НК-5: кең өрісті және ойлау мәдениетіне ие жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға жағ-дай жасайтын педагогикалық пәндер саласындағы басты білімдерге ие, жеке және топтық түрде уақыт пен ақпаратты тиімді басқара отырып, үнемі оқуға ұмтылады;
НК-6: қоғамдық және еңбек әрекетіне тиімді және констук-тивті түрде қатысуға жағдай жасайтын мінез-құлықтың барлық формаларын меңгерген, сонымен қатар қақтығыстардың алдын ала алады және шешеді, мәмлеге қол жеткізеді, өз ойын ұжым ойымен келістіре алады;
НК-12: командада жұмыс істеуге, өз ойын білдіріп, оны қорғауға, жаңа шешімдер ұсынуға, әртүрлі әлеуметтік жағдайларда адекватты түрде бағдарлануға қабілетті;
КК-5: жалпы білім беретін мектептегі тәжірибелік жұмыстың әртүрлі формаларына қатысуға қабілетті;
КК-8: интербелсенді әдістерді іске асыруға қабілетті;
КК-9: психологиялық-педагогикалық үдерісті басқару әдістерін қолдануға қабілетті.
|
Білу: білім беру менеджментінің теориялық-әдіснамалық негіздерін біледі; жалпы білім беретін мектептегі тұтас педагогикалық үдеріске жетекшілік етуге қажетті білімдерді меңгереді; адамгершілік нормалармен салыстыра отырып, топта командамен жұмыс істеу ережелері мен амалдарын біледі;
Түсіну: білім берудегі менеджменттің қазіргі даму тенденцияларын, оның негізгі ұғымдарының, қағидалары мен заңдылықтарының, тұжырымдамаларының мәнін өз сөзімен түсіндіріп, баяндайды; негізгі идеяларды салыстырады; теориялық материалды көрнекі сызбаларға айналдырады;
Қолдану: игерілген теориялық білімдінақтытапсырмалардыорындаубарысында, сонымен қатар мектепте тәжірибе алмасу кезінде, болашақ педагогикалық әрекетте білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуде пайдаланаалады; түрлі басқару қызметтерін жобалауды және жүзеге асыруды үйренеді, оларды педагогикалық ұжыммен, оқушылар ұжымымен қарым-қатынаста басшылыққа алады; оқу және өмірлік жағдайларда конструктивтік шешімдер қабылдау үшін ақпаратты сауатты қолданады және инновациялық технологияларды меңгереді;
Талдау: мектептегі білім беру үдерісінің қазіргі жағдайын айқындайды, басқарудың мүмкіндіктері мен мәселелерін талдайды, менеджмент тұрғысынан басқарудың тиімділігін зерттейді; алынған білімдер негізінде күнделікті өмір жағдайларын талдап, сыни тұрғыдан негіздей алады;
Жинақтау: мектептің қазіргі жағдайы мен алынған білім негізінде ойын жаңаша жинақтай біледі, оны шығармашылық деңгейде жалпылайды, педагогикалық менеджменттің тиімділігін анықтайтын факторларды синтездейді; нақты жағдайлардың моделін құру үшін ақпаратты қолдана, талдай отырып, өзгерте алады;
Бағалау:өз жұмысының сапасын бағалай біледі (өз пікірімен таныстыра білу, оны дәлелдеп, қорытынды жасай білу); мектептің ТПҮ-ін басқаруда туындайтын мәселелерді шешу үшін қажет ақпаратты іріктей, жеткізе, өңдей алады және нақты жағдайды бағалау үшін қолдана алады; менеджменттің қазіргі заманғы білім беру үдерісіне ендірілуінің нәтижелілігін және тиімділігін бағалайды.
|