Педагогика Мұғалімдерді аттестациялау – олардың кәсіби шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал


іс-әрекетінің екінші эвристикалық деңгейіне сәйкес келеді



жүктеу 55,38 Kb.
бет11/11
Дата20.05.2020
өлшемі55,38 Kb.
#30538
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Педагогика

іс-әрекетінің екінші эвристикалық деңгейіне сәйкес келедіЭвристикалық деңгей мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықты белгілі бір мақсатпен жүйелі ендірумен сипатталады. Мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу үшін жаңа әдістерді іздестірумен айналысады, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетті қамтамасыз етуде рефлексия басты орын алады. Педагогикалық үрдіске жаңалықты енгізгеннен кейінгі соңғы кезеңінде мұғалім өзі қолданған педагогикалық технологияның жетістіктері мен кемшіліктерін айқындай алады, инновациялық іс-әрекеттің өрбуіне кедергі болған факторларды анықтайды, оларға диагностикалық талдау жасайды. Бұл кезең мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің шығармашылық деңгейіне сәйкес келеді. Шығармашылық деңгей мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің жоғары сатылы нәтижелігімен сипатталады. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінде шығармашылық белсенділік, ізденістер орын алады. Инновациялық іс-әрекет нәтижесінде мұғалім инновациялық педагогикалық үрдісті ұйымдастырушы ортаның әсерін бағалап, инновациялық үрдіске әсер еткен ішкі және сыртқы факторларды анықтайды.

Әдіскер С. Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдіске оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсетеді:



  1. ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде “бала-субъект”, “бала-объект” тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекеттің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;


  2. ақпараттық бағдарламар оқыту - оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;


  3. қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;


  4. адамның іс-әрекеті тұрғысынан техника жаңалықтарын енгізу;


  5. иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда “адам-қоғам-табиғат” үйлесілдік бағыттағы дүние танымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;


  6. саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;


  7. оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет пайда болады;


  8. дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игеру үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік жауапкершілігін арттырады;


  9. дамыта оқу технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде сабақты “оқушы-субъект-мұғалім-объект” тұрғысынан қарастырып, оқушыны ұдайы шығармашылық ізденіске бағыттайды.




Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыны субъект тұрғысынан қарастыратын болса, оқытудың сапалы болатындығы және ең бастысы, оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі, қызығуы, өз бетінше жұмыс істеу ынтасы ізденушілік-шығармашылық зерттеушілік қабілеттері артады.

Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманға білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық-педагогикалық дайындықты талап етеді. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, типті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

Мұғалім жаңа педагогикалық технологияның теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Әлемнің әртүрлі елдерінде (АҚШ-та, Ұлыбританияда, Бельгияда, Ресейде және т.б.) жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлелденген. М. Поташниктің пікірінше, бұл бір жағдайларда технолог –ғалымдар жасаған “индустриалдық” нұсқасы, оның мәні бекітілген ережелер мен тәсілдері қатаң сақтау болып табылады: ал басқа жағдайларда - құрылымның “жұмсақ” нұсқасы, ол өзгерістер мен түзетулерді қажеттілігіне қарай еңгізуді ұсынады.

В.П. Беспалько, В.М. Шепель, И.В. Волков, М.Чошанов, М.В. Кларин, Г.К. Селевко, В.М.Монаховтың және басқа да көптеген ғылымдардың техноло-гиялары кеңінен танымал.

Бүгінгі таңда П.М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру (УДЕ) технологиясы Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А. Амонашвилидің ізгілікті - тұлғалық технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалдырының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чашановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И. Третьяковтың, К. Вязинаның модульді оқыту технологиясы. Қазақстанда осы мақсаттарды іске асыру үшін көптеген ғалымдар ұзақ уақыт талмай еңбек етуде. Бүгінгі таңда Ш. Қаланованың, Ж. Караевтың , Ш. Таубаеваның, Қ.Қабдықайыровтың, С. Лактионованың, М.Жанпейісованың, Қ. Нағымжанова мен Ә. Жүнісбек, С. Көшімбетованың т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.

Ж.А. Қараевтің, М. Жанпейісова, Ә. Жүнісбектің және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Осыған орай, оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялары пайда болуда. Олар “Сын тұрғысынан ойлау”, “Деңгейлеп саралап оқыту”, “Модульдік оқыту технологиясы” және т.б.

М.М. Жанпейісованың “Модульдік оқыту” күнтізбелік жоспарды жасауға және оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне “Модульдік оқыту технологиясы” өте тиімді. Модуль дегеніміз - қандай да бір жүйесінің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі – деген екен С.И. Ожегов.

Оқу модулі - оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады: кіріспе бөлімі, сөйлесу бөлімі,қортынды бөлім.

Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі неғұрлым тиімді.

Оқу моделінің ерекшелігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң, мұғалім осы оқу моделінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша 10-20 минут ішінде, сызба, кесте және т.б. белгілі үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғарту деңгейі, қарапайым білік пен дағдылары және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы- сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.

Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпта 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне байланысты құрылған.

Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар) қолдану – оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында өтеді, кейіннен алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады.

Бұл технологияның маңызды шарты – оқушылардың кез келген ғылыми көздері, оқулықтарды оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы.

Оқу моделінің қорытынды бөлімі – бақылау. Оқушы білімінің бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу моделінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.

Оқушылардың тақырып немесе тарау бойынша білімін, білігін, дағдысын бағалауда оқу моделінің қорытынды бөлімінде алған бағалары қойылады.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Инновация ,инновациялық іс-әрекет деген не ?

2.Инновациялық іс-әрекеттің принциптері, инновациялық іс-әрекеттің міндеттері қандай?

3. Инновациялық іс-әрекеттің қандай кезеңдері белгілі?

4.Инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі туралы не білесіз?

5.Мұғалімің инновациялық әрекетін тудыруда педагогикалық технологиялар қандай рөл атқарады?

Менеджмент – кәсіпорынды ұйымдастырудың туралы, оны дамытудың стратегиясы ретінде, қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдер қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару.

Менеджментте басты нәрсе, кез келген адамдық қарым қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.

Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ – та коперативтік пен мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаы менеджер деп атайды. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алдына қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдаланумен қамтамасыз ететін процесті білдіреді.

Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметкерлерін басқарудың теориясы мен тәжірибесі.

Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен  жаңдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.

Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме (мотивация) жағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып, ресімделеді. Әміршілдік — әкімшілік, технократиялық, жоспарлы – директивтік, өктемшілік (авторитарное) басқарулар оның қарсы түрлері болуы ықтимал.

Басқарудың типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:


  1. Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері, құндылықтары, нұсқамалары (установки) басқаруды ұйымдасьырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушы болып табылады.

  2. Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар беріледі. Бұл әсіресе маркетингте – тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын басқаруда жиі білінеді.

  3. Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер экономикалық және әлеуметтік – психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.

  4. Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.

  5. Менеджмент менеджменттің жеке бсына қоылатын талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері – тапқырлық, байланысқа бейімділік (коммуникабельность), сенімділік. Бұл сапалар басқару өнерін танытуда маңызды рөл ойнайды. Менеджменттің басқару өнерімен қатар қойылатын кездейсоқ емес.

Менеджменттің мыналарды қамтамасыз ететін ең маңызды деп саналатын сәттерін бөліп көрсетуге болады:

  1. Еңбек өнімділігін арттыру;

  2. Бәсекеге жарамдылық;

  3. Тұтынушыға бағдарлану (маркетинг);

  4. Іс — әрекетте еркін болу әрі ереже бойынша жұмыс істеу.

Басқару процесі кез келген ахуалға ғылыми тәсілдемені әсері болып табылады. Менеджмент әрдайым жағдайын қарай басқаратын ахуалдық басқаруды білдіреді.

Менеджментте бастысы  — ең алдымен кәсіпорынның мүдделерімен нақты мақсаттарды (ұзақ мерзімді, алдағы кезеңдік) белгілейді.

Стратегия – мақсатқа жетудің құралы, пайданы ең көп мөлшерде алу үшін ресурстарды қалай пайдалану керектігін кәсіби ұғындыратын түжырымдама. Мақсаттарға қол жеткізу мәселелерді шешуді қажет етеді: стратегиялық әкімшілік, оперативтік. Стратегялық мәселелерге өндіруге қажетті тауарлар мен қызметтерді таңдау, осы өнімдерді сатуға болатын нарықтар мен тұтынушыларды таңдау.

Бизнес мәселелері бойыша тәжірибелі маман фирманы жетістікке жеткізетін өзгеше стратегияларды танып, көре біледі.

Стратегияны таңдау барысында орталарға, әрекеттердің тактикалық мағынасына, бәсең және белсенді стратегияларды таңдауына баға беріледі.

Стратегия ұйымның өз қызметінде басшылыққа алатын шешімді қабылдаудың таңдау ережесі болып табылады. Ережені төрт топқа бөліп көрсетіледі:



  1. Осы шақта да болашықта да фирма қызметінің нәтижелерін бағалауда пайдаланатын ережеге (сапалақ бағдар, сандық  — тапсырма) ;

  2. Қандай өнім түрін және технологиялық әзірлеуді, бұйымдарды қайда өткізуге болатынын, бәсекелестердің қалай асып түсудің жолдарын анық анықтайтын сыртқы орта мен фирманың қатынасын қалыпиасиыратын ереже. Бұл ережелердің жиыны өнімдік – нарық стратегиясы немесе бизнес стратегиясы деп аталады;

  3. Ұйым ішіндегі қатынас пен процедураны белгілейтін ереже. Оны ұйымдық бәсеке деп атайды;

  4. Негізгі оперативтік тәсілдер деп аталатын фирманың өз қызметінде күнделікті жүргізетін ереже;

Стратегияны жасау процесі қандай да бір жылдам әрекетпен біте қоймайды. Әдетте ол фирманың өсуі мен позициясын нығайтуды қамтамасыз ететін жалпы бағыттарды белгілеу арқылы аяқталады.

Қалыптастырылған стратегия іздестіру әдістерінің стратегиялық жобаларын (нақты участкелер мен мүмкіндіктерге назар аударуды күшейтіп, стратегиямен қиыспайтын қалғандарын тастап) даыйндауда пайдаланылуы керек.

Мақсаттардың жиынына қол жеткізудің ықтимал әр түрлі жолдары бар: бұл жолдар стратегия деп аталады. Мысалы, мақсат: неге қол жеткізілді? Үш жылдық кезеңді аяқтауға айналымды 50%  — ға және пайданы 60% — ға өсіруді қамтамасыз ету.

Менеджмент тұтас нарықтық экономикалық және ішінара басқарудың тұрақты тетіктерінің болғанын ұйғарады. Бұл арада менеджменттің өз стратегиялық жоспары болуы керек. Бұл бағыттардың схемасы нарықтағы менеджментті дайындау, ұйымдық қатынастарды басқаруды қайта құруды, шетелдік тәжірибені және комьютерлік техниканы зерделеп (үйреніп), пайдалануды қамтиды: басқарушылық және экономикалық білімдердің философиясын; дайындау сапалық технологиялық білімді; дайындау формаларын;

Менеджменттің басты бағыты ретінде болатын өз компоненттері бар меншік түрлері; бәсекелестік; монополиясыздандыру; банк – кредит жүйелерін дамыту.

Басқару ісін қайта құру мына бағыттарды қамтиды: басқаруды орталықсыздандыру; басқарудың жаңа түрін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету; экономикалық басқаруды демократияландыру; басқарудың (ұйымдастыру нысандары) икемділігі; басқаруды кәсібилендіру.

Әр түрлі басқару жүйесіндегі менеджменттің орнын анықтау үшін типология деп аталатын басқару, яғни құбылыстарды жіктеудің ерекше түрі қарастырылады. Ол бір үлгідегі критерийлердің (өлшемдердің) шектеулі шеңберін пайдалануды ұйғарады.

Басқардағы нарықтың рөлі белгілі бір дәрежеде назар аударуға тұрады. Бірінші критерий – директивтік басқару өзін өзі ақтаудан қалған, көнерген критерий. Маркетинг типіндегі басқару ұсыныс пен сұраныстың арақатынасын ескеретін және тауарды нарықта жылжытатын менеджмент қызметін білдіреді.

Мақсатты басқару  — бұл нарықтық (экономикалық) басқаруды жоққа шығармайтын мақсаттар бойынша басқару болып табылады. Басқарудың мұндай типі адами құндылықтар мен мүддені өз тірегіне айналыдырады.


  1. Барлық адамзат тарихы бизнеспен байланысты. Қарапайым анықтаманы терминнің этимологиясына жүгінбей-ақ беруге болады. Бизнес – бұл іс. Тари-хи «іс» — «бизнес» ұғымын білдіреді.

Бизнес – бұл пайда (табыс) алуға бағытталған қызмет. Ол әр түрлі салаларда жүзеге асырылады. Атап айтқанда, өндірісте және тауарлар мен қызметтердің саудасында, банк ісінде және сақтандыру қорында, көліктік, жалға беру қызмет түрі ретінде болатын басқа да операцияларды жүзеге асырады. Субъектінің айналымға түсіретін капиталының болуы бизнесте маңызды орын алады. Мұндай капитал айналымға ақшалай түрде түсуі міндетті емес, ол тауар түрінде және қызмет түрінде ұсынылуы ықтимал.

Кәсіпкерлік қызметке қарағанда бизнестің ұғымы кең, өйткені бизнеске табыс (табыс) алуға бағытталған кез-келген қызмет саласындағы кез-келген бір жолғы коммерциялық мәмілені жасау қатысты болады.

«Субъект» бизнесте – бизнесмен немесе коммерсант деп аталады.

Коммерсанттың мәртебесі заң бойынша қызметі мына белгілермен сипатталатын тұлғаға беріледі:



  1. мәміле бекіту және басқа шаруашылық операцияларын

  2. кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыру;

  3. кәсіпкерлік қызметті өз атынан, яғни нарықтық қатынастың

  4. дербес экономикалық субъектісі ретінде жүзеге асыру.

Бизнестің өз стратегиясы мен тактикасы бар. Бизнестің стратегиялық мақсаты — әр түрлі мәмілені жүзеге асыру процесінде пайданы (табысты) ең көп шамаға жеткізу.

Тактикалық мақсаты — әр контрагентпен әрбір нақты себеп бойынша мәміленің нақты мерзімі мен мазмұнын, жүзеге асыру шарттарын пайдалану осы стратегиялық нұсқаманы жүзеге асыру.



  1. Бизнес – істі жүргізу жүйесі. Бизнес – бұл адамдарға қажетті өнімді жасау. Бизнес – бұл біздің әлеуметтік – экономикалық жүйеміздегі орталық магистраль.

Бизнес субъектілеріне мыналар жатады:

  1. кәсіпкерлер;

  2. кәсіпкерлердің ұжымдары мен кәсіпкерлік ассоциялар;

  3. өндірген өнімді тұтынатын жеке адамдар мен ұжымдар, сондай-ақ, тұтынушылардың одағы мен ассоциациялар;

  4. келісімшарт немесе басқа негізде жалдагып еңбек ететін жұмыскерлер, сондай-ақ олардың кәсіподақтары:

  5. мемлекеттік құрылымдар.

Кәсіпкерлік – бизнес жүйесінің элементі. Оның негізін жеке меншіктегі өндіріс құралдары құрайды.Олар – топтық меншік, ұжымдық меншік, кооперативтік меншік, акционерлік меншік, пай.

Кәсіпкерлік меншіктің үш негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі:



  1. өнім өндірісі;

  2. коммерция (сауда);

  3. коммерциялық делдалдық.

Барлық қызметті бизнеспен шатастыруға болмайды. Бұл жөнінде Г.Форд былай дейді: «… өнімді дайын күйінде алып – сату (алыпсатарлық) нағыз іспен ешқандай байланысы жоқ – ол заң жолымен жоюға келмейтін ұрлықтың әдепті түрін (пристойный вид) ғана танытады».

Іскерлік қатынастағы субъектілердің екінші категориясына – тұтынушылар жатады. Олар кері байланысты тудырады әрі өндіріске ықпал етеді. Кәсіпкерге – пайда (табыс) қажет болса, тұтынушыларға — өз қажеттіліктерінің толық қанағаттандырылғаны қажет.

Іскерлік қатынастарға қатысушылардың үшінші категориясына – жалдамалы жұмысшылар, яғни жалданып жұмыс істейтін азаматтар жатады. Бұл категориядағы азаматтар кәсіпкерлермен жасасқан мәміледен табыс табу арқылы өздерінің еңбек мүдделерін жүзеге асырып, өзіндік ерекшелігі бар еңбек бизнесін қалыптастырады.

Іскерлік қатынастарға қатысушылардың төртінші категориясына – мемлекеттік органдар жатады. Олар нарыққа іскерлік ұсыныстарымен тікелей шыққан жағдайда ғана осы категорияға жатады. Осы тұрғыдан алғанда бұл органдар іскерлік қатынастағы басқа қатысушылармен тең құқылы болады.

Мемлекеттік бизнезтің негізін мемлекет меншігіндегі өндіріс құралдары, ақпарат, ой еңбегінің өнімдері, құнды қағаздар, ақша ресурстары құрайды.


  1. Үкімет – еркін кәсіпкерлік жүйесінде елеулі рөл атқаруы керек. Осы негіздегі мемлекеттік реттеуді алты негізгі топқа бөлуге болады:

  2. қауіпсіздік;

  3. денсаулықты және қоршаған ортаны реттеу;

  4. көлікті реттеу;

  5. еңбек қатынастарын реттеу;

  6. қаржыны реттеу;

  7. энергетиканы реттеу.

Мемлекет өзінің экономикаға араласуын ақтау үшінсылтау етіп нарықтың мынадай кемшіліктеріналға тартады:

  1. Анық емес ақпарат.

  2. Газбен, электр энергиясымен, телеграфтық қызметпен қамтамасыз ету жүйесіндегі табиғи монополия.

  3. Сыртқы себеп. Мысалы, қоршаған ортаға келтірілген зиян.

  4. Экономикалық тиімділікпен еш байланысы жоқ басқадай мақсаттар. Мысалы: қауіпсіздік жүйесін қамтамсыз ету; ұлттық өндірісті қорғау; жаңа инновациялардың дамуын ынталандыру; денсаулық сақтау, спорт, алкогольді ішімдіктер мәселесі.

  5. Маңызды қызметтер мен ресурстар:

  6. тұрғын үй құрылысы;

  7. су;

  8. энергия;

  9. қорғаныс.

Нарықтық шаруашылық жағдайындағы экономикаға мемлекеттің араласуы бір үлгідегі заңдық орындаушылық және бақылаушылық сипаттарындағы жүйені білдіреді. Бұл шараларды әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгерген жағдайда бейімдеу әрі тұрақтандыру мақсатында құқықтық өкілеттігі бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асырады.

Мемлекеттің араласу мүмкіндігінің объективті жағы өндіріс пен капиталды шоғырландыру, экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне қол жеткізу арқылы таныла алады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің екі негізгі тәсілі белгілі: орталықсыздандыру, ол нарық тетіктерінің көмегімен жүзеге асады, және тауар – ақша қатынастарымен, баға және т.б. жүзеге асады. Орталықтандыру – директивтік жолмен болады. Бірінші тәсілде өндірістің өсуі кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктеріне және өнім сұранысына тәуелді болады. Екіншісінде – мұндай шектеулер жоқ. Кәсіпорын аясы тар мақсат ретінде өндірістің тұрақты түрде өсуіне бағдарланған.

Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің өзгешелігі осы заманғы нарықтық экономикада мемлекеттік дәстүрлі міндетті істердің орындалуы шектен тыс қиындыққа тап болады.



Ұзақ мерзімді жоспарлаудың негізіндегі микро реттеу тетіктерінің белгілі бір сабақтастығы толықтай қолайлы жағдай тудырады: ол жаңа жағдайға жоспарлаудың ескі әдістерін бейімдеуге, әрі бір мезгілде осы заманғы әдістерді игеруге талпыныс әрекетін көп оңайлатады.

Үкімет қызметінің тиімділігі өзара байланысты үш факторға негізделеді: оның құрылымдық ұйымы, ведомостаралық үйлесімі және кадрларды дайындау мен іріктеудің деңгейі.
жүктеу 55,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау