Байланыс операторларының желісін (жабдықтарын)
«Қазақтелеком» АҚ Интернет желісіне қосу тәртібі
I. Жалпы ережелері
Осы «Байланыс операторларының желісін (жабдықтарын) «Қазақтелеком» АҚ Интернет желісіне қосу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Байланыс туралы» заңға және Қоғамның нормативтік құжаттарына сәйкес, Интернет желісіне қатынауды ұйымдастыру кезінде байланыс операторлармен жұмыстарды жүйелеу мақсатында әзірленген.
Тәртіптің әрекеті, сондай-ақ Интернет желісіне байланыс операторларды қосудың техникалық көрсеткіштерін өзгерту бойынша жұмыстарды өткізуіне де қатысты.
Осы Тәртіпте қабылданған қысқартулар телекоммуникация саласында қабылданған қысқартуларға сәйкес келеді.
Операторлармен Интернет желісіне қатынауды ұйымдастыруға өтініштерін (өтінімдерін) қабылдау және тіркеу «Қазақтелеком» АҚ Орталық аппартының кеңсесінде және/немесе оператордың заңды мекенжайы бойынша тиісті «Қазақтелеком» АҚ филиалының кеңсесінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарында Интернет желісіне қосылуы (жоспарда бар) бар операторлардың өтінімдері «Қазақтелеком» АҚ Орталық аппартының кеңсесіне беріледі және электронды құжатайналымы жүйесі бойынша бір күннің ішінде Операторлармен келісім департаментіне беріліеді.
Интернет желісіне қатынауды ұйымдастыру жұмыстарын бастау үшін төмендегі құжаттар топтамасы бар оператордың өтінімі негіздеме болады:
байланыс саласына уәкілетте орган берген, оның қосымшаларымен лицензияның көшірмесі;
қосылуға техникалық сипаттамалар (қолданылатын жабдықтың түрі, интерфейс түрінің өткізу қабілеті, Last mile/қосу желілерін ұйымдастыру);
Өтінімнің қабылданған күні ретінде оператор құжаттар топтамасын толығымен берген күн болып есептеледі.
II. Интернет желісіне қосуды ұйымдастыру кезінде «Қазақтелеком» АҚ құрылымдық бөлімшілерінің өзара әрекеттесуі
7. Байланыс операторларымен келісімдер департаменті:
«Қазақтелеком» АҚ Орталық аппартына өтінім түскен кезінде: бір жұмыс күннің ішінде берілген құжаттарды тексеруді өткізеді және техникалық мүмкіндігін тексеруге Қоғамның филиалына өтінімді жібереді.
үш жұмыс күнінің ішінде операторға Интернет желісіне қатынау қызметін ұсынуға коммерциялық ұсынысын жібереді.
8. «Қазақтелеком» АҚ филиалы:
1) электронды құжатайналымы бойынша өтінімді алғанынан кейін, 8 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қосудың техникалық мүмкіндігін қарастырады, онымен бірге Қоғамның деректерді беру желісіне оператордың желісін қосу үшін порттарды резервтеі немесе бос арналық сыйымдылықтың болмауы туралы ақпаратты көрсетеді.
9. Байланыс операторларымен келісімдер департаменті:
Үш жұмыс күннің ішінде қосудың техникалық мүмкіндігінің бар екендігі туралы Қоғамның филиалынан жауап алғанынан кейін операторға Интернет желісіне қатынау қызметін ұсыну туралы коммерциялық ұсыныстың шарт жобасын жібереді.
Оператормен Интернет желісіне қатынау қызметін беру шарты жасалғанынан кейін бір күннің ішінде Интернет желісіне қосуды ұйымдастыруға өтінімді/жүктелімді филиалға жібереді.
3) Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, себептерін және керекті техникалық ресурстарын іздестіру мүмкіндіктерін көрсетіп операторды хабардар етеді.
10. «Қазақтелеком» АҚ филиалы:
Өтінімді/жүктелімді алғанынан кейін, 8 күннің ішінде Интернет желісіне қатынау портын бөлуді және күйге келтіруді ұйымдастырады.
Техникалық мүмкіндік және байланыс оператор тарапынан тиісті өтінім келген жағдайда, филиал «Қазақтелеком» АҚ Интернет портынан оператордың жабдығына дейін қосу желілерін (бұдан әрі – ҚЖ) ұйымдастыруға ТТ дайындауды бастайды. Жұмыстардың орындалу мерзімі – 10 жұмыс күні.
Достарыңызбен бөлісу: |