«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



жүктеу 0,98 Mb.
бет31/162
Дата11.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#41704
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   162
ПФжӘ дәріс

Дәрістің негізгі терминдері: педагогиканың объектісі, педагогиканың пәні, педагогиканың қызметтері, педагогиканың міндеттері, педагогикалық ұғымдар.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Педагогика ғылымының объектісі мен пәні, қызметтері және міндеттері.
2. Педагогика ғылымының ұғымдық-категориялық аппараты.
3. Негізгі педагогикалық ұғымдар.


1. Педагогика ғылымының объектісі мен пәні, қызметтері және міндеттері.
Қазіргі уақытта ғылым әдіснамасы мамандары «ғылым нысаны» мен «ғылым пәні» түсініктерін ажыратып қарастырады. Нысан дегеніміз - зерттеушінің танымдық әрекеті бағытталған шынайы болмыс, ал пән дегеніміз - зерттеудің нысанын (объектісін) ғылыми тұрғыдан көру тәсілін бейнелейтін зерттеу субъектісі мен объектісі арасындағы буын.
Педагогика әрекеттің ерекше түрін зерделейді. Бұл әрекет – педагог өз алдына белгілі бір мақсат қоятын болғандықтан, оны мақсатты бағытталған әрекет: белгілі нәрсеге (үйренуге) үйрету және тұлғаның адами қасиеттерін тәрбиелеу, кейде мұны «мәдениет трансляциясы» деп те атайды. Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруіне және өзін-өзі дамытуына бағытталған әрекеттің осы түрі педагогика ғылымының өз пәні болып табылады.
Педагогика ғылымының объектісі мен пәні. «Педагогика» деген сөздің бірнеше мағынасы бар. Біріншіден, педагогика ғылымын осылай атайды. Екіншіден, педагогика өнер, сондықтан да ол практикаға теңестіріледі деген де пікір бар. Кейде педагогика деп оқу материалдарында, әдістемелерде, ұсыныстарда, нұсқауларда жобаланатын әрекет жүйесін түсінеді. Соңғы уақытта бұл сөзбен оқытуға деген түрлі көзқарастар, әдістер және ұйымдастыру формалары туралы түсінік көрсетіп жүр (ынтымақтастық педагогикасы, қауіп-қатер педагогикасы, даму педагогикасы, мұражайлық педагогика және т.б.). Дегенмен, осылайша терминді екі мағынада сипаттау анық түсіну мен ғылыми түрде көрсетуге кесірін тигізіп отыр. Күрделі педагогикалық мәселелерді түсіндіруден бас тартпау үшін бір мағынадағы түсініктің анықтамасын қабылдаймыз: педагогика «педагогика ғылымын» білдіреді және бұл сөзді осы мағынада ғана қолданатын боламыз.
Ғылымды кеңірек мағынада шындық өмір туралы объективті білімдерді жасау және теориялық жинақтау іске асатын адами әрекеттің бір саласы деп қарастырады. Бұл ғылымның құралдары мен әдістері пайдаланылатын және зерттелетін объектілері туралы білімдердің қалыптасуымен аяқталатын объектіні жүйелі және мақсатқа бағытталған түрде зерделейтін таным үдерісінің ерекше түрі.
Педагогикалық шынайылық – жалпы шынайы болмыстың педагогикалық әрекетке енетін бөлігі. Бұл оқушы, мұғалім, олардың әрекеттері, оқыту мен тәрбиелеу әдістері, оқулықтар мен олардың мазмұны және т.б. мұндай әрекет тек ғылымда ғана көрініс таппайды. Ғылым – қоғамдық сананың бір түрі. Ғалым сол ғылымда жинақталған білімнен, жалпы адами тәжірибеден алынған ақпаратқа сүйенеді. Көркемдік шығармашылықтағы жалпы адами және жеке тұлғалық тәжірибе ара қатынасында жеке тәжірибенің маңызы үлкен. Жеке тәжірибені сипаттау А.С. Макаренконың «Ұстаздық дастанындағы» көркемдік бейнелік ойластырумен қосылып кеткен. Бұл бағыт басқа жазушы-педагогтардың публицистикалық шығармаларында жалғастырылады. Екі жанр арасындағы айырмашылық – көркемдік жинақталудың негізгі түрі типтерге бөлу болса, ғылымда осы қызметті түсініктердегі, болжамдардағы, теориялардағы абстрактілі, қисынды ойлау атқарады. Шындық болмысты рухани игерудің басқа түрі – эмпирикалық таным. Педагогика танымының осы екі түрін – ғылыми және эмпирикалық танымды жеткілікті деңгейде ажырата алмайтындығы, тіпті практик-педагог өзінің алдында арнайы ғылыми мақсаттар қоймай-ақ, және ғылыми танымның құралдарын пайдаланбай-ақ, зерттеушінің жағдайында болуынан көрінеді. Ғылыми таным үдерісі – ерекше үдеріс. Ол адамдардың танымдық қызметінен, таным құралдарынан, оның нысандарынан және білімнен тұрады.
Ғылыми танымды адамдардың арнайы топтары, ал эмпирикалық танымды барлық іс-әрекетпен айналысушылар жүзеге асырады. Білімнің көзі түрлі практикалық іс-әрекет болып табылады. Бұл бір арнайы қосымша алынбаған білім. Ғылымда арнайы танымдық мақсаттар қойылады және ғылыми зерттеу жүйелі және мақсатты бағытталған сипат алады, ол ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған. Оның нәтижелері ғылымды белгілі бір олқылықтардың орнын толтырады. Зерттеу барысында танымның арнайы құралдары қолданылады: модельдеу, болжамдар жасау, эксперимент жүргізу және т.б.
Практикалық әрекеттерді ғылыми мәселелерден ажырата алу керек. Мысалы, оқушылардың оқудағы артта қалушылығын болдырмау – бұл практикалық міндет. Бұны ғылыми зерттеу жүргізбей-ақ шешуге болады. Бірақ оны ғылыми негізде шешкен жақсырақ болады.
Ғылымның объектісі мен пәнін ажырата білу керек. Объект – осы ғылым зерттейтін шынайы болмыстың саласы. Пәні – осы ғылым саласын көре білу тәсілі. Біз осы арқылы болмысты көреміз, ал осы болмыстың міндетке сай жақтарын, осы ғылымға тән түсініктерді пайдалану арқылы болмыс салаларын сипаттауға керек бір көзілдірік іспетті. Педагогика әрекеттің ерекше түрін зерделейді. Бұл әрекет – педагог өз алдына белгілі бір мақсат қоятын болғандықтан, мақсатты бағытталған әрекет: белгілі нәрсеге үйрету және тұлғаның мынадай қасиеттерін тәрбиелеу (ізгілік, адамгершілік, өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа қабілеті). Егер осы іске кең мағынада қарасақ, бұл – адамзат қоғамының мәңгі өмір сүретін қызметін орындау әрекеті: жаңа ұрпақтарға жинақталған әлеуметтік тәжірибені жеткізу, беру, кейде мұны «мәдениет трансляциясы» деп те атайды. Осы негізде педагогиканы қоғамдық өмірге баулу мақсатындағы ерекше, әлеуметтік және тұлғалық себепті байланыстылық, педагогикалық мақсаттылық және педагогикалық басшылықпен сипатталатын әрекетті зерттейтін ғылым ретінде анықтауға болады. Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруіне және өзін-өзі дамытуына бағытталған әрекеттің осы түрі педагогика ғылымының өз пәні болып табылады.
Ғылымның пәнін анықтау оның теориялық мәртебесіне бағынышты. Егер педагогикада теориялық деңгей бар екені мойындалса, онда оның пәнін былайша көрсетуге болады: педагогика ғылымының объектісі болып табылатын әрекеттегі қарым-қатынастар жүйесі. Мысалы, педагогикалық ғылыми пәннің бірі – дидактикадағы оқытудағы қатынастар жүйесінде оқушы оқытудың объектісі және білім алудың субъектісі болып табылады.
Енді осы әрекетті қалай атауға болатынын ойластыруға болады. Дәстүр бойынша оны тәрбие терминімен белгілеуге болар еді. Тәрбиенің түсінілуі: кең әлеуметтік мағынада – тәрбиені адамға бүкіл қоршаған болмыстың әсері деп атайды; кең педагогикалық мағынада – бүкіл оқу-тәрбие үдерісін қамтитын мақсатты бағытталған әрекетті тәрбие деп қарастырады; тар педагогикалық мағынада – тәрбие дегеніміз – арнайы тәрбие жұмысы; бұдан да тар мағынада – тәрбие белгілі бір міндетпен, мысалы адамгершілік қасиеттердің (адамгершілік тәрбиесі), эстетикалық түсініктер мен талғамдардың (эстетикалық тәрбие) қалыптасуымен байланысты қарастырылады. Бұл ретте тәрбие термині тәрбиелік күш-жігерді белгілі бір аймақтың бөлігіне қолдану деп түсініледі.
Ғылымның объектісі мен пәнін ажырата білу керек. Объект – осы ғылым зерттейтін шынайы болмыстың саласы. Пәні – осы ғылым саласынан көре білу тәсілі. Біз осы арқылы болмысты көреміз, ал осы болмыстың міндетке сай жақтарын, осы ғылымға тән түсініктерді пайдалану арқылы болмыс салаарын сипаттауға керек бір көзілдірік іспетті.
Педагогика ғылымы зерделейтін жоғарыда келтірілген әрекеттің ерекше түрін бейнелеуге өз мағынасы жағынан ең жақын тұрған ұғым – «әлеуметтендіру». Әлеуметтендіру деп өскелең адамның тұлға ретінде тарихи жинақталған мәдениетті, әлеуметтік тәжірибені меңгеруі және жасауы арқасында өскелең адамның қоғамға ену үдерісі түсініледі. Педагогикаға қатысты бұл әрекетті тұлғаның мақсатты бағытталған әлеуметтенуі деп белгілеуге болады. Өйткені кез келген педагогикалық әрекет белгілі бір мақсатпен жасалады және қоғамға жеке тұлғаның енуі педагогтың басшылығымен, тәрбиеленушінің педагогпен өзара әрекеттесу үдерісінде жүзеге асырылады.
Бірақ «әлеуметтендіру» ұғымының мағынасы педагогикалық түсініктер шеңберінен шығып кетеді. Бір жағынан, ол кеңірек философиялық және әлеуметтанулық ғылымдар нысанасына жатады да, педагогикалық болмыстың нақты сипаттамасынан алыстап, абстракцияға айналады. Екінші жағынан, ол адамның қоғамға енуіне, жекеленуіне қажет болатын, яғни тұлғаның қалыптасуының мәнді жағын, педагог үшін аса маңызды жәйтті көлеңкеде қалдырады. Тек жеке тұлға ғана өмір мен шығармашылыққа өзіндік қатынас жасай алуға қабілетті.
Біз қарастырып отырған тұрғыда «білім беру» түсінігі тәрбиеге өте жақын. Білім беру әрі қоғамдық құбылысты, әрі педагогикалық үдерісті білдіреді. Ол педагогиканың объектісін жалпы әлеуметтік нысанаға ендіріп қоймай, сондай-ақ нақты түсініктер арқылы оның мәнін ашуға мүмкіндік тудырады. Сонымен, жалпы қабылданған соңғы шешім бүгінгі күні жоқ. Осы көзқарасты қолдаушылар өз дәлелдерін келтіреді, олардың ойынша, білім беру педагогикалық әрекетті кеңірек көрсететін түсінік болып есептеледі. Демек, біздің ғылымның объектісі «тәрбие» болуы тиіс. Олар негізінен дәстүрлерге сілтеме жасайды. Шындығында, егер бұрынғыша білім беруді жеке тұлғаның тек интеллектуалдық қасиетін қалыптастыру деп қарастырсақ, онда білім берудің мазмұнына адамда сезімдік-құндылық қатынастар мен оларға сәйкес мінез-құлық, тәртіп қалыптасуы кірмей қалады да, мұны білім беруден тыс іздестіруге тура келеді. Біздің көзқарасымызша, егер осы айтылғандарға көңіл қойсақ, онда біз педагогика ғылымының объектісі – білім беру десек, қате болмайды. Шын мәнінде, білім беруді, сондай-ақ басқа ғылымдар да зерттейді. Педагогикалық психология, білім беру философиясы, білім беру социологиясы бар. Бірақ педагогика – бұл білімдік әрекеттің түрлі жақтарын зерттейтін басқа ғылымдар қатарындағы білім беру туралы арнайы, бірден бір ғылым. Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөліктерімен бірлікте қарастырып зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі ретінде санайтын бірден бір ғылыми пән.



жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау