Бастауыш мектептегі портфолио (12 жылдық оқытудың мазмұны мен құрылымын жетілдіру жөніндегі экспериментке қатысушыларға арналған әдістемелік нұсқаулық)



жүктеу 43,77 Kb.
Дата05.03.2018
өлшемі43,77 Kb.
#11687

Бастауыш мектептегі портфолио (12 жылдық оқытудың мазмұны мен құрылымын жетілдіру жөніндегі экспериментке қатысушыларға арналған әдістемелік нұсқаулық)

  • Кызылорда, қыркүйек, 2006

1-2-сыныптарда бағасыз оқытуды ұйымдастырудың негізгі тәсілі және ары қарайғы сыныптардағы бағалау түрлерінің бірі – портфолио болып табылады.

  • 1-2-сыныптарда бағасыз оқытуды ұйымдастырудың негізгі тәсілі және ары қарайғы сыныптардағы бағалау түрлерінің бірі – портфолио болып табылады.
  • Портфолио (кең тұрғыдан алғанда) – бұл оқытудың белгілі кезеңінде оқушының жеке жетістіктерін бағалау, жинақтау және есепке алу тәсілі.
  • Портфолио бағалау процесіне ғана емес, сондай-ақ оқушының өзін-өзі бағалау процесіне бағдарланған «аутентикалық» (яғни, шынайы бағалауға барынша жақындатылған) дараланған бағалау тәсілдері қатарына жатады.
  • Портфолионы енгізудің түпкі мақсаты – оқу-танымдық іс-әрекеттің нәтижелерін дәлелдеу болып табылады.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүзеге асырылып отырған педагогикалық қағидаттар мынадай ережелермен тұжырымдалады:

1. Портфолио (оқушының оқу және шығармашылық жетістіктерінен, мұғалімдердің, психологтың мінездемелерінен және т.б. тұратын папка) арқылы оқушы жетістіктерінің өзгеру динамикасын бақылау мен оның табыстарын бағалауды мұғалім, оқушының өзі және ата-аналар жүзеге асырады.

  • 1. Портфолио (оқушының оқу және шығармашылық жетістіктерінен, мұғалімдердің, психологтың мінездемелерінен және т.б. тұратын папка) арқылы оқушы жетістіктерінің өзгеру динамикасын бақылау мен оның табыстарын бағалауды мұғалім, оқушының өзі және ата-аналар жүзеге асырады.

2. Оқушының тек оқу жетістіктерінің ғана емес, сондай-ақ негізгі құзыреттіліктердің: коммуникативті, ақпараттық және проблеманың шешімін табу құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейлері де бағаланады.

  • 2. Оқушының тек оқу жетістіктерінің ғана емес, сондай-ақ негізгі құзыреттіліктердің: коммуникативті, ақпараттық және проблеманың шешімін табу құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейлері де бағаланады.

3. Білімдерді бағалау сияқты оқушының мектеп өмірінің барлық салаларында бастамашылдық пен шығармашылдық танытуының рәсімделуі де маңызды.

  • 3. Білімдерді бағалау сияқты оқушының мектеп өмірінің барлық салаларында бастамашылдық пен шығармашылдық танытуының рәсімделуі де маңызды.
  • Бала шығармашылығының қорытындысы мұғалімдерге, басқа сыныптардың оқушыларына және ата-аналарға таныстырылуы тиіс.
  • Ол көрме, байқауларға қатысу және т.б. түрінде болуы мүмкін.

Баланың жеке сапаларын бағалауға болмайды (жұмыс қарқыны; есте сақтау, қабылдау, зейін ерекшеліктері).

  • Баланың жеке сапаларын бағалауға болмайды (жұмыс қарқыны; есте сақтау, қабылдау, зейін ерекшеліктері).
  • Жұмыстың орындаушысы емес, орындалған жұмыс бағаланады. Бағалаудың барлық нысандары бала мен оның ата-анасының жеке жетістігі болып табылады.
  • Мұғалім оларды салыстыру нысанына айналдырмауы тиіс. Баға мұғалім тарапынан да, ата-аналар тарапынан да жазалауға немесе мадақтауға себеп бола алмайды.

Портфолио мақсатының маңыздылығы мынада:

  • Портфолио мақсатының маңыздылығы мынада:
  • баланың білім алу процесін көрнекі түрде көрсету;
  • білім алу нәтижелерінің жалпы «бейнесін» көру;
  • білім беру кеңістігінде баланың жеке дамуының бақылануын қамтамасыз ету;
  • алған білімдері мен біліктерін практикада қолдану қабілеттерін демонстрациялау.

  • Портфолио - бастауыш сынып жасындағы балалардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне орай, бастауыш мектептен пайдаланылады.
  • Бастауыш сынып оқушысы өзінің жас шамалық ерекшеліктеріне орай, бағаның маңыздылығын сезінеді, қайсыбір іс-әрекет үшін қойылған бағаны көп жағдайда отбасы мен мектептегі әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесін анықтайтын өз тұлғасының бағасы ретінде қабылдайды.
  • Сондықтан, бастауыш мектептегі портфолио дәстүрлі ұпайлық бағаны алмастырады және бағалаудың өзге түрлерін толықтыра отырып, баланың мектепке неғұрлым табысты және жылдам бейімделуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, портфолио:

  • Сонымен қатар, портфолио:
  • оқушылардың жоғары оқу ынтасын қолдауға;
  • олардың белсенділігі мен дербестігін мадақтауға, оқу және өз бетімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтуге;
  • рефлексті және бағалау (өзіндік бағалау) іс-әрекетінің дағдыларын дамытуға;
  • оқу дағдысын қалыптастыруға – мақсаттар қоюға, өзіндік оқу іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыруға;
  • оқушылардың білім алуын дараландыруға;
  • табысты әлеуметтену үшін қосалқы мүмкіндіктер мен алғышарттардың негізін қалауға мүмкіндік береді.

Портфолионы қалыптастыру барысында мыналар ескерілуі тиіс:

  • ашықтылығы (ақпарат білім беру процесіне қатысушылардың барлығына дерлік қолайлы)
  • көпаспектілігі (оқушының білімдерін ғана емес, сондай-ақ оларды практикада қолдану білігін; оның әлеуметтік тәжірибесін бағалау; оқушының тұлғалық даму динамикасын бақылау)
  • бағаның мазмұндылығы (тек сандық көрсеткіштер ғана емес, сондай-ақ оқу процесі де бағаланады)
  • ізгілікті бағыты (әрбір оқушының жеке қабілеттерін есепке алу)
  • вариативтілігі (білім алушылардың жеке қабілеттерін есепке алу)

Педагогикалық практикада оқушылардың жетістіктерін көрсетудің түрлі нұсқалары әзірленген.

  • Педагогикалық практикада оқушылардың жетістіктерін көрсетудің түрлі нұсқалары әзірленген.
  • Бастауыш мектепте жүргізіліп отырған эксперимент аясында портфолионың мынадай құрылымы пайдалануға ұсынылуы мүмкін:

Портфолионың құрылымы

  • Титулды бет.
  • Визитка. Бұл бөлім түрліше қолайлы тәсілдермен өзін таныстыру мүмкіндігіне ие портфолио авторы – оқушы жөнінде ақпаратты ұсынуға арналған. Бұл эссе, фотосурет және т.с.с. болуы мүмкін. Бөлім портфолио авторы тұлғасының ерекшеліктерін сипаттауы тиіс, ол туралы өзге адамдардың жазбаларын, мінездемелерді, сертификаттарды, жетістіктердің қысқаша тарихын қамтуы мүмкін.
  • Оқушының пәндер бойынша оқу жетістіктері (білім, білік, дағдылары).

    • Әрбір оқу пәні бойынша портфолио бөлімі ұйымдастырылады және онда мыналар орналастырылады:

    • Оны оқушы мұғаліммен бірге толтырады. Дағдылар мен біліктер тізімінің парағы барлық пәнге дерлік арналуы тиіс. Балалар мен мұғалімдер игерілген дағдыларды тор көзді бояу және т.с.с. таңбалар арқылы белгілей алады. Мұғалім пайдаланатын қандай да бір бағалау нысаны педагогикалық ұжым игерген ережелерге сәйкестелуі тиіс.
    • Оқушы жұмыстарын осылайша бағалай отырып, мұғалім оқушылардың жетістіктерін өзара салыстыруға жол бермей, алдыңғы жұмыстарға қарағанда оқушы жұмысындағы игі ілгерілеуді белгілеп отыруы тиіс.
    • Жеке жетістіктер парағы

    • Ілгерілеу кестесі. Оқушы ата-анасымен бірге толтырады. Оқушының жазған жұмыстарына жасалған талдау негізінде әрбір пән бойынша кесте жасалады (абцисса осі - мерзімі, ордината осі – тексеру жұмысындағы қателер саны).
    • Оқушының сақтағысы келетін тексеру жұмыстары мен өзге де жұмыстар түрі.
    • Оқылатын элективті курстар. Сабақтар жүргізілген курстың атауы, оның ұзақтығы, нысаны туралы жазба түсіріледі. Мекеменің немесе ұйымның атауы, сабақтардың ұзақтығы мен олардың нәтижелері көрсетіледі.
    • Оқу пәндері бойынша олимпиадалар мен байқауларға қатысу. Іс-шараның түрі, оның өту мерзімі, оқушының қол жеткізген нәтижесі көрсетіледі.

Негізгі құзыреттердің қалыптасуы

  • Оқу – зерттеу қызметі
  • Бұл блок оқушының оқу-танымдық, зерттеу белсенділігі, оның қызығушылығы бағытының динамикасы туралы ауқымды түсінік береді.
  • Онда оқушының түрлі зерттеу және жобалау жұмыстары, сондай-ақ оның оқу-танымдық, зерттеу белсенділігінің негізгі нысандары мен бағыттарының сипаттамасы жинақталған: ғылыми конференцияларға, байқауларға және т.б. қатысу.

Блоктағы жазбалардың үлгілік нұсқасы:

  • Жобалау жұмыстары. Жобаның тақырыбы көрсетіледі, жұмысқа сипаттама беріледі. Фотосурет, жұмыстың баспа немесе электрондық нұсқадағы мәтіні қоса берілуі мүмкін.
  • Зерттеу жұмыстары және рефераттар. Зерттелген материалдар, рефераттың тақырыбы, беттер саны, суреттер және т.с.с. көрсетіледі.
  • Техникалық шығармашылық: үлгілер, макеттер, саймандар. Нақты жұмыс көрсетіледі, оған қысқаша сипаттама беріледі және т.б.

Өнер бойынша жұмыстар. Жұмыстардың тізімі беріледі, көрмелерге қатысу есепке алынады.

  • Өнер бойынша жұмыстар. Жұмыстардың тізімі беріледі, көрмелерге қатысу есепке алынады.
  • Шығармашылық белсенділіктің өзге нысандары: мектеп театрына, оркестрге, хорға қатысу. Осындай сабақтардың ұзақтығы, гастрольдер мен концерттерге қатысу көрсетіледі.
  • Қосымша білім беру мекемелеріндегі, түрлі курстардағы сабақтар. Мекеменің немесе ұйымның атауы, сабақтардың ұзақтығы, олардың нәтижелері көрсетіледі.
  • Шығармашылық байқауларға қатысу. Іс-шараның түрі, оны өткізу мерзімі, оқушының қол жеткізген нәтижесі көрсетіледі.
  • Спорттағы жетістіктер. Жарыстарға қатысу, спорттық разряд туралы жазба түсіріледі.

Портфолиомен жұмыс жүргізу кезеңдері

  • Мақсат қою.
  • Жұмыстың осы кезеңінде оқушыға сұрақтарға жауап беру және мынадай тапсырмаларды орындау ұсынылуы мүмкін:
  • а) Осы жылғы іс-әрекетімді мен қалай жоспарлаймын (кең тұрғыда: өзім тұратын қаланың мүмкіндіктерін ескере отырып, тек мектептегі ғана емес, сондай-ақ одан тыс) – тәсілдер, нысандар?
  • ә) Менің сәттіліктерім. Менің өткен жылдағы мақтана алатын жемісім не? Менің күшті тұсым қайсы?
  • б) Өзіңнің белгілі сыныпты аяқтаудағы метафорлық бейнеңді ойлап тауып, суретін сал – біз неге жеткіміз келеді.
  • в) Өзіндік жеке жоспарларды құру. Мысалы – өзіңнің білім алу жылыңның жолын сал. Бала өзіне керек деп тапқан дүниені салады және оны түсіндіреді.

Осы жұмыстан кейін оқушы мыналарды (мұғалімнің, ата-анасының көмегімен) нақты анықтауы тиіс:

  • Портфолионы жасаудың мақсаты
  • Жыл бойындағы қызмет мақсаты (Мен неге қол жеткізгім келеді? Нәтижесінде не болуы мүмкін? Қандай өзгерістер болуы тиіс?) бірінші жартыжылдықта:
  • екінші жартыжылдықта:
  • - Мақсатты нақтылайтын міндеттер (олар тоқсандық болуы мүмкін)
  • - Нәтижеге қол жеткізу шарттары (маған мақсатқа жету үшін не қажет?)
  • - Нәтижелерге қол жеткізу тәсілдері мен нысандары (мақсатқа қалай жетуге болады?)
  • - Байланыстарды орнату (кіммен байланысып, кіммен бірлесу қажет?)
  • - Нәтиже туралы нақты түсінік (нәтижеге қол жеткізгенім туралы мен қалай біле аламын)

Портфолио технологиясын пайдалануға кіріспес бұрын мұғалім мыналарды анықтап алуы қажет:

  • Портфолиода жинақталған жұмыстары жөнінде оқушыларға қысқаша ауызекі және жазбаша түсінік беріп, жеке-дара кеңес беру үшін өз уақытыңды осылайша жоспарлаудың мүмкіндігі қаншалықты?
  • Қайсыбір үлгілерді енгізу үшін қандай мерзім белгілеу қажет?
  • Оқушының өз жұмысын ұйымдастыруы мен бағалауы үшін іс-әрекетке қандай нұсқауларды, үлгілерді, белгілер мен көзқарастарды хабарлау қажет.
  • Бақылау мен өзіндік бағалауды жүзеге асыру себептері қандай? Кері байланыс, әңгімелесу мен портфолионы таныстыру уақыты қай уақытта келеді?
  • Портфолиоға арналған жұмыстарды іріктеу қайда және қашан жүргізіледі.
  • Презентацияның қандай нысаны арқылы оқытуды аяқтауға болады? Бұл көрме немесе ауызекі есептер және т.с.с. бола алады ма? Кімді шақыруға болады және шақыру қажет (ата-аналарды, өзге сыныптардың оқушылары)?

Портфолио құрылымын анықтау, материал жинақтау.

  • Портфолио құрылымын анықтау, материал жинақтау.
  • Рефлексия. Осы кезеңдегі жұмыс оқушының өз қызметі мен оның нәтижелерін өз бетімен талдауын көздейді. Ол оқушының оқу және бейіндік бағытты таңдауымен байланысты процестердің саналылық дәрежесін арттыратын өзіндік бағалау механизмдерін қосу мүмкіндігін береді, оқушының мұғалімдер, ата-аналар, сыныптастары, қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлері және т.б. ұсынған іс-әрекет түрлеріне деген қарым-қатынасының сипаттамасынан тұрады.
  • Жыл бойғы қызмет нәтижелерін ұсыну. Ол ұжымдық тәртіпте ұйымдастырылуы мүмкін (портфолионы таныстыру).
  • Өзіндік талдау мен өзіндік есеп сұлбасы:
  • жылдық қызметтің қысқаша мазмұны;
  • қызмет мазмұнының қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестілігі;
  • мақсаттарға сәйкес жыл бойында неге қол жеткізілді;
  • атқарылған жұмыстың күшті тұстары;
  • іс-әрекет процесіндегі кемшіліктер мен қиындықтар;
  • қорытындылар мен ұсыныстар.

Материалдарды жинақтау мен портфолионы рәсімдеу ережелері

  • Материалдарды жинақтау мен портфолионы рәсімдеу барысында мынадай ережелерді басшылыққа алу қажет:

Еріктілік қағидатын ұстану

  • Еріктілік қағидатын ұстану
  • (ең әуелі бала көзқарасы тұрғысынан)
  • Өзінің портфолиосы үшін материалдар
  • жинақтаумен айналысып жүрген оқушы өзінің
  • жеке жетістіктері папкасына қандай құжаттар мен
  • материалдарды кіргізетінін өзі шешеді. Оның
  • портфолиосына ешбір жағдайда мәжбүрлеу арқылы
  • (баланың келісімінсіз) материалдар енгізуге болмайды.

  • Материалдар жинақтау мен портфолионы рәсімдеу кезінде ата-аналар мен өзге ересектер тарапынан белгілі көмек пен қолдау қажет, бірақ осы процесте ешбір жағдайда баланы толығымен алмастырудың қажеті жоқ.
  • Оқушының өзі де белгілі күш жұмсауы қажет, өйткені портфолионы жинақтау кезінде тек соңғы өнім ғана емес, сондай-ақ өз жетістіктерін зерделеу процесі, алынған нәтижелерге деген жеке қарым-қатынастың қалыптасуы да маңызды.
  • Портфолио материалдарының жинағы мәселесінде оқушыны алмастыруға, қажетті психологялық және практикалық қолдаусыз қалдыруға болмайды

3. Портфолионы жасақтауда оқушы өз бетімен қосымша және кәпістік білім беру мекемелерімен, ұйымдарымен, қоғамдық балалар ұйымдарымен байланыс жасағаны және сол ұйымдардан жиі көмек сұрап отырғаны жөн.

  • 3. Портфолионы жасақтауда оқушы өз бетімен қосымша және кәпістік білім беру мекемелерімен, ұйымдарымен, қоғамдық балалар ұйымдарымен байланыс жасағаны және сол ұйымдардан жиі көмек сұрап отырғаны жөн.
  • Сонымен қатар, баланы сол ұйымдарда жүргізіліп отырған іс-шараларға қатысуға ынталандыру қажет. Ол өз кезегінде мектептер ұсынатын олимпиадалар шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Осы әлеуметтік саладан көмек сұрау оқушының жеке жетістіктерін демонстрациялау мен портфолио материалдарын жинақтау мүмкіндіктерін кеңейтеді.

4. Портфолионы жасақтауда

  • 4. Портфолионы жасақтауда
  • материалдар санын көбейтуге ден қойып, өзге оқушылармен жарысуға жол берілмейді. Портфолио материалдары мен құжаттарын сапалы іріктеуге барынша тиянақты қарау қажет.

5. Портфолио материалдарын жинақтау кезінде ресми сертификатталған құжаттарға ден қоюдың қажеті жоқ. Өйткені оқушылардың барлығында дерлік сертификатталған ресми құжатты алу мүмкіндігі бола бермейді.

  • 5. Портфолио материалдарын жинақтау кезінде ресми сертификатталған құжаттарға ден қоюдың қажеті жоқ. Өйткені оқушылардың барлығында дерлік сертификатталған ресми құжатты алу мүмкіндігі бола бермейді.

  • 6. Жеке жетістіктер папкасы нөмірленген беттері бар және қайсыбір құжатты алып тастау немесе алмастыруға болмайтын сынақ кітапшасына айналмауы тиіс.
  • Портфолио сынып жетекшісі немесе педагогикалық кеңес берген қарапайым мінездемеге айналмауы тиіс.
  • Портфолио материалдарына мінездемені енгізу-енгізбеуді (нұсқаулық немесе сынып жетекшісінің пікірі түрінде) – баланың өзі шешеді.

7. Портфолио технологиясына бір реттік акция деп қарамай, онымен жүйелі түрде жұмыс жүргізу.

  • 7. Портфолио технологиясына бір реттік акция деп қарамай, онымен жүйелі түрде жұмыс жүргізу.
  • 8. Портфолио материалдарының сыртқы рәсімделуіне ден қоюдың және олардың біркелкілігін талап етудің қажеті жоқ.
  • Портфолио үшін бастысы – сыртқы келбет пен рәсімдеу стилі емес, оның ішкі мазмұны.
  • Портфолионы жасақтаудың сұлбасын ұстану қажет: титулы және негізгі бөлімдері.

Портфолио қалай жасалады?

  • Құрылымы бойынша:
  • Мазмұны бойынша:
  • Қызметі бойынша:
  • Нысаны бойынша:
  • Ұстанымы бойынша:

Портфолио туралы мәліметтер

  • Жинақтау
  • Талдау
  • Жүйелеу
  • Қорыту
  • Ұсыну
  • Құндылық бағдары
  • Жеке көзқарасы
  • Қарым-қатынасы
  • Қолдану мүмкіндігі
  • Жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігі бойынша:

қосымша Жеке жетістіктер парағы Оқушы ____ Мектеп: _____ Сынып: 1а Мұғалім: ____

  • № қ/с
  • Даталар
  • қырқ
  • қазан
  • қараша
  • желт.
  • қаңтар
  • ақпан
  • наурыз
  • және т.б.
  • Барлығы
  • 1
  • 1.1
  • Оқу дағдысы
  • Оқу дағдысы:
  • Буындарды оқу
  • Сөздерді оқу
  • Екпін
  • Сөйлемдерді оқу
  • Мәтіндерді оқу
  • Қатесіз оқу
  • Мәнерлеп оқу
  • 1.2
  • Оқығанды түсіну
  • Оқыған мәтін бойынша тікелей сұраққа жауап
  • Қалып қойған сөзді қалпына келтіру
  • «Ауызекі сурет» жасау
  • және т.б.

Назарларынызға рахмет!

  • Назарларынызға рахмет!

жүктеу 43,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау