Педагог мамандьіғьіна кіріспе



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет7/36
Дата29.01.2018
өлшемі2,8 Kb.
#7992
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36

кұмында, Таловкада казақ меістебі болған. Бүлардың саны өсіп отырған. 
Патша әкімшілігі мектептің ашылуына жол бермеген, сондықтан да 
оларды ел айтпаған. Десек те, мүрағатгардағы 1865 жылғы мәлімет 
бойынша Бөкейлікте 93 қазақ мектебі болған және оларда 3142 бала 
оқығаны белгілі. 
Ішкі Ордада 1850-52 жылдары 128 мешіт, онда 1 Ахун, 130 молла 
болғаны, 1873 жылы 144 мешіт болғаны белгілі. Ішкі Ордада 1868 жылға 
дейін, яғни әкімшілік реформасына дейін, жалғыз орыс-қазақ мектебінен 
басқа хан ставкасында тек мүсылман мектептері мен медреселер болған. 
Ішкі Орданың екінші аймағының бүрынғы мүғалімі Н.Левановтың 
мәліметі бойынша 1872 жылы Ордада 154 мүсылман мектебі болып, онда 
3821 шәкіртоқыды. 
Ішю" Ордада Жәңгір ханның білім беру саясатындағы негізгі максат -
мешіттердің жанынан бастауыш мектеп ашу болатын. Мүсылман 
мешіттерде оку қыста жүргізген. Барлық оқушылар оқуға ерікті түрде 
келді. Мектептерде араб жазуы, түрік тілдері, дін және арифметика 
курстары жүрді. Жалпы алғанда оқу-тәрбие жүмысы діни бағытта өрбіді. 
Бірақ білім жағы төмен болды. Сондай білім ошақтарының бірі ретінде 
1841 жылдың 6 желтоқсанында Бөкей ордасында Хан Жәңгір 
ұйымдастыруымен ашьшған «тұңғыш» орыс-қазақ мектебін атауға 
болады. Жәңгір мектебі сол кездегі тек Бөкей Ордасында ғана емес, 
жалпы қазақ даласындағы жаңа бағыттағы бастауыш екі тілде білім 
беретін мектеп болды. 
Жәңгірдің өз Ордасында мектеп ашу жөніндегі ойы тым ерте 
кезеңнен қалыптасқан болатын. Оны 1826 жылғы Қазан университетінің 
ректоры Фукспен кездесуі кезінде болған әңгімеден байқауға болады. Сол 
жылы қыркүйек айында Жәңгір тұңғыш рет Қазанға барып, 
университетгің әртүрлі кабинеттерін аралап танысады. Жәнгір 1830 
жылдың бас кезінде Орынбор шекара комиссиясының төрағасына, 
Орынбор генерал губернаторы мен мемлекеттік мүлік министрлігінің 
атына бірнеше мәрте хат жолдап, Ордасында орысша бастауыш білім 
беретін мектеп ашуға рүқсат сұрай бастаған. Алғашында оның бүл 
өтініштері шешім таппай аяқсыз келді. Тек 1939 жылы Орынбор 
губернаторы тарапынан қолдау тауып, рүқсат алды. Бірақ мемлекет 
тарапынан ешқандай қаражат бөлінбегендіктен, мектеп үйін салу 
қаражатын Жәңгір өзі көтереді. Жәңгір ашқын бұл білім ордасының 
алғашкы сабағы 1841 жылдың 6 желтоқсанында, яғни, император 
Николайдың таққа отыру күні құрметіне арналып ашылған. Жәңгір хан 
1841 жылы Бөкей Ордасьшда мұсылман мектептерінен бөлек жаңа тигггі 
мектеп ашты. Ол ез балаларымен қатар басқа да қазақ жастарына жақсы 
білім беруді қалады. Жәңгір хан ұйымдастырған 1841 жылы ашылған 
алғашқы мектептің есігін ашқан Мүхаметсалық Бабажанов былай дейді: 
21 


«Жәңгір шәкірттер мен оқушыларды колдан, демеп отыру үшін акшасын 
да, өзінің күш-жігерін де аямай, білімнің пайдасы туралы ордалықтардың 
күлағына күюмен болып еді. Жәңгір Ордада мектеп ашумен қатар 
ауқатты ордалықтардан өз үйінде оннан да артық балаларды оқытатын 
мектеп ашуды талап етіп, оны өзі қадағалады. Сонымен қатар, ол 
Орынборда қазақ балалары үшін Неплюев кадет корпусының Азиялық 
бөліміне Ордадан он бала қабылдауға рүқсат алды. Хан ордалық 
шәкірттердің оқу үлгерімімен тікелей айналысып, емтихандарға өзі 
қатысып, оқу озаттарын мадақтап, ал үздік оқығандарын Қазан 
университетіне, Стамбул, Петербург қалаларына әрі қарай оқып 
мамандық алу үшін жолдамамен жіберіп отырды». 
Жәңгір мектепке алғаш үстаздық етуде сол кезде Ордада қызмет 
атқарып жүрген Санкт-Петербург медициналык академиясынын түлегі, 
жоғары білімді ветеринар Константин Ольдековты тағайындады. Ханның 
бүйрығы бойынша сабақ беріп, мектеп меңгерушілігін қоса атқарады. Бүл 
білім ошағында басқа мектептерде бүрын-соңғы жүргізілмеген 
арифметика, тарих, жағрафия, грамматика (көркем жазу), орыс тілді 
сынды жаңа пәндер оқытылған екен. Тағы бір ерекшелігі мүнда білім екі 
тілде: орыс, қазақ тілдерінде қатар жүргізілген. Оқушыларды қадағалау, 
орыс орындарындағы талап, шарттармен сәйкес жүргізу мәселесіне 
К.Ольдеков жауап береді. Жылына үш рет Жәңгір ханның алдына 
оқушылардың тізімі, алған бағалары көрсетіліп, тексеруден өтіп тұрды. 
Бірінші діни дәріс пен шығыс тілдерін оқыту алғашында молда Хакімге 
жүктеліп, кейіннен Жәңгірдің шақыртуымен Аминов тағайьгадалды. 
Ольдековтың есебінен белгілі болғандай, училищеде екі класс болған: 
бірінші класта 13, екінші класта12, барлығы 25 оқушы болды. Олардың 7-
еуі мектепте түрды, ал 18 окушы ерікті келіп кетушілер. Ең үжен 
шәкіртгің жасы 22-де, ал кішісі 9-да болды. 1842 жылы оқушы саны 30-ға 
жетті. 
Осыншама оқушы аталмыш пәндерді оқығанда неге сүйенді, қандай 
оқулықтармен оқыды деген сүраққа келер болсақ, Бөкей Ордасының 
мектептерінің оқулықтарыньщ авторы Н.Бобровников еді. Оньщ үсьшысы 
- қазақ тілінде жоқ әріп-дыбыстармен таныстыру болды. Осы 
дыбыстарды үйретуте 3-4 күн арнаған, содан кейін қосарлы жаттығулар 
жүргізу арқылы орыс тілін жүйелі үйретуге болатыньга дәлелдейді. 
Окушылар мынадай оқу қүралын пайдаланды: Востоковтьщ қысқаша 
орыс грамматикасы, Буняковскийдің Арифметикасы, 2 бөлімнен тұратын 
Шульгиннің Географиясы, Гоахавтың қысқаша Хрестоматиясы, 2-томдық 
Устряловтың Орыс тарихы. 
1848 жылы ордалық училище орыс балаларын қабылдай бастады 
және сол жылдың 22 наурызынан бастап мектеп мемлекет қаржысына 
сүйенетін болды. Ольдеков 10 жыл бойы оқытушы болды, 1852 оның 
22 


орнына Потанин келді. 1852 жылдың наурызында шәкірттер саны 23-ке 
жетті, ең үлкенінің дасы - 17-де болса, кішісі 5 жаста болды. 
1845 жылы Жәңгір хан қайтыс болып, сол жылы мектеп жабылады да, 
келесі жылдан бастап ісін қайтадан жалғастырады. 1879 жылы Халық 
ағарту министрлігінің 2 кластық училищесі болып қайта қүрылды. 1905 
жылы 4 кластық қалалақы училищеге айналды. 1920 жылы 4 кластық 
қалалық училище негізінде Бөкей халық ағарту институты ашылды. Ол 
1923-28 жылдары педагогикалық техникумға, 1930-35 жылдары орталау 
мектеп болып қайта құрылып, оған М.Горький есімі берілді. 1991 жылдан 
Орда орта мектебі аталып, ашылғанына 150 жыл толу мерекесі тойланды. 
1999 жылы 9 желтоқсаннан бастап мектеп Жәңгір хан есімімен атала 
бастады. 
«Жәңгір хан... аштырған мектеп болмаса, Жайық өңірінен Алаш 
кесемдері, олардың алдын көрген калам, өнер иелері, ғалымдар қаулап 
көтерілер ме?». Сол мектептің түлектерінің көбі еліміз тарихындағы 
елеулі түлғаларға айналды. Мұхаммед-Салық Бабажановтан басталатын 
бүл тізімде ғалымдар да, ақындар да, қоғам қайраткерлері мен батырлар 
да, еңбек ерлері де баршылық. Ал, Елеусін Бүйрин, Сейтқали Мендешев, 
Ахметфайыз Тәжетдинов, жуырда туғанына 100 жыл толған белгілі 
өлкетанушы, Қазақ ССР-і мектептеріне еңбегі сіңген мүғалім Еүмар Зарип 
сынды халық ағарту саласы қызметкерлерінің өзі бір төбе. 
Сондай-ақ, Орынбордағы қазақ балаларына арналған тұңғыш мектеп 
1850 жылы ашылады, оны кейініректе Ыбырай Алтынсарин бітірді. 
Орынбор және Омск мектептерінің бітіргендерінің ішінде өз халқына 
қызмет етудің ауыр да болса, құрметгі жолын қалап алған халқымыздың 
алдыңғы қатарлы ұлдары болды. Солардың бірі - қазақ халқыньщ атақты 
ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсарин. «Орыс мектебі бізге 
Алтынсаринді берді» деп жазды, ол туралы әйгілі ағартушы-педагогтың 
шәкірттері. 
Патша үкіметі тарапынан ашьшған жоғарыда аталған мектептер қазақ 
даласьгаың үлттық-мәдени ерекшеліктеріне үйлесетін мектеп жүйесі бола 
алмады. Қазақстанның мемлекет шеңберінде Ресеймен қосылуымен 
байланысты, орыс халқының озық түрган ағарту ісіне тартылу қазақ 
даласының кезек күттірмейтін мәдени мұқтажы болды. 
Ыбырай Алтынсарин арман еткен, ұзақ күткен мектебі 1864 жылы 8-
қаңтарда ашылғаны белгілі. «Осы жылы қаңтардың 8-күні менің көптен 
күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, 
бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға аш қасқырдай өте 
қызу кірістім. Бұл балалар да менің ойымды қанағаттандырып, небары үш 
айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды» деп, 
қуана жазды үлы ағартушы. Алтынсарин өзінің инспекторлық қызметі 
негізінде, жергілікті халықтың қолдауымен және орыс ағарту 
23 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау