Сонымен, педагогикалық іс-әрекет - педагогтің білім мазмұны мен
оқушылардың іс-әрекетін үйымдастырудағы белсенділігі, ол адамның
жеке түлға ретінде қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық іс-әрекетті зерттеушілер оның қүрылымында мынадай
функционалдық элементтері бар жүйе ретінде қарастырады. Олар:
1) педагогикалық езара іс-қимыл субьектісі мен обьектісі, олармен
бірге іс-әрекеті, оқыту мақсаты және қатысым құралдары;
2) оқушы мен мүғалім, окыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмүны,
процесі және үйымдастыру түрлері;
3) педагогикалық ықпалдың мақсаттары субьекті мен обьектіні,
мазмүны мен қүралдары, нәтижелері.
Педагогикалық іс-әрекет қүрылымындағы нысаны - мүғалім мен
оқушы. Мақсаты - оқыту мен тәрбиелеу. Мазмүны - оқыту, тәрбиелеу,
білім беру, дамыту. Мұндағы білім ақыл-ой тәрбиесін (интеллектуалдық
тәрбие), сезім тәрбиесін (адамгершілік тәрбие), қылық тәрбиесін (ерікті,
дағдыны) қалыптастыруды көздейді. Бұл үшеуі - бір-бірімен сабақтас,
біртүтас. Іс-әрекет нәтижесі білім мен білік деңгейін көрсетеді. Мұғалім
өзінің кәсіби педагогикалық іс-әрекетінде белгілі бір шарттарды
орындауы тиіс. Ең алдымен мұғалімнің педагогикалық қабілетінің орны
үлкен, өйткені педагогикалық іс-әрекеттің үлкен шығармашылық әлеуеті
бар, сондықтан оны жүзеге асыруда арнайы қабілет керек; қабілет
көпшілік жағдайда іс-әрекеттің нәтижелі болуын анықтайды.
Іс-әрекет құрылымы
Өндірістік іс-әрекет
Педагогикалық іс-әрекет
Субъект
Инженер, техник
Педагог
Объект
Материалдар,
технологиялар
Жеке тұлғаның дамуы
Шаралар
Механизмнің құрылымы Мүғалімнің оқыту мен
тәрбиелеу әдісі мен іс-
шаралары
Нәтижесі
Бағалы материалдар
Жеке тұлғаның білімділігі,
біліктілігі, тәрбиелілігі,
рухани дамуы
Педагог қабілетінің бірыңғай біліктілігі жоқ: Б.М.Теплов қабілеттің
үш белгісін көрсетсе, Н.Д.Левитов - 5, Ф.НХоноболин - 12-ден 29-ға
дейін, ал В.А.Крутецкий педагогикалық қабілет мазмүнына әртүрлі
көзқарастарды жинақтай келе, оның он түрін көрсетеді: дидактикалық,
академиялық, перцептивтік, сөйлеу, ұйымдастыру, авторитарлық,
қатысымдық, педагогикалық көрегендік, әр түрлі іс-әрекеттерге зейінін
бөле білу, жеке тұлғалық қасиет.
9
Педагогикалық қабілеттің даму деңгейіне қарай Н.В.Кузьмина
педагогтердің мьшадай біліктілігін ұсынады: данышпан, дарынды, әр
түрлі дәрежедегі қабілет: өте қабілетгі (педагогикалық міндеттерді
шешуді қамтамасыз етудің жүйесін ез бетімен жасаған) және аз қабілетті
(оқушылармен қарым-қатынас жүйесінде сезімтал емес).
Педагогикалық қабілеттің жоғары деңгейіне арнайы қабілет (пән
бойынша, мысалы, математикалық кабілет) жатады, ол да педагогикалық
мақсатқа жетуге ықпал етеді.
Кәсіби мүғалімнің академиялық білім беру, тәрбиелеу, дамыту
кабілеті болуы тиіс. Академиялық қабілет және білім, білімділік нәтижесі
- педагогикалық іс-әрекеттің міндетті компоненті және шарты.
Педагогикалық қабілеттің бұл екі түрінсіз педагогикалық іс-әрекетті
жүзеге асыру мүмкін емес.
Көптеген ғалымдар педагогикалық іс-әрекетке тағы да бірнеше
қабілеттерді енгізеді, әр автордың көзқарасы әр түрлі. Кейбір
зерттеушілер шьиармашылық қабілет, кейбіреулері авторитарлық,
конструктивтік қабілетті көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, қабілет жемісті
педагогикалық іс-әрекет үшін қажет. Ол - табысқа жетудің алғы шарты.
Мүғалімдік кәсіпті таңдаған адамның терең, кең кәсіби білімі болуы тиіс.
Осы білім негізінде қажетті кәсіби білік дамиды.
Мүғалімнің педагогикалық іс-әрекеті кәсіби іс-әрекеттің негізгі
субъектісі болып табылады. Мүғалім оқушыларды оқьггу сапасына,
олардың білім және тәрбие деңгейіне жауапты екендігі белгілі.
Мүғалімнің жүмысы, оның жеке түлғасының негізгі сапаларының кәсіби
іс-әрекетінің сипатына сай келген жағдайда ғана табысты болады.
А.Н.Щербаков мүғалімнің іс-әрекеті жөнінде: «Кеңес мүғалімінің іс-
әрекеті, ол қандай түрде болмасын, өзінің психологиялық мазмүны
жағынан адамнан жоғары идеялылықты, айқын кәсіби бағытгылықты,
тиянақты білім мен орнықты ықыласты, балалыктьщ заңдарын, оқьггу мен
тәрбиелеудің теориясы мен практикасын білуді талап ететін күрделі
еңбек» - дейді. Осы сапалардың барлығы бірігіп біртүтас қүрылым
міндеттерін атқарады да, мүғалімнің тұлғасын сипаттайды.
«Мұғалім» мен «педагог» туралы түсінік педагогикалық қызмет
атқаратын мамандарға арналған синоним ретінде қолданады. Мүғалім деп
негізінде мектептегі педагогтарды айтады. Педагог деп жалпылама
айтылады. Педагогтың әлеуметгік статусының 2 түрі бар: а) мамандар,
яғни арнайы даярлығы барлар; 2) басқа мамандыктардағы, бірақ тәрбиеші,
оқытушы қызметін атқарып жүргендер. Бұларды педагогикалық
қызметкерлер деп айтуға бола ма? Неге болмайды, егер де, оның
тәжірибесі мен білімі жеткілікті болса.
ю
Педагогикалық қызмет оқушы мен тәрбиеленушінің дамуына жүмыс
істейтін мақсатты, арнайы үйымдасқан педагогикалық бірлестігінен
туындайды.
Мамандық кызметінің түрлері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, біліктілігін
арттыру болып табылады.
Мұғалім тұлғасының дамуына мұмкіндігін педагогикалық қызметтің
гуманистігі деп атайды. Мамандыққа ықпал ететін негізгі шаралар:
- мамандық іс-әрекетінің мазмұны. мен түлғаның өзін-өзі көрсетуі;
- нәтижесін анықтайтын қоғамдық мәні;
- мамандықтың әлеуметтік орнында тұлғаның еңбектегі қызметінің
қоғамдык бағасының анықталуы;
- еңбектің тәртібі мен жағдайы.
«Әрдайым оқытып, тәрбиелейтін мамандар ма? Дүниеге келген
күннен бастап тәрбиелейтін кім?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Философ М.С.Каган адамзаттың екі кереметін ойлап тапқан: отбасы,
мекгеп. Дүниеге келген күннен бастап-ақ тәрбие отбасынан басталады.
Сондықтан ата-ана баланың алғашқы мүғалімі болып табылады. Мұны
халық даналарының пікірімен растауға болады:
«Тәрбиелеу мен үйрету дүниеге келген алғашқы жылдардан бастап,
өлгенше созылады» (Платон).
«Адамдары тәрбиелеу туғаньшан басталады, сөйлеуден бүрын,
естуден бұрьш оқуды бастайды» (Ж.Ж.Руссо).
«Алғашқы кезде ананың тәрбиесі керек» (Гегель).
«Тәрбиелеу - тек қана тамақтандыру мен күту емес, сонымен қатар
баланың жүрегіне, миына бағыт беру. Ал, бұл үшін ананың білімділігі,
мінез-қүлқының дүрыстығьі керек» (В.Г.Белинский).
Олай болса, отбасы тәрбиесі педагогикалық іс-әрекет бола ала ма?
Әрине, бола алады. Ол үшін ата-ана мұғалімнің ролін орындауы керек,
адами қасиетті баланың жүрегі мен миына сіңіре алуы керек; балаға
алғашқы керек білімді беруі керек. Бірақ, мүнда баланы оқыту мен
тәрбиелеудегі ата-ананың іс-әрекеті - кәсіби емес. Әр түрлі әлемге әйгілі
«тәрбие туралы романдарды», «отбасы романдарын» оқи отырып, ата-ана
тәрбиесінің ресми құжатқа сүйеніп, арнайы білім алу мектептерінен
өткендігі туралы жазылғанын көрген емеспіз, көбінесе, ата-аналар
ғылыми теорияларға сүйенбейді, баланы тәрбиелеудегі педагогикалық
жүйеге де сүйенбейді.
Отбасы тәрбиесінде арнайы сабақтар, адамгершілік, табиғат, әдемілік
туралы алдын-ала жоспарланған әңгімелер жоқ. Барльгқ отбасылық өмір,
күнделікті өмірде, отбасындағы жағдайлар - ересектердің балаға беретін
тәлімі. Бұл сабақтар баланың бойында өмір бақи қалады. Соларға сүйене
отырьш, өмірге деген көзқарастары, дүниетанымы қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |