Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Психологиялық зерттеу құрылымының логикалық алғы шарттары қандай?
2. Ойша құрастырылған психологиялық алғы шарттар қандай?
3. Табиғи ғылыми психологиялық зерттеу түрлері қандай?
4. Психолоиялық зерттеудегі факт жəне артефакт дегеніміз не?
№21 Дəріс.
Тақырып: психологиялық эмперикалық зерттеулерге субьективті ыңғай.
Дəрістің мазмұны:
1.Психологиялық эмпирикалық зерттеулердің обьективті проблемаларының өзгешелігі.
2.Зерттеуші мен зерттеулшінің қарым-қатынасы.
3.Зерттеулушінің обьективті –субьективті табиғаты.
Мақсаты: Психологиялық эмпирикалық зерттеулердің обьективті проблемаларының өзгешелігі,
зерттеуші мен зерттеулшінің қарым-қатынасы, зерттеулушінің обьективті –субьективті табиғаты туралы
білімдерді меңгерту.
1.Психика- ерекше пəн, сондықтан психологиялық эмперикалық зерттеудің логикасы жаратылыстану
ғылымдарының эмпирикалық зерттеулерінің логикасынан ерекшеленеді.
Бірақ психология өзінің объектісі бойынша да спецификалық, объект тіршілік иесі, адам индивид ретінде,
адамдар тобы, қоғам бола алады. Егер біз адам мен басқа жануарлар əлемі арасында шектейтін сызық жүргізсек,
жəне болашақта жалпы жəне адамның дифференциалды психологиясы туралы сөз ететін болсақ, «психологиялық
зерттеу» түсінігі өзінің сапасы бойынша «зерттеу субъектісіне» ұқсас болады. Екі жағдайда да адам таниды жəне
əрекет етеді. Ал адам адамды танығанда əрқашан позиция алмасуы мүмкін, сəйкесінше, зерттелуші- адам
зерттеуші бола алады, жəне керісінше. Өзге ғылымдарда (тек жаратылыстану ғана емес, гуманитарлы
ғылымдарда) мұндай жағдай теориялық қарастырылмаған.
Алайда мұндай жағдай психологиялық экспериментке барынша тəн. Көптеген авторлар бұл проблеманы
артефакттардың бірінің проблемасы деп санайды жəне «бұзылған зерттелушілер» ( психологиялық
эксперименттің нормаларымен таныс зерттелушілер) туралы айтады.
Эксперименталды процедура экспериментатор тұрғысынан қарастырылған, жəне жаратылыстығылыми
экспериментальды модель психологияға өзгеріссіз енді: « ... ғылыми психология ғылыми сфераға табиғаттың
бөлігі ретінде қарастырылатын адам мен жануарды тануды енгізуге ұмтылады»
Бірақ адамға эксперимент жануарларға жасалатын экспериментке қарағанда зерттелушіге берілетін нұсқау
құрылымынан тұрады. Оның мəні алғашқы психологиялық эксперименттерде ашылды, мысалы зерттелушілерде
уақыт реакциясының моторлы жəне сенсорлы құру. Зерттелушілердің нұсқауды қабылдауын Вюрцбург
мектебінің психологтары, соның ішінде Н. Ах зерттеген. Бірақ егер зерттелуші нормативті міндетті өзгертуге
қабілетті болса, ол реактивті емес, эксперименталдық жағдайда белсенді болады.
Алғаш рет психологиялық экспериментті эксперименталдық іс-əрекеттің субъектісі ретіндегі зерттелуші
көзқарасымен талдап көрген Л.С.Выготский.
Ол қазіргі кезге дейін барлық психологиялық əдістемелер бір сызба бойынша : стимул- реакция жасалған. Л.С.
Выготский «стимул-реакция» сызбасын зерттелуші психикасын реактивті ретінде қарастырды, ал реактивтілік
төменгі психикалық функцияларға тəн. Ол белсенділікті жоғары психикалық функцияның қасиеті, оның ойынша
«стимул-реакция» сызбасы бойынша эксперимент жаратылыстанудағы экспериментке ұқсайды жəне тек төменгі
психикалық функцияны зерттеу үшін қажет. Өзге жағдайда «инструменталды əдіс» қолдану қажет, ол адамның
жағдайға белсенді араласуын қарастырады,
Эксперименттегі зерттелушінің белсенді рөл мəселесін шешу жеке-іс-əрекеттік ыңғай болып табылады, мұндағы
психологиялық эксперименттің координаталар басы ретінде зерттелуші болады. Əрекеттік ыңғайдың
жақтаушыларының еңбектерінде бұл позиция айқын анықталған. М.С.Роговин: «Психологиялық эксперименттің
əдіснамалық негізі болып кеңес уақытында өңделген іс-əрекет түсінігі жəне оның негізгі сипаттамаларын бөлу
болып табылады ». Іс-əрекетті жеке пəндік іс-əрекет ретінде қарастырған бұл ыңғайға негізделе, Г.Е.Журавлев
психологиялық экспериментке
мынадай анықтама берді: «Эксперимент - тапсырманы орындауға бағытталған зерттелуші- адамның іс-əрекеті» .
Белсенділік тек адамға ғана емес, басқа да зерттеу объектілеріне де тəн болғандықтан, бұл ұғымды нақтылау
мəселесі пайда болады. Г.И.Журавлев адамның эксперименттегі екі арнайы белсенділік формасын: іс-əрекет жəне
қарым-қатынасты қарастырады. Кез келген психологиялық экспериментті эксперимент формасында жүзеге
асатын, эксперименттік тапсырмалардың белгілі бастамасы болып табылатын экспериментатор мен зерттелуші
қарым-қатынасы ретінде қарастыруға болады.
2.Қарым-қатынастың мақсаты зерттелушінің белгілі бір іс-əрекетін құрастыру, эксперимент нормасына сəйкес
іс-əрекетті жүзеге асыру, эксперименталды нəтиже мен ол нəтиженің интерпретациясы формасындағы іс -əрекет
өнімін алу.
Сөйтіп, сызба экспериментатор мен зерттелушінің ( зерттелушінің жеке іс-əрекеті) қарым-қатынасы ұсынылады.
Бұлай бейнелегенде экспериментті ұйымдастыру бойынша экспериментатор іс-əрекеті болмайды жəне
зерттелуші мен экспериментатордың жекеіс-əрекеттері жəне олардың арасындағы қарым-қатынас. Зерттелушінің
психикасын зерттеуде біріккен іс-əрекетті құраушы ретінде қарастырылмайды.
Г.И.Журавлев психологиялық эксперимент нормалары олардың зерттелуші іс-əрекетінде көрініс табу мəселесіне
талдау жасайды.
Зерттелушінің эксперименттік тапсырманы қабылдауы жəне оған сəйкес іске асырауы мəселесін шешуде іс-
əрекеттік ыңғай бұл процестің негізгі детерминанты зерттелуші мотивациясы болып табылады, өйткені
мотивация ғана жеке іс-əрекетті анықтайтын айнымалы болып табылады. Бірақ бұл басқаруға жол бермейді.
Мұндай мəселені əлеуметтік-психологиялық ыңғай тұрғысынан шешуге болады. Мұнда потенциалды зерттелуші
мен экспериментаторды шағын топ ретінде қарастырады.
Əлеуметтік психологиялық ыңғай зерттелуші мен экспериментатор өзара əрекеті процедурасын бейнелеуге
басымдық көрсетеді. Əлеуметтік психологтардың зерттеулерінде психологиялық эксперименттің нəтижесін
зерттелуші мен экспериментатордың өзара əрекетінанықтайтын түрлі факторлардың əсерін анықтады:
экспериментатор тұлғасы, экспериментатор туралы естігендері, аффилиативті мотивация т.б.
Бұл эффекттерді екі топқа бөлуге болады: жағдайға ( таңдау, өз еркімен зерттелу, экспертиза т.б.) шартталған
жəне зерттелуші мен экспериментатордың тұлғалық қасиеттерімен байланысты эффектер. Соңғысына
«Пигмалион эффектісі» жатады.
Психологиялық эксперименттің моделінің ең негіздісі ол оның əлеуметтік іс-əрекетке енгізілетін, зерттеуге
қатысты, сыртқы мақсаттарды иеленетін, тікелей мақсатызерттелушінің психика ерекшелігінтану болып
табылатын экспериментатор мен зерттелушінің біріккен іс-əрекет жүйесі ретінде қарастырылады.
Экспериментаторға біріккен іс-əрекетті ұйымдастыру жəне басқару міндеті жүктеледі, ал нұсқауда берілген
міндеттің бір бөлігін зерттелуші орындайды.
3.Зерттеуші мен зерттелуші қарым-қатынас, нұсқаудың ролі.
Психологиялық эксперимент басынан бастап өз бетімен қалыптасты. Психологиялық эксперименттің бірегей
ерекшелігі жəне фундаменталды сипаттамасыэксперименталдық, тəжірибелік əдістің құрылымында алғаш рет
зерттелушіге нұсқау берілді. Танымның өзге ешбір аймағынан зерттелетін объектіге берілетін нұсқауды таба
алмаймыз.
Нұсқауда зерттелушіге түсіну жəне қабылдау қажет міндеттер қойылады. Ешбір ғылымда зерттелуші мен
зерттеу объектісі арасында ұйымдастырылған қарым-қатынас жоқ. Өйткені нұсқау эксперименттің міндетті бөлігі
болып табылмайды. Балаларға жүргізілген экспериментте нұсқау қысқартылған жəне экспериментатор мен
баланың қарым-қатынас контекстісіне енгізілген немесе тапсырманың бір бөлігінде болады не мүлдем болмайды
( 0-ден 2жасқа дейін).Бұл медико-психологиялық экспериментке де қатысты. Кейде зерттелуші оған
психологиялық эксперимент жүргізіліп жатқанн білмеуімүмкін.
Мұнда зерттелуші мен экспериментатор қарым-қатынас, қандай формада болатынын психологиядағы кез келген
эксперименттің міндетті бөлігі.
Мұнда Б.Ф.Ломов дəл көрсеткен: «Адам белсенді. Экспериментке қатысқанда зерттелуші эксперименталды
сыртқы əсерлерге тек жауап беріп қоймай, белгілі бір міндеттерді шешеді. Экспериментте оның ұстанымдары,
қызығушылықтары , тұлғалық бағдарлары көрінеді. Басқаша айтқанда зерттелуші психологиялық экспериментке
тұлға ретінде енеді».
Кез келген психологиялық эксперимент қандай да бір психологиялық техниканы қолданса да барлық жағдайда
зерттеуші мен зерттелуші арасындағы қарым-қатынас формасында жүреді.
Зерттелуші экспериментатор эксперимент шарттары жəне процедуралары жағынан əсер алады.
Сөйтіп, психологиялық экспериментті ұйымдастыруда үш жайтты: зерттелуші іс-əрекеті, оның тұлғалық
ерекшеліктері, зерттелуші мен зерттеушінің қарым-қатынас сипаттамаларын ескеру қажет.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Психологиялық эмпирикалық зерттеулердің обьективті проблемаларының өзгешелігі қандай?
2.Зерттеуші мен зерттеулшінің қарым-қатынасы қалай жүзеге асады?
3.Зерттеулушінің обьективті –субьективті табиғаты қандай?
№22 Дəріс.
Тақырып:Психологиялық эмпирикалық зерттеулердің принциптері.
Дəрістің мазмұны
1.Каузальды бағыт.
2. Психологиядағы герментивтік əдіс.
3.Психологиядағы эмпирикалық əдістердің үштік класификациясы.
Мақсаты: Каузальды бағыт, психологиядағы герментивтік əдіс, психологиядағы эмпирикалық əдістердің
үштік класификациясы жөніндегі білімдермен қаруландыру.
1.Картезиандық детерменизмді жеңу психикаға деген көзқарасты көбіне психофизиологтар атымен, соның ішінде
Н.А.Бернштейн жəне П.К.Анохин есімдерімен байланыстырады. Алайда функционалды теологиялық бағыттың
бастаушысын У.Джемс деген жөн.
XX ғасыр басында интроспективті психолгия өкілдері үшін таным мазмұны мен сырттай бақыланатын
мінез-құлық арасындағы қатынас мəселесі болған жоқ, өйткені басқа адамның мінез-құлқы психологиялық
зерттеу аймағы ретінде саналмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |