Педагогика факультеті



жүктеу 1,27 Mb.
Pdf просмотр
бет38/58
Дата24.11.2018
өлшемі1,27 Mb.
#24513
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58

«Герменевтикалық» əдістерге түсіну мен интроспекцияны жатқызамыз. Герменевтикалық əдістерде басқа 
субъектпен сырттай өзара əсер нөлге теңелген.Бұл əдісте басты рөлді рефлексия,басқа адамның орнына өзін қоя 
білу,барлық болуы мүмкін мінез-қылық дағдыларын қарастыру алады. 
Коммуникативті əдістер класына көшсек,оның екі плюсін еркін (ашық)жəне мақсатқа бағытталған 
сауалнама(интервью)құрайды.Олардың айырмашылықтарыөте үлкен . 
Еркін əңгіме герменевтикалық əдістерге ұқсастығы мынада,оны жүргізгенде зерттелуші паритетті бастамаларда 
көрінеді.Зерттеушінің əсері тек зерттелуші күйін ескеруімен жəне əңгіме барысына тəуелді жүзеге асады.Бұндай 
жұмысқа мысал зерттеушінің өз өмірі жайында еркін əңгімелеуі.Коммуникация құралдары бұл əдісте 
минималды,басты рөлді өзара түсінушілік пен эмпатия құрайды. 
Мақсатқа бағытталған сауалнама немесе стандартталған интервью алдын-ала зерттеуші анықтаған мақсаттармен 
жүргізіледі.Əрине,бұл интервью барысы зерттелушінің мінез-құлқы мен оның зерттеушімен қарым-қатынасқа 
түсу тілегі болған жағдайда жүреді.Сонымен қатар мақсатқа бағытталған сауалнамада зерттеушінің белсендігі 
максималды,жəне оның техникалық қаруланғаны да (мыс,диктафон)өте маңызды. 
Өзінің ерекшелітеріне қарай аралық болып табылатын,өзіне инструменталды бақылау мен лабортиялық 
эксперименттің кейбір элементтерін енгізетін əдісті психологиялық өлшем деп атайды. Психологиялық өлшем 
мінез-құлықтың объективті қалыптасуына көмектесетін құралдарды максималды қолдану арқылы 
жүргізеді.Өлшем процедурасы максималды түрде стандартталған.Тесттерді ғылыми-психологиялық өлшем 
əдістерінің жеңілдетіген категориясына жатқызады.Біріншіден,өлшемді өткізген кезде 
инструкцияның,материалдың,уақыттың,зерттеушімен қатынасқа түсу тəсілдерінің өзгеруі 
мүмкін.Екіншіден,барлық зерттеушілерге бірдей талаптар қою керек. 
Табиғи эксперимент пен мақсатқа бағытталған сауалнаманың синтезі «клиникалық əдіс» болып табылады. Оған 
осындай мəн берген Ж. Пиаже. «Клиникалық əдіс» түсінігінің кем дегенде үш мағынасын айтуға болады. 
Біріншіден, бұл терминмен патопсихологиялық мəселелерге бағытталған əдістер жүйесі түсіндіріледі. Екіншіден, 
қазіргі психологиялық əдебиеттерде «клиникалық» деп бөлек  жеке  тұлғалықты интенсивті, сапалы жəне тұтас 
зерттеуді атаған. Үшіншіден, клиникалық əдіс Ж.Пиаже түсінігі бойынша табиғи өмірлік жағдайларда баламен 
үлкеннің тікелей өзара əсер ету контексті кірістірілген ғылыми эксперимент. Оны өткізуде басты рөлге зерттеуші 
мен зерттелуші арасындағы диалог ие. 
Проективті əдіс кейбір сыртқы құралдардың (сурет, сұрақнама, материалдар жəне т.б.) зерттелушінің 
зерттеушімен қарым-қатынасын жəне минималды стандартталған оның жауаптарын интерпретациялаудың 
болуын көрсетеді. Бұл əдіс өзіне герменевтикалық, іс-əрекеттік жəне коммуникативті, дəлірек айтқанда – 
психодиагностика мен кеңес беру кезіндегі таным түсінуін кірістіреді. 
Бұндай классификацияға байланысты психологиялық зерттеу артефакттарын бөлуге болады: 
Бірінші топ: өзара əсер жəне изоляция артефакттары. 
Екінші топ: инструменталды жəне интерпретация артефакттары. 
Үшінші топ: қабылдау – қабылдамау жəне зерттеуші тапсырмасын трансформациялау артефакттары. 
Жалпы барлық əдістер: іс-əрекеттік, коммуникативті, обсервациялық, герменевтикалық болып бөлінеді. Сегіз 
«таза» зерттеу əдістері бөлінген: табиғи эксперимент, лабораториялық эксперимент, инструменталды бақылау, 
интроспекция, түсіну, еркін əңгіме, мақсатқа бағытталған интервью. Кейбір əдістер қатары «синтетикалық» 
болып табылады. «Синтетикалық» əдістер өзіне «таза» əдістердің кейбір сипаттарын енгізеді, бірақ оларға 
теңелмейді. 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.Каузальды бағыт дегеніміз не?  
2. Психологиядағы герментивтік əдіс қалай жүзеге асады?  
3.Психологиядағы эмпирикалық əдістердің үштік класификациясы
 
 
№23 Дəріс 
Таным  процестерін  анықтау  əдістері  жəне  оларды  өңдеу. 
         Дəрістің мазмұны 
1.Түйсіну 
2.Қабылдау 
3.Елестету  жəне  қиял 
4.Ес 
Мақсаты: Таным  процестерін  анықтау  əдістері  жəне  оларды  өңдеу жөнінде білімдерді беру.  
 
1.Əдістеме. 
Тақырыбы:  Кеңістіктік  көру  табалдырығын  айыруды  анықтау 
(көз  өлшемінің  нақтылығы) 
Кіріспе  ескертулер.  Кеңістіктің  үлкендігін  бағалау  көру  анолизаторының  функцияларын  құраушыларының  
бірі.  Бұған  сəйкес  берілген  объектінің  абсолюттік  метрлік  үлкендігін  көрсету  талап  етілмейді,  бірақ  2  
стимулдың  ( эталонды  жəне  ауыспалы)  теңдік  жəне  əртүрлілігін  бағалау  керек.   
  Адамның  көзі  объектінің  өлшемін  жеткілікті  түрде  нақты  бағалауға  қабілетті  келеді,  бұл  қабілеттілікті  
көздік  өлшем  деп  атайды. 


   Тапсырмадан  эксперименталды  мəлімет  алу  үшін  орташа  қателік  əдісі  қолданылады.  Сондықтан  
экспериментатор  берген  эталонды  стимулды  ( тəжірибеде  -  сызғыштың  кез-келген  бөлігі)  зерттелуші  
ауыспалы  стимулмен  салыстыру  керек.  Ауыспалы  стимул  эталонды  стимулға  қарағанда  ұзынырақ  немесе  
қысқарақ  болады.  Зерттелушінің  міндеті  ауыспалы  стимулдың  ұзындығын  эталонның  ұзындығымен  
мүмкіндігінше  нақты  теңестіру. 
   Құрал – жабдықтары:  Эксперименталды  психологияда  көздің  нақтылығын  бағалап  үйрену  жəне  көру  
өлшемінің  əртүрлі  табалдырығын  өлшеу  үшін  Лемонның  сызғышын  қолданады.  Ол  горизонтальды  бағанға  
бекітілген  болады.  Сызғыш  нақты  белгіленген  əртүрлі  2  бөлікке  бөлінген,  зерттелушіге  де,  
экспериментаторға  да  көрінуі  керек.  Оның  екі  жағында  жеңіл  жылжитын  қозғағыш  орналасқан.  
Экспериментатор  жағында  зерттелушіге  көрінбейтін  см.  Шкаласы  сызылған.  Тəжірибе  алдында  студенттер  
протокол  дайындайды. 
   Жүру  барысы:  Экспериментті  өткізу  үшін  бір  студент  экспериментатор  қызметін,  ал  екіншісі  зерттелуші  
рөлін  алады.  Зеріттелуші  сызғыштан  созылған  қол  қашықтығында  отырады.  Бұл  жағдайда  басы  бекітілген  
болғаны  жөн.  Содан  соң  зерттелушіге  инструкция  беріледі. 
   Инструкциясы:  « Сіздің  көз  алдыңызда  көздік  өлшеу  сызғышы  орналасқан.  Онда  орталық  белгі  оң  жəне  
сол  жақ  қозғағыш  көмегімен  сізге  белгісіз  ұзындықта  үзік  көрсетіледі.  Оң  қолыңыз  арқылы  орталық  
белгінің  келесі  жағынан  дəл  осындай  үзік  жасаңыз.  Тəжерибе  барысында  ара  қашықтығыңызды  
өзгертпеуге  тырысыңыз.» 
   Табалдырықтарды  өлшеу  процедурасын  мыналар  құрайды.  Экспериментатор  көп  рет  сол  немесе  оң  
жақтан  үзіктер  көрсетеді.  Зеріттелуші  мүмкіндігінше  нақты  осы  үзіктерді  белгілейді.  Оған  4  эталонды  үзік  
көрсетіледі,  олардың  ұзындықтары:  8,5;  12,5;  15,0 ;  19,5 см.  10  рет  сол  жақтан,  10  рет  оң  жақтан  
көрсетіледі.  Сонымен  қатар  əрбір  жағынан  берілген  үзік  эталондарға  қарағанда  5  рет  үлкен  немесе  кіші  
болуы  керек. 
   Эксперименттің  өңделуі:  Ең  алдымен  қателіктерді  санайды.  Əрі  қарай  өңдеу  бірнеше  эталон  бойынша  
жүргізіледі: 
 1 . Абсолютті  қайталаудың  орташа  арифметикалық  үлкендігі  мен  қате  қайталауды  санау, 
 2 . Болуы  мүмкін  қателіктерді  мына  формула  бойынша  есептеу: 
         ВО=  0, 6745 о 
 3 . Үнемі  қайталанатын  белгілер  мен  өлшемдерді  анықтау, субъектілерді  теңестіру  əртүрлі  жəне  берілген  
эталон  ұзындығын  есептеу. 
  Сараптау  кезінде  қорытынды  Вебер  заңына  бағына  ма  соны  тексеру  керек. 
2.Əдістеме. 
Тақырыбы:  Геометриялық  иллюзияны  көз  арқылы  қабылдау. 
                        ( Мюллер – Лайер  иллюзиясы) 
Кіріспе  ескертулер.  Геометриялық  иллюзия - көз  арқылы  қабылдау  иллюзиясын  зерттеуде  жиі  қолданылады.  
Оны  көбіне  қабылдау  үлкендігімен  ( ұзындығы  мен  өлшемі)  немесе  сызықтық  бағытталуын  қабылдаумен  
қарастыруға  болады.  Ұзындық  үзігінің  иллюзиясына  жақсы  мысал  болып  Мюллер – Лайер  иллюзиясы  
табылады,  2  бір-біріне  тең  сызық,  олардың  біреуі  төмен  ,  біреуі  жоғары  қарай  бағытталған, сондықтан  
адамдарға  тең  емес  сияқты  көрінеді.Адам  тіпті  оның  қалай  қабылданып тұрғанын  білсе  де  иллюзияның  
эффектісі  сол  күйінде  көрінеді,  ол  өте  тұрақты. 
   Құрал  -  жабдықтары.  Вертикальды  түссіз  экранда  ақ  қағаз  қартон  бекітіледі.  (297 + 210 мм.)  Онда  3 мм  
жəне  230 мм  ұзындық  шамасында  тегіс  горизонталды  сызық  тушпен  берілген.  Сол  жақ  сызық (соңы  садақ  
тəрізді)  жиылған  сына,  ал  оң  жақ  сызық  тарқаған  сына  түрінде  болады.  Экранның  жоғарғы  жағына  
қозғалмалы  планка  ілінеді,  онда  горизантальды  сызық  бойымен  оңға  қарай  өткір  бұрышпен  бекітілген  
сына  сызылған.  Зерттелушіге  көрінбейтін  жағында  мм.  Сызғыш  бекітілген, нөлдік  нүкте  2  əртүрлі  үзік  
сызығының  ұзындық  нүктесіне  сəйкес  келеді.   
  Жүру  барысы:  Тəжірибеде  орташа  қателік  əдісі  қолданылады.  Ол  еркін  бақылау  жағдайында  өткізіледі. 
  Инструкциясы:  Қозғалтпаны  оңға  немесе  солға  жылжытып,  үзікті  2  əртүрлі  бөлікке  бөлесіз.  Тапсырманы  
мүмкіндігінше  дəл  орындауға  тырысыңыз.  Экспериментатор  қозғалманы  тең  емес  түрде  орналастырады.  
Содан  соң  зерттелуші  қозғалманы  тең  еткенше  жылжытады. 
  Қортындының  өңделуі:   
1. Орташа  қателікті  «+»   жəне «-»  таңбасымен  санау; 
2.  Орташа  квадратты  ауытқуды  санау; 
3.   Орташа  қателік  жəне  орташа  квадратты  ауытқуды  алмай,  тек  жалпы  мəнін  санау. 
3.Əдістеме. 
Тақырыбы:  Елестетудің  анықтық  жəне  нақтылығын  бағалау. 
Кіріспе  ескертулер:Екіншілік  бейнені  зерттеуде  өзін-өзі  бақылау  принципі  негізгі  əдіс  болып  қолданылады.  
Бұны  объективті  əдіспен  бірге  қолдану  нақты  əрі  толық  мəлімет  береді.  Бұл  жағдайларда  зерттелетін  сапа  
полярлы  бағамен  мінезделеді,  олардың  арасында  үзілмейтін  бірізділік  болады.  Процедура  шкалаға  салу  
арқылы  бағаланады.  Анықтық- нақтылық  елестетуді  бағалауда  көбіне Д.Маркс  сауалнамасы  қолданылады.  
Сауалнамада  5  баллды  бағалау  шкаласы  бар. 
   Экспериментті  жабдықтандыру:  Əрбір  студентке  сауалнама  парағы  берілуі  керек. 
Д.Маркс  сауалнамасы. 


жүктеу 1,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау