Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның табиғат зоналары»



жүктеу 48,42 Kb.
Дата14.01.2018
өлшемі48,42 Kb.
#7449
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның табиғат зоналары» (презентациясымен)


Сабақтың мақсаты:
♦ Білімділік: Қазақстанның табиғат зоналарының ерекшелігіне талдау жасай отырып, өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылау, білік пен дағдысын қалыптастыру, материалды меңгеру дәрежесін тексеру.
♦ Дамытушылық: Жаңа ақпарататтық технологияны пайдаланып, оқушылардың географиялық білімін ұдайы кеңейтіп, олардың ғылымға деген қызығушылығын, ой - өрістің шығармашылық белсенділігін арттыру, зерттеушілік қабілетін дамыту; ойын еркін айтып, өз беттерінше шешім қабылдай білу дағдысын қалыптастыру;
♦ Тәрбиелік: Қазақстанның табиғат зоналарын қорғау, оның шаруашылықтағы маңыздылығын түсіндіру, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Қорытындылау сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Ауызша сұрақ – жауап, видеороликтермен жұмыс, салыстыру, сәйкестікті табу, салыстыру, картамен жұмыс, тест тапсырмаларын орындау.
Қолданылған технологиялар: Л. В. Занковтың дамыта оқыту технологиясы, СТО стратегияларының элементтерін пайдалану.Қажетті құрал – жабдықтар: Физикалық карта, интерактивті тақта құралдары, кескін карта.

7. Интернет ресурстары:
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Математика, Тарих, Биология, Экология, Музыка

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру - 1/
2. Сергіту сұрақтары - 4/
3. Ассоциация құрастыру 5/
4. Ой толғаныс - 5/
5. Картамен жұмыс – 4/
6. Кескін картамен жұмыс – 11/
7. Видеороликтермен жұмыс - 3/
8. Аудио сұрақ - 2/
9. Анимациялық жұмыс – 3/
10. Синквейн - 2/
11. Үйге тапсырма - 2/
12. Бағалау, қорытындылау – 2 - 3/

Сабақтың ұйымдастыру формасы: Оқушылармен амандасып,
түгендеп, кластың жалпы сабаққа дайындығына көз жеткізу,
Сабақтың ұраны: (слайд №2)
“Айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде қалады,
ал өзіме жасатсаң – түсінемін”
Конфуций
1. Сергіту сұрақтары: (слайд №3 )

● Табиғат зоналары дегеніміз не?
● Қазақстанда қанша табиғат зонасы бар?
● Табиғат зоналарының орналасуы қандай заңдылыққа тәуелді?
● Қазақстандағы ең үлкен табиғат зонасын ата?
● Өтпелі табиғат зоналарын ата?
2. Оқушылардың бұрынғы алған білімдерін анықтау үшін
«Табиғат зонасы» сөзіне ассоциация құрастыру. (слайд №4 )

Ассоциация жауаптары:
1. географиялық орны
2. жер көлемі
3. өсімдігі
4. жануары
5. топырағы
6. климаты
7. ішкі суы
8. адамның шаруашылыққа пайдалануы

3. Ой толғаныс: (флипчарт №1 )
Сөйлемдерді толықтыр
1. Қара топырақты зона республиканың (солтүстік) аймағында таралған, гумусы (6 - 9%) пайыз.
2. Топырақтану ғылымының негізін қалаған (В. В. Докучаев)
3. (Шөлейт) зонасында 3000 – нан астам көл бар.
4. Дермене жусанынан (сантонин) дәрісі жасалады.
5. (Шөлейт) зонасының оңтүстік шекарасы 480 с. е. бойымен өтеді.
6. Топырақтың түсі (қарашірікке) байланысты өзгереді.
7. Дала зонасы республика территориясының (29%, 27%) пайызын алып жатыр.

4. « Қазақстанның табиғат зонасы» картасын талдау.(флипчарт №2)
• 4 табиғат зонасында орналасқан жер бедері?
• Мұғалжар тауы қандай табиғат зоналарында орналасқан?
• Тың және тыңайған жерлерді игеру қай жылдары жүргізілді?
• Тауларда неге табиғат зонасы көрсетілмеген?
• Қай табиғат зонасында қорықтар көп кездеседі?
• Шөл зонасының алып жатқан аумағы неліктен үлкен?

5. Кескін картамен жұмыс (флипчарт №3)
А) Картадағы сандармен белгіленген жер бедерлерін ата.

Ә) Интерактивті тақтадан шторка арқылы өзендерді қай табиғат зонасына тиесілі екенін анықтау.

6. «Қазақстанның табиғат зоналары» картасына интерактивті тақтаның кітапханасынан алынған жануар, өсімдік, құстарды сәйкестендіріп орналастыру керек.(флипчарт №4)

7. «Borovoe» деп аталатын видеороликтер арқылы табиғат зоналарын ажырату. (слайд №5 )
8. «Қандай табиғат зонасы» (слайд №6 )
Оқушыларға аудио сұрақ қойылып, сол арқылы табиғат зонасының ажырату керек.
Сұрақ:
Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,
Ағашты биік таулы жерлері бар.
Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын,
Меймандос берекелі елдері бар.
С. Сейфуллин
Жауап: Орманды дала зонасы. (слайд №7 )
9. «Тянь-Шань» тауындағы биіктік белдеу анимациялық көрініс арқылы көрсетіледі. (слайд №8 )

11. Синквейн. Табиғат зонасы (слайд №9 )
1. Не? (Табиғат зонасы)
2. Қандай? (Әртүрлі, әдемі)
3. Не істейді?(ауысады, өзгереді, құбылады)
4. Сөйлем, сөз тіркесі (Қазақстанда 4 табиғат зонасы бар)
5. Синоним. (Географиялық кешен)

12. Үйге тапсырма: «Табиғат зоналарын өзгертудегі адамның рөлі» эссе жазу.
13. Бағалау, қорытындылау.
Оқушылардың сабақта көрсеткен біліміне сәйкес, белсенділіктеріне қарай жетондар беріледі, жетондардың санына қарап, бағалап, жалпы сабақ қорытындыланады.
жүктеу 48,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау