«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



жүктеу 0,98 Mb.
бет98/162
Дата11.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#41704
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   162
ПФжӘ дәріс

онтологиялық ізденісте – жан-жақты зерттелген педагогикалық нысаннан тек жүйелі немесе тұтас, антропологиялық немесе кешенді әдісті таңдауға болады;

  • генезистік ізденісте тетіктер мен дамудың динамикасын анықтау, зерттеліп отырған педагогикалық нысанның сапалы өзгерісіне, жүйелік-құрылымдық және қызметтік-динамикалық әдіс көмектесе алады, үздіксіздік және дескриптивтік ұстаным, сонымен қатар синергетикалық, кибернетикалық, ақпараттандыру идеясы және статистикалық мүмкіндік жүйесінің теориясы жатады;

  • ашылған қасиеттер мен сипаттар жекелеген педагогикалық объектілерді сипаттауда көбінесе табиғилық және мәденитанымдық ұстанымдарына сүйенеді;

  • рөлі мен әлеуметтік миссиясын анықтау ізденісінде аталған немесе жалпы оқыту жүйесіндегі педагогикалық үдеріс адамды тәрбиелеу мен білім беруде тұғырнамалық бағыт ретінде тұлғалық және аксиологиялық әдісті таңдайды.

    Ғалымдардың ізденістеріне сүйенсек, осы бағытта әдіснамалық тұғырлардың құрылымдық моделі мына төмендегідей мазмұнды сипат алады: түріне қарай символикалық; айтылу формасына қарай – логикалық, зерттеу пәні бойынша – педагогикалық; табиғатына қарай – әлеуметтік; зерттеу міндеттеріне қарай – толық, қолдану тәсіліне қарай – графикалық, көрінісіне қарай – жүйелік. Әдіснамалық тұғырдың құрылымдық моделін құру кезінде екі мегаәдіснамалық тұғыр қарастырылды. Табиғи-жаратылыстанушылық және гуманитарлық. Бұл тұжырым қоғам, білім даму парадигмасының гуманитарлық және ғылыми жаратылыстанушылық мазмұнды сипатына сүйенді.
    Бұл саладағы жинақталған теориялық қағидаларды ескере отырып, тұғырларды төрт макроәдіснамалық тұғырға және алпыс микроәдіснамалық тұғырға бөлдік.
    Отандық ғалымдар Г.Қ. Нұрғалиева, А.Қ. Құсайынов, Қ.С Мусин салыстырмалы-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық тұғырларының мазмұнын нақтылады. Авторлар әдіснамалық тұғырлардың әлемдік практикада қалыптасқан салыстырмалы педагогикалық зерттеулерді жүргізгенде: мемлекеттік-мүдделік, жекелік, жалпылық, әлеуметтік, экономикалық, этномәденилік сияқты негізгілеріне сипаттама берді.
    Педагогика, оның әдіснамалық негіздемелері мен парадигмалары көптен бері дағдарысты басынан өткізіп келе жатыр. Парадигма – қандай да бір теорияның негізінде жатқан және ерекше категориялық аппаратқа ие, сонымен қатар, ғалымдармен мойындалған негізгі ережелер мен қағидалардың жиынтығы. Қазір әлеуметтік білімнің жаңа әдіснамасы аясында субъект-объект парадигмасының субъект-субъект парадигмасына алмастыру жүріп жатыр.
    Зерттеушінің таңдап алған тұғырнамалық бағдарын бағалауда ғалымдардың белгілі бір немесе басқа әдістер мен қағидаларға назар сала отырып, аталған тарихи дәуірдегі педагогика ғылымының дамуы мен оның тұғырнамасы және әдіснамалық мәдениетіне әсер етеді дегенді баса назарда ұстауымыз керек.
    Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымда жаңа пайда болып келе жатқан парадигмаларға кіріктірілген үдерісті бөліп қарастыруға болады: ғылыми-жаратылыстану тұғырнамасы мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың жақындасуы, сонымен қатар, олардың тұғырнамалық өзара әсерінің қарама-қайшылығы. Тұжырымды-тұғырнамалық әдістер өзара қатынасы мен бір-біріне жақын әсерімен сипатталады. Сонымен қатар, гуманитарлық ғылымдардың өзінде ішкі ғылыми рефлексия бірден кеңеюде, әлеуметтану идеялары мен синергетика әдістері қарқынды енгізілуде. Педагогикалық ақиқаттағы нысандарды қайта құру зерттеулердегі ғылымға негізделген дәстүрлі және жаңа әдістердің барынша үйлесімділігі, генетикалық байланыстар әдісі, статистикалық және математикалық, педагогикалық іс-тәжірибе пен диагностика тереңдеген сайын, соғұрлым түсіндірмелік және интерпретациялық әдіс қолданылады.
    Зерттеу әдісінде бастапқы қағида, бастапқы ұстаным шартты түрде қолда бар жабдықты төрт макро-әдіс және осыған сәйкес алпыс микротұғырнамалық әдіске топтастырады. Көрсетілген тұғырнамалық әдіс барлық ғылымдар үшін ортақ болып келеді.
    Бұл саладағы жинақталған теориялық қағидаларды ескере отырып, тұғырларды төрт макротұғырларға және алпыс микроәдіснамалық тұғырларға бөлдік.
    Педагогика ғылымының қазіргі заманғы даму кезеңі жаңа идеялардың, тұжырымдамалардың, бағыттар мен ағымдардың жариялығымен сипатталады. Педагогика ғылымдарының ортақ аясында әртүрлі тұғырнамалық бағдарлар бірлесе өмір сүрсе, олар стратегиялар мен әдістерді, зерттеу бағдарламалары мен ғылыми ізденістерді жүргізуге сипаттама жасаудағы таңдауларға әсер етеді. Бұл жағдай педагогикадағы әрбір зерттеушінің өзіндік бағдарын қалыптастыруға әкеледі. Осы тұрғыдан алғанда негіз ретінде педагогикалық модель немесе тұжырымдамалар қарастыру арқылы әдістер немесе қағидалар, эксперименттерді ұйымдастыру мен педагогикалық жаңалықты сипаттауда басшылыққа алу қарастырылған. Педагогқа жаңа тұғырнамалық бағдардың шығу себебін білу өте маңызды.



    жүктеу 0,98 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   162




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау