«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Педагогика әдіснамасының даму тарихы және кезеңдері



жүктеу 0,98 Mb.
бет37/162
Дата11.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#41704
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   162
ПФжӘ дәріс

1. Педагогика әдіснамасының даму тарихы және кезеңдері.

Педагогика әдіснамасы дамуындағы негізгі қарама-қайшылық - педагогикалық шынайылық пен педагогика әдіснамасы арасындағы сәйкессіздік. Бұл қарама-қайшылықты шешу үшін ғалымдар педагогикалық құбылыстардың дамуы заңдылығында көрініс табатын зерттеу әдістерін құрастыру, педагогикалық шынайылықты қайта құру әдістерін іздестіру және жүйелеу сияқты жолдарды ұсынады.


Педагогика әдіснамасының даму үрдістері былайша тұжырымдалады:
1) педагогика әдіснамасы пәнінің түсінігі мен мәнін тереңдету;
2) педагогика әдіснамасының міндеті - педагогикалық ойлау, ғылыми шығармашылық стилін диалектикалық дамыту мен педагогикалық сананы сақтау, қалыптастыру;
3) заманауи зерттеушілердің үш негізгі әдіснамалық ережеге бағыттылығы.
Ғалымдар тәжірибеге негізделген әдіснаманың қазіргі күйі мен болашағына, ғылым және тәжірибе әдіснамасының тенденциясы мен даму болашағына философиялық түсініктеме береді. Қазіргі уақытта ғылымның дамуында әдіснаманың рөлі арта түсті. Бұл немен байланысты? Біріншіден, қазіргі ғылымда объективті шындықтың құбылыстарына кешенді талдау жасау, білімді интеграциялау тенденциясы байқалады. Екіншіден, ғылым өзі қиындай түсті: психология және педагогика – олар зерттеу әдістері бойынша ерекшелене түсуде, зерттеу пәні бойынша жаңаша шектеулер пайда болуда. Үшіншіден, қазіргі уақытта философиялық-әдіснамалық мәселелер мен психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы арасындағы айырмашылық нақтыланды. Төртіншіден, психология мен педагогика өз бетінше әлеуметтік ғылымдардағы математикалық әдістерді қолданумен ерекшелене түсті. Сондықтан, педагогика әдіснамасының даму тенденциясы мен кезеңдерін, сонымен қатар болжамдық әлеуетін анықтай түсу керек.
Бірінші ереже: кез келген педагогикалық зерттеуде зерттеу нысанының қарама-қайшылықтарына мән беру керек, анықталған қарама-қайшылықтан зерттеу мәселесін құрастыру және оның шешімін сәйкессіздіктер арқылы негіздеу. Екінші ереже: кез келген педагогикалық мәселе тәрбиелік және дидактикалық жүйенің интеграциясымен, педагогикалық білім мен үдерістің бірлігін, жүйелілігін ескеру арқылы қойылуы керек және шешілуі керек. Үшінші ереже: кез келген педагогикалық зерттеу педагогикалық шынайылықтың, оның қайта өзгеруі мен эмпирикалық таным нәтижелерін немесе әдістерін қолдануды қажет етеді.
В.С. Степиннің пайымдауынша, ғылым дамуы әдіснаманың сол кезеңге сай сипаттамасы мен түрлерін анықтайды. Ғылым дамуының классикалық кезеңі (XVII ғасыр – ХХ ғасырдың басы) ғалымдардың нысан мәнін тану құралынсыз танымды жүзеге асыруға болады деген сенімділігімен байланысты болды, негізінен зерттеу нысанына басты назар аударылды. Классикалық емес кезең (ХХ ғасырдың басы және ХХ ғасырдың 60-жылдары) – нысанды зерттеу нәтижесінде алынған білім таным құралына қатысты болатынын ғалымдар басшылыққа алды. Неоклассикалық кезең немесе классикалық еместен кейінгі кезең (ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап) нысанды зерттеуге бағытталған пәндік-тәжірибелік іс-әрекет нәтижесінде алынған білім тек қана таным құралына ғана емес, субъектінің дүниетанымына, құндылықтары мен нормаларына да қатыстылығын түсіндірумен байланысты еді. Бұл соңғы жылдардағы әдіснамалық зерттеулердің нәтижесі, ғылыми ізденісте осыны басшылыққа алу керек болды .
В.В. Краевский педагогика әдіснамасының даму тарихын ғылым дамуының кезеңдерімен сәйкестендіру мәселесін қарастырды. Ол М.А. Данилов ұсынған педагогика әдіснамасының анықтамасы педагогика ғылымы дамуының «классикалық» кезеңіне сәйкес келетінін көрсетті. Педагогика әдіснамасын әдіснамалық іс-әрекет ретінде қарастыру ғылым дамуының «классикалық емес» кезеңіне сай келеді (В.В. Краевский, 2001 ж.). Сондай-ақ, Е.В. Бережнованың (2003 ж.) еңбегіндегі педагогика әдіснамасының мағынасы педагогиканың дамуының неоклассикалық кезеңіне сәйкес деп пайымдады.
Педагогика әдіснамасының даму үрдісін, қисынын ашу және тарихын зерттеуге ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр бойындағы педагогика ғылымының даму кезеңдері негіз болды:

  • педагогика ғылымы мен тәжірибесі негізіндегі ғылыми-педагогикалық ізденістегі жаңа әдіснамалық бағыттар мен негіздердің пайда болу көздерін ашу және айқындау;

  • ғылыми қауымдастықта белгілі және мойындалған идеялар, тұжырымдамалар немесе теорияларды дамыту әдістері мен тәсілдерін жүйелеу.

ХХ ғасырда және ХХІ ғасыр басында жеке ғылыми бағыт ретінде педагогика әдіснамасы дамуының іргелі негіздері қаланды. Олар:

жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау