Педагогикалық факультет



жүктеу 1,07 Mb.
бет8/14
Дата01.02.2018
өлшемі1,07 Mb.
#8279
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Дәріс мазмұны


1.Психотерапевт тұлғасы.

2.Тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары.

Қазіргі уақытта психотерапиямен психологиялық салада білім алған адамдар саны өте көп. Бұл адамдар тобы психотерапия курсын өтпесе де өздерін адамдарға көмек тесе алатындай сезінеді. Шынында да бұл кездейсоқ көмектесуі мүмкін, ал кейде жоқ. Сонымен қатар. Қарым-қатынас дағдыларын игерген адамдар да психотерапияны табысты өткізуі мүмкін.

Жақсы психотерапевт тұлғасының қандай болуы керек екенін айту өте қиын 1947ж АҚШ психологиялық комитеті клиникалық психология саласында Жақсы психотерапевт тұлғасына 15 сипаттама берді. Хольт және Луборски бұл сипатамма санын 25 дейін созды. Жақсы психотерапевт деп адамдарға пайдасы бар адамдарды айтамыз. Психотерапия тұлғааралық процесс болғандықтан клиенпен жұмыс кезінде тиімді әдістерді қолдана алу қажет. Ал тұлға аралық қарым-қатынас процесін іштей интуитивті сезетін терапевт алдына үрейлі мәселесімен келіп отырған адамды түсіне алмай, оған деген жауапты өз мойына алмауы мүмкін.

Тұлға аралық қарым-қатынас дағдылары.

Білікті терапевт клиентке ұнамды атмосфера орната алуы қажет.Оны Орлинский психотерапия аффирмациясы деп атады. Яғни терапевт жағымды зейін деген мағына береді.Тиімді терапия кезінде клиент өзіне деген зейін мен қолдауды сезінеді.Тиімді терапияның 3 категориясы психотерапевтпен қабылданған:



  • терапевттің шынайылығы;

  • конфиденциялдылық;

  • эмпатия.

3 дәріс



Тақырып: Психотерапия процесі мен теориялары.

Дәріс мазмұны:

1.Тұлғаның динамикалық теориялары.

2.Психотерапияның стратегиясы және тактикасы.

Тұлғаның динамикалық теориясы адамның мінез-құлқын түсінуде психоаналитикалық бағытта анық байқалады. Психотерапияның теориясы мен практикасында тұлғаның динамикалық теориясының үш элементі маңызды орын алады: бейсаналылық түсінігі, конфликт пен қорғаныс түсінігі және «Меннің» уайымдаушы мен бақылаушы түсінігі.

Бейсаналылық

Адамның өзіне есеп бере алмайтын ойлары мен сезімдері мүмкіндігін түсінігімен байланысты. Сана аймағында жоқ ойлар мен сезімдер үнемі адамның іс-әрекетіне әсер етіп отырады және адам кей іс-әрекеттерінің себептерін білмеуі де мүмкін. Мысалы, ер адам жұмыс бабымен көтеріліп жатқан кезде өзінің қызметтік міндеттерін орындауға деген жауапкершілігі күшейіп кеткеніне өзі таң қалып, әкесінен гөрі мансабының сәтті болуы үшін қорқынышы бар екенін мүлдем сезінбеуі мүмкін.

Бірақ бейсана әсер еткен мінез-құлық әрекеті үнемі жағымсыз нәтиже әкелмейді. Әйел адам өзінің әкесіне ұқсас ер адаммен тұрмыс құрса, онда ол өкінбейтіндей таңдау жасауы әбден мүмкін. Басқа жағынан алып қарағанда адам өзінің санасыз мотивтерімен қаншалықты шешім қабылдаса, психологиялық проблемаларға және бейімделудегі қиындықтарға соншалық кезігуіне тәуекел бар. Адам өзінің сезімдерін түрлі көзқараспен талдай келе қажеттілігіне сай әрекетті таңдайды.

Бейсаналылықты анық және ішкі (скрытое) сипатына бөлу арқылы түсіндіруге болады. Анық мінез әрекеті тікелей бақыланатын болса, ішкі-бақыланатын мінез-құлықтың астарындағы мінез әрекеті. Клиенттің өзінің анық және ішкі әрекетін шектеуі психотерапевтке клиенттің мотиві туралы құнды ақпарат алуға болады. Мысалы: клиент сеансқа кешігіп келсе, ол оны жолдағы кедергілермен түсіндіреді. Мүмкін кедергі болған шығар, бірақ клиент өзінің кешігуінің басқа себебін саналы сезінбейді. Ал оның ішкі мінез көрінісінде психотерапевттің өткен сеанста кешіккені үшін мен ақша төлеуім керек емес деген ашуы болуы мүмкін, бұл бейсаналы ішкі сөзінен білінеді: Егер сізді менің проблемам шынымен ойландырса, сіз кешікпей уақытында келер едіңіз.

Осы мысал көрсеткендей психотерапиядағы өзгерісті бағыттың бірі-санасызды саналы сезіну. Ішкі санасыз ойларды анықтау арқылы психотерапевт клиеттің өзіндік санасын кеңейтуге көмектеседі. Өзіндік санасының кеңеюі клиенттің ішкі ойларын, келіспеушіліктерін, үрейленушілігін бақылауға және өзін конструктивті ұстауға мүмкіндік береді.

Конфликт және қорғаныс механизмі

Конфликт пен қорғаныс механизмі тұлғаның динамикалық теориясында үрейленуден қашуға деген мотив ретінде қарастырылады. Мұнда қоғамның талабына сай емес санасыз тілектері бар адамдар келіспеушілік үрейленушілікті тудырады деп ойлайды. Мысалы: өз анасына жағымсыз сезімі бар, бірақ қызы анасын жақсы көру керек деген парызды есте ұстайтын әйел адам анасының қасында өзін қолайсыз сезінеді.

Үрейлену жағдайы жағымсыз болғандықтан, адамдар қандай әдістермен болса да қорғанып сол сезімді жоюға тырысады. Жоғарыда айтқан мысалды әрі қарай өрбітететін болсақ әйел адам анасымен бірге болғандағы қолайсыздық сезімінен арылу үшін анасымен кездесуден қашады немесе анасын жақсы көретінін, қайырымды екенін көрсетуге тырысады. (реакция қалыптастырады)

Кейде осы қорғаныс үрейленуден болатын келіспеушіліктен арылуға көмектеседі. Бірақ қорғаныс реакциясы симптом формасын алса, үрейлену жағдайына әкелетін дезадаптация болуы мүмкін. Анасына деген жағымсыз сезімін жоюға тырысққан әйел адам анасымен ұзақ қарым-қатынастан болған бас ауруы пайда болады, бұл яғни жоғарыда айтылған реакция қалыптастырудан болған симптон. Бұл келіспеушілік бейсаналы түрде өткенімен персонаж өзімен сондай құбылыстар не үшін болатынын түсінбейді, бірақ сол жағдайды жақсартуға тырысады. Психотерапевттің міндеті – осындай адамдарға өзі қорғанатын ішкі қажеттілігін зерттеп, саналы сезіндіруге көмектесу болып табылады. Психотерапевт адамға конфликт себебін ашып, мінез-құлқын саналы басқаруға, психологиялық жағдайын жақсартуға тырысады.

Өзіндік уайым және өзін-өзі бақылау

Тұлғаның динамикалық теориясында адамды өзінде болып жатқан жағдайларды уайымдауға және өзін-өзі бақылап отыратын қабілеті бар деп қарастырады. Бұл екі қабілет адам бойында көрінгенмен тұлға типіне байланысты біреуімен ғана іс-әрекет жүзеге асады. Біреулерде «уайымдағыш» қабілеті болса онда: олар өзіндік анализбен айналыспай, не сезеді соны сезінеді, не істейді соны іс қылады. Ал кейбіреулер «бақылаушылар» олар: өзінің ішкі тілектерін ойланып, сезімі мен көзқарастарының бұрқ етіп көрінуіне жол бермейді. Өзіндік уайым мен өзі-өзі бақылау жағымды адаптацияға әкелуі мүмкін емес. Нағыз «уайымдағыштарда» импульсивті ойланбаған іс-әрекет, интроспекцияның жеткіліксіздігіне деген тенденциялары болады, нағыз «бақылаушылар» шектен тыс өзін анализдеуге, реакциясы мен іс-әрекетіне келгенде өзін шектеуге бейім.

Психотерапевт клиенттің екі қабілетін де іске қоса білу керек. Өзін-өзі бақылауға бейім клиент психотерапевтпен өз іс-әрекетін жақсы талдайды, бірақ өзімен болып жатқан өмірлік тәжірибенің жаңа көзі болуы мүмкін сезімдерін бұрқ етіп шығаруға қабілетсіз, ал керісінше, «уайымдағыштар» сезімі мен көзқарасын өте жақсы көрсеткенімен уайымының мәнін түсінуге келгенде анализдеу қиынға түседі.

Сәтті психотерапия үшін клиент «Менінде» уайым мен бақылаушы арасындағы шекара қозғалмалы болғаны жөн.Тұлғаның қызмет аспектісі ретінде «Эгоның жарылуы» деп аталады. (ego split) Клиентке ойлануы мен бұрқ еткен сезімін және өзіндік сананы біріктіру қажет. Сонымен қатар психотерапевт көмегімен өзіне сырт көзбен қарап үйренуі керек. Психотерапия – оқу процесіне ұқсас, яғни клиент өзінің жағдайын жақсарту мен қатар өзі туралы жаңа білім алады.

Психотерапияның стратегиясы және тактикасы

Психотерапевттің жұмысы тиімді болу үшін өз қызметінің стратегиясы мен тактикасы туралы білуі керек. Стратегия – психотерапияның негізгі кезеңдеріне қойылатын мақсатқа байланысты, ал тактика – нәтижеге жету үшін пайдаланатын спецификалық әдістерге байланысты. Стратегия мынадай мақсаттарға байланысты болуы мүмкін: клиенттің өз ойын еркін білдіруге деген қабілеті; бейімделе алмауының негізгі себептерін саналы сезінуі; ойлау мен эмоционалды жауап қайтаруының жаңа әдістерін ашуы. Тактикаға терапевт не айтады, не істейтіні кіреді, соның ішінде: өзекті стратегиялық мақсаттың нәтижесі үшін қойылған сұрақтар, қорытынды ескертулер, мимика, пантомимика.

Психотерапевт стратегия мен тактиканы қай кезеңде болса да неге қол жеткізетінін білу үшін өте маңызды. Тактикасыз стратегия, стратегиясыз тактика болуы мүмкін емес. Егер психотерапевт нақты мақсат арқылы клиентке көмектескісі келсе, бірақ қабілеті жетпесе – бұл тактикасыз стратегия, ал егер терапевт алдына еш мақсат қоймай, жақсы сөздер таба алса терапияның болашағы жоқ яғни стратегиясыз такт.

Психотерапия үрдісі

Психотерапия әр түрлі адамдармен түрлі жағдайда өтсе де бәрінде бірдей даму стадиясы міндетті түрде болады.

Психотерапия клиенттің психотерапевтке жолыққан кезінен, мақсатқа бағытталған сұрақтарды шешуінен басталады. Психотерапиялық қарым-қатынастың бастапқы фазасы:

1) клиентің өзіндегі және өз өміріндегі қандай жағдайды өзгерткісі келетінін диагностикалау;

2) қажеттілігін бағалау, клиенттің мотивтері, емдеу курсы барысындағы клиенттердің мүмкіндіктері;

3) егер психотерапия керек болатын болса психотерапиялық контракт жасау;



Психотерапиялық контракт – терапия үрдісіндегі өзараәрекет, клиент пен терапевт арасындағы нақты мақсатты шешу, кездесуді ұйымдастыру туралы келісім.

Осы кезеңнен кейін психотерапияның орталық фазасы басталады. Бұл негізгі жұмыстың атқарылатын фазасы, яғни клиент ойларын анық айтып жеткізуі, психотерапевттің клиенттің ойын дұрыс түсінгені туралы ой талқылауы.

Осы фазада клиент психотерапевттің тыңдауына және түсінгенін талқылауына қарсылық көрсетеді. Қарсылық көрсетудің бірнеше көздері бар: клиенттің ролін орындаудағы немесе өзгеруге деген ішкі барьер (психотерапиялық әсерге қарсылық көрсету), тұлға стилінің сәйкессіздігі (мінез-құлықтың қарсылық көрсетуі), проблемаға байланысты жағымсыз сезімдер (мәніне қарсылық көрсету), психотерапевтке деген ішкі сезімі (ауысыммен байланысты қарсылық көрсету). Бұл арадағы қарым-қатынасты қиындатады, бірақ клиенттің ішкі үрейін ашуға көмектеседі.

Психотерапевке деген қарым-қатынасындағы ауысым – қарым-қатынасты қиындататын күрделі жайттің бірі. Егер клиент психотерапевтке жағымсыз сезімде болса, ал басқа жағынан көмек пен түсінуге деген қажеттілікті ғана емес, сонымен қатар махаббат пен қолдауды қажет етсе психотерапия тиімді болмайды.

Терапия барысында да психотерапевтке деген жағымсыз қатынас туындауы мүмкін. Ол екі жағдайда қарастырылады: біріншісі, махаббат пен қолдау көрсетпеген психотерапевт клиентті фрустрацияға жеткізсе, екінші жағынан, терапия кезінде өзіне маңызды адамдарға жағымсыз сезімдер пайда болады да осы сезімдер психотерапевтке бағытталады немесе ауысады.

Орталық фазада өзараәрекетті қиындататын тағы бір фактор – психотерапевт бекітілімдері. Барлық мамандарда клиентке дегенде жалтақтау болады, кейде ол соңғы мінез-құлықтары мен сөздеріне негізделген, ал кейде өз өмірінің жағдайына негізделген.

Осы кезде психотерпевт кері ауысым реакциясын бақылап саналы сезінуі керек болады. Егер психотерапевт өзін жақсы білетін болса, оның реакциясын психотерапияда қолдануға болады.

Нәтиже, қарсылық көрсету, ауысым және кері ауысым – орталық фазаның негізгілері. Мақсатқа жеткеннен кейін қорытынды аяқтаушы кезең басталады. Аяқтау психотерапиялық жұмыстың анализінен, қорытынды шығарудан және клиентпен өмірлік бастауы мен тұлғалық қалыптасуындағы болашағы жайлы әңгімелесуден тұрады.


4 дәріс

Тақырып: К.Юнгтің аналитикалық теориясы

  1. Юнгтің псиоаналитикалық теориясының концепциялары мен принциптері

  2. Архетиптер

  3. Ұжымдық бейсаналылық

К.Юнг З.Фрейдтің шәкірті ретінде аналитикалық психологияның негізін салушы. Халықаралық психологиялық ассоциацияның периденті. Бірінші рет психология, психотерпия, философияға ұжымдық бейсаналық ұғымын енгізген. К.Юнгтің ойынша жеке бейсналық өмір сүру барысында ұжымдық бейсаналықтың ішінде тіршілік етеді. Адамдардың психикасы соның ішінде бейсаналық құрылымы әлемдік ұжымдық жағдайларға бағынады. Юнг архетип ұғымын енгізді. Ежелгі Грецияда бұл ұғымды Аристотель, Платон қолданған, бірақ оған кең түсінік берген Юнг. Юнг бойынша архетип дегеніміз - әртүрлі мейірімділік пен зұлымдық күштерін бейнелейтін әке, ана, батыр, қоғам жөніндегі ой елестерінің жалпы формалары. Әртүрлі елдерде, халықтарда айырмашылығы болады, алты түрлі архетипті бөліп көрсетеді. Персона, Эго, Көлеңке, Анима, Анимус, Самость (өздік). Персона термині сыртқы әлемге қатысты өзін-өзі қабылдау, өз мінез-құлқын реттеу, өзін - өзі көрсету. Бұл басқа адамдар арасында әртүрлі орындарда, әртүрлі жағдайларда адамның өзін-өзі ұстауы. Бұл қандай мінез-құлықты басқа адамдарға көрсеткісі келетін жағдай (өзімізді өзгеге қалай қабылдатуымыз). Эго – сана орталығы, мақсаттар мен объективті жағдайларға байланысты мінез-құлықты логикалық, мақсатты бағытталған түрде бақылауы, бағыттауы. Көлеңке – орталық, бірақ жеке бейсаналы құрылым, санадан ығыстырылған жағдайлар, тілектер, елестер, қайғырулар. Индивидум бұл әрекеттерді қоғамдық стандарттар мен идеологияларға сәйкес келмейді деп жоққа шығарған. Анима, Анимус – «нағыз әйел» (анима), «нағыз ер адам» (анимус) бейнелеріне сәйкес келетін саналыдан санасыз әрекетке өткен халық үшін маңызды архетиптер. Белгілі бір халықтардағы, ұлттардағы әйел адам мен ер адамнан күтілетін мінез-құлықтар. Самость – бейсаналы, саналы әрекеттердің тоғысатын жері, таразы секілді, қоғамда қабылдабайтын инстинкті көрінулер мен биологиялық қажеттіліктерді әлеуметтік нормаға сәйкес реттеп отырады. Егер самость өз қызметін дұрыс атқармаса түрлі ішкі конфликтілер, невроз, жүйке жүйесінің бұзылыстары, комплекстер, күрделі психологиялық бұзылыстар пайда болады.
5 дәріс

Тақырып: Адлердің индивидуальды психологиясы

Дәріс мазмұны:

1.Адлер теориясындағы негізгі ұғымдар

2.Толымсыздық сезімі мен бірінші болуға ұмтылушылық

3. Балалардың дүниеге келу реті бойынша талдау


Адлердің негізгі идеялары мен принциптері:

    • тұтастық принципі (холизм ағ. аударғанда тұстастық );

    • өмірдің жеке стилінің бірлігі

    • әлеуметтік қызығушылық, әлеуметтік сезім

    • мақсатқа жетуге мінез-құлықтың бағытталуы

Адлердің З.Фрейдтен айырмашылығы – адамның ойлауы мен эмоционалды күйіне, мінез-құлқына, бұрынғы өміріне қарағанда (бұрынғы өмірлік тәжірибесі, ерте балалық шағы), болашағы әсер етеді (мақсаты, өмірлік күтулері, т.б.). адамның мінез-құлқына, ойына, сезіміне тікелей және жанама әсер ететін негізгі мотивтер бар: ашық не жасырын түрде бірінші болуға ұмтылу, басқа адамдардан ерекше болу, өмірлік кеңістікті жаулап алу, т.б. Мұндай әрекеттер көп адамдардың қолынан келмеуі мүмкін, оның жүзеге аспауы невроздар мен көптеген психологиялық проблемаларды туындатады. Адлер психология мен психотерапияға толымсыздық комплексі терминін енгізді. Бұл адамның толымсыз жақтарын мақсатқа жетудегі күшті энергиямен толтыруы. Толымсыз себептері балалық шақтан басталады: бойдың аласа болуы, денелік не ақыл-ой жағынан құрдастарынан қалыс қалу, сырт келбетіндегі шын не ойдан шығарылған келбетсіздік, әлеуметтік толымсыздық т.б. Адлердің жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі – холизм, яғни бұл адамның әрекеттері мен ойлары, сезімдерін бір-бірімен байланыссыз, тәуелсіз болса да ішкі (туғаннан п.б.) биологиялық нышандар және сыртқы (әлеуметтік, қоғамдық, жанұялық) факторлардың әсерлерінің тұтас жүйе ретінде қабылдануы.
6 дәріс

Тақырып: Невроз бен фрустрация психотерпевт жұмысының объектісі ретінде

Дәріс мазмұны:

1.Невроз және фрустрация мәселелері

2.Емдеу жолдары

Психотерпевт – практик психолог, кеңес беруші, жоғары білікті әлеуметтік жұмысшы, неврозбен ауыратын клиенттермен жұмыс жасайды. Невроз – фрустрация нәтижесінде пайда болады. Сондықтан психотерпияны ұғыну үшін осы түсініктерді игеруі қажет (фрустрация – жоспардың бұзылуы, үміттің үзілуі). Бұл – адамның күшті қанағаттанбаушылық сезімі. Арман, мақсат, тілектердің кедергіге ұшырап, жүзеге аспуы. Фрустрацияға психикалық қысылыспен байланысты депрессиялық күй тән. Күшті фрустрация психо-физиологогиялық процестерді тежейді. Адамның барлық процестеріне әсер етеді, танымдық, эмоционалдық әсер етеді. Адамның ішкі дүниесін бұзып, басқа адмагершілік, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа кедергі келтіреді. Осы жағдайда психотерапевттердің көмегі қажет. Психотерапевттер клиентке фрустрация туындатып тұрған кедергінің қайсысы қиын екенін, ал кейбір жағдайда мүлде кедергі еместігін түсіндіре білуі қажет.

Невроз - фрустрация тудыратын кедергілер, клиент үшін өте қиын жағдай болып есептелгенде туындайды. Мұндай кедергілер клиенттің жүйкеелік – психикалық күйін және мінез-құлық реакцияларын тудырады. Клиенттің күрескісі келгенімен өздігінен жеңе алмауы мүмкін. Клиенттің жүйкелік мінез құлқы мен күйі қалыпты жағдайда циклойдтығымен рационалды еместігімен, жүйке жүйесі мен күшін босқа құртуымен ерекшеленеді. Невроз мінез құлық стратегиясының дұрыс қабылданбауы, егер ол қайталана беретін болса, невроастенияға ұласуы мүмкін. Ең бастысы өз мінез-құлқын танып, кедергілер болса, құтылуға ұмтылу. Психотерапияның барлық классикалық бағыттары бір-біріне ұқсас, мәселелер мен кедергілердің кездесуі және соларды шешуге тырысуы.
7 дәріс

Тақырып: Психотерапияның әсер ету әдістері

Дәріс мазмұны:

1.Психотерапияның әсер ету әдістері

2.Ойын психотерапиясына жалпы сипаттама

Психотерапиядағы әсер ету әдістерінің түрлері:



  1. Музыкатерапия

  2. Логотерапия

  3. Библиотерапия

  4. Гештальттерапия

  5. Арттерапия

  6. Имаготерапия

  7. Натурпсихотерапия

  8. Ойын терапия

  9. Ертегі терапия

Музыкотерапия - бұл әдіс тиімді әдістердің бірі б.т. Музыкаәуендерін тыңдай отырып клиентке өз әсерін тигізеді. Бұл әдістің тиімді жағымен бірге тиімсіз жағы да кездеседі.Яғни клиенттің үрейленуін жоғарлатуы немесе шаршатуы, ашуландыруы мүмкін.

Музыкалық шығармаларды дұрыс таңдайбілу керек . Мысалы:



  1. Бахтың сонато соль минор Рахманин шығармаларын 1-ші концертінің 1-ші бөлімі,

  2. Чайковский жыл мезгілдері.

  3. Моцарт Симфониясын, Шопен Вальс №2 т.б. пайдалануға болады.

Библиотерапия –бұл сырқат адамдардың кітап оқу көмегімен оның психикасы әсер ету арқылы ,емдеу б.т. Бұл әдісті жекелей немесе топтыңтүрде жүргізуге болады . Психотерапевт әдебиеттер тізімін өзі жинақтап ,оны клиенттің мәселесіне сәйкес әдебиеттер ұсынады.

Имаготерапия- имого латын сөзіненалғанда образ деген мағынаны білдіреді. Мұны терапия мақсатында ойын бейнелерін көрсету арқылы жүргізеді.Адамның өзі динамикалық бейне құрастырады. Нақты бір әдісті түрлі жағдайда пайданалады. Мысалы: әдеби шығармаларды қайталап айту, шығармалар мазмұны алдын –ала әзірленген диалогтың жауап арқылы айту, алдын ала тапсырылған ситуациялық жағдайларды сахналау, драматизациялау, спекткльдерге қатысу, образдық бейнелер қою. Көбінесе имаготерапияда психотерапевт ассистенті ерекше роль атқарады . Имаготерапияның негізгі мақсаты мен міндеті:

  1. Қолайсыз жағдайға ұшыраған клиентке жағдай жасай отырып, оның «мен» деген бейнесін дамыту .

  2. Адамның эмоционалдық байлығын байыту және нығайту, оның коммуникативтік жағдайын қалыптастыру .

  3. Клиенттің өзінің мен деген жаңа ресурсын меңгеру бойынша шығармашылық қабілеттілігін дамыту.

  4. Өзін- өзі реттей білуін дамыту, өмір тәжірибесін бағдарлай білуін іске асыру қабілеттілігіне жаттықтыру.

  5. Клиент өмірін байыту .

Арттерапия -өнер терапия.Бұл қолданбалы өнер түрінде жиі қолданылады. Арттерапия сабақтары 2 түрлі вариантнегізінде жүзеге асады :

  1. Белгілі тақырып бойынша тапсырмаларды орындау .

  2. Ерікті тақырып бойынша жұмыстану. Мұнда клиент өзі тақырыпты таңдайды. Еркін түрде тоқтаған тақырыбына сәйкес құралдарды материалдарды іріктейді.

Сабақ сонында тақырыпты талқылау орындау икемділігі және т.б. қамтылады. Психотерапевт жұмысында арттерапия арқылы клиенттің ішкі жан дүниесіне әсер ете отырып оның белсенді жағдайда сабаққа қатысуына ықпал етеді әрі клиенттің қызығушылығыныңпайда болуына нәтижелі шығуына қуануына және өздігінен дербес жағдайда өзіндік шығармашылық дамуына жол ашады . Бұл әдістік бірнеше варианттары бар:

  1. Емдеуге арналған өнер шығармалары арқылы талдау, клиентпен интерпритациясын шығару .

  2. Пациентті өзіндік шығармашылық бағытқа қарай ұмтылуына әрекет ету .

  3. Өнер шығармаларын және өзіндік туынды шығармаларды қолдану .

  4. Психотерапевт тарапынан шығармашылық көрсету –мұнда мүсіндеу ,суретжәне басқаларын клиентпен бірлесе отырып бағытталады .

Натурпсихотерапия немесе табиғаттың әсер ету .Кейде мұны ландшафттерапия депте атайды . Табиғат арқылы табиғаттың әдемлігін сезіну сырқат адамның ішкі жан дүниесіндегі кездесетін мәселелерді арылтуға көмектеседі .

Логотерапия немесе сөйлесу психотерапия . Писхолог клиентпен арқылы оның эмоциялық жағдайын реттеуге көмек етеді .Осының барысында клиент қиын мәселеден шығуға ,өзінің жеке тұлғалық жағынан қайта құрылуға мүмкіндік болады.Мұнда өзін сыйлау денгейі көтеріледі.
8 дәріс

Тақырып: Ойын туралы түсінік

Дәріс мазмұны:

1.Ойынның мақсаты мен мәні

2.Ойынның құрылымы және оның сипаты
9 дәріс

Тақырып: Топтық психотерапия


жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау