Пән аты: Информатика Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы



жүктеу 0,98 Mb.
бет4/6
Дата14.12.2017
өлшемі0,98 Mb.
#4421
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымадстыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Графикалық редакторлар

Компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар – графикалық редакторлар пайдаланылады. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге болады: растрлық және векторлық.

Графикалық редактор – бұл графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға және қарап шығуға арналған программа.

Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге көбіне растрлық графикалық редакторлар қолайлы, себебі растрлық кескіндер түстер градиациясын және көмескі бояуларды жоғары дәрежеде беруді қамтамасыз етеді.

Қарапайым растрлық кескіндерді тікелей салуға мүмкіндік беретін қарапайым растрлық редакторлардың қатарына PaintBrush, Paint, Painter жатады.

Растрлық графикалық редакторлардың негізгі класы олардың сапасын арттыру және даяр растрлық кескіндерді өңдеуге арналған.

Мұндай редакторларға Adobe Photoshop, CorelPhotoPaint және басқа осы сияқты программалар жатады.

Растрлық графикалық редакторлар пайдаланушыға мынадай мүмкіндіктер береді:



  • графикалық примитивтерді (сызықтар, төртбұрыштар, эллипстер және басқаларды) қолмен (тышқанның көмегімен) салу;

  • кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу, желімдеп жапсыру;

  • сурет салу және бояу үшін кез келген түсті пайдалану;

  • ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу үшін кескін фрагменттерін үлкейту;

  • мәтінге суреттер қоса отырып, көркем хабарландырулар даярлау;

  • алынған кескіндерді сақтау және редакциялау.

Кәсіби растрлық редактор (мысалы, Adobe Photoshop), негізінде сурет салу үшін емес, фотобейнелерді өңдеу, яғни айқындық және қанықтылықты арттыру, ескі фотобейнелердегі кірді және сызаттарды жою үшін пайдаланылады.

Растрлық графика жағдайындағыдай векторлық графикамен де жұмыс істейтін программалық құралдардың өте көп түрі бар, оларды меңгеру растрлықпен салыстырғанда күрделілеу. Векторлық графикалық редакторларға Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, ал кәсіби графикалық редакторларға CorelDraw, Adobe Iuustrator және басқаларын жатқызуға болады.

Векторлық графикалық редакторларды қолданғанда қолданушы мынадай мүмкіндіктерді пайдаланады:


  • обьектілермен жұмыс істеу үшін (орын ауыстыру, масштабтау, айналы бейнелеу) қажетті әр түрлі әдістер;

  • обьектілерді реттеу, біріктіру, қиылыстыруға арналған құралдар;

  • графикалық эффектілер көп;

  • мәтінмен жұмыс істеудің әр түрлі мүмкіндіктері;

  • алынған кескіндерді сақтау.

Сіз сурет салған кезде, алдымен сурет салу құралын (фломастерлер, қылқалам, қарындаш және т.б.) таңдайсыз.

Графикалық редакторлар да графикалық кескіндерді құру және редакциялау үшін құралдарды таңдау мүмкіндігін беріп, оларды бір құрал –саймандар тақтасына біріктіреді.

Paint, Adobe Photoshop растрлық графикалық редакторларының құрал-саймандар тақтасы көрсетілген. Егер зер салып қарасақ, тақтада көптеген бірдей құрал-сайманның бар екенін көреміз.

Обьектілерді салу құрал-саймандары. Графикалық редакторларда қарапайым графикалық обьектілерді (түзу сызық, қисық, эллипс, көпбұрыш және т.с.с.) салуға қажетті құрал саймандар бар. Құрал-саймандар тақтасынан обьектіні таңдағаннан соң, оны редактор терезесінің кез келген жеріне салуға болады.



IV. Сабақты бекіту.

1. Растрлық графикалық редакторларды атаңыз.

2. Векторлық графикалық редакторларды атаңыз

3. Растрлық, векторлық, графикалық кескіндердің айырмашылығы неде?

4. Paint құрал-саймандарын атап шығыңыз.

VI. Оқушыларды бағалау.


Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Microsoft WORD –пен танысу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: WORD мәтіндік процессоры, негізгі түсініктер мен әрекеттер, MICROSOFT WORD-ты іске қосу,мәтіндік құжат құру,емлесін тексеру,мәтіндік құжатты пішімдеу,пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері туралы білімдерін қалыптастыпу;

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер,оқулық,практикум.

Сабақтың өту барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру .

Microsoft WORD –пен танысу

MS WORD –бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа. Демек, WORD-та жұмыс жасау принципі Windows жүйесіндегідей: бірдей уақытта бірнеше ашық терезелер және бумалармен жұмыс жасау, жүйелік меню, т.с.с.

MS WORD іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:



  • құжаттарды құру және теру;

  • қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;

  • кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;

  • емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау;

  • іскер хаттарды, келісім –шарттарды, есеп беру формаларын және т.с.с. дайындауға Шеберді (Мастерді) және Шаблонды пайдалану.

Мәтіндік процессордың кемшіліктері:

  • математикалық формулаларды енгізу күрделі;

  • растрлық графикаларға арналмаған

Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:

  1. негізгі менюден Жіберу-Программалар- Microsoft Office- MS WORD командаларын орындау арқылы;

  2. Жұмыс үстеліндегі таңбашамен;

  3. Microsoft Office тақтасындағы батырмаларымен.

Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:

  1. файл-Шығу (Выход) командаларын таңдаңыз.

  2. ALT+F4 батырмалар комбинациясын басыңыз;

  3. Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасына шертіңіз.

Word терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға диалогтік терезе шығады. Осы диалогтік терезе арқылы сіз файлдағы өзгерістерді сақтай аласыз.

Мәтіндік процессорды іске қосқаннан кейін экранда қосымша терезе бейнеленеді. Ашылған құжат қосымша терезенің жұмыс аймағында бейнеленеді. WORD терезесінің негізгі элементтері барлық Office қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Әдеттегі Windows –дағыдай редактор терезесінің жоғарғы бөлігінде негізгі меню бар: Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама (Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Таблица, Окно, Справка).


Терезенің бөлігі элементтеріне қосымша ретінде Word процессорының ерекшеліктерін атап өтейік.

  1. Горизонталь сызғышта үшбұрыштар орналасқан.

  2. Айналдырудың (Прокрутка) горизонталь жолының сол жақ бөлігінде режімін таңдау батырмасы орналасқан, солдан оңға қарай Әдеттегі (Обычный), Веб –құжат (Веб -документ), Беттерді белгілеу (Разметка страницы), Құрылым (Структура) батырмалары бар.

Әдеттегі – амалдарды орындауға өте ыңғайлы;

Веб-құжат – құжатты Веб –құжат түрінде бейнелеу;

Беттерді белгілеу – құжаттарды баспаға шығаруға сәйкестендіріп бейнелеу;

Құрылым – құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған мәтінді және әр түрлі тереңдікте сатылап орналасқан мәтіннің басын көрсетуге және жасыруға мүмкіндік береді.

Қалып - күй жолы. Microsoft WORD терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан. Одан әр түрлі хабарлама және анықтама ақпараттары шығады.

Microsoft Word-пен жұмыс істей отырып, негізінде, екі құрал-саймандар тақтасын пайдаланасыз: суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты («Стандартная») тақтасы мен Форматтау («Форматирование») тақтасы. Әрбір батырмаға команда сәйкес келеді, ал батырмадағы сурет команданың мазмұнын көрсетеді. Батырмалардың көбісі менюге кіруге оңай, жиі қолданылатын командаларды қайталайды. Батырмамен байланысты команданы шақыру үшін осы батырмаға тышқанмен шерту қажет. Егер тышқанның сілтемесін батырмаға қойсаңыз, жанында команда аты жазылған жақтау (рамка) шығады.

Тақтаны экраннан шығару немесе алып тастау үшін Түр (Вид) менюінен Құрал-саймандар тақтасы (Панели инструментов) пунктін таңдап, сонан соң қажет тақтаның атауына шертіңіз. Егер тақта экранда тұрса, оның атауы жанында ٧ таңбасы тұрады.

Құжаттармен жасалатын жұмыс.

Жаңа құжатты құру. Жаңа құжатты құру үшін Файл менюінен Құру (Создать) командасын таңдау қажет. Ашылған диалогтік терезеден алдымен қосымша бетті, сонан соң шаблонды таңдаймыз, соның негізінде құжат құрылып, ОК батырмасы шертіледі.

Microsoft Word құжаттары шаблондарының кеңейтілуі doc .

Құжаттарды ашу. Бар құжатты ашу үшін Файл менюінде Ашу командасын таңдау немесе батырмасын шерту қажет, сонан кейін Құжатты ашу (Открытие документа) диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінен қажетті құжаты бар диск таңдалынады.

Құжатты сақтау.

Құжатты сақтау үшін Файл менюінде Сақтау (сохранить) командасын таңдау немесе батырмасын шерту қажет.

Құжатты бірінші рет сақтағанда Құжатты сақтау (Сохранение документа) диалогтік терезесі пайда болады.

Бума өрісінде дискіні, ал төмен орналсқан өрістен құжат сақталатын форматты таңдаңыз. Файл аты (Имя файла) өрісінде файлдың атын жазып, Сақтау батырмасына басыңыз.

Қайталап сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, құжат автоматты түрде сол файлда қайта сақталады.

Құжатты басқа атпен сақтау немесе басқа бумада сақтау үшін Файл менюінен Қалай сақтау керек (Сохранить как) командасын таңдаңыз, содан кейін экранда Құжатты сақтау терезесі пайда болады.



IV. Сабақты бекіту.

1. Microsoft Word мәтіндік процессордв қалай іске қосуға болады?

2. Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады? Ал Форматтау тақтасына ше?

3. Жаңа Word құжаты қалай құрылады?

4. Word құжатын қалай сақтауға болады?

V. Үйге тапсырма беру: Microsoft WORD-пен танысу

VI. Оқушыларды бағалау.


Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word –қа мәтін енгізу

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты енгізу, мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;

2. Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

3. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, прктикум,

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құжатқа мәтінді енгізу немесе суретті, кестелерді және т.б. обьектілерді қою үшін оларды орналастыратын жолға курсорды әкелу қажет. Енгізу курсоры жыпылықтаған вертикаль сызық түрінде болады. Терезеде енгізу курсорынан басқа І латын әрпін еске түсіретін тышқан сілтемесі көрінеді. Оның тұрған орны тышқан қозғалған сайын өзгеріп отырады.

Терілген мәтін жаңа жолдың оң жақ шетіне жеткенде, Word автоматты түрде келесі жолға өтеді.

Назар аударыңыз, Word –та жаңа жолды бастау немесе бос жолды енгізу қажет болғанда ғана Enter пернесі қолданылады.

Backspace - курсордың сол жағындағы символды жояды

Delete – курсордың оң жағындағы символды жояды

Курсорды құжат бойынша жылжыту үшін нұсқама немесе айналдыру жолы бар батырмаларды, немесе қажет жерде тышқанның сол жағын басу арқылы, сол сияқты 7.2.-кестені пайдалануға болады.
Батырмалардың көмегімен мәтін фрагментін ерекшелеу:

- курсорды ерекшелейтін мәтіннің басына орнатыңыз;

- бірдей уақытта Shift және курсорды жылжыту батырмасын басыңыз.

Фрагменттерді ерекшелеу


Фрагмент

Орындалатын әрекеттер

Символ, сөз, мәтін жолы

Тышқан сілтемесін ерекшеленетін обьектінің басына орнатыңыз және оның сол жақ батырмасын баса отырып, ерекшеленген обьектінің соңына дейін жылжытыңыз.

Сөз

Тышқан сілтемесін сөздің үстіне орнатып, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіңіз.

Абзац

Курсорды абзацтың кез келген жеріне орнатып, тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шертіңіз

Жол

Тышқанның сол жақ батырмасын мәтін жолынан бастап сөздер өрісінде бір рет шертіңіз

Обьект (сурет, формула, диаграмма)

Курсорды обьектіге орнатып, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шертіңіз.

Фрагменттің ерекшеленуін жою үшін терезенің жұмыс аймағының кез келген жерін тышқанмен шертіңіз.



Мәтінді енгізудің арнайы құралдары

Мәтінмен орындалатын амалдарды өзгерту құралдары. Егер сіз құжатпен жұмыс істеу барысында қате жіберсеңіз немесе соңғы амалды өзгерткіңіз келсе, онда Түзету (Правка) менюінен Болдырмау (Отменить) командасын таңдаңыз.

Соңғы өзгертілген амалды қайтару үшін Түзету (правка ) менюінен Қайталау (Повторить) командасын таңдау немесе осы батырманың жанындағы нұсқамасына шерту қажет.

Емле ережесін тексеру.

Орфографиялық қатені тексеретін қуатты құралдарға ие. Мәтіндерге тексеру жүргізу үшін:



  • мәтіннің басына көшу өажет

  • Сервис – Емле ережесі (правописание) командалары таңдалады, сол кезде экранда диалогтік терезе шығады.

  • Диалог терезсінде дұрыс емес сөздер шыққан кезде, сіздерге ұсынылған варианттардың бірін таңдау қажет немесе өз сөзіңізді енгізіп Алмастыру (Заменить) батырмасын басыңыз. Сөз алмастыруды қажет етпеуі мүмкін , онда Өткізіп жіберу (Пропустить) батырмасын басасыз.

IV. Сабақты бекіту.

  1. Мәтінді енгізудің негізгі ережелерін атаңыз?

  2. Символдар және сөздерді жою әдістерін сипаттаңыз

  3. Мәтінде сөздерді, жолдарды, мәтіннің кез келген фрагментін қалай ерекшелейді?

  4. Емле ережесін және грамматиканы тексеруді қалай жүзеге асырады?

Үйге тапсырма беру: Microsoft Word –қа мәтін енгізу

VI. Оқушыларды бағалау.

Сабақ №21

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжатты редакциялау

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты енгізу, мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;

2. Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

3. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, прктикум,

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәтіндік құжатты редакциялау

Мәтінді редакциялау электронды құжатқа өзгертулер енгізуге, оның белгілі бір бөліктерін өшіріп немесе орнын ауыстыруға, бірнеше құжаттарды біріктіруге немесе құжатты бірнеше бөліктерге бөлуге мүмкіндік береді.



Редакциялау дегеніміз - өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету.

Редакциялау – құжаттың белгіленген символдарын немесе бөліктерін көшіру, өшіру және орын ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Көшіру құжаттың белгіленген орындарына қойып көбейтуге мүмкіндік береді. Орын ауыстыру кезінде белгіленген бөлік қиылып алынып, құжаттағы тиісті орынға қойылады, ал өшіргенде ол тек қана қиылып алынады.

1-әдіс:

1) мәтіннің бөлігін айқындап алып, оны алмасу буферіне орналастырыңыз;

2. 1) Орын ауыстыру үшін : Түзету –Қию (Вырезать) командасын орындаңыз немесе Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шертеміз.

2. 2) көшіру үшін: Түзету – Көшіру (Копировать) командасын орындаңыз немесе Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шертеміз.

3. курсорды керек (бөлікті қойғыңыз келген) жерге апарыңыз;

4. Түзету – Қою (Вставить) командасын орындап, Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шерткеннен кейін бөлік құжат мәтініне алмасу буферінен қойылады.

2-әдіс:

1) мәтіннің бөлігін айқындап алыңыз;



2) бөлікке тышқанның сілтемесін апарыңыз;

3) тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, сол басулы күйінде жібермей ұстап, бөлікті жаңа орынға жылжытамыз.

4) тышқанның сол жақ батырмасын жіберіңіз.

Мәтіндік құжатты форматтау

Мәтінді форматтау – құжатты толығымен немесе оның белгілі бір бөліктерінің сыртқы пішінін өзгертуге мүмкіндік береді. Құжаттың сыртқы пішіні де көп нәрсені анықтайды. Сондықтан құжаттың мазмұнының тартымды болуымен қоса, оның сыртқы пішіні де көркем болуы керек.

Мәтінді форматтау дегеніміз – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.

Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу керек. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрлер қабылданады.

Мәтінді форматтауға мыналар жатады:


  • әр түрлі қаріптерді пайдалану;

  • құжат өрісінің шекараларын өзгерту; сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрісін айқындау;

  • мәтінді бағандарға бөлу;

  • символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау.

Форматтаудың осы әрекеттерін Формат менюіндегі аспаптардың көмегімен орындауға болады. Құжатты форматтау, яғни алдын ала белгіленген құжат мәтініне жаңа формат элементтерін енгізу негізінде орындалады.

Қаріп параметрлерін өзгерту

Құжат мәтіні үнсіз келісім бойынша қойылған қаріппен теріледі. Символдардың параметрлерін өзгерту үшін Қаріп (Шрифт) диалогтік терезесін ашатын Формат менюіндегі Қаріп командасы қолданылады. Қаріп командасының диалогтік терезесі үш қосымшадан тұрады.

Қаріп қосымшасы қаріптердің параметрін енгізу үшін қолданылады.

Қаріп өрісінде қаріп типтері таңдалынады (әдетте Times New Roman, Arial, Courier және т.б.)

Сызылым (Начертание) өрісінде қаріптің төменде берілген сызылымы таңдалынады:


  • Обычный – қалыпты сызылым;

  • Курсив – курсив сызылымы

  • Полужирный – жартылай қарайтылған курсив сызылым

  • Полужирный курсив – жартылай қарайтылған курсив сызылым

  • Өлшем (Размер) өрісінде қаріптің өлшемі таңдалады.

  • Астын сызу (Подчеркивание) өрісінде – «асты сызылған» сызықтарының типтері;

  • Түс (Цвет) өрісінде символдардың түстері берілген

  • Көрінуін өзгерту (Видоизменение) төртбұрыштарына мынадай жалаушаларды қоюға болады:

  • Астын сызу (зачеркнутый) – асты сызылған мәтін бір сызықпен сызылады.

  • Астын екі рет сызу (двойное зачеркивание)- асты сызылған мәтін екі сызықпен сызылды

  • Жоғары индекс (верхний индекс)- мәтін жоғарылап, символ өлшемі кішірейеді

  • Төменгі индекс (нижний индекс) – мәтін төмендеп, символ өлшемі кішірейеді

  • Интервал (Аралық) - арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді: қалыпты, ашылған, қысылған;

IV. Сабақты бекіту.

1. Редакциялау дегеніміз не?

2. Қандай әдістермен редакциялауды орындауға болады?

3. Орын ауыстыру мен көшіру амалдарын салыстырыңыз?

4. Алмасу буфері дегеніміз не?


жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау