Сабақ жоспары №
Сабақтың тақырыбы: 3 D модельдеу. Виртуалды және кеңейтілген шындық.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Виртуалды шынайылықтың адамға әсері, әр түрлі салаларда қолданылуы туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Ақпараттық қауіпсіздікке, цифрлық сауаттылыққа баулу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: Ауызша, практикалық
Көрнекілігі: конспект, слайдтар, проектор
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру-мақсаттық кезең:
Сабақтың оқу үдерісін ұйымдастыру.
Сабақ мақсатын анықтау.
Оқушыларда жағымды көңіл күй орнату.
2. Операционалды-танымдық кезең
Сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндеттерін анықтау.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен интернеттен иммерсивтіліктуралы оқыған болуың мүмкін. Сарапшылар жаңа дәуір – иммерсивтіесептеулердің дәуірі келді деп есептейді.Соңғы 30 жылда технологияның дамығаны соншалық,пернетақта мен тінтуірдің көмегімен басқарылатын мәшинелердіңорнына саусақпен басқаруға болатын экрандар, бұйрығыңды түсінетін«ақылды қондырғылар» пайда болуда.
Виртуалды және кеңейтілген шынайылық дене қимылы менкөзқарас сияқты табиғи тәсілдердің айналасында құрылған сценарий-лерді ұсынып, мобильді экранға бағытталған назарымызды айнала-мыздағы нақты немесе симуляциялық әлемге аудартып, қарым-қаты-
насты жаңа деңгейге көтерді
Күнделікті өмірде виртуалды және кеңейтілген шынайылықтехнологияларын қолданудың негізгі бағыттарын қарастырайықКез келген жаңа технологияны енгізу адамның жаңа ортағабейімделуін көздейді.
Виртуалды шынайылық барлық се ім мүшелеріне әсер ете алады, осылайша виртуалды әлемді барынша шынайы етеді. Алайдаадам қабылдайтын ақпараттың ең жоғарғы көлемі (80%-дан 90%-ға дейін) көру мүшесінен келіп түседі екен, сондықтан виртуалды,
Иммерсивтілік – адамның психологиялық жай-күйін қамтамасыз ететін ортаның
технологиялық бөлігіне тән қасиеті. Oндағы адамның ішкі «Мені» өзін қандай да
бір ортамен қоршалған белгілі бір ортаға еніп, онымен өзара әрекетке түскендей
қабылдайды.
|
Білімді бекіту:
Дәптерге жауап тарын жаз, ауызша талқыла
Неліктен виртуалды шынайылықтың болашағы зор деп ойлайсың?
2. Адам қызметінің қандай да бір саласын таңдап алып, сол салада
виртуалды шынайылықты қолданудың артықшылықтарын көрсет.
3. Адам қызметінің қандай да бір саласын таңдап, сол салаға кеңейтіл-
ген шынайылықты қолдану мүмкіндігін айт.
4. Қалай ойлайсың, бұл модельдер кеңейтілген және виртуалды
шынайылықтармен қалай байланысқан?
5 Артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
|
Рефлексивті бағалау кезеңі
Сабақты бүгінгі өткен материал бойынша қортындылау, жүйелеу.
Оқушылардың білімін бағалау.
4. Үй тапсырмасы: Виртуалды шынайылық құралдары туралы деректер
Достарыңызбен бөлісу: |