6. Дәріс сабақтарының мазмұны
Тақырып 1. Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
1 Ұлттық экономика. Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы
2 Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және әдістері
Ұлттық экономика күрделі көп деңгейлі шаруашылық жүйе деп қарастырылады, оның мәні зерттеу мақсатына қатысты анықталынады. Экономикалық қызметті талдауда ұлттық экономиканың анықтамасы келесідей:
Ұлттық экономика – сол елге тән қоғамдық еңбек бөлінісінің, ғылыми-техникалық даму мен халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде қалыптасатын өзара қатынастағы салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) біріңғай кешені.
Ұлттық экономиканы құрылымдық жағынан құқықтық, салалық және кеңістік ұйымдар арқылы қарастыруға болады.
Құқықтық жағынан ұлттық экономика – бұл заңды тұлға статусы бар ұйымдар жиынтығы (коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар);
Салалық жағынан ұлттық экономиканы талдау кезінде экономикалық қызмет сферасы, акторы, саласы, түрі деген түсініктер қолданылады.
Ұлттық экономиканы сфераларға бөлу олардың жалпы ішкі өнім мен ұлттық өнімнің есептелуіне қатысуларымен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, сфераларға бөлу біріңғай экономикалық қызмет тізбегін қарастыруға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес барлық ұлттық экономика екі сфераға бөлінеді: материалды өндірістік сферасы мен өндірістік емес сфера.
Материалды өндірістік сферасы – айналым сферасында өндіріс процессінің жалғасы болып табылатын қызметтерді атқаратын немесе материалдық блага жасайтын экономикалық қызмет түрлері мен салаларының жиынтығы ретінде қарастырылады.
Өндірістік емес сфера тұрғындарды қамсыздандыратын қызмет түрлері мен салаларды бірлестіреді:
білім беру;
денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет түрлері;
коммуналды, әлеуметтік және персоналды қызметтерді көрсететін қызметтер;
Экономикалық процестерді жалпы түрде сипаттау үшін ұлттық экономиканы секторларға бөледі.
Ұлттық экономика секторлары деп экономикалық процесте жүзеге асырылатын қызмет түрлері мен мақсаттар, өндіріске кеткен шығындарды қаржыландыру тәсілдері жағынан бір институционалдық бірліктердің жиынтығы.
Сонымен, секторларға топтастыру жалпы сипаттамалары бар ұлттық экономиканы теориялық және практикалық мақсатта бөліктерге бөлуге мүмкіндік береді (статистикалық бақылау үшін, мемлекеттік реттеу үшін және т.б.).
Меншік формаларына байланысты экономика секторлары: мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.
Мемлекеттік сектор мемлекет меншігіндегі немесе мемлекеттік органдармен басқарылатын, бақыланатын икәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер жиынтығы.
Жеке меншік сектор мемлекетпен тікелей бақыланбайтын кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер жиынтығы.
Нарықты мемлекеттік реттеу – екі негізгі функцияны орындаудағы мемлекеттік органдардың қызметі.
1) нарықтық механизм жұмысының дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету;
2) нарықтық механизмі әлсіз салалар экономикасына әсер ету.
Экономиканы мемлекетік реттеу – нарықтық механизмнің әрекет етуінің дұрыс жағдайын қамтамасыз ету мақсатында нарықтық конъюнктура мен шаруашылық субъектілер қызметіне мемлекет тарапынан әсер ету.
Әсер ету объектісіне байланысты экономиканы мемлекеттік реттеу ресурстарды, өндірісті, қаржыны реттеуді қамтиды. Ол экономикалық саясатты жүргізу арқылы жүзеге асады.
Экономикалық саясат – экономиканы басқару бойынша әрекеттер жиынтығы, шаралар жүйесі.
Экономикалық қатынастарға қатысушылардың мүдделеріне әсер ету әдісі бойынша нарықтық шаруашылыққа мемлекеттің әсер ету инструменттерін әкімшілік және экономикалық деп бөлуге болады.
Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 2. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
1 Кәсіпорын - шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізушісі
2 Кәсіпорын құрылымы
Кәсіпорын – заң тәртіптері бойынша тіркеуден өткен, мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету арқылы пайда табуға жүйелі түрде бағытталған кәсіпкерлік қызмет субъектісі.
Кәсіпорын – сұранысқа қажетті өнім өндіру, жұмыстарды орындау және қызмет түрлерін көрсету үшін материалдық және ақпараттық ресурстарды пайдаланатын жан-жақты шаруашылық субъект. Ол өз қызметімен жеке дербес түрде айналысады, салықтар, басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайда мөлшерін өзі бөледі, яғни кәсіпорын жеке дербес тауар өндіруші болып табылады.
Барлық заңды тұлғалар қызмет ету мақсаттарына байланысты:
- коммерциялық ұйым – қызметінің негізгі мақсаты табыс келтіруді көздейді;
- коммерциялық емес ұйым - қызметінің негізгі мақсаты пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым.
Қолданылатын шикізат сипатына байланысты:
- өндіру өнеркәсібінің кәсіпорындары;
- өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары болып бөлінеді.
Салааралық құрылымы бойынша кәсіпорындар «тар» мамандандырылған , көп профилді және аралас болып бөлінеді:
- «тар» мамандандырылған – жаппай немесе ірі сериялы өндіріс өнімдерінің шектеулі ассортиментін шығаратын кәсіпорындар (шойын, ет, бидай өндірісі және т.б.);
- көп профилді кәсіпорындар түрлі жағдайда пайдаланылатын және кең ассортиментті өнімдерді шығарады. Өнеркәсіпте олар бір уақытта теңіз кемелерін, жеңіл көліктерді, компьютерлерді дайындауға мамандандырылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығында – бидай, жеміс-жидек, малдарды өсіру және т.б.;
- аралас кәсіпорындар шикізаттың немесе дайын өнімнің бір түрін параллел немесе тібектей түрде басқа түрге, үшінші бір түрге ауыстырады.
Қызмет сипатына байланысты:
- өнеркәсіптік;
- өндірістік;
- сауда;
- транспорттық;
- инвестициялық және т.б. кәсіпорындар болып бөлінеді.
Кәсіпорын құрылымы – бұл бүтін шаруашылық объектіні құрайтын ішкі буындардың: цехтар, учаскелер, бөлімдер, лабораториялар және басқа да бөлімшелердің құрамы мен ара-қатынастары. Оның жалпы, өндірістік және ұйымдық құрылымы болады.
Кәсіпорынның жалпы құрылымы - өндірістік бөлімшелер мен қызметкерлерге қызмет көрсететін бөлімшелер кешенін және сонымен бірге кәсіпорынның басқару аппаратын қамтиды.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы - өндірістік үрдісті ұйымдастыру нысаны және кәсіпорын мөлшері, цехтар мен қызмет көрсету түрлерінің көлемі, құрамы мен үлестік салмақтары, олардың араласуы, сонымен бірге цех ішіндегі өндірістік учаскелер мен жұмыс орындардың құрамы, саны мен орналасуы туралы мәліметтермен сипатталады.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы – бұл басқару аппараты бөлімшелері және олардың өзара байланыстары мен өзара бағыныштылығының құрамы. Кәсіпорынның басқару аппараты – басқарушылық шешімдерді дайындауға және оны жүзеге асыруға жауапкершілік жүктелген басшылар мен мамандар тобы. Басқару аппаратының ұйымдық құрылымы бірнеше буын сандарымен сипатталады, көбіне үш буынды жүйе қолданылады: президент (директор, басқарушы) – цех (бөлім) басшысы – мастер (бригадир). Әрқайсы өзіне жүктелген жұмыс учаскесіне жауапты болады. Басқару құрылымының түрлері: сызықты, функционалды, сызықты-функционалды, сызықты-штабты, өнімдік, дивизионалды, жобалық, матрицалық, бағдарламалы-мақсатты, бригадалық, төңкерілген пирамида түріндегі басқару құрылымы.
Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
1 Өндіріс тиімділігінің мәні, тиімділікке әсер ететін факторлар және көрсеткіштер жүйесі
2 Өндірістік қызметінің тиімділік көрсеткіштері
Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні қоғамның мүдделеріне сай ең аз мүмкін болатын шығындармен барынша жоғары нәтижелерге жету ретінде экономистердің копшілігімен түсіндіріледі. Сондықтан ондірістің экономикалық тиімділігін анықтау өндірістің нәтижесін, осы нәтижені қамтамасыз ететін нақты және алдыңғы уақыттағы еңбектің тұтас шығындарымен салыстыруға негізделуі қажет.
Өндіріс тиімділігін аныктау үшін оның өлшемін, яғни мәнін ашып көрсететін бағалаудың басты бслгісін анықтау-дан басталады. Өндірістің экономикалық тиімділік өлше-мінің мағынасы кәсіпорынның алдына қойылған даму мақсаттарына сәйкес алынатын нәтижелерді барынша кө-бейту немесе жұмсалған шығындарды мүмкіншілігіне қа-рай аз жұмсау қажеттілігінен шығады. Мүндай мақсаттар ретінде өмір сүруді жэне тұракты өсуді камтамасыз ету, құрылымдықты қайта кұру, әлеуметтік стратегия және т.с.с. түрлері болуы мүмкін. Осы мақсаттардың алуан түрлілігіне қарамастан ең жоғары экономикалық нәтижелерге жету, ұзақ мерзімді даму болашағын ескере отырып, пайданың мол келемін табуға ұмтылу максаттары үстем болып табы-лады.
Осыдан өндіріс тиімділігінін негізгі сандык өлшемі ре-тінде жұмсалған капиталға шаққандағы пайданың жылдык мөлшері болып табылады:
Е = П х 100 / К = (Б - ӨҚ) * 100 / К,
мұндағы
|
Е
|
-
|
жұмсалған капиталға шаққандағы пайда мөлшері,%;
|
|
П
|
-
|
жылдық пайда, теңге;
|
|
К
|
-
|
пайда алуды қамтамасыз ететін күрделі қаржылар, теңге;
|
|
Б
|
-
|
өнім өндірісінің жылдык көлемі, теңге;
|
|
ӨҚ
|
-
|
бір жылда шығарылған өнімнің толык, өзіндік құны, теңге.
|
Өнімнің еңбек сыйымдылығы - нақты еңбек өнімділігінің көрсеткішіне кері шама, ол материалдық өндіріс саласында шығындалған еңбек шығынының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне катынасы арқылы аныкталады:
ЕС = Е / Q,
мұндағы
|
Е
|
-
|
материалдык өндіріс саласында шығындалған еңбектің шамасы;
|
|
Q
|
-
|
өндірілген өнімнің жалпы көлемі (әдетте, жалпы өнімнің).
|
Еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы жэне кор сыйымдылығы қоғамдық өндірістің экономикалык тиімділігінің маңызды көрсеткіштері болып табылады.
Қоғамдық өнімнің материал сыйымдылығы шикізат, ма-териал, отын, энергияның және баска да еңбек құралдары шығындарының жалпы қоғамдық өнімге қатынасымен аныкталады. Сала (бірлестік, кәсіпорын) өнімінің материал сыйымдылығы материалдық шығындардың өндірілген өнімнің жалпы көлеміне катынасымен аныкталады:
МС = М / Q,
мұндағы
|
М
|
-
|
өнім өндірісіне кеткен материалдық шығындардың жалпы ақшалай түріндегі көлемі;
|
|
Q
|
-
|
өндірілген өнімнің жалпы көлемі (әдетте, жалпы өнімнің).
|
Өнімнің капитал сыйымдылығы мен кор сыйымдылы-ғының көрсеткіштері де белгілі деңгейнде өзара жақын болып келеді. Өнімнің капитал сыймдылығы көрсеткіші күрделі салымдар шамасының шығарылатын өнім көлемінің өсіміне катынасын көрсетеді:
КС = К/∆ Q,
мұндағы
|
К
|
-
|
күрделі салымдардың жалпы көлемі;
|
|
∆ Q
|
-
|
шығарылған өнім көлемінің өсімі.
|
Капитал сыйымдылығын күрделі салымдар шамасының өңдірілген ұлттық табыс өсіміне қатынасы бойынша да есептеуге болады.
Өнімнің корсыйымдылығы халық шаруашылығының негізгі өндірістік қорларының орташа құнының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы ретінде анықталады:
ҚС = НҚ/ Q,
мұндағы
|
НҚ
|
-
|
халық шаруашылығының негізгі өндірістік корларының орташа кұны;
|
|
Q
|
-
|
өндірілген өнімнің (әдетте, жалпы өнімнің) жалпы көлемі.
|
Қор сыйьімдылығын, капитал сыйымдылығы сияқты, өндірілген ұлттық табыс өсіміне катынасы бойынша да есептеугеболады.
Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 4. Кәсіпорынның негізгі капиталы
1 Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы
2 Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы
3 Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері
Негізгі қорлар (негізгі капитал) - өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы қызмет ететін және осы уақыт ішінде өздерінің натуралды-заттық формасын сақтап, өз құнын дайын өнімге тозу мөлшеріне байланысты бөлшектеп, біртіндеп амортизациялық аударымдар түрінде аударатын өндірістік, материалды-заттық құндылықтар жиынтығы. Негізгі қорлар негізгі өндірістік және негізгі өндірістік емес қорлар деп екіге бөледі (сурет 2).
Негізгі өндірістік қорларға өндірістік үрдіске тікелей қатысатын (қондырғылар, станоктар және т.б.) немесе өндірістік үрдіске қажетті жағдайлар туғызатын (өндірістік құрылыстар, ғимараттар және т.б.) негізгі қорлар жатады. Негізгі өндірістік емес қорлар – бұл ұйым балансындағы тұрғын үйлер, бала-бақшалар мен спорт клубтары, және т.б. мәдени-тұрмыстық сипаттағы объектілер.
Негізгі қорлар иелеріне байланысты сол ұйымға немесе басқа шаруашылық органына жататын жеке меншік және жалға алу құқында уақытша пайдаланылатын жалға алынған негізгі қорлар деп бөлінеді.
Негізгі қорлардың жеке топтарының ара қатынасы (пайыз есебінде) қорлар құрылымын құрайды. Негізгі қорлар құрылымы салалық, өндірістік, технологиялық, өспелі деп бөлінеді.
Салалық құрылым өнеркәсіп бойынша негізгі қорлардың жиынтық баланстық құнындағы өнеркәсіп салалары бойынша негізгі қорлар құнының үлестік салмағымен сипатталады.
Өндірістік құрылым – негізгі қорлардың әр тобының немесе әр элементінің жалпы құнындағы үлестік салмағымен сипатталады.
Технологиялық құрылым – негізгі қорлардың нақты тобының ішіндегі әр түрінің үлесін көрсетеді.
Өспелі құрылым – негізгі қорлардың түрлі өспелі топтарының олардың жалпы құнындағы үлестік салмағымен сипатталады.
Негізгі қорлардың ерекшелігі - өндіріс үрдісінде бірнеше рет пайдаланылуы, бірақ олардың әрекет ету уақытының нақты шектеулері тозумен сипатталады. Негізгі қорлардың тозуының екі түрі бар: физикалық және моралды.
Физикалық тозу – бұл табиғат күшінің, еңбек үрдісінің және басқа да факторлардың әсерінен объектінің механикалық, физикалық, химиялық және басқа да қасиеттерінің өзгерісі, экономикалық тұрғыдан қарастырғанда бұл негізгі қорлардың өздерінің бастапқы тұтыну құнын біртіндеп жоюы.
Физикалық тозу негізгі қорлардың өндірістік үрдіске әрекет етуінде де және оның әрекет етпегенінде де (сыртқы орта әсерінен бұзылуы, атмосфералық әсер, коррозия) жүзеге асады. Негізгі қорлардың физикалық тозуын анықтау үшін есептеудің екі тәсілі қолданылады – жұмыс көлемі бойынша және қызмет ету мерзімі бойынша.
Қорларды жаңартуға байланысты шығындарды жабудың негізгі көздері ұйымның жеке меншік қаржылары. Олар негізгі қорлардың қызмет көрсету кезеңі ішінде амортизациялық аударымдар түрінде жинақталады.
Амортизация - негізгі қорлар құнының бір бөлігін өнімді өндіруге кеткен шығындарға қосу арқылы негізгі қорлардың тозуын ақшалай төлеу. Содан, амортизация - негізгі қорлардың физикалық және моралды тозуларын ақшалай көрсету.
Амортизация үрдісі – бұл негізгі қорлардың қызмет көрсету кезеңі ішінде өз құнын өндірілетін өнімге біртіндеп ауыстыруы және осы құнды пайдаланылған негізгі қорлардың орнын толықтыру үшін қолдану деп түсіндіруге болады. Өнім құрамына ауыстырылған негізгі қорлар құны өндіріс сферасынан өтіп, айналым сферасына түседі. Өнім өткізілгеннен кейін негізгі қордың ауыстырылған құнына сәйкес ақшалай сомасының бір бөлігі амортизациялық қорға түседі. Амортизациялық қор тозған негізгі қорлардың орнына жаңа негізгі қорларды сатып алу үшін пайдаланылады.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады, оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жеке және жалпылама көрсеткіштер. Жеке көрсеткіштер көп жағдайда кәсіпорындардағы немесе оның бөлімшелеріндегі негізгі қорлардың пайдаланылуын сипаттайды. Жалпылама көрсеткіштер шаруашылықтың барлық деңгейіндегі – кәсіпорындардағы, салалар мен толықтай халық шаруашылығындағы негізгі қорларды пайдалануды сипаттау үшін қолданылады.
Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 5. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
1 Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі
2 Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау
Шикізат, материалдар, отын, энергия - бұлар еңбек затына жатады, ягни олар еңбек кұралы мен адам еңбегінің әсеріне тап болып, нәтижесінде адамның өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлері мен қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар онеркәсіптің материалдық-техникалық базасының заттық элементі болып табылады. Олар айналым қорының кұрамына кіріп, толығымен өзінің құнын дайын өнімге өткізеді.
Еңбек заты ретінде шикізат және отын-энергетикалық болып пайдаланылатын барлық материалдық ресурстар шартты түрде екіге бөлінеді.
Шикізат ресурстары әр түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының жиынтығы түрінде болып келеді.
Өңделмеген шикізат деп жерден қазып алынған немесе өңделген және соның нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек затын айтамыз.
Шикізатқа кен оңідіруші өндіріс (руда, мұнай, көмір және т.б.) пен ауыл шаруашылығының (астык, картоп, қызылша) өнімдері, ал материалдарға оңдеуші өндірістің өнімі жатады. Материалдарды негізгі және комекші деп екігс бөледі.
Негізгі материалдар дайын өнімнің құрамына табиғи түрде кіріп, оның материалдық негізін құрайды.
Кемекші материалдар дайын онімнің құрамына кірмейді, бірақ та оның түзілуіне әсер етеді.
Отын мен энергия өзінің экопомикалық ерекшілігіне байланысты көмекші материалдарға да, ресурстардың жеке тобына да жатқызылады.
Отын-энергетикалық ресурстар ықтималды және нақты деп екі топқа бөлінеді.
Ыктималды отын-энергетикалык ресурстарға елдін белгілі бір экономикалық аймағындағы отын мен энергиянын барлық түрімен байланысты қорлар жатады.
Кең мағынада нақты отын-энергетикалық ресурстар деп ел экономикасында пайдаланылып жаткан энергияның барлық түрінің жиынтығын айтамыз.
Жекелеп айтқанда пайдаланылатын отын-энергетикалық ресурстарды төмендегіндей түрде көрсетуге болады.
Табиғи отын-энергетикалық ресурстар (табиғи отындар) — көмір, мұнай, табиғи және пайдалы газ; судың, желдін табиғи механикалык энергиясы, атом энергиясы; табиғи отын көздеріне күннің, жер асты буының күші жатады.
Отын ресурстары - өңдеу кезіндегі пайда болған
өнімдер (кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар,
байытылған көмір және т.б.)
Негізгі технологиялық үдерісте алынатын көмекші
(кайталама) энергетикалық ресурстар (отын қалдықтары, пай-
даланылмаған газ, ондірістегі өнімдердің жылуы және т.б.).
Экономикалық түрғыдан карағанда халық шаруашылығында пайдаланылатын шикізаттың барлық түрі екі үлкен топқа бөлінеді:
1. Өндірістік шикізат - бұл өндірістен алынады және көбінесе саланын ауыр өнеркәсібінде пайдаланылады.
II. Аумл шаруашылығының шикізаты - бүл ауыл шаруашылығы саласында өндіріліп, негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады.
Өндірістік шикізат өз алдына екі кәшә топқа бөлінеді:
- минерал тектес шикізат, яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар;
- жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар.
Әсіресе минерал тектес табиғи шикізаттар түрі кең тараған. Ол өнеркәсіптің минералдық-шикізаттық базасын құрап, кара және түсті металлургия, отын, электр энергиясы сияқты негізгі өнеркәсіп салаларынын дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Өнеркәсіпте өндірілген өнім мен шикізаттын сапасы өндірістің экономикасын арттыруда маңызды рөл аткарады. Олар төменде көрсетілгендей сараланады:
- өндіріс үдерісінде атқаратын рөлі бойынша: негізгі,
көмекші, қосымша;
- экономикалық нышаны бойынша: еңбек заты, дайын өнім;
- алу әдісі бойынша: өндірістік, ауыл шаруашылықтық;
- шыққан тегі бойынша: мал, өсімдік, кен қазбасы;
- өндіріс уақыты бойынша: маусымдық, маусымдық емес;
- өңдеу әдісі бойынша: алғашқы және қайталама (кал-
дықтар, көмекші өнімдер).
Пайдалану дәрежесіне байланысты шикізат ресурстары негізгі және комекші болып болінеді.
Негізгі шикізатқа жаңа дайындалған онімнін материалдық негізін калайтын еңбек заттары жатады. Дайын өнімді дайындауға мүмкіндік жасайтып бүйымдар көмекші шикізатқа жатады. Шікізат кей уақытта негізгі материал болып табылып, ал одан баска уақытта көмекші материалдын кызметін атқаруы ықтимал. Сондықтан корсетілғен саралану белгілі бір дәрежеде шартты сипаттама болып саналып, саланың ерекшелігіне, есепкисабына, жоспарлау және экономикалық талдауына байланысты болады. Сол себепті отын мен энергияның маныздылы-гын ескере отырып, көп салада оны көмекші материалдардың кұрамынан бөліп алып, жеке-дара қарастырады.
Тамақ өнеркәсібінде негізінен ауыл шаруашылығының шикізаты пайдаланылады. Қазақстанда әр түрлі табиги-климаттық ерекшелікке байланысты халықтың қажеттілігін қам-тамасып етуге толықтай жететін бірнеше түрлі ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырудің бірден-бір шарты аймақтық мамандандыру болып табылады. Елдің аймақтарына қай өсімдікті өсіруге болатынын көрсететін көрсеткіш — шығымдылык пен сапа.
Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 6. Айналым капитал
1 Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы
2 Айналым қаржылар қажеттілігін анықтау
3 Айналым қорларын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері
Айналым қорлары – құндық түрдегі өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорлары жиынтығын сипаттайтын активтер, кәсіпорын мүлігінің бір бөлігі. Бұл өндірістегі, қоймалардағы өндірістік запастарды жинақтау, жабдықтаушылармен, бюджетпен есеп айырысу, еңбек ақыны төлеу үшін кәсіпорынға қажетті ақша қаржылары. Айналым қорларының құрамы оны құраушы элементтердің жиынтығын сипаттайды.
Айналым қорлары - өндіріс үрдісінің міндетті элементі, өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Өнім бірлігіне шаққандағы шикізат, материалдар, жанармай мен энергия шығындары аз болған сайын, оның өндірісіне шығындалатын еңбек үнемді шығындалады, соншалықты өнімнің құны да төмен болады.
Кәсіпорынның өндірістік айналым қорлары өндірістік қорлардың бір бөлігі негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі әрбір өндірістік циклда шығындалатын және өз құнын еңбек өніміне толықтай және бірден аударатын еңбек үрдісіндегі мүліктік элементтер.
Кәсіпорынның өндірістік айналым қорлары үш бөліктен тұрады: өндірістік запастар; аяқталмаған өндіріс және өздері өндірген жартылай фабрикаттар; болашақ кезеңдер шығындары.
Өндірістік запастар - өндірістік үрдісті жүргізу үшін дайындалған еңбек құралдары. Оларға жататындар: шикізат, негізгі және қосымша материалдар, жанармай, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен бұйым бөлшектері, негізгі қорларды жөндеуге қажетті бөлшектер.
Аяқталмаған өндіріс және өздері өндірген жартылай фабрикаттар - өндірістік үрдіске түскен еңбек құралдары: материалдар, бөлшектер, бұйымдар, дайындық немесе жинау үрдісіндегі кәсіпорынның бір цехында өндірісі толықтай аяқталып, басқа цехында тағы да өңделетін өздері өндірген жартылай фабрикаттар.
Болашақтағы шығындар – сол кезеңде жүзеге асырылатын, бірақ болашақ кезеңдегі өнімге жататын, жаңа өнімді дайындау, оны игеру шығындарын қамтитын айналым қорларының мүліктік емес элементтері. Мысалы, бұйымның жаңа түрінің технологиясын дайындау және оны жасақтау, құрастыру шығындары, құрал-жабдықтар орнын ауыстыру шығындары және т.б.
Айналыс қорлары айналым аясын қамтамасыз етеді, оған жататындар: қоймадағы дайын өнім, жолдағы тауарлар, ақша қаржылары және тұтынушылармен есеп айырысу қаржылары, соның ішінде көбіне дебиторлық қарыз.
Айналым қорлары қалыптасу көздері бойынша жеке меншік және қарызға алынған деп бөлінеді. Жеке меншік айналым қорлары – кәсіпорын иесіндегі және жеке меншік ресурстардың (пайда) есебінен қалыптасатын қаржылар. Қарызға алынған айналым қорлары – банк несиелері, несиелік қарыздар (коммерциялық несие) және басқа да пассивтер.
Кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауы үшін айналым қорларына деген қажеттілікті дұрыс анықтау керек. Ұйымның дұрыс жұмыс жасауы үшін қажетті айналым қорларының экономикалық жағынан түсініктемесі бар мөлшерін анықтау үрдісі айналым қорларын нормалау деп атайды. Өндірістік запастардағы, аяқталмаған өндірістегі, болашақ кезең шығындарындағы, фирма қоймаларындағы дайын өнім қалдықтарындағы айналым қорлары нормаланады, оларды нормаланатын айналым қорлары деп атайды. Айналым қорларының қалған элементтерін нормаланбайтын деп атайды.
Айналым қорларын нормалау үрдісінде айналым қорларының нормасы мен нормативі анықталады. Айналым қорларының нормалары – кәсіпорынның тауарлы-материалдық құндылықтардың ең аз запастарын сипаттайды және запас күндерімен, бөлшектер запасының нормасымен есептелінеді. Айналым қорларының нормативтері – айналым қорларының нормасын осы норма көрсетілген көрсеткішке көбейту арқылы анықталады және құндық көрсеткішпен сипатталады.
Кәсіпорынның айналым қорларын тиімді пайдалануын үш негізгі көрсеткіш арқылы сипаттауға болады.
Айналымдылық коэффициенті - өткізілген өнім көлемінің кәсіпорындағы айналым қорларының орташа қалдығына бөлу арқылы анықталады
Ка = Vөтк / АҚ орт.қалд,
мұндағы
|
Ка
|
-
|
айналым қорларының айналымдылық коэффициенті, айналым;
|
|
Vөтк
|
-
|
өткізілген өнім көлемі, теңге;
|
|
АҚ орт.қал
|
-
|
айналым қорларының орташа қалдығы, теңге.
|
Айналымдылық коэффициенті нақты кезең ішінде (жыл, квартал) кәсіпорынның айналым қорларының жүзеге асыратын айналымдар санын сипаттайды немесе 1 теңге айналым қорларына шаққандағы өткізілген өнім көлемін көрсетеді. Айналымдар санының арытуы 1 теңге айналым қорларына шаққандағы өндіріс көлемінің өсуіне немесе өнімнің сол көлеміне айналым қорларын аз жұмсауды көрсетеді.
Айналым қорларын толықтай жабдықтау коэффициенті айналым қорларының коэффициентіне кері көрсеткіш, 1 теңге өткізілген өнімге шығындалатын айналым қорларын сипаттайды
Кж = АҚ орт.қалд. / Vөтк,
мұндағы
|
Кж
|
-
|
айналым қорларының жабдықтау коэффициенті.
|
Бір айналым ұзақтығы, күнмен есептегенде, кезеңдегі күндер санының айналымдылық коэффициентіне қатынасымен анықталады
Т = К / Ка,
мұндағы
|
К
|
-
|
кезеңдегі күндер саны (360, 90).
|
Айналым қорларының айналым ұзақтығы аз болған сайын немесе сол өткізілген өнім көлемінде жүргізілетін айналымдар саны көп болған сайын, соншалықты айналым қорларын аз қажет етеді, және толықтай айналымды тез жүргізеді, сонымен олар тиімді пайдаланылады.
Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 7. Еңбек ресурстары
1 Кадрлардың құрамы және құрылымы
2 Еңбек өнімділік және оны есептеудің әдістері
Кәсіпорын кадрлары – бұл кәсіпорында қызмет ететін және тізімдік құрамына енетін түрлі кәсіби-біліктілік топтар қызметкерлерінің жиынтығы. Кәсіпорын қызметкерлерінің жеке құрамы мен категорияларының құрамдық және сандық ара қатынасы кадрлар құрылымын сипаттайды.
Өнім өндірісі үрдісімен тікелей байланысты, яғни негізгі өндірістік қызметпен айналысатын кәсіпорын кадрларын өнеркәсіптік-өндірістік персонал деп атайды.
Қызметкерлер санының нормасы (Нс) – нақты өндірістік, басқарушылық қызметтерді немесе нақты жұмыс көлемін орындау үшін қажетті кәсіби-біліктілік құрамындағы қызметкерлердің бекітілген саны. Қызметкерлер санының нормасы бойынша кәсіби, мамандығы, жұмыс түрлері мен топтары, толықтай кәсіпорын, цех немесе оның құрылымдық бөлімшелері бойынша еңбек шығындары анықталады.
Тәжірибеде кадрлады есепке алу және жоспарлауда олардың тізімдік, келгендер және орташа тізімдік құрамы қолданылады.
Тізімдік сан – нақты күндегі қызметкерлердің тізімдік құрамының саны, онда сол күні жұмысқа қабылданған және шығарылған қызметкерлер есепке алынады.
Келгендер саны – нақты күні жұмысқа келгендердің, соның ішінде іс-сапардағы қызметкерлердің тізімдік құрамының санын сипаттайды.
Ай ішіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны әр күнгі тізімдегі барлық қызметкерлер санының қосындысын сол айдағы календарлық күндер санына қатынасы арқылы анықталады.
Қызметкерлердің демалыс және мейрам күндеріндегі тізімдік саны деп оның алдыңғы күніндегі саны есепке алынады.
Кварталдағы (жылдағы) қызметкерлердің орташа тізімдік саны кәсіпорынның кварталда (жылда) жұмыс жасаған барлық айларындағы қызметкерлердің орташа санын қосып, осы қосындыны 3 (12)-ге бөлу арқылы анықтауға болады.
Еңбек өнімділігі еңбек шығындарының тиімділігін, нәтижелігін сипаттайды және жұмыс уақыты бірлігіндегі өндірілген өнім көлемімен немесе өндірілген өнім, орындалған жұмыс бірлігіндегі еңбек шығындарымен анықталады.
Өнімділіктің екі түрі бар: тірі жан еңбегінің өнімділігі және қоғамдық еңбек өнімділігі. Тіріжан еңбегінің өнімділігі әрбір жеке өндірістегі жұмыс уақытының шығындарымен анықталады, ал қоғамдық (жиынтық) еңбек өнімділігі тіріжан және затқа айналдырылған еңбек шығындарымен анықталады.
Барлық халық шаруашылығына қытасты қоғамдық (жиындық) еңбек өнімділігі материалды өндіріс саласындағы жұмыспен қамтылған – бір адамға шаққандағы ұлттық табыс ретінде есептелінеді.
Кәсіпорындарда еңбек өнімділігі тек тіріжан еңбегі шығынының тиімділігі ретінде анықталады және араларында кері пропорционалды байланыстық бар өнімділік және өнімнің еңбек сыйымдылығы көрсеткіштері арқылы есептелінеді.
Еңбек өнімділігінің өсу факторлары:
өндірістің техникалық деңгейін жоғарлату;
өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жақсарту;
өндіріс көлемінің өзгерісі мен өндірістегі құрылымдық өзгерісі;
сыртқы, табиғи жағдайлардың өзгерісі;
басқа да факторлар.
Еңбек өнімділігінің өсу резервтері еңбек ресурстарын үнемдеудің пайдаланылмаған айқын мүмкіншіліктерін қамтиды.
Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 8. Еңбек ақы төлеу
1 Еңбек ақы төлеудің мәні және қағидалары
2 Жұмысшылардың еңбек ақы жүйелері және формалары
Кәсіпорындағы қызметкерлердің табысы өндіріс шығынының құрамына енетін еңбекақыдан, әлеуметтік және еңбек жеңілдіктері бойынша төленетін ақша төлемдері, пайдадан төленетін сыйақыдан, акциялар бойынша төленетін дивидендтерден және еңбек ұжымы мүшелерінің кәсіпорын мүлігіне салған салымдарынан, натуралды түрдегі өнім құнынан және басқа да табыстардан құралады. Еңбекақы – материалдық игіліктер мен қызмет түрлерін жеке тұтыну қорының бір бөлігі болып табылады, осының негізінде қызметкерлерге олардың еңбегінің сапасы мен санына сәйкес, сонымен бірге оның нәтижелігіне (ұжым еңбегінің нәтижесінде қосқан үлесіне) сәйкес беріледі. Еңбекақы еңбек шарты бойынша орындалған жұмыстары үшін натуралды ақы құны мен ақшалай төлемдердің қосындысы.
Шаруашылық етудің қазіргі заман жағдайында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру бірнеше қағидаларды ескеру арқылы құрылады:
- еңбекақы төлеуді ұйымдастыруда қызметкерлерге еңбекақы төлеудің нысандарын, жүйесін және мөлшерін анықтаудағы кәсіпорынның дербестігі;
- еңбекақы төлеуді мемлекеттік реттеу;
- еңбекақыны еңбек жағдайы мен мекендеген жеріне байланысты дифференциялау;
- еңбектің соңғы нәтижелері жоғары болу үшін қызметкерлердің еңбекке деген материалдық қызығушылықтарын туғызу;
- еңбек өнімділігі өсу қарқынының жалақы өсу қарқынынан артық болуы.
Жалақының номиналды түрі бар, яғни нақты жалақы мен оның ақшалай мөлшері, сатып алынатын тауарлар мен қызмет түрлерінің нақты көлемі деп түсіндіріледі
Енақты=Еном / Р,
мұндағы
|
Енақты
|
-
|
нақты еңбекақы;
|
|
Еном
|
-
|
номиналды еңбекақы;
|
|
Р
|
-
|
тұтыну заттары мен қызмет түрлерінің баға деңгейі.
|
Нақты еңбекақы мөлшеріне сұраныс пен ұсыныс маңызды ықпал жасайды. Жұмыс күшіне сұраныс жоғары болған сайын, нақты жалақы да жоғары болады, ал еңбек ұсынысы жалақы динамикасына кері пропорционалды байланыста болады.
Қазіргі кезде кәсіпорындағы жалақы қорын мемлекеттік реттеу ретіндегі құрал әлеуметтік салық болып табылады. Оны кәсіпорындар, құрылымдық бөлімшелер, жеке кәсіпкерлер, жеке адвокаттар мен нотариустар төлейді.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің екі нысаны қолданылады: кесімді және мерзімді, әрқайсысы өз алдына бірнеше нысандаға бөлінеді.
Кесімді еңбекақы төлеу нысаны кеңінен қолданылады. Ол қызметкерлерде еңбек нәтижесіне, оның өнімділігіне деген материалдық жағынан қызығушылық тудырады, қызметкер біліктілігін жоғарлатуға ынталандырады, жұмыс уақыты мен қондырғыны толықтай пайдалануға жағдай жасайды.
Еңбекақы төлеудің кесімді нысаны төмендегі жағдайларда тиімді болып табылады:
- шығарылымның натуралды өлшемдердегі сандық көрсеткіштері мен еңбек нәтижелерін дәл есепке алу мүмкіншілігі болған жағдайда;
- еңбекті нормалаудың ғылыми түсініктемесі болған жағдайда;
- технологиялық процесті бұзбай нормалардың артығымен орындалуы үшін мүмкіншіліктер құрылған жағдайда;
- тоқтап қалуларды болдырмайтын жұмыс орындарына қызмет көрсетуді нақты ұйымдастырған жағдайда;
- өндіріске сапалы және уақытында техникалық жағынан дайындық жүргізілсе.
Кәсіпорын алдында тұрған технико-ұйымдастырушылық жағдайлар мен міндеттердің ерекшеліктеріне байланысты кесімді нысанның бірнеше жүйесі қолданылады: тікелей жеке, кесімді-прогрессивті, кесімді-сыйақылы, жанама, ұжымдық және аккордтық.
Жалақының мерзімдік нысаны бойынша жұмыс жасаған уақыты есепке алынады, және жұмсаған уақыты мен біліктілік деңгейіне байланысты болады. Қызметкерлерге жалақысының тарифтік ставкасына сәйкес немесе нақты жұмыс жасаған уақытына бекітілген ақы бойынша есептелінеді. Оны кеңінен қолданатын жағдайлары: еңбекті детальды түрде нормалау мен есепке алу экономикалық жағынан тиімсіз болса, шығарылым қабылданған технологиялық режим бойынша анықталып, бастысы - өнімнің жоғары сапасы болған жағдайда қолданылады.
Мерзімдік ақының екі түрі бар – қарапайым және мерзімді-сыйақылы.
Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 9. Кәсіпорынның инвестициялық және инноциялық саясаты
1 Инвестициялар: мәні мен түрлері
2 Кәсіпорындардың инновациялық менеджменті: мәні және міндеттемелері
Инвестиция – табыс (пайда) алу мақсатында инвесторлармен кәсіпкерлік объектілеріне және басқа да қызмет түрлеріне салынатын қаржылық, материалдық және басқа да құндылықтардың барлық түрлері. Инвестициялық көрсеткіштер динамикасы ел дамуының әлеуеті мен жақсы жағдайын сипаттайтын басты макроэкономикалық индикатор болып табылады.
Инвестициялық қызмет субъектілеріне инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық қызмет объектілерін пайдаланушылар, жеке және заңды тұлғалар жатады.
Инвестициялау объектісіне байланысты инвестиция түрлері:
- айқын инвестиция (кәсіпорынның физикалық капиталына салынған қаржылар, мысалы, жаңа негізгі қорларды құру, ескі қорларды жаңартуға немесе оларды қайтадан техникалық жағынан жарақтау);
- қаржылық инвестиция (инвестордың қаржылық капиталын арттыру мақсатында акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа да қаржылық құралдарды пайдаланудағы салымдар);
- ғылыми – техникалық өнім инвестициясы;
- материалдық емес инвестиция (мүліктік құқықтарға, интеллектуалды жеке меншік құқығына салынатын салымдар).
Инвестициялау үрдісіне қатысу сипатына байланысты бөлінуі:
- тікелей инвестиция (инвестициялау объектісін таңдауға инвестордың тікелей қатысуы);
- тікелей емес инвестиция (үрдісті инвестициялық компания және басқа да қаржылық делдалдар жүргізеді).
Меншік нысанына байланысты инвестицияның бөлінуі:
- жеке инвестиция;
- мемлекеттік инвестиция;
- шетелдік инвестиция;
- аралас инвестиция.
Экономикалық талдау және зерттеу тәжірибелерінде инновациялық бағыттағы көптеген түсініктер қолданылады: олар инноватика, инновация және инновациялық үрдіс.
Инноватика – жаңалықтар енгізудің түрлі теориясын зерттейтін ғылым саласы. Осында зерттелінетін теориялар – жаңалықтарды жасау, оларды тарату, жаңалықтар енгізуге кедергі болатын факторлар, кері әрекеттерге адамның және инновациялық ұйымдардың әсерлері, инновациялық шешімдерді жасау болып табылады.
Инновациялық қызмет – аяқталған ғылыми зерттеулер мен өңдеулер немесе нарықта өткізілетін жаңа немесе қасиеттері өзгертілген, яғни жаңартылған өнімнің, қызметте пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістің ғылыми-техникалық жетістіктерін, және осылармен байланысты болатын қосымша ғылыми зерттеу мен өңдеу нәтижелерін таратуға бағытталған үрдіс.
Инновация (жаңалықтар енгізу) – нарықта өткізілетін жаңа немесе жаңартылған өнім, қызметте пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдісі түрінде нарықта өткізуге болатын инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.
Инновация бұл тек өндіріске енгізілген ғана емес, сонымен бірге тиімді және жоғары пайда әкелетін объект. Инновацияны жүзеге асыру үрдісінде жүргізілетін ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістердің жиындығын инновациялық үрдіс деп атауға болады, ал жаңа енгізулерді жасауға, таратуға және оны пайдалануға кеткен уақытты инновациялық кезең деп атайды.
Зерттеу объектісіне байланысты инновацияны келесідей қарастыруға болады:
а) инновация – үрдіс ретінде (Б. Твисс, А. Койре, И.П. Пинингс, В. Раппопорт, Б.Санта, В.С. Кабаков, Г.М. Гвишиани, В.Л. Макаров және басқалары);
б) инновация – жүйе ретінде (Н.И. Лапин, Й. Шумпетер);
в) инновация – өзгерістер ретінде (Ф. Валента, Ю.В. Яковец, Л. Водачек және басқалары);
г) инновация – нәтиже ретінде (А. Левинсон, С.Д. Бешелев, Ф.Г. Гурвич).
Инновация және оның экономика дамуындағы ролі туралы зерттеулердің негізін қалаған Н.Кондратьев. Ол конъюнктураның ірі циклдарын (ұзын толқындарды) қарастырып, циклдардың себептерін және олардың ұзақтығын зерттеген. Осы себептердің ішінен ең бастысы инновация болып табылады.
Инновациялық үрдістерді ұйымдастырудың түрлі нысандарын кәсіпкерлік тәжірибеде пайдалану үш фактормен сипатталады:
сыртқы орта жағдайы (саяси және экономикалық жағдай, нарық түрі, бәсекелестік күрес сипаттамасы, мемлекеттік-монополиялық реттеу тәжірбиесі және т.б.);
шаруашылық жүйенің ішкі орта жағдайы (лидер-кәсіпкердің және қолдау тобының болуы, қаражаттық және материалды-техникалық ресурстар, пайдаланылатын технологиялар, қалыптасқан ұйымдық құрылым, ұйымның ішкі мәдениеті, сыртқы ортамен байланысы және т.б.);
басқару объектісі ретіндегі инновациялық үрдістердің ерекшеліктері.
Инновациялық менеджмент – фирманың нарық жағдайында әрекет ететін нақты инновациялық мақсаттарға жету үшін бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі.
Кәсіпорынның (саланың, аймақтың, мемлекеттің) инновациялық әлеуеті – инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті түрлі ресурстардың, соның ішінде материалдық, қаржы, интеллектуалды, ғылыми-техникалық және басқа да ресурстардың жиынтығы.
Инновациялық сфера – инновациялық өнімді (жұмысты, қызмет түрін) өндірушілер мен тұтынушылардың қызмет ету саласы, соның ішінде инновацияларды жасау және оны тарату да қарастырылады.
Инновациялық бағдарлама – өнім мен технологияның жаңа түрлерін игеруге және оны таратуға байланысты тиімді шешімдерді қамтамасыз ететін және олардың орындалуын ресурстармен, орындаушылармен қамсыздандыру, тапсырылатын мерзімі келісілген инновациялық жобалар мен шаралар кешені.
Инновациялық инфрақұрылым – инновациялық қызметтің жүзеге асырылуына жағдай туғызатын ұйымдар (инновациялық-технологиялық орталықтар, технопарктер, оқу-кәсіби орталықтар мен басқа да мамандандырылған ұйымдар). Инновациялық қызметтің дамуына әрекет ететін құрылымдарды тізбектей келесідей қарастыруға болады: инкубаторлар, технологиялық парктер, технополистер.
Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 10. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
1 Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы
2 Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары
Шығындар - нақты уақыт ішінде өнім өндірісі мен оны өткізудің материалдық, еңбек, қаржы, табиғи, ақпараттық және басқа да ресурстар құнының ақшалай бағасы.
Өндірісте қолданылатын шығындардың түрлерін бірнеше белгілері бойынша топтастыруға болады .
Кесте - Шығын түрлері
Топтастыру белгілері
|
Белгілерге сәйкес түрлері
|
Сипаттамасы
|
1
|
2
|
3
|
Шығындардың рационалдылығы бойынша
|
өнімді
|
рационалды технология мен өндірісті ұйымдастырудағы белгіленген сапасы бар өнім өндірісіндегі еңбек шығындары (жоспарланған шығындар)
|
өнімсіз
|
технология және өндірісті ұйымдастырудағы кемшіліктер салдары (өнімнің брак болуы, тоқтап қалудан болатын шығындар және т.б.) (жоспарланбаған шығындар)
|
Шығындардың пайда болу уақытына байланысты
|
ағымды
|
сол кезеңге қатысты пайда болады және сол кезеңдегі өнімнің өзіндік құнына жатады
|
болашақ кезеңдегі
|
нақты кезең ішінде шығындалады да, бірақ өнімнің өзіндік құнына енетін біраз үлесі келесі кезеңдерге жатады
|
алдағы
|
смета тәртібі бойынша резервке алынатын, бірақ әлі пайда болмаған шығындар (демалыс уақытын төлеу және т.б.)
|
Шығындардың біртектілік дәрежесіне байланысты
|
элементарлы
|
элементарлы (біртекті) шығындарды құраушыны бөліктерге бөлуге болмайды
|
кешенді
|
бірнеше біртекті шығындардан тұратын шығын баптары
|
Шығындардың өнімнің өзіндік құнына енгізу тәсілі бойынша
|
тікелей
|
нақты өнім түрін өндіруге тікелей қатысатын және өзіндік құнға бекітілген норма бойынша енгізілетін (шикізат, материалдар, жанармай, энергия) шығындар
|
жанама
|
өнімнің әр түрлерін дайындауда қамтылады және өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына қандай-да бір белгісіне пропорционалды жанама (шартты) түрде енгізіледі.
|
Шығындардың өндіріс үрдісіндегі қызмет ету роліне байланысты
|
негізгі
|
өнім өндірудің технологиялық үрдістерімен тікелей байланысты. Оған жататын шығындар: шикізат, негізгі материалдар, технологиялық жанармай, энергия, жұмысшылардың негізгі жалақысы
|
үстеме
|
өндірістің әрекет етуі үшін қажетті жағдайлар туғызумен, оны ұйымдастыру, басқару, қызмет көрсету шығындары. Үстеме шығындар – бұл жалпы өндірістік, жалпы шаруашылық шығындар
|
Шығындардың өндіріс көлемінің өзгерісіне байланысты
|
айнымалы
(пропорционалды)
|
өндіріс көлемінің өзгерісіне тікелей байланысты шығындар (өндірістік жұмысшылардың жалақысы, шикізат, және т.б.)
|
тұрақты (пропорционалды емес)
|
өндіріс көлемінің өзгерісі жағдайында өзгермейтін немесе шамалы ғана өзгеретін шығындар (құрылыс амортизациясы, жанармай, энергия, басқарушылық персонал жалақысы). Айнымалы және тұрақты шығындар қосындысы кәсіпорынның жалпы шығындары болып табылады
|
Калькуляция – барлық тауарлы өнім мен оның бөліктерінің өзіндік құнын, нақты бұйым түрінің өзіндік құнын, өнім өндірісі мен оны өткізудегі кәсіпорын бөлімдерінің шығындарын есептеудегі жүйе.
Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы өнім білігінің бағасын анықтау үшін қажет. Калькуляциялаудың басты объектісі - өткізуге арналған дайын бұйым (өнім).
Калькуляция баптарының тізімі, оның құрамы мен өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша шығындарды бөлу тәсілі өндіріс сипаты мен құрылымын ескеру арқылы өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау мәселелері бойынша салалық әдістемелік нұсқаулармен анықталады.
Калькуляцияның жеке баптары бойынша шығындарды анықтау тәртібі:
- бұйымды дайындаудағы тікелей шығындардың нормативін есептеу;
- жанама шығындарды жеке бұйымдардың өзіндік құнына бөлу.
Калькуляциялық баптар бойынша өзіндік құн құрылымы өнімнің толық өзіндік құнындағы шығындар арақатынасын, не шығындалғандығын, қайда шығындалғандығын, қаржылар қандай мақсаттарға бағытталғандығын көрсетеді. Ол кәсіпорынның әр цехының немесе бөлімшесінің шығындарын бөліп көрсетеді.
Өндіріс шығындарының сметасы тек шығындардың экономикалық біртекті элементтерін бірлестірсе, калькуляция баптарында кейбіреулері ғана біртекті, ал қалғандары шығындардың әр түрлерін қамтиды, яғни кешенді құрайды. Қолдануға байланысты калькуляция түрлері бірнешеге бөлінеді.
Жоспарлы калькуляция – жоспарлы кезеңде өнімді дайындауға қажетті шығындардың максималды мүмкін болатын мөлшерін қамтиды және жоспарға енгізілген өнімнің барлық түріне жасалады.
Сметалық калькуляция – жоспарлы сияқты жұмыстың бір түріне және сырттан келген тапсырыс бойынша өнім өндірісіне жасалады. Тапсырыс берушілермен есептесу кезіндегі бағаның негізі болып табылады.
Нормативті калькуляция – шикізат, материалдар, энергия шығындарының нормасы бойынша бұйымның өзіндік құнын есептеу.
Жобалық калькуляция - өнім өндірісіне дайындық кезінде анықталады және жобаланған жаңа өндіріс пен технологиялық үрдістердің тиімділігіне түсініктеме беру үшін қажет.
Есепті калькуляция - өнім бірлігінің нақты өзіндік құнын көрсетеді, онда бұйымға кепілдік жөндеу және кепілдік қызмет көрсету шығындары, дұрыс жасалмаған бұйымдар шығыны және т.б. ескеріледі.
Шаруашылық есепті калькуляция – кәсіпорын бөлімшесінің өніміне жасалынады.
Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 11. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
1 Маркетингтік тәсіл және стратегиялық жоспарлау
2 Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау әдістері
Маркетинг тұжырымдамасы нарықта кәсіпорынның белсенді басымдық саясатының стратегиясы мен тактикасы, шаруашылық іскерлігі және барлық өндірістік ресурстар түрлерін тиімді қолдану нәтижелеріне әсер ететін маңызды құрал.
Бүгінгі таңда маркетингтің дамуында келесі сипатты тенденцияларды бөліп көрсетуге болады:
- маркетинг ғылыми-техникалық прогресстің айтарлықтай әсерінде болғандықтан, жекелей айтқанда ақпараттардың көптігіне қарай ақпараттық технологиялар ерекше орынға ие;
- тұрғындар топтарының әлеуметтік белсенділігінің өсуі маркетинг сипатын анықтайтын айтарлықтай фактор ретінде қарастырылуда;
- қазіргі уақыттағы маркетинг ашық инновациялық сипатта болып, үнемі жаңартуға негізделген;
- маркетингтің кең тарауы тек салалық, коммерциялық аумақта ғана емес, сондай-ақ барлық адам іскерлігі аумақтарын қамтуда.
Қазіргі заманғы маркетингтің мәні тұтынушының қажеттілігін кәсіпорынның пайдасына айналдыратын кәсіпкерлік қызметте көрініс алады. Маркетинг – бұл тауарларды итермелеу емес, тұтынушылардың талаптарын, нарықтың нақты сегменттерінің талаптарын талдап ескеретін, жаңа тауардың анықталған талаптарына сәйес өңделген, ғылыми зерттелген тұжырымдама.
Қуат – нақты кезең ішінде жүйеден ең жоғары мүмкін шығу компоненті. Өндірістік қуат өндірістен шығу нормасын анықтайды, яғни календарлы кезең ішінде (апта, ай, жыл) нақты өнім атының (номенклатурасы) ең жоғары мүмкін болатын көлемін өндіруді қарастырады.
Нақты өнімді өндіру мүмкіндігі ретіндегі өндірістік қуат кәсіпорында, оның бөлімшелерінде өндірістік ресурстардың: қондырғылар, персонал, материалдың болуын қамтиды. Өндірістік қуат түсінігінің анықтамасының екі тәсілі бар. Біріншісі бойынша өнімді өндіруге қатысатын өндірістік ресурстардың барлық түрлері есепке алынады, ал екінщісі бойынша – тек өндірістік құрал-жабдықтар мен аудандар. Тәжірибеде кеңінен екінші тәсіл қолданылады.
Кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) өндірістік қуаты – нақты өндірістік ресурстар (өндірістік қондырғылар мен аудандар) жиынтығын тиімді пайдалану арқылы нақты кезең ішінде нақты сандық қатынастар мен номенклатурасы бойынша ең жоғары мүмкін болатын өнім өндірісі.
Өндірістік қуат пен өндірістік бағдарлама арасындағы айырмашылық кәсіпорынның резервімен сипатталады, яғни өндірістік бағдарлама өндірістік қуатты пайдалану дәрежесін көрсетеді.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу үшін төмендегі бастапқы мәліметтер пайдаланылады:
1) қондырғылар саны, құрамы мен техникалық жағдайы және өндірістік аудандар туралы мәліметтер. Есепке негізгі өндірістің барлық қондырғылары алынады (соның ішінде жөндеудегі, бұзылып қалған және модернизациядағы, жұмыс істемейтіндері де есептелінеді);
2) қондырғылар өнімділігінің техникалық нормалары және өндірілетін өнімнің еңбек сыйымдылығы. Жаңадан құрылатын кәсіпорындар үшін қондырғылар өнімділігінің паспорттық нормалары қолданылады, ал әрекеттегі кәсіпорындар үшін – техникалық түсініктемесі бар өнімділік көрсеткіштері қолданылады, олар паспорттық нормалардан төмен болмауы керек;
3) қондырғылар жұмысының уақыт қоры мен кәсіпорын жұмысының тәртібі. Есептеулерде қондырғылар жұмысының ең жоғары мүмкін болатын жоспарлы (тиімді) жылдық уақыт қоры ескеріледі;
4) өндірілетін бұйымдардың номенклатурасы және олардың бағдарламадағы өзара сандық қатынастары. Есептеулерде өндірілетін өнімнің жоспарлы номенклатурасы мен ассортименті (еңбек сыйымдылығы) пайдаланылады. Орташа жылдық қуатты есептеген кезде өнімнің номенклатурасы өзгерісінің есебінен (еңбек сыйымдылығының азаюы мен арытуы) қуаттың арытуы (төмендеуі) толық мөлшерде ескеріледі.
Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 12. Өнімнің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету
1 Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін өсіру жолдары
2 Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі
Сапа – объектінің ішкі анықтылығын сипаттайтын санат. Сапаның экономикалық анықтамасы – объект біздің қажеттіліктерімізді қандай деңгейде қанағаттандыратындығын көрсететін қасиетттер жиынтығы.
Халықаралық стандарттарға сәйкес өнім сапасы – объектінің (қызметтін немесе процестің, өнімнің, қызмет түрінің және т.б.) белгілі бір қажеттеліктерді қанағаттандыратын қабілеттері бар қасиеттер мен сипаттамалар жиынтығы.
Өнім қасиеттері өнімді жасау, пайдалану немесе өндірісте пайдалану кезінде пайда болатын өнімнің объективті ерекшеліктері. Өнім қасиеттері сапа көрсеткіштерімен сипатталады, яғни сапаның құраушысы болып табылатын, өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы.
Сапа көрсеткіштерін бағалауда орындалатын рөлдеріне байланысты екі топқа топтастырылады:
- классификациялық;
- бағалау көрсеткіштері.
Классификациялық көрсеткіштер өнімнің классификация жүйесіндегі бір топқа жататындығын сипаттайды және өнімнің пайдалануын, сол түрінің өлшемін, пайдалану саласын және пайдалану жағдайларын анықтайды. Бүкіл өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдер бір жүйеге келтірілген, кодтық белгілеулері бар. Өнімнің сапасын бағалауда бұл көрсеткіштер ескерілмейді.
Бағалау көрсеткіштері өндіру және пайдалану объектісі ретіндегі өнім сапасын құрайтын қасиеттердің сандық сипаттамасы. Өз алдына бірнеше түрі бар:
- функционалды;
- ресурс жинақтаушы;
- табиғатты қорғау.
Функционалды көрсеткіштер белгіленген қажеттіліктерді қанағаттандырудағы өнімнің функционалды жарамдылығын анықтайтын қасиеттерді сипаттайды. Олар функционалды жарамдылық, беріктілік, эргономикалық, эстетикалық көрсеткіштерді біріктіреді.
Функционалды жарамдылық көрсеткіштері өнімнің техникалық мәнін, өнімнің атқаратын қызметтерін нақты белгіленген жағдайларда (өнімді өз пайдалылығы бойынша пайдалану) орындаудағы қабілеттерді анықтайтын қасиеттерді сипаттайды. Мысалы, оған жататын жеке дара көрсеткіштер – жүк көтергіштік, су өткізбеу қабілеті және кешендік – калориялық, өнімділік және т.б.
Беркітілік көрсеткіші – бастапқы тәртіптер мен пайдалану шарттарын, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, сақату мен тасымалдауды сақату нәтижесінде сапаның мәнді уақыт бойынша сақатудағы өнімнің қабілетін сипаттайды. Беріктіліктің жеке дара көрсеткіштеріне жататындар: жөндеуге жарамдылығы, ұзақ уақыт бойы пайдаланатындығы, сақталатын, қайта жасалынатын көрсеткіштер.
Эргономикалық көрсеткіштер – «адам-өнім-орта» жүйесіндегі өндірістік және тұрмыстық процестерде өнімді пайдалану ыңғайлылығы мен комфорттылығын сипаттайды. Көрсеткіштердің бұл тобына жататындар: гигиеналық, антропометрлік, психологиялық және психофизикалық көрсеткіштер.
Эстетикалық көрсеткіштер - өнімнің адамға деген эстетикалық әсерін сипаттайды және тұтынудың нақты жағдайларындағы тұтынушылар тобының эстетикалық сұраныстарына өнімнің сәйкестік дәрежесін, эстетикалық құндылығын бағалау үшін қолданылады. Келесі көрсеткіштер жатады: көркемді айқындылық көрсеткіші, рационалды (орынды) нысан, композиция бүтіндігі, тауар түрінің тұрақтылығын және өндірістік пайдалылықты жетілдіру көрсеткіші.
Ресурс жинақтаушы көрсеткіштер өнімді өндіру мен оны пайдалануға шығындалатын ресурстар деңгейін анықтайтын қасиеттермен сипатталады. Бұл топқа технологиялық және ресурс пайдалану көрсеткіштері жатады.
Технологиялық көрсеткіштер - өнім өндірісі, өндіру мен оны пайдалануға қажетті уақыт пен шикізат, материалдар, жанармай, энергия, еңбек шығындарының деңгейін анықтайтын қасиетті сиапттайды.
Ресурс пайдалану көрсеткіші - өнімнің тікелей пайдалануындағы материалдар, жанармай, энергия, еңбек пен уақыт шығындарынмен сипатталады.
Табиғатты сақтау көрсеткіштері өнім сапасының көрсеткіші – қоршаған орта мен адамға әсерімен байланысты өнім қасиетін сипаттайды. Ол екі топ көрсеткіштерін – қауіпсіздік және экологиялық біріктіреді.
Қауіпсіздік көрсеткіштері - өнімді пайдалануда, тасымалдауда, сақтау мен қайта өндіруде адам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім ерекшелігімен сипатталады.
Экологиялық көрсеткіштер - өнімді өндіруде, өңдеуде, пайдалануда, сақтауда және қайта өңдеуде қоршаған ортаға деген зиянды әсерін анықтайтын өнім қасиетін сипаттайды.
Сонымен бірге бәсекелестік қабілеттілік көрсеткіші қолданылады. Ол өнім сапасының тұтыну бағасына деген қатынасын сипаттайды. Бұл көрсеткішті бағалау өнім түрін басқа фирманың сәйкес өнім түрін салыстыру арқылы жүргізіледі.
Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 13. Табыс және өндіріс рентабельділігі
1 Табыс – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде
2 Өндіріс рентабелділігі – кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші ретінде
Пайда – кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылады, жалпы түрде өнім бағасы мен оның өзіндік құнының арасындағы айырма арқылы анықталады, ал толықтай кәсіпорын бойынша - өнімді өткізуден түскен түсім мен өткізілген өнімнің өзіндік құны арасындағы айырма ретінді анықталады. Пайда экономикалық категория ретінде кәсіпкерлік қызмет үрдісінде материалдық өндіріс саласында пайда болған таза табысты көрсетеді. Кәсіпорын деңгейінде таза табыс пайда нысанын қамтиды.
Нарықтық қатынастардың басты категориясы ретінде пайда бірнеше қызмет атқарады:
1) пайда – кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіші, яғни пайдасы бар кәсіпорын, оның қызметінің тиімді екендігін куәлендіреді;
2) пайда – түрлі деңгейдегі бюджет табысын қалыптастыру көзі. Ол бюджетке салық түрлері, экономикалық санкциялар арқылы жинақталады және бюджеттің шығыс бөлігінде көрсетілген түрлі мақсаттарға пайдаланылады;
3) пайда – қызметкерлер үшін еңбек жағдайын жақсарту көзі. Кәсіпорынның өз иелігінде қалған, яғни салықтар мен бірінші реттегі төлемдерді және дивидендтарды төлегеннен кейін қалған пайда есебінен қызметкерлерге материалдық сыйақы, әлеуметтік жеңілдіктер төленеді;
4) пайда – өндірілген өнім мен негізгі қорларды жаңарту көздері. Кәсіпорынның иелігінде қалған пайда мөлшерінің негізінде капитал иесі мен менеджерлер кәсіпорынның даму болашағын ескере отыра, кәсіпорын қызметіне қажетті инвестициялық саясат жүргізу туралы шешімдер қабылдайды.
Кәсіпорын пайдасы – оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы, сондықтан оның кәсіпорында қалыптасу механизмін анықтау өте маңызды болып табылады.
Рентабелділік – ресурстарды пайдалану дәрежесін және шығындарды қайтару деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіші.
Рентабелділік көрсеткіштерін есептеу негізінде пайданың (көп жағдайда есепке таза пайда алынады) шығындалған қаржыларға немесе өткізуден түскен түсімге немесе кәсіпорын активтеріне қатынасымен анықталады, яғни кәсіпорын қызметінің тиімділік дәрежесін сипаттайды және оның бірнеше түрлері бар.
Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 14. Кәсіпорын қаржысы
1 Кәсіпорын қаржысы түсінігі және функциялары
2 Кәсіпорынның қаржы ресурстары
Нарықтык экономика жағдайында болатын экономикалық қатынастар жүйесінде қаржы маңызды орын алады. Кәсіпорын қаржысы деп оның қарамағындағы барлық ақша қаражаттар жиынтығын, сондай-ақ оны қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану жүйесін айтамыз.
Кәсіпорынның шаруашылык іс-әрекеті барысында қаржылық карым-қатынастар қалыптасады. Қаржылық қарым-қатынастар төрт топтан кұралады:
өзге кәсіпорын және ұйымдармен;
өзінен жоғары тұратын және бірлесіп жұмыс атқаратын серіктестермен түзілетін кәсіпорын ішіндегі қарым-қатынас;
қаржы-несиелік жүйемен карым-қатынас.
Өзге кәсіпорын және ұйымдармен түзілетін карым-қатынастарға жабдықтаушылармен, сатып алушылармен, кұрылыс-күру және тасымалдау мекемелерімен, өндірістік және әлеуметтік инфракұрылым кәсіпорындары және шетел кәсіпорындары арасындағы қарым-қатынастар кіреді. Көлемі жағынан өте көп акша айналымдарына кәсіпорындардың бір-бірімен өзара іске асыратын операциялары кезіндс шаруашылык іс-әрекетті ұйымдастыруға кажетті материалдык кұндылықтар сатып алумен және дайын өнімді сатумен байланысты кажетті акша айналымдары жатады. Мұндай операцияларды ұйымдастыру тікелей түрде кәсіпорын іс-әрекетінің қаржылық нәтижесіне әсер етеді.
Кәсіпорынішілік қаржылык қарым-қатынастарға кәсіпорынның ішкі бөлімшелері арасындағы қаржылық операциялар кіреді. Бөлімшеаралық қатынастар бекітілген басқару жүйесі мен ішкі коммерциялық есеп жүйесіне негізделеді. Олардың қабылдаған міндеттемелердін орындалуы үшін материалдық жауапкершілік пен ынталандырудың тиімді тетігін құруға арналған.
Қаржы-несиелік жүйемен қарым-қатынас әрқилы болып келеді. Ең алдымен, бұл әр деңгейлі бюджеттермен, сақтандыру жүйесімен, бюджеттен тыс қорлар мен несие беру мекемелерімен болатын қарым-қатынас.
Кәсіпорынның каржылық іс-әрскеті дербес құрылымдық бөлімшесі қаржы бөлімімен жүзеге асырылады. Қаржы белімінің бастығы тікелей кәсіпорын басшысына бағынады. Қаржы бөлімінің жұмысында пайданы бөлу, өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселелері маңызды орын алады. Осыған байланысты, қаржы бөлімінің міндетіне мыналар кіреді:
Өндірістік және әлеуметтік дамуға қажетті қаржы ресурстарын құру, пайданы үлғайту, табыстылықты арттыру.
Қаржылық жоспарында көрсетілген бюджет, материал мен жабдықтаушылар, акционерлер алдындағ, сондай-ак басқа да қаржылық міндеттемелерді орындау және есеп айырысуды ұйымдастыру.
Өндірістік корлар мен инвестицияларды неғүрлым тиімді жолмен пайдалануға көмек көрсету.
Қаржылык, иесиелік және кассалық (қазынагерлік) жоспар әзірлеу.
5. Қорларды тиімді пайдалану, мсншікті айналмалы капитал мөлшерін экомикалық түрқыдан негізделген нормативтерге жеткізу жоніндегңі іс-шаралар кешенін жобалау, айналмалы капиталдың айналымдылығын жеделдетуді қамтамасыз ету, қаржы ресурстарының дүрыс пайдаланылуын қадағалау.
6. Дайын өнім үшін есеп айырысуды тиімді түрде ұйымдастыру және өнім сату жоспарынын орындалуын, түсетін пайданы үздіксіз қадагалап отыру және басқа да міндсттер.
Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайында қиын күйде қалып отыр (өндіріске қажетті капиталдың тапшылығы, несиелік мөлшерлемелердің тым жоқары болуы, төлемдердін дер кезінде өтелмеуі жэне т.б.), сол себепті дәл қазір кісіпорынның қаржылық күйін нығайту басты міндет болып табылады.
Кәсіпорынның қаржысын тұрақтандырудың негізгі жолдары пайдаланымдағы ақша қаражаттарын оңтайландырумен және олардың тапшылығын жоюмен байланысты каржылык жұмыстарды жетілдірудің басты бағыттары келесі болып саналады:
Кәсіпорынның іс-әрекетін ұдайы әрі жүйелі түрде талдау.
Кәсіпорынның стратегиялык қаржы саясатын эзірлеу
жэне оны іске асыру.
Кәсіпорында қаржылык жоспарлаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру.
Кәсіпорыннын мүліктік құрылымын және олардың құралу көздерін оңтайландыру арқылы нәтижесі томен теңдестік құрылымының орын алуына жол бермеу.
Пайданы пайдалануды оңтайландыру және неғұрлым тиімді дивиденд саясатын таңдау.
Бухгалтерлік есеп жүйесін қаржыны басқару міндеттеріне қарай беймідеу
Қаржы ресурстары көздерін ынтайландыру мақсатыида
несие бсруіпілер мен инвесторларман қарым-қатынасты дамыту
Кәсіпорын шығындарын оңтайландыру.
Кәсіпорынның іс-әрекетін кешенді түрде жан-жақты талдап. Кәсіпорынның мақсатын орындауға бағдарланған бірыңгай, кешенді даму стратегиясына сәйкес кәсіпорын жумысын ұйымдастырған жағдайда ғана жоғарыда айтылған түйткіл мәселелерді шешу мүмкін болады.
Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Достарыңызбен бөлісу: |