2. Педагогика ғылымының әдіснамалық негіздері.
Педагогикалық теория дамуының ежелден –ақ маңызды факторы оның ғылымдық өрістеуіне әдіснамалық шарттар. Ғылым әдіснамасы бұл- табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы. Ұзақ уақыт философияның бір бөлігі болған педагогика екі негізгі философиялық әдіснама: идеалистік және материалистік тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды және қазір де дамып отыр. Ежелгі грек философия- педагогикалық ой-пікір саласында идеалистік бағытты ұстаған Сократ пен Плотон адам дамуының шешуші факторы бір табиғат екенін мойындаса, материалистік бағыттағы Гераклит, Демокрит және Эпикур адамның қалыптасуын басқаша түсіндірді, сыртқы ықпалдар мен тұрмыстық жағдайларға байланыстырды.
Көп әдіснамалық алғышарттардың ішінде аса маңыздыларының бірі тәрбиенің барша табиғи және қоғамдық құбылыстар сияқты себепті-салдары байланысты сипатта екендігі. Осыдан материалистік бағытқа негізделген педагогика өз зерттеулерін тәрбие мен теориялық тұғырнамасына ықпал жасаушы өндірістік-экономикалық жәнетәлеуметтік –саяси факторларға байланыстыра жүргізеді.
Материалистік тәрбие теориясының шешімі үшін ең маңызды идея- бұл адамның жеке тұлға болып дамуының көзі тіршілік иесінен сыртта, әрі оның қалыптасуы «әлеуметтік бағдарламаға» сәйкес, қоғамдық ықпалдың соның ішінде тәрбиенің нәтежиесінде іске асады. Сонымен қатар бұл әдіснама, адам дамуының көзі, одан тыс екенін айта отырып, оның қоғамдық тұлға болып қалыптасуында өзінің ішкі жан дүниелік белсенділігінің де маңызды рөл атқаратынын алға тартады.
«Әдіснама» грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағына береді. «әдіс» термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады. Яғни, методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология – зерттеу процесі туралы іліам ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы методология, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы фиолософиялық жүйемен байланысты. Ғылыми методологияны жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методолгияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.
Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосындысы емес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады.
Материалистік диалектика ғылыми ізденістің стратегиясын береді, бірақ ол нақтылы ғылымда пайда болатын сұрақтарға дайын жауап бермейді.
Көптеген жағдайларда педагогикада негізгі идеялар, теориялық және тәжірибелік аспектілер өзара тығыз байланысты. Сондықтан педагогикада теориянеы жасау және зерттеудің теориялық деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы тенденция болып отыр. Бұл тенденция педагогиканың методологиясы деген сұрақты қарастырғанда күмән жоқ, бұл сұаққа жауап бермей басқа сұраққа жауап беру мүмкін емес – ал, бұл дегеніміз педагогикалық зерттеулердің теориялық деңгейін күшейту деген сөз.
Педагогикалық әдіснама мәні іртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады (Г.В.Воробьев). Қазіргі педагогика әдіснаманың пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі – педагогикалық білімдер жүйесін (Ф.Ф.Королев) зерттеу процесі екендігі анықталған.
Әдіснамалық білімдер жүйесіне: педагогика пәні, педагогиканың категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланыстылығы, педагогика ғылымдарының жүйесі, педагогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педагогиканың
Достарыңызбен бөлісу: |