Рухани-жаңғыру Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы



жүктеу 3,64 Mb.
Дата18.03.2022
өлшемі3,64 Mb.
#37869
Рухани-жаңғыру Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы^


Рухани-жаңғыру Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы.

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА)

Казахская головная архитектурно-строительная академия

Жоспар:

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту»

6-Бғыт.

Қорытынды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Рухани жаңғыру – ұлтымыздың ұлт болып ұйысуының, тарихымызды сақтаудың, тұлғаларымызды танытудың, өткенімізді білудің, болашаққабағдардың, келешекке кемел ғибратты із қалдырудың мәйегі болатын бастама. Бұл бүгіннен бастау алмағандығының тарихи куәгері ретінде Алаш зиялыларының «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деп аңсауы ұлт тәуелсіздігі, сана еркіндігі екендігін аңғарамыз. Себебі ХХІ ғасыр қазақ халқы үшін, жаңа дәуірдің, еліміздің өркендеуі үшін жаңа белестің басталған уақыты. Ақпараттар ағыны толассыз жаңарып, жаһандану заманында өзгеніңжетегінде кетпес үшін еліміздің ертеңіне алаңдап, ұлт болашағының жарқын өмір сүруі, сол үшін істеген бүгінгі қызметімізге байланысты.



Кіріспе.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» – ол 2050 жылға

дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру

бағытындағы бірыңғай мақсатымызға жету жолындағы

Қазақстанның саяси, экономикалық және құқықтық

түрленулерінің логикалық жалғасы және өзегі болып

табылатынбағдарламалық мақала. Бұл мақсатқа

бұрынғы сана-сезім мен ойлау үлгісін сақтау арқылы

жету мүмкін емес. Әлемдегі заманауи экономикалық,

әскери-саяси ахуалды ескере отырып, қоғамдық сананы

жаңғырту – бұл өмірлік маңызы бар және қажетті

қадам.


Тәуелсіздік алған жылдардан бастап мемлекетіміз саяси және экономикалық жаңғырудан өткендігі елге айқын, алайда біртұтас ұлт ретінде қалыптасу үшін рухани жаңғырудың маңызды екендігіне тарихи куә және де рухани жаңғыру алдыңғы жаңғырудың өзегі болмақ.Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында 6 бағытқа басымдық берілген.

Соның бірі - білім беру жүйесін жаңаша жетілдіру. Осы жүйе бойынша ауқымы кең жұмыстар атқарылып келеді. Құндылықтар жүйесінде тек білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана зор табысқа жетеді. Жастар басымдық беретін межелердің қатарында білімнің үнемі бірінші орында тұруы шарт. Бұл – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ой. Іргелі ілім үйрету арқылы шәкірттерді шынайы патриот қылып қалыптастыруға болады, - дейді шара бастамашылары. Бүгінгі әлемдік бәсекелестік заманында бізге сергектік пен серпіліс керек.Президент ұсынған тың идеялар - жаңа нәтижелі көкжиектерге бастайтын серпіліс. Бұл ретте барлық оқу орындары қоғамдық сананы жаңғыртудың қозғаушы күші болуы тиіс.

Жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім беру кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы - ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

«Рухани жаңғыру» идеясы ұзақ мерзімге жоспарланған жоба. Елбасы осынау жобаны жүзеге асыру арқылы халықтың санасын жаңғыртып, өркениетті қоғам құруды көздеп отыр. Бұл ретте жастарға үлкен жауапкершіліктің артылып отырғанын айта кету керек. Атадан қалған мына жерді, тіл мен дәстүрді,ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу өз алдына, қазіргі ұрпақ Қазақстанды әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосуы тиіс. «Рухани жаңғыру» болса осы міндетті жүзеге асыруға сеп болатын басты құралға айналмақ.

Балаларға тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз емес. Қазақ халқыныңөнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар менбұйымдарды айтып, бұрынғысымен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық өнерді сүюге, кұрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбекқор, жанжақты жетілген азамат етіп тәрбиелейді, балалардың жүрегіне жол тауып,олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін, балабақшада оқып, үйренуге деген ынтасын, құштарлығын арттыру, қазақ колөнерін жас жеткіншектердің санасына жеткізудің құралы.Әлемдік өркениетке бет бұрған еліміз үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтауда жас жеткішектерге тәлім-тәрбие беру басты парызымыз деп ойлаймын.

Сана мен білімді дамытатын, ол – кітап. Қазақ тілінде оқылатын кітаптар санын көбейтіп, шет елдердің рухани құндылықтардың қадірін көрсеткен кітаптарды қазақ тіліне аударып, сонымен қатар, қазақ халқынан шыққан ұлы ойшылдар мен жазушылардың кітаптарын өз елімізде жетік меңгерту керек. Өз халқынан шыққан білм сәулесін жарқын шашқан ғалымдар мен жазушыларды, классиктер мен реалисттерді өз ұрпағы оқу және ұстану, сана мен ішкі патриоттық сезімдердің алғышарттары.

Қорытынды.



Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін. Оныңмысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіртіп, өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі.Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып ,ықпалдастыру мүмкін болмайды. Оқыту мен тәрбиені ықпалдастырып қажымай еткен еңбек арқасында әлемдік деңгейдегі дарынды да тәрбиелі оқушы тұлға шығатынына сеніміміз мол.
жүктеу 3,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау