Бақылау сұрақтары
Оқыту дегеніміз не?
Оқыту процесінің мәні неде?
Оқыту процесінің функцияларын ата.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін ата.
Оқыту процесінің құрылымы, негізгі сатыларын сипатта.
Оқытудың қызметін атаңыз.
Оқыту түрлері, олардың кемшіліктері мен жетістіктерін атаңаыз.
Оқыту түрлерінің сипаттамасын және ерекшеліктерін атаңыз.
№21 дәріс тақырыбы: Оқу мотивтері
Жоспары:
1. Оқу мотивтері туралы түсінік.
2. Оқу әрекеті мотивтерін қалыптастыру.
3. Оқуға мотивацияны арттыру шарттары.
4. Оқушыларды оқуға ынталандыру.
1. Мотивтер /фр. motif, лат. moveo – қозғалтамын/ іс-әрекеттің түрткісі, олар субъектінің өмір сүру жағдайының әсерімен құрылады және оның белсенділігінің бағытталғандығын анықтайды. Мотив ролінде сұраныстары, қызығушылықтары, талпыныстары, эмоциялары, бағытталғандығы және мұраттары болып табылады. Бала мектепке келгенде мектепте болуға деген қызығушылықпен байланысты және қоғамдық өмірге белсенді қатыстырылу мотивтері онда басым болады. Өсе келе бұл мотивтер өзгеріске түседі: бір жағдайларда жақсы баға алуға деген қызығушылық пайда болады, екіншілерде білімнің өзіндік мазмұнына қызығушылық туады.
Себептендіру /мотив/ - баланы оқуға ұмтылдыратын күш. Оқушының оқу мотивтері – борыш сезімі, мұғалімнен мақтау алу ниеті, жазалаудан қорқуы, ересектердің талабын орындау әдеті, танымдық қызығушылық, сыныпта өз орнын табуға деген ұмтылысы, ата-аналарды қуантуға ниеті, «бестік» бағасын алуға талпынысы, сыйлық алуға деген ұмтылысы.
Бақылау сұрақтары
Мотив дегеніміз не?
Оқу мотивтерін ата.
Танымдық мотив дегеніміз не?
Оқу әрекеті мотивтерін қалыптастыру тәсілдерін ата.
Оқуға мотивацияны арттыру шарттарын көрсет.
Стимул дегеніміз не?
№22 дәріс тақырыбы: Оқыту заңдылықтары және принциптері
Жоспары:
1. Оқытудың заңдылықтары және принциптері туралы жалпы түсінік.
2. Оқытудың заңдылықтары.
3. Оқытудың жеке /нақты/ заңдылықтары.
4. Оқытудың принциптері /ұстанымдары/ мен ережелері.
1.Оқыту теориясының негізгі компоненттерінің бірі оның заңдылықтары. Олардан құбылыстар, үрдістер, оның нәтижелері арасындағы обьективті, тұрақты және қайталанып келіп отыратын байланыстар көрініс табады.
Дидактикалық принциптер – оқыту процесінің жалпы мақсаттарына және заңдылықтарына сәйкесті мазмұнды, ұйымдастырушылық формалар мен әдістерді анықтайтын базистік жағдайлар.
Я.А.Коменский педагогикалық ойдың тарихында ең бірінші болып оқыту процесінің құрылыуын анықтайтын оқыту принциптерінің жүйесін жасады. Я.А.Коменскийдің оқыту табиғаттың және адамның дамуының жалпы заңдылықтарына бағынады деген идеясы «оқытудың табиғатқа сәйкестігі» деген атқа ие болды. Ж.Ж.Руссо оқыту процесінің принципалдық негізі баланың табиғатпен тікелей жанасуы деп есептеді. И.Г.Песталоцци оқытудың мазмұнын көрнекілік принципінен шығарады.
А.Дистервег оқыту жүйесін нақты ережелермен толтырады. Ол оларды оқыту мазмұнына, оқытушыларға, оқушыларға талаптар түрінде қарастырды. Оқыту прициптерін жасауда К.Д.Ушинский үлкен үлес қосты. Ол мынадай принциптерді бөліп шығарды: оқытудың халықтық идеясында көрініс табатын оқытудың тәрбиелеушілік сипаты; оқытудың жүйелігі, шамаға лайықтылығы және әлі жетерлігі; білімнің беріктігі; оқытудың саналылығы және белсенділігі; оқытудың көрнекілігі. К.Д.Ушинский осы принциптерге терең психологиялық негіздеме берді.
Бақылау сұрақтары
Оқыту процесінің заңдылықтарына түсінік және оларға сипаттама бер.
Оқытудың заңдылықтарын ата.
Оқытудың жеке заңдылықтарын ата.
Оқыту принциптері дегеніміз не?
Я.А.Каменский, К.Д.Ушинский оқыту принциптерін қалай қарастырды?
Табиғатқа сәйкестілік принципінің мәні.
Саналылық және белсенділік принципінің мәні неде?
Көрнекілік принципінің принципінің мәні неде?
Ғылымилық принципінің мәні неде?
№23 дәріс тақырыбы: Мектептегі оқыту әдістері
Жоспары:
1. Оқыту әдістері және олардың функциясы туралы түсінік.
2. Оқыту әдістерін жіктеу немесе классификациялау.
3. Танымдық іс-әрекеттің типіне қарай оқыту әдістерін классификациялау.
1. Әдіс дегеніміз - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.
Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері – бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара бірлескен іс-әрекетінің тәсілі. Оқыту әдістерінде объективті /мұғалімнен тәуелсіз/ және субъективті /оған тәуелді/ бөлімдер болады.
Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызу керек. Олар оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары.
Оқыту әдістері әр түрлі функцияларды орындайды: оқытушылық, мотивациялық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, ұйымдастырушылық.
Бақылау сұрақтары
Оқыту әдісі дегеніміз не?
Әдіс құрылымынан қандай құрамдық бөліктерді бөліп көрсетуге болады?Әдістерді жіктеудің мәнін ашып көрсет
Оқыту функциялары қандай функцияларды орындайды?
Әңгіме әдісінің мазмұнын ашып көрсет.
Танымдық іс-әрекеттің типіне қарай оқыту әдістерін классификацияла.
№24 дәріс тақырыбы:Оқыту әдістерінің түрлері.
Жоспары:
1. Ауызша баяндау әдістері.
2.Оқытудың көрнекілік әдістері.
3.Оқытудың практикалық әдістері.
4. Оқытудың бағдарламаланған /программаланған/ әдістері.
5. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
1.Ауызша баяндау әдістеріне жататындар: баяндау /рассказ/, түсіндіру, әңгіме, дәріс, оқу пікірталасы.
Баяндау /рассказ/ оқытудың сөздік әдісі, ол бойынша оқу материалының мазмұны ауызша айтылған күйде беріледі. Баяндауға қойылатын педагогикалық талаптар: сабақ берудің идеялық адамгершілік бағытталғандығын қамтамасыз ету; хабарланатын ақпараттың дұрыстығы; қойвлатын, дәлелденетін жағдайлардың дұрыстығын дәлелдеу үшін жарқын көз жеткізетін мысалдарды, фактілерді келтіру; баяндаудың эмоционалдығы; баяндау тілінің жатықтығы және түсініктілігі, беріліп жатқан фактілерді, деректерді бағалауда өзінің тұрғысын, көзқарасын көрсету.
Бұл әдістің функциясы – оқытушылық. Бұл әдіс көбінесе бастауыш сыныптарда қолданылды. Мақсатына қарай баяндаудың бірнеше түрін бөледі: баяндау-кіріспе, баяндау – мазмұнын ашу, баяндау – қорытынды.
Түсіндіру – оқытудың сөздік әдісі заңдылықтарды, оқылып жатқан объектілердің мәнді қасиеттерін, жекелеген ұғымдарды, фактілерді, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі құбылыстардағы себеп пен салдарды көрсету болып табылады. Түсіндіруге қойылатын педагогикалық талаптар: міндетті, мәселенің, сұрақтың тұқ етерін дәл және анық қою, себеп-салдар байланыстарды, аргументацияны және дәлелді бірізділікпен ашып көрсету; салыстыру, сәйкес келтіру, аналогия тәсілдерін қолдану; жарқын мысалдарды келтіру; баяндаудың анық логикасын қамтамасыз ету.
Түсіндіру барлық жастағы балаларды оқытуда қолданады.
Бақылау сұрақтары
.Ауызша баяндау әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?
Оқытудың көрнекілік әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?
Оқытудың практикалық әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?
.Оқытудың бағдарламаланған /программаланған/ әдістері дегенді қалай түсінесің?
№25 дәріс тақырыбы: Оқыту құралдары
Жоспары:
1. Оқыту құралдары туралы түсінік және оның функциялары.
2. Оқыту құралдарын класссификациялау.
3. Аудивизуалдық оқыту құралдары.
4. Әдістемелік ескертпелер.
Оқыту құралдары дегенде оқушыларға сенсомоторлық стимул, олардың көру, есту, и»с сезу және т.б. мүшелеріне әсер етіп, шындық дүниені тікелей және жанама түрде бейнелеуге көмектесетін «нәрселерді» түсінеміз. «Нәрсе» немесе «пән» ұғымын шындық дүниеге қатысты және модельдік, образдық, сөздік немесе символикалық заттар ретінде түсінуге болады.
Оқыту құралдары оқыту процесінде төмендегідей функцияларды орындайды:
оқушылардың шындық дүниенің фрагменттерін тікелей тануға көмектеседі (танымдық функция);
оқушылардың сезімдері мен ерік-жігерлерін, танымдық қабілеттерін дамыту құралы (қалыптастырушы функциясы);
оқушылардың меңгеретін білімдері мен біліктіліктерінің негізгі көзі, оқу материалын бекіту, болжамды тексеру, білімді меңгеру деңгейін тексеру және т.б.тексеруді жеңілдетеді (дидактикалық функциясы).
Аталған оқыту құралдарының функциялары өзара байланысты және бірін-бірі толықтырады. Мысалы, оқушылар оқу материалымен танысқан кезде танымдық функция дидактикалық және қалыптастырушы функциялармен қатар жүреді.Сол сияқты қалыптастырушы функция дидактикалық ,танымдық функциялармен байланысады. Мысалы, оқушылардың өз бетімен ойлауы және естің беріктігін дамыту үшін оған жағдай жасауымыз, яғни, есте сақтау әрекетін немесе мәселені шешумен байланыстыратын нәрсені анықтауымыз қажет.
Құрал – оқу үрдісіне заттық көмек. Оқыту құралдарына педагогтың даусы (сөйлеуі), шеберлігі, сынып заттары т.б. жатады.
Бақылау сұрақтары
1. Оқыту құралдары дегеніміз не?
2. Оқыту құралдарының функцияларын ата.
3. Оқыту құралдарын ата.
4. Оқыту әдістерін топтастыру немесе классификациялаудың жолдарын көрсет.
5. Аудивизуалдық оқыту құралдары дегенді қалай түсінесің?
6. Аудивизуалдық оқыту құралдарының артықшылықтары неде?
№26 дәріс тақырыбы: Мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары
Жоспары:
1. Оқытуды ұйымдастыру формалары және оларды классификациялау.
2. Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық формасы.
3. Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар.
1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тәртіпте және режимде жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың келісілген іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. Олар әлеуметтік шартталған, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болады және жетілдіріледі.
Оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі өлшемдер бойынша классификацияланады:
оқушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жекелік;
оқу орнына қарай: мектептік және мектептен тыс формалар;
мектептік оқыту формалары: сабақтар, шеберханада, мектеп жанындағы тәжірибе участкісінде, лабораториядағы т.б. жұмыс;
оқыту уақытының ұзақтығына қарай; сыныптағы сабақ /45 минут/, қосарланған сабақ /90 минут/, әр түрлі ұзақтықтағы сабақтар.
Мектептік даму тарихында әр түрлі оқыту жүйесінде бір басым оқыту формасы қолданылды: жекелік-топтық /орта ғасыр мектептерінде/, өзара оқыту /Англиядағы белланкастер жүйесі/, оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқыту /мангеймдік жүйе/, бригадалық оқыту /совет мектебінің 20-шы жылдары/, американдық «Трамп жоспары», онда уақыттың 40% үлкен топтарда /100-150 адам/, 20% - кіші топтарда, және 40% дербес оқуға бөлінді.
Дүние жүзінде ең көп тараған оқытудың сыныптық-сабақтық жүйе болды, ХҮІІғ. пайда болып, міне үш ғасыр бойы дамып келе жатыр. Оның контурын неміс педагогы И.Штурм /1537-1582/ жасады ал, Я.А.Коменский /1592-1670/ оның теориялық негізін салып, практикалық технологиясын жүзеге асырды.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша формалары бар:
лекция;
семинар;
пәндік үйірмелер;
топсеруен;
факультативтер;
кеңес;
қосымша сабақтар;
үй тапсырмасы;
- оқытудың жекелік формасы.
Бақылау сұрақтары
Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз не?
Оқыту формаларын классификациялаудың негізі неде?
Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық формасының ерекшелігі неде?
Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар ата.
Оқытуды ұйымдастыру формалары және оларды классификациялау.
Оқу жұмысының формасын қандай белгілер сипаттайды?
№27 дәріс тақырыбы:Мектептегі сабақ туралы түсінік.
Жоспары:
1. Мектептегі сабақтың типтері.
2. Сабақтың құрылымы.
3. Дәстүрлі емес сабақтар және оларды талдау.
4. Мұғалімнің сабаққа даярлануы.
1.Сабақты классификациялаудың негізіне оқу мақсаты, оны өткізудің әдісі немесе оқыту процесінің құрамдас буындары жатады. Осыған қарай сабақтың әр түрлі типтері ажыратылады.
Танымдық іс-әрекеттің кезеңдеріне қарай сабақтың типтері:
кіріспе сабақтар
материалмен бастапқы таныстырудың сабақтары
ұғымдарды қалыптастырудың, заңдарды орнатудың сабақтары
алған білімді практикада қолдану сабақтары
дағдылар сабағы
жалпылау және қорытындылау сабақтары
бақылау сабақтары
аралас сабақ
Оқыту әдістеріне қарай сабақтардың типтері:
сабақ-әңгіме
сабақ-лекция
кино сабағы
лабораториялық сабақ
іс-әрекеттің түр-түрімен сабақ
Дидактикалық міндеттеріне қарай сабақтың типтері:
оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы
іскерлікті және дағдыны қалыптастыру сабағы
білімді жалпылау және жүйелік сабағы
қайталау, бекіту немесе білімді, іскерлікті, дағдыны кешенді қолдану сабағы
бақылау-тексеру сабағы
аралас сабақ
Бақылау сұрақтары
Оқу жұмысының формасын қандай белгілер сипаттайды?
Оқытуды ұйымдастыру формалары қандай өлшемдер бойынша анықталады?
Мектептердің даму тарихында оқыту ұйымдастырудың қандай формалары қалыптасты?
Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық жүйесі қандай ерекшеліктермен сипатталады?
Сабақ типтерге қандай ерекшеліктері бойынша жіктеледі?
Сабақтардың негізгі типтерін көрсет.
№28 дәріс тақырыбы: Мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары
Жоспары:
1. Қазіргі сабақ құрылымының моделі.
2. Сабақта саналы тәртіпті орнату мәселесі.
3. Сабақты бақылаудың және оны талдаудың үлгі бағдарламасы.
4. Үйдегі оқу жұмысы, оған қойылатын талаптар.
1.Қазіргі сабақ құрылымының моделі.
ІІ. Оқушылардың жаңа білімді игеру үрдісі:
ІІІ. Түсіну үрдісі:
ІҮ. Жаңа білімді ұғыну үрдісі:
Ү. Жаңа білімді жалпылау және жаңа ұғымдарды бұрыңғы меңгерген жүйеге енгізу:
ҮІ. Сабақта білімді бекіту және қолдану:
ҮІІ. Сабақтың қорытынды бөлімі: оқушылар қызметінің мазмұндық жағын бақылау.
3. Үй тапсырмасы және оның орындалуын түсіндіру.
Сабақты әрбір оқушы іспен айналысатындай етіп жүргізу керек, себебі кідірістер, бос отыру тәртіпсіздікке жағдай жасайды.
Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын оқу жадығатының мазмұнымен, проблемалық жағдаятты (ситуация) құру арқылы туғызуға болады. Сабақтың ырғағын қадағалаңыз, нашар оқушыларға өз күшін тексеруге жағдай жасаңыз. Бүкіл сыныпты өз зейін аяңызда ұстаңыз.
І – кесте
Сабақтың элементі
|
Талаптардың мазмұны
|
1
|
2
|
Мақсаттары
|
1.Әрбір сабақ мақсатты бағытталған болуы керек. Олар оқушыға білім беруге, тәрбиелеуге және дамытуға тиісті.
2. Сабақ өмірімен тығыз байланысты болуы керек.
3. Сабақ пәнге қызығушылықты дамытуға тиісті.
|
Мазмұны
|
Сабақтың мазмұны ғылыми түрде болып, пәннің ғылыми негіздерін меңгеруді қамтамасыз етуп, оның қазіргі мәселелерімен таныстыруға тиісті.
Сабақта пәнді оқытудың барлық ұстанымдары өз көрінісін табуға тиісті.
|
Оқушылардың оқу іс-әрекетінің әдістері
|
Оқытудың әдістері мыналарды қамтамасыз ету керек:
Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін;
ой мен сезімнің бірлігін;
Оқытудағы проблемдік ыңғайды;
Сабақтың эмоционалдығын.
Оқыту әдістері мыналарды есепке алады:
Оқытудың қазіргі техникалық құралдарын пайдалану;
Практикада білімді қолдануды іске асыратын әр түрлі тапсырмаларды пайдалану;
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру, т.б.
|
Сабақтың құрылымын ұйымдастыру
|
1. Пән сабағы:
а) тақырыптың немесе бөлімнің логикалық бірлігі болу керек;
ә) жаңа жадығатты оқытудың, білім мен іскерлікті бекітудің түрлі тәсілдерін қолдануға тиісті;
б) білім мен іскерлікті ағымдық және жалпылау түрінде қайталауды қамтамасыз ету;
в) сыныптың жас ерекшеліктерін ескеру.
2. Білімді, іскерлік пен дағдыны меңгеруін жүйелі түрде қадағалау қажет.
3. Сабақ оқушылар мен мұғалімнің еңбегін ғылыми ұйымдастырудың талаптарына сай болу керек.
|
-
Уақыт
|
Өзара бірлескен әрекеті
|
Сабақтың бағалануы
|
|
Мұғалімнің ісі
|
Оқушылардың ісі
|
|
Үй жұмысы
|
Сынып бойынша сағат саны
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІҮ
|
Ү
|
ҮІ
|
ҮІІ
|
ҮІІІ
|
ІХ
|
Х
|
ХІ
|
1
|
1,5
|
1,5-2
|
1,5-2
|
2
|
2
|
2,5-3
|
3-4
|
3-4
|
3-4
|
4
|
Бақылау сұрақтары
Дәстүрлі емес сабақтарға қандай сабақтар жатады?
Дәстүрлі емес сабақтар талдау кестесі.
Аралас сабақтардың мәніне және құрылымына анықтама бер.
Мұғалімнің сабаққа даярлығының негізгі параметрлерін көрсет.
Қазіргі сабақ құрылымының моделін көрсет.
Сабақта саналы тәртіпті орнату жолдарын ата.
Сабақты бақылаудың және оны талдаудың үлгі бағдарламасын көрсет.
№29 дәріс тақырыбы: Оқушылардың білім, білік,дағдыларын есепке алу және бағалау.
Жоспары:
1. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру, бағалау және қадағалау туралы түсінік.
2. Қадағалаудағы ұстанымдар және білімді тексеру кезеңдері.
3. Оқығандықты тестілеу.
1.Қадағалау оқушылардың білімін, іскерлігін анықтау, өлшеу және бағалау дегенді білдіреді.
Тексеру – бұл білімді, іскерлікті анықтау және өлшеу. Тексеру – қадағалаудың негізгі компоненті, оның негізгі дидактикалық функциясы мұғалім мен оқушылардың арасында кері байланысты қамтамасыз ету, оқу материалын меңгергендігі дәрежесі туралы объективті ақпаратты педагогтың алуы, біліміндегі кемшілікті және білмеушілікті дер кезінде анықтау болып табылады.
Қадағалауда бағалау /процесс ретінде және баға қоюы /нәтиже ретінде/ баршылық. Бағаның функциясы оқығандық деңгейді анықтаумен шектелмейді. Баға – оқуға ынталандырудың, оң мотивацияның, тұлғаға әсер етудің мұғалім қолындағы құрал. Объективті бағалаудың әсерімен оқушыда сәйкесті өзін-өзі бағалау, өз жетістіктеріне сын қатынас пайда болады. Оқытушылық қадағалаудың негізгі функциясы – қадағалаушылық-түзетушілік, бірақ ол сонымен бірге оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, ұмтылдырушы функцияларды да атқарады.
Бұл әдісте мынадай түрлерін айырады:
Ауызша қадағалау.
Жазбаша қадағалау.
Лабораториялық бақылау.
Машиналық /бағдарламаланған/ қадағалау.
Тестілік қадағалау
Өзін-өзі қадағалау.
Бақылау сұрақтары
Қадағалау, тексеру ұғымдарына түсінік бер.
Қадағалаудағы ұстанымдарды ата.
Білімді тексеру кезеңдері көрсет.
Оқығандықты тестілеу дегеніміз не?
5. Тестілік қадағалаудың материалдарын даярлаудың ережелерін көрсет.
6. Тестінің әрекеттілігінің шарттарын ата.
7. Тестілердің классификациясы дегеніміз не? Оларды негізде.
№30 дәріс тақырыбы: Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің ұйымдастыру шылық-педагогикалық негіздері
Жоспары:
1. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер туралы түсінік.
2. Оқу белсенді топтарының жұмысы.
3. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру.
1.Қарама-қайшылық күресі және бірлігі диалектикалық заңдылығына сәйкес кез келген нәрсе, құбылыс қарама-қарсы жақтардың қарама-қайшы бірлігін құрайды. Белгілі бір зат, құбылыстың даму үрдісінде қарама-қайшы элементтер жинақталып, соның нәтижесінде ол оның шешімін күрес арқылы шешуге итермелейді. Соның нәтижесінде қозғаушы күш болып қарама-қайшылықтар саналады. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адам танымының бір түрі және оқытудағы қарама-қайшылықтарға байланысты, өзіндік қарама-қарсылықтармен сипатталады. Оқу үрдісіндегі қарама-қайшылықтардың болуына мұғалімдер интуитивтік тұрғыдан қарады. Бұл қарама-қайшылықтар оқушылардың білімді меңгеру үрдісінде кездестіретін қиыншылықтарымен түсіндіріледі. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқыту үрдісінде пайда болатын және оның қозғаушы күші болып табылатын қарама-қайшылықтарды алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту үрдісінің қоятын оқу және практикалық талаптары мен оқушының білім, біліктілік, ақыл-ой деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |