Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 3. Өндіріс факторлары арақатнасы теориясы
1 Халықаралық сауданы талдаудың неоклассикалық әдіснамасы.
2 Хекшер-Олин моделі. Өндіріс факторлары мен абсолюттік және салыстырмалы түрде қамтамасыз етілу. Өндіріс факторларының салыстырмалы бағалары және тауар өндірісінің шығындары. Хекшер – Олин моделіндегі негізгі ерекшеліктер.
Халықаралық сауданы талдаудың неоклассикалық әдіснамсы. XIX ғасырда еңбек теориясы әр түрлі өндіріс факторлар теорияларымен ығыстырыла бастағаннан бері, классикалық мектептің негізін қалаушылардың ізбасарлары - экономист-неоклассиктер халықаралық сауданы да өндіріс факторлар теориясы арқылы түсіндіре бастады. Бірақ халықаралық сауда теориясында шынайы жаңалықты тек ХХғ. 20-жылдары ортасында экономист-неоклассиктер - швед экономисі Эли Хекшер мен оның шәкірті Бертил Олин енгізді. Ол кейін Хекшер-Олин теориясы деп аталған, халықаралық сауданың тізбектелген теориясын құрды.
Өндіріс факторларының арақатынасы өндіріс факторларына, рынок, өндіріс және тауарлар сипатына қатысты көптеген жорамалдарға негізделген. Оның басым бөлігі абсолютті және салыстырмалы теориялардағы жорамалдарға ұқсас. Айырмашылығы мынада: өндіріс факторларының арақатынасы, бұрынғыдай, тек к,ана 2 елдің (1 ел және 2 ел) және тек қана 2 таңардың (бірі -еңбекті, екіншісі - капиталды көп қажет етеді), бір емес екі өндіріс факторының (еңбек - L капитал К) өмір сүруінен пайда болады. Одан кейін әрбір ел түрлі дәрежеде өндіріс факторларына ие болды. Еңбек теориясы бұл жерде жоққа шығарылмайды, қайта құнды қалыптастыруға еңбектен басқа да өндірістің факторлары қатысады деген оймен толықтырылады. Елдердің бір тауарға мамандануы мүмкін емес және елдердің технологиялары бірдей деп алынған. Сөйтіп, өндіріс факторларының арақатынасы теориясының маңызды шарттары болып жекелеген тауарлардың түрлі фактор интенсивтілігі ( бір тауар - еңбекті, екіншісі - капиталды көп қажет етеді) және фактор толықтылығы ( бір елде салыстырмалы түрде капитал көп, екіншісінде - аз) енді.
Факторинтенсивтілік дегеніміз - белгілі бір тауар өндіріс шығынындағы әр түрлі факторлардың салыстырмалы шығындары.
Егерде белгілі бір тауардың бір данасын өндіруге екінші тауарға қарағанда капитал көбірек жұмсалатын болса, бірінші тауар капитал сыйымды болып саналады.
Фактортолықтылыққа - елдің өндіріс факторларымен салыстырмалы қамтамасыз етілгендігін анықтайтын көрсеткіш жатады.
Фактортолықтылық екі әдіспен анықталады: әрбір фактордың салыстырмалы бағасы және өндіріс факторларының абсолютті көрсеткіші. 2-і ел капиталмен салыстырмалы түрде қамтамасыз етілген, өйткені онда капитал бағасы мен еңбек бағасының арақатынасы 1-і елге қарағанда төмен, яғни 2-і елде 1-і елге Қарағанда капитал арзанырақ болды.
Әдетте, капиталдың бағасы - пайыз қойылымы, ал еңбектің бағасы - жалақы болып саналады, Әңгіме, факторинтенсивтілігіндегідей, өндірістің абсолютті емес, салыстырмалы көрсеткіштері туралы болып отыр,
Егер фактортолықтылықты өндіріс факторларының абсолютті көлемі арқылы анықтасақ, онда 2-і елдегі капиталдың (Т) жалпы көлемінің жұмыс күшінің жалпы көлеміне қатынасы 1-і елдегіге қарағанда жоғары болатын жағдайда, 2-і ел капиталға бай болып есептеледі.
Фактортолықтылықтың бірінші анықтамасы рынок тепе-теңдігінің екі жағы - ұсыныс пен сұранысты есепке ала жасалған, өйткені, анықтама ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдігі нәтижесі болатын өндіріс факторларының бағасы арқылы беріледі. Өндіріс факторларының бағасы оларды түрлі елде пайдалану мүмкіндігінің дәрежесін анықтап, оның технологиялық даму деңгейін көрсетеді. Екінші анықтама тек ұсынысты есептеп, сұранысқа көңіл бөлмейді. Ал сұраныс бұл жерде өте маңызды, өйткені дайын өнімге деген сұранысқа байланысты оларды өндіруге қажетті өндіріс факторларына сұранысты шығаруға болады.
Сурет 1. Өндіріс факторларымен әр түрлі деңгейде қамтылған елдердің өндірістік мүмкіндіктерінің шекарасы
Сөйтіп, айтылып жатқан тәсілге сәйкес, 2-і елдің капиталы көп, ал 2-і тауар капиталды көп қажет ететін болғандықтан, 2-і ел 1-і елге қарағанда 2-і тауарды салыстырмалы түрде көп шығара алады. Ал 1-і елдің еңбек күші көп, ал 1-і тауар еңбекті көп қажет еткендіктен, 1-і ел 2-і елге қарағанда 1-і тауарды көбірек шығара алады. Сондықтан екі елдің 1-і және 2-і тауар бойынша өндірістік мүмкіндіктер шекарасы графигі 1 суретінде көрсетілген. Графиктен көріп отырғанымыздай, 1-і елдің еңбек күші көп, ал 1-і тауар еңбекті көп қажет еткендіктен өндірістік мүмкіндіктер шекарасы 1-і тауар көлденең осьқа жақын орналасады. Бұл жағдай осы 2-і ел мен 2-і тауар үшін де әділ болады. 2-і тауардың өндірістік мүмкіндіктер шекарасы тік осіне жақын орналасады.
2. Хекшер- Олин моделі. Халықаралық сауданың негізі ретінде өндірістік факторлармен түрлі қамтамасыз етілу теориясын бір-бірімен байланысқан екі теорема: Хекшер-Олин және өндіріс факторларына бағаның теңесу теориясы арқылы көрсетуге болады.
Хекшер-Олин теоремасы бойынша - әрбір ел салыстырмалы мол мөлшердегі өндірістік факторды қолданып өндірген тауарды экспортқа шығарып, өндіру үшін өндірістік факторлар жетіспеушілігі байкалған тауарларды импорттайды.
Жоғарыда көрсетілген арақатынастарға сүйеніп, 1-і ел салыстырмалы түрде еңбекті көп қажет ететін 1 -і тауарды өндіреді және экспорттайды, ал 2-і ел капитал молдығына байланысты көп капиталды қажет ететін 2-і тауарды өндіріп, экспорттайды.
Сөйтіп, Хекшер-Олин теориясы классикалық салыстырмалы артықшылықтар теориясынан бір қадам алға басты. Ол сауданың салыстырмалы артықшылықтарға негізделгенін мойындап қана коймай, оның себебі - елдердің өндірістік факторлармен әр түрлі деңгейде қамтамасыз етілгендігінен екенін анықтады. Тауарларға әр түрлі елдердегі салыстырмалы бағалар айырмашылығы және олардың арасындағы сауда әр елдің өндіріс факторларымен әр түрлі деңгейде қамтамасыз етілгендігімен түсіндіріледі.
Теореманы көрсету мен дәлелдеу үшін графиктерге зер салайық ( 2 сурет, а,б). Жасалған шарттарға сәйкес теорема екі елде де тұтынушылар талғамы бірдей немесе ұқсас деп алынды.
Сурет 2. Хекшер-Олин
Бірақ теорияда әрбір ел тұтынушылар талғамы қатты ерекшеленіп, талғаусыздық қисықтары ешқашан жанаспайтын жағдай болуы мүмкін. Ол кезде Хекшер-Олин теоремасы іске аспайды. Ол екі елдегі тұтынушылар талғамы абсолютті бірдей болып, бір талғаусыздық қисығына жатуын талап етпейді. Ол тек бұл талғамдардың қатты өзгешеленбей бір-бірінен толық оңашаланып, өзара саудаға ынтасы жойылып қалмауын болжамдайды. Сонда да тұтынушылар талғамы екі елде бірдей болып, тұтынушыға бірдей пайдалылық деңгейін қамтамасыз ететін екі тауардың талғаусыздық қисығын анықтайтын арақатынасы екі елге де бірдей болады деп болжам жасайық (2 сурет).
Ол 1-і елдің А нүктесінде, 2-і елдің А' нүктесінде өндірістік мүмкіндік қисығымен шектеседі. Сөйтіп I талғаусыздық қисығы және А, А' нүктелері әрбір елдің сауда жоқ кезіңдегі максималды мүмкін өндіріс пен тұтыну көлемдерін көрсетеді. Ал жанама тік сызықтар 1-і және 2-і елдегі 1-і, 2-і тауардың салыстырмалы бағаларын анықтайды, өйткені, графиктен көріп отырғанымыздай, Р Р' болып, 1-і ел 1-і тауарды өндіруде екінші ел 2-і тауарды өндіруде салыстырмалы артықшылыққа ие болады.
Сауданы дамыту барысында, еңбек күші мол 1-і ел еңбекті көп қажет ететін 1-і тауарға, ал капиталы мол 2-і ел - капиталды көп қажет ететін 2-і тауарға маманданады. Бұл жерде өндіру мен тұтыну көлемдерін көрсететін нүктелер, 1-і елде А дан В-ға, 2-і елде А' дан В'-ға жылжиды. Елдердің мамандануы елдер салыстырмалы әлемдік баға Р-ның жалпы деңгейіне жеткенге дейін жүреді. Салыстырмалы әлемдік баға Р екі елдің сауда жүргенге дейінгі ішкі салыстрмалы бағалары арасында орналасады Р<Рw<Р'. График жүзінде ол екі елдің өндірістік мүмкіндіктер шекараларына және жаңа талғаусыздық қысығы П жанама болады да, ол талғаусыздық қисығы 1-ші жоғары тұрған тұтынудың жалпы өсуін көрсетеді. 1-і ел 1-і тауарды ВС көлемінде экспорттап, СЕ көлемінде 2-і елдің 2-і тауарын импорттайды да, ұсыныс пен сұраныстың теңдігі Б нүктесінде болады. 2-і ел В'С көлемінде 2-і тауарды экспорттап, С'Е' көлемінде 1-і елдің 1-і тауарын импорттап, Е нүктесінде ұсыныс пен сұраныстың тепе-теңдігіне келеді. Осыдан көріп отырғанымыздай, 1-і елдің 1-і тауардың экспорты 2-і ел импортымен теңеседі.
Е нүктесі А нүктесімен салыстырғанда "өзінің" 1-і тауарды азырақ, ал "бөтен" 2-і тауарды көбірек тұтынуды көрсеткенге қарамастан, сауда нәтижесінде оның жаңа талғаусыздық қисығы жоғары көтеріліп, тұтынудың ұлғайғанын көрсетеді. Сондай жағдай екінші елде де қалыптасады. Екі ел де саудадан пайда тапты. Өйткені талғамсыздық қисықтары (П) графикте жоғары кетеріледі.
Сөйтіп өндіріс факторларының салыстырмалы құндылығындағы айырмашылық, сауда жоқ жағдайдағы салыстырмалы бағаларындағы айырмашылықтын себебі болады. Ол өз кезегінде сыртқы сауданың алғышарты болады. Сыртқы сауда басталысымен мемлекет өндіру үшін салыстырмалы мол өндіріс факторлы факторинтенсивті тауарларды экспорттап, өндіріс факторлы салыстырмалы жетіспеушілігі бар тауарларды импорттайды. Еңбек күші мол 1-і елдің еңбекті көп қажет ететін 1-і тауарды экспорттауы мен капиталы мол 2-і елдің капиталды көп қажет ететін 2-і тауарды импорттауы нәтижесінде екі ел де екі тауардың тұтынуының жоғарылауын қамтамасыз етті.
Осы тұтынудың өсуі екі елде де мол өндіріс факторлар иелеріне бағытталып, саудадан пайда алуына әкелді. Ал жетіспейтін факторлар иелері өз елдерінде ұтылысқа ие болды.
Өндіріс факторларының арақатынасы теориясын эмперикалық тексеру және олардың шектеулілігі мәселесі.
Сауда нәтижесінде саудаланатын тауарлардың салыстырмалы бағаларының жақындау тенденциясы байқалады. Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды: егер де еңбекті көп қажет ететін тауардың бағасы өзгерсе, осы тауарды өндіретін еңбек күші мол елде еңбектің бағасы өзгере ме? Егер сауда нәтижесінде капиталы мол елдегі капиталды көп қажет ететін тауар бағасы өзгерсе, капитал бағасы қалай өзгереді?
Бұл сұраққа американ экономисі Пол Самуэльсон жауап берді. Хекшер-Олин теоремасының алғышарттарының дәлдігінен шыққан дәлелденген теоремасы өндіріс факторлар бағасының теңелу теоремасы немесе Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы деп аталады.
Өндіріс факторларына бағалардың тенестірілу теоремасы (Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы) - халықаралық сауда саудаласатын елдердегі өндірістің гомогенді факторларына абсолютті және салыстырмалы бағалардың теңестірілуіне алып келеді.
Қарапайым сөзбен айтқанда, сауда нәтижесінде тауарлардың салыстырмалы бағаларының теңестірілуі тауарды өндіруге қажетті өндіріс факторларының салыстырмалы бағаларының теңестірілуіне әкеледі. Капитал гомогендігі дегеніміз - капиталдың бірдей өнімділігімен, қатерлігімен, тәуекелдігімен сипатталып, ал еңбек гомогендігі - еңбектің бірдей дайындық, білім және өнімділік Деңгейімен сипатталады. Берілген теореманың әділдігі Хекшер-Олин берілген шарттарын толық ұстануды қажет етеді.
Сөйтіп, сауда нәтижесінде, жалақысы темен болған 1-і елде ол жоғарылайды, ал жалақысы жоғары болған 2-і елде ол төмендейді. Соған сәйкес салыстырмалы пайыздың қойылымы жоғары болған 1-і елде ол төмендейді, 2-і елде ол жоғарлайды. Сондыктан елдер арасында факторлар бағасының айырмашылығы қысқарады. Халықаралық тауарлар саудасы өзінің өндіріс фактор құнына кері әсерімен бағалардың теңелуінің орнын басады. Ол өндіріс факторлар ауысуы нәтижесінде жүзеге асырылуы мүмкін еді, бірақ жасалған шарттарға сәйкес өндіріс факторлары ауыса алмайды. Теория жүзінде халықаралық сауда өндіріс факторларының салыстырмалы бағаларындағы айырмашылық болғанға дейін дами береді. Егер де елдер арасында салыстырмалы бағалар үйлескен болса, өндіріс факторларының салыстырмалы бағалары да үйлестірілген болады.
Хекшер-Олин-Самуэльсон қорытындыларын қолдамаған атақты зерттеуді 1953 жылы американдық орыс Василий Леоньтев жариялады.
Леонтьев Хекшер-Олин теориясының шарттары іс жүзінде сақталмайтындығын көрсетті. Екінші дүнеижүзілік соғыстан кейін АҚШ ең бай және капиталы мол, басқа мемлекеттермен салыстырғанда еңбек жалақысы жоғары ел болып саналған, сондықтан теорияға сәйкес, ол капиталды көп қажет ететін тауарларды экспорттауы керек еді. Бұл гипотезаны тексеру үшін, Леонтьев құны 1 млн. доллар болатын экспорт тауары мен онымен бәсекелесетін жергілікті тауарларды өндіруге қажетті еңбек күші мен капитал мөлшерін есептеді. Әрбір өндірістің саласында бір өнім данасына еңбек пен капитал шығынын санады. Ол тек автомобиль сияқты дайын өніммен шектелмей, аралық өнімдерге (болат.әйнек, резина) де сәйкес есептеулерді жүргізді. Одан кейін АҚШ-ң 1947 жылғы экспорт құрылымың пайдаланып, 1 млн. долларға тең экспорт тауарларын өндіруге қажетті капитал мен еңбек шығындарының арақатынасын есептеді. АҚШ-та өндірілмейтін тауарларды өндіруге қажетті капитал мен еңбек шығындарының арақатынасын есептеді.
Іс жүзінде ол бір американдық импортты (К/L)im өндіруге қажетті еңбек пен капитал арақатынасын, бір американдық экспорт (К/L)х өндіруге қажетті еңбек пен капитал арақатынасымен салыстырды. Осы "Леонтьев статистикасы" деп аталған арақатынасқа сәйкес, егер (К/L)im/(К/L)х<1 мемлекет капиталы мол болып, орындалса саналады. Мемлекет (К/L)im/(К/L)х>1 орындалса еңбек күші мол болып саналады.
Леонтьев, Хекшер-Олин теориясына сәйкес американдық экспорттық тауарлар импорттың орнын басатын американдық тауарларға карағанда, бір жұмысшыға көп капиталды қажет ететіндігін көрсетеді деп күткен еді. Алынған нәтиже оған қарама-қарсы болды, американдық импорттың капитал сыйымдылығы экспорттан 30 % асып түсіп, ол АҚШ капиталы мол ел емесі екендігін білдіріп, керісінше еңбек күші мол ел екенін көрсетті. Бұл теориядағы түсініктерге толық қайшы келді.
Екінші дүниежүзілік соғыс статистикалық мәліметтерге көп бұрмалау енгізді деп есептеп, Леонтьев 1951 жылдың деректері бойынша есептеулерін қайта жүргізді. Нәтижесінде американдық импорт экспортпен салыстырғанда тағы да 6% капиталды көп қажет ететіндігі шықты. Леоньтевтің ізбасарлары бәрін 1962 жыл бойынша есептеп шықты. Олар күтпеген нәтижелерге жетті: американдық импорт экспортқа қарағанда 27%-ға капиталды көп қажет етті. Басқа елдер үшін де есептеулер жүргізілді. Жапония 50-жылдары айқын еңбек күші мол ел болғанымен, экспортқа капиталды көп қажет ететін тауарлар шығарды. Мол еңбек ресурстары бар. Үндістан негізінен еңбекті көп қажет ететін тауарларды экспорттаса да, АҚШ-қа жіберілген экспорт капиталды көп қажет ететін болып шықты .
Леонтьев парадоксы - Хекшер-Олиннің өндіріс факторлар арақатынасы теориясының іс-жүзінде расталмағаны: енбек күші мол елдер капиталды көп қажет өнімді, ал капиталы мол елдер - еңбекті көп қажет ететін өнімді экспорттады.
Парадокстың түсіндірілуі
Жұмысшы күшін маманданған және маманданбаған топтарға
бөлу және экспорт тауарлар өндірісіндегі шығындар үлесін
жекелеген топтарға бөліп есептеу қажет. Американдық ғалым
Дональд Кисинг 1966 жылы жарияланған зерттеуінде еңбек күшін
мамандық деңгейіне байланысты 8 топқа бөліп, АҚШ-та маманданған жұмысшы күшінің салыстырмалы молдығы мен маманданбаған жұмысшы күшінің жетіспеушілігін дәлелдеді. Сондықтан АҚШ маманданған еңбек өнімін экспортқа шығарады, ал оны дайындау мен оқытудың шығынын есептесе, капитал ретінде санауға болады.
АҚШ өндіруге көп капиталды қажет ететін шикізаттың көп
мөлшерін импорттайды. Сондықтан, егер экспорттық тауарлар
капиталды көп к.ажет ететін шикізаттың көп мөлшерін қажет етсе,
бұл американдық экспортқа капиталды көп қажет еткізеді.
Американдық Джеймс Хартигэн бастаған бір топ ғалымдар
Леонтьев есептеулерін сол жылдар негізінде қайта жасады. Бірақ капиталды көп қажет ететін шикізатқа қатты тәуелді салаларды алып тастады. Парадокс жойылып, Хекшер-Олин теориясы расталды.
Леонтьевтің тесті американдық импорттық тарифті есепке
алмады. Ол болса американ өндірісінің еңбекті қажет ететін салаларын шет ел бәсекелестерінен қорғау үшін енгізілген еді. 1971 жылы американ экономисі Роберт Бэлдвин қайта жасаған есептеулері, тариф факторын алып тастау Леонтьев парадоксін 5%-ға азайтса да, толық жоя алмады.
Американдық тұтынушылар талғамы дәстүрлі түрде капиталды көп қажет ететін технология өнімдеріне бағытталған. Өзі капиталы мол ел болса да, өнімдерді шет елден сатып алатын еді. Бұл іс-жүзінде Хекшер-Олин теориясының алғышарттарының біреуін және халықаралық сауданы өндіріс факторлар арақатынасы емес, басқа себептермен түсіндірілуін жоққа шығарғанын көрсетеді.
Өндіріс факторларының екі жақтылығы: бір тауар еңбек күші мол елде еңбекті көп қажет ететін, капиталы мол елде капиталды
көп қажет ететін тауар болуы мүмкін. Ол өндіріс факторларының
орнын басу мүмкіндігі жоғары жағдайларда болады. Мысалға, капиталы мол АҚШ-ғы өндірілген күріш, алдыңғы қатарлы технология көмегімен өндірілгендіктен капиталды көп қажет ететін тауар болады.
Ал еңбек күші мол Вьетнамда өндірілген сол күріш, тек ауыр енбек негізінде өндірілгендіктен, еңбекті көп қажет ететін тауар болып саналады.
Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 4. Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік
1 Халықаралық сауда теориясындағы сұраныс пен ұсынысты оқудың мәнісі. Ф. Эджуорт пен Г. Хэберлердің халықаралық сауда теориясына қосқан үлесі.
2 Халықаралық сауданың стандартты түрі: алмастырулардың өскелең шығындары, трансформацияның шектеулі деңгейі және алмастырулардың шекті деңгейі. Стандартты модельдің негізгі белгілері.
Неоклассикалық ұсыныс пен сұраныс балансының постулаттарына негізделген халықаралық сауданың стандартты моделі көптеген неоклассик экономистерінің қоғамдық жалпылама сұранысына көңіл шоғырландырған зерттеулерінің қорытынды нәтижесі болды. Стандартты модельде қолданылатын негізгі ұғымдарды әр түрлі жылдары ирланд экономисі Фрэнсис Эджуор мен американ экономисі австралиялық Готтфрид Хэберлер қалыптастырды.
Классикалық модельдерде шектелген нақты тауарлар шеңберіндегі ұсыныс пен сұраныс қарастырылған. Стандартты модель оны жиынтық ұсыныс пен сұранысқа дейін кеңейтті. Жеңіл түсіну үшін бұрынғыдай екі ел (I мен II) және екі-ақ тауар (I мен II) бар деп алынған. Салыстырмалы артықшылықтар моделінде тұрақты орнын басу шығындары шарттарындағы жағдайды қарастырды, Графикте өндірістік мүмкіндіктер шекаралары түзу сызық болып, 2-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін 1-і тауардың тұрақты мөлшерінен бас тарту қажет екенін көрсеткен. Бұл жағдай елдің өзінің салыстырмалы артықшылыққа не тауарға маманданып, салыстырмалы артықшылық басқа елде болған тауар өндірісінен бас тартуын білдіреді. Көріп отырғанымыздай, бұл экстремалды жағдай стандартты модель үшін жекелеген жағдай ғана болып табылады Стандартты модель орнын басу шығындары мен жалпы экономикалық теориядан белгілі бар экономикалық жағдайларға сәйкес келетін заңдылықтар өсуінің алғышарттарына негізделген.
Орнын басу шығындарының өсуі 2-і тауардың әрбір қосымша бірлігін өндіру үшін 1 тауардың тұрақты емес, қосымша мөлшерінен бас тарту керектігін білдіреді.
Елдер бір-бірімен саудаға түскенге дейін баланс шекті трансформация деңгейі (ұсыныс) мен шекті орнын басу деңгейініі (сұраныс) өзара әрекеті жолымен қалыптасады.
1 -і елдің өндірістік мүмкіндер к.исығы орнын басу шекті деңгейінің 1-і қисығы елдің максималды қажеттіктері өтелетін А нүктесінде жанасады. Ел өзі өндіретін 1-і және 2-і тауардың максималды мөлшерін тұтынады. 2-і елдің өндірістік мүмкіндіктер кисығы орнын басу шекті деңгейі І-і кисығы осы елдің 1-і және 2-і тауардың максималды мелшерін тұтынуды керсететін А1 нүктесінде жанасады. 1-і елдегі 1-і тауардың салыстырмалы бағасы графикте А нүктесі арқылы өтетін түзумен көрсетіліп, ол 2-і тауардың 1/4 бөлігін кұрайды. Ал.2-І елдегі 1-і тауардың салыстырмалы бағасы графикте А1 нүктесі арқылы өтетін түзумен көрсетіліп, 2-і тауардың 4 бөлігін құрайды. Р/А<Р/А1 болғандықтан, 1-і ел 1-і тауар, ал 2-і ел 2-і тауар бойынша салыстырмалы басымдылыққа ие болады. 1-і мен 2-і елдің максималды өндіріс көлемі А және А1 нүктелерінде жетеді.
Стандартты модель төмендегідей белгілермен сипатталады:
• әр түрлі тауарлардың шығарылу арақатынасын көрсететін
өндірістік мүмкіндіктер қисығы әр түрлі елдерде өзгеше болып,
оларды бір-бірімен сауда жасауға итермелейді.
егер қисықтар сәйкес келіп, басқаша айтқанда тауар шығарылу арақатынасы екі елде бірдей болса, онда сауда өте жақын елдерде сәйкес келмейтін тұтынушылардың талғауындағы ерекшеліктеріне негізделеді;
ұсыныс трансформацияның шекті деңгей қисығымен, ал
сұраныс орын басудың шекті деңгейінің қисығымен анықталады;
халықаралық сауда пайдаланатын тепе-теңдік баға
салыстырмалы әлемдік сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен
анықталады.
Елдер өзара сауда қатынастарға түскенге дейін, баланс трансформациясының шекті деңгейі (ұсыныс) мен орын басудың шекті деңгейі (сұраныс) өзара әсер жолымен анықталады (2.6 сурет) 1-і елдің өндірістік мүмкіндіктер қисығы орын басудың шекті деңгейінің І-і қисығы елдің максималды қажеттіктері өтелетін А нүктесінде жанасып, ел өзі өндіретін 1-і және 2-і тауардың максималды тұтыну мөлшерін көрсетеді. Екінші елдің өндірістік мүмкіндіктер қисығы орын басудың шекті деңгейінің І-і қисығы А1 нүктесінде жанасып, осы елдің 1-і және 2-і тауардың тұтыну мүмкіндігінің максималды мөлшерін көрсетеді. Айта кететін жағдай, талғаусыздық қисықтары бір-бірімен қиылыспайды, ал елдер сауда жоқ жағдайда жоғары талғаусыздық қисығына жете алмайды, сондықтан бұлелдерде қажеттіліктерді максималды қанағаттандырудың тек бір нүктесі
бар.
Сурет 1. Сауда жағдайындағы баланс
Өндірістік мүмкіндіктер қисығы мен орын басудың шекті деңгейінің қисығының әр елдегі конфигурациясы әр түрлі болғандықтан, 1 -і және 2-і тауардың А және А1 нүктелерінде салыстырмалы бағалардың да өзгешеленетіні айқын. 1-і елдегі 1-і тауардың А нүктесінен өтетін түзу сызық арқылы тепе-тең салыстырмалы бағасы көрсетіліп, 2-і тауардың 1/4 бөлігін құрайды.
Ра= Р1/Р2=1/4
Осы 1-і тауардың 2-і елдегі салыстырмалы бағасы А1 нүктесі арқылы көрсетіліп, 2-і тауардың 4 данасын құрайды.
Р= Р1/Р2=4
Ра<Ра1 болғандықтан 1-і ел 1-і тауар бойынша, ал 2-і ел 2-і тауар бойынша салыстырмалы артықшылыққа ие болады. (+) (1-і және 2-і елдің) өндірістік максималды көлемі (V) А және А1 нүктесінде жетіп, 1-і және 2-і тауардың көлемі Q1 және Q2 болып көрсетеледі.
Р1х Q1+ Р2х Q2= V
Сауда жағдайындағы баланс
Сауда басталысымен 1-і ел 1-і тауардан салыстырмалы артықшылыққа ие болғандықтан соған маманданып, оның өндіріс көлемін ұлғайтып, 2-і тауар өндірісін қысқартады. Сондықтан өндірістік мүмкіндіктер қисығының А нүктесі сызық бағыты бойынша жылжиды. 2-і ел 2-і тауардан салыстырмалы артықшылыққа ие болғандықтан, оның өндіріс көлемін ұлғайтып, 1-і тауар өндірісін қысқартады. Оның өндірістік мүмкіндіктер қисығы А1 нүктесінен сызықпен жоғары жылжиды. (2.7. сурет). Бұл процесс екі елде салыстырмалы бағалар теңелмегенше жүріп отырады. Жаңа салыстырмалы баға Ра=1/4 пен Ра1 =4 арасында болып, 1-і елдің В нүктесі мен 2-і елдің В1 нүктесі арқылы өтіп, Рв=Рв1=1-ге тең болады. Осымен салыстырмалы артықшылық теориясы бітеді. Стандартты модель орнын басу шығындарының өсуін есепке ала отырып өзгертілген интерпретацияны ғана ұсынады.
Одан ары қарай сұранысты талдау элементі енгізіледі. Тепе-теңдік экономикада тауардың тұтыну көлемі оның өндірісіне тең болуы керек, графикте олар қиылысуы кажет екені белгілі. Егер Д1 мен Д2 -1-і мен 2-і тауардың тұтынуы болса, онда
Р1хД1+Р2Д2=Р1Q1х Р2х Q2= V
1-і ел 1-і тауардың 60 данасын артық өндіріп, оны 2-і елге экспорттап (ВС векторы), 2-і елде 2-і тауардың 60 данасын сатып алады (СЕ векторы). 2-і ел 2-і тауардың 60 данасын артық шығарып 1 елге экспорттайды (В1 С1 векторы) да, 1-і елден 1-і тауардың 60 данасын сатып алады. (С1Е1 векторы). Осының нәтижесінде ұсынысты сипаттайтын орын басу шекті деңгейінің қисығы 1 елде II1 деңгейге ауысып, 1 елдің 1 және 2 тауарлардың 20 -даналарынан, көп тұтынатын Е1 нүктесіндегі салыстырмалы тепе-тең бағасының түзуімен жанасады. Сөйтіп ІІ1-і қисық І-і қисығынан жоғары тұрғандықтан 1-і елдің 2-і тауарды тұтынудағы мүмкіндіктері өсе түсті. Осындай жағдай 2-і елде болады да II1 қисығы I1 қисығынан жоғары болып, екі тауарды тұтыну мүмкіндіктері өсе түседі. Сауда нәтижесінде, салыстырмалы артықшылық моделіне қарағанда, елдердің толық мамандануы жүзеге аспайды. Бұл орнын басу шығындарының өсе түсуінің нәтижесі. 1 -і ел 2-і тауардың бір мөлшерін өндіре береді, ал 2-і ел 1-і тауардың белгілі бір мөлшерін өндіреді. Өзара саудадағы тепе-теңдік баға, әр елдің иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға мамандануына дейін қалыптасады. Өзара саудадағы тепе-теңдік баға орнағаннан кейін, одан әрі қарай әр елдің мамандануының экономикалық тиімділігі жоғалады, өйткені орнын басу шығындарының өсе түсуі шет елден сатып алғаннан гөрі қымбатқа түсетін болады. 2.7. суретте тепе-теңдік баға РВРВ'=1 мағынасында елдердің толық мамандануға жеткенге дейін қалыптасты, өндіріс нүктесі толық мамандану бағытына қарай жылжығанымен, оған жетпей, ол 1-і елдің көлденең осі мен 2-і елдін тік осіне сәйкес келеді.
Саудадан алынатын ұтыс
Саудадан қандай да бір пайда алғанда ғана әрбір ел үшін оның маңызы бар. Өзінің құрылымы бойынша ол айырбастан алынған ұтыс пен маманданудан алынған ұтыстан тұрады.
Айырбастан алынған ұтыс - елдің басқа елдермен сауда қатынастарына түскенінен алынған артықшылық.
Мысалымызды ары қарай қарастырайық. 1-і ел 2-і елмен саудаға түскеннен кейін де 1-і тауарға маманданғысы келмейді немесе қандай да бір себептермен жүзеге асыра алмайды деп болжамдайық. Ол 1-і тауарды өндірістік мүмкіндіктер қисығының А нүктесінде анықталған көлемдерде өндіре береді (2.8 сурет). Бірақ әлемдік салыстырмалы баға елдің ішкі салыстырмалы бағасындай 1/4 емес, 1-і ге тең болады. Сөйтіп, маманданусыз-ақ оның біршама бағалық қоры болады. Сондықтан, ол әлемдік баға бойынша 1-і тауардың 20 данасын сатып, 2-і тауардың 20 данасын маманданусыз-ақ сатып ала алады; тұтыну өсе түсіп, орын басу шекті деңгейінің В қисығы жоғары ауысып, Т тұтыну нүктесі А нүктесінен жоғары болады. Ешқандай мамандану жоқ болғандықтан, тұтыну нүктесінің А-дан Т-ға ауысуы 1-і елдің 2 елмен сауда қатынастарына немесе айырбасқа түскенінен алынған ұтыс екенін көреміз.
Маманданудан алынған ұтыс - елдің сауда жағдайында ие болған салыстырмалы артықшылығы - бар тауар өндірісіне күш-жігерін жұмылдырып, алған артыкшылығы.
Жоғарыда көрсетілген модельдегідей 1-і ел 1-і тауарға маманданды дейік. Осының нәтижесінде өндірістік мүмкіндіктер кисығы А нүктесінен В нүктесіне қарай төмен жылжыды. Бұл нүктеде, жоғарыда көрсетілгендей, ел 1-і тауардың 60 данасын 2-і тауардын 60 данасына айырбастай алатыны көрсетілген (2).
Осының нәтижесінде тұтыну орын басу шығындарының шектігі III деңгейіндегі Е нүктесінде болады. Тұтынудың В-дан Е нүктесіне қозғалысы елдің маманданудан алынған ұтысын көрсетеді.
Сурет 2. Саудадан алынған ұтыс және
Егер сауда кіші және үлкен елдер арасында дамыса, онда салыстырмалы артықшылық теориясына сәйкес орын басу шығындарының тұрақтылығы кезінде тек кіші ел салыстырмалы артықшылығы бар тауарға маманданады. Бірақ кіші ел осы тауарға толық маманданса да, үлкен елдің қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Сондықтан үлкен ел өзі иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға маманданумен қатар, салыстырмалы артықшылығы кіші елдегі тауардың белгілі бір мөлшерін өндіре береді.
Орын басу шығындарының өсуі жағдайында, кіші елде де толық маманданбау пайда болады. Оны 2.8. суреттегі 1-і елге қатысты мысалмен көрсетуге болады. 1-і ел - өте кіші, ал 2-і ел - өте үлкен ел деп болжайық. Бәрінен бұрын бұл кіші елдегі баға өзгерісі үлкен елдің баға өзгерісіне әсер етпейді. Сондықтан әлемдік салыстырмалы бағасы сол Р1 деңгейде калады. Кіші ел 1 -і тауарға мамандана бастайды, өйткені оның ішкі салыстырмалы бағасы Р-1/4 әлемдік бағадан төмен болып, оның өндірісіне А нүктесінен В нүктесіне жылжиды. В нүктесінде толық мамандану әлі жоқ, ал ішкі салыстырмалы баға әлемдік бағамен теңеседі. 1-і тауардың 60 данасын экспортқа шығарып, үлкен елден 2-і тауардың 60 данасын импорттаған кіші ел, орын басудың шекті деңгейінің жоғары /қисығына өтіп, Е нүктесіндегі 2-і тауардың.да көп мөлшерін тұтына бастайды.
Осыдан көріп отырғанымыздай, стандартты модельдегідей, 1-і ел кіші болып саналмаған кездегідей жағдай қайталанады. Айырмашылығы - кіші елдің ішкі салыстырмалы бағалары әлемдік салыстырмалы бағасына әсер етпейтіндігі мен осы жағдайда кіші ел партнер-елмен саудадан алынған толық пайданы бөліспейтіндігінде.
Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясының шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастарына түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудың шекті деңгейінің өзара әрекеті жолымен қалыптасатын. Сауда жағдайындағы баланс, тауар ел ішіндегі салыстырмалы бағасы мен шет елдегі салыстырмалы бағасының арақатынастарының, қате мен сынау әдісі арқылы, тепе-теңдік бағаға қозғалысына негізделген. Әрбір ел өзі ие болған салыстырмалы артықшылығы бар тауар өндірісін үлғайтып, оны осы елдің салыстырмалы артықшылығы бар тауарға сату арқылы айырбастайды. Нақты әлемде орын басу шығындары тұрақсыз болғандықтан, сауда нәтижесінде елдің иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға толық мамандануы болмайды. Сауда нәтижесінде әрбір ел мынандай артықшылыққа ие болады: айырбастан алынатын пайда және маманданудан түсетін пайда. Кіші және үлкен елдер арасындағы сауданың айырмашылығы кіші елдің ішкі салыстырмалы бағаларының, үлкен елдердің ұсыныс пен сұранысқа байланысты қалыптасатын әлемдік салыстырмалы бағаға әсер етпеуі мен кіші елдің саудадан алынған пайданы, сауда партнерімен бөліспеуінде болып отыр. Саудаласушы елдердің өндірістік мүмкіндіктер қисығы сәйкес келген жеке жағдайларда, сауда тұтынушылардың талғамдық өзгешеліктерімен елдердің алатын пайдасына негізделеді.
1>
Достарыңызбен бөлісу: |