Педагогтің оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға дайындығы


Білім беру мен тәрбиелеуді оқушылардың ішкі күші мен қабілеттері негізінде ұйымдастыру



жүктеу 50,85 Kb.
бет2/7
Дата19.01.2022
өлшемі50,85 Kb.
#33495
1   2   3   4   5   6   7
ф

Білім беру мен тәрбиелеуді оқушылардың ішкі күші мен қабілеттері негізінде ұйымдастыру. Білім берудегі баланы педагогикалық қорғау, көмектесу және қолдау әдістері оқушының өзін-өзі дамытуы үшін баланың өзін-өзі қорғау тәсілдерін меңгеруге және жағдай жасауға бағытталған педагогикалық міндеттерді шешу тәсілдерінің жиынтығын көрсетеді.

Педагогикалық қорғау әдістерін баланың өз өміріне және денсаулығына қауіп төніп тұрғанын, онымен қалай күресуді білмеген жағдайда пайдалануға болады.

Қоршаған ортадан қорғау табиғат құбылыстары мен қоғамның материалдық обьектілерінен физиологиялық-педагогикалық қорғау әдістерінен тұрады:

Табиғат құбылыстары мен материалдық-техникалық обьектілердің қауіптілігінен қорғау әдістері (бұзылған электр құралдарын пайдалануға рұқсат бермеу, жер сілкінісі, өрт және т.б.апат жағдайларында қамқорлық көрсету).

Әлеуметтік-педагогикалық қорғау әдістері (адамдардан педагогикалық қорғау-ересектер, ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар және замандастар):


  • кикілжіңге ашық қарсы тұру ( төбелесті тоқтату және т.б.);

  • әігімелесу (туындаған кикілжіңнің себептерін және одан шығу жолдарын бірлесіп іздестіру);

  • бірге әрекет ету (кикілжіңді шешуге белсенді оқушыларды қатыстыру);

  • ереже-тәртіп және заң бойынша шешу әдісі ( ұжымда олардың құқығы мен абырой-беделін қорғау құралы ретінде заңға сәйкес оқушының ұстанымының маңызын арттыру мәселесін қолдау; бұл заңдарды және оларды сақтауды бірлесе отырып дайындау);

  • «тежеу» әдісі (тыйым салмау, жағымсыз іс-әрекетті, қылықты тоқтату немесе қысқарту);

  • «мажор» әдісі (адамдардан туындаған қауып-қатерді жеңуде болашақтағы қуанышты жағдайларды дамыту) және т.б.

Баланың өзінен-өзін қорғау әдісі:

  • «уайымдауды төмендету, ұмыттыру» (баланың өзін-өзі сыйлауын сақтау үшін іренішті жағдаятты ұтымды әңгіме арқылы басқаға көңілін аудару; вервальды емес құралдарды пайдалану: қол алысу, құшақтау, басынан сыйпау, еркелету, көңілді музыка қою, ән тыңдату);

  • «тікелей әрекет ету» әдісі (баланы өзіне қарсы бағытталған қылық жасаудан тоқтату);

  • рефлексивті талдау әдісі (өзінің өмірі мен денсаулығы үшін туындағалы тұрған қауіп-қатерді, эмоционалдық жағдайды, әрекетті баланың саналы түсінуі);

  • «жұмылдыру - переключение» әдісі – баланы табысты болу үшін іс- әрекеттің басқа түріне қатыстыру (оның агрессиялық күйін басқа объектіге аудару, мысалы спорт залда жастықты тебу және т.б.), сублимации (шығармашылық әрекетке қатыстыру, мысалы сурет салу, жапсыру, т.б.), катарсиса - (жалпы адамзаттық жаһандық мәселелермен салыстырғанда (кітап оқы, кино көр, т.б.) өз қайғысының, уайымының мәнінің жоғалуы);

  • «оптимистік көзқарасын» тудыру әдісі (қиын жағдаяттан шығудың болашағын және тұлғаның болашақтағы даму жолдарын ашу).

Педагогикалық қолдау әдістері біріншіден, бала туындаған кедергілер мен проблемаларды саналы түсініп, бірақ шеше алмаған жағдайда; екіншіден, балаға проблеманы тудырмау немесе оны шеше білу, алдын-ала сақтандыру шаралары ретінде ықпал етуде қолданылады.

Баланың денсаулығын қолдау әдісі арқылы тұлғаның қабілеттерін дамытудың базалық компоненттері ретінде физикалық және психикалық денсаулығын, эмоционалды-еріктік, рухани-адамгершілік, азаматтық сезімдерін дамыту және нығайту:



  • оптималды күн тәртібі әдісі;

  • рекреация - организмнің тыныштық демалысын қамтамасыз ету;

  • массаж, және т.б.;

Психологиялық денсаулығын қолдау әдістері – жаман дағдыларды жою, жағымды мінез-құлық пен дағдыларды үйрену, релаксация - организмді тыныштандыру ішкі қолайлы жағдайды тудыру мақсатында босаңсу тәсілі;

Тұлғаның дербестігін, оның жалпы және арнайы қабілеттерін, іс- әрекеттерін, қуаныш сезімі, жағымды эмоция, өз күшіне сену әдістері:



  • «көңіл-күйін көтеру» әдісі – сықақ әзіл, оптимизм және т.б.;

  • мадақтау және мақтау (мимика, жест, көзқарас, сөз);

  • «қайырымды іс жасау» әдісі;

  • «батырлыққа қызығу» әдісі;

  • «сенім» әдісі;

-»өтініш» әдісі;

-»күдік тудыру» әдісі;

-»өз-өзімен келісімге жету» әдісі;

-»қоршаған ортамен үйлесімділік» әдісі (саногенді ойлау әдісі);



  • өзінің эмоциясын өзін-өзі байқау әдісі;

  • «өзін-өзі диагностикалау» әдісі (өзінің ерекшеліктерін, қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, қылықтарын талдауға үйрету);

  • «өзін-өзі бағалау» әдісі (өзін адекватты бағалауды үйрету);

  • «өзін-өзі ұйымдастыру» әдісі (өз бетімен физикалық және интеллектуалдық жүктемесін, күн тәртібін, т.б. жоспарлауды үйрету);

  • «өзін-өзі ақтау» әдісі (физикалық және психикалық күштерін қайта қалпына келтірудің дербес тәсілі);

  • «өзін-өзі айқындау» әдісі (өзіндік таңдау жасау);

  • «өзін -өзі іс жүзінде көрсету» әдісі (қойылған міндетке сай жеке жұмысты орындау үшін жағдай жасау);

-»өзін-өзі бақылау» әдісі;

-»өзін-өзі жоспарлау» әдісі (өзін ары қарай дамыту үшін өзінің іс- әрекетінің болашақ жоспарын, өзін-өзі дамыту стратегиясы мен тактикасын құру).

Оқушылардың өзін-өзі тану және оны дамыту әрекетіне педагогикалық қолдау көрсетуде өзін өзі тану пәнінен сабақ беретін оқытушының басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдістерін дұрыс таңдай алуы, өйткені сабақтың нәтижелі жүргізілуі ең алдымен педагог пен оқушының өзара қарым-қатынасының қандай жолдар арқылы жүзеге асуына тәуелді болары сөзсіз.


жүктеу 50,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау