«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Құсайынов А.Қ., Наби Ы, Таубаева Ш



жүктеу 0,98 Mb.
бет154/162
Дата11.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#41704
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   162
ПФжӘ дәріс

13. Құсайынов А.Қ., Наби Ы, Таубаева Ш. Педагогика және психология салаларындағы диссертациялар (анықтамалық талдама шолу)// Диссертации по педагогике и психологии (справочно-аналитический обзор). - Алматы: ROND@A баспасы, 2010. – 298 бет.
14. Чечин Л.М., Шаңбаев Т.Қ. Ғылыми сұқбат әлемі. Ғылыми қызметкерлерге арналған орысша-қазақша тілашар. Мир научного общения. Русско-казахский разговорник для научных работников. – Алматы: «Ана тілі», 1994. – 88 бет.
15. Райзберг Б.А. Диссертация и ученая степень: Пособие для соискателей. – М.: ИНФРА-М, 2008. - 480 с.
16. Пасмуров А.Я. Как эффективно подготовить и провести конференцию, семинар, выставку. – СПб.: Питер, 2006. – 272с.
17. Пастухов И.П., Тарасова Н.В. Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М.: Издательский дом «Академия», 20107 – 160 с.
18. Асанов Ж., Әбдіхалықов Н. Педагогиканың ғылыми-зерттеу әдістері. Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2015. – 120 бет.
19. Турманова К.Н., Ташкеева Г.К. Дипломдық жұмысты жазу бойынша әдістемелік нұсқаулық (бакалавриат). Алматы: Қазақ университеті, 2019 - 52 бет.

15-дәріс. Педагогтің зерттеушілік мәдениеті (проблемалық дәріс)
Дәрістің мақсаты: Докторанттарға педагогтің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасының жасалу логикасын түсіндіру және зерттеу тұжырымдамасын жасау тәжірибелерімен таныстыру.
Дәрістің негізгі терминдері: таным, ғылыми таным, таным теориясы, әрекет, зерттеу әрекеті, педагогикалық зерттеу, оқу-зерттеушілік әрекет.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Зерттеуші-педагогтің зерттеушілік мәдениеті.
2. Зерттеуші тұлғасына қойылатын талаптар.


1. Педагогтің зерттеушілік мәдениеті
Білім берудің жаңа парадигмасының пайда болуы - мәдени-өркениеттің дамуының негізгі көрінісі. Бұл парадигманы практикада жүзеге асыру үшін педагогтің кәсіби-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру қажет. Бұл ретте, әлемдік бәсекеге кабілетті білім беруді жүзеге асыратын парадигманың қоғамды дамытудағы үлесі, жалпы орта білім беретін және жоғары мектептердегі инновациялық реформаларды жүзеге асыру, білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістер, оку-тәрбие үдерісінде ақпараттык, коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану және т.б. басшылыққа алынады.
Педагогтің зерттеушілік әлеуетін қалыптастыру білім беру теориясын түсінуге мүмкіндік беретін философиялық және білім беру практикасында өзінің идеясын жүзеге асыруға көмектесетін практикалық бағыттылығы бар әдіснамалық білімдер жиынтығын құрайды. Философиялық білімнің құрылымын әдіснама, гносеология, диалектикалық логика, әлеуметтік философия және ғылым философиясы анықтайды. Зерттеудің философиялық-әдіснамалық негіздеріне таным және ғылыми таным теориясының іргелі қағидалары алынады [25; 27; 28; 30; 35; 43; 44; 45; 46; 51].
Әдіснамалық білім жалпы ғылыми білім әдіснамасы және арнайы білім әдіснамасынан (педагогика) құралады. Сондықтан, мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін құрастырудың базасы ретінде әдіснамалық білімнің құрылымы мен мазмұны нақтыланды (ғылым философиясы және әдіснамасы, ғылымтану, педагогика әдіснамасы, педагогикадағы ғылыми-зерттеу әрекеті мәдениеті, инновация әдіснамасы). Ғалымдардың пайымдауынша, педагогтің зерттеу мәдениетінің мазмұнына практик-мұғалімдердің ғылыми зерттеу әрекетінің аппаратын меңгеру, зерттеудің мақсатын анықтау, ұстанымдарды таңдау, әдістерді негіздеу дағдылары және әдіснамалық рефлексия енеді.
Философиялық негіздемелерде жалпы логикалық таным әдістеріне, эмпирикалық, теориялық және тарихи әдістерге, ғылым этикасына сипаттама беріледі.
Қазіргі іргелі әдебиеттерде (В.С.Степин, К.Х. Рахматуллин, В.П. Кохановский, Г.И. Рузавин және т.б) ғылым философиясы келесідей сұрақтарға жауап іздейді: «Ғылыми білім деген не?», «Ол қалай құрылған?», «Ғылымды ұйымдастыру ұстанымдары мен құрылымы қандай?», «Тарихи өндіріс ретінде ғылым нені көрсетеді?», «Ғылыми пәндердің даму және қалыптасу заңдылықтары қандай?», «Олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарым-қатынасы?». Бұл сұрақтар ғылым философиясының негізгі мәселелерін тұжырымдайды.
XX ғасырда философия ғылымы танымды мәдени-әлеуметтік феномен ретінде қарастырды. Оның негізгі мақсатына ғылыми білімді қалыптастыру әдісінің өзгерісі, жолдары мен осы үдеріске мәдени-әлеуметтік факторлардың әсерлері қандай екенін зерттеу кіреді. Ғалымдар В.С. Степин, В.Г. Горохов, М.А. Розов өздерінің «Ғылым мен техника философиясы» атты оқулығында ғылыми танымның ерекшеліктерін оның қазіргі өркениеттегі алатын орнын, ғылыми революциялар мен ғылыми жаңалықтардың ашылу кезеңдерін сипаттайды.
Қазіргі кездегі педагогтің әдіснамалық дайындығы теориялық пайымдау мен практикалық әрекетті талап етеді. Әдіснамалық дайындығының мазмұны жоғары кәсібилік, ойлаудың икемділігі, әдіснамалық рефлексия, ғылыми негіздеуге қабілеттілік, ғылыми тұжырымдамаларды сын көзбен қарай отырып, шығармашылықпен қолдана білу, танымның формалары мен әдістері, кәсіби әрекет жағдайында өзгерістерге бағдарлап отыратын білімді меңгеруден тұрады.
Педагогикалық әрекет кәсіби негізделген, дәстүрлі емес жаңаша шешімдерді жылдам қабылдауға мүмкіндік беретін әдіснамалық білімдер қорында жүзеге асуы керек. Сондықтан, әдіснама көбіне ұстанымдар жүйесі туралы білімге, ғылыми зерттеудің логикасына алып келеді. Зерттеу әрекетінің әдістері жөніндегі білімдер өздерінің мәртебесі бойынша әдіснамалық болып табылады. Болашақ педагогтардың кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру барысында ғылыми-танымды және практикалық әрекеттің белгілі бір кезеңінде әдіснамалық білімді қолданудың нақты аймағын нақтылау, педагогика әдіснамасы мен педагогикалық зерттеулер бағытындағы семинар, конференциялардағы тұжырымдар мен ұсыныстардың пайдалылығын анықтау, студенттердің өз жұмыстарын қазіргі педагогикалық білім негізінде зерделеуін қалыптастыру керек.
Білім берудің тұлғаға бағдарланған жаңа парадигмасы шеңберінде белгілі мәдениет түрін меңгеруге ықпал ететін педагогикалық шарттарды жобалап алу қажет. Сондықтан, жобаланған білім беру жүйесінде білімнің ғылымилығымен қатар мәдени тұрғыда оқытуды ескеру керек.
Технология бұл жерде кең түрде, яғни мәселені шешу тетігі ретінде ұғынылады. Бұл дегеніміз, тереңдетілген ғылыми білім беру технологиясы білім беру бағдарламасын механикалық бағытта кеңейтуге ғана құрылмайды.
Педагогикалық жобалаудың жалпы логикасы нақты мамандық бойынша университет жағдайында білім берудің әдіснамалық және әдістемелік деңгейін зерттеу әрекетін жобалау алгоритмі туралы айтуға мүмкіндік береді.
Технологиялық дайындық студенттердің зерттеушілік қызметінде зерттеу әрекетінің мазмұндық бірілігін теория мен практиканы біріктіре отырып сақтауға мүмкіндік береді. Оны нақты зерттеу әрекетін жобалаудың практикалық немесе эксперименттік деңгейі ретінде түсінуге болады. Бұл деңгейде жобалау зерттеу қызметінің қажетті кезеңдерін ескеруге, нақты дидактикалық жобаларды жүзеге асыруға негіз болады.
Екінші жағынан, педагогикалық үдеріс - субъекті мен оның құндылық бағдарларын, жеке ерекшеліктерін, қарым-қатынас пен әрекетін, олардың шығармашылық әлеуетін ескере отырып, әлеуметтік тұрғыда ұйымдастырылған үдеріс болғандықтан, бұл субъектілердің белсенділігін басқарудың белсенділігі әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз етуді жүзеге асыратындай қайта қарауды қажет етеді. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттердің зерттеу жұмысы әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз етуді «әрекеттің бағдарлы негізімен» байланыстыруға болады.
Болашақ педагогтардың кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған дайындық жүйесінде әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ету ғылыми білімді, зерттеушілік білік пен дағдыны тереңдетіп зерделеу болып табылады. Зерттеушілік әрекетті жобалау бір мезгілде өте шығатын емес, қайта болашақ мамандығы қызметіне бағдарлай дамытатын әрекет ретінде танылатын шығармашылық үдеріс.
Педагог мамандығының логикасы мен құрылымы бұрынғыша ойлаудың индустриялық-ағарту парадигмасы шеңберінде қалып отыр. Сондықтан, мұғалімдердің кәсіби әдіснамалы құзіреттілігін қалыптастыру мұғалімдерде дүниені интегративті тұрғыдан қабылдауға, әрекеттің мәнін мәдени-мәнмәтіндік аспектіден көре білуге септігін тигізеді.
Педагогтардың әдіснамалық құзыреттілігін қалыптастыру оларды тек мәдениет туралы мәлімметтермен ғана байытып қоймайды, оларға өзін тануға, өзінің жеке «меңін» қалыптастыруда, кәсіби тұрғыдан жоғары деңгейге көтерілуге көмектеседі (О. Анисимов, В. Краевский, А. Новиков, Ю. Сенько, В Ходусов. Н. Шамельханова және басқалар). Бұл жерде білім берудің мемлекеттік стандартына қойылатын талаптардың да қатысы бар. Қазіргі стандарттарда құзіреттілік тұғырына көңіл бөлу байқалғанмен, ол әлі де жетістіруді қажет етеді.
Сонымен қатар, оқыту үдерісінде студенттердің педагогикалық теория мен практиканың өзара байланысын жүзеге асыру үшін қажет біліктерді нақтылауға, яғни педагогикалық білімді практикада қолдана білу, әдістемелік мәселелерді қоя және шеше білуге қажет жаңа әдістемелік білім алу, өзінің ғылыми іс-әрекетін ғылымға қойылатын талаптар тұрғысынан талдай білу, педагогикалық зерттеулерге әдіснамалық сипаттама жасау біліктерін қалыптастыруға жұмыстану қажет.
Педагог қызметінің негізгі мәні - оқушыны оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үдерістерді басқаруды шығармашылықпен жаңаша ұйымдастыра білу. Ал жаңа тұрпаттағы жаңа педагогтің сапа көрсеткіштерінің бірі оның ғылыми-зерттеушілік мәдениеті болып табылады.
Болашақ маманның мәдениетін қалыптастыру мәселелері Н.Б. Крылова, Г.И. Калиева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс табады. Қазіргі заман талабына сай болашақ маманның мәдениеттілігі оның іс–әрекеті мен тұлғалық сапалық көрсеткіштері арқылы анықталады. Маманның мәдениетінің көрсеткіштеріне жататындар: ойлау кеңістігінің деңгейі, дүниетаным қалыптасуының бағыттылығы мен дәрежесі, жеке іс–әрекет нормасының әлеуметтік маңыздылығы, іс-әрекеттің әртүрлі әдіс-тәсілдерін меңгеруі, эмоционалды қабылдаудың сипаттамасы мен түйсігі. Бұлардың негізінде тұлға мәдениетінің дамуының жалпы көрсеткіші жан-жақты шығармашылық белсенділігінің өлшемі жатады. Оқытушының педагогикалық мәдениеті мен кәсіби бағыттылық құндылықтарын қалыптастыруға ғалымдар Е.Б. Бондаревская, С.Б. Елканов, И.Ф. Исаев, В.Г. Максимов, А.В. Мудрик, В.А Крутецкий, Н.Н. Никитина, Б.Б. Никитенко, В.А Сластенин, Е.Н. Шиянов, Л. С. Яковлева және т. б. өз зерттеулерін арнады.
Педагогикалық мәдениет педагогтің өз мамандығы саласындағы жалпы мәдениет, педагогтің ішкі қасиеттерінің жоғары кәсібилігі, пәннің оқыту әдістемесін меңгеру және т. б. мәдени қабілеттіліктердің кіріккен сапасы ретінде қарастырылады. Қоғамның ұдайы алға жылжу үдерісіне сәйкес (өркениет, ашық қоғам, жаһандану) білім берудегі мәдени бағытқа ерекше көңіл аударылуда.
Педагогикалық мәдениеттің құрамды бөліктері: әлеуметтік-педагогикалық, ғылыми-педагогикалық, кәсіби-педагогикалық, тұлғалық. Педагогикалық мәдениетті әртүрлі бағытта қарастыруға болады: педагогикалық іс-әрекетті реттеуші құндылықтар жүйесі (аксиологиялық бағыт); іс-әрекеттілік бағыттылық (педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты, әдіс-тәсілі, құралы, оны жетілдіру деңгейі, бағалау өлшемдерімен нәтижесі); тұлғалық бағыттылық (педагог тұлғасының жалпынама көрінісі). Педагогикалық мәдениет – тәрбие мен білім берудің рухани және материалдық құндылықтары кең көлемде көрініс табатын, тәрбие, білім беру үдерісін жүзеге асыратын, тұлғаны әлеуметтендіру, ұрпақтар алмасуының тарихи үдерісін қамтамасыз ететін шығармашылық іс-әрекеттер әдісі, жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі.
Ғалымдар педагогикалық мәдениеттің құрылымын нақтылады. Олар:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау