56
www.aktobe-orleu.kz
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛЫ
äàìó
äàìó
САРМУРЗИН Е.М.,
Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық орта мектебінің АƏД пəні мұғалімі
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:
«Қазақстанның отаншылдық сезімін тəрбиелеу
білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен
жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда
барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады.
Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын
сүюге тəрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса
жауапты да қадірменді парызы» - деген еді. Əр
дəуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке
тəрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең
алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік»,
«патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқа-
ты – наным – сенімінен туындайды. Еліміз
егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тəрбиесінің
темірқазығы –қазақстандық патриотизм болды.
«Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің
тəуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып,
еліміздегі саяси-əлеуметтік ахуалдың ерек-
шелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар
мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан
олардың көпшілігінің туған отаны жəне бұдан
былай да мəңгі тұрақтап қалар мекені болмақ.
Сондықтан олардың əрқайсысы Қазақстанды
ата-жұртым деп танып, оның тəуелсіздігін
қорғауға жəне материалдық байлығын арттыру-
ға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық
патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі
қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.
Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер
болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын
тəрбиелеумен тығыз байланысты.
Қазақстандық патриотизм – Отан-анаға
деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге
көрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-
парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен
мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін,
əдет-ғұрпын, салт-дəстүрін құрметтей білу де
осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе
керек.
Отаншылдық сезім – адамға туа біткен
қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен
қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси-
əлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы
адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен
мəдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке
қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап
ПАТРИОТТЫҚ
ТƏРБИЕ
57
Тəрбие тағылымы/ Вопросы воспитания
2(6) 2018
Advising Applicants
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et
augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet
nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et
augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet
nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum.
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып
табылады. Осыған орай Н.Ə.Назарбаев, -
патриотизмді «əр этностың ұлттық сезімін
сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық
туғызбау»- деп белгілеген.
Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ
патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде
пікірталас жүріп келді. Одан, «ұлттық патрио-
тизм», «қазақстандық патриотизм» - деген екі
ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ, өсіп келе
жатқан жас буындарды отаншылдыққа тəрбие-
леуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн;
олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-
тұжырымдар жүйесінен тұрады; бұдан былайғы
кезде жастарды патриотизмге бұрыннан
қалыптасқан əдіс-тəсілдері, формалары мен
мазмұнын қолдануға бола ма? - деген сияқты
көптеген проблемалар туындап отыр.
Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып
отырған қоғамда, балалар мен жастардың
тағдыры өздеріне, отбасының материалдық
ахуалына байланысты болып отырған жағдайда
патриотизмнің маңызын айқындау басты
мəселелердің бірі екені даусыз.
Біздің пікірімізше, өсіп келе жатқан жас
буындардың бойында қазақстандық патрио-
тизм сезімін қалыптастыру үшін: əр ұлттар мен
ұлыстар тек өз мəдениетін ғана танып білуі
жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып
біліп, құрметтеуі тиіс. Мектеп оқушылары қазақ
халқының тарихы мен мəдениетін, өз болмы-
сында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында
патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі
пəндерінің алатын орны ерекше. Отанын
сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны
қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды,
Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын-
жыраулардың, билердің татулыққа, адам-
гершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырла-
ры, шешендік сөздері бастауыш сынып оқушы-
ларының бойында патриоттық сезімді қалып-
тастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің
объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның
мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықта-
ры, тіл, дəстүр, тарихи ескерткіштер, туған
өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам
көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық
сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар
көзіне айналуы патриотизмге тəрбиелеудің
арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге
өзінен-өзі келмейтін баланың бойында
біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл
сезім əркімде əр кезеңде оянып, кейін кəмелет-
ке келгенде біржола буыны қатып, тəжірибе-
мен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның
ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп,
жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат
құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыс-
тар əсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім
тұлғада тəрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық
сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке
адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі
керек. Мектеп оқушыларын патриотизмге
тəрбиелеу мəселелерін зерттеген: С.Ешімхано-
ва, Е.Жұматаева, А.К.Ахметов, Д.С.Құсайынова,
т.б. ғылыми-педагогикалық, психологиялық,
мектептегі іс-тəжірибелерін зерттеп бақылау
нəтижесінде мектеп оқушыларын патриотизмге
тəрбиелеудің бағыттары төмендегідей мəселе-
лерді көздейді: педагогикалық практикадағы
мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас
түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің
жүйесін жасау; əртүрлі пəндерді оқытуда жəне
тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек
болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас
буынды патриотизмге тəрбиелеудің теориясы
мен практикасына қатысты қазақстандық,
ұлттық тəжірибелермен қоса шетелдік жаңа
идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану
жолдарына көмектесуі керек.
Мектеп оқушыларын патриотизмге тəрбие-
леу мəселелерін зерттеген ғалымдардың
еңбектерінің қорытындылары мен тікелей
мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-
тəжірибелерінің нəтижелеріне сүйене отырып,
біз мектепте патриотизмге тəрбилеу – оқушы-
лардың нақты іс-əрекеті, мінез-құлқын ұйым-
дастыру, оған бағыт беруді негізге алу керек
деп ұйғардық. Патриотизмге тəрбиелеу
үрдісінің танымдық мəнін естен шығаруға
болмайды, бірақ ол əрбір оқушыда патриоттық
сана, патриоттық сезім қалыптастырудан
бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Сондықтан
оқытушылар өз қызметінде біріншіден терең
патриотизм – Отанға, Қазақстанға, өз халқына
деген сүйіспешілік; екіншіден – халықтар
достығы идеясын ұстану жəне насихаттау.
Адамгершілікті, өркениетті патриотизм қашан
да халықтар достығының идеясымен, тəжіри-
бесімен үндесіп жатуы тиіс.
Осы бағытта Қарақұдық орта мектебі
көптеген іс шаралар жүргізілуде.
Демек патриотизм – қоғамдық сананың бір
формасы, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа
мазмұнмен толыға түседі.
«Қоғамда Қазақстан – біздің Отанымыз,
бұл ұғымға өте көп нəрсе кіреді деген қарапа-
йым ойды қалыптастыру керек» - деген Елбасы
Н.Ə.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған
пікір екенін əрқайсымыз жақсы түсінуіміз қажет.