Педагогтің оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға дайындығы


№ 1 кесте - Оқыту әдістерінің жіктелімі



жүктеу 50,85 Kb.
бет3/7
Дата19.01.2022
өлшемі50,85 Kb.
#33495
1   2   3   4   5   6   7
ф

№ 1 кесте - Оқыту әдістерінің жіктелімі




Негіздемесі

Әдістер тобы

1.

Білімнің көзі

Ауызша сөйлеу, көрнекілік, практикалық

2.

Оқыту сатылары

Жаңа білімді алуға дайындау, жаңаны меңгерту, нақтылау, тереңдету, білік пен дағдыға төселдіру,

бақылау мен бағалау әдістері



3.

Басқару тәсілдері

Мұғалімнің түсіндіруі, оқушылардың өздік

жұмыстары



4.

Оқыту логикасы

Индуктивтік, дедуктивтік, аналитикалық,

синтетикалық



5.

Дидактикалық

мақсаттар



Оқу әрекетін ұйымдастыру, ынталандыру,

тексеру мен бағалау



6.

Тәрбиеленушілердің

әрекет сипаты



Түсіндірмелі –көрнекілік, репродуктивтік,

проблемалық, ішінара ізденіс, зерттеу



2 кесте - Оқушылардың өзін-өзі тану және оны дамыту әрекетіне педагогикалық қолдау көрсетуде қолданылатын тиімді әдістер


Белсенді әдістер

Диагностикалық әдістер

Дәстүрлі әдістер

Бағдарламалық және проблемалық оқыту әдістері 1.тапсырмалар

Интерактивті әдістер (коммуникативтік) - өзара қарым-қатынас пен бірлескен әрекетті танудың жолдары мен тәсілдері, белсенді

диалог:

Ойын әдістері:

1. дамытушы ойындар; 2.рөлдік ойындар: 3.саяхат-ойындар



2.жағдаяттық тапсырмалар

1.әңгіме: әдептік және эвристикалық;

Практикалық әдістер:

  1. жаттығулар;

  2. этюдтер және т.б.

3.жобалар

2.ойтолқы;

Көрнекілік әдісте: 1.көрнекі құралдар; 2.макеттер;

  1. кестелер мен сызбалар;

  2. техникалық құралдар; аудио,

бейнетехника және т.б.




3.ойға шабуыл

Ауызша сөйлеу әдістері:

дәріс;


әңгімежәне т.б




4.дөңгелек стол







5.іскерлік ойындар







6.практикалық

жұмыстар, конкурстар және оларды талдау;









7.тренинг







8.топтық жұмыс







9.терапия: ойын терапиясы, ертегі

терапиясы,бейнетерапия, ойындар және т.б



Оқушылардың өзін-өзі тану және оны дамыту әрекетіне педагогикалық қолдау көрсетуде дәстүрлі әдістердің мүмкіндіктерін кең қолдану қажет болғанымен, бірінші кезекте белсенді және интерактивті әдістерді пайдалануға басымдылық берілуі керек.Себебі, бұл әдістерді әдебиеттің, өнердің, арт-терапияның элементтерімен жан-жақты ұштастыруға болады.

«Өзін-өзі тануда» негізінен оқушыларды оқу үрдісіне тартуға, олардың инерттілігін, енжарлығын, немқұрайдылығын жоюға, әуестігін, танымдық қызығушылығын оятуға мүмкіндік беретін интербелсенді әдістемелер қолданылады. Қазіргі кезде интербелсенді әдістемелер көптеген оқу бағдарламаларында қолданылады, себебі олар баланың дербес, сыни ойлауының қалыптасуына, өз пікірін дәлелдеу барысында затқа түрлі көзқараспен, алуан ұстаным тұғырынан қарауға, басқалардың таңдауы мен шешім қабылдау құқығын сақтау, өзгеше болу, сәйкеспейтін бағалау құқығын мойындауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зияткерлік (интеллектілік) құндылықтар қазіргі плюралды, көпполярлы әлемде неғұрлым жоғары сұранысқа ие әлеуметтік және адамгершілік сапаларына айналады: ол лайықты адамдық қатынастардың ең азы ретіндегі толеранттылық қана емес, сондай-ақ сенімділік, басқаның көзқарасын, мәдени дәстүрлерін, әлемнің ұлттық бейнесін, әйелдердің құндылықтар жүйесін мойындау болып табылады.

Интербелсенді әдістер тек зияткерлік, танымдық қабілеттердің белсенділігін арттырып қана қоймайды. Олардың көмегімен оқушылардың бірлескен іс-әрекетіне мән беруге және қарым-қатынас мүмкіндіктерінде ашықтықты, әлеуметтік белсенділікті дамытатын, өзара байланысты өзара сәйкестіктегі әлеуметтік әлеммен байланыс жасауға дайындайтын - жұппен, топпен, сыныппен бірлесіп жұмыс жасау қажеттілігі мен дағдыларының дамуына жағдай жасалады.

Әйтсе де «Өзін-өзі тануда» интербелсенді әдістемелер айрықша мақсатты орындайды: бір-бірімен рухани байланыс орнату және сол арқылы Жаратушының дауысын «есту», рухани бұлақтан сусындау, жан-дүниесін нұрға, қуанышқа, шексіз ризашылыққа толтыру, қоршаған ортаға, өзіне және басқа адамдарға жаңа көзқараспен қарау, күнделікті ұсақ тіршілік, реніштер, мәселелер жүгінен арылу, Құдіретті күштен тараған махаббат жылуын сезіну.

«Өзін-өзі танудың» интербелсенді әдістемелерінің негізі тереңдетілген диалог деп айтуға болады. Еуропалық дәстүрде шындықты зияттық тұрғыдан зерттеуді мақсат ететін сократтық диалог болғаны белгілі. «Мен ештеңе білмейтінімді білемін» - өзінің білмейтінің түйсінудің өзі білім игердім деп санайтын, пәлсапалық емес қарапайым сана деңгейінен, диалог үрдісінде шындықты іздеуден басталады.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.

Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер и н т е р - а к т и в т i деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұдлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс - әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.



жүктеу 50,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау