Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.
Тәжірибелік әдістер. Лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары.
Оқыту процесінде ең көп тараған дэстүрлі әдіс - сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесінде басқа әдістерге қарағанда, жетекші роль атқарады. В.А.Сухомлинский: «Сөз - ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың...»- деп оның маңызына ерекше назар аударады.
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымды дәлелді болу үшін Ы.Алтынсаринның пікірін келтіпейік: «Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзі-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек».
Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін артыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. процестерін) байланысты да әрекет жасайды.
Мұғалімнің оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлі көрнек және техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.
Ауызша баяндаудың тағы бір ерекшелігі, оқытушының түсіндіруі мен оқушылардың ұғыну процесінің қатар жүруінде. Түсіндіру барысында әңгіме, әңгімелесу ауызша-жазба және лабораториялық жұмыстарының қажетіне сай қатар қолдану керек.
Түсіндіру - оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяндауы. Оның себебі, түрлі заңдылықтар мен ережелерді түсіндіру белгілі дәрежеде логикалық жүйелілікті қажет етеді.
Түсіндіру әдісінің мақсаты :затардың елеулі белгілерін ашып көрсету, фактілер мен құбылыстарды талқылау. Сондықтан мұғалімнің оқу материалын түсіндіруінде әрқашанда пайымдау, қорыту, дәлелдеу көп болады.
Түсіндіру әдісінің ең маңызды мәселелері - оқушылардың алдына жаңа мәселені айқын, ашық етіп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап шығу. Түсіндіру әдісінің табысты болуы мұғалімнің нақтылы деректерді қаншама сәтті қолдана білгендігіне де байланысты.
Түсіндіру әрқашанда заттар мен фактілердің, құбылыстардың мәнін ашу, қағидалары түсіндіру, осылардың негізінде оқушыларға жаңа білімді баяндауда оны терең және түсінікті ұғынуларына мүмкіндік туғызады. Бірақ ол оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сынып және пән ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады.
Әңгіме - мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы тәсілі болып табылады. Сөйтіп, оқушыларға жаңа білімді түсіндірудің неғұрлым қарапайым және түсінікті түрі.
Әңгіме барысында мұғалім сабақтарды бір ізділікпен көркем суреттей отыра, өз сөзін әр түрлі көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көтнекі құралдарды қолдану арқылы жалғастырып отырады.Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың фактілер мен құбылысарды жақсы түсініп, ұғынуына көмектеседі.
Бұл әдісті қолдану барысында мұғалім мен оқушылар арасында диалог пайда болады. Әңгіме оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағытталады: жаңа білімді хабарлау, оны бекіту мақсатында қолданылатын әңгіме; өткен материалды жаңамен байданыстыру, өткенді қайталау, оны тексеру және бағалау үшін қолданатын әңгіме.
Әңгіме әдісі көбінесе бастауыш немесе орта буын сыныптарда кеңінен қолданылады .
Мұғалімнің сабақта әңгіме әдісін қолдану ұзақтығы, берілетін оқу материалының сипатына байланысты болып келеді.
Әңгімелесу - мұғалім мен оқушылар арасында жаңа білімдерді хабарлау, пысықтау, қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тәсілінде қолданылады. Сондықтан әңгімелесу оқытудың аса күрделі әдісі болып есептеледі. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану мұғалімдер тарапынан өте мұқият дайындықты талап етеді.
Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың жеке басының қабілетін, зейінін (т.б.психикалық процестерін), таным ерекшелігін танып біледі, баяндалып отырған немесе өтілген оқу материалын олардың қалай ұғынғанын анықтайды.
Әңгімелесуде баяндау, талдау, қорытынды асау тәсілдері қолданылады. Бұл әдіс, сонымен қатар, сұрақ жауап тәсіл арқылы да іске асады. Ол үшін мұғалімнің сұрақтары дәл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға бағытталған болуы тиіс.
Дәрісбаян - сөзге негізделген оқыту әдісі ретінде ол өзінің құрылымы, баяндалатын оқу материалының дәлдігі сабақтың өн бойында тыңдаушыларының ойлау қабілетін ету жағынан басқа әдістерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.
Дәрісбаян әдетте жоғары сынып аралысында көптеп қолданылатын әдістің бірі. Дәрісбаян барысында оқушылар жаңа оқу материалын тыңдайды, қабылдайды, ұсынады, мұғалім сөзіне зейін қоя тыңдайды, мазмұнын қадағалап отырады.
Дәрісбаянның басқа ауызша баяндау әдістерінен тағы бір ерекшелігі, мұғалімнен жаңа білімі баяндамас бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажетті әдебиеттер тізімі мен таныстыруын қажет етеді. Оқушылардың лекция жоспарымен алдын-ала танысуы, оның мазмұнын баяндауда мұғалімнің ойын жақсы ұғынуға көмектеседі.
Ол үшін лекция мақсатының идеялық бағыты, оның нақтылығы, берілетін білімнің оқушыларға түсінікті болуы мұғалімдер тарапынан үлкен шеберлікті қажет етеді.
Дәрісбаян барысында баяндалған оқу материалының мазмұнын оқушылардың қысқаша жазып отыруы, оны өз беттерінше қайталап оқуы, дағдылануы да қажеттілік болып табылады.
Дәрісбаян және әңгіме әдістері оқу материалына жұмсалатын уақытты үнемдеу жағынан тиімді болғанымен де, оқушылардың өз ойын, пікірін айтып, кеңес алуға қолайлы жағдай туғыза алмайды. Бұл турасында әңгімелесу әдісінің мүмкіндігі мол.
Мұғалім дәрісбаянға дайындалу барысында оның мазмұнына, амал-тәсілдеріне және құрылымына назар аударады. Дәрісбаянның мазмұнын ол оқу бағдарламасы, оқулық және оқу құралдарына байланысты анықтайды. Бірақ, бағдарламада көрсетілген барлық мәселелердің ішінен түйінді мәселелерді айырып, ғылымның соңғы жаңалықтары мен табыстарын озат тәжірибемен байланыстырып, материалдың белгілі бір бөлігін оқушыларға оқулықтан, басқа әдебиттерден өздігінен оқып алуға тапсырмалар беріп отыруды оқытушы мұқият ойластыру қажет. Сонымен, лекцияның мазмұны, баяндалу формасы, оқытушының шеберлігі лекцияның тиімділігін арттырудың кепілі.
Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі - оқушылардың өздігінен жаңа білімдерді қабылдау, сыныпта алған білімдерін бекіту, біліктілік пен дағды қалыптастыруда тиімді әдіс болып табылады.
Кітап - білімнің сарқылмас қайнар бұлағы. Ол білім мазмұнын кеңірек ашып, оқушылардың оны терең игеруіне көмегін тигізеді. Оқулық және кітаптың көмегімен оқушылар сабақта немесе сабақтан тыс кездерінде түрлі жаттығу жұмыстарын орындап, мұғалімнің басқаруымен сыныпта алған білімдерін толықтырып отырады.
Оқушылар оулықтармен және басқа оқу кітаптарымен жұмыс істей отырып, белгілі білім жүйелерін меңгереді, өздерінің көзқарастарын қалыптастырады, ой-өрісін дамытады, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыланады.
Кітаппен жұмыс істеу оқушы үшін оқытуда күрделі тәсіл болып танылады. Қазіргі мектеп тәжірибесіне жүгінсек, көптеген жағдайда, оны бітірушілер арасында кітапты оқи немесе нәтижелі қолдана білмейтіндер кездеседі.
Кітапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың негізгі ойын, құнды деректер мен қағидаларын жеке қарастыру, жетекші идеаларын ашып көрсете немесе өз сөзімен тиянақты баяндай алмау мәселелерін ұмтпаған жөн. Ол үшін оқушы оқу материалының құрылымымен жалпы танысу, оны көз жүгірте қарап шығу, содан кейін барып кейбір маңызды бөліктеріне жете мән беру, оған қатысты жаттығу жұмыстарын жасау, ең соңында оқығанын есінде сақтауға күш салуға дайындалуы тиіс.
Екінші мәселе, бастауыш сыныптан бастап оқушыларды дауыстап оқуға, одан кейін тез, іштей оқуға, оқығанды өз сөзімен айтып беруге дағдыландыру қажет.
Мәтінмен жұмыс істегенде оқушыларды, оның ең негізгі мазмұнын айтуға, бөліктерге бөліп жоспар жасауға қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету керек. Егер оқушы осындай тәсілдерді қолдана білсе, онда ол оқығандарын тек жаттап алуға дағдыланады.
Кітаппен жұмыс істеудің өзіндік мәнді психологиялық ерекшелігі бар. Кітап оқу мұғалімнің сөзін тыңдауға қарағанда оқушының ақыл-ой күші мен ерік-жігерін көп керек етеді. Ол оқушының өзіндік ойлауын, іс-әрекетін жандандырып, оның білім деңгейін, дүниетанымын арттырады. Қоғамға, өмірге, адамдар арасындағы қарым-қатынаста басқаша көзқараспен қарауға тәрбиелейді. Яғни , ол білім беру көзі ғана емес, сонымен қатар, тәрбие құралы.
Дегенмен де, оқушының үй тапсырмасын кітап немесе оқулық көмегімен орындау барысында қажетті уақытты тиімді пайдалану, өзіне-өзі бақылау немесе есеп беру жұмыстарында айтарлықтай кемшіліктер бар. Барлық оқушылар бірдей біздің жоғарыда айтқан кітаппен жұмыс жасау тәсілдеріне мен бермейді, оның талаптарын толығымен сақтамайды. Соның негізінде білім мазмұны нашар меңгеріледі.
Сондықтан оқушының кітаппен өз бетінше нәтижелі жұмыс істеуін, оның саналы көзқарасын және өзіне-өзі бақылауды үйрету, ұйымдастырып отыру мұғалім тарапынан жауапкершілікпен көңіл аударып отыруды қажет етеді.
Көернекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіндік береді.
Бұған демострация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.
Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді.
Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы т.б.). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі.Заттың үлгісі және көркем туындылар оқушылар тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады.
Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нәтижесінің табысты болуы бірнеше жағдайға байланысты болады.
- көрсетіліп отырған нысананы барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс;
-оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп , соңынан нысана алынып тасталуы керек. Оны оқушыларға алдынала көрсетуге болмайы;
-көрнекі құралдарды бақылау барысында әрбір оқушы мұғалімнің нүсқауы бойынша жұмыс істеуі тиіс;
-көрсету кезінде мұғалімнің ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын дамытуға және көркем сөйлеуін орнықтыруға ықпал етуі тиіс;
-оқушыларды бақылау жұмысытары нәтижесіне қорытынды жасай білуге дағдыландару т.б.
Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі ререң ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді.
Оқушылардың құбылыстарды, процестерді және нысандарды өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнісінде бұл әдіс нәтижелі болмақ.Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқытуда проблемалық және ізденушілік жағдайға итермелейді.
Сабақ барысындаоқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда оқу кинасы, диапзитив, диафильм, магнитафон, радио үнтаспа,киноскоп, эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секілді техника құралдары көптеп пайдаланылады.
Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайа қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады (мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т.б.)
Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады.Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плақаттар, картиналар, суреттер, чертеждар, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданылады.
Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін мү_ғалімнің қаншалықты меңгергеніне байланысты ьолып келеді.Соның негізінде оқушылар мен мұғалімге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек бере отыра , ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді.
Мектеп тәжірибесі көрсеткендей сабақта иллюстрациялы материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына әкеп соғады. Сондықтан, көрнекті құралдарды
пайдаланудың дидиктикалық қолданысын және таным процесінде олардың ролін алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет. Бұған қосымша мұғалімдер көрнекі құралдардың тиімді көлемін де анықтауы қажет.
Бұл әдістің ішінді ең басты рөл атқаратыны - бақылау әдісі. Ол барлық оқу пәндерін оқытуда кеңінен қолданылады.
Бақылау әдісі сабақа нақты заттар мен көренкі және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қлауы бйынша кеңінен іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық , логикалық ойлау қабілеттерін дамытады
Бақылау әдістерін қолданудың тиімділігі мынандай тәсілдерді қолдана білуге байланысты:
- байқаудың мақсатын анықтау;
- қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың көптеген белгілерінің ішінен ең негізгі, бастыларын ажырту;
- оларды топтастырып, қортындылар мен тркырымдар жасау.
Байқайтын нәрселердің , бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бақылау әдісінің негізгі түрлері:
демонстрациялық бақылау;
экскурциялық бақылау;
лабораториялық бақылау;
техникалық бақылау;
оқушылардың өздігінен дербес бақылауы.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күшті құралы - бақылау. К.Д.Ушинский «Бақылау-логикалық ойлаудың негізі»,-деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрену үшін, ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керектігін де ескертеді.
Бақылау өткізудің негізгі әдістемелік талаптары:
1. Мұғалім оқушыларды белгілі нәрсені жан-жақты бақылауға, оның неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін, ерекшеліктерін, мүмкіндігінше, көру, есту, дәм, иіс т.б. маңызы зор. Бақылау тек көру т.б. сезім мүшелерінің жұмысымен ғана емес, ол адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты болуы керек.
2. Мұғалім бақылауда оқушыға анализ бен синтез арқылы затардың негізгі қасиеттерін ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты ойлау процестерін қолдануға басшылық етуі қажет.
3. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен, бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап, жоспарын жасап беруі керек.
Тәжірибелік әдістер. Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңету және жетілдіре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.
Оқытудың негізгі дэстүрлі әдістерімен қатар мұғалім оқушылармен бірігіп сабақта, оқу-тәжірибе участогінде оқу приборлары және техника құралдары көмегіне сүйеніп оқу тәжірибелерін жүргізеді.
Оқытудың зертханалық тәсілі негізінен биология, химия, физика пәндерінде жиі қолданылады.Аталған пәндердің мазмұны зертханалық жұмыстарды қажет етеді.
Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара орындауы арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы оөқушылардың бәрі біріңғай тәжірибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда әрқайсысының жасайтын тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады.
Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді.
Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және оқушылардың қажетті аспаптарымен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс істеу принциптерімен таныстырады.
Өткізу барысында мұғалім әр оқушының қойған тәжірибесін му-қият бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі.
Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады.
Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды, екіншіден , ұжымдық түнде орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі, үшіншіден, зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындылатын мұғалімнің өзі жинақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндайды.
Графикалық жұмыстар барлық пәннен орындалады. Бұған кестелер жасау, диаграммалар құру, сызбалар сызу, секілді оқушылар әрекеттері жатады.Графикалық жұмыстар география мен тарих , сурет сабақтарында кеңінен пайдаланылады.
Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны - жаттығу әдісі. Бұл әдіс оқушыларда біліктер мен дағдыларды қалыптастырады. Оқу барысында теоиялық меңгеру жаттығу арқылы орындалады. Сондықтан, бұл әдіс барлық пәндерді оқытуда кеңінен қолданылады.
Жаттығу жұмыстары негізінен тіл мен математика, сонымен бірге, шет тілдерін оқу пәндерінде көбірек жүргізіледі. Оқушылар осы пәндердің мазмұнына қатысты теориялық білімдерін ысықтау арысында практикалық жұмыстарын атқарады. Мысалы, есеп сабақтарында жазбаша есеп шығару, тіл сабақтарында диктант жазу, грамматика және фонетика жұмыстарын орындау т.б.
Жаттығу оқушылардың оқу жұмысын өздігінен орындау белсенділігін арттырады. Өзіндік жұмыстарына оқушылардың шығармашылықпен атқаратын реферат, шығарма жұмыстары да жатады. Оқушылардың осындай жұмыстары жазбаша жаттығу деп аталады.
Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяндауға дағдылану мақсатын көздейді. Бұны негізінен үш түрге бөлуге болады. Бірінші -ғылыми пәндердің ережелері мен қағидаларын жатқа айта білу.
Екіншісі - оқу материалынң мазмұнын ауызекі баяндау. Үшіншішісі- көркем әдебиеттерден жатқа үзінділер оқу, баяндамалар жасау немесе өздерінің жазған шығармаларын ауызша айтып беру.
Оқыту әдістері — оқыту процесінің барлық кезеңдерінде оқытудың мақсат сіндеттерін орындау барысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға бағытталуы тиіс.Сондықтан , оқыту процесінде оқушылардың таным әрекетінің белсенділігін арттыруға септігін тигізетін әдістерге айрықша назар аудару қажет.
4.Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күнің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудң жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрқша маңыз беріледі.
Алайда, оқыту әдісін қайта құру - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдерімен жолдарын талап етеді. Сондықтан , оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатыны , оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайыкдық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін үдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Олай болса , оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарға байланысты болып келеді.
І. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне. Оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану.
2. Қолда бар нақтылы көрнекі және техника құралдарын кабинет жабдықтарын ескеру.
З. Мектептің географиялық орналасуын ескеру. Мысалы, оқытуды қала мектептерінде оқушылардың өндіріс орындарына экскурсия жасау мүмкіндігімен, ал ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа , ауылшаруашылық өндірісіне бару жағдайымен байланыстыру.
4. Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына , оның шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.
Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық - мақсаттың жүзеге асуы. Мұғалім қандай тақырып өтсе е , ең алдымен , оның мақсатын анықтауы тиіс. Бұл мұғалімнің өзіне қажет. Себебі оқылатын оқу материалын баяндауда оның негізгі идеясын немесе оқушылардың назар аударатын басты мәселесін есте сақтауға тиіс және оқушының ойында бекітілуге қажетті қосымша материалдарды анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгілей алмайды.
1.3 Бастауыш сынып оқытушысының педагогикалық әдептің орны
Педагогтық әдеп - мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Қай-қай мамандықтың да белгілі бір айрықша белгісі болатынын өздеріңіз білесіздер. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Әнші үшін үн немесе музыкант ұғу қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтық әдеп сондай қажет.
Педагогтық әдеп - оқуда да, тәрбиеде де өте-мөте қажет, оның ролі тәрбие жұмысында тіпті ерекше. Әдеп әлемінен алыстау мұғалімнен балалар өздеріңе ауыр тигенімен эйтеуір бірдеңе үйренер. Алайда, ондай мұғалімдердің тәрбиесінен нәтиже шығу-шықпауы екіталай. Моральдық сенім, ынта, ықылас, талғамды күштеп қалыптастырмайды. Қалыптастыру үшін амал біреу: оқушылар мұғалімдерін шексіз сүйіп, құрмет тұтулары керек.
Педагогтық әдептілікте, мұғалімнің оқушылармен тек сабақ үстінде ғана емес, сабақтан тыс кезіндегі байланысында болып отыр ғой. Оқушылар көбінесе ескертпе жасағыш, сол арқылы өздерінінң артықшылығын көрсетуге, үстемдігін жүргізгендеріне мэз. Сабақ үстінде олар «шыбынның ызыңы естілгендей» тыныштықта отыруын талап етеді. Ол мұғалімдер, сірә, оқушыларды бұлай тырп еткізбей отырғызу жоғары педагогтық шеберліктің ең сенімді дәлелі деп түсінсе болады. Мұндай тәртіп пен нағыз тәртіптің екі арасы жер мен көктей екенін айтып жатудың қажеті бола қоймас.
Педагогтық әдеп ауадай қажет. Оған қоса,
педагогтық істің шебері оқушылардың түсінігін,
тәжірибесін біліммен байытып, моральдық санасын
қалыптастыруға сапасын қалыптастыруға, программалық материалдың жақсы мұғалімі болып қана қоймай, оқушылардың тәрбиешісі де болуы тиіс.
Педагогтық әдеп - сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша, оқу-тәрбие процесінде ілгерілеу жоқ. Оның үстіне, белгілі психолог М.Д. Левитов дұрыс айтып көрсеткеніндей, педагог әлептен құр қол болса, оқушылар тәрбиесіне залалы тиеді, олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп-қылықтардың пайда болуына себеп болады. Левитовтың байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы оқушыны тұйықтыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейтін, мұғалімге өшігіп, бәрін теріс істеуге бейім тұратын көрінеді.
Педагогтық шеберлік — тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және-методикалық сауаттылығы ғана емес, ол — әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы, толғанып бойға сіңіруі.К.Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, «педагогика теориясын қаншама жетік білгенімен» педагогтық әдептің қыр-сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейді. Егер, педагог таланты, педагог шеберлігі жайында әңгіме қозғала қалса, ба-лалар жүрегіне жол табу, олармен байланыс мәселесі алдымен айтылуы тиіс. Бұл, әрине, екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оның бәлкім, өздеріңіз де сезініп-біліп жүрген шығарсыздар.
«Әдеп» (такт) сөзі (латынша tactus) «жұғысу» , «адамдар арақатынасының түрі» мағынасында қолданылады. Әдеп - адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай. Әдепті адамдарға басқаларға барынша жақсылық жасауды, қуаныш әкелуді тілеп түру тән. Басқа адамдармен қарым-қатынаста әдепті адам сақ та сергек. Ол өзін коллектите оған сөзімен, жеңілтек мінезімен ешкімнің көңіл-күйін бұзбауға тырысады.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кіріктіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып есептеледі. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлылық, тапқырлылық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ асушылық, ұстамдылық, байсалдылық, әзілкештік сияқты мінез-құлық белгілеріне қарай тануға болады.
Педагогтық әдеп - медицина қызметкерінің дәрігерлік этикасы сияқты мұғалімнің кәсіптік сапасы. Ол педагогтық білім мен педагогтық тәжірибені қоса алғанда пайда болатын педагогтық шеберліктің құрамдас бөлігі болып табылады.
Педагогтық әдепке - баланы адам ретінде сыйлау деп анықтама беруге болады. Педагогтық кейбірулері педагогтық әдеп деп - мұғалімнің оқушыны баурап алатын табиғи қабілеті десе, енді біреулері мұғалімнің жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігі: үшінші біреулері - пәнді жетік білу және оның методикасын жақсы меңгерудеп есептейді.
Педагогтық әдеп дегеніміздің өзі, шын мәнінде, психологиялық әдеп деген К.Д. Ушинскийден бері келе жатқан анықтама.
Педагогтық әдеп көбіне -көп оқушылармен бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында ұстанатын жөнге лайық шара ретінде анықталады. Жөнсіздікке жол беру - педагогтық әдептен айырады. Тәжірибелі педагогтардың да кейде шамдануы мүмкін, бірақ олар шектен шықпайды. Педагогикада шектен тыс шара қолдану, қашан да педагогтық әдептің бұзылуына апарып соқпай қоймайды. Оқушыларға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді салаларда шек-шаманы шамалау, сөз жоқ, педагогтық әдептің маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Педагогтық әдеп көбіне-көп оқушылармен бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында ұстанатын жөнге лайық шара ретінде анықталады. Жөнсіздікке жол беру педагогтық әдептен айырады. Тәжірибелі педагогтардың да кейде шамдануы мүмкін, бірақ олар шектен шықпайды. Педагогикада шектен тыс шара қолдану, қашанда педагогтық әдептің бұзылуына апарып соқпай зққоймайды. Оқушыларгғ ықпал ететін әдіс-тәсілдерді сараларда шек-шаманы шамалау, сөз жоқ педагогтық әдептің манызды; шарттарының бірі боп табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |