2. Педагогика әдіснамасының практикалық бағыттылығы.
Педагогикалық болмысты қайта құру әдістерін дамыту және іске асыру педагогикалық әдіснаманың басқа саласына - педагогикалық әдіснаманың құрамына кіретін және кейде “практикалық әдіснама” немесе «педагогикалық жобалау әдіснамасы» деп аталатын педагогикалық болмысты дамыту әдіснамасына рефлекстеледі.
В.С. Шубинский өз кезегінде педагогикалық әдіснама пәні «педагогикалық білімді және педагогика саласындағы таным үдерісін оқып-үйрену болып табылатынын атап көрсеткен болатын. Ал бұл әдіснаманы практикадан қол үзуіне мүмкіндік туғызады, оған басқа міндетті – практикаға да, теорияға да, қатысы шығармашылық – қайта құрушы міндетін орындауына кедергі келтіреді». Сондықтан, педагогикалық әдіснаманың дамуы « тек қана таным әдістерін ғана емес, әдіснамалық білімнің қайта құрушы рөлін ашатын педагогикалық болмысты қайта құру әдістерін әзірлеумен байланысты».
Педагогикалық әдіснаманың практикалық бағыттылығы, оның педагогикалық жаңашылдық практикасын дамытудағы елеулі алға басушылығына қатысты қайта құрушы қызметі мәселесі баспасөзде 1980- 1990 жылдардан белсенді түрде талқылана бастады (М.С. Бургин, Б.С. Гершунский, В.И. Журавлев, В.И. Загвязинский т.б ) .Бұл ретте, Е.В. Титова атап көрсеткендей, педагогикалық ғылымды дамыту әдіснамасын жеке педагогикалық практиканы дамыту әдіснамасын бөліп қарау мәселелері және олардың арақатынасын іздеу мына бағыттарда анықталады.
Бірінші бағыт зерттеушілердің педагогикалық әдіснаманың қандай болмасын практикалық бағыттылығын жоққа шығаруды білдіреді.Бұл бағыттың авторы педагогикалық әдіснама жүйесі мынадай деп санайды: педагогикалық болмыс объектілерін тану табиғатын белгілейтін және ерекшелігін бейнелейтін білімдерді алудың қағидалары, тұғырлары және тәсілдері туралы педагогикалық ғылымның негізі мен құрылымы туралы білімдер; басым түрде танымдық үдерістер ретінде арнаулы – ғылыми педагогикалық зерттеулерді әдіснамалық қамтамасыз ету қызметі. Аталмыш жағдайда әдіснама объектісі болып тек педагогикалық ғылым және педагогтардың ғылыми – танымдық қызметі танылды. Мысалы: В.И. Загвязинский педагогикалық әдіснаманы анықтауда оны ғылыми-педагогикалық зерттеудің бастапқы ережесі, құрылымы, үлгісі мен әдістері туралы ғылым ретінде түсіндіреді.
Е.В. Титованың пікірінше, осы ұстанымның негізінде жақтастары ғылыми таным әдіснамасын ғана танып, ғылыми қайта құру әдіснамасын жоққа шығаратын гносеологиялық және ғылымтану тұғырлары іс жүзінде бірікті. “ Педагогикалық әдіснама” және “ педагогика әдіснамасы” терминдері тек педагогика ғылымының және педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы ретінде біржақты түсініледі.
“ Педагогикалық әдіснама” термині “ педагогика әдіснамасы” терминіне қарағанда кең. Бірінші термин педагогикалық ғылымдарды дамыту, педагогикалық зерттеулер, педагогикалық болмыс объектілерін қайта құру, педагогтардың және оқытушылардың ғылыми- танымдық немесе ғылыми қайта құру қызметін бағалау әдіснамасын білдіреді. “ Педагогика әдіснамасы” термині екі аспектіде – педагогикалық қызметті ғылыми тану және педагогтардың ғылыми- зерттеу қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету негіздерінің әдіснамасы ретінде іске асырылатын педагогикалық ғылым әдіснамасы ретінде түсініледі.
Бүгінгі таңда ғалымдар педагогика әдіснамасының практикалық бағыттылығын таниды. Бұл ұстаным әдіснамалық сипаттағы осы заманғы көптеген жұмыстардан көрінеді. Педагогика әдіснамасы, бұл – « ғылымдардың жалпыға бірдей әдіснамасынан және білімнің қоғамдық даму жүйесі бағыттарын зерттеу, педагогикалық теория ережелерінің, бастау алған жері туралы білімдер жүйесі және педагогикалық құбылыстарды қараудың тұғырлары мен қағидалары, сондай- ақ, алған білімді тәрбиелеу, оқыту және білім беру практикасына ендіру жолдары екені атап көрсетіледі».
Көптеген зерттеушілер ұсынған пікір – пайымдаулар осы уақытқа шейін толықтай тұжырымдалмағандықтан қисынын таппай келеді – жай ғана ресми жария етіледі немесе ғылыми жетістіктерді практикаға ендірумен байланыстырылып, педагогикалық әдіснаманың практикалық – қайта құрушы қызметін тек осыдан қөреді.
Педагогикалық әдіснама педагогикалық теория мен практика саласындағы қызметтің құрылымы, логикалық ұйымдастырылуы, әдістері мен құралдары туралығылымды қамтиды. В.С. Шубинский, Б.С Гершунский және Н.Д. Никандров дәстүрлі түрде “ педагогика әдіснамасы” термині қолданылғанымен, ғылым мен практика әдіснамасының педагогикалық әдіснама құрылымындағы ара қатысы туралы былай деп тікелей айтты: “Педагогика әдіснамасы, бұл- ол туралы теориялық және практикалық қызметтің нормасы, қағидалары мен білімдердің белгіленген жүйесі”. Әдіснамалық білім тек қана педагогикалық білімнін өзгеруі туралы, педагогикалық болмысты тану туралы – оны алудың тәсілдері мен үдерістері туралы білім емес, сонымен қатар, ( мұны атап айту керек) тиісті педагогикалық объектіні қайта құрудың тәсілдері мен құралдары, қағидалары мен логикасы туралы білім ретінде анықталуы мүмкін.
Педагогика әдіснамасының практикалық бағыттылығы болуы мүмкіндігін мойындай келе ғалымдар: « Әрине, бұл ережені бұрмалаудың ( тұрпайыландыру) қажеті жоқ. Жекелей алғанда, қандай да бір нақтылы әрекеттің тәсілдері туралы барлық практикалық кеңесті әдіснаманың жеке көрінісі деп санауға болмайды. Онымен қоймай, мұндай бұрмаланудың болмысы ретінде кейде педагогикалық әдіснаманы шектен тыс көмескі, екі ұшты немесе абстрактілі түрде түсінуді айтуға болады. Бұл педагогикалық ғылымдағы кез- келген кеңінен талдап- қорытуды, кез- келген педагогика ғылымы практикадан алшақ ережені, кейде тіпті айрықша маңызбен әдіснамалық бағдар мәртебесі берілген авторлық тұжырымдауды әдіснамаға жатқызу болуы мүмкін. Алайда, практикалық құрамдас педагогикалық әдіснама идеясын жақтаушылар тұтастай “ ғылымтану” тұғырының аясында қала отырып, педагогикалық әдіснаманың практикалық бағдарының мүмкіндіктерін жоққа шығармастан, мұндай бағдар неден көрінеді деген сұраққа белгілі бір жауап бере алмайды. Ғылыми тану әдіснамасы мен жаңа педагогикалық практиканы жобалау әдіснамасы өзара несімен ерекшеленетіндігі әзір айқын емес және оны анықтау сипатындағы талпыныстар қойылған сауалға толық жауабын бере алмай отыр.
Үшінші бағыт педагогикалық әдіснаманың танымдық- түсіндіруші және жобалау- қайта құрушы аспектісінің заңдылығын нығайтумен сипатталады.
Әдіснама жөніндегі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйене отырып, М.С. Бургин мынадай сұрақ қояды:ол практикамен тек жанама түрде педагогикалық теория арқылы байланысты ма, жоқ әлде бұл екі саланың ортасында тікелей байланыс барма? Оның көзқарасы бойынша “ педагогикалық практика әдіснамасы сияқты ғылыми тарауды бөліп шығару мақсатқа сай ” болмақ. Педагогикалық әдіснаманың практикалық бағыттылығының мүмкіндігін бекітудегі жүйелі ұстаным мәселенің оның практикалық бөлігінің ғылыми мәртебесі жөнінде қойылуына сөзсіз алып келеді, бұл С.Я. Батышевтің анықтамасында « таным мен практикалық қызметтің қағидалары, нормалары, әдістерінің жиынтығы, шынайы білімге және оңтайлы практикалық әсеріне қол жеткізудің жолдары туралы ғылым» мағынасында сондай- ақ, В.М. Розиннің мақаласында қарастырылады.
Розин кәсіби әдіснама екі бөліктен: дамытатын қызметке бағдарланған қолданбалы және әдіснаманың өзіне бағдарланған жетекші мазмұнда болуға тиіс деп пайымдайды.
Осылайша педагогикалық әдіснаманың практикалық бағдарын әдістер мен қағидалар арқылы ғана емес , сондай – ақ, жаңа педагогикалық объектілерді жобалауда да қарастыру қажет: « Әдіснама ғылыми нәтижелерді ендірумен ғана айналыспауға тиіс, сонымен бірге, оның міндеттері аясына осындай үдерістерді ендіру жолдарын, жалпы тұғырлары мен іске асыру қағидалары енеді».
Педагогика әдіснамасының практикалық міндеттерін ашуды басқа да ұғымдар баршылық. Педагогикалық әдіснаманың практикалық бағыттылығы нақтылы педагогикалық қызметтің ғылыми негізделген технологиясын жасауға арналған басқарушы ескертпелерден тұрады – бұл осылай аталатын нормативтік әдіснама.
Бұл ереженін дамуы әлеуметтік саладағы жаңа педагогикалық, білім беру, ақпараттық және гуманитарлық технологияларды жасаудың әдіснамасын іздеуде іске асады.
Өз кезеңінде В.И.Журавлев педагогика әдіснамасын дамыту болашағының екі түрлі үрдісін атап көрсетті. “ Олардың бірі – әдіснаманың ғылыми және практикалық қызметтің түрлі саласына неғұрлым кең ауқымда енуі, оны қызметті тану мен қайта құрудың құралы ретінде жалпы жұртшылықтың тануы. Екіншісі – неғұрлым жетілдірілген және өнімді, танымдық, пәндік – өндірістік қызметті қамтамасыз ететін әдіснамалық операцияны өсіру, дамыту, кеңейту”. Бұл ретте, ғалым алғашқылардың бірі болып педагогикалық праксиология туралы кез-келген саладағы қызметтің мақсатына сай талдап-қорытылған нормаларын жасау міндетіне ие, әдіснама мен пәндік-практикалық қызметтің шекарасында тұрған “салыстырмалы түрде жас ғылыми пән” ретінде мәлімдеген болатын. Ғалымның пікірінше, педагогикалық праксиологияның педагогикалық әдіснаманың нәтижелі аспектісіне “ жақындауы ” туралы айтуға болады.
Бұл айтылғаннан педагогикалық әдіснаманың практикалық-бағдарланған тұғырды, осы тұғырдың аясында педагогикалық әдіснаманың практикалық нәтижелілігін, соның ішінде, педагогикалық практика объектілерін қайта құрудың мақсатқа сәйкестігіне бағытталған қызметті анықтаудың құрылымы, логикалық ұйымдастырылуы, әдістері мен құралдары туралы ғылым ретінде түсінетіндігін айқындауға мүмкіндік берді.
Педагогика әдіснамасының практикалық аспектісін айқындауда ғалымдар дегенмен де осы мағынасында педагогтардың әдіснамалық қызметінің ерекшелігін ашып көрсетпейді.
Педагогикалық әдіснаманы түсіну, оның мағынасын анықтауды түсінуде белсенді даму үстіндегі бағыттардың бірін мазмұнды, нормативтік және мағыналы аспектілерді бөлу арқалы көруге болады.
Педагогика әдіснамасының мазмұндық аспектісі педагогикалық болмыс туралы әдіснамалық білімдердің табиғаты мен көлемін ашады, нормативтік аспект-түрлі тұғырлар, қағидалар мен әдістерді білдіретін педагогикалық болмыс объектілерін тану және қайта құрудағы әдіснамалық бағдарлардың жиынтығы;
Достарыңызбен бөлісу: |