Бірде бір отбасы екінші бір отбасына ұкеас емес: бай отбасы, кедей
отбасы бар, ата-аналардың әр түрлі әлеуметтік жағдайда, мамандықтары
да, көзқарастары да, қызығушылыктары да әр түрлі.
Мысалы, аты әлемге әйгілі әлеуметтанушы П.А.Сорокин шешесінен 5
жасында жетім қалған. Әкесі «ішкіш» больш кеткен. Мұндай әке
баласына не беруі мүмкін? Бірақ, бұл әке де баласына көп нәрсе бере
алған: қамқор бола білу, досқа адал болу, еңбекте, оқуда
жауапкершілігінің болуы. Ата-аналарға. кешірім бар, ал, кәсіби педагог
кешірілмейді.
Педагог - ата-ана болу өте қиын. Кейбір ғалымдар отбасында ата-ана
болсын дұрыс, қатесіз тәрбиеленуі үшін арнайы педагогикалық
білімдермен қаруланулары керек деп есептейді. Оны бірқатар
ғалымдардың еңбектері арқылы көз жеткізуге болады: Я.А.Коменскийдің
«Аналар мектебі», Д.Локктың «Тәрбие туралы пікірлер», «Мысли о
воспитании», П.Г.Лесгафтың «Семейное воспитание ребенка и его
значение», В.А.Сухомлинскийдің «Родительская педагогика»,
А. СМакаренконың «Книга для родителей», т. б.
Мәдениет тарихы өз балаларына педагог болғысы келген ата-
аналардың тәжірибелерінің сәтсіздігі туралы жазған.
ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. Филипп Честерфилд «Письма к сыну» кітабы атакты
болды. Бүл кітапта гувернанткадан туған баласын, өз отбасының
тыныштығын сақтап қалу үшін, шетелге тәрбиеленуге жібереді. Баласын
өз атына үқсас Филипп қояды. Филипп дұрыс тәрбиеленсін деген
мақсатпен күнде баласына хат жолдап, тәрбиелік үлгі-есиетін айтып
отьграды. Бірнеше жылдар өткен соң кездескен баласына бірде бір өсиеті,
тәрбиелік үлгі-насихаты дарымағандығының куәсі болады.
Бүдан біздің көретініміз, саналы педагогикалық мақсат, саналы іс-
әрекет - баланы дүрыс тәрбиелеуге нұқсан келтіруі мүмкін. Білім, баланы
дүрыс түсіну, сенімді қарым-қатынас, өзара жақындастық, рухани
жақындастьгқ - ата-аналардың педагогикалық іс-әрекеттерінің ең қажетгі
шарттары.
Жоғарьща педагогикалық іс-әрекет кәсіби, кәсіби емес те бола алады
екендігін түсіндіруге талпыныс жасадық. Кәсіби емес іс-әрекет -
отбасыңда ата-ананың баланы тәрбиелеуі болып табылады. Бірақ,
отбасында баланы оқытумен, тәрбиелеумен арнайы шақырылған
педагогтар айналысуы мүмкін.
Классикалық әдебиеттерді оқи отырып, көптеген дворяндар
отбасында арнайы мүғалімдер шақырылған. Отбасындағы мүғалімдер
бұрын әр түрлі адамдар болған; оқыған, оқымаған, жер аударылған,
университетген қуьшғандар. Кейбіреулерінің педагогикалық қабілеттері
болмаған, кейбіреулер мұғалімдікті нан тауып жеу үшін ғана
қажетсінетін, кейбіреулері дүрыс оқьггып, тәрбие бере алған.
12
Кәсіби педагогикалық іс-әрекетгің негізгі белгілері:
• онымен міндетті білім, дағдыны меңгерген арнайы адам
шүғылданады;
• оны жүзеге асыру үшін белгілі формалары болады: сабақ, «сынып»;
• бүл іс-әрекет белгілі бір мақсатты көздейді: баланы белгілі бір
нәрсеге үйрету; белгілі бір білімдер жүйесін беру; белгілі бір білік, дағды
қалыптастыру, білім алуда кеткен ақаулардың орнын толтыру; адам етіп
шығару; қабілеттерін, қызығушылықтарын, ойлау, елестету, т.б. дамыту;
• оқыту, білім беру, тәрбиелеудің мазмүнын анықтау;
• баланың педагогпен «ерекше» қарым-қатынасы (іскер, ресми,
регламенттік, т.б.);
• педагогикальгқ іс-әрекеттің нәтижелерін тексеру, ягни, мүғалім
үйреткен білім мен біліктердің қорытындысы;
• нағыз педагог регламенттік іс-әрекетпен ғана шектелмейді - ол,
өзінің оқушыға әсер етуде барлық мүмкіншілігін пайдаланады: дәстүрлі
емес әңгімелер, сенімді әңгімелесу; баланы ойландырып жүрген
мәселелерді талқылау, кеңес беру, көмектесу.
Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекетті орындаудың мьшадай
деңгейлерін анықтайды:
I - репродуктивтік, адам өз игерген білімді басқаға жеткізу;
II - білім мен икемділікті бейімдеу, пәнді білу ғана емес, оны
қабылдау мен үғыну ерекшеліктерін де білу;
ПІ - білімді локальды моделдеу, педагог білімді жеткізумен
шектелмейді, өтілген және кейін өтілетін қандай материалмен
байланыстырып, салыстыру қажет екенін, жаңа материалды өтуде қандай
қиьшдық кездесегінін және ол қиындықты жеңу үшін не істеу керек
екендігін ескере отырып, білім қүрамын түзе алады;
ІҮ - білімді жүйелі моделдеу, білімдердің барлық жүйесін сипаттау
мен есепке алу;
Ү - окушылар мінез-кұлқы жүйесін моделдеу, мүғалімнщ осы оқу
орньгаың түпкі мақсатын үғынуы.
Бүл жіктеу мүғалімнің қажетті білім жүйесін теруі мен оны оқушы
дамуының қүралы ретінде қолдану мөлшерін бейнелейді.
Сонымен қатар, Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекеттің бес
компоненттен тұратын функционалдық моделін үсынды:
1) гностикалық, педагогикалық жүйені қолдаудың заңдары мен
механизмдері туралы жаңа білім алу мен білімдік қор жинау міндетін
шешеді;
2) жобалаушылық, бұл - оқытылып отырған курс мақсаты мен ол
мақсатқа жету жолдарын жобалаумен байланысты;
13
3) конструктивтік (сындарлы) компонент, бұған курс мазмұны,
сабақты өткізу түрі мен әдістерінің композициясын түзу мен таңдау
жөніндегі іс-әрекеттер енеді;
4) үйымдастырушылык бойынша жоспарланғанды жүзеге асыру
міндеттері шешеді;
5) коммуникативтік компонент, бұған педагогикалық процесс
субъектілерінің арасында педагогикалық мақсатқа сай өзара қатынас
орнатумен байланысты іс-әрекеттер енеді.
Мүғалімнің педагогикалық іс-әрекеті жоғарыда баяндалғандай,
жекелеген іс-әрекет жиынтығы, нактырақ айтсақ: әртүрлі әдебиетті,
бағдарламаларды, оқулыктарды, оқу-әдістемелік кешендерді және тағы да
баска оқыту қүралдарын талдау, соның негізінде оқушьшардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті оқу материалын іріктеп таңдау
және оларды қүрастырып, сабактың мазмүнын анықтау; өзінің жүмысын
жоспарлап оқушылардың оқу жүмысын да жоспарлауға үйрету;
оқушьшардың әр түрлі іс-әрекетгерін ұйымдастырып, оны орындауға
көмектесу; өзінің және оқушылардың іс-әрекетін бағалай білу, оларды
бағалауға және өзін-өзі бағалауға үйрету, т.с.с.
Әрине, іс-әрекеттің аталған түрлері мүғалімнің практикалық
жұмысында кездесетін барлық іс-әрекетгі қамтиды деп айтуға болмайды,
ейткені мамандық алу барысында адам негізгі білікті қальштастыруды
үйренеді, сонан соң өзінің білімін, кәсіби шеберлігін жалғастырады,
жетілдіреді.
Оқушьшардың іс-әрекетін басқару әр түрлі жолдармен жүзеге
асырылуы мүмкін: 1) жанама басқару - оқу материалы мен оқу құралы
арқылы; 2) тікелей басқару - белгілі оқу-таным іс-әрекеттерін
қалыптастыру және бақылау мен өзін-өзі бақылау арқылы. Оқушылардың
жүмысын бақылаудың түрлерін үйымдастыру (ауызша сүрау - жаппай
сүрау және жеке сүрау, жазбаша жүмыста - өздік жүмыс, бақылау
жүмыстары).
Мүғалім іс-әрекеттің бүл түрін күнделікті жүргізіп отырады. Сұракты
нақты қою, жауаптарға түсініктеме беру, пікірін білдіру, жауап жоспарын
жасау, жоспарға сәйкес жауаптарды талдау және т.с.с- осының бәрі
басқаның іс-әрекетіне дүрыс баға беру білігін қалыптастырады, өзін-өзі
бағалауды қалыптастыру шешу үлгісінің негізінде өз жүмысының
қателерін талдау жолымен жүзеге асырылады.
Сонымен, мұғалім тұлғасы іс-әрекетінің құрылымын бейнелей
отырьш, қасиеттер мен сипаттамалардың жай жиынтығы емес, кәсіби
және танымдық бағьптьшығы бар біртұтас құрылым болып табылады.
Мұғалімнің педагогикалық қызметінің түрлері:
14
Достарыңызбен бөлісу: |