Педагогика факультеті



жүктеу 1,27 Mb.
Pdf просмотр
бет52/58
Дата24.11.2018
өлшемі1,27 Mb.
#24513
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   58

емес»,  «Бұл  дұрыс  емес»  Əрбір  келісімді  мұқият  оқи  отырып,  барлық  карточкалары  жауаптың  төрт  варианты 
бойынша  бөліп  көрсетіңіз.  Егер  сіз  келісімді  толықтай  бекітсеңіз,  оны  «Толықтай  келісемін»  карточкасының 
тұсына  қойыңыз.  Егер  келісім  дұрыс  бірақ  толықтырулар  енгізу  керек  деп  шешсеңіз  «Жалпы  бұл  дұрыс» 
карточкасының тұсына  қойыңыз т.с.с. Карточкаларды келісімдермен төрт топқа бөле отырып, сіз өзіңіздің жеке 
пікіріңізді білдіруге тырысыңыз. Психологиялық зерттеуге қатысқаныңызға көп рахмет».  
Тапсырманы  орындағаннан  кейні  консультанат  ерлі  зайыптылардың  жауаптарын  кеңестік  зерттеудің 
хаттамасына тіркейді:  «Толықтай келісемін»тобына жатқызылғаны 3 балл, «Жалпы бұл дұрыс»2 балл, «Бұл дəл 
осылай емес»1 балл, «Бұл дұрыс емес»0 балл қойылады.   
 
     2.Психологиялық кеңес берудегі проблемдік жағдаятқа кіріспе сөз жүргізу 
Ақыл  кеңес  беру  кезінде  психолог  маманның  əңгімесі  адамның  қандай  да  бір  өмірлік  ситуацияны  шешудегі 
негізгі  тəсілінің  бірі  болып  табылады.  Əңгіме  əдісінің  тиімділігі  оның    ұйымдастырылу  іскерлігіне  жəне  оның 
диагностикалық, терапевтикалық, профилактикалық сипатқа ие болуымен байланысты.  
Сабақтың мақсаты:   
Психологиялық кеңес берудегі проблемдік жағдаятқа кіріспе сөз жүргізу дағдысын жасау. Тапсырма рөлдік ойын 
түрінде өткізіледі. 
Құрал жабдық: Видеомагнитофон 
Жұмыс  барысы.  Жұмыс  видеожазба  жазуға  мүмкіндік  болатын  аудиторияда  өткізіледі.  Тапсырманы  орындауға 
10-12  адам  қатысады.Оның  құрамынан  «кеңесші  психолог»  рөліне  адам  жəне  «психологиялық  кеңес  беруге 
көмекті  қажет  ететін»адамның  рөліне  адам  таңдалады.  Сеанстың  жүру  барысында  психолог  рөліне  пікіріне 
топтың кем дегенде жартысы ден қоятын адамды таңдау керек. Одан əрі қатысушылардың əрқайсысы осы рөлде 
болып көруі керек.  
Мысалы,  келесі  мазмұндағы  рөлдік  ойын  ұсынылады:  «Пихолог  кеңесіне  бала  тəрбиесінде  проблема  туындаған 
əйел адам келді».  
«Психологқа» тапсырма: «Сіз көмек сұрай келген əйелмен əңгіме жүргізуіңіз керек. Əңгіме барысында жағдайды 
терең  түсініп,  осы  ситуацияны  тудырып  отырған  маңызды  объективті  жəне  субъективті  факторларды  анықтау 
керек.  Мəселені  шешуге  негізделген  ұсыныстар  беріп,  қиыншылықта  жеңуге  болатындығы  туралы  үміт  сезімін 
тудыру керек».  
«Əйелге» тапсырма: «Сіз пихолог кеңесшіге балаңыздың мінез құлқы мазалағандықтан келдіңіз. Соңғы кездерде 
ол  өзін  нашар  ұстайтын  болды,  əсіресе  қоғамдық  орындарда.  Сіз  психологқа  бұл  туралы  дəлірек  айтасыз.  Бірақ 
сіздің    саналы  түрдегі  мазасыздығыңыздың  себебі:  а)  сіздің  айналадағылардың  пікіріне  аурушаң 
сезімталдығыңыз;  б)  ештеңеге  қарамастан  идеалды  «ана»  болуға  деген  қалауыңыз;  в)  балаңызбен  дау  жанжалға 
түсуден қорқу; г) күйеуіңізбен қатынаста қиындықтардың болуынан қорқу; д) балаңыздың өз өзін ұстауы сіздің 
қызмет репутациясын бұза  ма деген қауіп; е) балаңыздың өз өзін ұстауы күйеуіңіздің қызмет репутациясын бұза 
ма деген қауіп т.б.» «Əйелге» берілетін жоғарыдағы нұсқаулар психолог болмаған жерде берілуі керек.  
«Сарапшыларға» нұсқау:  «Əңгіме барысын мұқият  бақылап, бақылау  хаттамасын жүргізіп, онда  «психологтың» 
əңгіме жүргізуге қолайлы жағдай тудыруға мүмкіндік жасаған немесе кедергі болған вербальды жəне вербальды 
емес,  жеке  əрекет  пен  тəсілдерді,    əқгімеге  жасалған  психологиялық  климат,  ситуацияны  түсінуі,  проблеманың 
туындауының шын себебін анықтау, ұсынысты орындау кезінде проблеманы жетістікті түрде шешуге мүмкіндік 
туғызу тіркеледі».  
Рөлдік ойынның бір сеансының ұзақтығы 15 минут болуы керек.  
Психологқа сұрақ:  
Кеңес сұрай келген əйелдің мəселесінің мəні неде? 
Əңгімелесу барысында қандай қиыншылықтарға кездестірдіңіз? 
Əңгімелесу барысында қиыншылықты шешуге немесе одан құтылу үшін сіз не істедіңіз? 
Сіздің берген ұсыныстарыңыз «əйелге» айтарлықтай көмектесетініне сенімдісіз бе? 
Əйелге қойылатын сұрақтар:  
Сізді «психологтың» жақсы түсініп отырғанын сезіндіңіз бе? 
Əңгіме кезінде сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз? 
«Психологтың» өз өзін ұстауында, сөйлеуінде сөздің толық ашылуыңызға кедергі болған жағдай болды ма? 
Сізге берліген ұсыныстардың сізге көмектесетініне сенімдісіз бе? 
Алынған  жауаптарға  сəйкесті  «психолог»  жəне  «əйел»    тарапынан  алынған  субъективті  бағалаудың 
айырмашылығы немесе сəйкестігі қысқаша түйінделеді.   
Одан  əрі  «сарапшылар»  дискуссиясында  «психологтың»  вербальды  жəне  вербальды  емес  мінез  құлқында 
əңгіменің  қолайлы  психикалық  климатын  тудыруға  мүмкіндік  жасағаны  немес  кедергі  келтіргенін,  жағдайды 
талдау,  мəселенің  туындауына  себеп  болған  ақиқат  себептері  ,  психологиялық  ұсыныстардың  əрекетшілдігіне 
деген сенгімділігін қалыптастыру жəне оны жүзеге асыруға деген қалауы талданады.  
«Эксперттер» сонымен қатар «психологтың» қосымша мəлімет алу, түсініктеме жасау, партнердің қалауын нақты 
түсінуге мүмкіндік беретін мəліметтерді алу; партнердің қызығушылығы мен айтылған ойларын өз сөзімен бере 
алуға  қабілетті,  партнердің  күйін  бақылауды  мазмұндау,  шындыққа  жəне  анықтыққа  қол  жеткізу  мақсатында 
партнердің айтқандарын интерпретациялауды игеруін бағалауы керек. 
Сондай ақ «эксперттер» «психологтың» берген ұсынымдарын талдап, оның негізделгені бағалануы керек.  


«Экспеттер»  қорытындысында  келесідей  сұрақтар  бойынша  жекелеген  түйіндемеле  құрылып  бір  жүйеге 
келтірілуі  керек  :  кеңес  беру  əңгімесі  мақсатына  жетті  ме?  əңгіме  қалай  өтті?  «психолог»  қандай  қателіктер 
жіберді? əңгіме өткізуде қандай жеке қателіктер көрінді? əңгіме өткізудің қандай тəсілдері тиімдірек болды? 
             3.Оқу техникасын жаттықтыру 
«Іштей» мəтінді оқу іскерлігі оқыған нəрсені мəнге келтіру жəне қабылдау дағдысының жиынтығынан құрылады. 
Көру қабылдауының дағдысы көп жағдайда оқудың жалпы нəтижелілігін анықтайды. Оқу техникасын жетілдіру 
оқу темпін арттыруға жəне өнімді оқу тəсілдерін игеруге мүмкіндік береді.  
Сабақтың мақсаты. Оқу жылдамдығын арттыру мақсатында кейбір жаттығуларға үйрету. 
Құрал жабдықтар. Оқудың мəрелік жылдамдығын өлшеу үшін əдетте газттік мəтіндер қолданылады.  
Жұмыс барысы. Тапсырманы қалыпты оқу аудиториясында немесе үйде өткізуге болады.  
Тапсырманың басында оқу жылдамдығын міндетті түрде өлшеу керек. Одан əрі қарай жаттығулар жүргізіледі.  
 
1 Жаттығу 
Жаттығудың  міндеті  мəтінді  тігінен  оқуға  үйрену.  Жаттығу  үшін  газеттік  мəтін  ұсынылады.  Газеттің 
бағанасының  ортасы  бойынша  түсті  қарындашпен  тік  линия  жүргізіледі.  Қолмен  жүргізіліп  отырған  кезде 
көзқарастың толқынды жылжуына қол жеткізу үшін мəтін бірнеше қайтара оқылады.  
Жаттығудың ережесі:  
Газеттік бағаныны өз алдыңызға қойып, көрстекішті алыңыз; 
Көрсеткішті жоғары жолдың ортасына қойыңыз; 
Көрсеткішті бағананың орталығы бойынша тепе тең жүргізіңіз; 
Біздің көзқарасымыз көрсеткіштен екі үш жолға жоғары тепе тең жүріп отыруы керек; 
Алдыңызға  оқу  мақсатын  қоймаңыз,  біздің  көзқарасымыз  мəтін  бойынша  қозғалған  көрсеткіштің  соңынан 
«жүзіп» отырсын; 
Көрсеткіш пен көзқарастың қозғалысы тепе тең болуы керек, қозғалысты қандай себеп болмасын тоқтатпаңыз; 
Көзқарысыңыздың жан жаққа бағытталуына мүмкіндік бермеңіз; 
Мəтін  бойынша  көрсеткіш  пен  көзқарасыңыздың  келісімді  қозғалысы  болғанға  дейін  жаттығуды  тоқтатпаңыз. 
Мəтінмен жұмыс көзіңіз сөздер мен үзінділерді қабылдай бастағанда тоқтатылады. Тек сөздерді жəне үзінділерді 
айта алу ғана есептеледі де, мағынасына мəн берілмейді. 
 
4.Алкоголизм кезіндегі топтық психотерапия əдістемесі 
Психотерапия 
психологиялық 
тəсілдерді 
емдеу 
мақсатында 
қолдануға 
бағытталған 
сала 
ретінде 
психоневрологиялық,  жалпысоматикалық,  наркологиялық  бағытта  қолданылады.  Психологиялық  емдеу  тəсілі 
ретінде  алуын  түрлі  əдістемелік  тəсілдер,  мимика,  сөйлеу,  эмоционалдылық,  мотивация,  мінез  құлықтың 
көріністер,  үйренушілік,  тұлғараралық  қарым  қатынастар  жəне  т.б.  қолданылады.  Топтық  психотерапия  кезінде 
кешенді  психологиялық  емдеу  тəсілі  ретінде  осы  шағын  топқа  арналып  құрыған  мақсатқа  бағыталған 
тұлғараралық  қарым қатынастың динамикасы алынады. Қазіргі таңда ТП алуан түрлі ауруларды емдеуде соның 
ішінде алкоголизмді емдеуде де қолданылады.  
Алкоголизм  адамның  патологиялық  еліктеуінің  арнайы  түрі  ретінде  анықталатын  жəне  алкогольды  жиі 
қолданылатын  тұлғаларда  туындайтын  наркомандық  тəуелділіктің  бір  формасы  болып  табылады.    Солай  бола 
тұрса  да  алкогольге  еліктеушілік  тікелей  бақылаудан  жəне  сыртқы  əсер  етуден  алуан  түрлі  психологиялық 
қорғаныс  арқылы  олар,  проекция,  теріске  шығару,  жалған  рационализация  арқылы  жасырын  түрде  болады.  
Сондықтан  алкогольге  еліктеуді  психотерапиялық  түзету  науқастардың  қажеттіліктеріне  ықпал  ету  долымен  де 
жүзеге асуы керек. Когнитивті деңгейде бұл анозогнозияны жеңу (өз ауруына адекватты емес қарау); өзіндік сана 
деңгейінде  өзін  өзі  бағалауға,  өзін  құрметтеуді  қалпына  келтіруге  ықпал  жасау;  эмоционалды  деңгейде 
аффективті  түзілістерді  басу;  мотивациялық  деңгейде  алкогольге  алтернативті  мотивтерді  жасау  жəне  бекіту; 
мінез құлық деңгейінде өмір стилін өзгерту, қатынас бұзылысын түзету, пациенттің əлеуметтік ортасына əрекет 
ету.  
Сабақтың  маұсаты.  Алкоголизммен  ауыратын  науқастармен  оларда  анозогнозияны  жеңуге    жəне  дұрыс  өмір 
салтын қалыптастыруға бағытталған топтық психотерапия жүргізу.  
 
Əдістеме 
 
ТП ұйымдастыру. Психотерапиялық сеанстар осыған арнайы дайындалған кабинеттерде жəне белгілі бір уақытта, 
ұзақтығы  алдын  ала  белгіленіп,  1,5  сағаттан  аспайтындай  етіп  өткізілуі  керек.  Тек  қорытынды  кезеңінде  ғана 
сеанс ұзақтығы алты сағат созылуы мүмкін. Наркологиялық стационар жағжайында ТП аптасына 4-5 реттен ал, 
амбулаторлық жағдайда аптасына екі рет өткізіледі.  
Топқа  науқастарды  таңдау.  ТП  тұлғалық  деградациясы  болмаған,  алкоголизм  интеллектуалдық  жəне  моралдық 
этикалық  деңгейінің  төмендеуінен  көрінетін  науқстарға  арналған.  Топқа  жасы  кəрі  адамдарды(елуден  жоғары) 
жəне  асоциалды  өмір  сүретін  адамдарды    енгізудің  қажеті  жоқ.  Сондай  ақ  гетерогендік  принципін  де  сақтау 
керек:  онда  алкоголизмнің  алуан  ағымымен,  əртүрлі  жастағы,  əлеуметтік  жағдайы  жəне  білім  деңгейі  əртүрлі,  
тоғыз он екі адамнан тұратын топ болуы керек. Топ жабық болуы керек. 
Науқастарды  ТП  ға  қатысуға  дайындау  дезинтоксикация  жəне  алкоголдық  абстинетті  синдромның  өткенінен 
кейін  жеке  əңгімелесу  түрінде  психодиагностикалық  зерттеу  түрінде  өтеді.  Науқастарда  топта  жұмыс  жасауға 


жүктеу 1,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау