мы – қайталанбас дара алып дүние ретінде
ерекшеленеді. Еш сылақсыз əр түрлі тастардан
қаланған тас қорғандар үлкенді – кішілі,
кейбіреулері бөлек-бөлек тұрса, кейбіреулері
ширатылып 5-6-сы бір қоршалған. Бұл жерде
қырғын соғыс құрбандары жерленген деуге
дəлелдер – қатар-қатар тастардан қаланған
бейіттердегі рулар таңбалары. Тас қорғандар-
дың сыртынан көз жіберсеңіз, туған өлке
тарихының өшпейтін бір парағы осы жерде
ашылмай жатқандай.
Он жасынан əділ би атанған атақты Жаныс
Сығайұлын халық жақсы біледі. Жаныс би тамы
– Ырғыз өңіріндегі ерекше сəулет өнерінің бірі.
Қабырғасы күйген кірпіштен төртбұрышталып
қаланып, жоғары күмбезге дейін дөңгелене
өрілген. Іргесінен бастап, төбесіне дейін жеті
с а т ы л а п , ж е т і т ү р л і ө н е р л і қ а л а у м е н
жүргізілген. Ішкі қабырғасына өру арқылы
əртүрлі өрнек салынған жəне төртбұрыш тақта
сияқтыларға дөңгелек гүл тəрізді өрнектің
қайталанып бүкіл шеңберге берілуі керемет
үйлесімін тапқан. Ішкі қабырғасы майда шөп
қосылып сазбен сыланған. Сылақтың тегістігі
сондай, сипап қарағанда бір бұдыр сезілмейді.
Жаныс тамы бұл өңірдегі аумағы үлкен күрделі
құрылыс.
Осындай сəулет өнерінің тағы бір қайта-
ланбас түрі – Тоқсанбай тамы. Тамның көлемі –
12 қанат киіз үйге ұқсаған жəне бірыңғай қам
кесектен іргесі жерден қаланып, керегеше
дөңгеленіп, əрі қарай уықша иіліп, шаңырақпен
жалғасып біткен. Шеңбер кереге сыртынан үш
жағынан мықты тіреу ретінде қосымша қалан-
ған тамның қабырғасымен қоса шыққан.
Ерекшелігі – кірпішінің түсі – ақ, бір ағашсыз, бір
темірсіз шеңбер қабырғадан иіліп, қалау
арқылы шешілген. Ақ кірпіштер сол тұрған
жердегі ақ топырақтан дайындалған.
Байғабыл тамы да ұлттық сəулет өнерінің
мəнерін сақтаған, ұқыптылық пен шеберлікті
байқататын құрылыстардың бірі. Аумағы 10-12
қанат киіз үй көлеміндей қам кірпіштен салы-
нып, сырты күйдіріліген қызыл кірпішпен
қапталған. Бұрынғы қалпын көзбен көргендер
ішкі өнерін толғанбай айта алмайды. Ішкі
жағындағы əр түрлі бедерлер, дөңгелене
созылып, басқұрға ұқсап, қабырғаны түгел
қамтиды. Қиық-ойықшалар кірпіш қалау
арқылы шығарылғандықтан ерекше сəн беріп
тұр. Осындай өнерлеп қалау жұмыстарын
Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мен Арыстан
Баптың атақты мавзолейлерінен көруге
болады.
Ырғыздан 25 шақырым жердегі Алмат тамы
– Орта Азия елдерінде сирек кездесетін алты
күмбезді аса қадірлі ұлттық қазынаның бірегейі,
Бұхара, Хиуа, Сыр өнерінің жалғасы секілді. Ол
ертедегі гректер мен римдіктердің əулеттік
пантеондық тəрізді көп бөлікті жер асты
тəсілімен салынған. Салыну уақыты шамамен
1890-жылдар. Ғимараттың жер асты қабірлері
орналасқан кеңістік күйген кірпіштен өрілген.
Ал жердің бетіндегі биіктігі 20 метрден асатын
жағы қыш кірпішпен өрілген. Қалың қабырға-
ның іші-сырты 11 түрлі күйген кірпішпен
қапталған.
Біздің өлкемізде əйелдер мен қыздарға
байланысты жер, су атаулары əулие қыздар
кесенелері мен қабірлері баршылық. Тас қала
«Мəні қорымы», «Бөбене қабірі», «Мамыр қыз»
кесенесі, «Көкқатын тамы» т.б. Əр тас қорымда
өзіндік ерекше қасиеті мен ержүректілік, үлкен
айбат пен тəкаппарлық тұнып тұрған құпия
сырын мойындайсыз. Осындай халқы қадірле-
ген ару-қыз, əйел-аналар, сонау Томирис
заманынан келе жатқан дəстүр екен.
Бұл күнде мыңдаған қазба, жүздеген
сəулеттік т.б. ескерткіштерді қанша білеміз
десек те, əлі білмейтініміз көп. Құлап, бүлініп
кеткендерді айтпағанның өзінде, күнде көріп
жүрген ескерткіштерге əлі мəн бермей
жүргенімізді мойындайық. Мысалы, бұрын əрбір
уезде 30-дан астам ірілі-уақты мешіт болған.
Олардың көпшілігі жаппай қиратылды, жоқ етіп
жіберуге əліміз келмеген мешіттер күні бүгінге
дейін жетті. Ырғыз уезінің бұрынғы жер көлемі
мен халқы туралы деректерге сүйенсек, ХІХ
ғасырдың аяғында қырық шақты мешіт үйлері
балаларға дəріс берген екен. Ырғыздың өзінде
2 мешіт жəне 1 шіркеу үйі болған. Діни аса
білімді Дамолда сияқты жандар мешітті ұстап,
имандылық жолында адал еңбек етіпті. Кейін
заман саясатына орай, мешіттер бұзылып
тасталған. Қазірде мешіттердің бірнешеуінің
ғана тозған жұрнағы бар. Солардың бірі -
асылдың өзі - Исатай, Дүйсенбі мешіттері.
Қалғандары тек қираған күйі төмпешік болып
қалуда.
Ырғыздағы татар мешіті үйін, кітапхана үйі
болып беріге дейін пайдаланып келген, қазір
онда «Зерде» үйі орналасқан. Тəуіптегі Исатай
мешіті ХХ ғасырдың басында халықтың қаржы-
сымен тұрғызылған, əлі күнге дейін сақталып
тұрған сəулет өнерінің бірі. Конус тəрізді
мұнарасы қызыл кірпіштен өріліп шығарылған.
Мұнара басына кірпіштен өрілген айналма
баспалдақ алып шығады. Осындай сəулет
өнерінің бірі – Дүйсенбі мешіті. Төртбұрыш
тəрізді солтүстік-шығыс бетінде 8 қырлы сүйрік
мұнарасы бар, қабырғасы күйдірілген қызыл
кірпіштен қаланған. Қабырғаға терезелер жəне
ойық бедерлер орналасқан. Мешіт құрылысы-
ның сəулетінде Еділ бойы халықтарына тəн
белгілер аңғарылады. Бұл мешіттер ауыл
адамдарына, балаларға діни сауат берген,
18
www.aktobe-orleu.kz
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛЫ
äàìó
äàìó