Пән аты: Информатика Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы



жүктеу 0,98 Mb.
бет6/6
Дата14.12.2017
өлшемі0,98 Mb.
#4421
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Формула жолы

Енгізуді аяқтау үшін Enter –ді немесе курсорды бағыттаушы пернелердің біреуін басу керек. Берілгенді енгізу аяқталады және жұмыс істеп тұрған ұяшық келесіге ауысады.

Кез келген электронды кестенің ұяшығына:


  • сан;

  • формула

  • мәтіндік (алфавиттік-сандар) ақпараттарды енгізуге болады.

Сан. Үнсіз келісім бойынша сан ұяшықтың оң жақ шетіне тураланады.

Формулалар. Егер сіз «=» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды.

Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады.

Мысалы, сіз ұяшыққа Д5 формуласын енгіздіңіз: =А5+B5+C5.

Бұл ұяшықтың мәні В5 және С5 көбейтіндісін А5 ұяшығындағы мәнге қосқанда шығатын санға тең болады.

Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оны мәтін, яғни символдық ақпарат ретінде қабылдайды.



Берілгендерді редакциялау. Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:

    1. ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау.

    2. ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және F2 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады.

Ұяшықтағы редакциялауды аяқтағасын, Enter пернесін басу керек.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Электрондық кестеде берілгендердің қандай типі болуы мүмкін?

  2. Электронды кестенің ұяшығына мәтінді қалай енгізеді?

  3. Енгізілгеннің мәндер емес, формула екенін Excel қалай анықтайды?

Үйге тапсырма беру: Microsoft Excel –ге берілгендерді енгізу және редакциялау

Оқушыларды бағалау.

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Формуланы енгізу және көшіру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ЕХСЕІ- дегі берілгендермен жұмыс істеу, деректерді ЕХСЕІ-ге енгізу, деректерді сақтау және қорғау. Деректерді өңдеу формулалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу, жұмыс кестесін автоматты түрде пішімдеу, кестелерді басуға шығару туралы білімдерін шығару туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау ж\е зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютерлер.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ms Excel -де кез келген формуланың «=» белгісінен басталатынын білеміз. Мысалы, сіздің оқу кестеңізде әрбір қызметкердің үш айға қанша сыйақы алатынын есептеу керек. Ол үшін Е3 ұяшығына =В3+С3+D3 формуласын енгіземіз, әйтпесе Excel-дегі дайын формуланы қолданса да болады. Мұндай ұзын формуланың орнына =СУММ (В3:Д3) формуласын енгізсе болғаны.



Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында белгісінің батырмасы қарастырылған. Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Автоқосынды (Автосумма) батырмасын шертіңіз.

Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияны енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді де орындайды.



Ұяшыққа функцияларды енгізу үшін:

  • формула енгізетін ұяшықты белгілеу;

  • Функция менюіндегі Қою немесе батырмасының көмегімен Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін шақыру.

  • Функция шебері диалогтік терезесіндегі Категория өрісінде функцияның типін, содан кейін функция тізімінде Функцияны таңдау керек;

  • ОК батырмасын шертіңіз.

Формулаларды көшіру. Көшіру кестеге бір типтес формулаларды енгізуді жеңілдетеді. Формулаларды көшіру батырмасында ұяшықтарға салыстырмалы жіберу автоматты түрде өзгереді.

Ұяшықтағы мәліметтерді көшіру үшін:

  • мәліметтері көшірілетін ұяшықты белгілеу;

  • Түзету (Правка) менюіндегі Көшіру (Копировать) командасын шақыру.

  • Мәлімет қойылатын ұяшықты белгілеу;

  • Түзету менюіндегі Вставить (Қою) командасын шақыру.

  • Буфердегі бөлік көрсетілген орынға көшіріледі.

Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру үшін:

  • мәліметтердің орны ауыстырылатын ұяшықты белгілеу;

  • Түзету менюіндегі Қиып алу (Вырезать) командасын шақыру.

  • Бөлік қойылатын ұяшықтың сол жақ жоғарғы аймағын белгілеу;

  • Түзету менюіндегі Қою командасын шақыру.

  • Буфердегі бөлік көрсетілген орынға қойылады.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Excel – дің қызметі қандай?

  2. Excel қызметінің негізгі категорияларын айтып беріңіз.

  3. Excel ұяшықтарындағы мәліметтердің орнын ауыстыру және оларды көшіру операциялары қалай ерекшеленеді?

Үйге тапсырма беру: Формуланы енгізу және көшіру

Оқушыларды бағалау.

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Берілгендерді форматтау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ЕХСЕІ- дегі берілгендермен жұмыс істеу, деректерді ЕХСЕІ-ге енгізу, деректерді сақтау және қорғау. Деректерді өңдеу формулалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу, жұмыс кестесін автоматты түрде пішімдеу, кестелерді басуға шығару туралы білімдерін шығару туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау ж\е зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютерлер.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Енгізілген мәтіндерді және сандық мәндерді, сонымен бірге есептелінген нәтижелерді өзгерту арқылы кестенің сыртқы пішінін әдемі етіп форматтауға болады.

Ұяшықтардың аумағын форматтау үшін оларды белгілеу керек. Сосын Формат менюіндегі Ұяшықтар командасын таңдап, сәкес қосымшаны ашыңыз.

Сандардың форматы. Кестеде әр санды әр түрлі форматта беруге болады (ондық сандар түрінде және т.б.). Ұяшықтағы мәліметтердің форматын өзгерту үшін:



  • ұяшықтарды белгілеу;

  • Формат менюіндегі Ұяшықтар командасын таңдау;

  • Ұяшықтар форматы (Формат ячеек) диалогтік терезесінде Сан (Число) қосымшасын таңдау керек.

  • Сандық формат (Числовые форматы) тізімінен ұяшықтағы мәліметті форматтау типі, ал оң жақтағы өрістен форматтың параметрлері таңдалады;

  • Үлгі өрісінде ұяшықтағы мәліметке сәйкес таңдап алынған форматты көруге болады;

  • Жаңа формат енгізу үшін Барлық форматтар бөлімін таңдаған соң, Тип өрісінен жаңа пішінді енгізу;

  • ОК батырмасын шерту қажет.

Ұяшықтағы мәліметтерді туралау. Ұяшықтар форматы диалогтік терезесіндегі Туралау (Выравнивание) қосымшасын қолданып, ұяшықтағы мәтіндер мен сандарды көлденең және тік туралауды орындауға болады. Ұяшықтағы мәліметтерді көлденең орналастырып қоймай, оларды берілген бұрыш арқылы орналастыру мәліметтердің жақсы көрінуіне мүмкіндік береді.

Үнсіз келісім бойынша ұяшықтың қабылдайтын ені мен биіктігі стандарт түрде болады. Жолдың биіктігін немесе бағандардың енін қзгерту үшін тақырып шекараларын керегінше созу керек.

(Тышқанның сілтемесі тақырып шекарасында екі жақтың бағыттаушы сызығына өзгереді)

Жол биіктігін және баған енін дәлірек қою үшін Формат менюіндегі Баған (Жол) – Ені (Биіктігі) (Столбец (Строка) – Ширина (Высота)) бөлімдерін таңдау керек. Бағанның ені (Жолдың биіктігі (Ширина столбца (Высота строки)) өрісіне мәндерді енгізіп, ОК батырмасын шерту қажет.

Ұяшық аумағын автоматты түрде форматтау. Аумақты автоматты түрде форматтау үшін алдымен оны белгілеп алған соң, Формат менюіндегі Автоформат командасын және қажет форматты таңдау керек.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:


  1. Ұяшықтарды форматтау қалай орындалады?

  2. Автоформат командасы не үшін арналған және ол қалай қолданылады?

Үйге тапсырма беру: Берілгендерді форматтау.

Оқушыларды бағалау.

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Excel -дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Мәтін мен сан енгізудің қандай ерекшеліктері бар?

  2. Ұяшықтарға енгізілген деректерді тігінен орналастыру үшін не істейміз?

  3. Деректерді сақтау және қорғау үшін қандай амалдар орындаймыз?

  4. Формула қандай символмен басталады?

  5. Автосумма деген не?

  6. Жұмыс кестесін автоматты түрде форматтау үшін қандай команда қолданамыз?

  7. Кесте шекараларын жиектеу үшін қай менюді қолданамыз?

  8. Кестені баспаға шығару жолдарын ата.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау

Бірақ бұл біз бұдан да нақты графиктік түрде осы ақпаратты ұсына аламыз ба әрине көрсете аламыз. Ол үшін Excel программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде диаграмманы көрдіңдер, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.

Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Excel диаграмманы гистограммалар, бағандар, пирамидалар, конустар және т.б. түрінде құруға мүмкіндік береді.

Оларға түсініктеме мәтін, тақрыптар және т.б. қосуға болады.

Диаграмма-бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.

Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.

Дөңгелек диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың қосындысы 100 % -ды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады. Мысалы, 8.12.-суретте бір аптадағы азық-түлік шығындарының дөңгелек диаграммасы берілген.

Дөңгелек диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Мысалы, дөңгелек бірнеше бөлімге бөлініп, олардың өлшемдері бірдей болуы мүмкін.

Гистограмма бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады. Сондықтан оны кейде бағанды диаграмма деп атайды. Бағандардың биіктігі салыстырылатын шамалардың мазмұнымен анықталады. Біз қарастырған мысалда бағанның биіктігі отбасының бір аптадағы азық-түлік және өндіріс тауарлары шығындарының ақшалай мөлшерімен анықталады. Әрбір қатар тірек нүктесімен байланысқан. Біздің жағдайда тірек нүктесі аптаның бір күніне сәйкестендірілген.

График (түзу диаграмма) бірнеше шамалардың бір нүктеден екіншісіне ауысқандағы өзгерістерін бақылап мотыруға ыңғайлы. Гистограммадан айырмашылығы, баған орнына олардың биіктігі (квадратпен, ромбымен) белгіленіп көрсетіледі және алынған белгілер түзу сызықпен қосылады.

Диаграмманы құру үшін:


  • диаграмма құратын мәліметтерді енгізу;

  • диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу;

  • Қою менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;

  • Диаграмма шебері диалогтік терезесіндегі диаграмма түрін таңдау қажет;

  • Келесі қадамға өту үшін «Далее» (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;

  • Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін Дайын (Готово) батырмасын шертуге болады, онда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды;

  • Соңғы терезедегі Дайын батырмасын шертіңіз.

Диаграмманың немесе басқа обьектінің, мысалы, суреттің өлшемін өзгерту үшін оған тышқанды шертіп, пайда болған белгілеу маркерлерін жылжыту арқылы өзгертуге болады. Диаграмманың түрі мен параметрін өзгерту үшін диаграммаға тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, контекст менюінде қажет команданы таңдау керек. Диаграманы жою үшін оған тышқанды бір рет шертіп, Delete пернесін басыңыз.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Диаграмма деп нені атайды?

2. Диаграмманың қандай түрлері бар?

3. Excel диаграммасының негізгі түрлерін атаңыз.

4. Excel диаграммасының құрылу ретін жазыңыз.

V. Үйге тапсырма беру: Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау

VI. Оқушыларды бағалау.


Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Құжат беттерін рәсімдеу және басу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Excel -дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:


  1. Мәтін мен сан енгізудің қандай ерекшеліктері бар?

  2. Ұяшықтарға енгізілген деректерді тігінен орналастыру үшін не істейміз?

  3. Деректерді сақтау және қорғау үшін қандай амалдар орындаймыз?

  4. Формула қандай символмен басталады?

  5. Автосумма деген не?

  6. Жұмыс кестесін автоматты түрде форматтау үшін қандай команда қолданамыз?

  7. Кесте шекараларын жиектеу үшін қай менюді қолданамыз?

  8. Кестені баспаға шығару жолдарын ата.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құжат беттерін рәсімдеу және басу

Дайын құжатты принтерде басу электронды кесте жұмысының ең соңғы қадамы болып табылады. Егер кесте үлкен болса, онда оны басуға жіберген кезде ол бағандар немесе жолдарға бөлініп қалған бірнеше беттен тұратын басылым болады.

Мұны болдырмау үшін электронды кестені басуға беруден бұрын мыналарды орындау қажет:

1. Файл-Алдын ала көру (Файл-Предварительный просмотр) немесе стандарт аспатар тақтасындағы батырмасын шертіңіз. Алдын ала көру терезесіндегі кестенің парақта қалай басылып шығатынын көруге болады.

2. Егер кестенің форматы ұнамаса, онда Файл-Беттің параметрлері (Файл-Параметры страницы) командасын таңдау керек.

Бет (Страница) қосымшасында парақ бетінің өлшемін және қалпын, көріну масштабын және баспа сапасын қойыңыз. Бағдар (Ориентация) қоршауында парақ бетінің қалпы қойылады:

Книжная – парақ бетінің тік орналасуы;

Альбомная – парақ бетінің көлденең орналасуы.

Бет өрісін қою үшін Өріс қосымшасын таңдаңыз. Барлық тиісті шамалар қойылғасын, Беттің параметрлері терезесіндегі ОК батырмасын шерту керек.

Сосын кестені алдын ала тағы бір рет көріп, дұрыс болған жағдайда Файл-Қағазға басу (Файл-Печать) командасын таңдаңыз.



Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Excel және Word құжаттарын баспаға шығарудың айырмашылығы неде?

2. Диаграмма деп нені атайды?

2. Диаграмманың қандай түрлері бар?

3. Excel диаграммасының негізгі түрлерін атаңыз.

4. Excel диаграммасының құрылу ретін жазыңыз.



V. Үйге тапсырма беру: Құжат беттерін рәсімдеу және басу

VI. Оқушыларды бағалау.


Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel дегі мәліметтер базасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәліметтер базасы, мәліметтер базасын басқару жүйесі, мәліметтер базасы түсінігі, мәліметтер базасын жіктеу, реляциялық деректер базасының құрылымы, өрістер типтері туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушлығын арттыру.

Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интераткивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

1. Диаграмма деген не?

2. Диаграмманың қандай түрлері бар?

3. Горизонталь және вертикаль осьтер не үшін берілген?

4. Диаграмма қандай элементтерден тұрады?

5. Аңыз деген не?

6. Диаграмма тұрғызу қандай жолдармен жүзеге асырылады?

7. Кестелік процессорға графиктік обьектілер қою үшін қандай әрекеттер орындаймыз?



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Microsoft Excel дегі мәліметтер базасы

Мәліметтер базасы – қолданбалы программаға тәуелсіз, белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтерді сақтау, сипаттау, олармен әр түрлі әрекеттер жасау принциптері қарастырылған мәліметтер жинағы.

Мысалы, мәліметтер базасына кітапхана каталогін немесе қызметкерлері жайында жинақталған кез келген мекеменің кадрлар бөлімінде жатқан бумаларды, оқушылардың журналын келтіруге болады.

Мәліметтер базасы, негізінен, үлкен ақпаратты сақтауға және оларды іздеп табуға қызмет етеді. Сол сияқты мәліметтер базасына қаладағы дәріханалардың дәрілері жайында, тұтынушының сұрауы бойынша сол дәрінің қай жерде және қандай бағаға сатылатыны жайындағы мәліметтер жатады. Мәліметтер базасының бірінші амалы толтыру, мәліметтер өзгерісінің барлық түрлерін енгізу (мысалы, жаңа дәрілердің түсуі немесе бағасының өзгеруі, т.с.с), қажет мәліметтерді іздеу және іздеуді жеңілдету үшін реттеу.

Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны жөнінде жүйелі түрде мәлімет сақтауға мүмкіндік беретін информациялық модель.

Microsoft Excel – дің көмегімен мәліметтер базасын жасауға және редакциялауға болады. Бұл жағдайда электронды кестеге Excel-дегі тізім немесе мәліметер базасы және мынадай термин сөздер қолданылады:

Тізімнің жолы- мәліметтер базасының жазылуы;

Тізімнің бағаны-мәліметтер базасының өрісі.

Бағанның аты бір ғана ұяшықта болуы мүмкін және кестемен жұмыс барысында өріс атымен аталады.

Кестенің А2: F1 аумағын мәліметтер базасы ретінде қарастыруға болады. A, B, C, D, E, F бағандары өріс, ал 3-12 жолдары жазулар деп аталады.

Мәліметтер базасының құрылымдарына шектеулер бар:


  • мәліметтердің бірінші қатарында қайталанбайтын жазулар болу керек;

  • мәліметтер базасының қалған қатарларында жазулар болу керек;

  • өріс (баған) бойынша ақпараттар біртекті, яғни тек сандар немесе тек қана мәтін болу керек.

Кестедегі өлшем бірліктердің қолданылуы:

  • орбита бойымен айналу периоды – Жер жылы; Орта сызықтық диаметр – мың километрмен берілген.

  • Масса -1024 кг-ға көбейтіледі; Күннен орташа қашықтық –млн километрмен берілген;

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1.Мәліметтер базасы дегеніміз не? 2. Мәліметтер базасының өрісі және мәліметтер базасын жазу дегеніміз не?

V. Үйге тапсырма беру: Microsoft Excel дегі мәліметтер базасы

VI. Оқушыларды бағалау.
Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді реттеу

Сабақтың мақсаты: EXCEL кестелік процессорында мәліметтер базасымен жұмыс істеу, EXCEL-дегі мәліметтер базасы. EXCEL-дегі мәліметтерді реттеу туралы түсінік қалыптастыру;

Білімділік: EXCEL кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу, EXCEL-дегі дерек базасы EXCEL-дің мәліметтер базасын өңдеу мүмкіндіктері, мәліметтерді реттеу туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.



Сабақтың түрі:Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, тақта.
Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәліметтерді реттеу

Мәліметтерді реттеу кез келген кестенің негізгі амалы болып табылады. EXCEL-де кез келген өзгерту және толықтырудан кейін қажет болған жағдайда мәліметтерді реттеу әрекеті қарастырылған. EXCEL-де бір немесе бірнеше өрістерді реттеуге болады. Мәліметтер базасындағы жазуларды EXCEL –дің дұрыс реттестіруі үшін қай өрісте жаңа жазу болатынын көрсету қажет. (Мұндай өрістерді ретеу кілті деп атайды).

Мәліметтерді реттеу үшін:


  • кестенің бір ұяшығын белгілеу;

  • Мәліметтер – Реттеу (Данные-Сортировка) командасын орындау;

  • Пайда болған диалогтік терезеде реттеудің шамаларын таңдау керек.

Реттеуі бойынша (Сортировать по) өрісінің тізімінен, мәліметтері реттелінетін өріс және реттеудің типі таңдалынады:

По возрастанию – сандар өсуі бойынша, ал мәтін алфавит бойынша реттеледі;

По убыванию – кері реттеледі;

Затем по өрісінің тізімінде мәліметтері реттелетін және бірдей мәндері бар өріс таңдалынады;

Қосымша реттеу Реттеу параметрі (Параметры сортировки) батырмасында тышқанды шерту арқылы қойылады;

Регистрді ескеру (Учитывать регистр) жалаушасы бас әріп және кіші әріптерді реттеу кезінде қолданылады.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Microsoft Excel кестелік процессоры дерек базаларымен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді?

2. Excel-дегі мәліметтер базасында реттеу қалай орындалады?

V. Үйге тапсырма беру: Мәліметтерді реттеу

VI. Оқушыларды бағалау.

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді сүзгілеу

Қорытынды, қайталау.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Деректер базасын өңдеу, деректер базасын сұрыптау, деректерді сұрыптау, есеп беруді баспаға шығару туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, тақта.
Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәліметтерді сүзу

Кез келген мәліметтер базасымен негізгі жұмыс істеу дегеніміз – белгілі бір ақпараттарды іздеу болып табылады. Мәліметтер базасы ұлғайған сайын іздеу қиындайды. Excel осындай қиындықты мәліметтерді сүзу арқылы қарапайым түрге келтіреді.

Сүзу (Фильтрация) – мәліметтерді тез тауып, олармен және тізім бойынша жұмыс істеу әдісі.

Тізімді сүзе отырып, таңдау шарттарын қанағаттандыратын жолдарды ғана белгілеуге болады.

Microsoft Excel-де сүзудің екі түрі бар: автосүзгі және кеңейтілген сүзгі. Сүзудің қарапайым шарттары үшін көп жағдайда автосүзгі жабдықтары жеткілікті болады.

Тізімді автосүзгі көмегімен сүзу. Тізімді автосүзгі көмегімен сүзу үшін:



  • сүзу тізіміндегі ұяшықты белгілеңіз;

  • мәліметтер менюіндегі Сүзгі (Фильтр) бөлімін таңдап, Автосүзгі (автофильтр) бұйрығын орындаңыз.

  • сүзуді қажет ететін мәліметтері бар қатардың батырмасын басыңыз;

  • қажет мәнді таңдаңыз: (Барлығы. Алғашқы 10...)

Тізімді екі немесе одан да көп мазмұн бойынша сүзу үшін Шарт (Условие...) жолын таңдаңыз.

Автосүзгіні баптау. Төменде келтірілген әдісте тізімнің бір немесе екі шартқа байланысты сүзуі орындалады. Автосүзгіні қолдану үшін тізім қатарының тақырыбы болу шарт.

Бірінші шартты орындау үшін салыстыру операторын немесе салыстыру мазмұнын таңдау қажет.

Екінші шартты орындау үшін ауыстырғышты «ЖӘНЕ» немесе «НЕМЕСЕ» қалпына қойып, салыстыру операторы және салыстыру мазмұны таңдалады.

Автоөшіру үшін Мәліметтер (Данные) менюінен Сүзгі–Автосүзгі (Фильтр-Автофильтр) командасын таңдау керек. Сол кезде сүзу тоқтатылып, тізім суретке дейінгі қалпына келеді.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Мәліметтерді сүзу не үшін керек?



2. Данные - форма командасын қолданғанда қандай амалдар орындалады?

V. Үйге тапсырма беру: Мәліметтерді сүзгілеу. Қорытынды, қайталау

ҮІ. Оқушыларды бағалау.


жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау