8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:
№
|
ОСӨЖ тапсырмасы
|
Тапсырма түрі
|
Тапсырманың берілуі және орындалу мерзімі
(апта күні мен уақыты)
|
|
Берілген мерзімі
|
Қабылдау мерзімі
|
|
1
|
Ойлау мәдениетінің пайда болуы.
|
Ауызша жұмыс.
|
1 апта
|
Сәрсенбі 15.30-18.30
Бейсенбі 15.30-18.30
|
|
2
|
Философияның пәні мен әдісі.
|
Тест.
|
2 апта
|
Сәрсенбі 15.30-17.30
Бейсенбі 15.30-17.30
|
|
3
|
Сана, рух және тіл
|
Жоба дайындау.
|
3 апта
|
Сәрсенбі 15.30-17.30
Бейсенбі 15.30-17.30
|
|
4
|
Болмыс. Онтология мен метафизика
|
Ауызша жұмыс.
|
4 апта
|
Сәрсенбі 15.30-17.30
Бейсенбі 15.30-17.30
|
|
5
|
Таным және шығармашылық.
|
Пікір – талас.
|
5 апта
|
Сәрсенбі 15.30-17.30
Бейсенбі 15.30-17.30
|
|
6
|
Білім, ғылым, техника және технологиялар.
|
Ауызша сұрау.
|
6апта
|
Сәрсенбі 15.30-17.30
Бейсенбі 15.30-17.30
|
|
7
|
Адам.
|
Презентация.
|
7 апта
|
Сәрсенбі 15.30-17.30
Бейсенбі 15.30-17.30
|
|
8
|
Өмір және өлім. Өмірдің мәні.
|
Дискуссия.
|
8 апта
|
Сәрсенбі 15.30-17.30
Бейсенбі 15.30-17.30
|
|
9
|
Этика. Құндылықтар философиясы.
|
Тест тапсырмасын орындау.
|
9 апта
|
Сәрсенбі 15.30-17.30
Бейсенбі 15.30-17.30
|
|
10
|
Еркіндік философиясы.
|
Пікір – талас.
|
10 апта
|
Сәрсенбі 15.30-17.30
Бейсенбі 15.30-17.30
|
|
11
|
Өнер философиясы.
|
Презентация.
|
11 апта
|
Сәрсенбі 15.30-17.30
Бейсенбі 15.30-17.30
|
|
12
|
Қоғам және мәдениет.
|
Ауызша бақылау.
|
12 апта
|
Сәрсенбі 15.30-17.30
Бейсенбі 15.30-17.30
|
|
13
|
Тарих философиясы.
|
Глоссарий.
|
13 апта
|
Сәрсенбі 15.30-17.30
Бейсенбі 15.30-17.30
|
|
14
|
Дін философиясы.
|
Ауызша бақылау.
|
14 апта
|
Сәрсенбі 15.30-17.30
Бейсенбі 15.30-17.30
|
|
15
|
«Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» - жаңа Қазақстан философиясы.
|
Презентация.
|
15 апта
|
Сәрсенбі 15.30-17.30
Бейсенбі 15.30-17.30
|
|
СӨЖ тапсырмалары
|
СӨЖ тапсырмалары
|
1
|
"Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі" тақырыбы бойынша сараптау жұмысы.
|
Глоссарий.
|
1 апта
|
1 апта
|
|
2
|
"Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу" тақырыбына сараптау жұмысын дайындау. Дерек Джонстонның "Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін" оқулығын қолдану ұсынылады.
|
Талқылау.
|
2 апта
|
2 апта
|
|
3
|
"Қоғамдық сананы модернизациялаудағы сыни ойлау" тақырыбына шығармашылық жоба дайындау. алғашқы деректерді сыни талдау негізінде презентация дайындаңыз (Б. Расселдің "Сыни ойлаудың он қағидасы" еңбегін қолдану ұсынылады).
|
Ауызша жұмыс.
|
3 апта
|
3 апта
|
|
4
|
"М. Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары" тақырыбына шығармашылық жұмыс дайындау.
|
Талқылау.
|
4 апта
|
4 апта
|
|
5
|
Бір ойшылдың (өз таңдауыңыз бойынша) еңбегін мысалға ала отырып, индуктивті және дедуктивті ойлаудың салыстырмалы талдауын жасаңыз.
|
Ауызша баяндау.
|
5 апта
|
5 апта
|
|
6
|
Н.А.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында қазіргі мәдениеттегі ақпараттың рөлін гносеологиялық талдау негізінде "білім-ақпарат" салыстырмалы кестесін жасау.
|
Талқылау.
|
6апта
|
6 апта
|
|
7
|
Абай философиясындағы адам мәселесі бойынша эссе-негіздеме дайындау.
|
Пікірталас.
|
7 апта
|
7 апта
|
|
8
|
Қазақ философиясы бойынша түпнұсқаларды салыстырмалы сараптау және түсіндірме бере отырып оқудың негізінде "Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі тақырыптарының бірі" тақырыбына ғылыми-ізденістік жоба дайындау.
|
Дискуссия.
|
8 апта
|
8 апта
|
|
9
|
"Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары" тақырыбына эссе-пайымдау дайындау.
|
Ауызша талқылау.
|
9 апта
|
9 апта
|
|
10
|
"Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі" тақырыбына шығармашылық жұмыс дайындау.
|
Талқылау.
|
10 апта
|
10 апта
|
|
11
|
"Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі" тақырыбына эссе-пайымдау жазу.
|
Дискуссия.
|
11 апта
|
11 апта
|
|
12
|
"Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы" тақырыбына шығармашылық жұмыс дайындау.
|
Дөңгелек үстел.
|
12 апта
|
12 апта
|
|
13
|
Түпнұсқаларды түсіндірме бере отырып оқу және олардың мазмұнын салыстырмалы талдау негізінде қазіргі заманғы ақпараттық қоғам дамуының негізгі концепцияларына сараптамалық шолу жасау.
|
Коллоквиум.
|
13 апта
|
13 апта
|
|
14
|
Қазіргі жаһандық мәселелерді түсінудегі және шешудегі философияның рөлі" тақырыбына ғылыми-ізденістік жоба дайындау.
|
Ауызша бақылау
|
14 апта
|
14 апта
|
|
15
|
" ...(кәсіби қызмет салалары) өзекті философиялық мәселелері" тақырыбына ғылыми-ізденістік жоба дайындау.
|
Ауызша бақылау
|
15 апта
|
15 апта
|
|
ЕСКЕРТУ! ОСӨЖ сабақ кестесінен тыс бекітілген арнайы кестеге сәйкес, СӨЖ тапсырмаларын орындау пән оқытушысының жеке кестесіне сәйкес анықталады.
9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1. Дәрістер
Тақырып1:Ойлау мәдениетінің пайда болуы
Сағат саны: 2 сағ.
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Ойлау мәдениеті
2.Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері. Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.
Дәріс тезисі:
Дәрістің мақсаты: Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия. Философия – даналыққа құштарлық. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер,көзқарастарды талдау.
Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия. Философия – даналыққа құштарлық. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты. Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты.Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері. Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.Философияның негізгі бөлімдері – онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философияның қысқаша сипаттамалары. Философия және фәлсафа. Фәлсафа дәстүріндегі ғылым мен дін мәселелерін шешу жолдары.Философияның анықтамалары, түрлері мен бағыттарының санқырлылығы және философиялық пайымдау тәсілдерінің әртүрлілігі. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі. Қазіргі Қазақстанның үшінші модернизациясындағы философияның орны.
Ойлау мәдениеті
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым корытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспаддағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері ете кең. Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседу Ойлау мен сөйлеу бірдей,нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой — сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз — ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білім. Ойлау — өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау-сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шещуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері. Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.
Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |