Педагогикалық факультет



жүктеу 1,07 Mb.
бет11/14
Дата01.02.2018
өлшемі1,07 Mb.
#8279
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Дәріс мазмұны:


  1. Экзистенциальды тұрғының негізгі ұғымдары мен жағдайлары

  2. Техникалар

Экзистенциалды бағытқа экзистенциализм теорияларына, «тәуелсіз ерікке» тірек жасалғандаадамның тұлғалық қалыптасуына жауапкершілігін және адамның қалыптасу мәселелерінің маңыздылығын көрсететін, адамның өз ішкі әлемін қалыптастыруда жауапкершілігін сезінуі және өмірлік жолды таңдауға негізделген тұлғалық түзету теориялары мен жүйелері жатады.Бұл бағыттағы түзет умақсаты – адамды өз өміріне бергісі келетін мәнді түсінуге дейін жеткізу.

Экзистенциализмнің негізін салушы дат теологы және философы С.Кьеркегор. «Existentia» ерте латын сөзінен аударғанда «өмір сүру» деген мағынаны білдіреді.Біздің жүз жылдықтың 20 жылдары М,Хайдеггердің «Бытие и время», сонымен қатар К.Ясперс, П.Сартр, А.Камю, Э.Гуссерль жұмыстарының пайда болуымен қазіргі кеңес беру психологиясында және психокоррекцияда танымал ағымдардың бірінің негізіне (жаңа физиканы игеру бірлестігінде) айналған адамның өмір сүру концепциясында кілттік ұғымдар жасалған болатын.Экзистенциалды тұрғы теоретиктерінің бірі Д.Буженталь келесі негізгі шарттарды көрсетті:


  • адам өз бөліктерінің санымен салыстырылмайтын тұтастық;

  • адам өзінің адами мәселелерінің контекстінде өмір сүреді;

  • адам ұғынуға және шынайы әрекет етуге қабілетті;

  • адамның әрқашан таңдауы бар;

  • адамның мінез-құлқы әрдайым интенционалды , яғни себебі болады, адам саналы шешімдер қабылдай алады.


Экзистенциалды тұрғының негізгі ұғымдары мен жағдайлары

Қандай да бір нақты өкілдегі базистік ұғымдар әр түрлі тоқталысқа ие, бірақ толықтай олар концепцияның ұғымдық экзистенциалды анықтылығын құрайды:



«Диалог» - М.Бубердің анықтаған және өңдеген ұғымы.Бубер бойынша тілде сөздік жұп құрайтын негізгі сөздер болады.Негізгі сөздің ерекшелігі – олар тіршілік ететін нәрсені білдірмейді, керісінше тіршілік етуді тудырады.Бұл сөздер: «Мен-сен», «Мен-ол».Бубер бойынша «Мен-сен» негізгі сөзі тәжірибені тудыратын «Мен-ол» сөзіне қарағанда қатынастар әлемін тудырады.

«Тәжірибе» - ғылым мен философияда оған деген қатынас драматикалық күресте пайда болған ұғым. «Тәжірибе» категориясы «Менің» экзистенциясына қатынасы бойынша объективті шынайылықпен емес, гнесеологиялық жететін тұрмысқа қарағанда онтологиялық «Менің» субъективтілігімен сәйкестендіріледі.Бұл мәнде 5 жастағы баланың өмір тәжірибесі жомарт ақсақалдың өмір тәжірибесінен шынайылығы жағынан кем емес.Сондықтан «тәжірибе» ұғымымен «қайғыру» ұғымы тығыз байланысты.

«Қайғыру» - тұрмыстың жағдайы мен ерекше тәсілін сипаттайтын ұғым.1965 ж. Джендлин ұсынған бұл ұғым келесі сипаттарға ие: қайғыру ұғыну, білу немесе айтылу емес, сезіледі; қайғыру тікелей дәл қазіргі минутта жүреді.Қайғыру - әрбір тұлға үшін сол сәтте сезуге мүмкіндік беретін сезінудің өзгергіш ағымы.Ерекше мазмұнға өзін-өзі өзектендіруді, тұлғалық өсуін көрсететін қарғалы (пиковой) қайғыруларға ие.Қарғалы қайғырулар – тұрмыс пен барлық потенциалдардың толықтығын максималды сезіну.

«Түп нұсқалық» - адам философиясының орталық мәселесімен, соның ішінде шынайы емес адам болмысының шынайыға айналу мәселесімен байланысты К.Ясперстің дамытқан және М.Хайдеггердің енгізген ұғымы.Ясперс бойынша, шынайылық қандай да бір концепциямен, идея немесе мүмкіндікпен бекітілмейтін болмыс.

«Өзін-өзі өзектендіру».Оның негізін қалаушылардың бірі А.Маслоудың ойынша, бұл ұғым «өсу», «өзін-өзі дамыту», «индивидуация» ұғымдарымен бірге синоним қатарында жүреді.Ол екі белгісімен анықталады: 1) ішкі ядроның (самость) қабылдануы мен көрінуі, яғни латентті қабілеттер мен потенциалдарды өзектендіру; 2) аурудың минималды болуы (невроз және басқа да қабілеттерді жоғалту).Ұғымды түсінуде толық (психикалық, әлеуметтік, денелік) денсаулық, яғни жеке өмірде адам мүмкіндіктерінің толық ашылуы ретінде дені саулық деп атауға болатын құндылықты парадигманы іздеу жатыр.

«Құндылық» - экзистенциалды психокоррекцияда бағыттылыққа, қайғыру ұмтылыстарына қатысты мазмұнды бейнелейтін ұғым.Құндылық мән емес, бірақ оның шарты.Құндылықты жүзеге асыру өмірдің мәнін құрауы мүмкін.Келесідей құндылықтар ажыратылады: когнитивті, жоғары бағалаушылық, эстетикалық, моралды, мәдени «Мен».А.Маслоу құндылықтардың келесідей дихотомиясын ұсынды:

1. В-құндылықтары – болмыстық құндылықтар, болмыстың толықтық құндылығы.

2. D-құндылықтары – депривациялық құндылықтар, қандай да бір нәрсенің жетіспеуінен пайда болатын құндылықтар.

Адамға тән құндылықтар типі оның болмысын анықтайды.Маслоу бойынша, В-құндылықтарына енеді: жақсылық, шындық, сұлулық, адалдық, өз-өзіне толымдылық, яғни негізгі, өмірлік қажеттіліктер көрсетілген дәстүрлі құрылымдар.Оларды былай да шектеуге болады: В-құндылықтары – тұлға мен оның әлемге бағытталған уайымдарының пайда болуы; D-құндылықтары – тұлғаның талаптары мен оның әлемнен өзіне бағытталған уайымдары.



«Әлем болмысында». Бұл категория экзистенциалды психологияның барлық өкілдерімен талданып, мәнді белгінің тұтас жиынтығын және әлемге енуші өзіндік «Мен» уайымдарының феноменологиясын білдіреді:

Біріншіден, бұл таза экзистенция, яғни зіне және әлемге берілу, болу;

Екіншіден, «самостьтың» шынайы өмір сүруі;

Үшіншіден, болмыста адамның басқаға ауысуы бар;

Төртіншіден, болмыста – бұл;

Бесіншіден, шексіздік және толықтықпен сипатталатын өмір сүрудің нақты сапасы.

Сондықтан болмыс категориясымен қалыптасу категориясы тығыз байланысты, ал болмыс категориясының өзі «әлем» категориясымен өлшенеді.

«Өмірлік әлем» - Э.Гуссерльдің енгізген және өңдеген ұғымы.Бұл сана үшін маңызы бар нәрсе. «Өмірлік әлем» ұғымы тек онтологиялықты мойындап қоймайды, сонымен қатар сананың ішкі онтологиясын есепке алу, оны клиентпен жұмыста шынайы қабылдау міндеттілігін талап етеді.

«Оқиға» - заттық қатысты ұғым емес, экзистенциалды психологиядағы түзету жұмыстарын құру принципі.Оқиғалық принципі құралдық белсенділіктен бас тартуды болжайды және классикалық ғылыми елестер кезеңіне қарағанда күрделі өзара байланысты әлемде әрекет суъектісіне басқа орын береді.



Түзету мақсаттары.Экзистенциалды түзетудің негізгі мақсаты – клиентке өмір мәнін табуға, жеке еркіндікті, жауапкершілікті ұғынуға, толымды қарым-қатынаста тұлға ретінде өз потенциалдарын ашуға көмектеседі.

Психолог позициясы.Психологиялық позицияның негізгі алғышарты - өзіндік өмірлік әлемі, өзінің және шындықтың бейнесі терминінде клиентті түсіну.Психолог негізгі назарды клиент өмірінің ағымды, дәл қазіргі минуттағы сәтіне және оның «қазіргі» уайымдарына аударады.

Экзистенциалды түзету үрдісіне қатысушы психологтың негізгі міндеттері:

- Клиентке өз мәселесін шешуде, өз қызығушылығын толық сипаттауында көмектесуде және оған енуіне бірге әрекеттесуде толықтай қатысу.

- Клиенттің өзі үшін бір нәрсе істеуге қабілетті екеніне көз жеткізуін қалыптастыру және қолдау.

- Клиенттің ауыр және терең уайымдау сәттерінде қолдау көрсету және жанашырлық таныту.

Клиенттен күтілетіндер және талаптар.Экзистенциалды психокоррекциядағы негізгі күштер клиентке өз әлемін шынайы қабылдауға көмектесуге, өзінің саналы және саналы емес таңдауларын және олардың салдарының шынайылығын ұғынуға бағытталады.Сондықтан клиенттің позициясы инсайттың жетістіктерімен шектелмейді, тұлғаның анықталған құндылықтары мен оның потенциалдарының шығатын әрекеттің күтілуі ретінде қалыптасады.Клиент өз-өзіне терең қызығушылыққа жауап беруге қабілетті болуы керек.Кейде бұл қызығушылыққа зиян келуі мүмкін.Сондықтан клиент түзетуді қажет етеді.Клиенттің өз қызығушылығын сипаттауы субъективті уайымдарға зейінін бағыттау арқылы шешімді іздеуде мүмкіндіктерінің шекарасын қозғайды.Іздеу үрдісі өзіне-өзі терең ену, өз денелік сезімдерін, эмоция, ойларын және ашылу күтілімдерін ұғыну арқылы жүзеге асады.

Техникалар

Экзистенциалды түзету үрдісі қабылдаудың жеке құрылымын көрсететін, «мен және сыртқы әлем» құрылымын өзгертетін ішкі өзіндік сананың дамуында болады.Бұл жолда клиенттің қарсыласуы мүмкін, «мен және сыртқы әлем» құрылымын қалыптастырғандықтан, адам өз ішкі потенциалдарына жетуде шектеулі.



Экзистенциалды психокоррекцияда негізгі тұлғалық экзистенциалды мәселелердің міндетін шешу үшін қолданылатын тәсілдер жиынтығы ретіндегі психотехника туралы емес, осы міндеттерді шешудегі тұрғылар қарастырылады:

1 тұрғы - өзіндік сананың дамуына сүйену.Өз мотивтерін ұғыну, құндылықтар жүйесін, мақсат және мәнін таңдау.Клиентке өз шектеулерін, өткенінен потенциалды тәуелсіздігін, қазіргідегі өзінің «мені» мен өмірінің құндылықтарын ұғынуға және қайғыруға мүмкіндік беру – экзистенциалды психологтың негізгі алғышарты мен оған сай қатынасы.

2 тұрғы - жауапкершілік еркіндігін мәдениеттендіру.Бұл шартқа сай психолог тәуелсіздік пен жауапкершіліктен кету тәсілін анықтауға және осы құндылықтарға қатысты тәуекелділікті қабылдауын қолдауға, көмек беруге тырысады.Клиенттің әрдайым таңдауы бар екенін анықтау, жауапкершілікті қабылдаудан өздік бас тартуды ашық мойындауды қолдау, өздік тәуелсіздігін қорғауда жігерлендіру және клиенттің жеке қалаулары мен уайымдарына, қандай да бір өмір жағдаятында жеке таңдауына тоқталу – бұл шартты жүзеге асырудың негізгі алғышарты.

3 тұрғы – мәнді ашуда немесе жасауда көмек.Бұл шартты жүзеге асыруда Ю.Джендлиннің ұсынған мәнге тіркеу техникасы тиімді.Оның мәні қандай да бір әрекет үрдісінде денелік сезімдерге шоғырлану болып табылады.Психолог клиент өмірінің мәнінің неде екенін көрсетпейді, тек клиенттің ашылуына немесе өзбетімен мәнін жасауға жағдай жасайды.Мұнда психолог үшін мән тікелей берілмейді, адамды шығармашылыққа, жасаушы әрекетке еліктіруімен жолшыбай келеді.

4 тұрғы – бірегейлік және ұқсастық.Психокоррекцияның бұл механизмін жүзеге асырудың кілті – клиенттің өз сезімдерін ашық айтуын және сезім мен уайым арасындағыны түсінуді мадақтауда: реактивті, жағдайлық және терең.Бұл алғышартты жүзеге асырудың негізгі сызығы – клиент өзіне тәнін немесе қалайтынын емес, басқамен жақындық немесе жатсынудың жасанды қатынастары емес, ойын, өмір имитациясымен байланыстыны істеген кезде өздік түп нұсқалық «мен» және жасанды емес «менін» ашу.

5 түрғы – үреймен жұмыс. Экзистенциалды психокоррекцияда (басқа бағыттарға қарағанда) міндетті ереже жоқ – клиенттің үрейлену деңгейін төмендету.Үрей болмыс құбылыстарының бірі ретінде қарастырылады, сондықтан психолог үшін клиенттің үреймен қандай амалдармен күресуге тырысатыны; үрейдің қандай қызмет атқаратыны (тұлғаны өсіру және оның тұлғалық болмысын шектеу); клиенттің өз үрейін қабылдауға бейімдеу немесе оны жоюға тырысатындығы қызықты.Үрейдің зерттелуі, көрінуі, қабылдануы, бөлінуі, үрей және оған қарым-қатынасына қатысты клиентке деген сыйластық - экзистенциалды психокоррекция өкілінің психотехникасының компоненттері.
13 дәріс

Тақырып: Логотерапия

жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау