4. Төзім және сабыр сақтау. Мұғалімнің педагогтық әдеп әлемі үшін төзім мен сабыр сактау сияқты қасиеттердің үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар.
Ашу үстніде ешкдндай да шешім қабылдауға болмайды. Ондай жағдайда мұғалімнін асығыс шешім қабылдамауы үшін: «Мен сенімен жеке әңгімелесемін», «Сенімен айналысуға кәзір уакытым болмай түр» — деген сияқты кінәлау түрлерін іздестіргені жөн. Ашуы басылған соң мұғалім басқашалау ойлайды, шешімі ақылға сыйымды болады, ол шешімін оқушыларға, яғни класқа бір қапысын тауып жеткізеді.
Сабырлылық өзін өзі ұстай білушілік сиякты касиеттср ұстаздың белсенді кұралы болуы қажет. Тәжірнбесі аз, жас мүталімдер көп ретте ездерін ыңғайсыз жағдайға қалдыратын лап етпе мінездерін нерв жүйесі жағдайларынан көреді. Нерв жүйелері жастарға карағанда әлде кайда осал байырғы мұғалімдер, әдетте, ұстамдырақ келеді. Демек, мәселе нервте емес, керісінше, ол әркімнің өзіне тапсырылған іске жауапкершілігі мен өзін-өізі ұстай білу дағдысына байланысты. Олай болса, ұстамдылық пен сабырлылық іскерлік пен дағдыға үдсас болды. Өзін өзі ұстай білуге тәрбиелемеген мұғалім педагогтык әдепке қарадүрсіндеу келеді.
Басқа мамандық иелері сияқты педагог та жұмыс бабында кездесетін киыншылықтарды күні бұрын көре білуге және оларды жеңе білуге дайын болуы тиіс. Педагогтық оптимизмді кең пейілділікпен, баланын психикалық күрделілігіне мән бермеумен алмастыруга болмайды. Инженер, мәселен, әрдайым өзі жұмыс істейтім материалдар кедергісін есепке алып отырады. Сол сиякты, педагог та неше түрлі кедергілерге кездесетінін жадынан шығармай, ұшырасады-ау деген кедергілерді есепке алып отыруы тиіс.
Мұғалім — өмір тасын калаушы. Оның негізгі міндеті балаларға өз пәнін үйрету. Одан да үлкен міндеті — балаларды адамгершілігі кұшті азамат етіп шығару.
Қиын жағдайларда оқушыларға ықпал ететін бір жаксы тәсіл — сабыр мен төзімділік.
Жоғарыда аталған педагогтық әдеп алғышарттарының бәрі, бір-бірімен тығыз байланысты болса ғана күшті. Біреуі жетіспей тұрса, соның өзі педагогтық әдепке едәуір нұсқан.
Педагогтык әдепті әңгіме еткенде, онын іскерлік сияқты өзіндік ерекшелігін есте сақтау керек. Әдепті болу үшін педагогтік бірер ереже мен әдіс-тәсілді білу аз. Педагогтық әдеп — мұғалімнің тұрақты шығармасы.
Қай оқушыға қандай ескерту жасалып, қандай баға, қандай талап қойылады, оны оқушылар капай қабылдайды — әдепті педагог соның бәрін іштей сезеді. Белгілі бір шара колданбас бұрын әр педагогтың өз шәкірттерінің хал-жағдайларын сұрап, олардың көңіл-күйлерімен санасқаны дұрыс. Ересек адамдарды қалай кұрметтеп, қалай сақ аралассақ балаларды да солай, одан да гөрі құрметтеп, сақ қарым-қатыста болуга тиіспіз. Әлетте, педагогтык әдепке кайшы келетіндер көбіне-көп: сөзіме кұлак аспады, дауыс көтерді, өзін қалай болса солай ұстады дегенді ұлататын, кінамшіл мұғалімдер.
Енді педагогтық әдепті меңгеруде психологиялық білімнің мән-мағынасы жайында бір-екі ауыз сөз.
Педагогтық әдеп адаммен бірге туатын сапа емес екенін жоғарыда айтқан болатынбыз. Ол адамның басқа санасы сияқты жүре бара пайда болады. Бірак бұл ешқандай теориялык дайындықсыз өзінен өзі келеді деген сөз емес.
Педагогтык әдеп мү.ғалімнің психологиялық білімін алдын ала қарастырады. Тәжірибе жинақтамас бұрын,—педагог көп окып, көздеген максаты, пәні және өз еңбегінің кілті жайында жатпай-тұрмай ойлануы керек.
1. Педагогикалық әдеп - мұғалімнің кәсіптік сапасы
Педагогтык әдеп, кең мағынасында алғанда — мұғалімнің әрбір нақгы іс үстінде тәрбие мәселесінің ең үлымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Оқушыларға біздің тарапымыздан болатын әрбір педагогтық әдіс-тәсіл, әрбір ескертпе мұғалімнің беделін жоғары көтеретіндей, не болмаса оған нүксан келтірмейтіндей болуы керек. Мұғалімдер өз талаптарын оқушылардың қалай орындайтынына маңыз беріп қана қоймай, сонымен қатар, реніш тумау жағын да ойластырганы жөн.
Ешкашанда не болса соған ез көзқарасын таңбайтын, оқушыларының теріс мінез-кылықтарына көз жү-мып қарамайтын, олардың кез келгеніне қатты ескерту жасаудан каймықпайтын, бірақ оқушыларына да, өзінің мұғалім атына да ақылмен, құрметпен қарайтын, педагогтық әдептен хабары мол оқытушы, менінше, үхтамды, бірак талап қойғыш мұғалім, қайсар және өз дегенінен қайтпайтын адам.
Әр нәрседен хабары мол әдепті мұғалім оқушылардың жүрегіне жол таба біледі. Жол таба білудің нәзік жолдары: ерік-жігер, ұстамдылық, ілтипаттылық, дәйектілік, талап қоя білушілік, зейінділік, қалжыңдай білушілік, орынды мысқыл, ептілік, әзіл-оспаққа үйірсектік, көзқарас және дауыс ырғағының мол болуы.
Қөптеген ықпал-әсер әдіс-тәсілдерінен санаулысын ғана пайдаланатын мұғалімдер оқушылармен байланыс жасау мүмкіншіліктерінің біразын жоғалтып алады. Оқушылармен жұмыс барысында ешқандай ымыраны мойындамайтын мұғалімдер де бар. Ондайлардын көбісі көтеріңкі дауыспен сөйлейді. Сабағын түсінбегенде, күлкі буғанда, класта тақта сүртілмегенде... ондайі мұғалімдер шәкірттеріне өктем сөйлейді.
Сонда калай, мұндай жәйттерге мән бермеу керек пе?
Мән беру керек, бірак түрліше мән беру керек. Белсенді емес деп
оқушыларды кыран жапқандай қылудың кажеті қанша? Одан да олардың
белсенділігін көтеріңіз. Оқушылар айтқанды ұғып алмаса, айқайдан пайда
жоқ. Сол материалды қайтадан түсіндіру керек. Күлді екен деп мен өзім, мысалы, оқушыларға айқайламаған болар ем. Күлетіндей жағдай болса, олар күлкілерін бәрібір жасыра алмайды. Мү-ғалім ашуланса, олардың күлкісі тіпті қозып кетеді. Одан да оқушылардың күлуіне мүмкіндік беріп, өзің де қосылып күліп, содан кейін құлаққа жағымды үнмен бір қызық әңгіме бастап, сөйтіп барып жоспарланғаи материалдың мазмұнына көшу керек. Мысалы, такта кір болса, оқушыларға реніш білдіруге де болады немесе тақтаны үн-түнсіз сүрте бастап, сәлден соң оларға естірте: «Егер сіздерге такта сүрту қиын болса, мен-ақ сүртейіи» — десе де жеткілікті. Келесі жолы тақта айнадай жалтырап тұрады. Оны, әрине мұғалімнің беделі біледі.
Оқушыларға ықпал-әсер ететін әдіс-тәсіл қорының молдығы кажетті нәрсе саналмағанымен, мұғалімің педагогтық әдепке ие екенін білдірмейді. Оған қоса, әрбір ықпал-әсер әдіс-тәсілін нақты іс-қимыл мен нақгы жағдайға сәйкес колдана білу талап етіледі.
Әрбір әдіс-тәсілдің орынды қолданылғаны жақсы. Орынымен айтылса, әзіл-қалжың ашу-ызаның бетін қайтарады.
Педагогтык әдеп — творчество, ақыл-ой әрекеті, айрықша іскерлік. Әдепті мұғалім педагогтық әр түрлі әдіс-тәсілдердің мол арсеналын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды ақыл таразысына салып өлшеп, орынымен пайдалана да біледі. Бір қарағанда көмекші кұрал ретінде елеусіздеу көрінгенімен, әдепті мұғалімнің бойындағы іскерлік оқушыларға козғау салатын әдіс-тәсілдерді іріктеу үстінде көрініс береді, жалпы жұмыс барысында тік мінезді, көрген-білгені шамалылау мұғаліммен салыстырғанда онын артықшылығы байкалмай коймайды. Дэнекерлік қызмет аткаратын мұндай айла-тәсілдер айналаға жылу беріп, мұгалім мен шәкірттердің ара қатыстарын жұмсартады. Жеңіл әзіл мен мү_ғалімнің тапқырлығы осының ішінде.
Оқушылардың мінез-құлықтарының қыр-сырын нәзік түсінетін әдепті мұғалім дөрекі, добал мұғалімге қарағанда өзін көтеріңкі сезінеді. Әдепті мұғалімге оқушылардан көз айырмаудың қажеті жоқ, Оның оқушылармен байланысы сенім мен өзара сыйластыққа күрылады. Сондықтан да, ондай мұғалім оқушыларымен ара-тұра жеңіл әзілдесіп, кайсыбіреулеріне мысқылмен
ескерту жасай алады. Әдепті мұғалімнің мінез-құлқы түгелдей (дауысы, жүріс-тұрысы, калпы) табиғи болады. Оқушыларымен әдепті карым-қатыста болу әдетіне, мінезінің ажырамас бір бөлігіне айналады. Бойына осындай әдет-дағдылар сіңген ұстаз ғана шәкірттерінің жүрегіне жол табады. Бұған әр педагог ие болуы қажет. Ол үшіи не істеу керек — оны келесі кездескенде әңгімелерміз.
Мұғалім.
Қорытынды.
Қорыта келгенде, педагогтық әдеп – бұл мұғалімнің оқушылар алдындағы абыройы болып табылады. Ал, абырой әсіресе қазіргі заман оқушыларының алдында мұғалімге бірден бір қажет болып табылады.
Педагогтық әдеп әр мұғалімде әр түрлі жэне әр калай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас мөлшеріне, темпераментіне, мінез-құлқына, тағы басқа да ерекшеліктерне байланысты. Педагогтық әдеп әр мұғалімнің дара қасиеті, нақты математикалық есеп бір тәсілмен шығарылады, бірнеше тәсілмен шығатыны сирек, ал оқушылардың жүрегіне жол табудың тәсілдері екі бастан сан алуан. Әр мұғалімнің педагогтық әдебі бірқатар ұқсас жайтгарды шешуге жарамды белгілі бір схемаға және формулаға сыйыспайды. Мұғалімнің окушылармен тіл табысуы көбіне оның жағдайға ой көзімен карай білуіне, оған басқа жағдайлардан да гөрі айрықша маңыз беруіне байланысты. Әрбір нақты жағдайға окушылардың қалай қарайтынын аңғара білу де мұғалімнің біраз білігін танытады. Ал, окушылардың нақты жағдайға қалай қарайтыны көбінесе олардың мұғалімдермен ара катынасына байланысты.
Кей мұғалімнің оқушыларға бірыңғай әдіс-тәсілдермен ықпал-әсер етуі тәп-тәуір нәтиже берсе, екінші бір мұғалімдерде оның керісінше болатын жайттері жоқ емес. Тіпті, бір мұғалімнің айтқан мәні шамалы, елеусіздеу сөзінің өзі кейде оқушыларға жеңіл әзілдей әсер етсе, екінші мұғалімнің айтқан сөзі ерсілеу естілуі мүмкін. Бірақ, бұған қарамай, әр мұғалімнің дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогтық әдепті дамытуға септігін тнгізетін жекелеген пспхологиялық және педагогтық жайттарды бөліп көрсетуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1986ж.
2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдияров Н. Педагогика. Алматы, 2004ж.
3. Біржанұлы Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1986ж.
4. Сағындықұлы Е. Педагогика. Алматы, 1999ж.
5. Савин Н.В. Методика преподавания педагогики. М., 1987ж.
6. Подласый И.А. Педагогика. М., 1998ж.
7. Тілеуова С.С., Әліпбек А. Педагогика. Ш., 2006ж.
8. Тілеуова С.С. Жоғары мектеп педагогикасы. Ш., 2005ж
9. Педагогикалық ізденіс. А., 1990ж.
10. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.
11. Асылов Ұ. Педагогикалық әдеп. 2004ж.
12. Синица И.Е. Педагогикалық әдеп шеберлігі.
13. Жарықбаев А. Әдеп және жантану.
14. Қабылдиев Ж. Қазақ этнопедагогикасы.
15. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Астана, 2004ж.
16. Нұрғалиева Қ. Кәсіптік білім. Алматы, 2002ж.
17. Пидкасистый А.Д. Педагогика. М., 2004ж.
18. Табылдиев Ә. Қазақ этика педагогикасы бір ғана әдеп. Алм., 2005ж
Достарыңызбен бөлісу: |