«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



жүктеу 0,98 Mb.
бет152/162
Дата11.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#41704
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   162
ПФжӘ дәріс

Ғылымның екінші белгісі – зерттеудің арнайы нысанын (обьектісін) бөліп қарастыру. Педагогика ғылымының нысаны – білім беру, яғни педагогикалық әрекеттің өзі нақты анықталған. Жеке педагогикалық зерттеу нысаны сол салаға жатады. Әр сәтте сол әрекеттің қайсыбір бөлігі зерттеледі. Үшінші белгі – танымның арнайы құралдарын қолдану. Мұғалім педагогикалық жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін, компьютерлерді, кестелерді, кинофильмдерді және тағы басқаларды қолданады. Зерттеуші ғылымның эксперимент, модельдеу, болжам жасау және т. б. әдістерін қолданады.
Соңғы белгі – терминологияның бір мәнділігі. Бұл ғылыми қағидаға қойылатын міндетті талап. Әрине, бүкіл ғылымды зорлықпен, зомбылықпен бір мәнділікке әкелу мүмкін емес. Оның дамуы барысында түсініктер үнемі байып отырады, бағыттарға бөлінеді. Бұл заңды үдеріс. Бір ғылыми еңбектің – дипломдық жұмыс, диссертация, монография, мақала сияқты еңбектерінде – автор басты ұғымдарды дұрыс анықтауға және зерттеудің аяқталғанына дейін соны басшылыққа алуға тиіс. Арнайы ескертпейінше, терминді әр түрлі тұрғыда қолдануға оның құқығы жоқ.
Сонымен, қайсыбір шығарманың немесе жазылымның ғылымға жататындығы, мақсаттың сипаты, зерттеудің арнайы обьектісінің бөлініп қаралынуы, адамның арнайы құралдарының пайдаланылуы, терминологиялық бір мәнділік сияқты белгілері бойынша анықталады.
Қазіргі ғылым көпқырлы саласы мен ақиқат дүниені терең түсіну жүйесіне негізделген білімді тұтастай талдап қорытуға бағытталған, сондықтан маңызды дүниетаным бағдары дүниенің біртұтас жалпы ғылыми сипаттамасын жасауға ұмтылыс болып табылады.
Ғылыми ізденісті жүзеге асырудың басты формасы - жекелеген ғалымның және ғылыми ұжымның ғылыми жобасын, ғылыми зерттеуін дұрыс ойластырылған жүйеде ұйымдастырылған ғылыми іс-әрекет. Ғылыми зерттеу іс-әрекеті - әлеуметтік-мәдени, технологиялық және өндірістік мәселелерді шешуге қажетті жаңа білім алуды және оны қолдануды қамтамасыз ететін күрделі ақыл-ой қызметі. Егер: а) зерттеушінің танымдық әлеуетін белсендіретін ғылыми іс-әрекет, б) зерттеліп отырған саланы танып білудің нақты ойластырылып жасалған зерттеу кезеңдері мен әдістері; в) жоспарлы ізденіс жүргізу; г) алынған нәтижені рәсімдеу; д) зерттеу қорытындысы бойынша қорғау немесе есеп болмаған жағдайда зерттеу жүргізілуі мүмкін емес.
Ғылыми зерттеулердің ғылыми таным стратегиясы, тактикасы және логикасы оның ерекшелігіне неғұрлым тәуелді болса, солғұрлым оның түрін ажырату маңызды болады. Олар 10 ның үстінде деп есептеледі, солардың ең маңыздысы төмендегілер:
а) өндіріс үшін алынған арнайы білім келесі ғылыми ізденістің негізі болып табылатын іргелі;
б) нақты мәселелерді шешуге бағытталған жаңа білімді табу және қолдануға бағытталған қолданбалы;
в) нақты белгілі бір ғылым шеңберінде жүргізілген немесе бірнеше ғылымдар тоғысында жүргізілген пәндік және пәнаралық;
г) ақиқаттың нақты аспектісінің мәнін айқындайтын және практикалық қызметтің белгілі бір секторында жедел басқарушылық шешімдер қабылдайтын аналитикалық;
д) жұмыстың сол бойдағы маңызы мен болашағын анықтауға бағытталған ізденістік;
е) бұрын алынған теориялық білімнің ақиқаттың нақты қай саласында тарағаны және маңызының қандайлығын айқындайтын мақсатқа құрылған ең кең тараған нақтылаушы;
ж) зерттеу жұмыстары, іргелі және қолданбалы зерттеулер нәтижесін практикаға енгізуге жауаптылар.
Педагогикалық зерттеулерді олардың бағыттары бойынша методологиялық, іргелі және қолданбалы деп бөлуге болады.
Педагогика саласындағы методологиялық зерттеулердің тиімділігі мен сапасын арттыру принциптерін табу және олардың практикаға тигізер әсерлерін күшейту болып табылады. Мұндай зерттеулер педагогика саласындағы ғылыми қызметке бағдар береді.
Іргелі зерттеулердің мақсаты педагогикалық құбылыстардың мәнін ашу, педагогикалық ақиқаттың терең де, тасада жатқан құпияларын, негіздерін табу, оған, ғылыми түсінік беру болып табылады. Осындай зерттеулердің нәтижесінде оқыту мен тәрбие теориясы, әдістер мен ұйымдастыру нысандарының теориясы және т.с.с. құрылады.
Іргелі зерттеулердің нәтижелері практикамен тікелей байланысты мәселелерді шешетін қолданбалы зерттеулер үшін теориялық негіздемелер құрады. Көбіне олар іргелі зерттеулермен бір кешенде жүргізіледі және олардың нәтижелері іргелі еңбектерде олардың қолданбалы бөлігі ретінде беріледі. Қолданбалы зерттеулер практиканың нақты кемшіліктерін жоюға бағытталған. Әрине, мұндай зерттеулердің мәні іргелі зерттеулерден кем болмайды.
Іргелі зерттеулер әдетте абстрактылы сипатқа ие гепотетикалық теориялық схема құрудан басталады. Жекеленген теориялық ережелер тәжірибе арқылы тексеріледі. Осы негізде зерттеу объектісінің мәні туралы, ондағы қарым-қатынастар туралы теориялық түсінік алынады.
Бірақ та зерттеудің түпкі мақсаты-нақты білім алу. Келесі кезең- бастапқы абстракцияны шынайы өмірге аудару және мәнмен мағынаның осы шынайы өмірден мән мен мағынаның нақты көрінісін аңғару. Бұл мәннен мазмұннан құбылысқа, абстрактылықтан нақтылыққа барар жол. Мысалы, “сабақ беру”, “оқыту” деген абстрактылы ұғымдарды бірдей ала отырып, біз педагогикалық шындықтағы оқу мен оқыту арасындағы қатынастардың өмір сүруінің нақты нысандарын тауып, сол арқылы нақты білім аламыз.
Қолданбалы зерттеулердің барысы бұдан өзгеше болады. Қолданбалы зерттеудің іргелі зерттеуден айырмашылығы сол, мұнда теориялық негіздемелер зерттеушіге беріліп қойылған. Ол зерттеушіні қолда бар теориялар арқылы педагогикалық практикадағы жоюға тиісті кемшіліктерді (мысалы, белгілі бір мақсаттарды орындау үшін оқытудың қолда әдістерінің тиімділігінің жеткіліксіздігі) табуға және сипаттауға еліктіреді. Бұл зерттеудің басы. Бұдан кейін байқалған кемшіліктерді қалай жою керектігі жөнінде түсінік қалыптасады. Осы түсініктің қандай теориялық дәрежеде екендігіне байланысты оның жекеленген элементтерін тексеруге бағытталған эксперимент, екінші жағынан тәжірибе жұмысы арасында айырмашылықтар болуы мүмкін, оны зерттеу жұмысының барысында ескеру қажет.
Ғылыми педагогикалық зерттеулер тәжірибелік эксперименттік және теориялық сипатта болуы мүмкін.
Тәжірибе жұмысы ғылыми ұсынымдарды пайдаланудың неғұрлым тиімді жағдайларын табуға бағытталған. Ғылыми-педагогикалық эксперимент өмірлік, тәрбиелік қарама-қайшылықтарды, қалыптасқан проблемаларды шешуге қатысты ғылыми ұғымдар мен болжамдарды тексеруден тұрады.
Педагогикада теориялық зерттеулер мен оның әдістері ерекше орын алады. Теориялық зерттеулердің мәні белгілі бір дүниетаным тұрғысынан алып қарағанда, эмпирикалық және қорытылған материалды жүйеге келтіруде, талдауда және бағалауда болып табылады Ғылыми жұмысқа қойылатын мңызды талаптар- бұл қолданылатын терминологияның қатаңдығы, нақтылығы, бір мәнділігі.
Кез-келген педагогикалық зерттеу жалпы қабылданған методологиялық өлшемдерді анықтауды көздейді. Оларға зерттеудің проблемасы, тақырыбы, объектісі және мәні, мақсат, міндеттері, болжам және қорғалатын ережелер жатады. Педагогикалық зерттеу сапасының негізгі өлшемдері объектінің өзектілігі, жаңашылдығы, теориялық және практикалық маңыздылығы болып табылады.
Зерттеу бағдарламасы, әдетте екі бөлімнен: методологиялық және рәсімдік бөлімнен тұрады. Бірінші тақырыптың өзектілігін негіздеуді, проблеманы қоя білуді, зерттеудің объектісін және мәнін, мақсаттары мен міндеттерін анықтауды, негізгі түсініктерді (категориялық аппаратты) негіздеуді, зерттеу объектісін алдын ала жүйелі талдаудан өткізуді және жұмыс гипотезасын ұсынуды қамтиды. Екінші бөлімдезерттеудің стратегиялық жоспары, сондай-ақ бастапқы деректерді жинау және талдаудың негізгі рәсімдері мен жоспары қамтылады.
Зерттеушілік ізденістің логикасы мен динамикасы эмпирикалық, гипотезалық, эксперименттік-теориялық (немесе теориялық), болжамдық кезеңдерді іске асыруды көздейді.
Эмпирикалық кезеңде зерттеу объектісі туралы функционалдық түсінік алынады, нақты білім беру практикасының, ғылыми білімдердің деңгейі мен құбылыстың мәнін ашуға деген қажеттіліктің арасындағы қарама-қайшылықтар айқындалады, ғылыми проблема негізделеді. Эмпирикалық талдаудың негізгі нәтижесі, заңдылығы зерттеудің күнбұрынғы тұжырымдамасын тексеру мен растауға мұқтаж болып отырған басты болжамдар мен рұқсат етулердің жүйесі ретіндегі зерттеу гипотезасы болып табылады.
Гипотезалық кезең зерттеу объектісітуралы шынайы түсініктер мен оның мәнін ашу қажеттілігінің арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталған. Ол зерттеудің эмпирикалық деңгейінен теориялық (немесе эксперименттік-теориялық) деңгейіне көшуге жағдай жасайды.
Теориялық кезең зерттеу объектісі туралы функционалдық және гипотезалық түсініктер мен ол туралы жүйелі түсініктер қажеттілігінің арасындағы қарама-қайшылықты жоюға арналады.
Теория құру болжам жасау кезеңіне өтуге мүмкіндік береді, ол зерттеу объектісінің тұтас білім беру объектісі екендігі және оның жаңа жағдайларда дамуын алдын ала болжап айтып берудің қажеттілігі туралы алынған түсініктердің арасындағы қарама-қайшылықты шешуді талап етеді.
Қазақстанда педагогика ғылымының дамып, қалыптасуына және педагогикалық ой- пікірдің теориялық еңбектердің Қазақстан топырағында тұнғыш пайда болуына Қазан төңкерісінен кейін 1918 жылы Семей қаласында шыға бастаған «Абай» журналы мен 1919 жылы Орал қаласында шыққан «Мұғалім» журналдары елеулі үлес қосты. Осы журналдарда А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Қарашевтардың ғылыми-әдістемелік, теориялық мақалалары жиі –жиі жарияланып отырды. Мәселен, Ғ. Қарашевтің «Педагогика» атты еңбегінде қазақ халқының ұлттық тәлім – тәрбиесімен бірге ертегі философтері Аристотель, Сократ, XVIII – XIX ғасырлардағы орыс, француз ағартушы- демократтары Ж.Ж.Руссо, Л.Н.Толстой. К.Д. Ушинкий, А.Пироговтардың еңбектері де сөз болады. Ал, Ж.Аймауытов өзінің «Тәрбиеге жетекші» мақаласында ұлтық тәрбиенің мәселелерің ғылыми тұрғыда сөз етеді.
1920 – 1930 жылдары қазақ зиялылары оқу – ағарту , денсаулық сақтау, әйел тендігі, сауатсыздықпен күресу, ауыл мәдениетін көтеру сияқты мәселелерге де арнап құнды мақалалар жазады. әсіресе бұл жылдары оқулық жазумен, оқу – ағарту мәселелерімен тікелей айналысқан. Ә. Бөкенханов, А.Байтұрсынов, Н.Төреқұлов, С.Сейфуллин, М.Жолдыбаев, БМайлин, Ж.Кемеңгеров, С.Сәдуақасов, О.Жандосов, Т.Шонанов, М. Әуезов сияқты қайраткерлер болады.
1920 – 1930 жылдары ұлт мектептеріне керекті оқулықтар мен оқу - әдістемелік құралдар Қазан, Орынбор, Ташкент, Қызылорда, Алматы қалаларында кітап болып басылып шықты. Оқу – ағарту істерін жандандыру, мектептерді керекті оқулықтармен, оқу - әдістемелік құралдармен жабдықтау ісімен Қазақ АКСР Оқу халық комиссариаты жанынан құралған Академиялық Орталық айналысып отырған. Оның басында көрнекті тіл ғылымы А. Байтұрсынов тұрды. Сондай – ақ Орталық құрамына көрнекті қоғам қайраткерлеріміз М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, С.Сәдуақасов, О.Жандосов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Т.Шонанов, С.Асфендияров, Т.Жолдыбаев, Ш.Әлжанов, Ә.Ермеков, Б.Майлиндер енді. Орталық, негізінен, жаңа жазылған оқулықтар қолжазбаларының сапасын тексеру ісімен айналысты.
1929 жылы республика жұртшылығы сан ғасырлар бойы қолданып келген араб алфавитінен латын графикасына көшті. Латынға көшу жаңа сауаттанып келе жатқан қазақ халқының мәдени даму ісіне үлкен соққы болып тиді. Бұл мәселе 1926 жылы 26 – ақпанда баку қаласында өткен Бүкілодақтық түркологтердің бірінші құрылтайында талқыланды. Қазақстан делагаттарын бастап барған көрнекті түрколог – ғылым А.Байтұрсынов съезде баяндама жасап,араб әріпін пайдаланудын тиімділігін жан – жақты дәлелдеп берген еді. Оның пікірі бойынша араб алфавиті тез оқуға, жылдам жазуға қолайлы. Ал ол жастарды тез сауаттандыруға мүмкіндік туғызады. Баспахана техникасы мен өнімнің құнын төмендетуге де араб әріпін қолдану арзанға түседі және әріпінің құрамы қазақ тілінің орфологиялық қажетін толық қанағаттандырады. Ең бастысы, ежелден бүкіл Орта Азия елдері пайдаланып келген мәдени мұрадан көз жазып қалмау үшін араб әріпін сақтау пайдалы. Ғылымның мүндай дәйекті пікірлері «Халық жауы» деп айыпталғанда көпе – көрнеу бұрмаланып, ұлтшыл, пантуркист кеңестік саясатқа қарсы деген кінәлар тағылдып, оның көзін жоюға себепші болды.
Отызыншы жылдардың басында «Жалпыға бірдей бастауыш білім беру» туралы Заң қабылданды. Осыған байланысты «Бастауыш және орта мектеп туралы» (1931 жылы қыркүйек) және «Бастауыш және орта мектептердегі оқу бағдарламалары мен режимі» (1932 жыл, тамыз) атты екі тарихи қаулы қабылданып, Қазақстан оқу – ағарту істеріне түбірлі өзгерістер енгізілді. Оқытудың сыныптық – сабақтық жүйесі берік орнады. Барлық пәндердің бағдарламаларын қайта қарау, сонымен бірге жаңа идеядағы оқулықтар жасау істері қолға алынды. Бұл істерді ұйымдастыру үшін ғылыми – педагогикалық кабинеттің негізінде (бұрынғы Академорталық) Педагогикалық ғылыми – зерттеу институты (1933 жыл, қаңтар) құрылды. Алғаш оның құрамында бағдарламалық - әдістемелік, педагогикалық және политехникалық 3 сектор болды. Институтының директорлығына Мәскеудің Ұлттар ағарту институтының аспирантурасын бітіріп келген жас ғалым Ш.Әлжанов тағайындалды. Ол 1933 – 1936 жылдары ҚазПИ- дің педагогика кафедрасы меңгерушісі және профессорлық қызметтерін қоса атқарады. Институттың тұңғыш ғылыми қызметкерлері С.Балаубаев(психолог), Қ.Жұбанов (түрколог), Ә.Сыдықов (педагок), Е.Бекмаханов (тарихшы), Б.М.Хамутов (әдіскер), С.Логинов, С.Жиенбаев, Ш.Кәрібаев (тілші- әдіскерлері), Ә. Қоңыратбаев (әдебиетші), Ә.Шәмиева (ұйғыр тілінің маманы), т.б. болды. Олардың тікелей басшылығымен кеңестік Қазақcтан мектептерінің жаңа оқулықтары, оқу - әдістемелік құралдары жарық көрді. Ұлт мектептеріне қажетті оқулық жазу ісіне С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұханов, Ә.Сыдықов, Х..Досмұханбетов, Ә.Ермеков, С.Боқаев сияқты ғылымдар да тартылды.
1935 жылы профессор Ш.Әлжановтың басшылығымен екі бөлімді «Әлемдік педагогикалық хрестоматия» басылып шықты. Онда дүниежүзілік педагогикалық классиктері Я.А.Каменский, И.Г.Песталоции, И.Ф.Гербарт, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, еңбектері қазақшаға аударылып берілді. Сондай – ақ мектептер тарихын зерттеу істері қолға алынды.
Өкінішке орай, 1937 жылы сталиндік репрессияның кесірінен Қазақстанның бір топ педагог-ғалымдары жазықсыз халық жауы атанып қуғынға ұшырап, абақтыға жабылды, жер аударылды. Олардың сатында бұрынғы институт директоры Ш.Әлжанов, педагог- ғалымдар Қ. Жұбанов, Ш.Қоқымбаев, Ш.Кәрібаев, Ә.Қоңыратбаев, Ә. Сыдықов, Е.Бекмаханов, С.Қожахметов, т.б. бар еді. Осы орынсыз қуғын-сүргіннің кесірінен 1937-1947 жылдар арасында Қазақстанда ұлттық педагогика ғылымы біршама тоқырап қалды.
1946 жылы екінші дүниежүзілік соғысы аяқталысымен, КСРО Ғылымы академиясының қазақстандық бөлімшесі дербес Ғылым академиясына айналдырады. Осыған байланысты Мәскеу,Ленинград, Киев,Одесса, Новосібір қалаларынан әр ғылым саласынан көрнекті ғалымдар Қазақстанға қызметке жіберілді. Олар- С.Е.Малов, А. Н.Бернштам, А.М.Панкратова, Е.П.Брусиловский, А.П.Нечаев, С.Н.Покровский,У.М.Ахметсафин, М.П.Русаков, И.Г.Галузо, А.П.Полосухин, Н.С.Смирнова, т.б. Сөйтіп, орталықтан келген академик, түрколог, педагог, психолог ғалымдардың басшылығымен қазақстандық төл ғалымдар шығып, ғылым докторлары, профессорлар атанды (І.Кеңесбаев,Н.Сауранбаев,М.Мұқанов, С.Қожахметов, Ә.Сыдықов, Қ.Бержанов, Қ.Жарықбаев, Т.Сабиров, т.б.)
1943-1952 жылдары институттың директоры болып істеген Ә.Сыдықовтың «Ы.Алтынсарин педагогикалық ойлары мен ағартушылық қызметі» деген ірі монографиялық еңбегі 1949 жылы жарық қөрді.Онда ұлы ағартушының педагогикалық озат идеяларынан бастап, қазақ даласындағы орыс- қазақ мектептерін ашу жолындағы күресі, жалпы қазақ халқының мәдениетінің дамытудағы аса қажырлы еңбегі көрсетілген. Бұл еңбек – Ы.Алтынсаринды педагог-ғалым ретінде тұнғыш танытқан іргелі зерттеулердің бірі әрі бірегейі.
1950 жылдардың басты мәселесі ретінде толық емес білімді, яғни алғашқы жеті жылдық, кейін сегіз жылдық білім беруді жүзеге асыру күн тәртібіне қойылады. Бұл кезде институт директоры филогогия ғылымының кандидаты Ә.Ермеков (1952 – 1954) еді. Сөйтіп, 1958 жылы бұрынғы КСРО- да жалпыға бірдей сегіз жылдық білім беру енгізілді. Институтта сегіз жылдық және жалпы білім беретін политехникалық орта мектептердің оқу жоспары, жасалып, жаңа оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарды даярлау бағытында жұмыс жүргізіліп, қарқыны артты. Осы кезде қазақ тілімен әдебитінен оқулықтар даярлау мен оларды оқыту әдістемесін жасау ісіне Қазақ КСРО – ға корреспондент мүшесі,филология ғылымының докторы, 1953 – 1962 жылдар аралығындағы институт директоры А. Ысқақов, ғылым кандидаттары И. Ұйықбаев, Ә.Хасенов, профессорлар С.Аманжолов, М. Балақбаев, К. Аханов, М. Ғабдуллин, Қ. Жұмалиев, С. Қирабаев, Ә.Шәріпов, т.б. үлкен үлес қосты. 1959 – 1960 жылдары белгілі қазақ тарихшысы Қазақ КСРО – ға корреспондент мүшесі, тарих ғылымының докторы Е. Бекмаханов(1937 – 1939 жж. Институт директоры) мектептің 8 -10 сыныптарына арнап Қазақстан тарихы бойынша оқу құралын жазды.
1950 жылдардың соңында институт Педагогика ғылымдары ғылыми-
зерттеу институты атанды.
1962 – 1974 жылдары иститут директоры болып қызмет атқарған КСРОП – ға корреспондент мүшесі, педагогика ғылымының докторы, професоры Ә. Сембаевтың « Қазақстан мектептерінің тарихы туралы очеретер » (1958), Г. Храпченковтың «Қазақстанда халыққа білім берудің ғылыми – педагогикалық мәселелері » (1976) еңбектерінде ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап 1970 жылдарға дейінгі оқытудың мазмұны мен әдістерінің даму мәселелері баяндалды.
1966 жылы институтқа Ы. Алтынсарин аты берілді.
1960 – 1970 жылдарда институттың барлық бөлімдері мен секторларының басты жұмысы қолданылып жүрген оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жаңарту, қайтадан жасау, жалпы білім мазмұнын жетілдіруге бағытталады.
1965 – 1970 жылдары институт қызметкерлері; аспиранттары мен ізденушілері 1 докторлық, 31 кандидаттық диссертация қорғады. 1970 жылдардың соңына қарай республикада жалпыға бірдей міндетті орта білім алу жүйесі жасалғанымен, мектеп өмірінде кемшіліктер аз емес еді. Сондықтан оқу бағдарламаларын күрделі әрі қажетсіз қосалқы материалдардан арылту мәселесі алға қойылды. Ұлт мектептерінде орыс тілін үйретуге қосымша сағаттар бөлініп, оның оңтайлы шешілуіне институт ұжымы өз үлесін қосты. Сондай – ақ институт жұмысын да алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді қортындылау мен тарату үлкен орын алды. Баспадан мұалімдердің озат тәжірибелерін жинақтаған «Бастауыш мектеп мұғалімдерін тәжірибесінен » (1972,1974), « Қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті мұалімдерінің тәжірибесінен » (1972,1975) және басқа да көптеген жинақтар шықты.
1970 – 1980 жылдар арасында тарихи – педагогикалық , дидактикалық - әдістемелік жұмыстар бойынша оңдаған зерттеу еңбектері жарық көрді. Сонымен қатар осы жылдары пәндерді оқытудың әдістемесі саласында да оңдаған диссертациялар қорғалды. Бұл салада жемісті еңбек еткен ғалымдардан Ө. Хаймолдин, Р. Әміров, Б. Баймұратова, Б. Катенбайева, Б. Құлмағанбетова, И. Ұйықбайев, Р. Есенжолва, С. Мазғұтова, Ж. Адамбаева, Қ. Аймағанбетова, Т. Ақшолақов, Ә. Дайырова, С. Тілешова, Ғ. Құтқожина, т.б. ерекше атап өтуге болады.
Мемлекеттік және ғылыми ұжымдар мен бизнестің ынтасымен алда тұрған бірнеше аспектідегі, оның ішінде зерттеушілік, қаржылық-экономикалық, ұйымдастырушылық және кадрлық т.б. негізделген ғылыми жұмыстардың жоба-жоспары ретіндегі ғылыми зерттеулерді жүргізуші ұйымдар көптеп саналады. Зерттеу жобасы төмендегі белгілермен сипатталады: басымдығы жоғары зерттеу бағытына жатады; дәл белгіленген уақытта орындалады; оның жүзеге асуына белгілі бір сомада қаражат бөлінеді; жоғары дәрежеде жаңалығының, күрделілігінің, әлеуметтік және ғылыми маңызының, алдын-ала белгіленген мақсатының болуы; зерттеудің сапада этикалық нормаларға сай орындалуын қамтамасыз ететін жоғары сапалы мамандарды және белгілі бір басқару жүйесін тартуды талап етеді.
Мысалы, Қазақстан Республикасында 2015-2017 жылдарға гранттық қаржыландыру конкурсына қатынасу үшін ұсынылған әлеуметтік-мәдени, халық шаруашылығы және саяси мәнді сұраныстарда жұмыс орындалатын бағыттар бойынша тақырыптың атауы және ғылыми бағыты, ғылыми ізденістің логикасы күтілетін нәтижесі көрсетіле отырып, ғылыми қауымдастықтың келісімімен қабылданған. Сонымен қатар орындаушылардың жұмыс тәжірибесі жұмыс тәжірибесі, олардың ішінде жас ғылыми қызметкерлер 30% дан кем болмауы, жобаның сметалық құны, жұмыстың орындаудың материалдық-техникалық базасы және т.б. сипатталады. Ғылым дамуының және ғылыми жобаларды орындаудың заңдары мен тенденциясын білу зерттеушіге өзінің ғылыми бағдарын жетекші, алдыңғы қатарлы амалдармен салыстыруға және қоғамды дамыту үшін қажетті нәтижелерге жетуге жағдай жасайды.
Классикалық ғылымның ұстанымдарына сүйену оны жан-жақты, бір сәттік, жалпы мәнді, жауапкершіліксіз, сенімді, нақты, тиімді де кең жайылған, тәжірибеде тексерілген жүйеде қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы, классикалықтан кейінгі мақсаттар мен ұстанымдар қажеттілік пен кездейсоқтықты, себептер мен салдарларды, бөлшек пен бүтінді танудың базалық категориясын басқаша ойлауға негізделетін кванттық физиканың, генетиканың, релятивистік космологияның жетістіктеріне сүйенеді. Сонымен қатар тұтас бөлшектерінің қосындысының жағдайына емес, себептілігі өзара қарым қатынастың ықтималдығының жүйесін мойындайды.
Эксперимент жүргізудің де стратегиясы түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Егер классика эксперименттен бірнеше рет қайталап жүргізу нәтижесінде алынған, өзгермейтін ғылыми ақиқатты нақтылауды талап етсе, постклассика мұны өзгермелі тұрақсыз жүйеде міндетті емес деп санайды, себебі мұндай жүйеде қайта-қайта жүргізілген эксперимент нәтижесі өзгермейді деп есептейді.
Ғылымның жаңа сипаттамасының пайда болуы өте күрделі табиғи өзгерістердің пайда болуын зерттеуге байланысты түсіндіріледі. Оған медициналық-биологиялық, экологиялық, биотехнологиялық нысандар, тектік инженерия үдерістері, "адам-машина" жүйелері және жасанды интеллект және т.б. жатады. Олардың ішінде адамды ашық динамикалық түрде дамитын әлеуметтік-биологиялық-ақпарттық жүйе ретінде қарайтын пихологиялық-педагогикалық зерттеулер елеулі орын алады. Тек солар ғана гуманистік ұстанымдар мен құндылықтарға сүйену керектігін, тәрбие мен білім беру сияқты болмыстың нәзік және күрделі кешенді саласында зерттеу жүргізуге шектеу қою және тиым салу туралы мәлімдеме жасап отыр.
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулердің тұжырымдамалық негізіне экономикалық және әлеуметтік-саяси мақсаттар мен ғылыми танымның тұлғалық әлеуметтік мәдени міндеттерін жатқызамыз. Тұжырымдаманы, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін негізге ала отырып, классикалық, классикалық емес, классикалықтан кейінгі сияқты амалдар спектрі қолданылады.
Әлеуметтік-гуманитарлық, оның ішінде психологиялық-педагогикалық танымға дүниені тұтас, сонымен бірге тар көлемде тану тән. Бұл - әлеуметтік шындықты табу, баяндау, бейнелеу, сипаттау және қорытындылау (эмпирикалық кезең), зерттеу мәселесінің проблемасы мен болжамын, заңдылықтары мен себептерін түсіндіре отырып, теориялық және логикалық талдау, ақиқатқа негізделген жоғары дәрежедегі моделін құрастыру, құбылысты жорамалдау және т.б.
Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеудің мақсаты тек қоғамды танып білу ғана емес, сонымен қатар оның реттеуге және өзгертуге қатысу болып табылады. Мұндай іздестіруді белсендіруге қоғамды дамытудағы ғылыми іс-әрекеттің шарты және нәтижесі боып табылатын инновациялық орта ықпал етеді. Оған ғылым саласындағы және инновациялық ортадағы кадрлық, ұйымдастырушылық және технологиялық инфрақұрылым мен инвестициялық стратегиядағы мемлекеттік саясат жатады.
Институционалдандыру (латынша institutum - белгілеу, құру, құрылғы, әдет-ғұрып) -ғылымды жасаушы интеллектуалдық ресурстарды пайдаланып құрылған ұлттық инновациялық жүйенің елдің экономикалық мүдделерін қорғайтын маңызы фактор - білімдік қоғамының негізі. Аталған тенденцияларды, құрылымдарды, ұстанымдарды ұғыну педагогика және оның құрамдас бөлімі - білім берудің теориясы мен практикасы, оқыту, үйрету, адамның тағдырына және қоғамның дамуына ықпал етуші ретіндегі дидактика саласындағы ғылыми зерттеушілерге аса маңызды болып табылады.
Педагогикалық зерттеулердің классикалық үлгісін көрсету үшін дидактикалық зерттеулердің логикасын ұсынуға болады. Сондықтан оқулықта дидактика мен дидактикалық зерттеуге көбірек орын берілді.



жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау