Педагогикалық факультеттің деканы



жүктеу 1,45 Mb.
бет9/10
Дата11.01.2020
өлшемі1,45 Mb.
#26305
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ескерту: 1. Бейімделу қабілетін бағалау үшін ТСЖ мен АҚ өзгеруіне сүйеніп жауап түрлерін сызуға болады

2. Бейімделу қабілетін ТСЖ мен қалыптасу көрсеткішін есептеп шығару арқылы да болжауға болады. Ол үшін әр орындалған жүктемеден кейін ТСЖ келесі тәртіппен анықтау қажет: жаттығу аяқталғаннан кейінгі алғашқы 10 cек /f1/, келесі 30-40 сек / f2/ және 60-70 сек / f3/ аралықтарында.

3. Кезекті ДҰБ әдісі ретінде қайталама сынаманың орнына PWC170 байқауын қолдануға болады.



Тексеру сұрақтары: Қайталама сынамалар деген қандай сынамалар? Арнайы жұмыс қабілетін қалай анықтауға болады?Қалыптасу кезеңі деген не? Жылдық дайындық кезеңіне лайықты болуды қалай түсіну керек? Спорттық көрсеткіші тұрақты, бірақ шаршағандық байқалуы мүмкін бе? Егер нәтижелері төмен не тұрақсыз болса, онда спортшының бейімделуі қандай?
12. Зертханалық жұмыс

Тақырып: . Спорттық жаттығу процесіне сипаттама беру.

Мақсаты: Жүрек қан-тамырлар жүйесінің қызметін Гарвард степ-тест индексі (ГСТИ) арқылы анықтау.

Жабдықтар:Метроном, секундомер, отырғыштар.

Жұмыс барысы: Сыналушы 5 минут баспалдаққа шығуды орындайды (биіктігі ер адамдар үшін-0,5 метр, әйелдер үшін-0,43 м.). Шығу ырғағы 120 адым/мин. Метрономның

әрбір соғуына бір адым орындалады, яғни «бір» дегенде баспалдаққа бір аяғын қояды, «екі» дегенде, екінші аяқ қасына қойылады, «үш» дегенде бір аяқ баспалдақтан еденге қойылады, «төрт» дегенде екінші аяқ еденге қойылады.

Егер сыналушы уақытына жетпей шаршап қалса, онда тестіні орындауды доғарады да, жүктеменің аяқталу уақыты белгіленеді.

Ауыртпалықтан кейін сыналушының қайта қалпына келу уақытының 2-ші, 3-ші және 4-ші минутының алғашқы 30 секундында лүпіл есептеледі.

Индекс мына формула бойынша есептеледі: t . 100

ГСТИ = ---------------------- ; бұндағы t –

( f1 + f2 + f3 ) . 2

Баспалдаққа шығу уақыты сек., f1, f2, f3 – қайта қалпына келудің 2-ші, 3-ші, 4-ші минуттарының алғашқы 30 секундтағы лүпілдің саны.

Бағасы: ГСТИ кезінде = 55 - өте нашар; 56-64 – орташадан төмен; 65-79 – орташа; 80-89 –жақсы; 90-нан жоғары -өте жақсы.

Жұмысты толтыру үшін нұсқаулар: Бір топ студенттердің жүрек қан-тамырлар жүйесінің жағдайын анықтау. Спорттық мамандығына және шеберлігіне байланысты тәуелділігінің әртүрлілігін айқындау. Қорытынды жасау.

Тексеру хаттамасының үлгісі


1. Аты – жөні. 2. Жасы. 3. Спорт түрі, спорттық дәрежесі, өтілі. 4. ДҰБ жүргізілген сабақтың мақсаты, мазмұны, ерекшеліктері. 5.Жылдық жаттығу айналымының қазіргі кезеңіне сипаттама беру. 6.Көңіл – күйі, шағымдары, бастан кешкен жүйке жүйесінің зақымдары мен сырқаттары. 7.Шағын топтамаға сипаттама (күнделікті жаттығу саны, олардың мазмұны т.б.). 8.Қайталау саны. 9.Шаршағандықтың сыртқы белгілері. 10. Сынама ретінде қолданылған жаттығулар (жүктемлер) немесе берілген қашықтық.

Тексеру сұрақтары: Гарвард сынамасы нені зерттейді? Бұл сынаманың дененің машықтанған деңгейін анықтай ала ма? Бұл сынама мөлшерленген сынамаларға жата ма? Машықтану деңгейінің көрсеткіші болып табыла ма? Қандай формуламен машықтану деңгейін анықтайды?
13. Зертханалық жұмыс:

Тақырып: . PWC170 және оттегіні максимальді тұтыну.

Мақсаты: Дене жұмыс қабілеттілігін PWC170 – сыны көмегімен анықтау.

Жабдықтар: Велоэргометр, секундомер.

Жұмыс барысы:Тексерілетін әрбір адам велоэргометрде 5 минуттан әртүрлі қуатты екі ауыртпалық орындайды. Жүктеме белгілі бір есеппен таңдап алынады, ЖСЖ бірінші ауыртпалықтан кейін 120-130 соқ/мин болуы қажет, ал екінші жүктемеден кейін ол 170- соқ/мин жақындауы тиіс. Әрбір ауыртпалықтың аяғында ЖСЖ (10 сек) анықталады. Содан кейін формула бойынша,

170 - f1

PWC170 = N1 + / N2 – N1 /. ---------------- дене жұмыс f2 - f1

қабілеттілігінің мәнін анықтайды, бұндағы f1 , f2 бір минуттағы жүрек соғу жиілігінің, бірінші және екінші жүктеме орындағаннан кейінгі көрсеткіштері. N1, N2 – бірінші және екінші ауыртпалық қуаттары.



Жұмысты толтыру үшін нұсқаулар: Берілген сынды бір топ студенттер әртүрлі спорт мамандықтарына байланысты өткізу керек. Спорттық мамандықтарына, шеберлік деңгейіне байланысты ерекшеліктерін айқындау. Қалыпты жағдайлармен салыстыру керек. Қорытынды жасау.

Тексеру хаттамасының үлгісі


1. Аты – жөні. 2. Жасы. 3. Спорт түрі, спорттық дәрежесі, өтілі. 4. ДҰБ жүргізілген сабақтың мақсаты, мазмұны, ерекшеліктері. 5.Жылдық жаттығу айналымының қазіргі кезеңіне сипаттама беру. 6.Көңіл – күйі, шағымдары, бастан кешкен жүйке жүйесінің зақымдары мен сырқаттары. 7.Шағын топтамаға сипаттама (күнделікті жаттығу саны, олардың мазмұны т.б.). 8.Қайталау саны. 9.Шаршағандықтың сыртқы белгілері. 10. Сынама ретінде қолданылған жаттығулар (жүктемлер) немесе берілген қашықтық.

Тексеру сұрақтары: PWC170 сынамасымен нені анықтауға болады? Неге 170 соқ/мин деген сандарды қайдан алған? Оттегінің қажеттілігі ең жоғарғы мәніне қай уақыттарда жетеді? Төзімділікті анықтауға PWC170 қандай қатысы бар?
14. Зертханалық жұмыс

Тақырып: Стандартты дене жүктемелеріне машықтану кезіндегі деңгейіне баға беру

Мақсаты: Дененің машықтану деңгейін Новакки сынамасы бойынша анықтау

Жабдықтар: Велоэргометр, секундомер, метроном, тексеру хаттамасы

Жұмыс барысы: Новакки сынамасында біртіндеп жоғарлайтын велоэргометрлік жүктемеде зерттелуші 2 минут ішінде ұстап тұра алатын жұмыстың жоғарғы қуатын анықтайды. Бұл сынама дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауымен машықтанған және машықтанбаған адамдарға кеңінен қолданылады.

1. Зерттелуші велоэргометрде 1 кг салмаққа 1 ваттық жүктемені орындайды. Әр 2 минут сайын 1вт/кг шаршағанға дейін жүктемені жоғарлатады. Осы уақытта ЖСЖ және оттегінің қажеттілігі жоғарғы дәрежесіне жетеді.

2. Жүктеменің жоғарғы қуаттылығы және оны ұстап тұру уақыты бойынша кестенің көмегімен дененің машықтану деңгейін анықтайды.
Новакки сынамасының нәтижесін бағалайтын кесте


Жүктемелер

қуаты (вт/кг)

Жұмыс уақыты

(мин)

Дене жұмыс қабілетін бағалау

3

2

Машықтанбаған адамның қалыпты жұмыс қабілеті

4

1

Спортшының қанағаттанарлық жұмыс қабілет

4

2

Спортшының жақсы жұмыс қабілеті

5

1-2

Спортшының жоғары жұмыс қабілеті

Тексеру хаттамасының үлгісі


1. Аты – жөні. 2. Жасы. 3. Спорт түрі, спорттық дәрежесі, өтілі. 4. ДҰБ жүргізілген сабақтың мақсаты, мазмұны, ерекшеліктері. 5.Жылдық жаттығу айналымының қазіргі кезеңіне сипаттама беру. 6.Көңіл – күйі, шағымдары, бастан кешкен жүйке жүйесінің зақымдары мен сырқаттары. 7.Шағын топтамаға сипаттама (күнделікті жаттығу саны, олардың мазмұны т.б.). 8.Қайталау саны. 9.Шаршағандықтың сыртқы белгілері. 10. Сынама ретінде қолданылған жаттығулар (жүктемлер) немесе берілген қашықтық.

Тексеру сұрақтары: Новакки сынамасы бойынша нені зерттеуге болады? БДДСҰ бұл сынаманы зерттеуге неге ұсынып отыр? Бір кг салмаққа қанша ватт қуаттылықпен жүктемені орындайды? Машықтанбаған адамның қалыпты жұмыс қабілеті нешеге тең болуы мүмкін? Спортшының жұмыс қабілеті жақсы болса оны қалай бағалауға болады? Спортшының жоғары жұмыс қабілетін қалай анықтауға болады?
15. Зертханалық жұмыс

Тақырып: Аспаптармен зерттеу тәсілдері

Мақсаты: ЭКГ деректері бойынша жүректің қызметіне талдау жасау

Қажет құралдар: Электрокардиограф, ас тұзының 10% - дық ертіндісі, дәке немесе сүзгіш қағаз.

Жұмыс барысы: Тыныштықта және мөлшерленген ден ауыртпалығынан кейін (30 секундта 30 рет отырып тұру) стандартты түрлерімен электрокардиограмма жазып алу. ЭКГ –нің негізгі интервалдарының тістері мен ұзақтық вольтажын анықтау. Ырғақтың (жүрек соғу циклінің ұзақтығының айырмашылығы 0,1 – 0,15 сек – орташа, 0,16 – 0,30 сек. – айқындалған және 0,30 сек. жоғары шұғыл аритмия) жәнге де жүрек соғу жиіліктерін анықтау.

Жұмысты толтыру үшін берілетін нұсқаулар: функциональды сынаулардың алдында және соңынан жазылған электрокардиограммаларды жұмыс дәптеріне жапсырып, тістер мен интервалдарды белгілеу қажет. ЭКГ – нің жазып алынған тістері мен интервалдарын тыныштықтағы көрсеткіштерімен салыстыру қажет.



Алынған деректерді кестеге енгізіп, қорытынды жасау керек.

Тіркеу шарты

ЭКГ тістері, А-амплитудасы(мв), Ұ-ұзақтығы (сек), интервалдары (сек)

P

Q

R

S

T

PQ

QRS

QRST

ST

RR




А

Ұ

А

Ұ

А

Ұ

А

Ұ

А

Ұ
















0,12 – 0,2

0,06 – 0,09

0,30 – 0,49

0 – 0,15

0,7 – 1,0




Адамның қалыпты ЭКГ-сі (Лакомкин бойынша)

0,05-0,25

0,04-0,1

0 - 02

Макс 0,03

0,3 – 1,6

Макс 0,03

0 -0,3

Макс 0,03

0,1 -0,6

Макс 0,25

Тыныштық тағы ЭКГ көрсеткіші































Ауыртпа-лықтан кейін ЭКГ көрсеткіші















































Тексеру сұрақтары: Жүрек қан тамырлар жүйесінің жұмысын тексеру үшін қандай аспаптар қолданылады? ЭКГ нені анықтауға болады? Амплитуда деген не? Оны қалай өлшейді? Интервал деген не ? Ол нені өлшейді? Ырғақтың қандай түрлері бар? Орташа және айқындалған жиіліктері нені білдіреді? Аритмия деген не?

Несие сағаты 1

Тақырып: Денсаулық жағдайын айқындайтын, денешынықтыру және спортпен шұғылданатындардың дене дамуын бақылайтын:

Мақсаты: Студенттердің өздігінен әзірленіп сұрақтарға жауап беру, бағалану

ОЖСӨЖ мазмұны:

Өткізу түрі: тапсырмалар мен сұрақтар

1. Денсаулық жағдайын айқындайтын, денешынықтыру және спортпен шұғылданатындардың дене дамуын бақылайтын:

2. Әртүрлі ауруларды емдеу жолында дене жаттығуларын қолдану және соны зерттейтін ғылым:

3. Жалпы аурулар туралы ілім:

4. Ағзаның сыртқы орта әсеріне жоғары деңгейде бейімделуін қалай деп атайды?

5. Ағзада қалыпты жағдайда дененің қызуы, қанның химиялық құрамы ж.т.б. тұрақты деңгейде болуын қалай дейді?

6. Сыртқы ортаға бейімделуінің шектелуін және еңбек етудің төмендеуін қалай деп атайды?

7. Жұмыс қабілеттілігін қысқа уақытқа жоғалту, белгілі бір тітіркендіргішке ағзаның ерекше жауабы:

8. Қызметі мен құрылысының ерекше ауырсыну өзгерістерін қалай деп атайды?

9. Аурудың өте жай дамитын процесін немесе оның салдарын құрайтынды қалай деп атайды?


10. Ауру кезеңдерінің бірі: бас ауру, тоңу, қызу көтерілу ж.б. белгілерімен сипатталады:

11. Көптеген ауру түрлерінің белгілері пайда болады және оны қалай деп атайды?

12. Бұл кезең әртүрлі болуы мүмкін, мысалы қысқа уақыт ішінде (күйзеліс) немесе жай (лизис) түрінде өтуі мүмкін:

13. Тұмаумен ауырған адам жүрегіндегі бұлшық етте дистрофиялық өзгерістер қалады:

14. Буындардың қабынуынан кейін қиын қозғалулары болатын эндрокардиттен кейін жүрек ауытқуларын:

15. Тіршілікке қажетті барлық маңызды жүйелердің қызметтерінің бұзылуы:

16. Қан айналу мен тыныс алу толық тоқтап, рефлекстер жойылады:

17. Ұлпалар мен мүшелерде қайтымсыз өзгерістер болатын жағдайлар:

18.Ауру белгілері тез өршіп, тез бәсеңсиді, ұзақтылығы бірнеше күннен бірнше жұмаға дейін созылады:
19. Аурудың жүруі көптеген жылдарға, кейбірде өмір бақи болуы ықтимал, арасында тыныштықта (ремиссия) болуы мүмкін:

20. Аурулардың себптері мен пайда болуы туралы ілім:


Несие сағаты 2

Тақырып:

Мақсаты: Студенттердің өздігінен әзірленіп сұрақтарға жауап беру, бағалану

ОЖСӨЖ мазмұны:

Өткізу түрі: тапсырмалар мен сұрақтар

21. Сыртқы ортаның қандай да бір әсерінің нәтижесінде ауру пайда болады:

22. Аурудың себептері ағзаның өзінде орналасады:

23. Қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіздігі:

24. Қозғалыстың тым аса белсенділігін қалай атайды?

25. Соққыдан, қысу мен соғудан болатын ауру себептері:

26. Күннің инфрақызыл сәулелерінің әсерінен:

27. Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен:

28. Жануарлардан жұғатын ауру қоздырғыштар:

29. Өсімдік тектес ауру жұқтырғыштар:

30. Бактерийлердің адам ағзасына бөлетін өнімдері:

31. Вирустардан жұғатын жұқпалы аурулар:

32. Жеке адамның бейімделу мүмкіншілігінен жоғары жүктемелерді қалай деп атайды?

33. Жұқпалы аурулардың агенттерін және олардың өндіріп шығаратын уларын ағзаның қабылдамауы:

34. Ағзаның жұқпалы ауруларға, олардың агенттеріне өте жақсы да сапалы өзгерген сезімталдылығы:

35. Ұлпалардан қан құрамының шектен тыс көбеюі:

36. Әртүрлі мүшелерде қанның тоқтап қалуы;немесе жүрек жұмысының жеткіліксіздігінен қоректену мен зат алмасудың бұзылуы:

37. Қан тамырларында қан ағуының тоқтап қалуы:

38. Тамырлардың қанмен немесе лимфамен келген заттармен бітеліп қалуы:

39. Мүше немесе оның бір бөлігіне артериалды қанның келуінің жеткіліксіздігі, жергілікті қаназдылық:

40. Сол аймақты артерия қанымен қоректендіретін тамырдың толық жабылып қалу нәтижесінде өлі ұлпаның шіруі:
Несие сағтаы 1

Тақырып:

Мақсаты: Студенттердің өздігінен әзірленіп сұрақтарға жауап беру, бағалану

ОЖСӨЖ мазмұны:

Өткізу түрі: тапсырмалар мен сұрақтар

41. Құнарлы заттарды қорыту процесі:

42. Құрылысы күрделі құнарлы заттардың қаратайым заттарға ыдырау процесі:

43. Ұлпаларды қоректендіру процесі:

44. Ұлпалардың қоректендірілу процесі бұзылуына байланысты химиялыќ құрамының сапалы өзгеруін:

45. Паренхиматозды мүшелерде (бүйректерде, бауырда, жүректе) протоплазма құрамында кездесетін өте көп ±ұсақ түйірлер байқалады:

46. Құрылысы әйнек тәріздес тұрақсыз аралық заттар байқалады:

47. Жасушалардың арасында тығыз белок массаларының көбеюі болады:

48.Жасушалардың ішіндегі май құрамының өзгеруі:

49. Сүйек ұлпасынан әктің жойылуының арқасында сүйектер жұмсарады:

50. Ұлпалар мен мүшелердің көлемі кішірейіп қызметі төмендейді:

51. Аштықта немесе зат алмасудың ауыр түрлерінде кейбірде қауіпті ісіктер нәтижесінде бұзылуы:

52. Мүшенің немесе оның бір бөлігінің көлемінің ұлғаюы:

53. Тірі ағзада жасушалардың, ұлпалардың немесе мүшелердің жансыздануы (өлуі):

54. Өлген жасушалар мен ұлпалардың орнын жаңалармен ауыстырылуы:

55. Дәнекер ұлпаларда ісіктер қалай аталады?

56. Бездердегі ісіктер қалай аталады?

57. Ұлпа элементтерінің құрлысының бұзылуы мен өзгеруі:

58. Майлы клетчаткада немесе іші қуыс мүшеде кеңінен іріңнің ұйысуы (шоғырлануы):

59. Ағза өзінің дене қызуын сыртқы қоршаған ортаның өзгеруіне қарамастан сақтап тұру қабілеті:

60. Ағза төменгі температураның әсерінен көп жылуды беріп аз өндіру
Несие сағаты 2

Тақырып:

Мақсаты: Студенттердің өздігінен әзірленіп сұрақтарға жауап беру, бағалану

ОЖСӨЖ мазмұны:

Өткізу түрі: тапсырмалар мен сұрақтар

61. Адам ұзақ уақыт жоғары тампература әсеріне ұшырау:

62. Дене қызуының жоғарлауы мен байланысты термореттеудің бұзылуына жалпы реакцияны:

ІІ-бөлім. Спорттық медицина негіздері және дәрігерлік зерттеу тәсілдері.
63. Адамның денсаулығын, дене дамуы мен ағза қызметінің жағдайы, дене жаттығуларының әсерін зерттейтін ғылыми сала:

64. Спортпен шұғылданатындарды күнделікті бақылау, рұқсат ету мен спорт топтарына бөлуді кім атқарады?

65. Денсаулық ақауларын барынша ертерек, олардың алдын алуды қарастыратындар:

66. Спортшыларды дәрігерлік бақылаудың негізгі түрі:

67. Тұрмыс жағдайын, жұмыс пен демалыс кестесін айқындауға арналған:

68. Дене құрылымын, пропорциясын,бұлшыќ еттер дамуын анықтайтын:

69. Пальпация, перкуссия және аускультация қай тәсілдерге жатады?

70. Терінің, бұлшық еттердің, сүйектердің, буындардың жүрек соғу сипаты жағдайларын анықтау:

71. Мүшелердің әртүрлі тығыздығына байланысты дыбыстың айырмашылығына негізделген тәсіл:

72. Жүрек дыбыстарын, тыныс алу шуларын анықтау тәсілі:

73. Ағзаның қызметін анықтау үшін берілетін жүктеме:

74. Велоэргометр, тредбан, степ-тест сынамаларын қалай дейді?

75. 30 сек. 20 рет отырып тұру, 15 секундтық максимальды қарқынмен бір орында жүгіру және 3 минуттық 180 адым/минутына бір орында жүгіру:

76. Дене дамуын зерттейтін негізгі тәсілдер:

77. Жай спорттық медицинада қолданылатын аспап:

78. Жалпы омыртқалардың оңға не солға қисаюын:

79. Сколиоздың қанша түрлі дәрежесі бар?

80. Көкірек қуысының қандай пішіндері болады?


Несие сағаты 1

Тақырып:

Мақсаты: Студенттердің өздігінен әзірленіп сұрақтарға жауап беру, бағалану

ОЖСӨЖ мазмұны:

Өткізу түрі: тапсырмалар мен сұрақтар

81. Аяқтың түзулік түрлері қандай әріптермен белгіленеді?

82. Жалпақтабандылықтың ені қандай өлшемнен аспауы керек?

83. Иықтың кеңдігін, көкірек қуысының көлденең қимасын қандай аспаппен өлшейді?

84. Бұлшық ет күші немен өлшенеді?

85. Брок-Бругштың индексі неге тең?

86. Дәрігерлік-ұстаздық бақылаудың қарапайым түрлеріне:

87. Дәрігерлік-ұстаздық бақылаудың күрделі аспаптар түрлеріне жататындар:

88. Тыныс алу жиілігін өлшеудің қарапайым түрлері:

89. Тремор қандай аспаппен өлшенеді?

90. Қосымша стандартты жүктеменің қанша вариант реакциялары бар?

91. Бұлшық еттің реобазасы мен хронаксиясы қызметінің өзгерістерін анықтайтын:

92. Допинг препаратына жататын қанша топ бар?

93. Амфетамин, фенметразин-допингтердің қай тобына жатады?

94. Никетамид, корамин, стрихнин-бұлар қай топқа кіреді?

95. Морфин, кодеин-бұлар допингтердің қай тобына жатады?



ІІІ-бөлім. Спортшылар арасында кездесетін аурулар

96. А.Г. Дембоның тұжырымы бойынша спортшылардың ауру себептерін неше топқа бөлуге болады?

97. Суыққа шалдығу,ауру тудыратын құрттар, жәндіктер қай топқа жатады?

98. Жүктемелердің спортшының жұмыс қабілетіне сәйкес келмеу қай топтың қай түріне жатады?

99. Жаттығу, демалу, тамақтану, тәртіп ережелерін сақтамау қай топтың қай түріне жатады?

100. Ауру қаупін тудырушы әсерлері неше топқа бөлінеді?


Несие сағаты 2

Тақырып:

Мақсаты: Студенттердің өздігінен әзірленіп сұрақтарға жауап беру, бағалану

ОЖСӨЖ мазмұны:

Өткізу түрі: тапсырмалар мен сұрақтар

101. Шамадан тыс жаттығу, стресс әсерлер, адамның ауруға қарсы тұру қабілетінің әлсіреуі:

102. Сулы спорт түрлеріне суыққа шалдығу, атыста-есту жүйке талшығының қабынуы:

103. Қан қысымының сынап бағанасы бойынша 100/60 мм-ден төмен болса:

104. Жүректің жиырылу ырғағы реттілігінің бұзылуын:

105. Жүректің өздігінен қозу қасиеттерінің бұзылуы қай түріне жатады?

106. Жүректің минутына 54-60 реттен сирек жиырылуын:

107. Жүректің минутына 84-89 реттен жиірек жиырылуын:


108. Жүректің өткізгіштік қасиетінің бұзылуына байланысты:

109. Аритмия-спортшылар арасында жай адамдарға қарағанда неше есе жиі кездеседі?

110. Шаршаған дененің (ағзаның) толық қалыптаспай, әрбір келесі жүктемеден кейінгі қалжырауы:

111. Аяқ ұйып, әлсізденіп, жыбырлағандай сезім пайда болады:

112. Омыртќааралық шеміршектің, буындардың сіңір мен сүйектің өзгерунен болады:

113. Қарқынды жүктемені кенет тоқтатқаннан болатын оқыс жайт:

114. Өкпенің альвеолалары арқылы қанға оттегінің өтуінің қиындауы:

115. Спортшы есінен танып құлайды, аяқ-қолдары тартылып, сандырақтай бастайды:

116. Дене суынуының (гипотермия) қанша сатысы бар?

117. Адамның ұйқысы келіп, тілі күрмеліп, есеңгіреп қимыл-қозѓалыс

жасағысы келмейді, дененің қызуы 31-33 ºС

118. Спорттық жарақаттардың сыртқы тобына жататыны:

119. Ішкі спорттық жарақаттардың себептері:

120 Бірнеше сағат, не бірнеше тәулікке дейін естүссіз қалуы ықтимал, басы қатты


Несие сағаты 1

Тақырып:

Мақсаты. Студенттердің өздігінен әзірленіп сұрақтарға жауап беру, бағалану

ОЖСӨЖ мазмұны:

Өткізу түрі: тапсырмалар мен сұрақтар

жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау