Педагогика факультеті



жүктеу 1,27 Mb.
Pdf просмотр
бет44/58
Дата24.11.2018
өлшемі1,27 Mb.
#24513
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58

   Жабдықтау:  Мотивациялық  құрылымның  компоненттерін  диагностикалауға  арналған  тартылыс  
деңгейімен  байланысты  тікелей  қызмет  үстіндегі  сауалнама  бланкісі. 
   Жұмыс  барысы:  Сауалнама, мысалы, оқу  тапсырмасын  орындау  үстінде  толтырылады. Экспериментатор  
барлық  білім  алушыларға  ортақ, оның  орындалуында  қандай  да  бір  кезеңін  бектеді  жəне  осы  кезеңді  
аяқтау  кезінде  сауалнаманың  сұрақтарына  жауап  беруді  ұсынады. Оқу  тапсырмасын  орындау  басында  
экспериментатор  мəтіні  бар  бланкіні  таратады  жəне  мынадай  нұсқаумен  сауалнамамен  жұмыс  жасаудың  
тəртібін  түсіндіреді: «сізге  ұсынылған  тапсырманың  бекітілім  кезеңін  аяқтағаннан  кейін, сіз  сауалнама  
мəтіні  бар  бланкіні  алып, нұсқауды  мұқият  оқып, жауап  беруге  кірісіңіз. Есіңізде  болсын  сұрақтар  
тапсырманың  орындалған  бөлігіне  келген  кезде  байланысты, бірақта  бөлімнің
 
 қалған  бөлісімен  жұмыс  
жасау  керек. Сауалнама  тəртібі  кезінде  бланкіде  келтірілгендердің  əрқайсысына  ретімен  оқисыз  жəне  сіз  
онымен  қандай  дəрежеде  келісесіз  немесе  келіспейтіңізді  шешесіз». Осыған  байлынысты, сіз  бланкінің  оң  
жағындағы  мына  цифрлардың  біреуін  дөңгелектейсіз: егер  сіз, толығымен  келіссеңіз  «+3»; егер  келіссеңіз  
«+2»; егер  келіспегеннен  гөрі  келіссеңіз  «+1»; егер  мүлдем  келіспейтін  болсаңыз  «-3»; келіспесеңіз  «-2»; 
егер келіскеннен  гөрі  келіспесеңіз  «-1», ең  соңғысы  егер  сіз  жоғардағымен  не  келісе  алмасаңыз  немесе  оны  
жоққа  шығара  алмасаңыз  «0»  қоясыз. Бұл  айтылғандардың  барлығы  тапсырмамен  жұмыс  үзілген  кезде  не  
ойнайтыңызға, не  сезетіңізге  немесе  қалауыңызға  байланысты. 
   Мəліметтерді  өңдеу  жауаптардың  тікелей  аудару, не  кері  аудару  тəртібі  бойынша  ұпайға  айналдырады. 
Ұпайлар  мотивациялық  құрылымының  15  компонентінің  əрқайсысы  бойынша  арнайы  кілт  арқылы  
есептелінеді. Жауаптарының  ұпайға  тікелей  аудару  ережесі  бойынша  берілген  номерлері  индексіз  
берілмейді, ал  кері  аудару  ережесі  бойынша  пайымдау  0  индексімен  белгіленген. Нəтижелерді  талдау  
кезінде  мынаны  ескеру  керек:  субъектіге  тапсырма  кезіндегі  қалыптасқан  жағдайдын  күрделі  проблемалық  
болып  табылатындығын  ескеру  керек. Орта  субъектіде  тапсырмаларды  орындау  жəне  қоюда  күрделі  
қызметтін  жүйеге  құрылған  көп  компонентті  мотивациялық  əуестік  тудырады. Проблемалық  ситуация  тұтас  
бір  қажеттіліктің  белсенділігіне  алып  келеді. Оның  қатарына, танымдық  əлеуметтік, даралықтың  жоғары  
деңгейінің  қажеттілігі, өзіндік  сананың  деңгейі, əсіресе, құнды  өзіндік  «Меннің»  құндылығы  жəне  өзін  
құрметтеудің, көрсетудің  қажеттілігі  көрінеді. Осы  қажеттіліктердің  негізінде  субъект  тапсырманың  
маңыздылығы  мен  қиындығын, уақыт  пен  күштің  қажетін  бағалайды, мүмкін  салдарын  болжайды. 
Тапсырманы  орындау  үстінде  алғашқы  бағалары  өзгеріп, түзетілуі  мүмкін. Қиындықтың белгілі  деңгейіне  
жетуіне  байланысты  қызметтің  ыңғайына  қарай, мотивация  субъектінің  ортамен  əрекетінің  ерекшеліктерін  
сипаттайтын, біршама  элементтерден  тұрады. Мотивацияның  потенциалдық  құрылымы  ең  алдымен, 
тапсырмаларды  орындау  жағдайындағы  өзектілігіне  сəйкес  түзіледі. Оқу  қызметінің  ерекшеліктеріне  
байланысты, сол  сияқты  сипаттаманың  жалпылама  қажетті  мақсатына  байланысты,  тек  мына  мотивациялық  
элементтер  немесе  мотивтер  зерттеледі. Қызмет  процесімен  тікелей  байланысты  ішкі  мотив  (компонент 1), 
жалпыланған  жəне  тапсырманы  орындауда  тартымдылық  беретін  тапсырмаға  қыызғушылығын  білдіреді. 
Субъектінің  өз  қызметінің  нəтижесіне  қызығушылығымен  сипатталатын  танымдық  мотивте  (компонент 2)  
жалпылама  болып  табылады, себебі  оның  əр  жағында  тікелей  нəтижеге  байланысты  қанағаттандырылатын  
неғұрлым  жеке  мотивтердің  кең  жүйесі  тұрады. Қашу  мотиві  (компонент 3)  алдыңғы  нəтижеге  ұмтылатын  
жағымды  мотивтен  өзгеше  нəтижелердің  құндылығына  кері  əсер  ететін  төменгі  нəтижеден  көрсетуден  
жəне  осының  салдарынан  қорқу  тəн. Жарыс  мотиві  (компонент 4), басқа  мотивтердің  жиынтығынан  арнайы  
нəтижесіне  байланыстылығымен  ерекшеленеді. Бұл  мотивтің мазмұны  субъектінің  басқа  субъектілердің  
нəтиже  деңгейінің  жоғарылығына  ерекше  мəн  берумен  анықтлады. Бұл  мотивтердің  артында, сонымен  бірге  
неғұрлым  жеке  мотивтердің  тобы; билік, мəртебе т.б.  мотивтер  тұруы  мүмкін. Келесі, қызметке  ауысу  мотиві  
(компонент 6)  субъектінің  бір  түрлі  қызметте, алдына  неғұрлым  қиын  мақсаттар  қоюына  ұмтылуымен  
анықталады. 
   Қарастырылған  элементтер  тобы  субъектінің  сол  немесе  басқа  қызметке  тікелей  итермелейтін  жəне  
қызметтің  дамуының  қозғаушы  күші  болып  табылатын  факторлар  роліндегі  жағдайлардың  сипатты  
бейнесін  көрсетеді. 
   Элементтердің  басқа  тобын  мотивациялар  мен  себеп – салдар  қатынасында  болатын, неғұрлым  қиын  
мақсаттарға  жетуіне  байланысты, қызметтің  қажетті  жағдайы  түрінде  көрінетін  түрлері  түзеді. Бұл  
элементтердің  бір  бөлігі  ағымдағы  жағдайына  қатысты  жəне  мынадай  процестердің  нəтижесін  көрсетеді: 
қызмет  нəтижесіне  тұлғалық  маңыз  беру  (компонент 7), орындалатын  тапсырманың  күрделілігін  бағалау  
(компонет 8), тапсырманы  орындау  үстіндегі  жұмыстағы  жігерлік  күшінің  көріну  деңгейін  бағалау  
(компонент 9), осы  қызметтің  түрінде  өзінің  мүмкіндігімен  салыстырылған, жеткен  нəтиженің  деңгейін  
бағалау  (компонент 10), өзін  потенциалын  бағалау  (компонент 11). 
   Басқа  элементтер  субъектінің  келесі  оқиғалардың  барысын  алдын – ала  болжау  жəне  жоспарлауын  
көрсетеді: нəтижеге  жету  үшін  қажетті  күш – жігерді  жұмылдыру  деңгейін  белгілеу  (компонент 12), жəне  
қызметтің  нəтижесінің  күтілген  деңгейі  (компонет 13). 
   Мотивациялық  құрылымның  толық  ашылуына  субъектінің  өзара  əрекетінің  даму  барысында  негізгі  құрал  
болып  табылатын  себеп – салдарлық  факторын  түсіну  маңызды. Оған  субъектінің  нəтиженің  жағдайға  жəне  
оның  жеке  мүмкіндігіне  байланысты  (компонент 14), сол  сияқты  тапсырманың  қойылуы  қаншалықты  
белсенді, қаншалықты  бұйрықты  (компонент 15)  екенінің  ара  салмағын  түсінуіне  қатысты. Осылайша  
элементтердің  1-ші  бөлім  бағалау  процесін, 2-ші  бөлімі  болжау  процесімен  жəне  3-ші  бөлімі  
интерпретация  процесімен  байланысты. 


жүктеу 1,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау