Педагогика тәрбие туралы ғылым



жүктеу 64,5 Kb.
бет2/3
Дата04.01.2022
өлшемі64,5 Kb.
#31704
1   2   3
Педагогика тәрбие туралы ғылым

Педагогика ғылымының дамуы және міңдеттері.

   Тәрбие процесі туралы білімнің  бірте-бірте жиналуы жаңа ғылымның                 педагогиканың пайда болуына ықпал етті. Философиялық білім жүйесінен XII ғ. басында  алғаш рет бөлініп шықты және оның негізін қалаған чех педагогы Я.А. Коменский /1592-1670/ . Оның теориялық идеялары дүние жүзіне кең танымал да, әрі осы күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Коменскийдің әйгілі «Ұлы дидактика»- атты еңбегінде  балаларды оқытудың негізгі теориялық мәселелерімен оларды ұйымдастырудың жолдары баяндаоды. Өз еңбектерінде Я.А. Коменский балалардың  адамгершілік тәрбиесіне өте үлкен мән берді, ол «Аналар мектебі» атты кітабында отбасы тәрбиесіне байланысты өз көзқарастарын паш етті.

Коменский ізімен батыс еуропалық педагогика тарихында елеулі еңбегімен көрінген ғылым өкілдері келіп шықты. Олардың ішінде ас көрнекті Англияда Джон Локк/1632-1704/, Францияда Жан-жак Руссо /1712-1781/,  Швейцарияда Иоганн Генрих Песталоцци /1746-1827/, Германияда Иоганн Гербарт /1776-1841/ және Адольф Дистерверг /1790-1866/ т.б. болды.

Педагогика ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан ірі ғалым педагог Н.К. Крупская. Н.К.Крупскаяның еңбектері 10 томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған.

Педагогикалық тақырыптарға жазылған құнды еңбектер педагогика ғылымының дамуына игі әсерін тигізді. Олар: «Советская педагогика за десять лет (1917-1927)», авторлары А.П. Пинкевич, А.Г. Калашниковтың редакциясымен дайындалған үш томдық «Педагогикалық энциклопедия» (1927-1928);  И.А. Каировтың  (Москва 1939) және П.Н. Груздеваның (Ленинград ,1940) редакциясымен жазылған педагогика оқулықтары т.б.

Ірі педагог Антон Семенович Макаренко (1888-1939) педагогика ғылымына үлкен үлес қосты. Ол оқу- тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды. А.С. Макаренконың  тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның 1983-1986  жылдары жазылып баспадан шыққан сегіз томдық Педагогикалық шығармаларда  жинақталған. Олар; «Ата-аналар үшін кітап», «Балаларды тәрбиелеу жайлы лекциялар», «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі», «Ұстаздық дастан», «Мұнара үстіндегі таулар»т.б. педагогикалық және әдеби тақырыптарға жазылған повесть, мақалалар, әңгімелер мен очерктер.Бұл еңбектерде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міңдеттерін, әдістемесі мен негізгі принциптерін , балалар ұжымын, оқушыларға қойылатын бірыңғай талаптарды зерттеп жинақтады.

Педагогика ғылымының дамуына қазақтың белгілі философтары, ағартушы педагогтары, психолгтары үлкен үлес қосты.

Қазақстанда ағартушылық идеяларды көтергендердің бірі- Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865). Ағартушы ғалым қазақ даласындағы оқу мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білім табиғат сырларын ашуға бағытталуын, Туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдер қатарында болуын армандады. Оның еңбектерінде білім жалпы халыққа бірдей ортақ деген идея басым болды. Шоқанның ағартушы-ғалым, демократ ретінде көздеген ой-пікірі, негізгі мақсаты- халыққа білім беру, оқыту оны реформа арқылы іске асыру еді.

Қазақтың аса көрнекті ағаартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889).Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға жұмсады. Қазақ жерінде екі сыныпты қазақ –орыс мектебінің, тұнғыш мұғалімдер мектебінің (1888) ашылуынан, сол мектептерге арнап «Қазақ хрестоматиясы»(1889ж.) «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» (1889).Сонымен қатар кәсіптік мамандық алуына жол ашты. Торғай қолөнер, Қостанайда ауыл шаруашылығы училищелер, Ырғызда қазақ қыздарына арнап мектеп интернаттың ашылуына ықпал жасады.

Қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаевтың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен «ғалқия» сөздері педагогикалық ой- пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, адам жаратылысының бірдей емес екендігі, ғылымның ақылмен, жан құмарлықпен алынатындығы, жастарды халқының әдет –ғұрпы, салт-санасы, дәстүрімен тәлім тәрбие алуға шақырды.

Ағартушы педагог Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) бай педагогикалық мұра қалдырды.А.Байтұрсынов бүкіл өмірін қазақ қоғамында білім ғылымның дамуына, мектеп ісінің кемелденуіне бағыштады.А.Байтұрсынов қазақша оқу құралын (1912) тұнғыш «Әліппе» құралын жазды. 1915 жылы «Тіл құрал» кітабы жарыққа шықты.Ол осы оқулықта қазақ грамматикасына қатыстыкатегориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынды, фонетика, морфология, синтаксис салаларының қазақ тіліндегі негізін салды.

Міржақып Дулатов (1885-1935), оқу-тәрбие мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарап , жаңа бағдарлама арқылы білім алуға,ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ беруге ерекше мән берді.Өзінің «Қирағат» кітабында 1924ж. «Есеп құралы» 1914ж. қазіргі кездегі математикадан оқу кітаптарын құрастырушылар  үшін теңдесі жоқ үлгі болды.

Тәлім-тәрбие ғылымына терең үңілгендердің бірі- Мағжан Жұмабаев (1893-1938). Оның «Педагогика» атты еңбегі адамның жан  дүниесінің әр түрлі жақтарын сипаттайды.Сонымен қатар әдістемелік еңбектері : «Жазылшақ оқу құралдары һәм мектебіміз»1921ж. оқу құралдарын қандай етіп жазу қажеттігін баяндайды, «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы» 1925ж. т.б.

Педагогиканың негізгі міндеттерінің бірі ол- тәрбиелік жұмыстардың теориялық және әдістемелік проблемалары шешу, яғни  педагогика адам дамы мен қалыптасуының мән-мағанасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін анықтайды.

Сонымен,  педагогика тәрбие теориясы мен әдістемесін нақтылай отырып, жеке адам дамуының астарлы, тереңде жатқан тетіктерін және оның дайындығына  қоғам тарапынан қойылған талаптар мен әлеуметтік сапаларға орай ұйымдастырылған қалыптастыру процесін зерттейді. Бұл педагогика зерттейтін негшзгі теориялық проблемаларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Оларға:

1. Жеке адамның арнайы ұйымдастырылған тәрбие жағдайында даму және қалптасуының  мән –мағанасы мен заңдылықтарын зерттеу;

2. Тәрбиенің мақсатын анықтау;

3. Тәрбиенің мазмұның белгілеу;

4. Тәрбие тәсілдерін зерттеу.


жүктеу 64,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау