Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Мақалаға қойылатын талаптар.
2. Баяндамаға қойылатын талаптар.
3.Ғылыми есеп қалай жазылады.
4.Рицензияны кім жазады.
5.Әдістемелік құрал дегеніміз не.
6. Зерттеу нәтижелерін бейнелеу мен безендендіру түрлері.
Әдебиеттер:
1.Бурлачук Л.Ф. Морозов С .М. Словарь – справочник по психодиагностике .СПБ Питер Ком, 1999
2.Волков.Б.С. Волкова В.Н. Методы исследования в психологии. М., 2002.
3. Гайда В.К. , Захаров В.П. Психологическое тестирование . Л,МГУ , 1982г
4.Ганзен В.А. Балин В.Д. Теория и методология психологического иследования.
5.КрыловаА.А, МаничеваС.А.Практикум по общей экспериментальной и прикладной психологиим.,2006. 33-49.
№20 Дәріс.
Тақырып: психологиялық зерттеудің логикасы және құрылымы.
Қарастырылатын сұрақтар:
Психологиялық зерттеу құрылымының логикалық алғы шарттары.
Ойша құрастырылған психологиялық алғы шарттар.
Табиғи ғылыми психологиялық зерттеу түрлері.
Психолоиялық зерттеудегі факт және артефакт.
Мақсаты: Психологиялық зерттеу құрылымының логикалық алғы шарттары, ойша құрастырылған психологиялық алғы шарттар, табиғи ғылыми психологиялық зерттеу түрлері, психолоиялық зерттеудегі факт және артефакт жөніндегі түсініктерді меңгерту.
Дәрістің мазмұны:
1.Біздің психологиялық әдебиеттерде шетел логикалық психологиялық зерттеу модельдеріне аз назар аударылады. Соның ішінде де өзіміздің зерттеу материалдарға да дәл солай. Қазіргі психологиялық зерттеу материалы ретінде мінез-құлық алынады. Ол іс-әрекеттің негізгі моделі немесе мінез-құлықтың логикалық суреттелуі, ол тіл. Негізі ол психологиялық зерттеудің суреттеу негізінде қолданылады.Психологиялық дәстүр бойынша бүкіл әлемдік құрылыс негізінде Е-ортасы S-жүйесі және ортамен жүйенің әрекеті R-мен белгіленетін қолданылуда “адам мен әлем,” “ тұлға мен қоршаған орта ”беделді субъект пен айнала жеке жағдай жалпы іс-әрекеттің негізі болып табылады. Жеке психологияда оппозиция дәстүр бойынша жеке мен қоршаған ортаның арасында қарастырылады. (персоналдық, интеракционалдық, және жағдайлық ) бұл дәстүр ең біріншіден К.Левиннің (Левин 1935-1936) атымен тікелей байланысты. К.Левиннің жұмысынан басқа психологияда сыртқы бейнелеудің және мінез-құлықтың суреттеуінің логикалық әдісін бұл ғалымнан басқа ешкім зерттеген жоқ.
Әлеуметтік психологияда мінез-құлықты зертеумен Т.Парсонс айналысты. Бірақ, оның әлеуметтік әрекет теориясы формолданған деңгейге жетткен жоқ бұл оның басқа модельдермен салыстыруының негізгі жағдайы болуы керек.Логикалық іс-әрекет моделдері, таң қаларлықтай бірақ бұларды біздер психологтардың жұмыстарынан гөрі ленгвестердің, философтардың логиктардың еңбектерінен таба аламыз.
Осындай жұмыстардың біріне біздер Ч.Филмордың (1968) септікті граматикаға арналған жұмысынан көре аламыз. Автор әмбебапты психолингвистикалық теорияны құрастырар алдында, негізінде латентті элементтерді бөліп алды. Олар әмбебапты семантикалық коды болып табылады, бұл субъектпен сөйлем құрауда қолданылады. Негізгі түсінік ,бұл жұмыста S- агент қолданылады. Ч. Филмордың айтуы бойынша беделді іс-әрекет ететін тірі тәрізді. Г.Х.Фон Врихтанның логикалық әрекетінің нұсқауынан біз анық көре аламыз. Фон Врихта әлемнің жалпы жағдайы соңында n санымен жағдайы Pn....Pn болып суреттеледі. Олар болуы, болмауы мүмкін. Түсініктің өзі анықталмайды, бірақ оның жалпы және индивидуалдық мағынасы айқындалады. Сонымен қатар түсінік шектеуші және қозғалушы жағдай сияқты өзгеріске кіреді. Егер m-ды жағдайдың ізімен деп алсақ өзгерудің толық көрінісін ала аламыз.(n)-өзгеру әлемі. әлемнің тарихы ұзындығы-m. Сәйкестендірілген сан мүмкін тарихқа 2mn. тең. Фон Врихта логикалық сөздігі бұл пропозиционалдық логикалық сөздік. Әлемде бір агент бар екені болжамды, яғни белсенді абсолютті жүйе, яғни ол әрекетті туғызуы мүмкін. Қарастырған қажетті ойлау әрекетін бейнелеу былай болады:
А)Әлемнің жағдайын айту агенттің алдындағы әрекеттің жүзеге асуы.
Б)Әлемнің жағдайын айту агенттің кейінгі әрекеттің жүзеге асуы.
В)Әлем агенттен тәуелсіз жағдайын айту.
Бұнымен әрекет спектор мүмкіндігі мен нәтижесімен анықталады. Фон Врихт Jсимволын жүргізеді, бұл шын әлем болып белгіленеді, яғни мұнда агент болады, ал сол позициасында әлемнің шындығы яғни мұнда агент жоқ.J мен T әлемнің негізгі коордениталары болып есептелінеді. Ал, пайдаланудағы логикалық шығару
(T-J шығару) деп аталады. Формалдық тілде негізгі пәнді Фон Врихт теория жүйесімен және оның дәлелдемесі “ өмірлік ағаш ” түсінігімен көрсетіп қарастырды. Біз үшін ең маңыздысы ол субъектіні және қандай ортада олардың терминдері қарастырылатыны анықталды. Біріншіден оның ортасы өзгермелі және пассивтік агенттік әректке тәуелсіз. Екіншіден агент активті және үш түрлі әрекетті орындауға мүмкіндігі бар:
1)продуктивті, әлемді өзгерту , 2)кедергілер, жағдайды орындатпау. 3)әрекеттен аулақтану.
Соңғы мүмкіндік фон Врихт мен нақты көрсетілмейді. Автор агентті және ортаны мінездеме берді, және оның әр- түрлі өзіндік сапасымен бірақ агенттік дамуынан бас тартты. Ол агенттің көптеген жағдайын көрмеді. Әлем агентке сәйкес әрекеттсепейді. Нақтырақ бұл әрекет кіріспемен айқындалады: әлем тек адамның белсенділігі үшін көрсетіледі. Жәй айтқанда тек физикалық әрекет емес, әлемнің жағдайындағы агент Фон Врихтаның назарымен жасалуымен қалады
Агенттің анықталуы абсолюттік белсенділік сияқты жүйелер психологқа тек функционалдық мүмкіндік береді, мақсаттылық жағынан мінезі оның сырттқы себебінің мінезі анықталады. Фон Врихтаның жағдайы каузальді емес телеологиялық Филмордың “агент” түсінігі және Ч.Филмордың түсінігімен бірдей. Екеуіде жұмыстарында бұл түсінікті база сияқты қарастырды. Фон Врихта философиялық интуитцияны және семантикалық талдауды көрсетті. Фон Врихт шектелген үлгіні құрды, оның логикасы теориялық жоспар зерттеуінде және ортаның негіздерімен байланысты болмады.
Психологтар өздерінің эмперикалық зерттеулерінде бұл еңбектерінде әр-түрлі бақылау агенттерін салыстырады. Психологиялық эксперименттік жоспар еңбектерінде құрылып, бөліседі. Формальды анолог – логикалық тілді мінез құлықты бейнелеуде әр – түрлі психологиялық жұмыстарда кездеседі. 1-ші кезекте – психологтардың мотивациялық зерттеуінде К. Левиннің өткізген негізгі теориясында. Ол жүйені S- пен белгілейді. Қоршаған объектіні m деп белгілейді. Барлық көптеген объектілер үш түрге бөлінеді: келісілген, келісілмеген және нейтралды. Бұл бөлімдерде негізгі қарым – қатынас түрлерінің жүйесі және объектісі меңгеріледі. Мінез объект дәрежеге жеткенше немесе одан бас тартқанша және субъектпен ортаның қалыптасуына дейін жалғасады. Мотивациялық мінез тұрақты іздеуші объект сияқты қарастырылады. Мұнда мынадай жүріс тұрыстар мінезделеді:1)беделді, ұзақты, жинақ бағыттаушылығымен кейбір векторға жүйеден орта объектісіне бағытталған. 2)скалиярлы, белгілі уақыттағы әрекеттің мінездерге белсенділік деңгейімен жүйесі. Біз үшін ең маңыздысы бір қалыптылық әлем және мінездің мүкүндігі қарастырылған. Бұл мінезді іздеушілік, белсенділіктен анықтауға болады. әрекеттің орындалған бөлігі- әлемнің білімділігі- үлгіде көрсетілмеген. Нәтижесінде үлгілі мотивациялық мінез адамда бастапқы белсенділік жүйесі болып саналады. Сонымен кейбір нәтижелерді шығаруға болады. Негізгі түсінік болып құрастырушылар әр түрлі логикалық деңгейде мінезді суреттейді. Бұған жүйе ( агент,субъект және т.б. ) орта ( әлем, қоршаған орта көптеген объектілер және т.б.) әрекет ( операция, мінез –құлық белсенділік т.б.) өзара әрекет. Жүйе бастапқы белсенділікпен айқындалады. Базалық түсінікпен “жағдайы ” және “уақыты” айқындалады.
Жаңа модельді өңдеу кезінде логикалық суреттеу үшін адамның мінезі ортада бақылануға тиісті: 1) Принціп пен шынайы басқару, бақыланған және бақыланбаған ауыспалылық және оның қатынасы.2) Ауыспалылықтың әлемдік жағдайы сияқты үйрету өзара әрекеттің жүйедегі және ортадағы көріністі қарастыру. 3) Мінездің екі формасы бар: ортаға бағытталу және айнала уақытының жағдай жүйесіне сипаттама. 4) мінез- құлықты бейнелеудің екі вариантын көруге болады : беделді мақсатқа бағытталған мінез- құлық және реактивті мінез-құлық. Осыған байланысты екі түрде анықтау түсіну мінез-құлқы технологиялық және каузалдық.
2.Психологиядағы қысқартылған дәстүр логикалық талдау әрекетімен вихевиористік және вихевиориссіз дәстүрмен байланыстырыды.Стимул- реакция схемасы өзара әрекеттестік моделі системасымен және ортамен талаптана алмайды.Вихевиориссіз
Ортада схема жақшаға алынады және сыртқы шығумен –реакциямен өрнектеледі. Вихевиориссіз үлгі каузалдық үлгі болып табылады,онда детернимациялық бір түрі қарастырады:өткен-қазіргі.Сонымен қатар Н.А.Бернштейн психикада әлемнің екі үлгісі құрастырылады деп белгіледі:бірінші-өткен –қазіргі,екіншісі-келер.Мінездік белсенділіктің қортындысында екінші үлгі біріншісімен сәйкестендіріледі.Оларға каузалдық және теологиялық а.психологиялық шындық үлгісі.б.психологиялық әлемнің бейнесі.в.жүріс-тұрысты түсіндіру үлгісі-паритекті және жай өзара қосымшалыққа жатпайды.Ғылыми психология үшін орталық болып психиканың өзіндік бағалануы деген постулат болып табылады,яғни психика басқа обьект секілді басқаға жататын психика әрдайым психика секілді түсініледі.Осыдан қортынды шығады:егер психика пайда болу тікелей бақылануда болса,онда біз оған орын ауыстыратын адамдытабу қажет және біз бұл ауыстырылымды шындық өмірлік табиғатты табамыз.Егер бұл принціпті кең түсінсек-қозғалыс,барлық психикалық органдардың көңіл-күйді қабылдаулар.
Ғылыми психологияда психика түсіндірмелі принціп болады,яғни психология осындай жүйелердің ортамен қарым-қатынасын зерттейді.Ю.М.Забродинаның сөзін өзгертпей айтатын болсақ:психологияның шындығы,ақиқаттығы тәжірибелік эксперименталдық ғылымда түбегейлі тұжырым жатыр.Егер организм қызмет етсе,яғниөзін өзгеше ұстайтын болса,онда оны белгілі-бір зат оны өзін басқалай іс-әрекет еткізеді.Бұл тұжырымдамада зерттеулік мәселе және оның функционалдық шешімі қарастырылған:іс-әрекет,қозғалыстан айырмашылығы бар,оны психика анықтайды.В.В.Давыдова және В.П.Зинченко пайымдауы бойынша:әрекетбұл-дененің ойлайтын қасиеті.Демек,біздің есептің құрылуы,мұқият тәсіл әрекет айрықша зерттеу мүмкін емес.Адам келешегін болжайды,келешегіне бейне құрады,өздерінің реалды мінез-құлқын анықтайды.Ерекше адамдық әрекет,белсенді әрекетте болу,орындалуда емес,бірақ функциялық зерттеулерде.Белсенді әрекеттегі адам-спонтанды өзгеріс оның тиістілігі кеңістікке және уақыт барлық мақсаттар анықталмайды.Сондықтан мінез-құлықты психология төрт шағын топқа бөлуге болады:
А.белсенді орындаушы болашақтың бейнесін анықтауда.Б.орындаушы –қоршаған ортаның әрекетін анықтау.С.спонтанды қозғалыс мақсатқа жағдайланған.Д.обьекті-нің белсенділігін іздеу,орындаушы жағдай жасалынған және әрекетті фазаны орын-дайды.Мінез-құлық біршама түрге бөлінеді:мыс:кластағы өзіндік ойындық мінез-құлық және мақсаттқа бағытталған ортаны анықтау,басқалардың мінез-құлқы редукциясында бір түрге мүмкіндігі бар.Зерттеуші әрекеттің екі түрін қарайды:бағытталушы және орындаушы.Әсіресе бағытталушы әрекет психиканың детерминациясымен байланысты.Басында адамдардың әрекеті зерттелушілік функцияда жүреді.
Психиканың сапасын түсіндіріп анықтауда психолог табиғи түрде қолданылады,көп нәрсенің себебін шешеді.Көрсеткен ғалым Жан Пиаже ол көптеген форманың себебін түсіндірді,бейнесін модельді көрді.Кез-келген модель алынған обьективті реалді:механизм Ж.Ламетри.телефон станциясы.физикалық дене Коливин.компьютер т.б психиканың реалді зерттеудің реалді зерттеу сапасын сәйкес келеді. Психика элемент жүйесі жағдай тіркейді барлық ортаның жүйесі қарым-қатынаста алынады.Бұл принціпте негізгі қарым-қатынас бар.Оны дәлелдеген И.М.Сим .Ол психика аймағындағы организмнің жағдайын бейнелеп көрсетті.
Ерекшеленген негізгі комуникативті функцияда қарым-қатынас белсенді мінез-құлық фазасы адамдарда бірақ та бұл функциялар реализацияланады.Сонымен психологияда табиғи ғылыми психологиялық зерттеу түсіндірілген принціп болады
Негізгі қозғалыстардың түсіндіруінде қолданылған (мінез-құлық,әрекет,белсенділік т.б) психика белгісіз болады және оған модельдік қалып қолданылмаған.
Адекватты үлгі психиканың жеке психологияның интуациясын анықтайды және ерекше психологиялық әдіспен.
3.Психолог зерттеулерін психикалық реалды,табиғи-ғылыми әдістемелерді т.б қарастырған.Психикалық обьективті бөлімде құрылған реалды,дарақты,тұлға констактылы топ,әлеуметтік қауым т.б алып жүреді.Зерттеуші ең бірінші зерттеуін-де екі компонентпен жұмыс істейді:жүйе және оның ортаның және қарым-қатынас пен басқалар мен қарым-қатынас өзіндік әрекеттіжәне өзіне қосу жүйені ортаны және ортадағы жүйеде анықтайды.Қарым-қатынас негізгі материалдың кез-келген психологиялық талдауында болады.Қатынас ортадағы жүйе әрекетін анықтайды,әрекет акт,негізгі психикалық реалды детерменеледі.Өзінің әрекеттік жүйесі өзгеріс ортаны өндіреді,ал орта жүйе біріншіден өзара әрекетті жүйені және ортаны уақытымен қараған ыңғайлы.Екіншіден,жағдайжүйесі және жағдай ортасы түсінікте қарастыратын үрдіс өзіндік әрекеттің өзгеруіжүйедегі жағдайда және ортада жолын қуады.Уақыт шартты дискретті саналады.
Адамның өзара әрекеті қоршаған ортада зеттелушінің қортындысындабекітіледі.Бұл адамның әрекетін азық етеді,бұл басқа адамдардың,өздерінің зерттеулеріне әсер етеді.Барлық жағдайларда біз реалды позитивті бейнелеуді қалдырамыз,психологтар негізгі догманы құрады ортаның өзара әрекеті жүйеге психиканың ортасы немесе шектелген орта,өзара әрекет қарастырылады,психикалық өзгерісті келтіреді.Алайда классикалық ойын психофизикалық жағдай мүмкін формалды біздің терминде қарым-қатынас:орта-психика немесе әйтпесе-қатынас шағылысуы мүмкін.Қатынас (психика жүйе немесе психика организм) психофизиологиялық жағдай көреміз,психорегулятивтік анықталады.Бұл анықтау көп негізгі талап етеді.Қатынас классикалық, психофизиогиялық проблемада көбірек жауап береді,оны әрқашан зерттеуді физиологиялық механизмдер психикалық әрекеттерде жауапты.Басқа жағдайда фиксированды қатынаспен ұйғарады,психикалық жағдайды реттеу жүйенің жағдайын қарастырады(организм,адам т.б).Бұл жағдайда да ойынның шешімі психологқа жіберіледі.Психика басты детерминантты сапасын өзгерісін организмнің күйін анықтайды.Біз мұнда қарым-қатынастың екі түрі компонентін бөлуін көреміз.Қатынас мүмкін парадоксалды көрінсе,егер оны ортадағы психикалық жағдайын тікелей қарастырамыз.Егер қатынаста жалпы психологиялық контекст ұсынылса көреміз,сәйкес келетін қортындысы келесіде болады.Қатынас психиканың келер ортасындағы жағдайында сәйкестендіріледі.Бұл сәйкестік озу бейнесі болып қарастырылады.Бұл қатынастың бейнесі телеологиялықыңғайындағы детерминациясы жүйенің белсенді детерминациясы оны мақсаты болашақ бейнесінің қортындсы.
4.Ортаны бөлуде екі құрылым бар:сыртқы орта және ішкі орта.Психикаға ішкі орта-бұл организмнің ортасы,психиканың бейнелік жағдайы.Барлық бөлінгенде қатынас және оның реализациясы өзіндік әрекетте жүйе,психика,орта.Алайда,әртүрлі реалды бейнелеу ұсынылады,біршама мағыналы әртүрлі компонент үрдісінде детерминация мінез-құлық зерттеулерінің алдында талдауы өзгереді.Мінез-құлықты модельді түсіндіру де бірінші тур эмперикалық атаумен ұласты.Экспериментте бірінші қандайда ортаға тапсырумен жалғастырылады.Модельдің екінші турінде априорды модельдің мінез-құлқын анықтау ыңғайлы.Олар психикалық жағдайдың адамға алға оның экспериментке қосылуын талап етеді.
Екінші типте зерттелушінің модел априорды психиканың реалды моделі негізделеді,мұны тізімделген,эмперикалық модель бірінші типте зерттелушінің моделі.Қиынсыз байқау үш салыстырмалы тәуелсіз үрдіске бөлінеді:
-орталық жағдайдың өзгеруі(ішкі және сыртқы)
-жүйенің жағдайының өзгеруі
-психикалық жағдайының өзгеруі.
Психикалық детерминация организмі және ортасы бөлек оның жақтары біртұтас үрдісті ерекшелейді:біз әртүрлі әдістемелерді эмперикалық,психологиялық зерттеуіндегі материалды аламыз,соның ішінде-бақылауды.
А)Ортаның жағдайының өзгеруі психологиялық себепті зерттелуде.Мыс:әрекетті үйрену.
В)Жүйе жағдайының себепті психикалық зерттелуі.Мыс:қозғалыстарды үйрену (психомоторика)мимикалы үйрену,пантомимикалар.
С)Психикалық жағдайдың өзгеруінің зерттелуі.Мыс:интроспекция.
Д)Ішкі жағдайлардың өзгерін зерттелуі (ішкі орта) жүйесі.Мыс:электрофизиоло-
гиялық зерттеуде жүректің белсенділігі,қанның,глюкозаның мазмұнын анықтау т.б.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Психологиялық зерттеу құрылымының логикалық алғы шарттары қандай?
Ойша құрастырылған психологиялық алғы шарттар қандай?
Табиғи ғылыми психологиялық зерттеу түрлері қандай?
Психолоиялық зерттеудегі факт және артефакт дегеніміз не?
Әдебиеттер:
1.Бурлачук Л.Ф. Морозов С .М. Словарь – справочник по психодиагностике .СПБ Питер Ком, 1999
2.Волков.Б.С. Волкова В.Н. Методы исследования в психологии. М., 2002.
3. Гайда В.К. , Захаров В.П. Психологическое тестирование . Л,МГУ , 1982г
4.Ганзен В.А. Балин В.Д. Теория и методология психологического иследования.
5.КрыловаА.А, МаничеваС.А.Практикум по общей экспериментальной и прикладной психологиим.,2006. 33-49.
№21 Дәріс.
Тақырып: психологиялық эмперикалық зерттеулерге субьективті ыңғай.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Психологиялық эмпирикалық зерттеулердің обьективті проблемаларының өзгешелігі.
2.Зерттеуші мен зерттеулшінің қарым-қатынасы.
3.Зерттеулушінің обьективті –субьективті табиғаты.
Мақсаты: Психологиялық эмпирикалық зерттеулердің обьективті проблемаларының өзгешелігі, зерттеуші мен зерттеулшінің қарым-қатынасы, зерттеулушінің обьективті –субьективті табиғаты туралы білімдерді меңгерту.
Дәрістің мазмұны:
1.Психика- ерекше пән, сондықтан психологиялық эмперикалық зерттеудің логикасы жаратылыстану ғылымдарының эмпирикалық зерттеулерінің логикасынан ерекшеленеді.
Бірақ психология өзінің объектісі бойынша да спецификалық, объект тіршілік иесі, адам индивид ретінде, адамдар тобы, қоғам бола алады. Егер біз адам мен басқа жануарлар әлемі арасында шектейтін сызық жүргізсек, және болашақта жалпы және адамның дифференциалды психологиясы туралы сөз ететін болсақ, «психологиялық зерттеу» түсінігі өзінің сапасы бойынша «зерттеу субъектісіне» ұқсас болады. Екі жағдайда да адам таниды және әрекет етеді. Ал адам адамды танығанда әрқашан позиция алмасуы мүмкін, сәйкесінше, зерттелуші- адам зерттеуші бола алады, және керісінше. Өзге ғылымдарда (тек жаратылыстану ғана емес, гуманитарлы ғылымдарда) мұндай жағдай теориялық қарастырылмаған.
Алайда мұндай жағдай психологиялық экспериментке барынша тән. Көптеген авторлар бұл проблеманы артефакттардың бірінің проблемасы деп санайды және «бұзылған зерттелушілер» ( психологиялық эксперименттің нормаларымен таныс зерттелушілер) туралы айтады.
Эксперименталды процедура экспериментатор тұрғысынан қарастырылған, және жаратылыстығылыми экспериментальды модель психологияға өзгеріссіз енді: « ... ғылыми психология ғылыми сфераға табиғаттың бөлігі ретінде қарастырылатын адам мен жануарды тануды енгізуге ұмтылады»
Бірақ адамға эксперимент жануарларға жасалатын экспериментке қарағанда зерттелушіге берілетін нұсқау құрылымынан тұрады. Оның мәні алғашқы психологиялық эксперименттерде ашылды, мысалы зерттелушілерде уақыт реакциясының моторлы және сенсорлы құру. Зерттелушілердің нұсқауды қабылдауын Вюрцбург мектебінің психологтары, соның ішінде Н. Ах зерттеген. Бірақ егер зерттелуші нормативті міндетті өзгертуге қабілетті болса, ол реактивті емес, эксперименталдық жағдайда белсенді болады.
Алғаш рет психологиялық экспериментті эксперименталдық іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі зерттелуші көзқарасымен талдап көрген Л.С.Выготский.
Ол қазіргі кезге дейін барлық психологиялық әдістемелер бір сызба бойынша : стимул- реакция жасалған. Л.С. Выготский «стимул-реакция» сызбасын зерттелуші психикасын реактивті ретінде қарастырды, ал реактивтілік төменгі психикалық функцияларға тән. Ол белсенділікті жоғары психикалық функцияның қасиеті, оның ойынша «стимул-реакция» сызбасы бойынша эксперимент жаратылыстанудағы экспериментке ұқсайды және тек төменгі психикалық функцияны зерттеу үшін қажет. Өзге жағдайда «инструменталды әдіс» қолдану қажет, ол адамның жағдайға белсенді араласуын қарастырады,
Эксперименттегі зерттелушінің белсенді рөл мәселесін шешу жеке-іс-әрекеттік ыңғай болып табылады, мұндағы психологиялық эксперименттің координаталар басы ретінде зерттелуші болады. Әрекеттік ыңғайдың жақтаушыларының еңбектерінде бұл позиция айқын анықталған. М.С.Роговин: «Психологиялық эксперименттің әдіснамалық негізі болып кеңес уақытында өңделген іс-әрекет түсінігі және оның негізгі сипаттамаларын бөлу болып табылады ». Іс-әрекетті жеке пәндік іс-әрекет ретінде қарастырған бұл ыңғайға негізделе, Г.Е.Журавлев психологиялық экспериментке
мынадай анықтама берді: «Эксперимент - тапсырманы орындауға бағытталған зерттелуші- адамның іс-әрекеті» .
Белсенділік тек адамға ғана емес, басқа да зерттеу объектілеріне де тән болғандықтан, бұл ұғымды нақтылау мәселесі пайда болады. Г.И.Журавлев адамның эксперименттегі екі арнайы белсенділік формасын: іс-әрекет және қарым-қатынасты қарастырады. Кез келген психологиялық экспериментті эксперимент формасында жүзеге асатын, эксперименттік тапсырмалардың белгілі бастамасы болып табылатын экспериментатор мен зерттелуші қарым-қатынасы ретінде қарастыруға болады.
2.Қарым-қатынастың мақсаты зерттелушінің белгілі бір іс-әрекетін құрастыру, эксперимент нормасына сәйкес іс-әрекетті жүзеге асыру, эксперименталды нәтиже мен ол нәтиженің интерпретациясы формасындағы іс -әрекет өнімін алу.
Сөйтіп, сызба экспериментатор мен зерттелушінің ( зерттелушінің жеке іс-әрекеті) қарым-қатынасы ұсынылады. Бұлай бейнелегенде экспериментті ұйымдастыру бойынша экспериментатор іс-әрекеті болмайды және зерттелуші мен экспериментатордың жекеіс-әрекеттері және олардың арасындағы қарым-қатынас. Зерттелушінің психикасын зерттеуде біріккен іс-әрекетті құраушы ретінде қарастырылмайды.
Г.И.Журавлев психологиялық эксперимент нормалары олардың зерттелуші іс-әрекетінде көрініс табу мәселесіне талдау жасайды.
Зерттелушінің эксперименттік тапсырманы қабылдауы және оған сәйкес іске асырауы мәселесін шешуде іс-әрекеттік ыңғай бұл процестің негізгі детерминанты зерттелуші мотивациясы болып табылады, өйткені мотивация ғана жеке іс-әрекетті анықтайтын айнымалы болып табылады. Бірақ бұл басқаруға жол бермейді. Мұндай мәселені әлеуметтік-психологиялық ыңғай тұрғысынан шешуге болады. Мұнда потенциалды зерттелуші мен экспериментаторды шағын топ ретінде қарастырады.
Әлеуметтік психологиялық ыңғай зерттелуші мен экспериментатор өзара әрекеті процедурасын бейнелеуге басымдық көрсетеді. Әлеуметтік психологтардың зерттеулерінде психологиялық эксперименттің нәтижесін зерттелуші мен экспериментатордың өзара әрекетінанықтайтын түрлі факторлардың әсерін анықтады: экспериментатор тұлғасы, экспериментатор туралы естігендері, аффилиативті мотивация т.б.
Бұл эффекттерді екі топқа бөлуге болады: жағдайға ( таңдау, өз еркімен зерттелу, экспертиза т.б.) шартталған және зерттелуші мен экспериментатордың тұлғалық қасиеттерімен байланысты эффектер. Соңғысына «Пигмалион эффектісі» жатады.
Психологиялық эксперименттің моделінің ең негіздісі ол оның әлеуметтік іс-әрекетке енгізілетін, зерттеуге қатысты, сыртқы мақсаттарды иеленетін, тікелей мақсатызерттелушінің психика ерекшелігінтану болып табылатын экспериментатор мен зерттелушінің біріккен іс-әрекет жүйесі ретінде қарастырылады.
Экспериментаторға біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру және басқару міндеті жүктеледі, ал нұсқауда берілген міндеттің бір бөлігін зерттелуші орындайды.
3.Зерттеуші мен зерттелуші қарым-қатынас, нұсқаудың ролі.
Психологиялық эксперимент басынан бастап өз бетімен қалыптасты. Психологиялық эксперименттің бірегей ерекшелігі және фундаменталды сипаттамасыэксперименталдық, тәжірибелік әдістің құрылымында алғаш рет зерттелушіге нұсқау берілді. Танымның өзге ешбір аймағынан зерттелетін объектіге берілетін нұсқауды таба алмаймыз.
Нұсқауда зерттелушіге түсіну және қабылдау қажет міндеттер қойылады. Ешбір ғылымда зерттелуші мен зерттеу объектісі арасында ұйымдастырылған қарым-қатынас жоқ. Өйткені нұсқау эксперименттің міндетті бөлігі болып табылмайды. Балаларға жүргізілген экспериментте нұсқау қысқартылған және экспериментатор мен баланың қарым-қатынас контекстісіне енгізілген немесе тапсырманың бір бөлігінде болады не мүлдем болмайды ( 0-ден 2жасқа дейін).Бұл медико-психологиялық экспериментке де қатысты. Кейде зерттелуші оған психологиялық эксперимент жүргізіліп жатқанн білмеуімүмкін.
Мұнда зерттелуші мен экспериментатор қарым-қатынас, қандай формада болатынын психологиядағы кез келген эксперименттің міндетті бөлігі.
Мұнда Б.Ф.Ломов дәл көрсеткен: «Адам белсенді. Экспериментке қатысқанда зерттелуші эксперименталды сыртқы әсерлерге тек жауап беріп қоймай, белгілі бір міндеттерді шешеді. Экспериментте оның ұстанымдары, қызығушылықтары , тұлғалық бағдарлары көрінеді. Басқаша айтқанда зерттелуші психологиялық экспериментке тұлға ретінде енеді».
Кез келген психологиялық эксперимент қандай да бір психологиялық техниканы қолданса да барлық жағдайда зерттеуші мен зерттелуші арасындағы қарым-қатынас формасында жүреді.
Зерттелуші экспериментатор эксперимент шарттары және процедуралары жағынан әсер алады.
Сөйтіп, психологиялық экспериментті ұйымдастыруда үш жайтты: зерттелуші іс-әрекеті, оның тұлғалық ерекшеліктері, зерттелуші мен зерттеушінің қарым-қатынас сипаттамаларын ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |