«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Педагогикадағы гуманитарлық әдіснама



жүктеу 0,98 Mb.
бет100/162
Дата11.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#41704
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162
ПФжӘ дәріс

4. Педагогикадағы гуманитарлық әдіснама.


Гуманитарлық әдіснама. Гуманистік тәрбие – рухани құндылықтардың әдіснамалық негізі жоғары мектеп педагогикасы бүгінгі күні көптеген жалпығылымилық, әлеуметтік-философиялық; әлеуметтік-мәдени және адамгершілік- эстетикалық процестердің тоғысуына тап келіп отыр, өйткені қоғамдық өмірдің күрделі талаптарына сәйкес тәрбиенің құныдылық сипаттарын қайта анықтау өзекті мәселе ретінде қарастырылуда. Ал оның алғы шарты ретінде басты гуманистік құндылықтарды дамыту, яғни жеке тұлға бойында қайырымдылықты, шыншылдықты, әділдікті, еркіндікті қалыптастыру педагогика ғылымының прогрессивті ұстанымдарының бірі болып табылады. Олар әсіресе, тәрбие практикасында бүгінгі күні жалпыадамзаттық негізгі құндылықтарды анықтау, бекіту үшін аса қажет. Болашақ мамандарды даярлау барысында негізгі мақсат – шығармашылықпен жұмыс істей алатын, гуманистік көзұарасы мен сенімдері қалыптасқан тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Тәрбиені гуманизациялау арқылы болашақ маманға бүкіладамзаттық құндылықтарды дарыту арқылы, әрбір білімгердің тек білімі, біліктілігі және дағдысын ғана емес адамгершілік сипатын анықтайтын өзіндік рухани байлықтарының сапасын арттыру жүзеге асырылады. Болашақ маманның адами сапасының қалыптастыру дәрежесіне байланысты оның маман ретіндегі кәсіби деңгейі айқындалады. Сондықтан кәсіби білім, іскерлік пен дағды білімгердің тек тұлғалық ерекшелігінің элементарлы негізі болады, ал қабілеттері мен құндылық бағдарларының жан-жақты дамуы жоғары және өнімді қалыптастыру деңгейі болып табылады, яғни тәрбиелік мәдениетінің жоғарылауының, бүкіладамзаттық құндылықтарды меңгеру арқылы гуманистік көзқарасының тұрақталуының көрсеткіші бола алады. Білімгерлердің жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдері мен гуманистік көзқарастарын қалыптастырудың ең тиімді, мүмкін болатын құралы- берілетін білімгерге адами және рухани сипат беру болып табылады .
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында бұрынғы кеңестік жүйеде өмір сүрген барлық ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда тәрбие теориясы мен практикасы мәселесі үлкен дағдарысқа ұшырады. Ол: құндылықтық, мақсаттылық, мазмұндық, технологиялық, нәтижеліктің деңгейлерінің барлығында да көрініс тапты. Осыдан он жыл бұрын жарық көрген – К.Н. Шварцманның « Философия және тәрбие » атты кітабында батыс елдеріндегі кездескен мәселелер біздің ХХ ғасырдың педагогикасының өзекті мәселелері болып алдымыздан шықты. Өкінішке орай, алғаш рет адамзаттың мығдаған жылдар бойы жас ұрпақ бойына сіңіруге бағытталған гуманистік, ізгіліктік принциптері қажетсіз болып қалды. Нарықтық экономика әлемінде Ноосфералық Ақыл-ой дәуірі мен этикаға жауап беруге қабілетті тұлғалардың бүкіладамзаттық қажеттіліктері мен қазіргі қоғамда үстемдік етуші және халықтың өзіне бүкпесіз бағыну саясатын насихаттаушы, өзімшіл, әлеуметтік-рулықты басты мақсат етуші адамдардың арасында тұрақты қарама-қайшылық қажеттіліктері қалыптасты. Күрделі әлеуметтік және рухани қарым-қатынастарда өмір сүре алу үшін жас ұрпақ үнемі өзгерісте болатын өндірісте, бизнесте, қоғамдық саяси өмірде, түрлі табиғилылын, имандылық бастауларын, өзін құрметтеу және басқаларды силау негіздерін жоғалтпауы керек, өзін-өзі тани білу мен жетілу қабілеттерін дамытуы тиіс.
Классикалық педагогикада «тәрбие» ұғымына үш түрлі түсініктер берілген және олардың зерттеу нысанына қатысты салыстырмалығы айтылған. Әлеуметтік өлшем бойынша «тәрбие» - жас ұрпақтың адамзат мәдениеті мен оның түрлеуін меңгеруі үшін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты-бағдарлы процесс. Бұл жүйенің педагогикалық ықпалы халықтың ірі әлеуметтік топтарына, олардың жас және әлеуметтік ерекшеліктеріне қатысты қоғамдық институттарға бағытталған /3/.
Бұл түсінік бойынша тәрбие үдерісінің үздіксіздігі, олардың құрылымдық тұтастығы жүйе элементтері ретінде жанұяда, мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте, жоғарғы оқу орындарында, қоғамдық ұйымдарда қамтамасыз етілуі тиіс.
Тәрбиені педагогикалық үдеріс деп түсіндіретін деңгейде «тәрбие – адамның ішкі дүниесіне әсер ететін барлық педагогикалық ықпалдардың кірігуі (интеграциялануы), яғни, адам бүкіл өмірінде өзіне қатысты тәрбиелік функцияларды атқарушы адамдар арасында болады және олардың ықпалын тиімділік дәрежесі бойынша қабылдауы»- деп тұжырымдауға болады. Тәрбие жүйесінің әрбір буыны тәрбиеленуші үшін өзіндік тәрбие ықпалын тигізеді. Тәрбиені кәсіби қызмет нәтижесі ретінде түсіндіретін үшінші анықтамада педагог-тәрбиеші қызметі субъектісі ретінде алынады және түрлі тәрбие звеноларында нақты әрекеттер жүйесімен қызмет етеді.
«Тәрбие» ұғымының түрлі анықтамалары мен түсініктерін қазіргі тәрбие көріністері контексімен салыстыра отырып Б.Т. Лихачев тәрбиені адамның сапалық қызметтерімен бағалау арқылы жаңа гуманистік анықтамасын берген жөн деп санайды. Аталған логика бойынша тәрбие- адамның сапалық деңгейін мәндендіруші, оның тұрмысының мән-мағынасы мен өмір сүру әдістерінің өзгеру динамикасының педагогикалық өзара әсерлесуі арқылы туындайтын нәтиже деп түсіндіруге болады.
Тәрбиеге гуманистік сипат беру мақсатында біраз ғалымдар оны әлеуметтендіру жеткілікті, яғни бағытталған әрекет арқылы индивидке саналы түрде қажетті қасиеттер мен белгілерді сіңіруге болады (И.С. Кон) десе: біразы (П.В. Симонов, П.М. Ершов) жеке тұлғаның қажеттіліктерін қалыптастыру мен оларды қанағаттандырудың мүмкін болатын әлеуметтік тәсілдерін анықтау жеткілікті , ал Г.С. Батышев – адамға өзін-өзі танып білу мен өз қажеттіліктерін анықтау мүмкіндігін ьеру қажет, сонда ғана тәрбиеде гуманистік мазмұн бола алады деген. Дәстүр түсініктерде (Я.А. Каменский, В. Зенковский) тәрбие «ұстап отыру механизмі» немесе «мінез-құлықтық шектеу» делініп, этностық, туыстық қарым-қатынастар жүйесінде өмірдің талабы мен ережелерін, мәңгіліктік заңдарымен байланыс тәсілі ретінде бағаланады, ал Р. Тагордың еңбектерінде «адамзаттың данышпандылығының шексіз ішкі бастауларын сыртқа шығарушы» деген тамаша анықтама беріледі.
Тәрбиенің атадан ұрпаққа біржақты берілетін тәжірибемен бағалау тұжырымдары деп қабылданбай, адамдардың бірге өмір сүруінің қарым-қатынастық және әрекеттік әсерлесуі ретінде түсіндірілуі дұрыс деп санаймыз.
Тәрбиені осылай түсіну тәрбиеленушіде өз өміріне қажетті мәселелерді имандық жолмен таңдау іскерлігін қалыптастырады, яғни өзінің ішкі табиғатына, жан қуатының бастауларына сүйенуді міндеттейді. Бұл жағдайда тәрбие мақсаты тәрбиеленушінің басқа адамдардың өмірімен салыстыра отырып, өз өміріне қатысты пайымдаушылық, шығармашылық, имандылық қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталған. Орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің пікірі бойынша осы мақсатты: «Өмірдің барлық кездейсоқтықтарының мсоққыларына төтеп бере алуға мүмкіндік беретін білім адамда зиянды, әрі оны бұзақы әрекеттерден құтқарушы және барлық қарым-қатынастардан қайырымды, жағымды нәтижелер ала алатын мүмкіндіктерге жетелейді»- деп өрнектеуге болады.
Осындай түрде келтірілген мақсат педагог-тәрбиеші үшін басқа мазмұнға сәйкес секілді болуы мүмкін, өйткені, ол нақты сипаттамалармен мінез-құлық нормаларының тиісті жиынтығынан бас тарту немесе басқаша сапалық мазмұнға ұмтылатын өзіндік «тәрбиелілік стандарты» болып өрнектеледі. Бұл жағдайда сөз талап етілетін қасиеттер мен сипаттамалардың стандартты жиынтығы туралы емес, адамда тәрбие жұмысының педагогикалық ықпалы көмегімен қалыптасатын тұрмыстық басымдылықтар (доминанттар туралы, яғни мағынасы мен мазмұны адамның басты тұрмыстық ұстанымдарын таңдауды қамтамасыз ететін педагогикалық әсер ету туралы болады. Аталған таңдаулардың тізбегі адам сапасының өзектілену динамикасын әрбір жекелеген жағдайларда анықтап бере алады. Тәрбие мақсатына осындай көзқарас ХХІ ғасырдағы адам тұлғасының ғарыштық мәселе екендігін негіздейді. Бұл мәселеге қатысты әлдеқайда үлкен еркіндік дәрежесі мен адамдардың түрлі көріністері талап етіледі. Тек қана еркіндік шартына сәйкес адамда өзінің шын бет-бейнесін саналы түрде көрсету қажеттілігі мен мүмкінділігі туындайды. Яғни, Е.Н. Трубецкойдың пікірінше: «Адам қайырымдылықты шын, еркін жасай алмас еді, егер ол қайырымдылық немесе зұлымдықты таңдауға қабілетті болмаса».
Гуманистік тәрбие беру көзқарасының түрлі сипаттамаларына, олардың түрлі мазмұндарына қарамастан тәрбиешіні тәрбиеленушінің ішкі сапалық қасиеттерінің бағыттылығы қызықтыруы керек. Шын мәнінде бұл бағыттылық рухани дамуға жол сілтейді, яғни адамның өзінің тұрмыстық деңгей шеңберінен асу (шығу) арқылы толық қанағаттануға жақындау болып табылады /4/.
Рухани даму, адамзаттық құндылықтарды жеке адамның өмірлік өлшеміне айналдыру тұлғаның гуманистік көзқарасын қалыптастырады. Орыс философы И.А. Колесникова рухани даму туралы: «Жердегі өлшемге сәйкес адамға өлшеп берілген өмірлік » рөлдердің барлық диапазонынан толық өтпей, жақын адамына сүйіспеншілік көрсетпей, туыстық пен жолдастық, шәкірт қатынасын отан және өз халқының тағдырына жауапкершілікті мойындамай, өзіңді адамзат пен аталатын, тұтас әлемнің бір бөлшегі ретінде сезіну мүмкін емес деп гуманистік көзқарасты қалыптастырудың рухани критерийлерін көрсетеді. Аталған рухани критерийлер мағыналы болады, егер адамның құндылықтар жүйесінде төмендегі ұстанымдар бар болса:
- табиғат, табиғат заңдылықтары және олардағы тіршілік белгілері;
- адам және оның денсаулығы;
- отан, туыс, жанұя, тіл, әлеуметтік тұрмыстың түбірі болып табылатын дәстүрлер;
- еркін еңбек және оның нәтижелері, олардың мәдени және өркениетті жетістіктерінің заттануы;
- адамзат қатынасы мен адамзаттың өмір сүруін қамтамасыз етуші махаббат пен бейбітшілік;
- сұлулық пен үйлесімділік, шындық пен қайырымдылықтың критерийі ретінде.
Осы айқындалған мазмұн бойынша гуманистік тәрбие дегеніміз- мән-мағыналармен, құндылықтармен, адамның қарым-қатынастар жүйесімен, оның еріктік – сезімдік сферасымен және рефлексивті (пайымдау) сферасымен жүргізілетін жұмыс. Негізгі әрекет критерийін ұят деп, өз тұрмысының сапасын негіздеуші, өзін басты фактор санайтын балада, жеткіншекте, жас адамда, ересектерде түсінуді, сезінуді, бағалауды қалыптастыратын жұмыс болып табылады. Отандық және шетелдік педагогикада гуманистік дәстүрлер әрқашанда адам бойында «жүрек көрегендігін», «рухани сезімдердің нәзіктігін», яғни адамның субъективті әлемнің кеңестігінде дамуы мен тәрбиеленуіне ерекше көңіл бөлуі кездейсоқтық емес. Сондықтан ХХ ғасырдың соңында философтар мен педагогтардың білім беру мен тәрбиеге жаңа көзқараспен қарап, олардың әлеуметтік функцияларын анықтауға ерекше көңіл бөлді. Онда тәрбиенің гуманистік функциясы арқылы қоғамдық сананың барлық сферасында көрініс табады және қоғамдық санада адам тағдырына қарай орын берілуі мемлекеттік қатынасқа тәуелді екені және сол арқылы әлеуметтік құндылықтардың мазмұны анықталатыны шешіледі. Басқаша сөзбен айтқанда, жас ұрпақтың мәдениет негіздерін таңдауы, оқыту және тәрбиелеу процестерінде адамның өзіне және басқаларға қатысты қалыптастыратын гуманистік көзқарастары мен сенімдері- адам өмірінің барлық сферасын гуманитарландырудың кепілі.
Соңғы жылдары педагогика ғылымында тәрбие мақсатын анықтауға арналған әдіснамалық зерттеу жұмыстарында үш деңгейлік классификаттарды қолданып жүрміз. Оның үшінші деңгейі – гуманистік парадигма тұрғысынан қарастырылатын – адам өмірінің мақсаты мен мән-мағынасы, оның өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру қажеттілігі деп табылады. Адам, оның мүмкіндіктері, оның өз өмірінің мағынасын түсінуі – барлық әлеуметтік ғылымдар ішінде педагогика ғылымына жақын, өзекті мәселе. Сондықтан, үшінші деңгейдегі мақсат тұлғалық-бағыттылық педагогикасын қажетсіну арқылы тек адамның алған тәлім-тәрбие мазмұнын қайталап беруге (репродукция) емес, оның адам табиғатына және өз тәжірибесін толық сезіну тәсілдеріне бағытталған құндылықтарға сай шығармашылықпен (креативті) жұмыс істей алуына жағдай туғызады.
Осы деңгейге сай тәрбие мақсатын қазіргі психологиялық-педагогикалық көзқарасқа сай мына мазмұнда өрнектеуге болады: бұл тек жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту қажеттіліктері мен қабілеттерін дамытуға әсер ету, яғни тәрбие процесінде тәрбиеленуші бойында өзін-өзі танып білу, өзіндік «Мен» талабына қызығушылық қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, мақсатын өзіндік даму бағытымен сәйкестендіру, өз әрекетін өзі ұйымдастыру, психикалық және дене күйлерін реттей алу, өзін-өзі бағалай алу, басқалар арқылы өзін дамыту болып табылады.
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен нысанасы бойынша білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастыруды осы үшінші деңгейге сай жүргізген жөн деп, тәрбие моделі ретінде гуманистік моделді таңдадық. Гуманистік модель – тәрбиеленушінің тұлғалық және даралық ерекшеліктерін есепке алатын, өзара қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылатын, тәрбиеленушіні өз мақсатында, қадір-қасиетімен қабылдайтын, оған сенімділік, қолдау және қорғау көрсететін атмосфера туғызатын принциптер мен әдіс-тәсілдерді анықтайды. Бұл модельді жақтаушылар: Э. Фромм, К. Ясперс, К. Роджерс, А. Маслоу және т.б. /5/.
Жеке тұлға бойында гуманистік көзқарас, сенім және дүниетаным қалыптастыру ұзақ, әрі күрделі процесс. Тәрбие және білім беру процестерін гуманитарландыру тұтас педагогикалық процестің негізгі принциптерінің бірі. Бұл принцип жеке тұлғаның әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.



жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау