41
Қазіргі бастауыш білім беру жүйесі/
Система современного начального образования
2(6) 2018
Advising Applicants
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et
augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet
nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et
augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet
nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum.
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
оны əріп элементтері арқылы қалай жазу
керектігі түсіндіріледі.
4. Əріпті сөз ішінде басқа əріптермен
қалай қосып жазу керектігі үйретіледі.
5. Көркем жəне таза жазу талабы қойыла-
ды.
6. Əрбір оқушының жазуын мұғалім
бақылап, кемістігін түзетуге көмектесіп
отырады.
Бірінші əріпті жазғаннан бастап жазу
көркем болуға тиіс. Жазудың көркемдігі,
эстетикалық əсері, ұқыптылығы мен тазалығы
– жазу мəдениетінің өзекті бөлігі.
Жазуға сауатты жазу талабы ғана емес,
көркем жазу талабы да қойылады. Сондықтан
қатесіз жазу қандай керек болса, көркем жазу
да сондай қажет.
1-сыныпта көркем жазу сауат ашу кезеңі-
нен басталып, оқу жылына дейін үзбей
жетілдіріледі. Əдетте, мұғалім жалпы жазу
жұмысын, оның ішінде көркем жазуды бастау-
дан бұрын сыныппен біршама даярлық жұмы-
сын жүргізуі тиіс. Ондай даярлық жұмыстары
жаза білу икемділігін меңгеруге керекті
дəстүрлі ережелерді қамтиды.
Ережелерді меңгергеннен кейін, оқушы-
лар кіші əріптер мен бас əріптерді жазуға
көшеді. Əріптерді сөз ішінде бір-бірімен дұрыс
байланыстырып қоса білуді үйретеді. Сауат
ашу кезеңі біткен соң, əріптерді дұрыс таңба-
лап жазуды қалыптастыру мақсатымен көркем
жазу сабақтары жүргізілуі тиіс. Жазуды
жазылуы оңай əріптерден бастап, жазылуы
қиын əріптерді жазуға біртіндеп көшкен дұрыс.
Оқу жылының аяғында оқушылардың жазу
қарқынын біртіндеп жылдамдатуға көңіл
бөлінеді. Кіші əріптер мен бас əріптерді алфа-
вит ретімен жазу икемділігі қалыптастырыла-
ды.
2 - с ы н ы п т а қ ө р к е м ж а з у о д а н ə р і
жетілдіріле түседі. Оқушының 1-сыныпта
үйренген икемділігі 2-сыныпта дамытылады.
2-сыныпта жүргізілген көркем жазудың
негізгі мақсаты жазу қарқынын жеделдету,
біркелкі ритмикалық жазуға көшу.
Жалпы, көркем жазу жаттығулары қазақ
тіліне арналған дəптерге жазылады.
1-сыныпқа əріптердің жазылу үлгісін
мұғалім өзі жазып көрсетеді.
Көркем жазу жұмысының көлемі: 1-
сыныпта – 2 жол, 2-сыныпта – 3 жол, 3-4
сыныпта – 4 жол болады. Көркем жазуға
оқушыларға жеке баға қойылмайды. Бұл жеке
оқушының жазуын елемеу деген сөз емес.
Оқушының əрбір жазба жұмысын бағалауда,
о н ы ң к а л л и г р а ф и я л ы қ с а п а с ы м ұ қ и я т
ескеріліп, қазақ тілі бойынша қойылатын баға
ішіне көркем жазу бағасы да қойылады.
Жазу жұмысын жақсарту үшін мұғалім
оқушы дəптерін жүргізуге қойылатын біртұтас
арнайы талаптарды жүзеге асырады.
Оқу жылының екінші жартысынан бастап
1-сыныпқа көркем жазудан арнайы сабақтар
жүргізу керек. Мақсаты – əріптерді, сөздерді
дұрыс, таза, түсінікті, жылдам, біркелкі жазуға
үйрету. Мысалы: Мен өзім «Бас əріппен
жазылатын сөздер» атты мақсатты сабақ өтіп,
оқушыларға бас əріппен жазылатын сөздер
туралы ұғым беріп жəне кісі аттарының бас
əріппен жазылатыны туралы түсіндіремін.
Оқушыларды таза, сауатты жазуға жəне
каллиграфиялық дұрыс жазуға үйретемін.
Сондай-ақ, мұғалім əріптердің белгілі
биіктік пен ендікке біркелкі көлбеу жазылуын
бақылай алады. Əріптерді жазу алдыңғы жазу
қарқынын жылдамдатуға, сөздегі əріптерді
бөлмей жазуға арналған жаттығулар біртіндеп
күрделенеді.
Оқушылардың оқулықтағы жаттығуларды
орындауын тексеріп, ондағы сұрақ – тапсырма-
ларды еркін оқып түсіну қандай қажет болса,
оған байланысты жазба жұмыстарын жедел
орындауға соншалықты қажет екенін естен
шығармау керек. Сондай-ақ, жеке оқушымен
дербес жұмыс жүргізу, əрбір оқушының
жазуындағы жеке кемшіліктерді түзеуге көп
көңіл бөлінеді. Соған байланысты графикалық
жаттығулардың түрлері де көбейе түседі. 1-
сыныптағыларға əріп тобымен жазу үзбей
жүргізіледі.
3-4 сыныпта оқушылардың жазу икемділігі
одан əрі жетілдіріледі. Əріптерді кішілеу етіп,
тез жазуға арналған графикалық жаттығулар
жүргізіледі. Көркем жазу үлгісі қазақ тілі
сабақтарының материалдарына тікелей
байланысты болу керек.
Əр сыныпта (1-4) қазақ тілі сабағының 6-8
минуты көркем жазуға беріледі. Қажетті
жағдайда оны жеке сабақ етіп өткізуге де
болады.
Жазу жұмыстары бір сабақтың ішінде оқу
материалдарымен үйлестіріле жүргізіледі.
Дəптерге берілген үлгілер мен тапсырмалар
оқулық мазмұнымен сəйкес, жазу дағдысын
қалыптастыратындай, оқушының жас ерекше-
ліктері ескеріле отырып жасалады.
Көркем жазуға үйрету жүйесі оқушылар-
дың жас ерекшелігіне, даярлығына сабақтың
мазмұны мен мақсатына қарай əр түрлі əдісті
қамтиды. Қазіргі заман талабына сай əр
мұғалімнің басты міндеті – оқушыны əдемі
жазуға баулу, əрі сауатты жазуға үйрету.