Кесте 1. Орта компоненттері және олардың бала дамуына
әсері
№
|
Орта компоненттері
|
Олардың бала дамуына әсері.
|
1.
|
Табиғи және географиялық орта (климат, табиғат жағдайлары)
|
Бала организмінің мүмкін болатын күштерін оятады.
|
2.
|
Әлеуметтік орта (макро-орта)
а) өндіріс күштерінің деңгейі;
б) өндіріс қарым-қатынастарының деңгейі;
в) өмір сүрудің материалдық жағдайы;
г) мәдени даму дәрежесі;
д) көпшілік ақпарат құралдары;
е) техникалық құралдар.
|
Адамға талап қояды, мінез-құлық үлгісін береді, санаға әсер етеді, бежілі көзұарас енгізеді. Даму жағдайын қамтамасыз етеді.
|
3.
|
Микро -орта (үй-іші ортасы, баланы қоршаған жақындарының ортасы, аула, көше әсерлері.
|
Талап-тілектерді анықтайды, құндылыктырды қалыптастырады, қарым-қатынас негізін қалайды.
|
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал шағын педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
44
Жекке тұлғанын қалыптасұынын философиялық- әдістемелік негіздері. Ғылымда бұрыңғы заманнан бері келе жатқан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының биологиялық және әлеуметтік факторларының ара қатынасы туралы пікірталас бітер емес. Осы бір көпғасырлық айтыс нәтижесінде әртүрлі көзқарастар пайда болды. Осы көзқарастардың бірін жақтаушылар адамның дамуын, негізінен, табиғи ерекшеліктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенің маңызы аз деп есептелінеді. Жеке тұлғаның дамуын түсіндіретін осындай (биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347 ж.ж. б.з.б.) мен Аристотель (384-322 ж.ж. б.з.б.) өз кездерінде-ақ адамдардың қоғамдық міндеттерін олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдің пікірінше, туылған сәтінен бастап-ақ кейбір адамдар бағыну үшін, ал кейбіреулері билік ету үшін жаралған.
XVI ғасырда пайда болған преформизм (латынша - қайта құру, өзгерту) деген философиялық ағым төмендегідей ойды ұстанған: адамның ұрығында болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттері бар, ал даму олардың тек сандық жағынан артуын ғана білдіреді. Бұл орайда әлеуметтік факторлар
мен тәрбиенің маңызы жоққа шығарылған.
Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларьш жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы американдық психолог және педагог Э. Торндайктің (1874-1949 ж.ж.) пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін (соның ішінде сана-сезімін, қабілеттілігін) тек тектілік, тұқым қуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға "көздері, тістері және саусақтары" сияқты дүниеге келгенінен-ақ беріледі. Ол адамды ұрпақтан ұрпаққа сол қалпында берілетін және
жеке тұлғаның барлық қасиеттері мен келешегін толығымен анықтайтын "гендердің жинағы немесе батареясы" ғана деп санаған. Жеке тұлғаның дамуын биологизаторлық жағынан түсіндіру прагматизм бағытына да тән. Прагматизм грекше - прагма дегеніміз - іс-әрекет, тәжірибе. Бұл бағыттың негізін салушы - Джон Дьюи (1859-1952 ж.ж.).
Ендігі бір көзқарастың негізін классикалық түрде ағылшын философы Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) салып, француз материалистері оны ары қарай дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмірінің жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуынын шешуші факторы деп есептелген. Д. Локктің белгілі бір пайымдауы
45
бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтінде таза тақтаға ұқсас (tаЬиІа rаsа) болып келеді және тек оның өмір жағдайлары мең тәрбие ғана жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің пайда болуына себепші болады. Осыдан кейін бұл көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасты, ал оның өкілдері жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін бірінші орынға қойып, оның дамуының ішкі заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адамның рөлін төмендетеді.
Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушьшық пен ортаның ықпалын бірінші орынға қойып, тәрбиенің күшін жоққа шығаратын бұл теориялар
ХІХ ғасырдың аяғында психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі ерекше бір бағыттың пайда болуына себепші болды, бұл бағыт "педология", яғни тура аударғанда "балалар туралы ғьшым", "балатану" деген атқа ие болды. Қазіргі уақытта ғалымдардың көбісі педологияны индивидтің сәби, жас өспірім, жастық шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырады. Социалистік құрылыс жағдайларында біздің елімізде педология өкілдері баланың дамуының биогенетикалық заңын белсенді түрде насихаттаған және соған сүйене отырып балалардың әлеуметтік теңсіздігін түсіндіруге тырысқан. Осы мақсатта оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттейтін кең көлемдегі жүйе құрылған болатын. 1936 жылы ОК БК(б)П "сол заманғы педологияның теориясы мен практикасын" "жалған ғылыми антимарксистік ережелерге" сүйенген деп айыптаған. Бұндай ережелерге, ең алдымен, сол заманғы педологияның басты заңы - балалардың тағдырының биологиялық және әлеумеггік факторлармен, тұқым қуалаушылықтың бір тұрақты ортаның ықпалының фаталистік түрде алдын ала анықталып қойылу заңы жатады.
Сол уақыттарда балалардың психологиялық дамуын зерттеуде сауалнама және тест жүргізу сияқты әдістер ерекше сенімсіздік туғызған. Шынында да тәжірибесіз практик-педологтар қодданған бұл әдістер сол уақыттарда көп зиян келтірген. Алайда педологияны ғылым ретінде түбегейлі шектеу қате болған еді. Педология баланы барлық жағынан және жанама зерттейді, бұл туралы өз кезінде К. Д. Ушинский: "Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды барлық жағынан тануы да керек", - деген болатын.
46
Жеке тұлғаның даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-педагогикалық ойдың тарихы материалистік ілімде және онын бір бағытында - материалистік диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың өкілдері жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларды тереңірек зерттеп қана қоймай, сонымен қатар ол факторлардың өзара байланысымен олардың адамның даму процесіне ықпал ету тетіктерін де ашып көрсетті. Қоғамның тарихын талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық-қайта құру әрекеті өндірістің дамуы мен көркеюіне, әлеуметтік қатынастардың қалыптасуына, ғылыми білімнің молаюына, рухани өмір мен өнегелілік-эстетикалық мәдениеттің баюына себепші болды деп көрсетті.
Осылайша қоғамдық игілікке ие болып және оны дамыта отырып, адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде, жеке тұлға ретінде қалыптасады.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының мәні зор екендігіне сене отырып, философ-материалистер адамның биологиялық табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тікелей табиғи тіршілік иесі, сондықтан ол бойына біткен нышандар ретінде көрініс тапқан табиғи күштерге ие деп сенді. Алайда ол нышандар оның бойында тек лайықты орта мен мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады.
Сонымен қатар, адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп қарастыра отырып, философ-материалистер тұқым қуалаушылық бағдарламасымен еш байланысы жоқ индивидтің "әлеуметтік тұқым қуалаушылығы" туралы ойды ұстанады. Егер биологиялық нышандар адамға да, жануарларға да тән болса, әлеуметтік тұқым қуалаушылық тек адамға ғана тән.
Материалистік философия орта мен биологиялық нышандар қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие - жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының үшінші факторы. Бұндағы айта кететін жағдайдың бірі - материалистік түсінікте жеке түлға тек объект ретінде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде, өзіндік қайта қүру қызмет-әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.
Тәрбие - жеке тұлғаның калыптасуынын шешуші факторы ретінде. Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады. Бұл орайда
47
тұқым қуалаушылыққа(биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар тұлғалық гендік қордыда қамтиды. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық нышандар жеке тұлғаның дамуы мең қалыптасуында ерекше рөл атқарады.(мысалы, есту мүшелерінің құрылысы, ойлау қабілетіндегі ерекшеліктер, т.б.). Олар баланың қабілеттілігі, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл нышандар өте ерте (сәби кезінде және мектепке дейінгі жасында), кейбір жағдайларда кешірек, ал енді бірде, ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды.
Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның функционалды пісіп жетілуі мен қалыптасу процесін сипаттайды, содан кейін оның сүйектері, бұлшық еттері, сонымен қатар ішкі мүшелері мен жүйелері дамиды. Адамның биологиялық пісіп жетілуі мен өзгеру процесі оның дамуы мен мінез-құлығының жас кезеңдерінде көрініс табады. Адамға табиғи берілген белгілерді дамьпуда ең маңыздысы, жанұяда болсын, қоғамдық тәрбиелік- білім беру орындарында болсын, оларға дер кезінде
сауаттьи диагностика беру болып табылады. Қазіргі уақытта баланың іс-әрекеттің қандай түріне бейімділігі бар екенін анықтайтын алуан түрлі әдістер бар. Олардың ішінде тест әдістері кеңінен қолданылады.
Тәрбие мен білім беруде адамның табиғи қасиеттерін ескеру қажет,
оның нышандары мен қабілеттілігін анықтай отырып, олардың ары қарай дамуының амал-тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек. Қызметтің қандай да бір түріне деген анатомиялық-физиологиялық нышандарының одан ары жемісті дамуы үшін баланың оған деген ықыласын арттырып, оны сол іс-әрекетке араластыра отырып, сол салада тәжірибе жинастыруға жағдай жасау қажет.
"Жеке тұлға" деген ұғымда адамның қоғамдық мәні ашылады. К.Маркстің айтуынша, адамның мәні жеке индивидке тән абстрактілік емес, өз болмысында ол барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы. Сондықтан ортаның жеке тұлғаның дамуына әсері туралы сөз болғанда, ең алдымен,
кең мағынада қолданылған әлеуметтік орта деп түсіну керек, өйткені адамның жеке тұлғалық қасиеттері әртүрлі орталық қатынастар әсерінен, яғни, адамдармен және түрлі қоғамдық институттармен өзара-қатынасы арқасында қалыптасады.
48
Ортаның адамның дамуына әсерін қарастыра отырып, философиялық және педагогикалық ағымдардың көбісі адамның жеке тұлға боп қалыптасуы үшін, сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға ғана тән нышандар дамуы үшін адами қоғам, әлеуметгік орта қажет дейді. Сәби жасынан жануарлар ортасына тап болған балалар туралы оқиғалар олардың бойында осы адами нышандардың дамымағаны дәлел бола алады, ол қасиеттердің қалыптасуына деген қабілеттерінің табандалып қалғаны соншалықты, олар адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең қарапайым формаларын үлкен қиыншылықпен үйреніп, заманына сай адамның тұрмыс қалпын қабылдай алмады.
"Әлеуметтік орта" деген ұғым, кең мағынасында, коғамдық өмірдін материалдық жағдайлары, әлеуметтік және мемлекеттік құрылыс, өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесі және олар анықтап отырған әлуметтік
жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған әртүрлі мекемелер қызметін қамтиды. Шынында да, жеке тұлғаның әлеуметтік бейнесі, белгілі бір мөлшерде, оның қай мемлекетке жататыны арқылы көрінеді, адам дүниеге келгеннен соң қандай да бір қоғамның азаматы болады. Адамның дамуына барынша әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе қазіргі уақытта, ең алдымен, экономикадағы өзгерістер, идеологиянын өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, миграциялық процестер (яғни, адамдардың белгілі бір мемлекет территориясы аясында көшіп-қонуы, сонымен қатар, одан көшіп кетуі), демографиялық процестер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмір ұзақтығындағы өзгерістер, т.с.с. жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуында географиялық орта белгілі рөл атқарады. Баланың айналасы-үйдегі ортаға көп көңіл бөлінеді.
Қоғамдық мекемелердегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырғанда мұғалімдер мен тәрбиешілер балаға кең әлеуметтік ортамен қатар,
мектептен тыс ең жақын айналасының әсерін ескерулері тиіс, өйткені кейде аулада, көшеде, оқушыларға, әсіресе жасөспірімдерге белгілі бір мөлшерде әсер ететін жағымсыз (қоғамға қарсы) топтар пайда болуы мүмкін. Бұл орайда, оқушыларды жақын айналасының қоғамдық-экономикалық өмірінің әртүрлі саласына белсенді әлеуметтік іс-әрекетке араластыру қажеттілігі туындайтынын ескеру керек. Тұқым қуалаушьшықпен, ортамен қатар тәрбие үшінші шешуші фактор болып табылады, тәрбие - педагогтардың
49
басшылығымен әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі баланың саналы мақсатты басқарылатын іс-әрекеті. Тәрбиенің зор күшін көптеген өткен кезеңнің прогрессивті педагогтары мойындаған. Мысалы, ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский табиғат адамға дүниеге келген сәтінде білім игеруге мүмкіндік береді, бірақ бұл тек тәрбие мен білім арқасында ғана дами алады деп оқытқан. Белгілі педагог А. С. Макаренко педагогикалық теория мен тәжірибеде "қиын", тіпті "тәрбиесі қиын" балалармен жұмыста тәрбиенің игілікті күшін дәлелдеген болатын.
Тәрбие - бұл тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс, сонымен қатар тәрбие туа біткен нышандарды түзетеді және микро-ортаны өзгертеді.. Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен өтеді,
ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.
Тәрбие жеке тұлғаның тәрбиелілігі нәтижесінің белгілі бір эталонының болуын талап етеді. Тәрбие мен оқыту адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдылардьщ белгілі бір жиынтығымен қарулануын, оның қоғам
өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік институттармен ара қатынасын алдын-ала болжайды Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның нышандары мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші құрал.
Тәрбиенің оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешеліктерінің бірі оның осы бір әлеуметтік қызметті орындау үшін қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Педагогиканың ұлы классигі К. Д. Ушинский жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиешінің ерекше орны туралы былай деген: "Тәрбиеші тұлғасының жас жанға әсері оқулықтармен де, моральдық нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелік күшті құрайды".
Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемісті болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгеріп отыратын үш фактор: тума қасиеттері, орта және тәрбие болып табылады.
50
Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек.
Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлі көзқарастар бар. Олардың бірі баланың дамуы, тәрбие мен оқытудың тәуелсіз, яғни тез түрде жүзеге асады дейді (Э.Мейман. А.Ф.Лазурский, Ж.Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейімделеді, "баланың дамуының соңында бірге жүреді" (Л.С.Выготский). Келесі бір көзқарас бойынша даму іс-әрекетгің тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруі арқылы жүзеге асырылады (яғни, оқыту мен тәрбие көмегімен), бұл орайда оқыту мен тәрбие баланың дамуының қол жеткізген деңгейінде ғана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы міндетін шешу (К.ДУшинский, П.П.Блонский, Л.С.Выготский). Л.С.Выготский окыту мен дамудың ара қатынасын зерттей отырып, оқытуды ұйымдастыруда баланың "дамудың ең жақын аймағына" сүйену керектігін айтқан. Ол былай деп жазған: "Дамудың алдында болған окыту ғана жақсы болып табылады". Сондықтан, тәрбиенің ең маңызды құралы - табиғи нышандар жиынтығын мұқият айқындау, сол арқылы оларға және қоршаған орта жағдайларына сүйене отырып, баланың соған сай іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.
"Бала дамуының ең жақын аймағы" туралы сөз ете отырып, Л.С.Выготский оқушының тапсырманы өздігінен орындауға әзірлігінің дәрежесін айтқан болатын. Осылайша ол бұл әзірлікті екі деңгейге бөлген болатын: оқушы тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды (ол осы кезеңдегі өз дамуының деңгейіне жетті), ары қарай оған мұғалімнің көмегін қажет ететін қиынырақ тапсырма беру керек, яғни жаңа танымдык мәселе қойылады (қиындық, қарама-қайшылық), бұл оқушының ақыл-ойының дамуын ынталандырады.
Сүбъектінін іс-әрекеті - жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуынын факторы. Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды ортаның әсерімен тәрбие ықпалының пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. Кей кездерде қолданылатын педагогиканың "баласыздық" деген сөздің астарында тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып,
51
осы әсерлердің аркасында пайда болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр. Жеке тұлға өзінің калыптасу барысында өзіндік дамуыньгң объектісі ғана емес, сонымен катар субъектісі де екенін ескеру керек.
Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ен маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К. Маркс адам жағдайдың пассивті жеміс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және езін белсенді түрде өзгерте алады деп жазған болатын. Демократиялық педагогиканың классиктері де (И. Г. Песталоцци, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтьшсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген.
Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен туады (материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктер). Адамның белсенділігінің жануарлардан айырмашылығы оның қажеттіліктері сәби жасынан бастап-ақ қоғамдык қажеттіліктермен реттелінеді. Адамның белсенділігі (немесе оның іс-әрекеті) оның себеп-салдарымен, мақсат пен міндеттерін дұрыс қоя білуімен,
оларды орындау құралдарын дұрыс таңдай алуымен байланысты.
Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелік (сыртқы) әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы теріс болса, ол тәрбиешісі қалағанынан қайшы бағытта дамиды. Мысалы, мұғалім оқушылардың білімін тексеру кезінде оқушының бағасын төмендетіп қойса да, оқушы оған ренжіп қалады. Мұндай жағдайда мұғалімнің үлгерімді жақсартуға шақырған әрбір сөзі оқушыда жасырын, кейде тіптен ашық қарсы әрекет тудырады. Тәрбиеші, оның педагогикалық әсері ішкі өрісте, яғни тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң әсерін тигізбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып отырады.
Осының нәтижесінде, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар екі топқа - ішкі және сыртқы болып бөлінетін болды. Ортаның әсері мен тәрбие жеке түлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер - бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің
52
ыкпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттліктері -барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.
Егер тәрбие жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі белсенділігіне деген іштей ықпалына әсер ететін болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында шешуші рөл атқара алатыны түсінікті. Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан адамның жеке тұлға ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана түбінде оның дамығанын анықтайды. Осылайша бұл шын мәнісінде, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу сипатына ие болады. Л.Н.Толстойдың адамның дамуын жемісті ағаштың өсуімен салыстыруы тегін емес. Өйткені, сөздің тура мағынасында оны ешкім өсірмейді, ол өздігінен өседі. Адам тек қана топырағын қопсытады, тыңайтқыштар себеді, артық бұтақтарын кеседі,
яғни оның өзіндік дамуына мүмкіндік беретін қажетті сыртқы жағдайларын жасайды, ынталандырады. Ал өзіндік даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.
Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер
еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігін ынталандырған жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады. Осы бір аса күрделі процесс тәрбиенің персонификациясы (лат. - жеке тұлға) деген атауға ие болды. Тәрбиенің персонификациясы дегеніміз -ақпараттық мазмұндағы, адамның тұтас модусын (модус -қажеттіліктер, мақсат-мүдделер, наным-сенімдер, бағалау критерийлері, ынта-ықыластар) құрайтын саналық-психологиялық және идеологиялық процестердің, қасиеттер
мен қатынастардың әр алуан түрлері бар жеке тұлғалық факторлардың мінез-құлығын әлеуметтендіріп, реттейтін өзара әрекет күрделі де қарама-қайшылыққа толы болады. Персонификация әлеуметтенудің антиподы ретінде оған қарама-қайшы емес, ол әлеуметтенудің бар болуыньщ ішкі механизмі болып табылады. Осылайша, жеке тұлғаны әлеуметтендіретін сыртқы факторлар, соның ішінде тәрбие де, жеке тұлғаның өз өзімен
жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігінің ішкі механизмдерімен, яғни оның қажеттіліктерімен, сенімдерімен, мақсат-мүдделерімен өзара тығыз байланыста болғанда ғана оның дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.
53
Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген. Өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың өзі де пассивті емес түрде өмірдің жағдайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда (үлкендерге) белсенді, ол қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерін енгізеді. Ол адамдарға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген
(керек, керек емес, жақсы көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін жасай отырып пайда болады.
Қарым-қатынас - генетикалық түрде баланың белсенділігінің ең ерте белгісі. Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-қатынаста көрінеді. Онда адамдарға деген қатынастың көптеген
алуан түрлі реңктері бар: ата-анаға, мұғалімдерге, таныстарына, таныс емес адамдарға, құрдастарына, өзінен кішкентайларға, достарына. Бала өзіне дос таңдайды, ол адамдардың белгілі бір шеңберімен қарым-қатынас іздейді, ол басқаларға ықпал етеді. Ұжымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы болады. Қарым-қатынас белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды, олар -адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өз өзі үшін, адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілік.
Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі. Кейбір заттардың қасиеттерін тану үшін оларды қолына ұстап көргеннен кейін бала "Бұл не? Бұл кім? Қалай аталады?" деген сияқты сұрақтар сұрай бастайды. Бұл сұрақтардың жауабы балаға заттар мен кұбылыстардың жалпы мәнін ашып береді. Мектептегі жүйелі оқыту баланың таным белсенділігінің қалыптасуы мен терендеуіне мүмкіндік жасайды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушы өз бетінше білім
игеруге, оларды практикалық іс-әрекетте еркін пайдалану қабілетіне ие болады. Оқыту барысында біртіндеп оқушының ойлау қызметінің әдіс-амалдары қалыптасады. Орта және жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігі зерттеу жұмыстарында, тәжірибелік ұйымдастыруларда, іскерлік қызметте көрініс табады.
54
Адамнын белсенділігі қоршаған өмірге ықпал етеді, болмысты қайта құру мен өзгертуге бағытталады. Әлеуметтік белсенділік дегеніміз осы. Жеке тұлғаның белгісіне айналып, бұл белсенділік қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ғылыми жаңалық, өнертапқыш, жаңашылдықтың бастауы мен қозғаушы күшіне айналады.
Жеке тұлғаның белсенділігінің аталмыш бағыттары оқушының әр алуан іс-әрекеттерінде көрініс табады: оқу-танымдық, еңбек, қоғамдык-пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетін парасатты, педагогикалык дәл және дұрыс ұйымдастыру оның белсенділігінің барлық бағытта дамуының бастауы болып табылады.
Әрбір баланы белсенді қайраткер орнына қойып, оны баланың барлық күшін белсенді жұмсауға, іс-әрекеттегі баланың жеке тұлғаға сай өзгешелігін зерттеуге, жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерінін ашылуына барынша көмектесуге мүмкіндік туғызатын іс-әрекетті ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру - осының бәрі баланың дамуының нәтижелілігін қамтамасыз ететін тәрбиенің басты қызметі.
Сондықтан жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты қальштастыра отырып, тәрбиеші сол баланы өзіне одақтас етіп алады. Оқушының қажеттіліктеріне негізделген тәрбие мен өзіндік тәрбие процестері - ең жағымсыз деген сыртқы жағдайларды жене алатын күш.
Жеке тұлғаның дамуы үшін баланың қарқынды іс-әрекеті қажет. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын, мінез-құлық белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайды. Мысалы, мыңдаған балалар күні бойы музыкалық гаммаларды ойнайды, бірақ музыкант бола алмайды. Баланың қабілетін оята алмайтын репетиторлық жұмыстар қаншама. Немесе тағы бір мысал, төменгі сыныптарда балалардың көбісі едәуір ынталы, бірақ жоғары сыныптарда ондай балалардың саны аз.
Қабілеттіліктің дамуы үшін өз барысында баланын бойында жағымды сезімдер туғызатын іс-әрекет қажет (В. Е. Чудновский, В. С. Юркевич). Ал мұндай көңіл-күйге түсу (немесе басқа да) жұмыстан пайда болған сүйсіну сезімімен сипатталатын танымдық қажеттіліктермен байланысты. Дарынды бала белгілі бір жұмыспен міндет үшін емес, баға үшін емес, жарыста немесе олимпиадада жеңу үшін емес, сол жұмыспен айналысқысы келетін
55
болғандықтан жетістікке ұмтылады, яғни ол балада жағымды сезімдермен байланысты қажеттілік бар. Осыған байланысты әдебиеттерде өте сирек айтылып жүрген жеке тұлғаның дамуының тағы бір бастауы өзіне көніл аудартады. Бұл - жеке тұлғаның мәдени ұстанымдарынан бастау алатын өз-өзіне деген қалыптастырушылық, жасампаздық ықпал-әсері. М. Князеваның ойынша, адамның өзін өзі дамыту күштері жеке тұлғаның дамуының ең маңыздысы болып табылады. Оның пікірінше өткен ұлы адамдардың өмірбаяны, күнделіктері, естелік жазулары, сырлары, хаттары өзін өзі қалыптастыру, өз өзіне талап қою жұмысында аса зор күш жұмсағандарының дәлелі бола алады, ал ол қасиеттер олардың кәсіби еңбектерінің бастауы болып, өмір жолында әрдайым серік болған:"... адам тек қоршаған дүниені, табиғатты, қоғамды ғана қалыптастырып, түрлендірмейді. Адамзаттың бүтін тарихы - өзін-өзі қалыптастыру мен қайта құру».
Сонымен, жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуыньщ өзара байланысы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ғылымда жеке тұлғаның мәні, оның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторларды түсіндіретін әр түрлі көзқарастар кездеседі. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тұқым қуалаушылық) және әлеуметтік факторлардың (орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қорытындысы еш дау туғызбайды. Сонымен жеке тұлғаның дамуына және қалыптастыруына әсер ететін факторлар төмендегідей болып келер. (сурет 2)
Сур 2. Тұлғаның дамуына және қалыптасуына әсер ететін факторлар
56
Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің объектісі ретінде де, субъектісі ретінде де қарастырылады. Оның объект
болу себебі, оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие мақсатты әсерлерге тәуелді. Субъект болу себебі жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін- өзі дамыту
процесінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше (сол субъект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгілі бір қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өз бетінше жұмыс).
Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалау арқылы берілмейді дейді. Н. И. Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін
"жөнді универсалды генетикалық бағдарлама" керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшін, әсіресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың болуы.
Бала өмірінің алғашқы үш-бес жылын ғалымдар "¥лы бастаулар уақыты" деп атайды. Адам психикасының сырттай көріністерінің қасиеттері өмір барысында қалыптасады, сондықтан оларды ата-ана, педагогтар жэне баланың өзі қадағалап, реттей алады.
Өзін өзі бақылауға арналган сұрақтар
1) "Жеке тұлға" деген ұғымды және оның құрылымдық компоненттерінің мағынасын ашыңыз.
2) Жеке тұлғаның қалыптасуымен байланысты негізгі ұғымдарды сипаттаңыз.
3) Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі теориялық-әдіснамалық амал-тәсілдерінің сипаттамасын беріңіз.
4) Жеке тұлғаның калыптасуына әсер ететін негізгі факторларды атаңыз.
5) Тәрбие мен дамудың өзара байланысты екенін дәлелдеңіз.
6) Субъектінің іс-әрекеті жеке тұлғаның қалыптасуының басты факторы екенін дәлелдеңіз.
Әдебиеттер
1. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Алматы: Ғылым, 1998
57
2. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М, 1968.
3. Измайлов А.З. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Азии и Казахстана. М., 1991.
4. Керимов Л.К. Педагогические основы индивидуализации перевоспитания трудных подростков. Алматы. 1994.
5. Кон И.С. Психология подростка. М., 1981.
6. КОн И.С. Психология ранней юности. М., 1989.
7. Костюк Г.С. Движущие силы развития и воспитания. Хрестоматия по педагогике /Под ред. З.И.Равкина. М., 1976.
8. Петровский В.А. Личность - феномен субъективности. Ростов на Дону. 1993.
9. Рысбаева А.К. Успешность деятельности как категория педагогики. - Алматы: КНПУ им. Абая, 2003.
10. Узакбаева С.А., Кожахметова К.Ж. Использование материалов казахской этнопедагогики при изучении педагогических дисциплин. Алматы. 1996
11. Фридман Л.М., Пушкина Т.А. Изучение личности учащихся и ученических коллективов. М., 1988.
Өзіндік жұмыска арналған тапсырмалар
1) Ұсынылып отырған арнайы әдебиет бойынша конспект жазыңыз.
2) Өзіңіздің педагогикалық сөздігіңізге жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуымен байланысты негізгі ұғымдарды енгізіңіз.
3) Лекцияның конспектісімен танысып, оны әртүрлі авторлардың екі-үш оқулықтарынан алынған материалдармен толықтырыңыз.
4) Лекцияның тақырыбы бойынша семинарда пікірлесіңіз.
5) Өз бақылауларыңызға сүйене отырып (отбасындағы, мектептегі, ең жақын қоршаған ортадағы), әртүрлі факторлардың оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететуінің нақты мысалдарын келтіріңіз.
6) Мектеп өмірінен алынған мұғалімнің өз жұмысында оқушылар дамуының ерекшеліктерін ескеруінің мысалдарын келтіріңіз.
58
Реферат такырыптары
1. Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуындағы іс-әрекеттін және қарым-қатынастың алар орны.
2. Төменгі мектеп жасының жас ерекшелігі, оның оқыту-тәрбие жұмысында ескерілуі.
3. Жасөспірімдердің жас ерекшеліктері, оларды тәрбие мен оқытуда ескеру.
4. Оқушылардың дара ерекшеліктері, оларды оқыту-тәрбиелеу процесінде ескеру.
5. Баланың қабілеттілігі мен дарындылығы, оларды алдын ала болжау.
6. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі.
7. Қазіргі жағдайлардағы жеке тұлғаның даралану мен әлеуметтену мәселелері. -
8. Халықтық педагогикада баланың жас ерекшеліктерін ескеру.
59
1.4. Оқушылардын жас және дербес ерекшеліктеріне психологиялық-педагогикалық сипаттама
Мақсаты: мектеп окушыларының жас мөлшеріне карай және жеке басына тән ерекшеліктер туралы түсінік қалыптастыру және осы ерекшеліктерді оқу-тәрбие процесінде ескеру.
Міидеттері:
а) мектеп оқушыларының жас мөлшерінің кезендеріне сипаттама беру;
е) мектеп оқушысының жеке тұлғасының өзіндік ерекшеліктерін ашу;
б) педагогикалық процесте мектеп оқушысының жас мөлшерінің психологиясын есепке алу.
Жоспар:
1. Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшелігі және оның дамуы.
2. Жеткіншек шак және оның ерекшеліктері.
3. Жоғары сынып жасындағыларға психологиялык-педагогикалық сипаттама.
4. Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, жас мөлшері, акселерация, жеке ерекшеліктер, дарындьглық, девиация.
Пәнаралық байланыс: фияософия, физиология, психология, жалпы психология, оку пәндерін оқыту әдістемесі.
Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский, «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды барлық жағынан тануы да керек»- деген болатын. Осындай ережеге байланысты, жұмыс барысында педагог балалардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктерін міндетті түрде білу керек.
Барлығына мэлім, балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу және бала тұлғасына арнайы қатынас, тәрбие мен оқытудын басты принциптері болып табылады. Сондықтан мектептін педагогикалық ұжымы, оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу маңызды.
ектеп жасындағы балалар бастауыш, орта (жеткіншек) және жоғары буынға бөлінеді. Жеткіншек кезең кіші және жоғары деп бөлінеді (1 кестені қараңыз)
60
Кесте 1. Оқушылардын дамуынын жас кезендері.
Кезендер
|
Жылдар
|
Сыныптар
|
І. Бастауыш окушылар
|
6-10
|
I- IV
|
ІІ.Орта (жеткіншек)
|
11-14-15
|
V- IX
|
ІІІ. Жоғары
|
15-18
|
Х-ХІІ
|
Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы.
Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбиесі белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топта тәрбиенің мүмкіндіктері мен міндеттері, әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезіңде, есейген шақ кезендеріндегі, жасөспірім шақта, әлеуметтік ортада, мектепте қалыптасқан мінез-құлқы ерекшеленеді.
Жас мөлшерінің психологиясы курсында оқылатын жоғарыда айтылған жас мөлшерлік топтардың әрқайсысының сипаттамасын бұл тұста нақтылап карастырмай-ақ, педагогтың әрбір жас мөлшері тобымен жүргізетін
оку-тәрбие жұмысында ескерілуі тиісті кейбір тәрбие ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын аныктайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдыңдағы зор міндеттері мектепке жүктелген. Тәрбие, шын мәніңде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталтан.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегеңце олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйхес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
Бастауыш сынып жасындағы баланын салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6 жастан 12 жаска дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограммнан 36 килограмға дейін артады. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.
Жүйке жүйесінін жетілуі де жалғасады. Жүйке жасаушалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді.
7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықгары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің
61
ірге тасы қалануына негіз болады.
Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер (манипулияцилық, пәңдік, ойын арқылы) сияқгы, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды.
Білім алу іс-әрекеті окушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы баскдларына үйрену арқылы бала өзін - өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді. Рефлексиялы түрде, яғни, өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жұгіртіп, ол өзін бүрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері өз бойындағы жетістіктері арқылы қадағаланады және айқындалады.
Білім алу іс-әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті - бұл онын өз-өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы. «Бұған дейін қолымнан келмеді — енді келеді» , «Бұған дейін жасай алмадым — енді жасаймын», «Бұрын қандай боддым - қазір қандаймын», - міне, бұлар қол жеткізілгендер мен өзгерістердің терең рефлекциясы қорытындысына берілген негізгі бағалар. Баланың өзін-өзі үшін өзгеріс мәні және осы өзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субъекті бола алуы өте маңызды. Егер бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекетінің, өзін-өзі дамытудың жетілген түрінің рефлекциясынан қанағат алса, демек, бала оқу іс-әрекетіне психологиялық жағьшан толықтай кірісті деген сөз.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі калыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оку іс-әрекеті әлі де дамуды кажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашкы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту ол балаға жеңіл тиеді.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оку іс-әрекетіне тез араласып кетуіне (бұл жағдайда ол білімді алуға қалыптасқан) себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды
62
ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік болып табылады: білім алуға дайын тұрған балалардың саны да, бұл жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да өте жоғары.
Оқу іс-әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ат үстілікпен емес, ынтамен, шьш көңілмен назар аударып, өзін-өзі шынайы өзгертуге үйренеді. Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оку тапсырмаларын айыра біліп, оқу тапсырмаларына құлқы болса да, болмаса да оны қалайда орындауы керектігін білуте үйренуі керек. Әрине, ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып калмауы тиіс. Балаға оның енді «үлкен» екендігін, кішкентай балалар сияқгы ойьшшықгармен ойнап отыру ұят деген сияқгы сөздерді айтуға болмайды. Ойын тек қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес, ол барлық жастағы адамдардың бос уақыттарында айналасып, көңіл көтеретін құралы. Әдетте бала адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін бірте-бірте түсіне бастайды әрі ойнағанда да аса бір қүштарлықпен ойнайтын болады. Ойнай жүріп бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды калыптастырады. «Балалар қоғамының» рөлі мен ережелері үлкендер қоғамының қалыптасқан ережелері туралы білуіне мүмкіндік жасайды. Ойын үстінде ынтымактастық пен бәсекелестік сезімі қалыптасады. Ал әділеттшік пен әділетсіздікке көз жеткізу, теңдік, лидерлік, бағыныштьшық, адалдық, саткьіндық әрекеттері баланың бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.
Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі — танып-білуге деген белсенділігі. Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тәжірибеден өтеді, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады. Ол мысалы, қандай заттардың суға батып кететінін, қандай заттардың калқып жүретінін біле алатын болады. Бала ой-қабілеті жағынан неғұрлым белсенді болса, ол соғұрлым сұрақгы көп қояды және әр түрлі сұрақтар қоятын болады. Баланы бәрі қызықтыруы мүмкін: Мұхиттың терендігі қандай? Су астындағы жәндіктер калай тыныс алады? Жер шарының көлемі неше мың километр болады? Бала білуге ұмтылады, ал сол білімді игеруі «Неге?», «Қалай?», «Неліктен?», деген сұрақгар арқылы игеріледі. Ол білімге сүйенге, жағдайды бағамдауға және өз сұрағына жауап табудың жолын іздеуге тырысуға мәжбүр болады. Кейбір мәселелер туа
63
қалған жағдайда бала оны өзі шешуте тырысады, әрине, ол оны тек ойша ғана шеше алады. Бала болып жаткдн жағдайды бағамдайды және оған өзі ойша аралаып, іс-әрекет жасайды. Сол жағдайды шешу үшін образдармен іштей әрекеттесуден туындаған ой-көрнекі образды деп аталады. Образды ойлау — бастауыш сынып жасындағы баланың негізгі ойлау түрі болып табылады.
Мектепте оқыта бастағанда баланың ойлау жүйесі өзінің эгоцентризмімен, белгілі бір мәселелерді дұрыс шешуге қажет болатын білімінің жоқтығынан ойлау үрдісінің ерекше болуымен назар аудартады. Мысалы, бала өзінің білімдік тәжірибесінде заттардың ұзындығы, көлемі, салмағы сияқты ерекшеліктерін онша түсіне бермейді.
Білімінде жүйеліліктің жоқгығынан, түсніктерінің жеткілікті түрде даму дәрежесіне жетпегендігінен ойлау жүйесінде көріністі тек қана қабылдау логикасы басым болады. Мысалы, судың, құмның, пластилиннің және т.б. бірдей мөлшерін ыдысқа салғанда, ол заттардың сол ыдыстың қалыбын алғанын көріп тұрып, бірақ оны бағамдау баланын қабілеті жетпейді. Балалар ол заттардың әрқайсысының өзгерісін көрген сәтіндегі әр жағдайға тәуелділікте болады. Алайда бала төменгі сыныптардың өзінде-ақ кейбір деректерді салыстыра алатын, оларды біртұтас кескінде көре алатын, тіпті өз деңгейіңде тікелей көздерден алыс жатқан абстрактылы білім қалыптастыруға қабілеті жететін дәрежеде болады.
Бала қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсеңділігімен өзі зерттей бастаған объектісінен ұзақ уақыт бойы назарын алмайды, бұл әрекеті ол оған қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді. Егер 6-7 жастағы бала өзі үшін аса маңызды ойъш ойнап жатса, ол одан екі немесе үш сағат бойы бас алмауы мүмкін. Сондай-ақ ол өнімді жұмыс жасауда да, мысалы, сурет салуға, ойыншықтарды құрастыруға, өзіне қажетті әлденелерді жасауға да осындай ынтамен кірісе алады. Балалар назарының бір нәрсеге ұзақ қадалуы, оның сол өзі жасап отырған іс-әрекетіне деген ерекше ынтасымен көрсетеді. Егер бала өзіне ұнамайтын нәрсемен айналысып, соған ұзақ уақыт назарын салып отыруға мәжбүр болса, ол шаршайды, көңілі басқа жакқа алаңдай береді, тіпті ол өзін соншалықты бақытсыз сезінеді.
Үлкен адам сөзбен айту арқылы баланың назарын белгілі бір нәрсеге бұрып, ұйымдастыра алады. Ол оған тапсырманы орындаудың қажет екеңдігін түсіндіреді және оны қалай жасау керектігінің әдісін де айтады /Балалар, альбомдарынды ашындар.
64
Қызыл қарындашты алындар да қағаздьщ сол жақтағы бұрышына, міне, мына жерге дөңгелек сызындар және т.б./
Бастауыш сынып жасындағы бала белгілі деңгейде өзінін атқаратын жұмысын өзі де жоспарлай алады. Мұңдай кезде ол не істеу керек екендігін және неден кейін нені орындау керек екендігін өзіне-өзі күбірлеп айтатынын да байқаймыз. Бұлайша жоспарлау, сөз жоқ, баланың назарын жүйелеп, ұйымдастырады.
Алайда, бала төменгі сыныпта жүрген кезінде-ақ өзінін мінез-құлқын өзі үйлестіре алады десек те, оның назарынын өз еркінен тыс басқа жақка тез ауып кету жағдайлары көбірек болады. Балаларды біртектес, тез жалықтыратын немесе қызғьшықты болса да, бірақ ойлануды қажет ететін жұмыстар тез жалықтырады. Ал бала назарының анда-санда басқа жаққа ауып отыруы оны тез шаршаудан сақтайды. Бұл ерекшелік' ойынның сабаққа кірісуте мүмкіндік беретін маңызды элемент екендігін көрсетеді және іс-әрекетті онымен жиі алмастырып отыру керек болатынын дәлелдейді. Төменгі сыныпта оқитын балалар интеллектуальды тапсырмаларды назарында ұстауға қабілетті, алайда бұл ерекше ерік-жігерді және үлкен ұйымдастырушылықгы қажет етеді.
Бастауыш сынып жасындағы бала әртүрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып көру арылы баланың қиялы іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс-әрекетінің жағдайында бала қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала қиялын өз күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мұғалім сабақта балаларға заттардың, бейнелердің, белгілердің қайта пайда болу жағдайын көз алдарына еслестетіп көруі жөнінде тапсырма береді. Бұл оқу талаптары бала қиялының дамуына мүмкіндік береді, алайда оны арнайы құралдармен пысықтап отыруға тура келеді, әйтпесе баланың өз қиялын өз күшімен ілгері жылжытуы қиын болады. Ол кұралдар заттар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер және т.б. болуы мүмкін.
Әртүрлі оқиғалар, "өлендер" ұйқастыру, ертегілер ойлап табу, түрлі кейіпкерлерді бейнелеу арқыл бала өзіне белгілі оқиғаларды, өлең жолдарын, графикалық бейнелерді өзі де байқамастан айта бастауы мүмкін. Баланың өзіне белгілі оқиғаларды әдейі бір-біріне қосып, өз кейіпкерінің сапалық жақгары арқылы жаңа бейнелер жасауы да жиі кездеседі. Егер баланың сөйлеу және қиялдай алу кабілеті жетілген болса, егер ол сөздің мәні мен мазмұнынан пайда болғ ан рефлексіне көңілі қанағаттанса, онда ол кәдімгідей мәні бар мазмұндағы оқиғаларды айтып, тіпті, өзінің ойлап табушылық кабілетінен шабыт алып, басқа адамдарды да қосып жаңасын ойлап тауып,
65
оны әңгімелеп бере алатын болады. Бала өз қиялында қауіпті де үрейлі жағдайларды да тудыра алады. Ең бастысы — тапсырманы орындаудағы қиындықгы жеңу, дос табу, жарыкқа шығу, қуанышты сәтті бастан кешіру. Қиялдағы оқиғаны жасау және оны өрістету кезінде санаға түсетін салмақ, мазмұнды баскару, кейіпкерлердін әрекетін тоқтату және оған кайтып оралу әрекеттері бала қиялын ерікті шығармашылық қызмет ретінде жаттықгырады.
Оның үстіне, қиял әсер беретін іс-әрекет ретінде көрініс табады. Бала шынайы өмірдегі қиылдықтарды бастан кешіріп, өз басындағы жағдайды тығырыкқа тірелгендік деп түсінген шақта, ол өз қиялындағы әлемге кетіп қала алады. Мысалы, әкесі жоқ болса, бұл баланың жанын жаралайды, ал ол қатты қиналған кезінде өз қиялыңда ең керемет, мейірімді де ер жүректі әкеге ие бола алады. Киял өз мазмұны бойынша кандай да бір адам сенгісіз нәрсе сияқгы болып көрінгенімен, шынайы әлеуметтік кеңістіктің нормативтеріне сүйенеді. Бала өз қияльшда мейірімділікті немесе қатігездікті көруі арқылы, ол болашақтағы өз іс-әрекеттеріне мазмұн болатын жағдайларға бейімделе алады.
Қиялға берілуі үлкен адамға карағанда баланын өмірінде үлкен рөл аткарады, қиялдьщ жиі көрініс беруі арқылы ол шынайы өмірде көбірек қателеседі. Қиялдың шаршауды білмейтін жұмысы баланың қоршаған ортаны тануға және игеруге мүмкіндік беретін, өзінің өмірлік тәжірибесінің шеңберінен шығып кетуте жағдай жасайтын маңызды жолы болып табылады, ол шығармашылық қабілеттің дамуының маңызды психологиялық алғы шарты және әлеуметтік кеңістіктің нормативін игерудің тәсілі. Соңғысы қиялдың жеке тұлғаның өзіндік ерекше сапасының мүмкіншшігімен тікелей жұмыс істеуте мәжбүр етеді.
Ақыл-ойдың дамуына оку іс-әрекеті ерекше әсер етеді. Әсіресе оку жүйесінде сөйлеу кабілетін меңгерудің және дамытудың айқындауыштық маңызы бар. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың және дамытудың мынадай түрлері болады; біріншіден, нормаға сәйкес әдеби тілді меңгеру, екіншіден, оқи және жаза алу. Оқи білу де, жаза білу де — тіл жүйесіне, оның фонетикасына, таңбалануына, лексикасына, грамматикасына, орфографиясына сүйенетін сөйлеу дағдылары. Үшіншіден, оқушылардьщ сөйлеу мәдениетінің белгілі бір талап деңгейіне сәйкес келуі, яғни, ол оқушы деген атқа ие болғандықтан да сол деңгейден төмен болмауы тиіс.
Бастауыш сьшып жасындағы бала үлкендердің сөзін бірте-бірте толық және дәл қабылдау, өз бетінше оқып, радио тындау дәрежесіне жететін
66
болады. Ол сөз әлеміне қиындықсыз араласып, онын мазмұнын бағамдай алатын болады, яғни, әңгіменің не хуралы болып жатқанын ұғынып, сөздің негізгі тақырыбының дамуын қадағалап, соған сәйкес сұрақтар беруге және диалог құруға шамасы жететін болады. Бала өзінің сөздік қорын ынталы түрде кенейтуте ұмтылып, өзі үйренген сөздер мен сөз тіркестерін жиі пайдалануға, қарапайым грамматикалық түрлер мен құрылымдарды менгеруте тырысады. Мұның бәрі баланың сөйлеу қабілетінің және ақыл-ой қабілетінің дамуындағы жетістіктер.
Тіл меңгеру базасында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады, олар баланың ойлау жүйесін байытып және өзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге, оны жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Бала мектепке барған кезден бастап, оның сезімталдық дамуы оны қоршаған сырт адамдарға және оның сырттан алған тәжірибесіне қатысты болады.
Баланың үрейленуі өзін қоршаған ортаны қабылдауының санада сәулеленуі болып табылады, ал қоршаған орта бала үшін біртіндеп кеңейе береді. Үрейдің негізгі бөлігі отбасындағы, мектептегі және өз құрбылары арасындағы жағдайлардан құралады. Өткен уақыттағы адам түсіндіріп бере алмайтын және ойдан құрылған қорқыныштары бірте-бірте күнделікті тіршіліктің толып жаткан саналы мәселелерімен алмасады. Ал баланың үрейленуіне негіз болатын алда тұрған сабақ немесе укол, тіпті түрлі табиғи құбылыстар немесе жора-жолдастарының арақатынасы болуы да мүмкін.
Бұл жастағы балаларда бірте-бірте оларға тән; мектепке барғысы келмеу әдеті пайда болады, оған жаңа өзіміз айтқан үрей қосылады. Осындай жағдайға тап болған балада бас ауруы пайда болады, құсады, басы айналады. Мұның бәрі құр сылтау емес, сондықтан да оған дұрыс көңіл бөлу керек. Әдетте мұндай балалар жақсы оқиды, ал олардың қорқыныштары жаман баға алып қаламын дегендіктен емес, негізінен ата-аналары үшін, әсіресе анасы үшін аландағандықтан туындайды, мысалы баласы үшін олардың мұңға батып, қайғы-қасіретте қалуы оны қатты аландатады. Ата-аналар баланың көзінше өз аландаушылықтарын, күдіктері мен толқыныстарын айтады, сол арқылы баланың бойында өз ата-анасы үшін аландаушылық пайда болып, әсіресе олардың мектеп алдындағы жағдайын ойлап, бала үрейлену сезіміне беріледі, сөйтіп бәріне ата-ананың өздері себеп болады. Өздеріне өздері онша сенімді емес ата-аналар баланың үнемі өз қастарында болуын қалайды. Олардың саналы түрде баладан айырылмауы баланың тәуелсіздікке, табаңдылыққа деген ынтасын жояды.
67
Сабақ алдында үрейлену әдеті пайда болған баланы тезірек мектепке қайтару керек болады. Басы ауырып тұрғанына немесе басқа да сәл нәрсені сылтау еткеніне ерекше көңіл аудару сол белгілердің күшейіп кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейде тіпті баланың көңіл-күйінің жоқтығы мен шағымына көңіл аудармау керек болады. Баланы тындап отырғаннан да, оны мектепке баруға достық ниетпен қалай да көндірген дұрыс.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың ішіндегі ер балалардың 5-8 пайызының, қыз балалардың 1 пайызының ерекше белсенділігі байқалады, бірақ бұл әзірге психикалық ауытқу емес. Алайда бұл жағдай баланың эмоционалдық, ақыл-ой, интеллектуалдық дамуының кешеуілдеуімен қатар жүреді. Мұндай мінез-құлық жүйкеге күш түсуінен пайда болуы да мүмкін және ол баланың жүйкесін ерекше қоздырып жібереді. Аса белсенді балалар берілген тапсырмаларды орындауда қатты қиыналады, себебі оларға өз назарын бір жерге аударып, тыныш отыру өте қиын. Мұндай балалар, әдетте, ата-аналар мен мұғалімдердің ерекше назарында болуы керек.
Мектеп оқушыларында болатын ерекше белсенділіктің себебі әлі күнге дейін толық анықталған жоқ, бірақ көптеген жағдайларға байланысты белгілі бір пайымдаулар айтылып жүр. Мысалы, сарапшылар мұндай жағдайды орталық нерв жүйесінің генетикалық әсерімен түсіндіреді. Көптеген зерттеушілер оның себептерін күңделікгі ішіп жүрген тағамнан, баланың өзінің ерік-жігерінен, оның өрескел қылықгарына қолдау көрсетушіліктен іздейді. Бүтінгі танда мұндай келеңсіз жайттардың алдын алу мен емдеудің түрлі әдістемелері қолданылып жүр. Кейбір дәрі-дәрмектер белсенді балаларды тыныштандырады. Сондай-ақ кең таралған әдістің бірі-тағамның құрамынан қантты, жасанды дәмдеуіштер мен тағамға қосылатын заттарды алып тастау арқылы диета қолдану. Баланың мінез-құлқына ата-ана мен мұғалімдер тарапынан үнемі және табанды бақылаудың жасалуы және сыртқы әсерді, мысалы, қоғамдық орындарда көңілді тыныштандыратын көгілдір жарықтың түсірілуі жақсы нәтиже береді.
Осы және осыған ұқсас басқа да әдістемелер баланың бойындағы ерекше белсенділікті бәсендетуге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде оқушының сабақ үлгерімін жақсартуына, сыныптағы, үйдегі, көшедегі мінез-құлқының жақсаруына себеп болады. Әрине, емдеудің бірыңғай тәсілі жоқ. Бұл жағдайда мамандар оны емдеудің бірнеше тәсілін бір мезгілде қолданады, бәлкім, оған жүйелі түрде қарау керек шығар.
68
Мектепке барған алғашқы жылдарында балалар әлі де үлкендер тарапынан қамқорлықты қажет етіп тұрса да, бірте-бірте ата-аналарынан өздерін алшақ ұстайды. Балалардың ата-аналарымен қарым-қатынасы, отбасының құрылымы және ата-аналардын өзара қарым-қатынасы балаға қатты ықпал етеді, алайда, сыртқы әлеуметтік ортамен араласының кенеюіне байланысты енді оларға үйден тыс жердегі ықпал етуі күшейе бастайды.
Бастауыш сынып жасындағы бала үшін ең маңыздысы -педагог. Балаға қарап жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М.Юсупов былай дейді: "Педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамың неғұрлым кішкентай болса, ол өзінің іс-әрекетіне үлкендердің соғұрлым үнсіз де жылы жымиысына баға беруін қажетсінеді. Тек қана оқу процесінде емес, жай қарым-қатынастарда да бастауыш сынып жасындағы балалар мен жасөспірімдерді жылы жымиыспен ынталаңдырудың маңызы зор. Сондықтан да педагогтың вербальды емес қарым-қатынаста өз бет әлпетінің жылығымен әсер етуге сарандьпы бала мен педагог арасындағы онсыз да үлкен жас айырмашьшығын одан сайын кашықтатпақ".
Үлкендердің баламен әр түрлі қарым-қатынасы және олардың балаға беретін бағасының сипаттамасы оның бойындағы өзіне баға бере алу қасиетін дамытады. Бір жағдайда оның өзінің ақылды екендігіне сенімі артса, басқа бір жағдайларда өзінің көріксіз немесе қателігін мойындайдьі. Үлкендердің тікелей әсер етуімен баланың бойында пайда болатын осындай өзіне өзі баға берушілігінен оның басқа адамдарға да баға беруінің негізі қаланады.
Мектеп оқушъшарының өз арасындағы қарым-қатынастары үнемі өзгеріп отырады. Баланың 3 жастан 6 жасқа дейінгі аралықтағы қарым-қатынастары негізінен ата-аналардың бақылауында болатын болса, 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта мектеп оқушылары көп жағдайда ата-ана назарынан тыс қалады. Бастауыш сынып жасындағы балалардың достық қарым-қатынастары негізінен қыз бала мен қыз баланың, ер бала мен ер баланың арасындағы достыққа әкеледі. Ата-аналарымен арасындағы байланыстын бұрынғыға қарағанда босаңсығаны себепті бала енді өзінің жора-жолдастарының қолдауына көбірек сүйенетін болады. Сонымен бірге оған енді өзінің эмоционалдық кауіпсіздігін де қамтамасыз етуіне тура келеді. Демек бала үшін өз құрбы-құрдастары өзіндік бір рөл атқара бастайды, яғни, ол соларға қарай отырып, бұдан әрі қарай ата-анасы көрсеткен жолдың
69
ішінен қайсысын алуы керек, ал қайсысынан бас тарту қажеттігін тандай бастайды. Мектеп жасындағы балалар әдетте жынысына, өз отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне қарай өзіндік топтарға бірігеді. Осылайша бастауыш сынып жасы маңызды жағдаймен, яғни, баланың мектепке баруымен айқындалады. Мектептегі жаңа әлеуметтік жағдай бала өмірінін бұрынғы өзі үйренген қалыбынан гөрі тереңдеу әсер береді әрі баланың жүйкесіне салмақ түсіреді.
Бастауыш сынып жасы-бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни, ол мынадай бейімділіктер: адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі, аңғал да ойын баласының қарым-қатынасы. Бастауыш сынып жасындағы балалардың бойындағы осы аталған бейімділіктердің әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс табады, ал ол осы жастағы балаларға ғана тән қайталанбас ерекшеліктер болып табылады.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың кейбір ерекшеліктері жылдар сайын жойылып отырады, кейбір ерекшеліктерінің маңызы өзгереді. Мұндай жағдайдың балалардың бойында көрініс табуы олардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі деңгейде болатынын атап көрсету қажет. Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктеріне өзіміз қарастырған осы ерекшеліктер зор ықпал етеді және ол баланың жалпы дамуының келешегінің алғы шрты болып табылады.
Жеткіншек шак және онын ерекшеліктері.
Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жеткіншек шағы /10-15 жас/ ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгірімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.
Жеткіншектердің мінезіндегі мұңдай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жеткіншек шақтағы бойдың өсуі бұрынғыға қарағанда бір жылда екі есе шапшаңдықпен өсетін болады. Баланың бойының шапшаң өсуіне әртүрлі жағдайлар әсер етеді, мысалы, баланың ішетін тағамы, еңбек, спорт. Алайда, әсер ететін осы жағдайлардың өзінде де белгілі бір зандылықтар болады,
70
мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда жылдам өседі де" ерекше ұзын сияқты болып көрінеді. Бала денесінің өсуіндеп осындай әркелкілік дененің басқа мүшелері мен органдарында да көрініс береді, мысалы сүйек етке қарағаңда тез өседі. Сүйектің өте тез өсуі кейде жанға батарлықтай ауыратыны байқалады, денесі құрысып, қатты мазасызданып, баланың берекесі кетеді. Сонын әсерімен баланың мінезінде ашушандық, қызбалық пайда болады.
Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қа жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Өсудегі морфологиялық тепе-теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы да, жүректің жұмысы да қалыпты болмайды, басы ауырады, қаны аздылықтан тез шаршайтын болады.
Бала жеткіншек шаққа өткен кезде оның нерв жүйеснің құрылымы морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның одан әрі қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақьшау жасауды күшейтеді. Балалық жастан өту нерв жүйесіне де оңайлыққа түспейді.. Ағзаның тез өсуі әрі оның өсуінің бір қалыпты болмауы нерв жүйесінің өзара байланысы мен өзара қарым-қатынасының қайта құрылуына мәжбүр етеді.
Бастауыш сынып жасындағы бала әлемге ерекше қызығушылықпен, балалық аңғалдықпен қарайды, жеткіншек өзің қоршаған әлемге баға береді және оған деген өзінің қарым-қатынасьш орнықтырады. Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игерген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-құлқын, қоғамдьгқ құбылыстарды бағалауда ешкіммен ымыраға келмейтін, өз дегенім болсын дейтін әдет табады. Ол -айналадағының бәрінің сыншысы. Ол өзі жақсы көретін адамдардың кемшілігін де көргіш болады және сол үшін киналады. Кез келген жалғандық оның ызасын тудырады және көңілін қалдырады.
Біз өз алдына жеке қарастыратын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі аса маңызды әрі ықпал ету күші басымы -қоғамның алғашқы ұжымы болатын - отбасы., бала оның ықпалын бәрінен бұрын, тез қабылдағыш қасиеті артып тұрған кішкентай кезінде ерекше сезінеді. Отбасы жағдайы, оның әлеуметтік деңгейі, ата-аналарының айналысатын кәсіптері, материалдық жағдайы және олардың білім деңгейі баланың өмірлік жолын айқындайды. Балаға ата-аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады.
71
Жеткіншек өтпелі кезеңнің ең басты процесінін бірі — жеткіншектің өз ата-аналарымен, мұғалімдерімен және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместермен қарым-қатынасыңда қайта бейімделу байқалады. Бұл қайта бейімделу жағдайы бірте-бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жеткіншек үшін үлкендер мен өз қатарластары мәртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әртүрлі көрініс береді.
Өз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын ата-аналары толтыра алмайды, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да, жасы өскен сайын дамиды. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастың болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативті мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Жеткіншекдердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері өз мәні жағынан ұжымдық-топтық болып табылады.
Жеткіншектерді өмір ортасының қарама-қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі - өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатындсын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен карым-қатынастары қанағаттандырады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен өнердің атқаратын рөлі ерекше. Әдебиет жасөспірімнің аддына адамзаттық қарым-қатынастардың, мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып береді: ол әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық-құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді. Ал музыка — адамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жеткіншекдердің тындайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.
Жеткіншектер қоғдмдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Білім жеткіншек үшін еңбектің бастысы болып табылады. Өкінішке орай, кейбір жеткіншекдердің оқу пәндеріне деген ықыласының төмендеуінің әсерінен сабақ үлгерімі нашарлайды. Ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласымен қызыға айналысу негізінен жеткіншекдерге тән.
Жеткіншек өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жеткіншектін досы - ол тек бірге ойнайтын, жанжалдасып қалдтын, татуласатын, бірге сапарға шығатын жолдас қана емес. Ол - жеткіншектің екінші өзі, ол оның ойын білетін қызығушылықтары мен сезімдерінің куәгері және жақсы ниеттегі сыншысы. Ал жеткіншек шактың
72
орта тұсында қыз балалардың бойында ер балалар арасынан, ер балалардың бойында қыз балалар арасынан дос табуға деген қажеттілік оянады. Осылайша, ақылға салынған мақсатты қарым-қатынастағы достық қалыптасады, осыдан келіп жастық шақтың алғашқы махаббаты да оянуы мүмкін.
Жеткіншектермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс-әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін-өзі сенімді ұстауына мүмкіндік береді; құндылықтарын қалыптастыру; мінез-құлқы мен рухани дамуына қарым-қатынастарын ұлғайтады.
Жеткіншектер тәрбиесі, бірінші кезекте, олардың физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді. Жеткіншектердің физиологиялық даму ерекшеліктерін және бұл ерекшеліктердің баланың жетілуінде көрініс табуын, жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достары мен жолдастарының болуын ескере отырып дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы және отбасындағы жағдайы арқылы жеткіншектің жеке тұлғасын қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жетеді.
Демек, осы жастағы оқушьшармен жүргізілетін жұмыстың маңызды міндеті тәрбиешілердің мектептегі және мектептен тыс кездегі балалардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, қажетті әдептілікті сақтай отырып, педагогикалық ұстамдылық пен шыдамдылыққа негізделген қызметтерін дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Жеткіншектер өмірінде, әсіресе, 9 сыныпта, яғни, толық орта білім алу жолына тандау жасайтын кезде, олардың бойында әртүрлі мамандықтарға, мектеп пәндерінің ішіндегі белгілі бір пәнге деген қызығушылығы пайда болады.
Жоғары сынып жасындағыларға психологиялық-педагогикалық
сипаттама.
Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Бұл жаста /15-17 жаста/ адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқардсының негізгі сипаттары қалыптасады- үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін тандау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезені тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.
73
Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен - бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен 16-17 жас аралықтары кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шактың соңы деп атылады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-14 жас, ал жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып анықталған.
Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар мен талаптарының араындағы айырмашьшықтың болуына байланысты. Әлеуметік және таптық жағдайы жеке тұлғаның өмірлік жолының тұлғалық жағынан қалыптасу кезеңінен бастап, білім алу деңгейі мен дүниеге көзқарасы қалыптасуында зор мәнге ие болады.
Әдістемелік мәселенің ең күрделі жағы жас мөлшеріне байланысты өзіндік- жеке тұлғалық сипатының тұрақтылық және өзгермелілік деңгейі. Генетикалық немесе дамудың бастапқы кезінде пайда болған физиологиялық даму адамның жас мөлшеріне, жынысына байланысты. Мәдени шарттьшықтарға байланысты сипаттамалар өзгермелі болып келеді, оның үстіне жас мөлшеріне қарай ілгерілеушіліктер, шын мәнісінде, басқа сипатқа ие. Биомәдениеттік сипаттамалар биологияльгқ та, әлеуметтік-мәдени де де шарттарға байланысты түрленеді. Сондықтан өзіндік-жеке тұлғалық сипаттамалар ерекшелік емес, тәртіп болып саналатын болса да, олар жастық шақ аяқгалған соң, енді өзгерістер болмайды екен деген ұғымды білдірмейді.
10 жастағы бала салмақгы, әрі өмірдің өзі үшін жаңа тұстарын жеңіл қабылдайды, сенгіш, ата-ананың айтқанынан шықпайды, сыртқы сипатына да көп мән бере қоймайды. Ал 15 жастың мән-мағынасын бір қалыпқа салып айтып беру мүмкін емес, себебі бұл кезде баланың өзіндік ерекшеліктері тез айқындалып келе жатады. Бұл 15 жастағы жаңа өзгерістер, яғни, отбасындағы да, мектептегі де қарым-қатынастарында қиыншьшық туғызатын тәуелсіз болуға ұмтылу рухының айқындалуы, өзін сырттай бақылап отырғандардан бостандыкқа шығуға деген құштарлығы өзін-өзі алып жүре алатындай өзін-өзі тәрбиелей алудың бастауы. Осының барлығы жасөспірімнің жандүниесінің тез жараланып қалғыштығына және сыртқы зиянды әсерлерге тез бой алдырғыш болуына себеп болады. Ал 16 жасқа келгенде мінездегі тепе-теңдік тағы да орнығады: келіспеушілік күйдің үнемі жоғары болуымен алмасады, өзіне өзі ие бола алу қабілеті де артады,
74
әсерленгіштігінің де қалыпқа түскені, көпшілдігі, болашаққа деген зор сенімі аңғарылады.
Бозбалалық шақ деген ұғым әрқашан да өтпелі кезең, жыныстық жағынан жетіту болып табылатын физиологиялық процесс деген ұғыммен тығыз байланысты. Физиологиялық бұл процес шартты түрде екі фазаға бөлінеді:
а) пубертаттық кезеңнің алдындағы немесе дайындық кезені;
ә) өзіндік пубертаттық кезең, бұл кезеңде жыныстық жетілудің
негізгі процестері жүзеге асырылады;
б) пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең, бұл кезде адам ағзасы толық физио-биологиялық жетілу деңгейіне жетеді.
Егер осы бөлінулерді әдеттегі жас мөлшері бойынша біріктіріп қарайтын болсақ, пубертаттық кезеңнің алдындағы кезен жасөспірімдік шаққа дейінгі кезенге сәйкес келеді, ал пубертаттық -жасөспірімдік кезенге, пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең -жастық шаққа сәйкес келеді.
Жастық шақ ақыл-ой қабілеттілігі артуының маңызды кезеңі.
Жоғары сынып оқушылары "Неге" деген сұракқа үнемі және табанды түрде жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктілігіне әрі негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Олардын ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пәннің қызғьшықтығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пәннін сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлануды талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен зандылықтарды іздеуге құштар.
Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс - өзіндік ақыл-ойдын және өзіндік "Меннің" бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастықтың психологиялық құндылығына ие болу деген сөз - өзінің ішкі әлемін ашу деген сөз. Өзінің ішкі әлемін ашу -бұл аса маңызды да, қуанышты, жан толқытарлық жағдай, бірақ ол сонымен қатар көңілді алаңдататын және қақтығысқа толы шақтарды да бастан кешіру деген сөз. Сананың толығуымен бірге өзінің ғайыптылығымен, қайталанбастығымен, басқа сезімдерден өзгешелігімен ерекшеленіп жалғыздық сезімі пайда болады. Жастық шақтағы "мен" әлі толық анықталмаған, бұлыңғыр сезім, ол көп жағдайда ішкі дүниесі бос қалғандай әсерде болып, оны толықтыруды қажетсінетіндей сезімге келеді. Осыдан келіп басқалармен араласуға деген құштарлық, сонымен бірге кіммен қарым-қатынаста болудың да тандалуы пайда болып, онаша болуды қалайды.
75
Үлкендермен қарым-қатынасы жастық шақтың ең маңызды мәселесі болып табылады, оның әлеуметтік және психологиялық та жағы бар. Ал оны дұрыс жолға қою үшін, жас айырмашылығын және қарым-қатынаста болатын, бірак әрқайсысы өмір жолының әр кезеңінде келе жатқан адамдармен өз арасындағы айырмашылықты шектеуді қажетсінеді. Мұндай айырмашылықтар әр түрлі және өзіндік қасиеттер мен қарым-қатынастарды қамтиды. 16 жастағы жігіт өзінің мүмкіндіктері жағынан да, өз кызығушьшықтарымен де, қоғамдық жағдайымен де 36 жастағы ер адамнан қашанда, қай жерде болса да ерекшеленіп тұрады.
Қазіргі жоғары сыныптағылардың дене жетілуі мен психикалық дамуы жағынан бұдан он жылдан бұрынғы қатар құрдастарынан айтарлықтай жоғары, бұл жастағылар өздерін көп жағдайда ересектер санатымызда деп есептейді. Адамның әрбір жас шамасы айнала шындықпен тікелей қатынаста болады, сондай-ақ әрбір жас шама адамның өмірінде өз ерекшелігімен маңызды орын алады.Сондықтан әрбір жас кезеңнің өзіндік мәнін, сипаттамаларын зерттеу, білу болашақ ұрпақты өмірге дайындау ғана емес, баланы әр жас шамасына сай, оның талап-тілегімен санасып, нақтылы мақсатқа бағыттауымен байланысты. Халықтың педагогикада қазақ халқы адамның өмірін балалық шақ-қозы жасы деп бірнеше кезеңге бөлген. Қазақтың өмірі малмен тығыз байланысты болған мысалы; балалық кезең І жастан 10 жасқа дейін осы кезде баланың сана-сезімі дамиды. Қозы жас 10-15 жастың арасы адамға ақыл-ой кіреді. Қой жасы 15-25-тің арасы, мінез-құлық пайда болып қалыптасады. Жылқы жасы 25-40-тің арасы, одан үйлі-баранды болып халықтың әдет-ғұрпына араласады. Патша жасы 40-тан жоғары,ел болып, қоғамның салт-дәстүрін сақтап мемлекет басқаруға құқығы бар.
Л.С.Выготский өз-зерттеуінде әр жас шаманың басталуы ерекше,тек қана сол жас кезеңге лайықты, бала мен орта арасындағы қайталанбайтын қарым-қатынас орнай бастайды деген пікірді білдіреді
Тәрбиеде әр балаға жеке қарау - бұл оқушыны басқалардан айырып тұрған жеке бас ерекшелігін есепке алу ғана емес. Бұл бәрінен де бұрын, оқушыға әруақытта және барлық қарым-катынастарда жеке тұлға ретінде, іс-әрекеттің жауапты да өзін-өзі тани алатын субъектісі ретінде қарау. Жастық
76
шақ - жеке тұлғанын қалыптасқан кезеңі. Бірақ жоғары сыныптағылардын бірден көзге түсетін ерекше жеке тұлға екендігін ұмытпауымыз керек.
Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тән күштарлықтарына сәйкес оның негізгі мүмкіндіктерін іске қосу үшін, жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының әлеуметтік-мәнділік жағын анықтап алуы үшін көмектесу.
Бұл кезенде тәрбиенің маңызды қызметі оқушының өз мамандығын тандауына көмектесу, өзінің отбасын құруына дайындау және азаматтық көзқарасы тұрғысынан әлеуметтік, Отанға деген белсенділігін қалыптастыру болмақ.
Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары, дүниетанымының негізі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірдегі өзінің орны айқындалады. Тәрбиешілер жүргізетін бұл кезеңдегі мақсатты тәрбие өзінің айқындаушылық қызметін атқаратын болса да, дәл осы кезде жеке тұлғаның өз белсеңділігі, оның әртүрлі құбылыстарға баға беруі, әлеуметтік келеңсіздіктерге қарсы ықпал ете білуі айқын көрініс береді, тіршілік талап ететін және өзінің әлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |