Педагогикалық äàìó Republican information and pedagogical magazine



жүктеу 54,7 Mb.
Pdf просмотр
бет30/33
Дата29.01.2020
өлшемі54,7 Mb.
#27603
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

54

www.aktobe-orleu.kz



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

АҚПАРАТТЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛЫ

äàìó


äàìó

ұстамды,  төзімді,  кешірімді  жалпыадамзат-

тық  құндылықтарды:  ақиқат,  дұрыс-əрекет, 

сүйіспеншілік,  тыныштық  қиянат  жасамау 

құндылығын өз бойында дамытып ұрпақ тəрбие-

сінде  қолданыбілсе  рухани  тəрбиенің  негізгі 

шарты  болып  табылады.  Міне  ,  мұғалімнің  осы 

қасиеті туралы, «Мектепке алты жастан» деген 

еңбегінде  Ш.А.Амонашвили  дəл  басып  айтқан: 

«Мұғалімнің  біріншіден,  балалар  арасында  өз 

беделін  сақтап,  нығайтып,  екіншіден  оны  əр 

оқушыны  адам  етіп  қалыптастыруға  игі  ықпал 

етуге    пайдалану  үшін  оның  маңызы  өте  зор. 

Жақсы  көрген  мұғалімнің  пікірі,  бағасы,  оқушы 

үшін  адамдарға,  олардың  ісіне  қарым-қатынас 

жасаудың  нұсқасы  болып  табылады.  Сүйікті 

ұстаз-оқушының өмірге қарайтын мөлдір де, таза 

əйнегі».  Өз  бойында  рухани  құндылығы  мол 

мұғалім өз бойындағы барлық жақсы қасиетерін 

ақылмен, дарынымен, өз қабілеті, шеберлігімен 

ішкі  нұрын,  жүрек  жылуын  айналасындағы 

шəкірттеріне үлестіреді.

Елімізде  рухани-адамгершілік  тəрбиені 

жетілдіру  мемлекеттік  міндет  деңгейінде 

көтеріліп  отыр.  Бұл  міндеттің  практикалық 

шешімі  - «Өзін – өзі тану» пəнінің енгізілуі, оның 

авторы Сара Алпысқызы Назарбаева. Өзін – өзі 

тану пəнінің басты міндеті- өзінің дүниетанымы-

на  үңілу,  өзіңді  сүю  мен  сыйлай  білу,  өз  ісіне 

жауапты болу, өз арыңмен келісімде өмір сүру, 

өзіңнің жанына жақын іспен айналысу, адамдар-

ға мейірімділік таныта білу, ізгілікті болу. Тəжіри-

бе  көрсеткендей,  өзін-  өзі  тану  білім  берудің 

құнды мəнін нығайта отырып, тұлғаның риясыз 

сүю, өз ісіне жəне жеке күшіне сену, ізгілікті іс 

жасау, көп білу жəне өзін –өзі жетілдіру, физика-

лық,  психикалық,  рухани  дамуда  үйлесімдікке 

қол  жеткізу  дағдыларын  қалыптастырады.  Бұл 

пəн  балалардың  өзара  қарым  –  қатынасын 

дамытуына ғана емес, сондай –ақ баланың өзін – 

өзі тануына адамгершілік негіздерін жинақтауы-

на,  сана-  сезімінің  қалыптасуына,  қоршаған 

ортамен  махаббат,  ізглік  жəне  өзара  түсіністік 

негізінде өзара қарым – қатынас құра білуіне, бір 

тұтас тұлғаның қалптасуына əсер етеді.

«Балалар  Жаратқанның  жер  бетіне  жібе-

рілген  ең  ғажайып  құбылысы.  Сол  үшін  біз, 

үлкендер,  балаларға  ерекше  құрметпен  қарап, 

айрықша  қамқорлық  жасауымыз  керек»,-дейді 

Сара Алпысқызы. 

К.Д.  Ушинский:  «Тəрбиелеудің  басты 

міндетін  адамгершілік  əсер  етуден  құрайды»,- 

десе, дана Абай: «Ақпейіл жəне ықыласты жүрек 

адамды  жетелеуі  тиісті,сонда  ғана  оның  еңбегі 

жəне  табыстылығы  ерекше  мəнге  ие  болады. 

Адам болып дүниеге келу жеңіл, бірақ адам болу 

қиын»,- деген болатын. Тəрбиенің маңыздылығы 

сондай,  біздің  болашақ    ұрпағымыз  тəрбиеден 

ғана  рухани байлық алып, тəрбие арқылы  ғана  

Адам болып қалыптасады.         «Ұрпақ тағдыры-

ұлт тағдыры». Ұлттың болашағы-білімді, талант-

ты,    адамгершілік  асыл  қасиеттерді  бойына 

сіңірген  тəрбиелі  ұрпақтың  қолында.  Ал  сол 

тəрбиені  бала  бойына  нəр  беріп  сусындату 

мұғалім мен отбасының тəрбиесі болары сөзсіз. 

Рухы  күшті  ұлт  озады  демекші,  осы  тұрғыдан 

алғанда  жас  ұрпақтың  рухани  мəдениетін 

арттырып, көркемдік əлемін байытуда, дүниета-

нымын  қалыптастыруда  жалпыадамзаттық 

құндылықтар  негізінде  рухани-адамгершілік, 

танымдылық  білім  беру  бағытында  рухани 

тəрбиенің  орны  ерекше.  Рухани-адамгершілік 

білім берудегі дұрыс əрекетке үйретудің мақсаты 

–рухани-адамгершілік құндылықтарға бағыттал-

ған,  ойы,  сөзі  мен  ісі  бір  жерден  шығатын, 

жетілген  мінезі  бар  адамды  қалыптастыру.  

Оқушылардың  бойларына  рухани  адамгершілік 

қасиеттерін дұрыс əрекет арқылы  сіңіре білуіміз 

қажет.  Рухани-адамгершілік  сана-сезімі  оянған 

адам  ғана  мəңгі  құндылықтарды  уақытша 

құндылықтардан,  шынайылылықты  жалғандық-

тан  ажыратып,  бақытты  болып,  өзгелерді 

бақытты етеді.   Рухани – адамгершілік тəрбиесі 

оқушыларды  ғана  емес,  барша  адамдарды  да 

тəрбиелейтініне  бүгін  көзіміз  жетіп  отыр  деп 

түсінемін.  Себебі,  осы  рухани  -адамгершілікке 

тəрбиелей  отырып  мұғалімнің  де  өмірге  көзқа-

расы өзгереді. Демек, балалармен қоса өздеріміз 

де  тəрбиеленіп  жатырмыз.Абай  атамыз  айтқан 

«ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл,  жылы  жүректі» 

жеке  тұлғаны  тəрбиелей  отырып  болашаққа 

деген  сеніміміз  мол.  Рухани-адамгершілік 

тəрбиесінде  алдымен  баланы  тек  жақсылыққа-

қайырымдылық,  мейірімділік,  ізгілікке  тəрбие-

леп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да 

болашағы  зор  болмақ.  «Мен  үш  қасиеттімді 

мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған 

айтпадым, жақсылықты сатпадым һəм ешкімнен 

ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет əркімнің 

өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос 

кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында 

бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптас-

тыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, 

əрбір  іс-əрекетіне  мақсат  қоюға,  жоспарлауға, 

оны  орындауға,  өзіне-өзі  талап  қоя  білуге 

тəрбиелеу  —  адамгершілік  тəрбиенің  басты 

мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедер-

гілер  болуы  мүмкін.  Ондай  қасиеттерді  бала 

бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке 

тұлғаны  қалыптастырудың  негізін  қалайды. 

Баланың  дұрыс  өсіп  –  жетілуі  тікелей  бізге 

байланысты.  Халқымызда:  «Не  ексең,  соны 

орасың»  деген  нақыл  сөз  бар.  Олай  болса, 

өзімізді  құрметтеу  үшін  соны  түсінетін  баланы 

тəрбиелеу  біздің  міндетіміз.  Яғни,  баланың 

санасына  не  берсек,  келешекте  соны  аламыз.       

Қай қоғамда, қай мемлекетте болмасын қарым-

қатынас  мəдениеті,  оның  ішінде  адамгершілік 

құндылықтар  қалыптастыру  кез-келген  мек-



жүктеу 54,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау