Педагогика факультетінің деканы



жүктеу 1,96 Mb.
бет16/19
Дата21.11.2018
өлшемі1,96 Mb.
#22696
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Жоспары:

1. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру, бағалау және қадағалау туралы түсінік.

2. Қадағалаудағы ұстанымдар және білімді тексеру кезеңдері.

3. Оқығандықты тестілеу.



1.Қадағалау оқушылардың білімін, іскерлігін анықтау, өлшеу және бағалау дегенді білдіреді.

Тексеру – бұл білімді, іскерлікті анықтау және өлшеу. Тексеру – қадағалаудың негізгі компоненті, оның негізгі дидактикалық функциясы мұғалім мен оқушылардың арасында кері байланысты қамтамасыз ету, оқу материалын меңгергендігі дәрежесі туралы объективті ақпаратты педагогтың алуы, біліміндегі кемшілікті және білмеушілікті дер кезінде анықтау болып табылады.

Қадағалауда бағалау /процесс ретінде және баға қоюы /нәтиже ретінде/ баршылық. Бағаның функциясы оқығандық деңгейді анықтаумен шектелмейді. Баға – оқуға ынталандырудың, оң мотивацияның, тұлғаға әсер етудің мұғалім қолындағы құрал. Объективті бағалаудың әсерімен оқушыда сәйкесті өзін-өзі бағалау, өз жетістіктеріне сын қатынас пайда болады. Оқытушылық қадағалаудың негізгі функциясы – қадағалаушылық-түзетушілік, бірақ ол сонымен бірге оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, ұмтылдырушы функцияларды да атқарады.

Бұл әдісте мынадай түрлерін айырады:

Ауызша қадағалау. Жеке және фронталдық сұрау арқылы жүзеге асырылады. Қадағалаудың қорытындысында тиісті баға қойылады.

Жазбаша қадағалау. Бақылау жұмысы, шығарма, диктант т.б. арқылы жүзеге асырылады.

Лабораториялық бақылау. Лабораториялық жабдықтарды, тәжірибені талап ететін жазбаша және графиктік жұмыстарды, эксперименталдық есептерді шешкенде бағалауда қолданады.

Машиналық /бағдарламаланған/ қадағалау. Электрондық-есептеу техникасы, қадағалау бағдарламалары болғанда қолданылады. Қадағалаудың бұл түрі жоғары әділдікпен ерекшеленеді.

Тестілік қадағалау. Мұның негізінде тестілер жатыр.

Өзін-өзі қадағалау. Өзі жіберген қателерін тауып, түзетуге үйрету. Оқытушылық қадағалаудың бір тәсілі – оқушылардың дербес жұмысы. Мұнда мынадай дидактикалық мақсаттар шешіледі: білімді іздеп, оларды ұғыну, бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру және дамыту білімді жалпылау және жүйелеу.

Дербес жұмыс сыныптық болуы мүмкін /функциясы – тексерушілік/ және үйде орындалатын /бекітетін, жалпылайтын, қадағалаушылық-түзетушілік функциясы/.

Дербес жұмысты дұрыс және тез орындаудың шарттары: тапсырманы орындаудың алгоритмін жасау, тапсырманы қоюдың педагогикалық талапқа сай тәсілдері т.б.

Дербес жұмыстың бір түрі – оқушыларды жаңа материалмен оқулық бойынша таныстыру. Оқымастан бұрын мұғалім оқушыларға жұмыстың мақсатын, материалдың атын, жауап табуға тиісті тексерушілік сұрақтарды береді. Осылар бойынша оқушы белгісізді бөледі, бастыға назар аударады, іс-әрекеттің бірізділігін анықтайды, оларды қадағалайды.

2. Қадағалаудың ұстанымдары:

Объективтілігі: диагностикалық тестілердің, тапсырмалардың, сұрақтардың мазмұнының ғылыми негізделгендігі, педагогтың бүкіл оқушыларға әділетті, педагогикалық талапқа сай қатынасы, бағалаудың дұрыс өлшемдерін пайдалануы.

Жүйелілігі – диагностикалық қадағалауды дидактикалық процестің бүкіл кезеңінде қолданып отыруы.

Көрнекілігі /жариялылығы/ - оқушыларды бірдей өлшемдермен ашық тексеруден өткізу, бағаларды жариялап, қойылу себептерін айтып отыру.



Білімді тексерудің кезеңдері:

1. Оқушылардың білімінің деңгейін алдын ала анықтау. Бұл жаңа оқу жылының басында, ортасында, жаңа бөлімді бастағанда жүргізіледі.

2. Ағымды тексеру. Оның функциясы – оқытушылық.

3. Қайта тексеру ағымды сияқты тақырыптық болуға тиісті.

4. Мерзімдік тексеру бүкіл бөлім немесе курстың мәнді тақырыбы бойынша жүргізіледі. Мерзімдік тексерудің функциясы – жүйелеу және жалпылау.

5. Қорытынды тексеру тоқсанның аяғында және оқу жылы аяқталғанда жүргізіледі.

Кешендік тексеру арнайы тексерудің түрі болады. Ол арқылы алған білімді практикалық міндеттерді қолдана білу іскерліктерін, дағдыларын тексереді.

Мұғалім оқушылардың білімін объективті және шындыққа сай бағалауға саналы түрде ұмтылуға тиіс. Оқушылар баға қоюдың өлшемдерін, не үшін, қалай қойылып жатқанын білуге тиісті. Ол үшін мұғалім ата-аналармен, оқушылармен арнайы әңгімелер өткізеді.



3. Оқығандықтың тестісі – оқыту мазмұнының белгілі бір бөліктерінің меңгергендік деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалардың жиынтығы.

Тестіні құруға қойылатын талаптар:



  • аз уақытқа есептеліну /тестіні орындауға көп уақыт кетпеуі керек/;

  • бірмәнділігі /тестілік тапсырманы әрбіреуі өзінше түсінбеуі тиіс емес/;

  • дұрыстығы /көп мәнді жауап беретін жағдай болмау керек/;

  • қысқалылығы /қысқаша жауап беруді талап ету/;

  • ақпараттығы /бағалауды қамтамасыз етуі/;

  • қолайлылығы /тез нәтижесін анықтауға болатындығы/;

  • стандарттығы /кеңінен қолдануға келетіндігі/.

Тестілердің классификациясы:

1. Ақыл-ой дамуының, жалпы ақыл-ой қабілетінің тестілері.

2. Іс-әрекеттің әр түрлі аясында арнайы қабілеттің тестісі.

3. Оқығандықтың, үлгірімнің, академиялық жетістіктің тестілері.

4. Тұлғаның жекелеген белгілерін /еске сақтау, ойлау, мінез т.б./ анықтаудың тестілері.

5. Тәрбиеленгендік деңгейдің /жалпыадамзаттық, адамгершілік, әлеуметтік т.б./ тестілері.

Оқығандықтың диагностикалық тестілердің маңызды өлшемдері: әрекеттігі (валидность), көрсеткішті болуы, сенімділігі /дұрыстығы/, сараланғандығы /айырмашылығының көрінуі/.

Тестінің әрекеттігі оқып жатқан білім, іскерлікті толық және жан-жақты тексеруде көрініс табады.

Тестінің әрекеттілігінің шарттары:


  • меңгерген білім аумағынды сұрақтарды анық және түсінікті қою;

  • статистикалық әдістердің дұрыс таңдалуы. 0,7-0,9 саны оқығандықтың тестінің жоғары әрекеттілігін көрсетеді. 0,45-0,55 корреляция коэффициентінде тестінің әрекеттілігі қанағаттанарлық деп есептелінеді, ал бұдан да төменгі мәндерде қанағатсыз болып саналады.

  • тестінің сенімділігі тестідегі тапсырмалардың көп болғанында жоғары болады.

  • Тестінің пәрменділігі. Тең жағдайда уақыт бірлігінде жауаптардың көп санын қамтамасыз ететін тестіні пәрменді тесті деп атайды.

Тестілік қадағалаудың материалдарын даярлаудың ережесі:

  1. Оқушылар қателігін негіздей алмайтын жауаптарды тестіге енгізуге болмайды.

  2. Дұрыс емес жауаптар ұқсас /типичных/ қателердің негізінде жасалып, дұрыс сияқты болуға тиісті.

  3. Дұрыс жауаптар барлық жауаптардың арасында кездейсоқтық жағдайда орналасуы қажет.

  4. Сұрақтар оқулықта жазылғандағыға дәлме-дәл болмауы тиісті.

  5. Бір сұрақтың жауаптары екінші сұрақтың жауаптарын шешуге көмектеспейтіндей болуы керек.

  6. Сұрақтар әдейі бұрыс жолға түсіретіндей құрылмауы қажет.

Оқығандықтың тестісі дидактикалық процестің барлық кезеңдерінде қолданады. Олардың көмегімен білімдерді, іскерліктерді ағымдық, мерзімдік, қорытынды тексеруді жүргізуге болады.

Бақылау сұрақтары

  1. Қадағалау, тексеру ұғымдарына түсінік бер.

  2. Қадағалаудағы ұстанымдарды ата.

  3. Білімді тексеру кезеңдері көрсет.

  4. Оқығандықты тестілеу дегеніміз не?

5. Тестілік қадағалаудың материалдарын даярлаудың ережелерін көрсет.

6. Тестінің әрекеттілігінің шарттарын ата.

7. Тестілердің классификациясы дегеніміз не? Оларды негізде.
30 дәріс тақырыбы: Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің ұйымдастыру шылық-педагогикалық негіздері

Жоспары:

1. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер туралы түсінік.

2. Оқу белсенді топтарының жұмысы.

3. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру.



1.Қарама-қайшылық күресі және бірлігі диалектикалық заңдылығына сәйкес кез келген нәрсе, құбылыс қарама-қарсы жақтардың қарама-қайшы бірлігін құрайды. Белгілі бір зат, құбылыстың даму үрдісінде қарама-қайшы элементтер жинақталып, соның нәтижесінде ол оның шешімін күрес арқылы шешуге итермелейді. Соның нәтижесінде қозғаушы күш болып қарама-қайшылықтар саналады. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адам танымының бір түрі және оқытудағы қарама-қайшылықтарға байланысты, өзіндік қарама-қарсылықтармен сипатталады. Оқу үрдісіндегі қарама-қайшылықтардың болуына мұғалімдер интуитивтік тұрғыдан қарады. Бұл қарама-қайшылықтар оқушылардың білімді меңгеру үрдісінде кездестіретін қиыншылықтарымен түсіндіріледі. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқыту үрдісінде пайда болатын және оның қозғаушы күші болып табылатын қарама-қайшылықтарды алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту үрдісінің қоятын оқу және практикалық талаптары мен оқушының білім, біліктілік, ақыл-ой деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар.

Оқушы микрожүйе ретінде өзінің қалыптасуында өзінің дамуындағы қайшылықтармен кездеседі. Дегениен, оның өзінің ішінде бірде-бір қайщылық шешімін таппайды (Э.В.Эльенков). Қарама-қайшылық «оқушы» жүйесінде пайда болғаннан кейін, тек «адам-адам» жүйесінде яғни, педагогикалық үрдісте оқушылардың өзара байланысы нәтижесінде ғана шешімін табады. Негізгі қарама-қайшылықты оқу-тәрбие үрдісі жағдайында оқушыларды оқу-танымдық біліктіліктерге оқыту арқылы шешу оқушы мен мұғалімдердің, оқушылардың өзара бірлескен іс-әрекетін талап етеді. Өйткені оқушылардың кездескен қиыншылықтарынан өтуіне мұғалімдер, оқушылар көмектесуі қажет. Мұндай өзара әрекет оған өзіне беретін бағасын және тағы да басқа тұлғалық құрылымдарын тиімді қалыптастыруы, толыққанды дамуы үшін қажет. Сонымен микрожүйе ретінде дамып келе жатырған жеке тұлғаның қарама-қайшылықтарын шешу оқу үрдісін қарым-қатынас, қатысушылардың өзара әрекеті негізінде құру керектігін көрсетеді.

Оқу үрдісінің субьектілерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық танымдық іс-әрекет ретінде түсіндіріледі. Бұл мәселелердің теориялық әдіс-тәсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық үрдістің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.

Зерттеушілер ұжымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін айқындады, өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.

Сонымен бірге жеке, фронтальды оқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдары, біліктіліктерді және дағдыларды қалыптастыруға оқу уақыты аз жұмсалады. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде дәстүрлі оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің , үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқауға болады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы "осал жерлер" жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелеу жағынан тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Оқу танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегідей ұжымдық танымдық іс-әрекеттің, өзіндік және біріккен іс-әрекеттердің төмендегідей белгілерін көрсетуге болады:



  • бірыңғай мақсаттың , жалпы мотивтің болуы, оқушының қоғамдық маңызды мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;

  • ұжымның әрбір мүшесінің білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;

  • іс-әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелділіктің пайда болуы;

  • бірігіп жұмыс істеу барысында оқушылардың іс-әрекеттерін басқарудың, оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;

  • бірыңғай кеңістік болуы және ұжымның барлық мүшелерінің жеке іс-әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;

  • жалпы нәтижелердің болуы.

2.Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын жұмыс түрлерінің жүйесі болуы мүмкін.Ұжымдық оқу әрекетінің тұлғаға сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс-әрекет оқушының белсенділігін талап етеді. Оқушылардың басым көпшілігі белсенділік танытуы үшін танымдық іс-әрекет барысында қалыптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет.

Белсенді топтар жұмысын ассистенттердің, кеңесшілердің, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың мектебін құрудан бастау керек, ал мүшелерін таңдау белсенділердің, оқу ұжымының, мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге оқу белсенді тобының қызметін оқу ісінің меңгерушісі басқарады және ол беделді, өзіндік маңызы бар топ болуы керек, оның жүргізген жұмыстарының барысы семинарларда, мектептік қорытынды конференцияларда тыңдалып отыруы қажет.

Мектепте оқу белсенді топтарының мүшелерінің санының артуы кабинеттердің жұмыстарын қайта қарауды талап етеді.Оқу кабмнеті нақты пән бойынша сабақта эжәне сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстардың орталығы болуы керек. Бұл орталықтың иесі оқушылардың өзі. Мұғалім жетекшілігімен кабинет кеңесі мүшелерінің қатысуымен көрнекі құралдар, сабақтарда берілетін тапсырмалар, бақылау карточкалары, таратылатын дидактикалық материалдар, тақырыптар бойынша папкалар мен альбомдар және кабинетте бар диафильмдердің, әдебиеттердің көрнекті құралдардың катотекасы дайындалады. Бұл оқу белсенді тобының мүшесіне, оның ішінде ассистентке аз ғана уақыттың ішінде сабаққа қажетті материалдарды дайындауына мүмкіндік жасайды.

Оқу белсенді тобының мүшелерінің ішінде оқушылардың ішінен таңдалатын ассистент, кеңесші, лаборант, кітапханашы, безендіруші, шаруашылықты жүргіуші маңызды роль атқарады. Олардың әрқайсысының атқаратын белгілі бір қызметі бар. Мысалы, безендіруші мұғалімге көрнекі құралдар (кестелер, графиктер, диаграммалар және т.б.) дайындауға, оқу стенділерін, оқу кабинеттерін безендіруге, ақпараттандырушымен бірге бюллетендер, ақпарат парақтарын шығаруға көмектеседі; лаборант лабораториялық, практикалық сабақтарды өткізуге қажетті техникалық құрал жабдықтарды дайындайды, тәжірибелерді көрсетуге көмектеседі және т.с.с.; кітапханашы мектеп кітапханашысымен бірігіп пән бойынша жаңа қызықты әдебиеттерге шолу дайындайды, көрмелер ұйымдастырады, пән бойынша қызықты материалдар жинайды, мектеп кітапханасында және оқу кабинеттеріндегі әдебиеттер бойынша картотека жасайды.

Әртүрлі мектептерде белсенді оқу топтарының қозғалысы, құрылымы, ұйымдастырушылық қызметінің , танымдық іс-әрекеттерінің барысына, сыныптық , мектептік ұжымдардың ұйымшылдықтарына, белсенді топтардың жұмыс істеу формаларына қарай көптеген варианттары бар. Бірақ ұжымдық оқу іс-әрекеттері барысында қандай да белсенді топ болмасын белгілі бір педагогикалық талаптарды орындағанда белгілі бір жетістікке жетеді. Сондай талаптардың бірі олардың жұмысына міндетті түрде мұғалімнің педагогикалық тұрғыда жетекшілік етуі. Сонымен бірге белсенді оқушылар мұғалімнің сенімді көмекшілері бола отырып белсенді оқу топтарының сенімді мүшелері екендіктерін көрсетуі керек; белсенді оқу топтарының жұмысы балалардың қоғамдық ұйымдарының жетекшілігімен жүргізілуі тиіс; өзара бағынушылық принципі сақталуы тиіс

3. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формалары мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зеттеулер әртүрлі бағытта жүргізілуде. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын даралауға жол ашады, өйткені әрбір оқушының әлеуметтік мүмкіндіктері мен қабілеттерін шығармашылықты түрде көрсетуіне жағдай жасайды, проблемалы оқытуда, тұлғаны когнитивті дамытуда бағалы, дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектеседі.

Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді

Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді (әр топта екі оқушы) , мұғалімнің тапсырмасымен сабақта жұптасып хабарлама жасауды, топтық сұрақ, кеңестік сұрақ жұмыстарын және т.б. жатқызуға болады. В.К.Дьяченконың зерттеуі өлеңдерді жаттатуда, жаттығуларды, мысалдар мен есептерді ауызша және жазбаша орындатуда, көбейту мен бөлу кестесін жаттатуда, сұрақтармен жұмыс істеуде және т.б. жұптық жұмыстардың, яғни жұптық-ұжымдық жұмыстардың тиімді екендігін көрсетті.

Топтық сабақтардың құрылымының классикалық нұсқасы: шартты түрде сабақ үшке бөлінеді: кіріспе, топтық және қорытынды. Сабақтың кіріспе бөлімінде мұғалім мотивті-ұйымдастырушылық мәселелерін шешеді: танымдық мәселелерді анықтайды, жұмыстың орындалуы барысы бойынша түсінік береді, дидактикалық материалдарды таратады. Сабақтың келесі бөлігі әрбір топтағы оқушының іс-әрекеті ұйымдастырылады: берілетін тапсырмамен таныстырғаннан кейін мұғалім топтардың жұмысы жоспарланады, материалдар бөліктерге бөлініп топтарға таратылады. Әрбір оқушы өзінің тапсырмасын орындағаннан кейін, жұмыс нәтижесі талқыланады, тапсырма бойынша жалпы қорытынды жасалады. Осы сатыда ұжымдық және жеке жұмыстардың өзара байланыстылығы, ұжым мен жеке тұлғаның мүддесі мен мақсаттары талданады, әрбір оқушының белсенділік танытулары үшін мүмкіндік туғызылады. Сабақтың қорытынды бөлігінде әрбір топтың жұмысы талданады, қойылған міндеттің орындалуы, берілген тапсырманың нәтижелілігі жөнінде қорытынды жасалады.

Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар: бірыңғай топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды, ал сараланған топтық жұмыс барысында берілген тақырып шеңберінде әртүрлі тапсырмалар орындайды. Тәрбиелік тұрғыда сараланған топтық жұмыс ерекше құндылыққа ие және оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің барлық талаптарына барынша сәйкес келеді. Сонымен бірге әрбір оқу пәнінің топтық сабақтарда табысты оқытылатын тақырыптары бар.

Топтарды ұйымдастыруда мына мәселелер басшылыққа алынуы тиіс:



  • әрбір пән бойынша бөлек топтар құрылатындығы, бір пәннің шеңберінде топтың құрамы жеке оқушылардың ілгері басуын ескере отырып анықталуының қажеттігі;

  • математика, физика, химия, шет тілі пәндері бойынша топтар оқушылардың білімдерінің, біліктерінің және дағдыларының деңгейіне қарай құрылғаны орынды (гомогенді топтар);

  • әдебиет, тарих, география пәндері бойынша топтар оқу жұмыстарының қарқыны, әртүрлі оқудан тыс ақпараттардан хабардарлығы бойынша көп жекеленбейтін оқушылардан құрылғаны орынды;

  • оқу топтарын жинақтауда оқушылардың өзара қарым-қатынастары да ескерілуі тиіс.

Әртүрлі құрамды топтарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, бес оқушыдан құралған топтар тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. Өйткені, 3 оқушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлері мен ұсынытары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құрылған топтарда жіктелу пайда болады, ал 7 адамнан құрылған топта әрбір оқушының өз пікірін айтуына мүмкіндік болмайды.

Топпен орындалатын жұмысты ұтымды ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістікке орналастыру да оқушылардың өзін-өзі танытуларына да , олардың өзіндік қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді екен. Жекелеп алғанда, бір-бірімен қатар отырған оқушыларға қарағанда бір-біріне қарама-қарсы отырған оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайтындығына көз жеткізілді.

Топтық сабақтарды ұйымдастыруда кеңесшіні сайлау мәселесі де маңызды, яғни балалардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың педагогикалық құралдарын пайдалана алу біліктері қажет. Арнайы жүргізілетін эксперименттер ғалымдарға мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік берді: кеңесшіні топтың өзі мұғалімнің және жоғары социометриялық статусы бар кеңесшінің келісімдерін ескере отырып тыңдауы керек; жағдайға байланысты кеңесшілер жиі ауыстырылып отырғаны дұрыс.

Осылайша, танымдық мәселелерді шешуде негізіне сабақтардағы оқушылардың өзара ықпалдастығы, ынтымақтастығы алынатын ұжымдық танымдық іс-әрекет мына түрде көрініс табуы мүмкін:

1. Ұжымдық жұмыс принципімен ұйымдастырылған фронтальды жұмыс. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыруда берілетін тапсырмалардың түріне проблемалық жағдаяттарды талқылауды, теоремаларды бірігіп отырып дәлелдеуді, орындалатын жұмыстың жоспарын бірігіп талқылауды, біріге отырып әңгіме құрастыруды, картина бойынша бірігіп жұмыстар жасауды және т.б. жатқызуға болады.

2. Ұйымшылдық принципі бойынша ұйымдастырылған топтық жұмыс. Оның түрлері: жұптық жұмыс, топтық сауалдар, кеңесші тарапынан қойылатын сауалдар, топпен оқу тапсырмаларын орындау жоспары мен тәсілдерін талқылау, сабаққа дайындалу барысында топтық тапсырмаларды орындау, мұғалімнің қойған сұрағына жауап беру мақсатында қажетті тәжірибені жасау, тілдік сабақтарда диалог жүргізу, топтық сабақтар, әңгімелесу-«дөңгелек үстел», пікірталас элементтері бар топтық жұмыстар (форум, сараптау топтарының отырысы, симпозиум, жобаларды ұсыну, ойындық-модельдеу бойынша проблемалық пікірталастар, айтыс-диалог және т.б.)

3. Топ жұмыстарының бейнесі ретіндегі топтардың өзара тексеруі: орындалған жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсінік беру, өзара пікір айту (ауызша, жазбаша, бағалау бойынша пайымдаулар, өз бетінше орындалатын жазбаша, практикалық жұмыстарды өзара тексеру және т.б.

4. Ассистенттердің, кеңесшілердің және белсенді оқу топтарының басқа да мүшелерінің жұмысы.

5. Оқушылар кездесуі.

6. Білімді қоғамдықбайқауы.

Сабақ жұмсалатын уақыт көлемі және педагогикалық маңыздылығы бойынша жетекші білім беру формаларының бірі болып табылады. Алайда оның (форманың) мүмкіндіктері, артықшылықтары автоматты түрде жұмыс істейді. Бұл объективті мүмкіндіктер оқушылардың өзара ықпалдасулары есебінен жүзеге асырылады, өйткені олардың білім алу және өзара қарым-қатынастарының сипаты жеке тұлға, іс-әрекет субъектілерін қалыптастырудың шешуші факторы болып табылады. Онда оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін табысты шешу үшін сабақта ұжымдық танымдық іс-әрекет элементтерін пайдалану маңызды.

Ұжымдық оқу жұмыстарын ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мағынасы әрбір оқушыны іс-әрекет субъекті тәртібімен қамтамасыз етуде, оның өзін-өзі көрсетуіне көмектесуде. Орынды, әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық сипаттағы оқу іс-әрекеттері арқылы педагогикалық процестің қарама-қайшылықтарын шешуге, яғни әрбір оқушыны тұлға ретінде қалыптастырып дамытуға мүмкіндік жасайды.



Бақылау сұрақтары

1) «Дамыту» ұғымы мазмұнын ашып көрсетіңіздер.

2) Дамытудың қайнар көзі, қозғаушы күші не?

3) Педагогикалық процестегі қозғаушы күштің рөлін ашып көрсетіңіздер.

4) Педагогикалық процестегі негізгі қарама-қайшылықтарға сипаттама беріңдер.

5) Ұжымдық танымдық іс-әрекет мәнін ашыңыздар.

6) Ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру жұмыстарына сипаттама беріңіздер.

7) Танымдық ұжымдық іс-әрекеттердің білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мүмкіндіктерін негіздеңіздер.


6. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырыбы

Сұрақтары

Апта

Әдебиеттер

1.

Педагогика ғылым ретінде және оның зерттеу әдістері


1. Педагогика ғылымы, оның маңызы.

2. Педагогиканың даму тарихы, дамуына үлес қосқан педагогтар



1 апта

1.Әбиев Ж.

Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика.

А., 2004.

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.

А., 2000.


2.

Педагогика ғылым ретінде және оның зерттеу әдістері


1. Педагогика – ғылым және өнер .

2. Педагогикалық категориялар



2 апта

1.Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. А.,1992.

2.Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. А., 1990



3.

Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері.


1.Эмпирикалық деңгей әдістері.

2.Теориялық деңгей әдістері.




3 апта

1.Лихачев Б.Т. Педагогика. М.,1998.

2.Педагогика. Абай ат. ҰПУ. ұжымы.А., 2003.

3.Подласый И.П. Педагогика. М.,1996.


4.

Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.

1.Педагогика ғылымының салалары.

2.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.




4 апта

1.Құрманалина Ш.Х, Мұқанова Б.Ж., Ғалымова А.У., Ильясова Р.К. Педагогика. Орал, 2004.

2.Харламов Н.Ф. Педагогика. М., 1999.



5.

Мектептегі педагогикалық процесс

1.Мектептегі педагогикалық

процесс мәні.

2.Педагогикалық процесс

мұғалім іс-әрекетінің обьектісі ретінде.

3. Педагогикалық процесстің кезеңдерінің ерекшеліктері.


5 апта

1.Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М.,2000.

2.Сластенин В.А., Исаев И.Ф. Педагогика. М.,1997.



6.

Жеке тұлға дамуы- педагогикалық мәселе

1.Жеке тұлға дамуы, тәрбиесі мен қалыптасуы ұғымдарын анықтаңыз.

2. Жеке тұлға қалыптасуын философиялық-әдіснамалық тұрғыдан негіздеу.

3. Жеке тұлға дамуына әсер ететін факторлар


6 апта

1.Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. А., 1990.

2.Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. А., 1992.

3.Лихачев Б.Т. Педагогика. М.,1998.


7.

Мектептегі педагогикалық процесс, оның заңдылықтары

1. Педагогикалық процесс және педагогикалық ситуациялар туралы түсінік.

2.Педагогикалық процесстің құрылымы.

3.Педагогикалық процесстегі жобалау.

4.Педагогикалық процесстің заңдылықтары.



7 апта

1.Құрманалина Ш.Х, Мұқанова Б.Ж., Ғалымова А.У., Ильясова Р.К. Педагогика. Орал, 2004.

2.Харламов Н.Ф. Педагогика. М., 1999



8.

Жас ерекшелігі – оның оқу-тәрбие жұмысында ескерілуі.


1.Бастуыш мектеп жасындағы балалардың ерекшеліктері, оны оқыту мен тәрбиеде ескеру.

2.Жеткіншіктердің ерекшеліктері, оны оқыту мен тәрбиеде ескеру.

3.Жасөспірімдердің ерекшеліктері, оны оқыту мен тәрбиеде ескеру.


8 апта

1.Муханбетжанова А.М.,Молдағалиев.Б.А., Ерниязов О.Н.. «Тәрбие теориясы» Орал-2007

2.Муханбетжанова А.М.,Молдағалиев.Б.А., ЕрниязовО.Н.

«Дидактика» Орал-2007


9.

Қазақстан мектебіндегі тәрбие мақсаты


1.Қазақстан мектебіндегі тәрбие мақсаты.

2.Тәрбие мақсатының түрлі құжаттар мен оқу құралдарынан көрініс табуы.

3.Тәрбие мен білім берудің үйлесімділігі.


9 апта

1.Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты.

А., 1998.

2.ҚР “Білім туралы” заңы. Қазақстан мұғалімі. 25 ақпан. 1998.

3.ҚР орта білімді дамыту тұжырымдамасы. А., 1997.



10.

Қазақстан мектебіндегі білім мазмұны.

  1. Қазіргі кездегі жоғары білім беру мазмұнының негізгі мәселелері.

  2. Білім мазмұнын тарихи тұрғыдан сипаттаңыз.

  3. Білім мазмұнының принциптері.




10 апта

1.ҚР “Білім туралы” заңы. Қазақстан мұғалімі. 25 ақпан. 1998.

2.ҚР орта білімді дамыту тұжырымдамасы. А., 1997.



11.

Жеке тұлға дамуының негізгі заңдылықтары

1.Жеке тұлға дамуының қозғаушы күштері.

2.Тұлға дамуының заңдылықтары.

3.Тұлға дамуының факторлары.


11 апта

1.Коменский Я.А.Ұлы дидактика.

А., 1993.

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 2000.

3.Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. А.,1992.




12.

Педагогикалық процесс жүйесіндегі тәрбие

1.Педагогикалық процесс жүйесіндегі тәрбиенің мәнін ашу.

2.Тәрбие процесінің мәні мен ерекшеліктерін сипатта.




12 апта

1.Әбиев Ж.

Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика.

А., 2004.

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.

А., 2000.


13.

Тұлғаны дамытудың және тәрбиелеудің жас және жекелік ерекшеліктері


1.Жеке тұлғаның дамуында жеке ерекшеліктерді есепке алу мәселесі.

2.Жеке тұлғаның дамуында жас ерекшеліктерді есепке алу мәселесі.

3.Мектеп жасындағы оқушыларды тәрбиелеу ерекшеліктері.


13 апта

1.Құрманалина Ш.Х, Мұқанова Б.Ж., Ғалымова А.У., Ильясова Р.К. Педагогика. Орал, 2004.

2.Педагогика сөздік. Молдағалиев.Б.А.Орал-2008.




14.

Тәрбие әдістері мен құралдары.

  1. Тәрбие әдістеріне сипаттама.

  2. Тәрбие әдістерінің классификациясы.

  3. Тәрбие құралдары.




14 апта

1.ЖарықпаевҚ. Психолоия А., 1998.

2.Жұмабаев М. Педагогика. А., 1993.

3.Коменский Я.А. Ұлы дидактика. А., 1993.

4.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 2000.



15.

Өзін-өзі жә не қайта тәрбиелеу.

1.Өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы.

2.Қайта тәрбиелеу ұғымы.

3.Тәрбиенің итермелеуші күштерінің процесі.


15 апта

1.Муханбетжанова А.М.,Молдағалиев.Б.А., Ерниязов О.Н.. «Тәрбие теориясы» Орал-2007

2.Муханбетжанова А.М.,Молдағалиев.Б.А., Ерниязов О.Н.. «Дидактика» Орал-2007



16.

Отбасы тәрбиесі.

1.Отбасының қалыптасуын және оның тәрбие факторы ретіндегі сиатын ашу.

2.Отбасы тәрбиесінің құқықтық негіздері.




16 апта

1.ЖарықпаевҚ. Психолоия А., 1998.

2.Жұмабаев М. Педагогика. А., 1993.

3.Коменский Я.А. Ұлы дидактика. А., 1993


17.

Тәрбие әдістері және құралдары

1Тәрбие құралдары туралы түсінік.

2.Іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, оларды қолдану.

3. Талап түрлері.

4.Үйрету әдісін пайдалану.

5.Тәрбиелік істер туралы түсінік.


17 апта

1.Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. А., 1990.

2.Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. А., 1992.

3.Лихачев Б.Т. Педагогика. М.,1998.


18.

Дидактика – оқыту теориясы

1.Дидактика ұғымының мәнін ашу.

2.Дидактика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар.

3.Дидактикалық жүйелер.


18 апта

1.Муханбетжанова А.М.,Молдағалиев.Б.А., Ерниязов О.Н.. «Тәрбие теориясы» Орал-2007

2.Муханбетжанова А.М.,Молдағалиев.Б.А., Ерниязов О.Н.. «Дидактика» Орал-2007



19.

Ұжымдық тәрбие және кіші оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру

1.Ұжымға педагогикалық жетекшілік ету.

2.Оқушылар ұжымын басқарудағы ұстанатын ережелер.

3.Оқушылар ұжымына басшылық жасауда бастауыш сынып мұғаліміне қойылатын талаптар


19 апта

1.Әбиев Ж.

Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика.

А., 2004.

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.

А., 2000.


20.

Оқыту процесі

1.Оқыту процесінің жүйесін, құрылымын сипаттаныз.

2.Оқыту процесінің қызметі және олардың өзара байланысы.

3.Оқыту технологиясының атқаратын қызметі.


20 апта

1.Муханбетжанова А.М.,Молдағалиев.Б.А., Ерниязов О.Н.. «Тәрбие теориясы» Орал-2007

2.Муханбетжанова А.М.,Молдағалиев.Б.А., Ерниязов О.Н.. «Дидактика» Орал-2007



21.

Мектептің отбасымен жүргізетін жұмыстары

1.Мектептің отбасымен жүргізетін жұмыстары туралы түсінік.

2.Мектептің отбасымен жүргізетін жұмыстарының түрлері.

3.Мектептің ата-аналармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары.


21 апта

1.Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. А.,1992.

2.Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. А., 1990



22.

Оқыту процесінің заңдылықтары мен прициптері.

1.Оқыту процесінің заңдылықтары мен өзара байланысы.

2.Оқыту принциптері туралы түсінік.




22 апта

1.Құрманалина Ш.Х, Мұқанова Б.Ж., Ғалымова А.У., Ильясова Р.К. Педагогика. Орал, 2004.

2.Педагогика сөздік. Молдағалиев.Б.А.Орал-2008.



23.

Оқыту әдістері.

1.Оқыту әдістерін жіктеу немесе классификациялау.

2.Танымдық іс-әрекеттің типіне қарай оқыту әдістерін жіктеу.

3.Оқытудың бағдарламаланған әдістері.


23 апта

1.Құрманалина Ш.Х, Мұқанова Б.Ж., Ғалымова А.У., Ильясова Р.К. Педагогика. Орал, 2004.

2.Харламов Н.Ф. Педагогика. М., 1999.



24.

Оқыту әдістері.


1.Оқыту әдістерін жіктеудің мәнін ашып көрсетініз.

2.Танымдық іс-әрекет типтеріне байланысты әдістер.

3. Оқытудың бағдарламаланған әдістері.


24 апта

1.Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. А., 1990.

2.Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. А., 1992.

3.Лихачев Б.Т. Педагогика. М.,1998.


25.

Оқытуды ұйымдастыру формалары.

1.Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың формалары.

2.Оқытуды ұйыдастырудың сыныптық-сабақтық жүйесінің ерекшеліктері.

3. Сабақтардың типтері және түрлері.


25 апта

1.Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. А., 1992.

2.Лихачев Б.Т. Педагогика. М.,1998.

3.Подласый И.П. Педагогика. М.,1996.


26.

Оқытуды ұйымдастыру формалары.


1.Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың формаларын классификациялаудың негізі.

2.Оқытуды ұйыдастыру формаларының даму тарихы.

3. Сабақ құрылымы, түрлері, типтері.


26 апта

1.Әбиев Ж.

Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика.

А., 2004.

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.

А., 2000.


27.

Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ.


1. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ, оның негізгі түрлері, типтері. 2.Сабаққа қойылатын негізгі талаптар.

3. Мұғалімнің сабаққа дайындалуының негізгі параметрлері..



27 апта

1.Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. А., 1990.

2.Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. А., 1992.

3.Лихачев Б.Т. Педагогика. М.,1998.


28.

Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ.

1. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ, оның негізгі түрлері, типтері

2.Сабаққа қойылатын негізгі талаптар.

3. Мұғалімнің сабаққа дайындалуының негізгі параметрлері..


28 апта

1.Құрманалина Ш.Х, Мұқанова Б.Ж., Ғалымова А.У., Ильясова Р.К. Педагогика. Орал, 2004.

2.Педагогика сөздік. Молдағалиев.Б.А.Орал-2008.



29.

Оқушылардың

білім, білік, дағдыларын есепке алу және бағалау




1.Қадағалау және тексеру ұғымдарына сипаттама беріңіз.

2.Оқығанды тестілеу, тестілеу классификациясы.



29 апта

1.Жұмабаев М. Педагогика. А., 1993.

2.Коменский Я.А. Ұлы дидактика. А., 1993.

3.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М.

Педагогика. А., 2000.




30.

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің ұйымдастыру шылық-педагогикалық негіздері


1.Педагогикалық процестегі қозғаушы күштің ролін көрсетініз 2.Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің мәнін ашыңыз.


30 апта

1.Әбиев Ж.

Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика.

А., 2004.

2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.

А., 2000.


жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау