Педагогикалық қарым-қатынас деңгейлері:
Сабақ үстіндегі және сабақтан тыс оқу іс-әрекетінің формаларын
пайдаланатын оқытушының қызметін талдай отырып, қарым-қатынастың
әр түрлі деңгейлерін бөліп алуға болады:
• жогары - өзара түсінісу, өзара қарым-қатынас жасау, сенім артуда
жылылықпен сипатгалады;
• орта.
• төмен — түсінбеушілік, бір-біріне жат болу, суық қарау, өзара
көмектің болмауымен сипатталады.
Б.Г.Ананьевтің пікірі бойынша, қарым-қатынастың деңгейлері
педагогтың әсерімен тікелей байланысқан. Оларды 2 түрге белуге
болады:
• оң әсер ету - қолпаштау, өз бетімен орындалған іс-әрекет екенін
мойындау, мақтау, сенім арту, үсыныс, кеңес айту;
• теріс әсер ету - ескерту, мазақ ету, қорқыту, намысына тию, сөзбен
қағып тастау.
Педагогикалық қарым-қатынас стилі педагогикальщ жетекші стилден
келіп шығады. Педагогикалық жетекші стиль педагог пен
тәрбиеленушінің көзқарасынан, тұлға мен ұжымның өзара әрекеттесу
тәсілдерінен, тура және кері байланыстан, бағалаудан, қарым-қатынас
түрлерінен көрінеді.
Жетекші стилдер мынадай:
Авторитарлық жетекші стиль - педагог өз іс-әрекетін түсіндірмейді,
шектен тыс талап қояды, оқушының пікіріне, инициативасына қалай болса
солай қарайды, сыни ескертпелер мен көзқарастарын айтуға рүқсат
бермейді. Педагогтың жаны ашымайды, жаны ауырмайды.
Педагог ресми, бұйрық беруші, басқарушы қарым-қатынас жасайды.
Ал, қарым-қатынас түрлері - бүйрық беру, үйрету, айғайлау, ұрысу.
Бұл стилді мьшадай сөздермен керсетуге болады: «Менің
айтқанымдай қыльш орьщдандар, сендердің пгарлерінді сүрамаймьш».
Мұндай стиль тұлғаның дамуын тежейді, белсенділігін басып тастайды,
адекватты емес баға беруін туғызады.
Г.И.Щукинаньщ пікірі бойьшша: жетекші стилдің бұл түрі мұғалім
мен оқушы арасында эмоционалдық, мазмұндық барьер (кедергі)
орнатады.
Демократиялық жетекші стиль — қарым-қатынас пен іс-әрекет біріккен
шығармашьшық қызметтен құралады. Педагог оқушының пікірін
тыңдайды, ез көзқарасында қалған баланы қолдайды, белсенділігін
арттырады. Үйымдастырушылық әрекеті басьгм болады. Бұл стиль
эиоционалды оң атмосфера туғызады, сенім арту, жақсылық тілеуші,
42
сыйласымдық, жауапкершілік қасиеттер туғызады. Негізгі қарым-қатынас
гүрі - кеңес, ұсыныс беру, бұйымтай айту.
Бұл стилді мынадай сөйлеммен байланыстыруға болады: «Бірге
ойластырып, бірге ұйымдастырайық, шешімін бірге шығарайық».
Демократиялық стиль педагогтарға тәрбиеленушілерді жақындастырады,
езін-өзі дамытуьша, өзін-өзі жетілдіруіне септігін тигізеді, өз бегімен
жұмыс істеуге, өзін-өзі басқаруға талпындырады, өзін-өзі басқаруға
ынталандырады, адекватты өзін-өзі бағалауды қалыптастырады. Сонымен
қатар, өзара сенім арту, гумандык қарым-қатынас орнатады.
Либералды жетекші стильде іс-әрекетті ұйымдастыру мен бақьшау
жүйесі болмайды. Педагог сырттай бақылаушы роль атқарады, ұжымның
өміріне араласпайды, аздаған жетістіктерге мәз болады. Қарым-қатынас
жасаудағы дауыс ырғағы қиын жағдайлардан аттап етіп кеткісі келген
педагогтың көңіл-күйіне байланысты.
Қарым-қатынас түрі - ымыраға шақыру. Бұл стиль
тәрбиеленушілердің белсенділігін арттырмайды, инициативасын
оятпайды, «мұғалім - оқушы» өзара әрекет болмайды.
Мұны мынадай сөйлеммен түсіндіруге болады: «Қалай болса солай
болсьш».
Жетекші стилдің бірінші және үшінші түрлері көп қолданылмайды.
Педагогикалық жетекші стилде педагогикалық қарым-қатынас стилі
кездеседі: жолдастық қарым-қатынас, біріккен шығармашылық әрекет, ал,
ара қашықтық қарым-қатынас, қорқыту қарым-қатынасы, таң-тамаша
болу қарым-қатынасы авторитарлық стилде көрінеді.
Әрбір педагогқа өзіндік қарым-қатынас стилі мен жетекшілік стилін
қалыптастыру керек.
В.А.Кан-Калик жеке карым-қатынас стилінің мьшадай қалыптастыру
жүйесін береді:
1) өзінің жеке касиеттері мен ерекшеліктерін танып білу және талдау;
2) тұлғальгқ қарым-қатынастың жақсы және жаман түстарын ажырата
білу. Үялшақтық, қысылуды жеңе білу үшін жұмыс жасау;
3) жеке ерекшеліктерді ескере отырып, педагогикалық қарым-
қатынастың элементтерін меңгеру;
4) педагогикалық қарым-қатынас технологиясын меңгеру (әсер етудің
түрлерін қолдану, вербалды және вербалды емес қүрамын сақтау,
рефлекстеу, эмпатикалық тұрғыда қабылдау);
5) шын педагогикалық іс -әрекеттегі жеке қарым-қатынас стилін
бекіту.
Қарым-қатынас және жетекші стилдер педагогтың адамгершілік
ұстанымдарына - балаларға деген сүйіспеншілік, оларға жылы қарау,
мұғалімнің түлғаға бағьгггалған гуманистік қасиетіне байланысты.
Педагогикалық қарым-қатынас кезендері:
43
1. иропюстикалық;
2. қарым -қатынастың бастапқы кезеңі;
3. педагогикалық процесте қарым-қатынасты басқару;
4. болашақтағы іс-әрекеттің қарым-қатынас жүйесін жөне қарым-
қатьшасты моделдеуді жүзеге асыруда талдау.
Оқытушы мен оқушының қарым-қатынасының тиімділігі
педагогикалық тактың сакталуына байланысты.
Түсіндірмелі сөздікте: такт - сезім өлшемі, біреуге немесе бір нәрсеге
дүрыс қарау, өзін-өзі үстай білу деп түсіндіріледі.
Энциклопедияда: «Такт педагогический - это соблюдение педагогом
принципа меры в общении с детьми в самых разнообразных сферах
деятельности, умение выбрать правильный подход к ученику» делінген.
Олай болса, педагогикалық такттың негізгі сипаттамаларын былай
беруге болады:
• мүғалімнің кәсіби тәртібінің влшемі, оның қызметінің өлшемі;
• педагог - тәрбиеленуші, педагог - ұжым қарым-қатынасының
дүрыс құрушы;
• әсер ету мен езара әрекеттесудің әдістерін, түрлерін,
қүралдарын таңдай білу және пайдалану.
Педагогикалық тактга қарым-қатынасқа қатысушы субъектінің
адамгершілік-эстетикалық кәсіби үстанымы сақталады.
Педагогикалық такт қаратудың формалары мен қарым-
қатынастарында намысына тимей сөйлей білуінде, балалар әрекетін
үйымдастыра білуде, оны тексере білуде, өзін-өзі ұстай білу, талап ете
білуінде көрініс табады. Осыған орай, мынадай жағдаяттар ұсынамын:
... 10 сынып окушысы қоңырауды әзер күтеді, қоңырау соғыла
салысымен мүғалімге жақындайды да, үстелге сүйеніп, жантая түсіп: «...,
Сіз білесіз бе, мен баяғыдан сүрайын деп жүр едім» - деп, сұрақ қоя
бергенде, мұғалім: «Мұғалімнің алдында қиқаңдамай дұрыс тұр» деп
дауысьш көтеріп сөйлейді. Соңьгаан іле-шала: «Не сұрайын деп едің?» -
дейді. Оқушы: «Ештеңе емес» - деп, қабағы түсіп, сыныптан шығып
кетеді.
Немесе, 8 сынып оқушысы сыныптас қызға арнап хатты жазып,
қыздың партасына қарай лақтырады. Мұғалім оны орта жолдан қағып
алады. «Тоже мне Ромоэ» деп, қызыл қаламмен түзей бастайды....
«Қарым-қатынас - ғылым ба немесе өнер ме?» - деген сұраққа жауап
беріп көрейік. Осы сүрақты студенттерге қойып көрейік. Көбінің жауабы:
«Әрі өнер, әрі ғылым». Қарым-қатьшастың ғылыми негіздері - оның
құрылымы, түрлері, әдас-тәсілдері, стилдері, технологиясы. Ал, оқушы
мен мүғалімнің қарым-қатынасын нақты педагогикалық жағдаятгар, жас
ерекшеліктерін, дара ерекшеліктерін ескеруге тура келеді. Педагогикалык
жағдаяттарды әртүрлі болса да, әрбір жеке түлғаға жеке қарым-қатынас
44
Достарыңызбен бөлісу: |