңестерінің кестесі
№
|
Сабақ түрлері
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1.
|
Дәріс бойынша кеңестер
|
|
10.00
11.00
|
|
|
|
|
2.
|
Тәжірибелік сабақтар бойынша кеңестер
|
|
|
|
|
11.00
12.00
|
|
3.
|
СӨЖ бойынша кеңестер
|
11.00
12.00
|
|
|
|
|
|
4.
|
Реферат бойынша кеңестер
|
|
|
|
|
|
10.00
11.00
|
5.
|
Тест сұрақтары бойынша кеңестер
|
|
|
|
|
|
11.00
12.00
|
11 Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мазмұны, мақсаты, тақырыбы
|
Қолданы-латын әдебиет
|
Орындалу ұзақтығы
|
Бақылау түрі
|
Бақылауды тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Аралас конспект
|
Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудағы пән мұғалімінің рөлі
|
|
1 апта
|
Аралас коспект жазу
|
1-апта
|
2
|
Баяндама
|
Сыныптан тыс оқуға басшылық жасауда сынып жетекшісінің рөлі
|
|
1 апта
|
Баяндама жазып, қорғау
|
2-апта
|
3
|
Конспект
(күрделі түрі)
|
Кітапхана және сыныптан тыс оқуды
ұйымдастыру
|
|
1 апта
|
Күрделі конспект жазу
|
3-апта
|
4
|
Эссе
|
Қ.П. Жүсіптің «Оқушы ізденсін десеңіз», «Оқушыны ізденту мәселелері» мақалалары
|
|
1 апта
|
Эссе жазып, қорғау
|
4-апта
|
5
|
Онлайн-дәріс сабақ
|
Қарқынды күшейте (интенсивті) оқыту технологиясы
|
|
1 апта
|
Сабақ өткізу
|
5-апта
|
6
|
Пресс-конференция сабағы
|
Топтық/ұжымдық оқыту технологиясы
|
|
1 апта
|
Сабақ өткізу
|
6-апта
|
7
|
Сот сабағы
|
Іскерлік ойын техноло-гиясы
|
|
1 апта
|
Сабақ өткізу
|
7-апта
|
8
|
Брифинг сабақ
|
Витагенді технология
|
|
1 апта
|
Сабақ өткізу
|
8-апта
|
9
|
Кейс-стади әдісі
|
Шешендік сөздерді оқыту
|
|
1 апта
|
Сабақ өткізу
|
9-апта
|
10
|
Пікірталас сабағы
|
«Қазіргі озық педагоги-калық тәжірибе бізге не береді және оның перспективалары»
|
|
1 апта
|
Сабақ өткізу
|
10-апта
|
11
|
Эссе
|
«Болашақ мамандардың кәсіби біліктілік дағды-ларын қалай қалыптас-тыру керек?»
|
|
1 апта
|
Эссе жазып, қорғау
|
11-апта
|
12
|
Дөңгелек үстел
(жүргізу-ші)
|
Қазақстан Республика-сының 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы
|
|
1 апта
|
Дөңгелек үстелдің сценар-ийін жазу
|
12-апта
|
13
|
Реферат
|
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
|
|
1 апта
|
Реферат жазып, қорғау
|
13-апта
|
14
|
Реферат
|
Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы
|
|
1 апта
|
Реферат жазып, қорғау
|
14-апта
|
15
|
Реферат
|
Қазақ әдебиетін креативті оқыту
|
|
1 апта
|
Реферат жазып, қорғау
|
15-апта
|
12 Курс саясаты
Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Студент аудиториялық сабақтарға, міндетті түрде дәріс сабақтарына, тәжірибешілік сабақтарға қатысып, кешікпей, берілген тапсырмаларды уақытында орындауы керек, сондай-ақ ішкі ережелерді сақтап, өздеріне тиісті жүктелген міндетті дұрыс атқаруы керек. Сабақты босатқан жағдайда деканаттың шешімімен босатқан сабақты қайта толықтырады. Сабаққа екі рет кешігу – бір рет босату болып есептеледі. Сабақты екі реттен артық босатса, оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқығы бар.
Студентке берілген тапсырманы уақытында тапсыру керек. Емтихан сессиясына үш күн қалған кезде тапсыру ең кеш тапсыру болып саналады. Берілген тапсырманы және курстық жұмысты тапсырмаған студенттер емтиханға кіре алмайды.
Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы балл 100 б. қойылады.
Студенттердің білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:
сабақты босату (себепсіз);
тапсырмаларды уақытымен орындамау;
тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни, студент материалды толық меңгермеген жағдайда.
Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады.
13 Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А. 2009
Әуезов М. Абай Құнанбаев. А. 2009
Қосымша:
Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны. А., 1989
Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А.1995
Әуезов М. Абай Құнанбаев. А. 1995
Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны. А., 1989
Дулатов М. Абай. А., 1991
Жансүгіров І. Бес томдық шығармалар жинағы. А., 1988. 5-том.
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті туралы екі томдық зерттеулер.
Жұбанов Қ. Шығармалар мен естеліктер. А., 1999
А. Құнанбаев шығармаларының 2 томдық жинағы. А., 2002
Қазіргі абайтанудың өзекті мәселелері. А., 2004
Мұқанов С. Таңдамалы шығармалары. 16-том. А., 1980
11. Мұхамедханов Х. Абай мұрагерлері. А., 1995
12. Мырзахметов М. Абайтану. А., 1988
13. Мырзахметов М. Восхождение Мухтара Ауезова к Абаю. А. 1994
14. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. А., 1995
15. Сильченко М. Творческая биография Абая. А.
Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағылымы. А., 1994
Д.Досжан. Абайдың рухы. А., 2008.
Есім Ғ. Абай туралы философиялық трактат. А., 2004.
«Абай мұрасы – тілдік өрістің негізі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдарының жинағы. А., 2005.
Оразбек М. Автор және шығармашылық процесс. А., 2003.
Пәннің еңбек сыйымдылығы
Семестр
|
Кредиттар саны
|
Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны
|
Студенттің өздік жұмысының сағат саны
|
Бақы- лау түрлері
|
барлы-ғы
|
дәріс
|
практика
|
зертха-налық
|
студия-лық
|
жеке
|
барлығы
|
СӨЖ
|
Бар-лығы
|
2
|
90
|
15
|
15
|
-
|
-
|
-
|
60
|
15
|
емтихан
|
Достарыңызбен бөлісу: |